dapterone
2.6K subscribers
136 photos
2 videos
11 files
49 links
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Download Telegram
«Алла құлдарын бейбітшілік пен есендік мекені – Жұмаққа шақырады».

Юнус сүресі: 25
28👍6
Ақылдасуда ескерер жайт

Адамдармен кеңескенде өз ақылыңды өшіріп қоймау маңызды. Жұрттың айтқанына жүз пайыз иланып, жеке ұстанымыңды, ішкі инстинктіңді жоғалтып алма. Өзгеге еліктеймін деп Құдай берген дара қасиеттеріңнен құр қалып жүрме. Басқаның жеңіл жүріп өткен жолы саған ауыр тартуы мүмкін. Дегенмен көпті көргендермен ақылдасуда, пікірлесуде көл-көсір пайда бар.
23👍7
Бұл жазба истихара мен истишараның мәнін қате түсініп, еш әрекет қылмастан мәселенің шешімін түгелдей Құдай мен пір пенделерге арта салып, жауапкершіліктен қашып жүрген жандарға арналады. Алладан қандай болжамды белгі келсе де, тақуа тұлғалардан қандай кеңес естісең де, соңында сүрген ғұмырың үшін өзің жауап бересің…
15👍6
Forwarded from Barqytbell
Арасында 30-40 беттік кітапшаларды оқып бітіріп, өз-өзімізге мотивация беріп қоймасақ, бітпей кеткен кітаптарға қарап әбіржіп кететін түріміз бар.

📕Шәкірт ауызынан
👍21🤣93😁3
Келінчек – ақша сұрай беретін келіншек
😁22💅13🤪63🤣3🗿3👎2
«Егер пенде жұртты жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйып, ақиқатты жүзеге асырып, дінді қадірлі ету үшін ғана мансап қажетсінсе және мұнысына өзінің дүниелік бақай есебі мен нәпсісі араласпаса, жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю шамасынша рұқсат етіледі».

📚 Тәлімгер тағылымы
19👍4😱1
Forwarded from Beisenali Olzhas (Olzhas Beisenali)
Mubarak 30 kun x Beisenali Olzhas (2).pdf
1.1 MB
Сіздерге Рамазан айының құрметіне өзімнің "Мүбәрәк 30 күн" атты кітапшамды ұсынамын

Бұл кітапшада биылғы Рамазан айына сәйкестіріліп, әр күнге арнайы жазылған бір Құран аятымен оның кішігірім тәпсірін, бір хадис пен оның түсіндірмесін, бір сүннет амал мен бір фиқһ мәселесін және де күнделікті бір пайдалы тапсырма жазылған.

Кітапты тегін таратуға рұқсат
👍105🥰1
📚 «Oramal men Qazaq»

Рамазан айында менен де бір сыйлық болсын)

Алғашқы еңбегіміздің толық пдф нұсқасын осы арнамызға тегін жариялауды жөн көрдік.

Алла пайдалы етсін!
👏4919🥰12😍8🎉6🔥3👍1🕊1
Oramal_men_Qazaq_–_Zhandoss_Kabiden_2024_Толық_нұсқа.pdf
174.2 MB
90😍21❤‍🔥8👏6🔥3🥰3🕊3👍21🤩1🆒1
Forwarded from твоя душевная ухтишка🪄
вы не лицемерите, если вдруг становитесь более религиозным во время Рамадана.
мы все стараемся приблизиться к Аллаху, а в этот месяц - еще больше.
поэтому и не называйте кого-то лицемером, если он вдруг стал более соблюдающим в Рамадан.
возможно, это начало приближения к Аллаху.
👍3720
«Мына әдетімді Рамазан айында қалыптастырдым» дейтін ізгі амалдарымыз көп болсын!
59👍4🔥4
«Кішкентай жақсылықтарға көңіл бөлмеудің өзі үлкен бір сыйдан мақұрым қалу жазасына лайықты»

📚 Ербол Ахмедов – «Иманның әлсіреуі» (жуырда)
33👍72
Редактор болудың артықшылығы – кітапты бірінші болып оқисың)
😁36👍15🤓5🗿42
Мен ыстық күйінде оқып шыққан кітап – «Иманның әлсіреуі және оның емі». Авторы – менің досым, қаламгер серігім – Ербол Ахмедов. Ол жерде иманның әлсіреу себептері, көріністері және емдеу жолы баяндалған. Жанында жүрсем де, досымның кітабы маған біраз пайда берді. Ішінен біршама инсайтты мидорбама салып қойдым. Көлемі шағын болғанымен, берері көп кітап. Еңбекті алу үшін мына жазудың үстінен бас.
22👍5
Диплом жазудағы кішігірім кеңестер легі:

1. Сол тақырыпта бұған дейін жазылып қойған отандық, шетелдік мақала & диссертацияларды оқып, ішіндегі ақпараттарды пайдаланған дұрыс;

2. Ғылыми стильде эсседегідей «менің ойымша» деген тіркестер қарастырылмайды. Барынша ырықсыз етістер қолданған жөн: «баяндалады», «зерттеледі»;

3. Отандық еңбектерді пайдалана беріп, антиплагиаттан өту жағы қиындамас үшін көп жағдайда шетелдік кітаптардан ақпарат алып, қазақшаға аудара салған оңай.

4. Сосын сіздің бұл «шедевріңізді» ары кетсе тек ғылыми жетекшіңіз ғана оқиды. Оның өзі еңбегіңізді парақтап өте салуы мүмкін) Сол үшін жобаңызға жаһандық маңыз беріп, шіли перфекционист болудың қажеті жоқ. Кейін оны жеке кітап қылып шығаратын кезде ғана «тым мұқиятшыл» функцияңызды қоссаңыз болады.

5. Уақытыңыз жетпей я көңіл хошыңыз болмай, «Дипломка 2024» деген Word құжатыңызда тек тақырып жазылып тұрса, тез арада диплом жазып беретін саңлақ дипломщиктерге хабарлассаңыз болады)

WhatsApp: 87776177600
13😁9👍3
Мен өзімнің магистрлік диссертация жұмысымды желтоқсанда жазып қойғам. Бірақ 70 бет жеткіліксіз дегенді естіп, 100-ге толтыруды қолға алдым. Кейін 10 күннің ішінде бір ағамның диссертациясын нөлден бастап толық жазып беруге келістім. Ұстазымның тәлімі деп ойлаймын, әйтеуір зерттеу жұмыстары оңай іске асып жатады. Аллаға сансыз шүкір!
23👍7
«Заман аунап барады. Жатыңмен жақыныңдай сөйлессең ғана кеудеңді бастырмассың. Ол үшін оның тілін білген абзал».

– Жәңгір хан
27👍4
Батырды «бәрекелді» өлтіреді
🔥2610👍3💯1
– Намазды бастасам, тастап кетем бе деп қорқамын…
– Сен онсыз да тастап жүрсің ғой. Саған парыз болған бес уақыт намазды күн сайын қаза қылып жүргеніңді білесің бе?
52👍14🔥8
33😁18🎉5🔥4👍2🥰2
Таныстыру | 30.03.2024
мың оқырманның құрметіне

Жандос. 2000 жылғы Күршімнің тумасы, Алматы тұрғынымын. Нұр-Мүбарак & ҚазҰУ студенті, исламтану магистрантымын.

Инста аккаунтымда пайдалы блог жүргізем. Кітап жазам & түзейм. Қаңтардан бері жыр қылып жүрген «Орамал мен қазақ» кітабының авторымын. Одан бөлек 10-ға жуық кітаптың шығуына сәл-пәл дәнекерлік қылғаным бар) Ол кітаптар туралы жеке пост жазармын (бәлкім).

Болашақта бірнеше кітап жазып шығу ойда тұр. Олардың ішінде тегін нұсқалары да, пдф & баспа түрінде сатылымға шығатындары да болады [Алла бұйырса].

Бос уақытымда видеомонтаж жасап, сценарий жазатыным бар. Енді діни ілімді тарату жағын қолға алсам деп жүрмін.

рақмет!
66👍27🦄3🔥2❤‍🔥1👀1💘1