dapterone
2.59K subscribers
136 photos
2 videos
11 files
49 links
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Download Telegram
«Мен әлі жаспын ғой»

Осы сөзді себеп қылып, ағартушылық жұмыспен айналыспайтын бауырларымыз көп. Көріп тұрғанымыздай, біз қай уақытта өлетінімізді білмейміз. Сол үшін қолда бар күшпен, біліммен еңбек қылуға ұмтылуымыз керек. О дүниеге инвестиция жасап, шәкірт дайындап, кітап жазып, дағуат жүргізу — біздің басты міндетіміз. Осы постты университетті өте жақсы деңгейде тәмамдап, бірақ онлайн да, оффлайн да ешбір әрекет қылмайтын таныстарым оқыса екен…
44👍7🔥2
«Жақсының аты өлмейді
Ғалымның хаты өлмейді».
38👍6
Өзімді өзгелермен салыстырғанды ұнатпаймын. Өйткені олай істесем, ұтылып қала беремін.

📚 «Кітап сияқты кітап»
😢2818👍7😁5🔥1
Дін жолында қызмет етіп жүрген халімізде жан тапсырудан артық арман жоқ…
62👍4😢4🔥3
Forwarded from _sakenkyzy_
Өзімді теңізге қайықсыз тасталғандай сезінудемін. Аллаһым жүзіп үйренсін деген шығар. Себебі күйеуіме қатты байланған едім. Алла Өзіне ғана байлап жатқан болар. Енді маған ыңғайлы қайықтан түсіп, жүзуді үйрену қажет.
😢3716👍1👏1
Тойда жас жұбайларға «Бақытты болыңдар!» деп жарты сағат тілек айтылды. Бірақ олардың дәл қазіргі сәттегі бақыты — орындарына отыру еді.
😁37🤣3211👍6
Forwarded from Ержан Бақытжанов (Ержан Бахитжанов)
Қажылар мен ұстаздардың қателігін көріп, дінге суып кетесіңдер. Алайда, байлардың қателігін көре тұра ақшаға суымайсыңдар.

Махмуд Эфенди (рахимаһулла)
44👍11👌2
Бұрын: — Бесіннің кіруіне қанша қалды?
Қазір: — Бесіннің шығуына қанша қалды?
😭67💔2514👍3👎2
— Мешіт жаққа жиналайық.
— Намаз оқуға ма?
— Жоқ, жанында күшті карак чай бар.
😭81💔1810👍3
«Мен ешкімге міндетті емеспін!» деген ойларын өзгелерге міндет қылатындар көбейді…
41👍9🔥81
— Әл-Әзһар бітірдім.
— О! Енді көп кітап жазып, шәкірт тәрбиелейтін шығарсыз?
— Жоқ, умраға гид боламын.

📚 «Кітап сияқты кітап»
😭57😁15🔥1410👍6👎3🖕21💩1🤓1🫡1
Ғибрат үшін жаздым бұны)

Өзгені келеке ету — миссиям емес. Оның үстіне қасиетті мекенге жолбастаушы болып баруды ар санап тұрған жоқпын. Керісінше бұл — өте абыройлы қызмет. Оған кеткен күш-қайратың, білімің үшін ақы алып, жанұяңды қамтамасыз етуің — құптарлық іс деп ойлаймын.

Бірақ…
Кезінде университет бітіріп, бірден осы «нишаға» басымен кіріп кеткен ағаларымды білемін. Олардың бір қателігі — тек сол іспен ғана айналысуында болды. Кейін өздері: «гидтік қызметпен бірге ұстаздық борышты да алып жүру керек еді», – деп өкініштерін білдірді (қарайып қалған ғой).

Бұл исламтану өзі — миллиондаған табыс әкелуге ыңғайланған сала емес қой. Оны о баста біліп бардық. Дегенмен күнкөріс қамын жасай отырып (гид, курс, т.б), берілген діни ілімді де арқалауға мәжбүрміз.

Менің субъективті пікірім бойынша, исламтану мамандығын бітірген түлек ретінде біз қолымыздан келгенше алған ілімімізге амал етіп, оны келесі толқынға тасуымыз керек. Әлде бұл — объективті пікір ме?)
45👍16🔥6❤‍🔥2🤝2👌1
«Төрт уақыт емес, бес уақыт намаз оқитын тұрақты құлдарыңнан етші, Раббым!».

#таңнамазы
97😭45😢14👍9❤‍🔥51👌1
«Кәсіп аштым.
Жақындарым жапты».

— Қазақ кәсіпкері
57😁30👍9💯6💔5🔥4🤓2😢1
1000 жерден фейк аккаунтпен балағат жазсаң да, күнә – амал дәптеріңде фейк есіміңе емес, өз атыңа жазылатынын ұмытпа.

— Абылай Кенжалы
👍7721🔥7💯41
Көптен көріспеген екі дос дәмханада жүздесті. Нәтижесінде кездесу өте «продуктивті» өтті: 4 дыбыссыз рилс көрілді, 5 пост оқылды, 7 хатқа жауап берілді…
36😁9👍8😢6
Forwarded from Мирас Ерланұлы (Meras Yerlanuly)
Пайғамбар ﷺ : «Әйелін күйеуіне айдап салушы кісі бізден емес», - деген.

Ахмад, Әбу Дәуіт
👍3818🔥42
Nurly hat — Zhandos Kabiden.pdf.pdf
11.8 MB
📚 Кітап сыйға тарттым!

Нұр-Мүбарак университетіне қабылданған шәкірттерге арналған кітапша. Былайша айтқанда, ағалық ескертулер мен ұстаздардан естіп-білген маңызды қағидалар қамтылған гайд.

Пайдалы болсын!
103👍18❤‍🔥16🔥8🥰3🍓3🦄21🤓1👻1
— Досым, неге маған пайдасыз рилс жібере бересің?
— Сені күлдірткім келгені ғой!
— Күлуімді қаласаң, қарызымды қайтаршы.
— Айтқаның болсын, енді рилс жібермеймін…
🤣97😁20132👍2🔥2🤩1🍓1
Біреудің үйі & өмірі

Исламда өзгенің үйіне рұқсатсыз кіруге болмайды. Тіпті көршіңнің ауласына көз тастауыңның өзі — айып. Бұл тек оффлайн емес, онлайн да орындалу керек.

Қарасаңыз, қазір біз мүлде танымайтын адамдардың инстаграмдағы отбасылық өмірін талдап, мәмілелеріне баға беріп қоямыз. Негізі ол жерге мүлде кірмеуіміз керек еді ғой.

Сол үшін өзгенің жеке шекарасына кірме және өзіңнің отбасылық өміріңнің «есігін» жауып жүр.
73👍33🔥62
Сен интроверт емессің.
Сен жай ғана жалқаусың…
👍64🤣33👎14🗿9😁8🤔742🔥1