dapterone
2.59K subscribers
136 photos
2 videos
11 files
49 links
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Download Telegram
— Мешіт жаққа жиналайық.
— Намаз оқуға ма?
— Жоқ, жанында күшті карак чай бар.
😭81💔1810👍3
«Мен ешкімге міндетті емеспін!» деген ойларын өзгелерге міндет қылатындар көбейді…
41👍9🔥81
— Әл-Әзһар бітірдім.
— О! Енді көп кітап жазып, шәкірт тәрбиелейтін шығарсыз?
— Жоқ, умраға гид боламын.

📚 «Кітап сияқты кітап»
😭57😁15🔥1410👍6👎3🖕21💩1🤓1🫡1
Ғибрат үшін жаздым бұны)

Өзгені келеке ету — миссиям емес. Оның үстіне қасиетті мекенге жолбастаушы болып баруды ар санап тұрған жоқпын. Керісінше бұл — өте абыройлы қызмет. Оған кеткен күш-қайратың, білімің үшін ақы алып, жанұяңды қамтамасыз етуің — құптарлық іс деп ойлаймын.

Бірақ…
Кезінде университет бітіріп, бірден осы «нишаға» басымен кіріп кеткен ағаларымды білемін. Олардың бір қателігі — тек сол іспен ғана айналысуында болды. Кейін өздері: «гидтік қызметпен бірге ұстаздық борышты да алып жүру керек еді», – деп өкініштерін білдірді (қарайып қалған ғой).

Бұл исламтану өзі — миллиондаған табыс әкелуге ыңғайланған сала емес қой. Оны о баста біліп бардық. Дегенмен күнкөріс қамын жасай отырып (гид, курс, т.б), берілген діни ілімді де арқалауға мәжбүрміз.

Менің субъективті пікірім бойынша, исламтану мамандығын бітірген түлек ретінде біз қолымыздан келгенше алған ілімімізге амал етіп, оны келесі толқынға тасуымыз керек. Әлде бұл — объективті пікір ме?)
45👍16🔥6❤‍🔥2🤝2👌1
«Төрт уақыт емес, бес уақыт намаз оқитын тұрақты құлдарыңнан етші, Раббым!».

#таңнамазы
97😭45😢14👍9❤‍🔥51👌1
«Кәсіп аштым.
Жақындарым жапты».

— Қазақ кәсіпкері
57😁30👍9💯6💔5🔥4🤓2😢1
1000 жерден фейк аккаунтпен балағат жазсаң да, күнә – амал дәптеріңде фейк есіміңе емес, өз атыңа жазылатынын ұмытпа.

— Абылай Кенжалы
👍7721🔥7💯41
Көптен көріспеген екі дос дәмханада жүздесті. Нәтижесінде кездесу өте «продуктивті» өтті: 4 дыбыссыз рилс көрілді, 5 пост оқылды, 7 хатқа жауап берілді…
36😁9👍8😢6
Forwarded from Мирас Ерланұлы (Meras Yerlanuly)
Пайғамбар ﷺ : «Әйелін күйеуіне айдап салушы кісі бізден емес», - деген.

Ахмад, Әбу Дәуіт
👍3818🔥42
Nurly hat — Zhandos Kabiden.pdf.pdf
11.8 MB
📚 Кітап сыйға тарттым!

Нұр-Мүбарак университетіне қабылданған шәкірттерге арналған кітапша. Былайша айтқанда, ағалық ескертулер мен ұстаздардан естіп-білген маңызды қағидалар қамтылған гайд.

Пайдалы болсын!
103👍18❤‍🔥16🔥8🥰3🍓3🦄21🤓1👻1
— Досым, неге маған пайдасыз рилс жібере бересің?
— Сені күлдірткім келгені ғой!
— Күлуімді қаласаң, қарызымды қайтаршы.
— Айтқаның болсын, енді рилс жібермеймін…
🤣97😁20132👍2🔥2🤩1🍓1
Біреудің үйі & өмірі

Исламда өзгенің үйіне рұқсатсыз кіруге болмайды. Тіпті көршіңнің ауласына көз тастауыңның өзі — айып. Бұл тек оффлайн емес, онлайн да орындалу керек.

Қарасаңыз, қазір біз мүлде танымайтын адамдардың инстаграмдағы отбасылық өмірін талдап, мәмілелеріне баға беріп қоямыз. Негізі ол жерге мүлде кірмеуіміз керек еді ғой.

Сол үшін өзгенің жеке шекарасына кірме және өзіңнің отбасылық өміріңнің «есігін» жауып жүр.
73👍33🔥62
Сен интроверт емессің.
Сен жай ғана жалқаусың…
👍64🤣33👎14🗿9😁8🤔742🔥1
Интроверт туралы жазбаны инста парақшамда түсіндіріп кеттім. Бас бармағын төмен бұрған бауырлар видеомды көрсе екен.
👍31🤣11👎5😁3
Таң намазына тұра алмай жүрсіз бе?

Кітапта таң намазына тұрудың 15 тиімді жолы ұсынылған.

Алу үшін: WhatsApp сілтеме
43👍17🔥7🥰2🕊2
«Әкеңіздің себебімен намаз бастадым».

Осы сөзді кеше бір жігітке айтып едім, қатты қуанып қалды. Ин шә Алла марқұм әкесі де осы сөзім арқылы бір аунап тұрған шығар. Алла жатқан жерін жайлы еткей!

Ойлаңызшы, сіз өмірден өткен соң, бір кісі ұлыңызға келіп: «Мен әкеңіздің себебімен намаз бастадым», «Ол кісінің себебімен Құранға түстім», «Әкеңіз арқылы Алланы танып білдім», – десе, қандай бақыт болар еді!

Ұлы мақсаттар…
93👍11🔥82🕊2
Не пайда – Серік Қалиев.pdf.pdf
34.3 MB
Осы өлеңді оқыған соң намаз бастап кеттім…

Сіздерге ұсынылып отырған «Не пайда?» өлеңі менің намаз бастауыма түрткі болды.
64👍20😨4😱3🤔2😢211🕊1
«Таң намазы және оған тұрудың 15 жолы» атты кітапша көпшіліктің сұрауы бойынша енді тегін нұсқада.

Басында онсыз да тегін жарияламақ болғанмын. Кейін бір жағдайлармен ақылы жасауға шешім қабылдадым.

Кітапты алу үшін: WhatsApp сілтеме
👍5019🔥32🕊1
Ілім алу кеш емес

«Қолымды мезгілінен кеш сермедім»
деп ілім алудан үміт үзіп, оған жас көрсеткішіңізді сылтау етсеңіз, Ербол Ахмедов досымның жаңа кітабын оқып көріңіздер. Өте пайдалы әрі құнды еңбек деп білем.
60👍53💔1
«Басым ауырып, жедел жәрдем шақырдым. Сөйтіп ауруханаға барып, түрлі кабинеттерге кіріп шықтым. Анализ тапсырдым. Келесі күні бес дәрігердің қабылдауында болдым. Оның өзі бес түрлі ауруханада орналасқан. Әрқайсысын аралап жүріп, қай жерім ауырып тұрғанын ұмытып кеттім. Соңында сауыққандай болдым. Түйін: көбірек жаяу жүріңіздер».

— Ауруханаға «емделу» үшін барған пациент
😁7221👍94🥰1