dapterone
2.6K subscribers
136 photos
2 videos
11 files
49 links
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Download Telegram
«Дүниеде еш нәрсе баянды емес: жамандық та өтеді».

— Абай Құнанбайұлы
60👍9🔥2
«Кітап жазып, газет-журналға мақала шығарып, Алашқа қызмет қылмасақ, басқа жол бөгеулі».

— Әлихан Бөкейхан
🔥6530👍8👏4
Мүміннің сендегі үлесі үшеу болсын:

— оған пайда бере алмасаң да, зияныңды тигізбе;
— қуанышқа бөлей алмасаң да, қайғыртпа;
— мақтау сөздер айта алмасаң да, тілдеме.

— Яхия ибн Мұғаз
94🔥15👍7
Насихатыңды жаңадан жаттап алған терминдермен емес, хикметпен әшекейле
😍4625👍83😁2
Төбеден түскен қызыл дақ

Кешкі уақыт. «MOSKVA» сауда үйінің алды. Ағам екеуіміз бағдаршамнан өтіп барамыз. Кенет төбемнен бір нәрсенің ұшып келе жатқанын байқадым. Бұған дейін көгершіндердің «қорегіне» былғанған соң, бұл «апатты» аса місе тұтпадым. Оның үстіне ағамның күртешесін киіп жүр едім (демек аса алаңдаудың қажеті жоқ).

Сөйтіп ұшып бара жатқан объектке тағы бір қарасам, ақ емес, қызыл түсті екен. Біреудің қаны ма деп қорқып үлгергенім сол еді — сөйтсем, атақты хайнц компаниясының кетчуп өнімі боп шықты! Көктен мәннә мен сәлуаның түсетінін білем ғой, бірақ кетчуптың түскенін алғаш көріп тұрмын. Сондай-ақ құр куә боп тұрған жоқпын, ол кетчуп менің үстіме құлдилап келе жатыр!

Артқа шегінбейтін қайсарлығым бар еді, ол қасиетім бүгін тағы да ұстап, кетчупты тура күртешеммен күтіп алдым. Үсті-басым қып-қызыл, түсі суық. Тіпті жаңадан сатып алған қалпағым да қызыл дақтармен көмкерілді. Бұл сонда қайдан келген кетчуп өзі? Қандай мақсатпен менің денеме жабыса қалды екен? Оның үстіне бағдаршамнан өтіп бара жатқан жалғыз мен емес едім ғой. Жанымда небір тұлғалар тұр, артымызда MOSKVA!

Бірақ сол кетчуп дәл менің үстіме құлады. Жұрттан ыңғайсызданып, терлеп кеттім. Үстімдегі қызыл түске қарасаңыз, қан мен тер боп жатқандай. Сөйтіп анадай тұста шамамен бесінші-алтыншы сынып оқушыларының ыржалақтап қашып бара жатқанын көрдім. Осынау «қызыл жебені» жіберген — солар-ау деген ой басыма топ ете қалды.

Бір жағынан арттарынан қуып жетіп, құлақтарын кесіп, құдыққа тастап жіберейін бе деп ойландым, екінші жағынан «қойшы, қызық көріп жүрген кішкентай балалар ғой» деп байсалды күй кештім. Нәтижесінде ешқандай эмоцияға берілмей, қалтамнан қағаз сүрткішімді алып, «қылмыс іздерін» жойып жібердім. Абырой болғанда, үстімдегі күртеше ақ емес, қара түсті еді. Оның үстіне ешқайда асықпай, өз үйіме бара жатқанмын. Ал егер менің орнымда өміріндегі ең маңызды кездесуге асыққан, ақ киімді кісі болса ше?

Қысқасы, балаларыңызға қарап жүріңіздер!
🤣42👍2515😁10👏1🤔1💊1
«Байлық түбі — ақыл һәм қол ұсталығы. Осы екеуі қосылмай, адам баласы қазынаға жарамайды».

— Әлихан Бөкейхан
42👍11🔥2
— Темекі дәретті бұза ма?
— Темекі сені бұзады!
77👍19💯6😁5🕊5👏3🆒1
🤣76😁2211🤔2👍1😢1
«Каждый раз пробивая свой потолок, будь готов оказаться на полу следующего этажа».
58🔥9👍8💯72
Жазуды жүйелеуші — Jazu.pro жобасына жарнама!

Бұл — бакалавр бауырлардың белін буатын бірегей блог болмақ!

Тегін телеграм топта төмендегі тақырып төңірегінде түрлі толғауларды талдап, тер төгемін)

Досым-ау, диплом-диссертацияның дұрыс деректерімен дидарласып, дереу дамысаңшы!)

Каналымызда көріскенше, күн көркем:)

Jazu.pro
20👍32🔥1
«Сені құлай сүйем!» – деді ол… Шынымен де күн сайын көшеден ішіп келіп, шаршап құлайды да, құр «сүйем!» деп сезімін білдіреді. Басқа түгі жоқ…
😁42🤣32😢8💔5🤯4😭3❤‍🔥2👍2🤷2
«Don’t wake up to watch the sunrise, wake up earlier and let the sun watch YOU rise».
55👍42🔥2👏2
— «Ақша» сөзі «ақшалар» деп көпше түрде қолданылмайды.
— Сен бірінші үйленіп көр, сосын ақыл айтарсың…
😁47🤣245👍3🥰2
«Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың артынан ере берсең — алданбайсың».

— Шәкәрім
💯4217👍9🐳4
Жазудан шаршадың ба?

Кейде жазушылардың өзі басқа авторлардан мотивация алады.

Мысалы, Ақселеу Сейдімбек былай дейді: «Көркем дүние жазарда Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесін бір оқып шығу әдетіме айналған. Онсыз қолым жүрмей, ойым тұсалып, кібіртіктей беремін».

Егер сен де белгілі бір дүниені жазарда ой тоқырауына тап болсаң, өзіңе ұнамды тұлғалардың еңбегін оқып көр.
25👍6👏1
Өткенде Lambert Academic Publishing-тен осындай хат келген. Біздің Бейбарыс жайлы жазған мақаламызға қызығып, оны ауқымды аудиторияға ұсынуды жөн көріп отыр екен. Басында жай спам түрінде келген хабарлама деп, аса сенбеп едім. Бүгін қайта хабарласып, мақаланы тегін жариялауға рұқсат сұрап тұр. Германиялық ғылыми баспаның бұл ұсынысы сәл-пәл еңсеңді көтеріп қояды екен. Әйтпесе біздің елде мақала жариялай қояйын десең, ақшасын өзің төлеу керексің ғой. Бірақ дәл осы мақаланы ҚазҰУ Хабаршысы да тегін алған. (Арасында жолым болып тұрады)
34🔥9👏4💊3👍2
Барсакелместік

Бүгінгі кезеңнің ең үлкен дерттерінің бірі — осы барсакелместік, яғни із-түзсіз жоғалып кету. Қандай да бір іс жүргізгенде, уәде бергенде, қарыз сұрағанда, осы олқылық жиі орын алады. Тіпті сенімді деп есептеген тұлғалардың өзі бұл қылығын тоқтата алмай жүр. Иә, пенде болған соң, қателіктер жасап тұрамыз, уәде берген іс-әрекеттеріміз ауаға кетіп жатады, қарыздарымызды уақытылы төлей алмай қаламыз. Бірақ бұл нәрсе хабарсыз кетіп, телефон тұтқасын көтермей қоюға себеп емес қой. Ең болмағанда, жағдайыңды түсіндіріп, уақытты шегере тұруға рұқсат сұрап, жаныңдағы жолдастарыңның ақыл-кеңесіне жүгінбейсің бе? Сен вакуумда емес, адамдармен қоршалған қоғамда өмір сүріп жатырсың ғой…
48👍7💯6👏5😢2🔥1
Пайдалы телеграм арналар:

1. Ержан Бақытжанов
Қысқа-нұсқа нақылдар. Діни мәтіндердің аудармасы. Қазақ зиялыларының қанатты сөздері.

2. Заметки Асылжана
Жас кәсіпкер. Әр істегі тиімділік жайлы блог жүргізеді. Оны дінмен ұштастыра түсіндіреді. YouTube каналы бар.

3. Abat Almasuly
Маркетолог. Қазақ маркетинг саласын өз кейстері арқылы түсіндіреді, ішкі құрылымын көрсетеді. Тегін видео-дәрістер салып тұрады.

[Бірінші бөлім мына жерде]
20👏5👍4🔥1
«Лень — это обесценивание всего, что Бог дал мужчине для развития и созидания».

— И. Войтенко
33👍9👏3🏆2🤯1
Әжетханаға бір кіргенде отыз минут отырамыз. Тамақты екі сағат өсек айтып ішеміз. Интернетті бес сағат шоламыз. Ұйқыға он сағат арнаймыз. Ал намазды уақыты шығып бара жатқан бес минутта оқып бітіреміз. Сөйтіп «күнімізде береке жоқ» дейміз…
💔11635👍16💯12😢8🤯4🍓1🗿1
Халал тойға жақсы ниетпен баруға дайындалып жатқан шәйнек: «Ішім бір жамандықты сезіп тұр», – депті.

— Айдос Қабиден
🤣120😁23💔2013👍7🔥2