dapterone
2.59K subscribers
136 photos
2 videos
11 files
49 links
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Download Telegram
Алла кейде саған өзің күтпеген, деңгейіңнен әлдеқайда биік ортаны нәсіп етеді. Мұндай сәтте бұл нығметке лайық болуға әрекет қыл. Берілген мүмкіндікті орнымен қолданып, ортаңа сай дәрежеге жетуге талпын. Өзіңді биіктен тапсаң, сол биікті иеленуге «құқылы» бол.
68👍11🔥6💯3👏1
Біреудің еңбегіне қол сұғу

Соңғы кезде мені адам еңбегінің құқығы туралы ойлар толғандырып жүр. Яғни танымал еңбектерді тегін жүктеп алу, брендтердің арзан көшірмесін пайдалану деген мәселелерге сақтықпен қарайтын болдым. Неге? Өйткені олар әдетте өздерінің еңбекпен ойлап тапқан дүниесін тегін я арзан бағада пайдалануға келісімін бере қоймайды. Яғни бұл жерде біреудің ақысына кіру қаупі бар.
30👍10🤔5😱3🔥1
Forwarded from Beisenali Olzhas
– Маған бір ағалық насихатыңызды айтыңызшы
– ең жақының болмаса, көрімдікті ешкімнен сұрама. Танымайтын біреулерден көрімдік сұрап сорлы, қазіргі тілмен айтсақ, “кринж” болма. Көрімдікті шын көңілден жақының өзі-ақ береді.

Әсіресе сторис, статус салып астына нөмеріңді жазып, көрімдік на каспи дейтіндердің қатарынан болма)
46🔥8👏8💯5
Мен үшін рухани бағыттағы ең қызық телеграм арналардың бірі — Записки имама. Блогты жүргізуші — Тимур Алиев (Алматы Орталық мешітінің имамы).
21
Forwarded from AQLNAMA
“Ілімнің басы - сөйлеуді доғарып, тыңдау, кейіннен - көкейге түймек үшін ден қоя құлақ түру, кейіннен - жаттау, кейіннен - білгенді амалға асыру, кейіннен - ел-жұрт білмек үшін білім жаю”.


©️Суфиян әс-Сәури.
35
Абайдың өз қолтаңбасын танытатын қолжазба, өкінішке қарай, бізге жетпеген. Ақын шығармаларының әр жылдары басылған Академиялық толық жинағы, негізінен, Мүрсейіт Бікіұлының 1905 (1906), 1907 және 1910 жылдары көшірілген қолжазбалары бойынша дайындалған. Сондай-ақ әр жылдары көшірілген Сәдуақас Шорманов, Князь Худашев, Төлеу Түгелбайұлы, Шериаздан Марсеков, Турағұл Абайұлы (Ибрагимов), Ахат Шәкәрімұлы тарапынан араб графикасындағы қолжазбалардың да абайтану саласында алар орны ерекше.

📚 Т.Қыдыр. Құнды қолжазбалар. Egemen.kz.
15🔥21
АТАҚТЫ ӘЙНЕКШІ ҒАЛЫМ

«Мен әйнек өңдеумен айналысатын едім. Кейін араб тілін үйренгім келіп, мәшһүр ғалым Мубаррадтың шәкірті болуға талпындым. Алайда ол сабақты ақылы жүргізетін. Сөйтіп күніне 1,5 дирхам табатын нәпақамның 1 дирхамын ұстазыма беріп отырамын деп келістік. Тіпті «Бұл келісім біздің арамызды өлім ажыратқанға дейін жалғаса берсін» деген шарт та болды.

Кейін Убайдулла ибн Сүлейменнің ұлы Қасымға ұстаздық етіп, мол табысқа кенелдім. Одан: «Егер сен бір күні уәзір болсаң, маған не істер едің?», – деп сұрағанымда, ол: «Қалағаныңды», – деп жауап берді. Арада бірнеше жыл өткенде Қасым уәзір атанды, ал мен оның сарайдағы серігіне айналдым. Біршама уақыт ішінде маған 20 мың динар, кейін одан екі есе көп пайда түсті. Оның маған 3 мың динар табыс еткен сәттері де болды».

©️Зажжаж — араб тілі грамматикасының көрнекті өкілдерінің бірі.

💲20 мың динар — қазіргі алтын бағасымен есептегенде 2,4 млрд теңге.
18👍6🔥31🐳1
Уәде беріп, бірақ орындамай қойған адам ешқашан абыройлы болған емес.
39👍7🔥4
📚 Марғұлан Сейсембай. Миссия выполнима. Технология счастливой жизни.
30👍2
«Аз білген ғылымымның саясында
Милләтке қызмет ету ижтиһадым».

©️ Міржақып Дулатұлы
39👍3
Бұл — британ жазушысы Аллен Карр. Ол өзінің «Темекі шегуді тоқтатудың оңай жолы» деген еңбегімен танымал. Бұдан өзге де адамды тәуелді әдеттерінен (ішімдік, қарыз, артық салмақ) арылтуға арналған шығармалары жетерлік.

Солардың бірінде автор былай дейді: «Шылым шегушілер темекінің жеңілдік сыйлайтыны жайлы жалған иллюзияға тап болуда. Негізінен, ол керісінше әсер береді. Темекі тек абстиненциялық синдромнан туындайтын ауыртпалықты уақытша және ішінара ғана баса алады. Ал шылым шекпейтін адамда ондай сезім онсыз да болмайды. Былайша айтқанда, темекі шегу — тар аяқ киімді кию арқылы саусақтарына жасанды ауыртпалық орнатып, оны шешкеннен кейінгі ләззатты сезіну сияқты».
👍2519😢4
ДІНДІ ӘЖУАЛАУ

«Дінді әжуа қылу — қалай іске асса да, күпірлік. Өйткені әжуалау жеңілтек қатынасты білдіреді. Ал иманның негізгі тірегі — Алланы барынша ұлықтау. Сондықтан бұл екеуінің (әжуалау мен ұлықтау) бір жерге жиналуы — мүмкін емес нәрсе».

©️ Фахруддин әр-Рази
(Алла рақым қылсын)

📚 «Әз-әзіл»
15👀14🔥5
«Адамдар кітапқа ұқсайды: кейбірі мұқабасымен алдайды, кейбірі мазмұнымен таңғалдырады».

©️ Жақсыбай аға
(Ali-Press баспагері)
61👍5🫡4😁2
Тіл және этнография энциклопедияларында «қария» сөзіне үшбундай анықтама берілген: «Қария — көргені мен білгені көп, жасы үлкен қарт адам».

Яғни қария аталу үшін тек егде жаста болу жеткіліксіз — көргенің мен білгенің көп болмақ керек (естігенің мен жорамалдағаның емес). Бұ тұста мынадай тұжырым шығады: ақыл-кеңес кез-келген қарт адамнан алына бермейді. Өйткені небір жәһіл жандар да қартаяды, тіпті сіз бен біз де:)
22🔥5👍1
Жарандар, оқыңыз «ғилмул-лисән»,
Оқысаңыз, білерсіз мағына Құран.
Құранның мағынасын білмейінше,
Қалайша болады амал қылған?

©️Кашшафуддин ибн Шаһмардан
*** «Ғилмул-лисән» — тіл ғылымы
21🔥6
«Я олимпийский чемпион по откладыванию дел в долгий ящик. Я могу откладывать размышления даже о моей проблеме с откладыванием. Я могу откладывать решение моей проблемы с откладыванием, бесконечно размышляя о моей проблеме с откладыванием».

© Роберт Макки:)
💯1912😁8🕊3
— Осы сендер арабтарды асқақтата бергенше, өз өлкелеріңнің қаламгерлерін неге қолдамайсыңдар?
— Аға-ау, біз Әбу Насыр әл-Фарабидің трактатын, Хусамуддин әс-Сығанақидің ақида еңбегін, Қауамаддин әл-Итқани мен Баһауддин әл-Испижабидің фиқһ кітабын зерттеп жүрміз ғой.
* Фараб — Отырар аймағының маңы;
* Сығанақ — Жаңақорған тұсы;
* Итқан — Түркістан қаласының жаны;
* Испижаб — Сайрам ауданы.
41🔥7
«Білгенге қиын емес кету байып»

©️ Міржақып Дулатұлы
💔279💯7🔥3
«1562 жылғы картаның бір фрагментінде біз дәстүрлі кимешек киген қазақ әйелін көреміз. Ол киіз үйлердің (картада шатыр түрінде берілген) қасында сәбиін емізіп отыр, ал жанында сәл ересектеу баласы тұр. Тағы бір суретте қазақ мұсылмандардың қалай намаз оқитыны бейнеленген».

©️Мұхит-Ардагер Сыдықназаров,
ЕҰУ Заманауи зерттеулер ғылыми институтының директоры.
31💯4🔥3
«У большинства из нас есть две жизни: первая – наша собственная повседневная , а вторая – та, которую мы могли бы прожить совсем иначе».

©️ Стивен Прессфилд
23💯6
Уағыздың маңыздылығы жайлы жақсы айтылды. Уағыз адамға ауадай керек. Адамның рухы әрдайым пайдалы инсайт, ғылыми дәйек сұрай бермейді. Шейх Нуруддин Итр айтпақшы: “Уағыздың басты күші – эмоция”. Адамға эмоция, қуаныш, қорқыныш сыйлайтын уағыз қажет.

Халыққа уағыз айтқанша ғылым айтыңдар деп сөйлеп жүргендер де баршылық. Арасында исламтанушылар да бар. Ғылымның “ғ” әрпін енді түсіне бастап, уағызға қабағы тыжыраятын ғалымсымақ болуды қою керек. Сен де сол уағызды тыңдап дінге қызықтың, дінді зерттей бастадың. Енді келіп көзіңді шел баса бастады. Басқаларға жоғары қарап, өзіңді ғалым санатына жатқыза бастадың. Қызықсың бейби.

#әңгіме_болсын_деп
16🔥15👍7😁3