Forwarded from Barqytbell
عن وهب: إذا سمعت من يمدحك بما ليس فيك, فلا تامنه أن يذمك بما ليس فيك
Бір жанның сені өзіңде жоқ дүниемен мақтағанына құлағдар болсаң, ту сыртыңнан сенде жоқ дүниемен даттайтынына сенімді бол.
📕Уәһб ибн әл-Мунәббиһ
Бір жанның сені өзіңде жоқ дүниемен мақтағанына құлағдар болсаң, ту сыртыңнан сенде жоқ дүниемен даттайтынына сенімді бол.
📕Уәһб ибн әл-Мунәббиһ
❤48👍9⚡3
Алла саған күнәға деген құмарлықты ғана емес, оған қарсы тұра алатын ерік-жігерді де қатар берген.
👍57❤39🔥6🏆5
«Көлеңкеден қорқып тұруға жарамайды. Көкірек керіп қызмет қылу керек».
— Мұстақым Малдыбай
— Мұстақым Малдыбай
❤48🫡8👍6
ӨЗІМЕ ҮНДЕУ
Әкең қартайды. Онда бүкіл жанұяны қамтамасыз ететін күш-қайрат сөніп барады. Анаңның да шашына ақ түскені қай заман? Әйтеуір балам аман болсын деп егде жасына қарамастан таңғы салқынмен жұмысқа асығады.
Ал сен болсаң, бұрынғы балалығыңды аңсап, әке-шешең қартаймайтындай күй кешесің. Күніңді нәпсілік істермен, еркелікпен, яғни «бүгінгімен» ғана өткізесің. Ал саған барын берген ата-анаңа қарайласпақ түгіл, жай ғана уақыт бөліп қарамайтын дәрежеге жеткенсің.
Кеш болмай тұрғанда, ғапылдықтан арылып, күніңді көркем мәмілемен, қажетті істермен безендір. Әке-шешеңе қарайлас, олардың жайлы ортада өмір сүруіне жағдай жаса. Ең болмағанда, тырыс! Сенің қолыңнан келеді…

❤119🫡17👍10👾3🙏1
Бұрын ауылды жерде үстелдің төрт аяғын бірдей тік қылу үшін астына кітап қоятын едік. Соған қарап, адамның да аяғына тік тұрып, түзеліп кетуі үшін кітап керек-ау деп ойланып отырмын.
👍87❤40🔥10⚡8🥰5😍2😇1
Қызық иә, тарихта тісін қай кезде ысқаны, дәретті қалай алғаны, басында қанша ақ шашы болғаны, тамақты қай қолымен жегені деген сияқты детальді деректері қамтылған адам болған. Сонымен қатар бұл амалдардың әрбіріне еліктеуді асқақ абырой санайтын миллиардтан аса ізбасарлары әр заманда ғұмыр кешкен. Дәл осылай талқыға салынып, үлгісі үгіттелетін тұлға тарихта біреу ғана. Алланың салауаты мен сәлемі саған болсын, уа, Алланың елшісі!
❤129🔥20😇5⚡2👍1
«Қазақ жазба әдебиетінің негізін мұсылманша оқыған сауатты ақындар салғаны сөзсіз. Сондықтан да жазба әдебиеттің алғашқы үлгілерін халық поэзиясының діни және ғибраттық түрлерінен іздеу қажет».
— Халел Досмұхамедұлы
— Халел Досмұхамедұлы
❤51👍9👏6⚡4
«Ғылым үйретпеген нәрсені дін үйретеді. Мысалы ғылымда алты бестен артық саналады. Ал дінде біреудің зұлым жолмен тартып алған алтауынан сіздің адалдықпен тапқан бесеуіңіз артық болуы мүмкін».
— Ернар Мәжен
— Ернар Мәжен
❤81👍11😍11🔥7
«Алла Қадір түнін жасырғандай, енді сол түні жасалған амалдарды да сториске сала бермей, жасырған дұрыс-ау?!»
— Темірлан Биахмет
— Темірлан Биахмет
👏72❤40👍11⚡5🆒5😁2
Кейбір тарихшылар қазақтың қарапайым жұртшылығы ислам дінін дұрыс ұстанбаған деген пікірді алға тартады. Алайда қазақ жеріне жіберілген христиан миссионерлерінің жылдық есептеріне назар аударар болсақ, бұл ақпараттың тұтас қазақ халқына қатысты емес екенін түсінеміз.
Мысалы, Владимир бөлімі миссионерінің айтуынша, 1911 жылы қызметпен барған қазақ ауылында тек әйелдер мен балалар қалған еді. Өйткені ерлер мал табу үшін жыраққа кетіп жүретін. Осы сәттерде ауыл туралы мәлімет алуға талпынған миссионерлердің еңбегі нәтижесіз аяқталды. Себебі мұсылмандық жөн-жоралғыларға сәйкес қазақ әйелдері бөтен ер адаммен сөйлеспек түгілі, оның көзіне қарауды ар санайтын [Отчет о состоянии Киргизской миссии Омской епархии за 1911 год].
📚 Лысенко Ю. Степень исламизации казахского общества на рубеже XIX-XX вв. В оценке миссионеров Киргизской духовной миссии.

❤45👍14👏3🤗2
«Ілім іздеуді бастағанымда еш ниетім жоқ еді. Артынша Алла маған «ниет» ризығын нәсіп етті».
— Суфиан әс-Сәури
(Алла рақымына алсын):
Barqytbell арнасынан алынды
— Суфиан әс-Сәури
(Алла рақымына алсын):
Barqytbell арнасынан алынды
❤69🤗10👍5🥰3
Институттың атынан Молла Кәшшәфуддин ибн Шаһмардан әл-Қарқаралидің намаз оқуға қатысты өлең кітабын түпнұсқадан көшіріп, қазіргі «түсінікті» қазақ тіліне аудардық, латын графикасымен теріп шықтық. Сондай-ақ кей жеріне қосымша түсініктеме беріп өттік. Енді тексерістен өткен соң, түзетулер енгізіп, баспаға беру қалды.
❤36👍6🤩6⚡4👏1🤯1
Әр нәрсені келеке етіп, «күлдіріп» дағуат жүргізудің эффектісі аз екен. Одан кей халық жай ғана көңілденгенімен, біраз адамға бұл бағыт кері әсерін тигізеді. Әрине, насихат барысында түрлі әдісті пайдалану керек екені хақ. Дегенмен бұл уағызшының менмендігін, ішкі эгосын арттырмауы керек. Өйткені біз рухани халіміздің қалай жалғасатынын болжай алмаймыз. Сондықтан да сәл қарапайым болсақ дегім келеді.
❤35🤨6💯4👍2🔥2
Өткен жолы Сырымбек Әділболатұлының «Кәләм ілімі» еңбегінің дизайнын жасап едік. Мұқаба дизайнері болып ағам, ал көркемдеуші дизайнері болып өзім қызмет атқардым. Алдымен авторға үш түрлі шрифтпен бастапқы беттерін жіберіп, таңдау жасауын ұсындық. Соңында суреттерден көріп тұрған шрифт түрін қолдандық. Әдетте бет саны төменде көрсетіліп тұрушы еді, ал біз оны жоғары орналастырдық. Сондай-ақ бұл кітап схема, диаграмма, цитаталарға толы болуымен ерекшеленеді. Кітап туралы толық ақпаратты автордың парақшасынан біле аласыз. Ал біз Алла қаласа кітап саласындағы қызметтерімізді жалғастыра бермекпіз. Қызығушылық танытсаңыз, мына сілтемеге өтіңіз.
👍17❤11🔥5