Nurbol Rakhmatilla жинақтаған жаңа кітаптың дизайнын жасап көрдік. Бұл еңбекте Арафа күнінің маңыздылығы және онда айтылатын дұға-тілектер топтамасы ұсынылған.
❤36🔥3✍2
«Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі — қазақтың әулиесі сол».
— Абай
— Абай
❤59🔥4🍓2💊1
«The cold water doesn’t
get warmer if you jump late».
— phonethoughts
get warmer if you jump late».
— phonethoughts
❤30🔥5😱3👍2💊2
«Ақшаны жымқырған кісілер неге шетелге, жылы жаққа қашып кете береді десем, Құдай осылай денелерін ақырындап ыстыққа үйретіп жатқан сияқты»
— Нұржан Арман
— Нұржан Арман
🔥38❤22😭15🤯14😨3😁1
«Мы не начинаем дела не потому, что они трудны. Они трудны потому, что мы их не начинаем».
— Сенека
— Сенека
❤39👍17💯9💔7🔥1
— Сендердің қалаларыңда таң намазы сағат нешеде кіреді?
— Білмеймін, әйтеуір 04:10-да шығады…
— Білмеймін, әйтеуір 04:10-да шығады…
❤28😢23🌚7👍1🔥1
Өздеріне жіберілген пайғамбарларды өлтірген; төбелеріне тау төнсе де, Аллаға берген серттерін бұзудан таймаған; Мұса пайғамбардың үмбеті болу бақыты нәсіп бола тұра, бұзауға құлшылық қылған; жәннати тағамдардан гөрі дүниелік қарапайым тәттілерді абзал тұтқан; ақшаға деген құштарлығы кәпірлерден асып түсетін; жеке пайдасы үшін жақындарын өз үйлерінен қуып шыққан қауымнан бұл күндері қандай да бір мейірім күту қаншалықты орынды?
❤42💯8👍3🤔2
Біздің «тәуекел» деп санайтын кейбір ессіз әрекеттеріміз қаржылық сауатсыздықтан басқа еш нәрсе емес секілді.
❤41💯10⚡2
Егер ойыңда жақсы жоба жүрсе, оны жүзеге асыруға сәл де болсын әрекет етіп көрсең, Алла тосыннан сол жолда жәрдем беретін жандарды жолықтырады екен.
❤47🥰3🫡2💯1
«Қандай да бір кітап жетпіс рет тексерілсе де, қателіктен ада бола алмайды. Өйткені Алла Тағала Өз Кітабынан басқа ешбір кітаптың (толыққанды) дұрыстығына жол бермейді».
— Әл-Музәни (Алла рақымына алсын)
— Әл-Музәни (Алла рақымына алсын)
❤47😨1
Әбілқайыр ұстазбен алғашқы таныстығым 2019 жылдарға тура келеді. Универдегі блогерлердің бірінші буынына сәйкес келетін бұл уақытта біз де видеоблог жүргізіп көрдік. Сол бейнежазбаларды көріп, респект білдірген алғашқы ұстаздардың бірі — Әбілқайыр Мәдиұлы болатын. Кейін өзі «Abeke million» деген парақшада белсенділік танытып, карантиндегі ең пайдалы контент түрлерін түсірді. Сол кезеңнен бастап, рухани жобаларын үзбей жалғастырып келеді. Бүгінде соның жемісі ретінде қолымыздағы тамаша еңбек жарық көріп отыр. «Әдет» деп аталатын бұл кітап тұлғалық дамуға қажет 12 маңызды қабілетті терең талдап, әр оқырманға бағдар боларлық деңгейде жазылған. Кітаптың мұқабасына қарап-ақ сүйсінесіз, ал мазмұны тіптен жауһарға толы.
📖 Кітапты алу үшін: сілтеме
📖 Кітапты алу үшін: сілтеме
❤29👏2👍1🔥1
Ізгілердің біріне: «Адам баласында қанша айып бар?», – деген сұрақ қойылыпты. Сонда ол: «Пенденің олқылықтары сан жетпес көп. Алайда мен олардың 8 мың түрін санап көрдім. Сондай-ақ бұлардың барлығын жасырып қоятын жақсы қасиет таптым, ол — тілге ие болу», – деп жауап беріпті.
📚 Китәб әл-Кәбәир
📚 Китәб әл-Кәбәир
❤51👍9🔥2
«Әлді екеніңді несие арқылы дәлелдеме, мықтылығыңды қарыз арқылы танытуға талпынба».
— Бақытжан Бұқарбай
— Бақытжан Бұқарбай
👍26❤12💔2🔥1
Алла Тағала сенің адал қызмет етіп, туралықта тырмысып тапқан табысыңды елемейді деп қорықпа. Алла әр ісіңнен, ондағы ниетің мен шын ықыласыңнан толық хабардар. Ол сенің еңбегіңді ең әділ түрде бағалайды.
❤44🕊4🔥3👍2
🧠 ЖАҢА КОМАНДА
Өткен айда біз зерттеуші мамандардан құралған шағын шығармашылық топ құрдық. Команда құрамында исламтану мен филология саласы бойынша магистр дәрежесіне ие, 4 жылдан астам ғылыми-зерттеу тәжірибесі бар мамандар жұмыс істейді. Сонымен қатар, тобымызда елімізге танымал бірнеше фильм мен жоба авторлары бар.
✅ Біз сізге төмендегі бағыттар бойынша кәсіби қызмет ұсына аламыз:
1) Кітаптың ішкі/сыртқы дизайны;
2) Діни кітаптарды редакциялау;
3) Рухани-танымдық контент жоспарын құру, сценарий жазу;
4) Кез келген тақырыпта зерттеу жасап, қажет ақпаратты жинақтап, жүйелеу.
✅ Егер ұсынысымыз сізді қызықтырса, бізбен байланысыңыз:
WhatsApp/Telegram:
+7 777 617 7600
Өткен айда біз зерттеуші мамандардан құралған шағын шығармашылық топ құрдық. Команда құрамында исламтану мен филология саласы бойынша магистр дәрежесіне ие, 4 жылдан астам ғылыми-зерттеу тәжірибесі бар мамандар жұмыс істейді. Сонымен қатар, тобымызда елімізге танымал бірнеше фильм мен жоба авторлары бар.
✅ Біз сізге төмендегі бағыттар бойынша кәсіби қызмет ұсына аламыз:
1) Кітаптың ішкі/сыртқы дизайны;
2) Діни кітаптарды редакциялау;
3) Рухани-танымдық контент жоспарын құру, сценарий жазу;
4) Кез келген тақырыпта зерттеу жасап, қажет ақпаратты жинақтап, жүйелеу.
✅ Егер ұсынысымыз сізді қызықтырса, бізбен байланысыңыз:
WhatsApp/Telegram:
+7 777 617 7600
❤13👍2🤝1
Қытай даналығы: «Демалуды білмеген адам іс атқаруды да білмейді».
📚 Әбілқайыр Мәдиұлы. Әдет.
📚 Әбілқайыр Мәдиұлы. Әдет.
❤51👍2🔥2🕊1
👍27❤21👏4👎2🔥2💯1
«Дене сырқаттанған сәтте тамақтан ләззат ала алмайтыны секілді, жүрек те күнәмен науқастанған кезінде құлшылықтың дәмін сезіне алмайды»
©️ Зун-Нун әл-Мысри
(Алла рақым етсін)
©️ Зун-Нун әл-Мысри
(Алла рақым етсін)
❤55😭11💔8👍4🔥3