Ілім алу кеш емес…
«Қолымды мезгілінен кеш сермедім» деп ілім алудан үміт үзіп, оған жас көрсеткішіңізді сылтау етсеңіз, Ербол Ахмедов досымның жаңа кітабын оқып көріңіздер. Өте пайдалы әрі құнды еңбек деп білем.
«Қолымды мезгілінен кеш сермедім» деп ілім алудан үміт үзіп, оған жас көрсеткішіңізді сылтау етсеңіз, Ербол Ахмедов досымның жаңа кітабын оқып көріңіздер. Өте пайдалы әрі құнды еңбек деп білем.
❤60👍5⚡3💔1
«Басым ауырып, жедел жәрдем шақырдым. Сөйтіп ауруханаға барып, түрлі кабинеттерге кіріп шықтым. Анализ тапсырдым. Келесі күні бес дәрігердің қабылдауында болдым. Оның өзі бес түрлі ауруханада орналасқан. Әрқайсысын аралап жүріп, қай жерім ауырып тұрғанын ұмытып кеттім. Соңында сауыққандай болдым. Түйін: көбірек жаяу жүріңіздер».
— Ауруханаға «емделу» үшін барған пациент
— Ауруханаға «емделу» үшін барған пациент
😁72❤21👍9⚡4🥰1
«Таң намазына тұра алмай жүрмін деме. Таң намазына тұрғым келмей жүр де».
📚 «Таң намазы және оған тұрудың 15 жолы»
📚 «Таң намазы және оған тұрудың 15 жолы»
❤76💔31👍9🔥6💯5
Қазір баста
Кез келген ғажап дүние о баста шимай болған. Бірақ ол шимай болмаса, әлгі шедевр туындамас еді.
Ахмет Байтұрсынұлының айтуынша, Пушкиннің өзі өлеңдерін 13 рет түзеткен. Лев Толстой еңбектерін баспаға беріп қойған соң да бірнеше мәрте өзгерістер енгізген. Бұл ой мен қиялдағы дүниені сөзбен жеткізу оңай емес екенін көрсетеді. Дегенмен сіз өзіңіз жазған жаман парақты кез келген уақытта түзей аласыз. Сіз қателерін түзей алмайтын тек бір ғана нәрсе бар, ол – бос парақ. Сол үшін қазірден бастаңыз.

❤81👍12👏7🔥5
Өнер жұлдыздарына қызыл кілем төселсе, ілім талап етушілерге періштелердің қанаттары төселеді.
📚 Жұма уағызынан
📚 Жұма уағызынан
❤142🔥21❤🔥11👍8👏3🥰1🕊1💯1
— Күнәсін жасап-жасап, қазір өтірік тақуа болып жүр. Ондай екіжүзділік болмайды ғой...
— Өмір бойы күнәһар боп өтетін «біржүзділіктен», тура жолға бастайтын «екіжүзділік» дұрыс емес пе?
— Өмір бойы күнәһар боп өтетін «біржүзділіктен», тура жолға бастайтын «екіжүзділік» дұрыс емес пе?
❤120👍27😐9👏7🔥6⚡3🤝1
«Иман» мен «имам» сөздерін ажырата алмайтын адам орамалға сын айтпай-ақ қойса екен…
💯100👍26❤17🤣13😁6🔥4⚡3👏3💔1🆒1
— Не үшін темекі шегіп жүрсің, бауырым?
— Өмірім қиындап, депрессияға түсіп кеттім. Соны «жамау» үшін.
— Сен жеті оқисың ғой…
— Өмірім қиындап, депрессияға түсіп кеттім. Соны «жамау» үшін.
— Сен жеті оқисың ғой…
🤣71😨14🤨9🌚8❤6😢5👍3🤡3🕊1
Имам & бай
Құрметті қолына дәулет біткен тұлғалар! Діни ұстаздарды өздеріңіздің нәпсілеріңіз үшін қолдануды қойыңыздар. Егер шынымен дінге деген жанашырлығыңыз болса, оның діни ілімінің көпшілікке таралуын қамтамасыз етіңіз. Әйтпесе күн сайын үйіңізге ғана шақырып, шәй беріп, құрбы-құрдастарыңыздың алдында абырой жинауға ұмтылу — қате тірлік. Дария көлді кішкентай көлшік қылып шектемеңіз. Тоқтаусыз құр әңгімеге тарта бергеннен гөрі ілімінің сапалы түрде таралуына көмек қолын созыңыз. Ұстазды пайдалануға емес, пайдалы болуға күш жұмсаңыз.

❤71👍19⚡7👏7🔥6💯1💔1
Кеше Ербол Ахмедов бауырымның «Ілім және кәсіп» атты кітабы шықты. Еңбекте кәсіп жасап жүріп ілім алған тұлғалардың өмірбаяны келтірілген. Өзім алғашқылардың бірі болып оқып шықтым. Ғажап!
❤35👏8👍5🔥5😁2🕊1
Диплом жазу жайлы кішігірім гайд. Оқып, пайда алыңыздар. Диплом тапсырайын деп жүрген студенттерге жіберіңіздер. Алла берекесін берсін!
❤42🔥9👍5⚡4❤🔥4👏1🕊1
Кім қайратты,
Кім кімге асқар тұлға,
Мүмкін бе екен тағдырдан бас тартуға?
Неткен ғажап,
Биіктен құлаған тас
Сынғанымен қалады тас қалпында.
— Мұхтар Шаханов
Кім кімге асқар тұлға,
Мүмкін бе екен тағдырдан бас тартуға?
Неткен ғажап,
Биіктен құлаған тас
Сынғанымен қалады тас қалпында.
— Мұхтар Шаханов
❤65👍11🔥2👏2🕊1
«После того, как утонул корабль, каждый знает, как его можно было спасти».
— Японская поговорка
— Японская поговорка
👍53⚡9❤8🔥6✍2👏1
«Баяғы Платон деген білгіш өзінің «Мемлекет» деген кітабында «троглодит» деген адамдар болыпты деп мысалдайды. Олар зындан сияқты бір қараңғы үңгірде өскен, өмірінде жарық көрмеген. Соның бірі әлдеқалай кез болып, үңгірдің аузын бекіткен есікке қақтығып, есік ашылып, тысқа шыққан. Басында көзі шағылысып түк көрмесе де, үйрене келе күнді, ағашты, суды, шөпті, тауды көріп қуанып, тамашалап, жолдастарына келіп айтса, мынау жынданған екен деп күлкі қылыпты. Әлгі байғұс анық көрген табиғат қасиеттерін айтпай тұра алмай, «шын» дей берген соң, аналар оны ұрып-соғып қойғызбақшы болады. Бірақ оларды сөгуге де болмайды. Себебі өмірінде ондайды көргендері жоқ».
📚 Шәкәрім — «Үш анық»
📚 Шәкәрім — «Үш анық»
❤49👍4👏4🔥2😁1🕊1
Әр сәтсіздікті «детская травма» деп түсіндіре берудің өзі — как-то по-детски емес пе?
😁84💯17❤15👍12🔥3👏3🤨3
— Қаламызда жаңа мешіт ашылды!
— Одан да аурухана салмайсыңдар ма?!
— О-о, жақсы идея! Аурухананы да салайық. Қане, сен сбор ашып, осы игі істі бастап жіберші, — деген сәтте сұхбаттасы қол сілтеп, өз жөнімен кете барды...
— Одан да аурухана салмайсыңдар ма?!
— О-о, жақсы идея! Аурухананы да салайық. Қане, сен сбор ашып, осы игі істі бастап жіберші, — деген сәтте сұхбаттасы қол сілтеп, өз жөнімен кете барды...
❤88👍19😁15🔥8👏4💯2
«Осы жылы жаңа жетістіктерге жетейін» деп дұға еткен жігіт түнгі 12-де торт үрледі. Сол үрлегенімен оның дұға-тілектері де ұшып кетті:)
Сәлем, жиырма төрт 👋
Сәлем, жиырма төрт 👋
👏50❤26🎉12👍9😁8🥰3🏆3🔥2⚡1🤗1