dapterone
2.6K subscribers
136 photos
2 videos
11 files
49 links
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Download Telegram
Бай болғанда садақа берем деме. Сен садақа бер, сосын баийсың.

Күнәдән арылғанда намаз оқимын деме. Сен намаз оқы, сосын күнәдән арыласың.

Аяққа тұрып алғанда үйленем деме. Сен үйленесің, одан кейін барып аяққа тұрасың.
👍143
«Орамал мен қазақ» кітабы А4 форматтың өзінде 100 бет болып тұр. А5 пдф форматында 200-бетке де жетуі мүмкін. Бәлкім кей тақырыптарын алып тастармын. Бірақ бәрі де өзекті мәселелер деп ойлаймын.
🔥196❤‍🔥2
Oramal men Qazaq – 2024 demo.pdf
5.3 MB
Бұл – кітаптың өзгелерге таратуға болатын демо бөлігі. Алланың қалауымен толық нұсқасы бүгін сатылымға шығады.
👍14😍7🔥3👏3🤔1🎉1
«ОРАМАЛ МЕН ҚАЗАҚ» КІТАБЫ (pdf)

– «Хиджаб Құранда айтылмаған» деген сөз рас па?
– «Кимешекті тек қарт кісілер ғана киген. Жастар шаштарын ашып жүрген» деген сөз ақиқат па?
– Ата-анам, оқу орным хиджабыма қарсы келсе, не істеймін?

Кітапта 22 хиджаб тағып бастаған әпке-қарындастардың оқиғасы келтірілді.

Құны: 2500 тг
Kaspi: 4400 4301 6128 2311
87776177600 Жандос Қ

Төлем жасаған соң, 87776177600 WhatsApp нөміріне реквизит жіберу керек. Кітапты сол жерде береміз.
👍196😍63🔥3👎1👏1
👍12💯1
Кітабымыздың оқырманға жол тартқанына бүгін үшінші күн.

Кей жігіттер бұны өздерінің хиджабқа қызығып жүрген жақындарына алып берді. Кейбірі ішіндегі оқиғалардан әсер алып, «жылап алдық» деп пікір білдірді.

Бұл – тек инстаграмдағы бір ғана жарнама посттың нәтижесі. Негізі бұл тақырыпқа арнайы парақша ашқанбыз. Телеграмнан да сондай канал ашамын деп отырмын. Ішіне хиджабқа байланысты лайфхактар, жеке кейстер беріледі.
🔥9🆒52👍2
Кейбірі «кітап оқуға уақытым жоқ» деп айтуы мүмкін. Сондықтан кітапты аудио форматта жазып шығу ойда бар.
👍166🆒6🔥4😍3👨‍💻1
Кітабымызды бірге сатайық деп ұсыныс білдірген жандар табылды. Бір жағынан кітаптың таралуына үлес қосса, екінші жағынан өзінің еңбекақысын алып отырады. Әзірге Ерболат Қынабай +7 775 739 13 70 бауырыммен серіктестік бастап кеттік. Сәттілік.
8👍5
Аудио формат түрі іске қосылды)
🔥9👍4
– О дүниеге біреу барып келіп пе?
– Пайғамбар барып келген.
– Ал мен өз көзіммен көрмеген нәрсеге сенбеймін… Оның үстіне қазіргі молдалардың өзі күнә жасайды.
– Оны қайдан білдіңіз?
– Адамдардан естідім.
– Сіз өз көзіңізбен көрмеген нәрсеге сенбеуші едіңіз ғой?
32👍16💯6🔥4
«Принциптерді айту оңай, ұстану қиын».
– Уинстон Черчилль
👍264🔥1
– Қоғамда неге адал неке азайып, зина жасау көбейді?
– Өйткені қазір зина жасауға апарар жолдар қолжетімді және арзан. Ал ақ некеге апарар жолдар қаржылай қиын әрі күрделі. Бірақ ол қиындықты адамдар өздері қолдан құрастырған.
👍398🔥2
Діни блог һәм продюсерлік орталық

Елімізде сапалы видеоконтент ұсынатын діндар блогерлер, мемлекеттік қызметтен тыс жас ұстаздар мен қарымды қаламгерлер қарасы көбейді. Құдайға шүкір дейміз. Дегенмен оларға жүйелі түрде жағдай жасап беретін «продюсерлік орталықтар» аса қажет деп ойлаймын.

Дұрыс идеология тарататын инфлюэнсерлер шынымен де көп. Бірақ олардың басым бөлігі күнкөріс қамымен басқа істерге көңіл бөлуге мұқтаж болып отыр. Сол үшін ең болмағанда ай сайын тұрақты түрде минималды жалақы беріп отыратын продюсерлер керек-ақ.

Ол үшін продюсер адал кәсіппен айналысушы тұлғалармен келісе отырып, тауарларына жарнама жасау, қызметкерлеріне діни консультация беру опциясын қарастыру керек. Өзара діни контент жүргізетін коммъюнити құруға да тырысу қажет. Белгілі бір уақытта бәрінің басын қосып, семинарлар өткізу, танымдық ақпараттар беріп отыру деген секілді істерді неге жасамасқа? Соны жасау керек…
👍162🔥2👏2
«Проблема в том что мир не даст мне вечно оставаться ребенком. Так что я не могу просто лежать и плакать»

— Шикамару Нара
19👍5🌚2
Ербол Ахмедов деген досым бар. Инстаграмда Galymdar.kz деген парақшаны жүргізеді. Бүгін «Жұмыс пен Құран» атты кітап шығарды. Оқыдым. Өйткені редакторлық және дизайнерлік жұмыстарын өзіміз жасаған едік. Кітаптағы басты ой: «шынайы ниеттенген адам жұмыста жүріп те Құран жаттай алады». Кітапта осыған қатысты бірнеше оқиға келтірілген.

Дәл қазір бұл кітап 1500 теңгеге сатылып жатыр. Кітапты алу үшін https://t.me/akhmedovyerbol арнасына тіркеліңіздер.
17👍5🔥1
Ішімдіктің көмегінсіз шынайы көңіл көтере алмайтын адамдарды аяймын.
18👍76👏4
Алланы еске алмайтын бос сөздерді азайтыңдар. Себебі, Алла еске алынбаған, зікір етілмеген бос сөз жүректі қатайтады. Әрі адамдардың арасында Алладан ең алысы — жүрегі қатты адам.

Сахаба Абдулла ибн Омар رضي الله عنه
32👍6🔥2
– Намазхан жігіт жолықса екен деп тілеп жүрмін.
– Онда кездесуге барғанда шалбарына қара. Егер тізесі шығып кеткен болса, онда намаз оқиды деген сөз.

Дәл сол кездесуге жаңа шалбар сатып алып барған Ерлан:
🤦🏻‍♂️
🤣100😁136🗿3👍1🤪1
Үндістер өздерінің кім екенін білген сияқты: әлемді «жаулап» алды.
😁23🤣17👍4
Пайдалы телеграм арналар:

1. Истории | Ислам
Ислам тарихында орын алған хикметті оқиғалар. Дереккөзі қоса жазылады:
https://t.me/Islam_istorii

2. Абылай Кенжалы
Қысқа-нұсқа әрі керек насихаттар. Электронды діни кітаптар:
https://t.me/abylaikenzhaly

3. По ходу разберёмся
Маркетингке байланысты мақалалар, лайфхактар. Өздерінің жеке эмодзилері бар:
https://t.me/pohodu_media

Тізім әлі де өз жалғасын табады.
11👍5