«Ілім ізденуші үлкен мақсатты болуы және ешкімнің мал-дүниесінен дәмесі болмауы тиіс. Адам келешектегі кедейліктен қауіптеніп дәмете бастайды. Ал шындығында дәметудің өзі — кедейлік».
📚 «Тәлімгер тағылымы»
📚 «Тәлімгер тағылымы»
👍36❤24✍5💯2
Неліктен мектепте үздік атанғандардың бәрі өмірде табысты емес?
Бұл мәселенің көп айтыла бермейтін бір қырын ашып көрейік. Мектепте озат болу үшін жеткілікті шарт — сабақты жүйелі оқу, мұғалімдердің көңілінен шығу және артық ойын-күлкіден алыс жүру. Яғни көпшіліктен шеткері қалып, өз әлеміңде өмір сүру — озат оқушының қалыпты бейнесі.
Ал шынайы өмірде биік табысқа кенелу үшін бұл амал жеткіліксіз. Мұнда адамдармен қарым-қатынас орната білу, ортаға бейімделу, қоғамның қажеттіліктерін өтеу секілді ұжымдық дағдылар қажет.

❤51💯7👏6🥰3🤔3👍2🤷♂1
«Адамның өз-өзіне деген құрмет көрсетуінің белгісі — төмен адамдармен араласпауы, өзіне лайық емес істерге кіріспеуі және жұрт сөккен нәрселерден бойын аулақ ұстауы».
— Имам Ғазали
(Алла рақымына бөлесін)
— Имам Ғазали
(Алла рақымына бөлесін)
❤65👍7✍5🔥2🫡2
Еңбегім адал ма?
Егер жұмысыңның адал не күмәнді екенін білгің келсе, Алладан сол іске тауфиқ сұрап көр. Егер жүрегіңде жайлылық орнап, еш қысылмай дұға етсең, онда бұл — еңбегіңнің адал екенінің белгісі. Ал егер дұға етпек болып бастап, бірақ іштей қысылып, Алладан ол іске көмек беруін сұрауға ұялсаң, онда бұл істен күмән тапқаның. Себебі адам өзінің дұғасына харам мен күмәнді нәрселерді қоса алмайды.

❤54👍11💯6👎1
«Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғынының бір себебі — жұмысының жоқтығы. Егер егін салса, я саудаға салынса, қолы тиер ме еді? Біреуден бір жылқының майын сұрап мініп, сөз аңдып, пайдасыз, жұмыссыз қаңғырып жүруге құмар. Адал еңбекке салынып алған кісі ондай жүрісті иттей қорлық көрмей ме?»
— Абай
— Абай
❤48🔥5👍3💯3
«Мұсылмандық жөн-жоралғыларға сәйкес, қазақ әйелдері бөтен ер адаммен сөйлеспек түгілі, оның көзіне қарауды ар санайтын».
📚 Лысенко Ю. Степень исламизации казахского общества на рубеже XIX-XX вв.
📚 Лысенко Ю. Степень исламизации казахского общества на рубеже XIX-XX вв.
❤49👍8🔥2
«Қайсыбір құл тіленшілік есігін ашса, Алла оған міндетті түрде кедейлік есігін ашып береді».
— Алла елшісі صلى الله عليه وسلم
— Алла елшісі صلى الله عليه وسلم
❤🔥38❤13👍13✍5😭1
Nurbol Rakhmatilla жинақтаған жаңа кітаптың дизайнын жасап көрдік. Бұл еңбекте Арафа күнінің маңыздылығы және онда айтылатын дұға-тілектер топтамасы ұсынылған.
❤36🔥3✍2
«Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі — қазақтың әулиесі сол».
— Абай
— Абай
❤59🔥4🍓2💊1
«The cold water doesn’t
get warmer if you jump late».
— phonethoughts
get warmer if you jump late».
— phonethoughts
❤30🔥5😱3👍2💊2
«Ақшаны жымқырған кісілер неге шетелге, жылы жаққа қашып кете береді десем, Құдай осылай денелерін ақырындап ыстыққа үйретіп жатқан сияқты»
— Нұржан Арман
— Нұржан Арман
🔥38❤22😭15🤯14😨3😁1
«Мы не начинаем дела не потому, что они трудны. Они трудны потому, что мы их не начинаем».
— Сенека
— Сенека
❤39👍17💯9💔7🔥1
— Сендердің қалаларыңда таң намазы сағат нешеде кіреді?
— Білмеймін, әйтеуір 04:10-да шығады…
— Білмеймін, әйтеуір 04:10-да шығады…
❤28😢23🌚7👍1🔥1
Өздеріне жіберілген пайғамбарларды өлтірген; төбелеріне тау төнсе де, Аллаға берген серттерін бұзудан таймаған; Мұса пайғамбардың үмбеті болу бақыты нәсіп бола тұра, бұзауға құлшылық қылған; жәннати тағамдардан гөрі дүниелік қарапайым тәттілерді абзал тұтқан; ақшаға деген құштарлығы кәпірлерден асып түсетін; жеке пайдасы үшін жақындарын өз үйлерінен қуып шыққан қауымнан бұл күндері қандай да бір мейірім күту қаншалықты орынды?
❤42💯8👍3🤔2
Біздің «тәуекел» деп санайтын кейбір ессіз әрекеттеріміз қаржылық сауатсыздықтан басқа еш нәрсе емес секілді.
❤41💯10⚡2
Егер ойыңда жақсы жоба жүрсе, оны жүзеге асыруға сәл де болсын әрекет етіп көрсең, Алла тосыннан сол жолда жәрдем беретін жандарды жолықтырады екен.
❤47🥰3🫡2💯1