dapterone
2.6K subscribers
136 photos
2 videos
11 files
49 links
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Download Telegram
«Алла Қадір түнін жасырғандай, енді сол түні жасалған амалдарды да сториске сала бермей, жасырған дұрыс-ау?!»

— Темірлан Биахмет
👏7240👍115🆒5😁2
Кейбір тарихшылар қазақтың қарапайым жұртшылығы ислам дінін дұрыс ұстанбаған деген пікірді алға тартады. Алайда қазақ жеріне жіберілген христиан миссионерлерінің жылдық есептеріне назар аударар болсақ, бұл ақпараттың тұтас қазақ халқына қатысты емес екенін түсінеміз.

Мысалы, Владимир бөлімі миссионерінің айтуынша, 1911 жылы қызметпен барған қазақ ауылында тек әйелдер мен балалар қалған еді. Өйткені ерлер мал табу үшін жыраққа кетіп жүретін. Осы сәттерде ауыл туралы мәлімет алуға талпынған миссионерлердің еңбегі нәтижесіз аяқталды. Себебі мұсылмандық жөн-жоралғыларға сәйкес қазақ әйелдері бөтен ер адаммен сөйлеспек түгілі, оның көзіне қарауды ар санайтын [Отчет о состоянии Киргизской миссии Омской епархии за 1911 год].

📚 Лысенко Ю. Степень исламизации казахского общества на рубеже XIX-XX вв. В оценке миссионеров Киргизской духовной миссии.
45👍14👏3🤗2
«Ілім іздеуді бастағанымда еш ниетім жоқ еді. Артынша Алла маған «ниет» ризығын нәсіп етті».

— Суфиан әс-Сәури
(Алла рақымына алсын):

Barqytbell арнасынан алынды
69🤗10👍5🥰3
Институттың атынан Молла Кәшшәфуддин ибн Шаһмардан әл-Қарқаралидің намаз оқуға қатысты өлең кітабын түпнұсқадан көшіріп, қазіргі «түсінікті» қазақ тіліне аудардық, латын графикасымен теріп шықтық. Сондай-ақ кей жеріне қосымша түсініктеме беріп өттік. Енді тексерістен өткен соң, түзетулер енгізіп, баспаға беру қалды.
36👍6🤩64👏1🤯1
Әр нәрсені келеке етіп, «күлдіріп» дағуат жүргізудің эффектісі аз екен. Одан кей халық жай ғана көңілденгенімен, біраз адамға бұл бағыт кері әсерін тигізеді. Әрине, насихат барысында түрлі әдісті пайдалану керек екені хақ. Дегенмен бұл уағызшының менмендігін, ішкі эгосын арттырмауы керек. Өйткені біз рухани халіміздің қалай жалғасатынын болжай алмаймыз. Сондықтан да сәл қарапайым болсақ дегім келеді.
35🤨6💯4👍2🔥2
«Чем больше он что-то делал, тем больше ему везло».
323👍3
Өткен жолы Сырымбек Әділболатұлының «Кәләм ілімі» еңбегінің дизайнын жасап едік. Мұқаба дизайнері болып ағам, ал көркемдеуші дизайнері болып өзім қызмет атқардым. Алдымен авторға үш түрлі шрифтпен бастапқы беттерін жіберіп, таңдау жасауын ұсындық. Соңында суреттерден көріп тұрған шрифт түрін қолдандық. Әдетте бет саны төменде көрсетіліп тұрушы еді, ал біз оны жоғары орналастырдық. Сондай-ақ бұл кітап схема, диаграмма, цитаталарға толы болуымен ерекшеленеді. Кітап туралы толық ақпаратты автордың парақшасынан біле аласыз. Ал біз Алла қаласа кітап саласындағы қызметтерімізді жалғастыра бермекпіз. Қызығушылық танытсаңыз, мына сілтемеге өтіңіз.
👍1711🔥5
«Мал, мақтан, ғиззат-құрмет адамды өзі іздеп тапса, адамдықты бұзбайды һәм көрік болады. Егер де адам өзі оларға табынып іздесе, тапса да, таппаса да адамдығы жоғалады».

— Абай
54👍6🔥3
Сырым Әуезханмен коллаб:)

Жақында Сырым ағамыздың тырнақалды туындысы жарыққа шықты. «Қазақша IQ» деп аталатын бұл еңбекте қазақтың қара өлеңдері тұлғалық даму бағытында талданған.

Алланың қалауымен бізге де бұл жобаға қатысу нәсіп болды. Атап айтқанда:
1) Бір-бірімен араласып жатқан қара өлеңдерді белгілі бір тақырып аясында топтастырып, жүйеледік;
2) Көрнекті тұлғалардың қанатты сөздерін қостық;
3) Ғылыми тәжірибелер секілді тың әрі қызықты фактілерді келтірдік.

Нәтижесінде бұл еңбек арқылы «адамзаттың озық құндылықтарына қазақи болмыс арқылы тереңдей аласыз». Кітапты алу үшін: 87756717744
👍197🔥2👏1
Шығындарды есептеу

Қаржымның қайда кетіп жатқанын аңғармайтынмын. Сөйтіп, алдыңғы айдан бастап күн сайын шығындарымды жазып жүрдім. Бір қызығы — бұған дейін қалай өмір сүріп жүрсем, дәл солай жалғастыра беруді жөн көрдім. Яғни өз-өзімді шектемедім, өйткені бір айлық табысым мен шығынымның арақатынасын білгім келді. Нәтижесінде мен ойлаған соммадан әлдеқайда көп мөлшерде ақша жұмсайтынымды түсіндім. Ай соңында өз-өзіме есеп беріп, не нәрсеге қанша пайыз қаржы құйғанымды тексердім. Зерттей келе, мынадай қорытындыға келдім:

1) Бес секундтық нәпсі қалауларына барынша жол бермеу керек. Мысалы, үйге қайтып бара жатқанда ішіп-жейтін азын-аулақ азықтар жекелей қарағанда кішігірім көрінгенімен, бір айдың ішінде әжептәуір соммаға айналады екен.

2) Ақшаны тек қана жинау көмегін бермейді. Яғни бар ақшаңды жинап жүре берсең, қиын кезеңдерде жұмсап жіберуің мүмкін. Сондықтан ақшаңды құр болашаққа инвестиция ретінде емес, белгілі бір нәрсе үшін жинап бастаған тиімдірек.

3) Табыстан гөрі, табыс пен шығын арасындағы айырмашылық маңыздырақ. Айына жақсы мөлшерде жалақы алсаң да, табысың мен шығыныңның арақатынасы тым жақын болса, онда жағдайың қиын. Оны шешу үшін не шығыныңды азайтасың, не табысыңды арттыруға күш жұмсайсың. Ең жақсы ұсыныс мынау: шығыныңды да басқар, сондай-ақ жаңа кіріс көздерін де ізде.

4) Есеп жүргізу өз-өзіңе деген сенімділігіңді арттырады. Өйткені қаржылық қабілеттеріңді реттестіріп, өзіңді қолға алғаныңды сезінесің. «Осы айда не істеп едім?» деген сәбилік сұрақтар қоймай, есейгеніңді түсінесің.

Бұл негізі барлық кітапта айтылатын қарапайым қағидалар ғой. Алайда оны өз тәжірибеңнен өткізіп түсіну бөлек дүние екен.
👍2815👏2
«Төмен нәрселерге ұмтылмауға тырыс. Өйткені адамның сүрініп құлауына ең көп себепші болатын нәрсе — өз ынта-жігерін, жоғары ұмтылысын төмендетуі».

— Омар ибн әл-Хаттаб
(Алла оған разы болсын)
62👍5🔥3👏1🤯1
😭23👍10🤣7😁5
«Адам өз-өзін қай деңгейге қойса, сонда орнығады. Егер ол өзін үстем қылса, ісі де іріленеді. Ал егер төмендетсе, ісі де ұсақталып, қадір-қасиеті жоғалады».

— Амр ибн әл-Ас
(Алла оған разы болсын)
53👍11👏2🔥1
«Егер біреу сен туралы шын нәрсені еске алса, Аллаға шүкір ет. Ал егер сен жайлы жалған жайтты жеткізсе, шүкіршілігіңді тағы арттыр. Өйткені жайбарақат демалып жатқан уақытыңда ол сенің амал дәптеріңе үлес қосуда».

— Иса пайғамбар
(Алланың сәлемі болсын)
58👍3🔥2👏1
😁19🤣115👍4🤔2🐳2