«Қандай да бір кітап жетпіс рет тексерілсе де, қателіктен ада бола алмайды. Өйткені Алла Тағала Өз Кітабынан басқа ешбір кітаптың (толыққанды) дұрыстығына жол бермейді».
— Әл-Музәни (Алла рақымына алсын)
— Әл-Музәни (Алла рақымына алсын)
❤47😨1
Әбілқайыр ұстазбен алғашқы таныстығым 2019 жылдарға тура келеді. Универдегі блогерлердің бірінші буынына сәйкес келетін бұл уақытта біз де видеоблог жүргізіп көрдік. Сол бейнежазбаларды көріп, респект білдірген алғашқы ұстаздардың бірі — Әбілқайыр Мәдиұлы болатын. Кейін өзі «Abeke million» деген парақшада белсенділік танытып, карантиндегі ең пайдалы контент түрлерін түсірді. Сол кезеңнен бастап, рухани жобаларын үзбей жалғастырып келеді. Бүгінде соның жемісі ретінде қолымыздағы тамаша еңбек жарық көріп отыр. «Әдет» деп аталатын бұл кітап тұлғалық дамуға қажет 12 маңызды қабілетті терең талдап, әр оқырманға бағдар боларлық деңгейде жазылған. Кітаптың мұқабасына қарап-ақ сүйсінесіз, ал мазмұны тіптен жауһарға толы.
📖 Кітапты алу үшін: сілтеме
📖 Кітапты алу үшін: сілтеме
❤29👏2👍1🔥1
Ізгілердің біріне: «Адам баласында қанша айып бар?», – деген сұрақ қойылыпты. Сонда ол: «Пенденің олқылықтары сан жетпес көп. Алайда мен олардың 8 мың түрін санап көрдім. Сондай-ақ бұлардың барлығын жасырып қоятын жақсы қасиет таптым, ол — тілге ие болу», – деп жауап беріпті.
📚 Китәб әл-Кәбәир
📚 Китәб әл-Кәбәир
❤51👍9🔥2
«Әлді екеніңді несие арқылы дәлелдеме, мықтылығыңды қарыз арқылы танытуға талпынба».
— Бақытжан Бұқарбай
— Бақытжан Бұқарбай
👍26❤12💔2🔥1
Алла Тағала сенің адал қызмет етіп, туралықта тырмысып тапқан табысыңды елемейді деп қорықпа. Алла әр ісіңнен, ондағы ниетің мен шын ықыласыңнан толық хабардар. Ол сенің еңбегіңді ең әділ түрде бағалайды.
❤44🕊4🔥3👍2
🧠 ЖАҢА КОМАНДА
Өткен айда біз зерттеуші мамандардан құралған шағын шығармашылық топ құрдық. Команда құрамында исламтану мен филология саласы бойынша магистр дәрежесіне ие, 4 жылдан астам ғылыми-зерттеу тәжірибесі бар мамандар жұмыс істейді. Сонымен қатар, тобымызда елімізге танымал бірнеше фильм мен жоба авторлары бар.
✅ Біз сізге төмендегі бағыттар бойынша кәсіби қызмет ұсына аламыз:
1) Кітаптың ішкі/сыртқы дизайны;
2) Діни кітаптарды редакциялау;
3) Рухани-танымдық контент жоспарын құру, сценарий жазу;
4) Кез келген тақырыпта зерттеу жасап, қажет ақпаратты жинақтап, жүйелеу.
✅ Егер ұсынысымыз сізді қызықтырса, бізбен байланысыңыз:
WhatsApp/Telegram:
+7 777 617 7600
Өткен айда біз зерттеуші мамандардан құралған шағын шығармашылық топ құрдық. Команда құрамында исламтану мен филология саласы бойынша магистр дәрежесіне ие, 4 жылдан астам ғылыми-зерттеу тәжірибесі бар мамандар жұмыс істейді. Сонымен қатар, тобымызда елімізге танымал бірнеше фильм мен жоба авторлары бар.
✅ Біз сізге төмендегі бағыттар бойынша кәсіби қызмет ұсына аламыз:
1) Кітаптың ішкі/сыртқы дизайны;
2) Діни кітаптарды редакциялау;
3) Рухани-танымдық контент жоспарын құру, сценарий жазу;
4) Кез келген тақырыпта зерттеу жасап, қажет ақпаратты жинақтап, жүйелеу.
✅ Егер ұсынысымыз сізді қызықтырса, бізбен байланысыңыз:
WhatsApp/Telegram:
+7 777 617 7600
❤13👍2🤝1
Қытай даналығы: «Демалуды білмеген адам іс атқаруды да білмейді».
📚 Әбілқайыр Мәдиұлы. Әдет.
📚 Әбілқайыр Мәдиұлы. Әдет.
❤51👍2🔥2🕊1
👍27❤21👏4👎2🔥2💯1
«Дене сырқаттанған сәтте тамақтан ләззат ала алмайтыны секілді, жүрек те күнәмен науқастанған кезінде құлшылықтың дәмін сезіне алмайды»
©️ Зун-Нун әл-Мысри
(Алла рақым етсін)
©️ Зун-Нун әл-Мысри
(Алла рақым етсін)
❤55😭11💔8👍4🔥3
«Өткенде Қайрат Жолдыбайұлы ағам жазған постта бір қытайлық бизнесменнің айтқанын келтіріп еді: «Маған кейбір мұсылман кәсіпкерлер әлемдік танымал брендтердің копиясын жасап беруге тапсырыс береді. Сөйте тұра, тек халал асханаға апаруға өтініш жасайды. Менің түсінбейтінім, мұсылмандар астың адал-арамдығына мән бергендей, біреудің ақысын жеп-жемеуге неліктен мән бермейді екен?»
©️ Өркен Кенжебек
©️ Өркен Кенжебек
❤42😱11💯7👍6🤯6
Бұрын үздік болған нұсқаңды аңсап жүрсең, сол кезеңде жасаған әдеттеріңе қайта орал.
❤49👍6🔥3👏3
Егер өз-өзіңді сырттай жолықтырсаң, дос болғың
келер ме еді?
келер ме еді?
❤47💯15🤷♂10🤔8😢5👍4
«У искусства есть два самых опасных врага: ремесленник, не озаренный талантом, и талант, не владеющий ремеслом».
© Анатоль Франс
© Анатоль Франс
❤37👏4✍3
Омар ибн Абдулазиз (Алла рақым етсін) бала кезінде жылап қалыпты. Анасы лезде бір адамды жіберіп: «Сені не жылатты?» - деп сұратқанда, ол: «Өлімді еске алып едім» - деп жауап қатыпты. Бұл оқиға Омардың Құранды толық жаттап болған сәтінде орын алған екен. Ұлының бұл сөздері анасына жеткенде, оның да жүрегі езіліп, көз жасына ерік беріпті.
📚 Сияр ағләм ән-нубәлә
📚 Сияр ағләм ән-нубәлә
❤38👍7👏7😭5
Әр нәрсені «қазақтан шыққан», «қазаққа тиесілі» деп ұлттық манияға бой алдырған «ғалымдар» барда қазақ
ғылымы дамымайды.
ғылымы дамымайды.
👍23❤16🔥4
«Егер біз қолымыздан келетін дүниенің бәрін істеп көрсек, өз-өзімізді танымастай өзгерер едік».
© Томас Эдисон
© Томас Эдисон
❤49💯9👏4🔥3
Оллаһи! Ант етемін Алла атымен,
Орыс тілін білемін һәм хатымен,
История, география пәнді білмей,
Оллаһи, тірі болып жүрмеспін мен.
Келгенше осыларды отыз жасқа,
Іншалла бәрін түгел ұғам басқа.
Отыз жасқа келгенше ұға алмасам,
Жер жұтсын, мәз болмаймын ішер асқа.
📚 Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 21 жасында жігерленіп жазғаны.
❤41😭11🔥6
Алла кейде саған өзің күтпеген, деңгейіңнен әлдеқайда биік ортаны нәсіп етеді. Мұндай сәтте бұл нығметке лайық болуға әрекет қыл. Берілген мүмкіндікті орнымен қолданып, ортаңа сай дәрежеге жетуге талпын. Өзіңді биіктен тапсаң, сол биікті иеленуге «құқылы» бол.
❤68👍11🔥6💯3👏1
Біреудің еңбегіне қол сұғу
Соңғы кезде мені адам еңбегінің құқығы туралы ойлар толғандырып жүр. Яғни танымал еңбектерді тегін жүктеп алу, брендтердің арзан көшірмесін пайдалану деген мәселелерге сақтықпен қарайтын болдым. Неге? Өйткені олар әдетте өздерінің еңбекпен ойлап тапқан дүниесін тегін я арзан бағада пайдалануға келісімін бере қоймайды. Яғни бұл жерде біреудің ақысына кіру қаупі бар.
Соңғы кезде мені адам еңбегінің құқығы туралы ойлар толғандырып жүр. Яғни танымал еңбектерді тегін жүктеп алу, брендтердің арзан көшірмесін пайдалану деген мәселелерге сақтықпен қарайтын болдым. Неге? Өйткені олар әдетте өздерінің еңбекпен ойлап тапқан дүниесін тегін я арзан бағада пайдалануға келісімін бере қоймайды. Яғни бұл жерде біреудің ақысына кіру қаупі бар.
❤30👍10🤔5😱3🔥1