dapterone
2.59K subscribers
136 photos
2 videos
11 files
49 links
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Download Telegram
«Береке» - араб тіліндегі «барака» етістігінен туындаған сөз. Ол көбінесе түйеге қатысты қолданылады. Яғни түйенің жерге шөгіп, нық орналасып алған үдерісі «барака» деп аталады. Соған сәйкес белгілі бір нәрсеге Құдай тарапынан жақсылықтардың «шөгіп», мықтап орналасуы да «береке» деген атауға ие.

📚 «Береке» кітабы | жуырда
29🔥5👍3🍓1
Кәсіпкерлер үшін маңызды хадис:

«Кім мүміннің дүниелік мұңын шешсе, Алла Тағала оның қиямет күніндегі мұңын шешеді. Кім мұқтаж кісіге жеңілдік жасаса, Алла Тағала оған дүние мен ақыретте жеңілдік жасайды».

Сіз егер өз бизнесіңізге жай ғана табыс табу құралы емес, өзгелердің мұңын шешетін, адамдардың өмірін жеңілдететін құрал ретінде қарасаңыз, онда ниетіңізге сай жоғарыдағы хадистің аясына кіресіз.
27👍4🕊1
Жоғарыдағы хадистің бір нұсқасында «нәффәсә» етістігі келген. Оны біз «шешу» деп аудардық. Бірақ оның тілдік негізіне сүйенсек, ол «тыныс алдыру» деген мағынаны меңзейді. Яғни адам мұңға терең батқаны соншалықты, тіпті тұншығып қалса, онда оның жабылып қалған тыныс жолдарын ашу керек. Бұл - Имам Тыйбидің түсіндірмесі.

«Мүмін» сөзі пасық мұсылманды да қамтиды.

Сондай-ақ хадисте «муғсир» сөзі кездеседі. Біз оны «мұқтаж кісі» деп жалпы аудардық. Ал хадис түсіндірмелеріндегі мағынасы – (мұсылман я кәпір болсын) пақыр адам. Егер ол қандай да бір қарыз алып, оны қайтара алмай жатса, оның қайтару уақытын шегеру арқылы я бір бөлігін немесе толықтай қайтармай-ақ қоюына рұқсат беру арқылы жеңілдік жасау меңзелген.

📚 Мулла Али әл-Қари. Мирқат әл-Мәфәтих.
12👍71🕊1
Мұсылман өзге адамның дүниелік мұңын келесі құралдар арқылы шеше алады:
1) Мал-дүниесімен;
2) Көмек көрсетуімен;
3) Ой айтуымен;
4) Ишарат беруімен.

📚 Ибн әл-Мәләк. Шарх әл-Масабих.
20👌8👍1🕊1
«100 жыл ілім алып, 1000 кітап жинасаң да, оған амал етпей, Алланың мейіріміне даяр болмайсың».

📚 Имам Ғазали. Әйюһә әл-уәләд.
38🕊4🔥2
Ертең бұйырса жаңа телеграм канал ашамын. Жабық арна болады. Ішіне береке тақырыбына қатысты пост, аудиожазба (соның ішінде сауатты достарыммен подкаст) салып тұрамын ин шә Алла.

Өміріңіздің әрбір саласында: уақытта, ілімде, кәсіпте, командада, отбасыда қалай берекеге кенелуге болатыны жайлы ғалымдардың сөздерін, тәжірибеден өткен кейстер мен өмірлік лайфхактарды жариялап тұрамын.

Қазір онға жуық адам арнаға қосылуға өтініш білдірді. Егер сізге де бұл тақырып қызық болса, мына сілтемеге өтіңіз.
👍134🕊2👏1
Жақсы кітаптар оқу — өткен замандардың ең жақсы адамдарымен әңгімелесу деген сөз, онда да әлгі адамдар бізге өзінің тек қана ең жақсы ойларын айтып беретін әңгімелесу.

— Р. Декарт
🔥2416🕊3👍2
«Шай қайнады ма?», «Келіңдер, бауырсақтан алып отырыңдар», «Жұмыс қалай жүріп жатыр?», «Өткендегі көлікті алдың ба?» — міне бұл — сені жерлегеннен 15 минут өткен соң айтылатын сөздер.

Ешкім сенімен бірге қабірге кірмейді. Жаныңда тек сауапты амалдарың ғана қалады. Енді не нәрсеге көбірек мән беру керектігін түсінген боларсың?

📚 «Береке» кітабы [жуырда]
💔459👍8👏4
«Қазақ қыздарының бағы неге жанбайды? Себебі қазақ жігіттері қайрат-жігерсіз болып барады».

— Бейсен Құранбек
47🔥4👍2🤔1🤯1
Соңғы рет Абылай Кенжалы ағамызбен кездескенде кітап жазуға байланысты ақпараттарға ие болдым. Сосын Рауан Жаныспаев бауырыммен кездесіп, шрифтқа қатысты инсайт алдым. Ербол Ахмедов досымнан жабық телеграм жайлы мәлімет жинадым. Ілияс Қадір бауырымнан рилсқа идея алдым.

Бір қызығы — мен бұл кездесулерге арнайы бір пайда алу үшін бармадым. Тек әңгімелесіп, жүздесу ниетімен қауыштым. Дегенмен Алланың берекесімен біршама пайда алып әрі оны амалға асырдым. Сөйтіп бұрынғы «кездесулердің ешбір пайдасы жоқ» деген пікірімнен жырақтай бастадым.

Бәлкім сенің өміріңде шешілмей жүрген мәселеңнің жауабын жаныңда жүрген бауырларың ұсынып қалатын шығар. Сол үшін кездесулерден, әсіресе Алланың есімі аталған берекелі отырыстардан шама жетсе, жалтармау керек.
34👍4
«Береке» кітабы жарыққа шықты!

Бірінші бөлімде уақытты берекелі ету жайлы ғалымдардың сөздері, өмірлік лайфхактар ұсынылған.

Кітап пдф форматта
Құны — 1650 тг.

Kaspi нөмір: 4400 4301 6128 2311
Чекті жіберу: WhatsApp сілтеме
👍158👏2👎1
«Арабқұл!» деп кемсітіп, өзін «жоғары сұрыпты қазақ» санайтын бір көкеміз Абайдың: «Өз адамдығын бұзбай ғана жәліб мәнфағат дәфғы мұзарратларны айырмақлық» деген сөзін оқыпты. Сөйтіп: «Абайды ешкім түсінбегені рас екен ғой» - деп кітапты жауып, өз жөнімен кете барыпты…

📚 «Кітап сияқты кітап»
43😁19👍4🤔2
«Скажите папе что вам нужно и он скажет как вам без этого обойтись».

— Халық даналығы
🤣3515😁7
Бүгін жұма намазынан соң Мадияр Серікбаев ағамызды көріп қалдым. Ол – бірнеше жыл бойы менің видеоларымды көріп, әрдайым қолдап тұратын жандардың бірегейі. Бір қызығы, менің намазды бастап кетуіме себепші болған кісі де — сол Мадияр ағам. YouTube-тан «Өнер қырандары – Не пайда?» деп іздесеңіз, өте әсерлі көріністі табасыз. Сол қойылымнан кейін мен бірден тәубе етіп, «әзірге Аятуль-курси мен Құнұт дұғасын жаттамадым ғой» деген сылтауымды тастап, намазға тұрдым. Бұл — менің жалғыз өзім оқып шыққан алғашқы намазым еді. Көп қорқыныштар, шайтандық айлалар болды, бірақ Алланың көмегімен «намазхан» деген статусқа ие болдым. Міне, содан бері 8 жыл өтті. Уже Аятуль курси мен Құнұт дұғасын жатқа білем деп мақтана алмасаң) Исламтану мамандығында 4 жыл бакалавр, 2 жыл магистратура оқыдым. Осы аралықта жасаған қандай да жақсылықтарым бар болса, сауабы сол кісіге барып тұрады деп үміт етемін! Мен де солай адамдарға Аллаға апарар жолдарды ұсынғым келеді.

📚 «Аллаға апарар жолдар».
44👍7🔥3👏1
«Дәл қазір біз уақыт тұрғысынан құндылықтар алмасып, жақсы мен жаман сапырылысып, ақ пен қара қайшыласып жатқан жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Мұндай аласапыран заманда ұйықтамақ түгілі қалғуға әсте болмайды».

📚«Кемел адам»
28👍6
Марғұлан_Сейсембайдың_топ_5_кітабы.pdf
14.7 MB
Кәсіпкер, қоғам қайраткері — Марғұлан Сейсембай ұсынған 5 пайдалы кітап қандай? [PAIDA MEDIA]
10🔥4👍2
Көшеде кетіп бара жатқанда бірыңғай құлаққапты қолданудың орнына Құдаймен «тілдесіп», ішкі әлеміңмен «подкаст» жасап тұру орасан зор пайда береді. Былайша айтқанда, ішкі дауысымызды есту үшін сыртқы дыбыстардан бас тарта тұру маңызды.

📚 «Береке» кітабы
34🔥9👍4
Жетістікке жетудің ең оңай жолы — «ең оңай жолды» іздеуді доғару.

— Асылжан Алтай
41👍12🔥8💯2
Диплом & диссертация

Осы жылы диссертациялық жұмысымды 92 баллға қорғап шықтым. Аллаға шүкір! Одан бөлек дінтану мен исламтану бойынша өзге 10 дипломдық және диссертациялық жұмыстарды жазуға көмектестім. Нәтижесінде барлығы антиплагиаттан сәтті өтіп шықты. Тек бір диплом ауыр тақырыпта болып, бірнеше мәрте өзгертулер енгізіп, соңында әйтеуір тексерістен жақсы өттік. Біздегі қызметтің ерекшелігі де сол — антиплагиаттан сәтті өткенше көмектесеміз, хабарда боламыз.

Айтқым келгені — мен бұларды көктемнің соңы, яғни диплом қорғауға жақын уақытта жаздым. Соған сәйкес ол сәттерде қызметіміздің құны да жоғары болады.

Дәл қазір мен қыркүйекке дейін бір поток диплом жазуға тапсырыс алып бастадым. Ин шә Алла 50% жеңілдікпен жасап беремін.

Қыркүйектен бастап ол жеңілдік жалғаспайды.

Сұрақтарыңыз болса, мына сілтемеге өтіңіз.
10👍7
Ата-анасынан тығылып темекі бастаған жігіт: «Намазыма үйдегілерім қарсы» – деді.

📚 «Кітап сияқты кітап»
36😢16👍5💯3