dapterone
2.6K subscribers
136 photos
2 videos
11 files
49 links
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Download Telegram
Телеграм арнамызда 2000 оқырман! Бұл дегеніміз — 2000 саналы & сапалы оқырман! Пайдалы болуға тырысып бағамыз. Алла берекесін берсін!
102🎉16👍14🔥52
Өнер жұлдыздарына қызыл кілем төселсе, ілім талап етушілерге періштелердің қанаттары төселеді.

📚 Жұма уағызынан
142🔥21❤‍🔥11👍8👏3🥰1🕊1💯1
— Күнәсін жасап-жасап, қазір өтірік тақуа болып жүр. Ондай екіжүзділік болмайды ғой...
— Өмір бойы күнәһар боп өтетін «біржүзділіктен», тура жолға бастайтын «екіжүзділік» дұрыс емес пе?
120👍27😐9👏7🔥63🤝1
«Иман» мен «имам» сөздерін ажырата алмайтын адам орамалға сын айтпай-ақ қойса екен…
💯100👍2617🤣13😁6🔥43👏3💔1🆒1
— Не үшін темекі шегіп жүрсің, бауырым?
— Өмірім қиындап, депрессияға түсіп кеттім. Соны «жамау» үшін.
— Сен жеті оқисың ғой…
🤣71😨14🤨9🌚86😢5👍3🤡3🕊1
Имам & бай

Құрметті қолына дәулет біткен тұлғалар! Діни ұстаздарды өздеріңіздің нәпсілеріңіз үшін қолдануды қойыңыздар. Егер шынымен дінге деген жанашырлығыңыз болса, оның діни ілімінің көпшілікке таралуын қамтамасыз етіңіз. Әйтпесе күн сайын үйіңізге ғана шақырып, шәй беріп, құрбы-құрдастарыңыздың алдында абырой жинауға ұмтылу — қате тірлік. Дария көлді кішкентай көлшік қылып шектемеңіз. Тоқтаусыз құр әңгімеге тарта бергеннен гөрі ілімінің сапалы түрде таралуына көмек қолын созыңыз. Ұстазды пайдалануға емес, пайдалы болуға күш жұмсаңыз.
71👍197👏7🔥6💯1💔1
Кеше Ербол Ахмедов бауырымның «Ілім және кәсіп» атты кітабы шықты. Еңбекте кәсіп жасап жүріп ілім алған тұлғалардың өмірбаяны келтірілген. Өзім алғашқылардың бірі болып оқып шықтым. Ғажап!
35👏8👍5🔥5😁2🕊1
Диплом жазу жайлы кішігірім гайд. Оқып, пайда алыңыздар. Диплом тапсырайын деп жүрген студенттерге жіберіңіздер. Алла берекесін берсін!
42🔥9👍54❤‍🔥4👏1🕊1
Diplom jazu - Zhandoss Kabiden.pdf
37.2 MB
19🔥14👍6💯5❤‍🔥31👏1🕊1🍓1🆒1
Кім қайратты,
Кім кімге асқар тұлға,
Мүмкін бе екен тағдырдан бас тартуға?
Неткен ғажап,
Биіктен құлаған тас
Сынғанымен қалады тас қалпында.

— Мұхтар Шаханов
65👍11🔥2👏2🕊1
«После того, как утонул корабль, каждый знает, как его можно было спасти».

— Японская поговорка
👍5398🔥62👏1
«Дем алу үшін алдымен еңбек ету керек».

— Құтып
🔥7221👍7👏32🕊2😁1👌1
«Баяғы Платон деген білгіш өзінің «Мемлекет» деген кітабында «троглодит» деген адамдар болыпты деп мысалдайды. Олар зындан сияқты бір қараңғы үңгірде өскен, өмірінде жарық көрмеген. Соның бірі әлдеқалай кез болып, үңгірдің аузын бекіткен есікке қақтығып, есік ашылып, тысқа шыққан. Басында көзі шағылысып түк көрмесе де, үйрене келе күнді, ағашты, суды, шөпті, тауды көріп қуанып, тамашалап, жолдастарына келіп айтса, мынау жынданған екен деп күлкі қылыпты. Әлгі байғұс анық көрген табиғат қасиеттерін айтпай тұра алмай, «шын» дей берген соң, аналар оны ұрып-соғып қойғызбақшы болады. Бірақ оларды сөгуге де болмайды. Себебі өмірінде ондайды көргендері жоқ».

📚 Шәкәрім — «Үш анық»
49👍4👏4🔥2😁1🕊1
Әр сәтсіздікті «детская травма» деп түсіндіре берудің өзі — как-то по-детски емес пе?
😁84💯1715👍12🔥3👏3🤨3
— Қаламызда жаңа мешіт ашылды!
— Одан да аурухана салмайсыңдар ма?!
— О-о, жақсы идея! Аурухананы да салайық. Қане, сен сбор ашып, осы игі істі бастап жіберші, — деген сәтте сұхбаттасы қол сілтеп, өз жөнімен кете барды...
88👍19😁15🔥8👏4💯2
«Осы жылы жаңа жетістіктерге жетейін» деп дұға еткен жігіт түнгі 12-де торт үрледі. Сол үрлегенімен оның дұға-тілектері де ұшып кетті:)

Сәлем, жиырма төрт 👋
👏5026🎉12👍9😁8🥰3🏆3🔥21🤗1
🤝 Әрдайым қолдаушы оқырман 🤝

Бір кісі кітаптарымыз шыққан сәтте бірден сатып алып жүрді. Фотопрофиліне қарасам, жасы үлкен кісі көрінеді. Сөйтіп, қызығып кеттім де, не үшін менің еңбектерімді бірден алуға әрекет жасайтынын сұрадым. Сөйтсем, ағамыз Ұлытау облысының 40 жасар тумасы екен. Мұғалім болған соң ба, әйтеуір ілімге деген құлшынысы өте жоғары екенін байқадым.

Ол туралы өзі былай дейді: «Кітап — қазына, білім — нұр. Білім алу әр мұсылманға парыз. Ұстаздардың алдында отырып білім алуға мүмкіндік болмаса да, білікті ұстаздардың қаламынан шыққан құнды кітаптарды қалдырмай оқуға тырысамын.
Сіздің кітаптарыңыз оқуға ыңғайлы, бір деммен оқып шығуға болады. Сіздің «Орамал мен қазақ», «Береке» кітаптарыңызды оқып шықтым. Мен үшін өте пайдалы болды. Оқуға жеңіл, білім жетілдіруге өте пайдалы.
Білім — пайғамбарлар мирасы. Пайғамбарлар мирасынан құр қалмас үшін дүние және ақыретіме пайдалы кітаптарды міндетті түрде сатып алып оқимын».

Арамызда осындай ықыласты жандар да бар. Алла оларға разы болсын деп тілейміз 🤲
60👍12😍12🔥6🥰3👏2🏆2🆒21
Кезінде тоғыз ай құрсақта жатқан әлсіз сұйықтық сыртқа шығып, анасына қаттылық көрсетіп жүр…
💔112😢26😭1613💘3👍1👏1
«Отбасы боп араласып тұрайық» деген жігіттер тек өздерінің отбасыларымен араласып кетеді екен…
😁6321💯6💅4💘21👍1👻1🗿1
Зерттеуіңді кофеханада жасасаң да болады. Бірақ кітапханада жасаудың әсері бөлек. Өйткені ол жерге «ішсем-жесем» емес, тек «білсем-көрсем» дейтін жұрт жиналады)
90👍11👏94🔥4💯1💘1