dapterone
2.6K subscribers
136 photos
2 videos
11 files
49 links
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Download Telegram
«Өткендерді «ов» болғаны үшін кінәлама. Олар шамасына қарай қолынан келген істі атқарды. Ал сен жария жаһанға «Пәленше ұлы» немесе «Пәленше қызы» деп жазу үшін күш сал».

— Әмзе ҚАЛМЫРЗАҰЛЫ
24👍4🔥4👎1👏1👀1
«Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскенде қайыр жоқ».
——————————
📚
Сайф Сараи
32👀5🔥3👍1
Kitapsõre-де 50-ден астам кітап жиналды. Орта Азия тарихы, маркетинг пен кітапты тиімді оқуды үйрететін сирек кітаптар қосылды.
😍13👍41
Forwarded from Barqytbell
Аударма жасау сөзге басқа тілде балама беру емес, екі тілді бір-бірімен табыстыру.

📕Араб тілі ұстазымыз
👍255🔥4
«Терлеп еңбек етпегеннің тілегеніне жеткенін көргенім жоқ»
— Бауыржан МОМЫШҰЛЫ
18👍12🔥4
Салмақ тастаушы тұлғалардың кеңесі – «жегеніңнен жүргенің көп болсын».
23👍3
Артық салмақтан арылудың тағы бір оңай жолы – күн сайын су ішіп тұру.

Суға еті үйренбеген шәйқұмар қауым 1 литр судың өзін қиын көреді.

Дегенмен 1 литр дегеніміз — 3-ақ стакан су екен. Сонда сіз таңертең үш, кешке үш стакан су ішсеңіз, 2 литр су ішкен боласыз.
26👍5
Үйленгеніне бірнеше ай өткен жігіттер пиджактарының алдын ашып жүреді екен)
😁28🤔8🤣4🗿4🤨1
2022 жылы «Береке» деген кітапты жоспарлап, арнайы канал ашыппын…
👍154🔥2
Forwarded from Beisenali Olzhas (Olzhas Beisenali)
Жел – кемелер қалаған жаққа соқпайды
💔14👍3
Как вас дурит попсовая психология?

• Не все кто вам не нравятся – нарциссы
• Не каждое неприятное событие – травма
• Наличие потребностей не делает вас созависимыми
• Несогласие – это не газлайтинг
• Конфликт – это не абьюз
• Обида – это не триггер
• Хамство – это не отстаивание личных границ

[рилс: religion of supreme]
👍175🔥3
«Қолыңда мәлімет болмай тұрып, болжам жасау — қателік. Адам теорияны фактіге негіздеудің орнына, өзі байқамастан фактілерді теорияға қарай бұрмалайды».

• Шерлок Холмс
21👍7💯1
«Адам болмысымен емес, істеген ісімен құнды».

• Гюстав Флобер
29🔥3
«Покажи мне привычки мужчины, я покажу его будущее».
👍24😭64🔥3💔3💯1🦄1
Студент жылдың басында дипломдық жұмысы ретінде өзіне ұнайтын тақырыпты ұсынады. Кафедра оның «ғылымилығын» мойындамай, өздеріне керек тақырыпты жүктейді. Студент ол тақырыпты түсінбейді, түсінгісі де келмейді. Соған қарамастан әупірімдеп жүріп жазып шығады. Зерттеу жұмыстарына көңілін бөлуге уақыты болмаған ұстазы ақырында студентінің жұмысын тексеріп, «Неге дұрыстап жазбағансың?!», – деп жазғырады. Сонда кім кінәлі?)
23😭10
Соңғы бір жарым айда онға жуық диплом мен диссертацияның жазылуына атсалыстым. Көзімді жұмсам, Word елестейтін болды) Осы уақыт аралығында түсінгенім:

— Қиын тақырып екені көзге көрініп тұрса, алмай-ақ қойған абзал. Тіпті кафедра күшпен міндет қылуға тырысса да, басқа нұсқаларды ұсынып көру керек.
— Егер тақырыпқа сай қазақтың өлең жолдары мен мақал-мәтелдерін көп мөлшерде қолдануға мәжбүр болсаңыз, олардың басым бөлігін қара сөз арқылы мағынауи жазуға тырысыңыз. Өйткені олардың көбісі ғаламтор желісінде толып жүргендіктен антиплагиаттан өтпей қалу қаупі бар.
— Тырнақшаларды көп мөлшерде қолданудан аулақ болу керек. Әйтпесе тағы да антиплагиаттан өте алмай қалуыңыз мүмкін. Зерттеушілердің сөзін төлеу сөз арқылы жеткізсеңіз де болады.
— Дипломдық жұмысты қорғау кезінде аянып қалмай, жақсылап дайындалып, әрбір сынға басыңызды изей бермей, жұмысыңызды ҚОРҒАУҒА мән беріңіз. Тексеріс кезінде профессорлар парақтағы ақпараттан гөрі слайдыңызға көбірек назар аударады. Сол үшін жақсы презентация жасап, сөйлемдеріңізді нықтап, туындауы мүмкін сұрақтарға алдын ала жауап дайындап келіңіз.

Алла істеріңізге береке берсін!
20👍6🔥2
Көп әзілдей берсең, қадірің кетеді. Жиі қалжыңдаудың соңы мылжыңдыққа апарады. Сол үшін арасында мысымызды көрсетіп тұрған жөн. P/S: мысымызды тот басып кетпесін)
39👍9
Игорь Манн іскерлік еңбектің пайдалы болып-болмағанын есептейтін формула ұсынды. Оны өзі «КПЧ» деп қысқа атайды. КПЧ — коэффициент полезности чтения. Оны есептеу үшін кітапта кездескен пайдалы ақпараттар санын кітаптың жалпы бет санына бөлу керек.
Мысалы 200 беттік кітаптың 40 жерін ерекшелеп түртіп қойсаңыз, онда кітаптағы пайдалы ақпарат коэффициенті — 20%. Автордың айтуы бойынша, КПЧ 15%-дан асқан кітаптар сіздің жеке кітапханаңызда қалуға лайық.
27👍2🔥1🕊1
Бес уақыт намаздан соң ешбір дұға етпей, асығып телефонына телміретін жігітке досы: «Мені дұғаңа қосып жүрші», – деп өтінді. Өзге емес, өзі үшін дұға етуге ерінетін ол саспастан: «Әрдайым дұғамдасың, досым!» – деп жауап берді...
💔4315👍6😢6😭5😁2🕊1
Меніңше, өзекті тақырыптардың бірі

Мектепте үлкендердің буллингі бойына жайылған бала өскен соң кегін кішілерден алатын. Сол кезде «неге сен кезінде өзіңе ұнамаған нәрсені қазір басқаларға қолданып жүрсің?» - деп түсінбейтінмін. Кейін сол жігіттер университет оқи бастайды. Сабақ барысында ұстаздардың ғылыми мұрасын емес, көбінесе өзіне қарата айтылған тұрпайы лақаптарын, тиісіп сөйлейтін сөздерін жаттап алады да, соны кейін өз шәкірттеріне қолданатын болады.

Менің ойымша, кез келген тұлғаның жаман емес, жақсы жақтарын алу керек. Сондай-ақ өзіңе ұнамайтын нәрсені өзгелерге қолдануға болмайды.
👍1815
Алланың қалауымен диссертациялық жұмыстарымды бітіріп, сәтті қорғадым. Енді өзімнің сүйікті ісімді жалғастырып, «Береке» кітабын жазып жатырмын. «Алла берекесін берсін!» деп тілеп қойыңыздар)
44👍9🔥5👏2