dapterone
2.6K subscribers
136 photos
2 videos
11 files
49 links
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Download Telegram
«Чем больше он что-то делал, тем больше ему везло».
323👍3
Өткен жолы Сырымбек Әділболатұлының «Кәләм ілімі» еңбегінің дизайнын жасап едік. Мұқаба дизайнері болып ағам, ал көркемдеуші дизайнері болып өзім қызмет атқардым. Алдымен авторға үш түрлі шрифтпен бастапқы беттерін жіберіп, таңдау жасауын ұсындық. Соңында суреттерден көріп тұрған шрифт түрін қолдандық. Әдетте бет саны төменде көрсетіліп тұрушы еді, ал біз оны жоғары орналастырдық. Сондай-ақ бұл кітап схема, диаграмма, цитаталарға толы болуымен ерекшеленеді. Кітап туралы толық ақпаратты автордың парақшасынан біле аласыз. Ал біз Алла қаласа кітап саласындағы қызметтерімізді жалғастыра бермекпіз. Қызығушылық танытсаңыз, мына сілтемеге өтіңіз.
👍1711🔥5
«Мал, мақтан, ғиззат-құрмет адамды өзі іздеп тапса, адамдықты бұзбайды һәм көрік болады. Егер де адам өзі оларға табынып іздесе, тапса да, таппаса да адамдығы жоғалады».

— Абай
54👍6🔥3
Сырым Әуезханмен коллаб:)

Жақында Сырым ағамыздың тырнақалды туындысы жарыққа шықты. «Қазақша IQ» деп аталатын бұл еңбекте қазақтың қара өлеңдері тұлғалық даму бағытында талданған.

Алланың қалауымен бізге де бұл жобаға қатысу нәсіп болды. Атап айтқанда:
1) Бір-бірімен араласып жатқан қара өлеңдерді белгілі бір тақырып аясында топтастырып, жүйеледік;
2) Көрнекті тұлғалардың қанатты сөздерін қостық;
3) Ғылыми тәжірибелер секілді тың әрі қызықты фактілерді келтірдік.

Нәтижесінде бұл еңбек арқылы «адамзаттың озық құндылықтарына қазақи болмыс арқылы тереңдей аласыз». Кітапты алу үшін: 87756717744
👍197🔥2👏1
Шығындарды есептеу

Қаржымның қайда кетіп жатқанын аңғармайтынмын. Сөйтіп, алдыңғы айдан бастап күн сайын шығындарымды жазып жүрдім. Бір қызығы — бұған дейін қалай өмір сүріп жүрсем, дәл солай жалғастыра беруді жөн көрдім. Яғни өз-өзімді шектемедім, өйткені бір айлық табысым мен шығынымның арақатынасын білгім келді. Нәтижесінде мен ойлаған соммадан әлдеқайда көп мөлшерде ақша жұмсайтынымды түсіндім. Ай соңында өз-өзіме есеп беріп, не нәрсеге қанша пайыз қаржы құйғанымды тексердім. Зерттей келе, мынадай қорытындыға келдім:

1) Бес секундтық нәпсі қалауларына барынша жол бермеу керек. Мысалы, үйге қайтып бара жатқанда ішіп-жейтін азын-аулақ азықтар жекелей қарағанда кішігірім көрінгенімен, бір айдың ішінде әжептәуір соммаға айналады екен.

2) Ақшаны тек қана жинау көмегін бермейді. Яғни бар ақшаңды жинап жүре берсең, қиын кезеңдерде жұмсап жіберуің мүмкін. Сондықтан ақшаңды құр болашаққа инвестиция ретінде емес, белгілі бір нәрсе үшін жинап бастаған тиімдірек.

3) Табыстан гөрі, табыс пен шығын арасындағы айырмашылық маңыздырақ. Айына жақсы мөлшерде жалақы алсаң да, табысың мен шығыныңның арақатынасы тым жақын болса, онда жағдайың қиын. Оны шешу үшін не шығыныңды азайтасың, не табысыңды арттыруға күш жұмсайсың. Ең жақсы ұсыныс мынау: шығыныңды да басқар, сондай-ақ жаңа кіріс көздерін де ізде.

4) Есеп жүргізу өз-өзіңе деген сенімділігіңді арттырады. Өйткені қаржылық қабілеттеріңді реттестіріп, өзіңді қолға алғаныңды сезінесің. «Осы айда не істеп едім?» деген сәбилік сұрақтар қоймай, есейгеніңді түсінесің.

Бұл негізі барлық кітапта айтылатын қарапайым қағидалар ғой. Алайда оны өз тәжірибеңнен өткізіп түсіну бөлек дүние екен.
👍2815👏2
«Төмен нәрселерге ұмтылмауға тырыс. Өйткені адамның сүрініп құлауына ең көп себепші болатын нәрсе — өз ынта-жігерін, жоғары ұмтылысын төмендетуі».

— Омар ибн әл-Хаттаб
(Алла оған разы болсын)
62👍5🔥3👏1🤯1
😭23👍10🤣7😁5
«Адам өз-өзін қай деңгейге қойса, сонда орнығады. Егер ол өзін үстем қылса, ісі де іріленеді. Ал егер төмендетсе, ісі де ұсақталып, қадір-қасиеті жоғалады».

— Амр ибн әл-Ас
(Алла оған разы болсын)
53👍11👏2🔥1
«Егер біреу сен туралы шын нәрсені еске алса, Аллаға шүкір ет. Ал егер сен жайлы жалған жайтты жеткізсе, шүкіршілігіңді тағы арттыр. Өйткені жайбарақат демалып жатқан уақытыңда ол сенің амал дәптеріңе үлес қосуда».

— Иса пайғамбар
(Алланың сәлемі болсын)
58👍3🔥2👏1
😁19🤣115👍4🤔2🐳2
«Ілім ізденуші үлкен мақсатты болуы және ешкімнің мал-дүниесінен дәмесі болмауы тиіс. Адам келешектегі кедейліктен қауіптеніп дәмете бастайды. Ал шындығында дәметудің өзі — кедейлік».

📚 «Тәлімгер тағылымы»
👍36245💯2
«Адам баласының ең жаманы — талапсыз».

— Абай
43👍31💯1
Неліктен мектепте үздік атанғандардың бәрі өмірде табысты емес?

Бұл мәселенің көп айтыла бермейтін бір қырын ашып көрейік. Мектепте озат болу үшін жеткілікті шарт — сабақты жүйелі оқу, мұғалімдердің көңілінен шығу және артық ойын-күлкіден алыс жүру. Яғни көпшіліктен шеткері қалып, өз әлеміңде өмір сүру — озат оқушының қалыпты бейнесі.

Ал шынайы өмірде биік табысқа кенелу үшін бұл амал жеткіліксіз. Мұнда адамдармен қарым-қатынас орната білу, ортаға бейімделу, қоғамның қажеттіліктерін өтеу секілді ұжымдық дағдылар қажет.
51💯7👏6🥰3🤔3👍2🤷‍♂1
«Адамның өз-өзіне деген құрмет көрсетуінің белгісі — төмен адамдармен араласпауы, өзіне лайық емес істерге кіріспеуі және жұрт сөккен нәрселерден бойын аулақ ұстауы».

— Имам Ғазали
(Алла рақымына бөлесін)
65👍75🔥2🫡2
Еңбегім адал ма?

Егер жұмысыңның адал не күмәнді екенін білгің келсе, Алладан сол іске тауфиқ сұрап көр. Егер жүрегіңде жайлылық орнап, еш қысылмай дұға етсең, онда бұл — еңбегіңнің адал екенінің белгісі. Ал егер дұға етпек болып бастап, бірақ іштей қысылып, Алладан ол іске көмек беруін сұрауға ұялсаң, онда бұл істен күмән тапқаның. Себебі адам өзінің дұғасына харам мен күмәнді нәрселерді қоса алмайды.
54👍11💯6👎1