«Мың жерден тығырыққа тіреліп, дал болып, тәтті деген тіршілігің қанжылым татым отырса да, күресе бер. Бұл — шым-шытырық тіршіліктің ең бір жұғымды сыбағасы»
📝 Ақселеу Сейдімбек 08.06.72
📝 Ақселеу Сейдімбек 08.06.72
👍20❤7
«Кімде-кім өз баласының ғалым болғанын қаласа, ғаріп фиқһ ғалымдарын қонақ етіп, тамақ берсін, оларды құрметтеп сый-сыяпат жасасын. Егер баласы ғалым болмаса, түбінде немересінен ғалым шығады».
— Садидуддин Ширази (Алла рақымына бөлесін)
— Садидуддин Ширази (Алла рақымына бөлесін)
❤38👍5🕊1
Көзіме көрінген қызықты пдф кітаптарды бір телеграм каналға жинақтап жатырмын. Әзірге 20-дан астам еңбек жиналды. Тақырыптары да әртүрлі: Қазақстанның парсы деректеріндегі тарихы, стендап және жалпы әзілдеу формуласы, қазақ салт-дәстүріндегі исламның орны, қазақ тіліндегі өзекті мәселелер. Сондай-ақ арабша-орысша сөздіктер жинағы және әртүрлі саланы 30 секундта түсіндіріп беретін шағын еңбектер сериясы қамтылып тұр (әзірге).
Каналдың аты: Kitapsõre
Каналдың аты: Kitapsõre
🔥15❤10👍4🕊1
«Мен – еркіндіктің құлымын»
– Эрен Йегер
Біртүрлі көрінген бұл сөздің жаны бар және қазіргі заманда өте өзекті. Өйткені біз, әсіре жастар, әрдайым «еркіндікке» ұмтыламыз.
Қалыптасқан қағидаларды бұзып, жоғары буын өкілдерінің сөзін тыңдағымыз келмейді. Қандай да бір ұйымның жүйесіне бағынуды ұнатпаймыз. Жастықтың буымен тек «өзімізді» тыңдағымыз келеді. Сол қылығымызды еркіндікке балаймыз.
Дегенмен біздің жасап жүргеніміз – шынымен де «өзіміздің» таңдауымыз ба, әлде шайтанның арбауындағы нәпсінің бұйрығы ма? Біз шынымен де еркінбіз бе, әлде еркіндіктің құлына айналған құр пендеміз бе?

👍18❤12🕊1👀1
«Өткендерді «ов» болғаны үшін кінәлама. Олар шамасына қарай қолынан келген істі атқарды. Ал сен жария жаһанға «Пәленше ұлы» немесе «Пәленше қызы» деп жазу үшін күш сал».
— Әмзе ҚАЛМЫРЗАҰЛЫ
— Әмзе ҚАЛМЫРЗАҰЛЫ
❤24👍4🔥4👎1👏1👀1
«Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскенде қайыр жоқ».
——————————
📚 Сайф Сараи
——————————
📚 Сайф Сараи
❤32👀5🔥3👍1
Kitapsõre-де 50-ден астам кітап жиналды. Орта Азия тарихы, маркетинг пен кітапты тиімді оқуды үйрететін сирек кітаптар қосылды.
😍13👍4❤1
Forwarded from Barqytbell
Аударма жасау сөзге басқа тілде балама беру емес, екі тілді бір-бірімен табыстыру.
📕Араб тілі ұстазымыз
📕Араб тілі ұстазымыз
👍25❤5🔥4
«Терлеп еңбек етпегеннің тілегеніне жеткенін көргенім жоқ»
— Бауыржан МОМЫШҰЛЫ
— Бауыржан МОМЫШҰЛЫ
❤18👍12🔥4
Артық салмақтан арылудың тағы бір оңай жолы – күн сайын су ішіп тұру.
Суға еті үйренбеген шәйқұмар қауым 1 литр судың өзін қиын көреді.
Дегенмен 1 литр дегеніміз — 3-ақ стакан су екен. Сонда сіз таңертең үш, кешке үш стакан су ішсеңіз, 2 литр су ішкен боласыз.
Суға еті үйренбеген шәйқұмар қауым 1 литр судың өзін қиын көреді.
Дегенмен 1 литр дегеніміз — 3-ақ стакан су екен. Сонда сіз таңертең үш, кешке үш стакан су ішсеңіз, 2 литр су ішкен боласыз.
❤26👍5
Үйленгеніне бірнеше ай өткен жігіттер пиджактарының алдын ашып жүреді екен)
😁28🤔8🤣4🗿4🤨1
Как вас дурит попсовая психология?
• Не все кто вам не нравятся – нарциссы
• Не каждое неприятное событие – травма
• Наличие потребностей не делает вас созависимыми
• Несогласие – это не газлайтинг
• Конфликт – это не абьюз
• Обида – это не триггер
• Хамство – это не отстаивание личных границ
[рилс: religion of supreme]

👍17❤5🔥3
«Қолыңда мәлімет болмай тұрып, болжам жасау — қателік. Адам теорияны фактіге негіздеудің орнына, өзі байқамастан фактілерді теорияға қарай бұрмалайды».
• Шерлок Холмс
• Шерлок Холмс
❤21👍7💯1
Студент жылдың басында дипломдық жұмысы ретінде өзіне ұнайтын тақырыпты ұсынады. Кафедра оның «ғылымилығын» мойындамай, өздеріне керек тақырыпты жүктейді. Студент ол тақырыпты түсінбейді, түсінгісі де келмейді. Соған қарамастан әупірімдеп жүріп жазып шығады. Зерттеу жұмыстарына көңілін бөлуге уақыты болмаған ұстазы ақырында студентінің жұмысын тексеріп, «Неге дұрыстап жазбағансың?!», – деп жазғырады. Сонда кім кінәлі?)
❤23😭10
Соңғы бір жарым айда онға жуық диплом мен диссертацияның жазылуына атсалыстым. Көзімді жұмсам, Word елестейтін болды) Осы уақыт аралығында түсінгенім:
— Қиын тақырып екені көзге көрініп тұрса, алмай-ақ қойған абзал. Тіпті кафедра күшпен міндет қылуға тырысса да, басқа нұсқаларды ұсынып көру керек.
— Егер тақырыпқа сай қазақтың өлең жолдары мен мақал-мәтелдерін көп мөлшерде қолдануға мәжбүр болсаңыз, олардың басым бөлігін қара сөз арқылы мағынауи жазуға тырысыңыз. Өйткені олардың көбісі ғаламтор желісінде толып жүргендіктен антиплагиаттан өтпей қалу қаупі бар.
— Тырнақшаларды көп мөлшерде қолданудан аулақ болу керек. Әйтпесе тағы да антиплагиаттан өте алмай қалуыңыз мүмкін. Зерттеушілердің сөзін төлеу сөз арқылы жеткізсеңіз де болады.
— Дипломдық жұмысты қорғау кезінде аянып қалмай, жақсылап дайындалып, әрбір сынға басыңызды изей бермей, жұмысыңызды ҚОРҒАУҒА мән беріңіз. Тексеріс кезінде профессорлар парақтағы ақпараттан гөрі слайдыңызға көбірек назар аударады. Сол үшін жақсы презентация жасап, сөйлемдеріңізді нықтап, туындауы мүмкін сұрақтарға алдын ала жауап дайындап келіңіз.
Алла істеріңізге береке берсін!

❤20👍6🔥2