dapterone
2.6K subscribers
136 photos
2 videos
11 files
49 links
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Download Telegram
«Мына әдетімді Рамазан айында қалыптастырдым» дейтін ізгі амалдарымыз көп болсын!
59👍4🔥4
«Кішкентай жақсылықтарға көңіл бөлмеудің өзі үлкен бір сыйдан мақұрым қалу жазасына лайықты»

📚 Ербол Ахмедов – «Иманның әлсіреуі» (жуырда)
33👍72
Редактор болудың артықшылығы – кітапты бірінші болып оқисың)
😁36👍15🤓5🗿42
Мен ыстық күйінде оқып шыққан кітап – «Иманның әлсіреуі және оның емі». Авторы – менің досым, қаламгер серігім – Ербол Ахмедов. Ол жерде иманның әлсіреу себептері, көріністері және емдеу жолы баяндалған. Жанында жүрсем де, досымның кітабы маған біраз пайда берді. Ішінен біршама инсайтты мидорбама салып қойдым. Көлемі шағын болғанымен, берері көп кітап. Еңбекті алу үшін мына жазудың үстінен бас.
22👍5
Диплом жазудағы кішігірім кеңестер легі:

1. Сол тақырыпта бұған дейін жазылып қойған отандық, шетелдік мақала & диссертацияларды оқып, ішіндегі ақпараттарды пайдаланған дұрыс;

2. Ғылыми стильде эсседегідей «менің ойымша» деген тіркестер қарастырылмайды. Барынша ырықсыз етістер қолданған жөн: «баяндалады», «зерттеледі»;

3. Отандық еңбектерді пайдалана беріп, антиплагиаттан өту жағы қиындамас үшін көп жағдайда шетелдік кітаптардан ақпарат алып, қазақшаға аудара салған оңай.

4. Сосын сіздің бұл «шедевріңізді» ары кетсе тек ғылыми жетекшіңіз ғана оқиды. Оның өзі еңбегіңізді парақтап өте салуы мүмкін) Сол үшін жобаңызға жаһандық маңыз беріп, шіли перфекционист болудың қажеті жоқ. Кейін оны жеке кітап қылып шығаратын кезде ғана «тым мұқиятшыл» функцияңызды қоссаңыз болады.

5. Уақытыңыз жетпей я көңіл хошыңыз болмай, «Дипломка 2024» деген Word құжатыңызда тек тақырып жазылып тұрса, тез арада диплом жазып беретін саңлақ дипломщиктерге хабарлассаңыз болады)

WhatsApp: 87776177600
13😁9👍3
Мен өзімнің магистрлік диссертация жұмысымды желтоқсанда жазып қойғам. Бірақ 70 бет жеткіліксіз дегенді естіп, 100-ге толтыруды қолға алдым. Кейін 10 күннің ішінде бір ағамның диссертациясын нөлден бастап толық жазып беруге келістім. Ұстазымның тәлімі деп ойлаймын, әйтеуір зерттеу жұмыстары оңай іске асып жатады. Аллаға сансыз шүкір!
23👍7
«Заман аунап барады. Жатыңмен жақыныңдай сөйлессең ғана кеудеңді бастырмассың. Ол үшін оның тілін білген абзал».

– Жәңгір хан
27👍4
Батырды «бәрекелді» өлтіреді
🔥2610👍3💯1
– Намазды бастасам, тастап кетем бе деп қорқамын…
– Сен онсыз да тастап жүрсің ғой. Саған парыз болған бес уақыт намазды күн сайын қаза қылып жүргеніңді білесің бе?
52👍14🔥8
33😁18🎉5🔥4👍2🥰2
Таныстыру | 30.03.2024
мың оқырманның құрметіне

Жандос. 2000 жылғы Күршімнің тумасы, Алматы тұрғынымын. Нұр-Мүбарак & ҚазҰУ студенті, исламтану магистрантымын.

Инста аккаунтымда пайдалы блог жүргізем. Кітап жазам & түзейм. Қаңтардан бері жыр қылып жүрген «Орамал мен қазақ» кітабының авторымын. Одан бөлек 10-ға жуық кітаптың шығуына сәл-пәл дәнекерлік қылғаным бар) Ол кітаптар туралы жеке пост жазармын (бәлкім).

Болашақта бірнеше кітап жазып шығу ойда тұр. Олардың ішінде тегін нұсқалары да, пдф & баспа түрінде сатылымға шығатындары да болады [Алла бұйырса].

Бос уақытымда видеомонтаж жасап, сценарий жазатыным бар. Енді діни ілімді тарату жағын қолға алсам деп жүрмін.

рақмет!
66👍27🦄3🔥2❤‍🔥1👀1💘1
Қызым болғанын қатты қалаймын. Қызығын көріп, лайықты түрде әкелік тәрбие бергім келеді. Бірақ әйеліне қол көтеруді абырой санаған, бала деп бөліп жармай, нәпсілік түймесін ағытқан айуандар тараған мына қоғамда қыз өсіруге қорқады екенсің…
💔70😭1710😢9👍3
Сөздерді дұрыс жазу [2-бөлім]

А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты ұсынған «Орфографиялық сөздік» бойынша кей сөздердің дұрыс жазылу үлгісі:

немқұрайды диалогі
мойынсу бірдеңе
мойынсыну қолма-қол
бойсұну актерлер
педагогтер шейхқа
👍22🤨74😱2
📝 Пишем, пашем…
👌13👍931🕊1🦄1
ҚазҰУ-да оқимын. Биыл магистрлік диссертация қорғауым керек. Тақырыбы – «Ислам дүниетанымындағы көшбасшылық концепциясы». Енді соған байланысты ғылыми мақалалар жазуым керек болды. Сөйтіп Бейбарыс сұлтанның дін ғұламаларымен байланысы туралы мақала жаздым. Бір қызығы – Имам Науауи Бейбарыс сұлтанның замандасы болған еді. Кезінде Бейбарыс қарапайым халықтан салық жинауға көшкенде, осы Имам Науауи тоқтау салған. Дегенмен бұл ісін дөрекі емес, барынша дипломатиялық қарым-қатынасты сақтай отырып жеткізген.
23👍41👏1🕊1
Мақаладан үзінді:

«Алауддин ибн әл-Ғаттар айтады: Имам ән-Нәуәуи аз-Заһир Бейбарысқа хат жазып, халыққа әділ болуын әрі салықты жоюын сұрады. Оны қаржы мәселелеріне жауап беретін әл-Әмир Бәдруддин Білік әл-Хазандар арқылы жіберді. Шейх хатын бисмилләмен бастап, Бәдруддинге ізгі лебіздерін білдірді. Сосын Шам халқына бұл жыл ауыр болғанын айтты. Өйткені құрғақшылық орын алып, бағалар тым өсіп кеткен еді. Осындай қиын жағдайда халыққа мейірімділік таныту керек екенін ескертті. Кейін Бейбарыс сұлтанды тілге тиек етіп, оған да жылы тілектерін білдірді. Осы хатты кешіктірмей сұлтанға жеткізу міндет екенін айтып әрі аманатты орындау ләзім екенін «Шуғара» сүресінің 88-аятымен дәлел қылды. Аталмыш хат жеткенде, сұлтанның намысына тиіп, қаһарлы жауап жазды. О баста хат жазған ғалымдар бұл жолы жабырқап қалды. Соған қарамастан Имам ән-Нәуәуи сұлтанның хатына кері жауап беруді жөн көрді. «Үнсіздік қылу – бізге харам», - деп, Тәубе сүресінің 90-аятын келтірді. Кейін жорыққа арнайы қатысатын әскери адамдарға арнап халықтан ақша сұраудың орнына, ел капиталындағы қаржыны жұмсау керектігін айтты. Дегенмен сөздерін дөрекі жазбады. Керісінше, әдеп сақтай отырып, сұлтанға ізгіліктер тілей отыра жеткізді. Соңында сұлтаннан еш қауіп көрмейтінін айтып, Ғафир сүресінің 39-аятын келтірді».
👍206🕊2
Имам Науауидің Бейбарыс сұлтанға жазған хатын оқып отырып, басшылыққа халықтың мұңын қалай жеткізуге болатынын үйренейік:
1) Сөздің басын бісміллә және салауат айтып бастау. Сол арқылы әдеп сақтау әрі берекеге кенелу;
2) Басшыға алғыс айтып, жақсылықтарын мойындау. Солайша Құдайдың жазғанына шүкір ету;
3) Проблеманы нақты жеткізу және оның зардаптарын түсіндіру;
4) Мәселенің шешімін ұсыну және оны дәлелдеу;
5) Соңында тағы да осындай хатты жазуға мүмкіндік туғанына шүкір етіп, барлық жақсылықты тілеу және мәселенің шешілуіне дұға жасап, Аллаға жалбарыну.
28👍3🔥3🤔1🕊1
Қазір елге танымал тұлғаларға: «Қарапайым халықтың мұңын неге басшылыққа айтпайсыңдар!?» – деп зекіп сөйлейтіндер көп. Олардың көзқарасы бойынша, билікке тіке қарап, барлық минустарын рэп баттлдағыдай тізіп беруің керек. Бұл әдістің тиімділігі қаншалықты күшті екені оларға маңызды емес. Сондай-ақ олай жасайтындардың пейілі шынымен де отансүйгіштік пе, әлде халықтың «бәрекелдісіне» бөлену ме – ол да маңызсыз, тек айтып-айтып тастасаң болды дейді. Дегенмен бастысы – айтып-айтып тастау емес, істеп-істеп тастау ғой) Ал ол үшін ізгі ниет, дипломатиялық қарым-қатынас, эмоцияға берілмейтін салқынқандылық, озық стратегия және тиімді қозғалыс керек.
🔥2310👍2👏2🤝1
Сөздерді дұрыс жазу [3-бөлім]

А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты ұсынған «Орфографиялық сөздік» бойынша кей сөздердің дұрыс жазылу үлгісі:

елді мекен қолжетімді
отбасысы* ақ жаулық
мұжиды егер де
жиі бүкіл


*тәуелдік жалғауы жалғанып тұр
🤨19👍116🤷‍♂2🔥2🤔1🕊1
«Возвысить степь, не унижая горы»
📝 Олжас Сүлейменов
26🔥4👍1
Дисциплина — өз-өзіңді құрметтеудің ең жоғары формасы
👍2612🔥4