dapterone
2.6K subscribers
136 photos
2 videos
11 files
49 links
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Download Telegram
«Орамал мен қазақ» атты тырнақалды туындымыз жарық көреді деп айтқан болатынбыз.

Соған қатысты әпке-қарындастарымыздың хиджаб тағу оқиғаларын оқып жүрмін.

Шынымды айтайын…

Өте қатігез жағдайларға тап болған нәзік жандылардың бастан кешкендерін естіп, қатты қысылдым. Олар көрген тағдыр тауқыметтерінің біріне болсын шыдар ма едім деп ойланып қалдым.

#орамалменқазақ #алғашқыкітап
11💔8👍1
Нәпсіңнің тас-талқанын шығаратын ақпаратқа тап болғаныңда дәлелін іздеп кетіп, майдай жағатын мәліметке жолыққаныңда қайнар көзінсіз иман ете салуың – екіжүзділік емес пе екен?
😢244👏3🔥1🕊1💯1💔1
Имам Ғазалидің кітабын оқып отырып, араб тілін білетініме шүкір еттім.

Алла нұрлы ғалымды рақымына алғай!
32
Forwarded from Beisenali Olzhas (Olzhas Beisenali)
Краудфандинг!

Естеріңізде болса, осыдан бір жыл "Қазақ тілінде топ 60 кітап" атты чек-лист шығарғанмын. Ол чек-лист көптеген оқырмандардың көңілінен шыққан еді.

Биыл жаңадан көптеген кітаптар басылған күйде және электрондық нұсқада шыққандықтан, чек-листті жаңартып "Қазақ тілінде топ 100 діни кітап" атты чек-лист дайындадым.

Осы жолы бұл чек-листті сіздердің қолдауларыңызбен шығарамын деп отырмын. Сол үшін бір күндік "краудфандинг" ұйымдастырып жатырмын

Краудфандинг ойдағыдай өтсе, бір күннен кейін сіздерге чек-листті тегін жіберемін. Ал қолдап жіберіңіздер

+7 707 154 0549

Қолдап жіберетіндер реакциядан тастап жіберіңіздер ❤️
👍1
Қосымша мақсұт пайда болды: келесі жинаққа біздің «Орамал мен қазақ» еңбегіміз енетіндей сапалы қылып шығару керек

#орамалменқазақ #алғашқыкітап
👍11
Forwarded from Beisenali Olzhas (Olzhas Beisenali)
qazaqsha 100 kitap x Olzhas Beisenali.pdf
218.9 KB
Бисмиллә, баршаңызға пайдалы болсын
9
Қалай емтиханнан жоғары балл алам?

Жазбаша емтиханда қойылған сұраққа тікелей қысқа-нұсқа жауап беру – тактикалық қателік. Өйткені жүйе сіздің жауабыңыздың нақтылығына емес, ұзақтығына қарап бағалайды.

Мысалы, сізге «Тахауи ақидасына жазылған түсіндірме кітаптар» деген сұрақ келді.

Сіз ондайдың екі-ақ түрін білесіз делік. Енді сол екі кітаптың атын ғана жаза салсаңыз, ұстаз сізге төмен баға қоюы мүмкін. Өйткені универ жүйесі сізге жауап жазуға 6 бет берді!

Сол үшін жоғарыдағы сұраққа жауап беруде мына ақпараттарды келтірген дұрыс:

1) Имам Тахауидің ғұмырнамасын баяндайсыз. Ұстаздары мен шәкірттерін, еңбектерін жазасыз.

2) Сол еңбектердің ішінде «Тахауи ақидасы» кітабы жайлы, оның басқа кітаптардан ерекшелігі туралы сөз қозғайсыз.

3) Кейін сол кітаптың сіз білетін екі шархын келтіресіз. Олардың авторлары туралы жеке-жеке ақпарат бересіз.

4) Сосын екі шархтың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын келтіресіз. Олар туралы өзге ғалымдар не деген екен – соған мән беріп көріңіз.

5) Біздің оқу жүйемізге екі шархтың қайсысы тиімді екенін тезис түрінде дәлелдеп жазсаңыз болады.

* Құр сөйлемдерді қолдана бермей, әртүрлі кесте, диаграмма пайдалансаңыз нұр үстіне нұр.
👍213
Орамал мен хайп

Мен үшін орамал мәселесі – оқырман жинауға бағытталған құрал емес. Бұл жайлы кітап жазуда «қыздардың назарына ілігейін» деген нәпсілік мақсатым да жоқ.

Бұдан 3-4 жыл бұрын «әр адам өз күшіне сай еліндегі бір проблеманы шешуі керек» деген ақпаратқа тап болғам. Содан ойлана келе, орамал мәселесін әртүрлі жолмен шешуді мақсат тұттым. Қазір діни мәтіндерді түсіну, тарихи кітаптарды саралау, сторителлинг стилін қолдану, мәселенің шешімін хикметпен ұсынып көру қолымнан келетінін түсіндім. Сөйтіп, «Орамал мен қазақ» кітабын жазуға кірістім.

Болашақта бұл мәселені басқа да бағыттармен қозғау ойымда бар. Қысқаша айтқанда, бұл – бір рет әу деп, тастап кете салатын тақырып емес. Алла күш-қуаттан айырмасын!

Сіз де өз күшіңізге сай бір мәселені шешуге, үлес қосуға тырыссаңыз игі!
👍183🔥3
«Человек, который хочет руководить оркестром, должен повернуться спиной к толпе».
10👍5💯1
Осы күнге дейін «өзгерем!» деп шегеріп жүрген уақытыңа әдемі дата:

01.01.2024 – Дүйсенбі

Енді бұдан кейін де сылтауға көшсең, білмейм енді…
22👍2💯21
Сүйдіргі – жүйкеңді жұқартса да, жақсы көретін адамың.
13🤣8😁6
Телеграмда жеке арналарым көп. Тіпті арнайы «Автор» деген папка ашқам. Оның ішінде болашаққа жоспарлаған кітаптарым бар.

Мысалы «Орамал мен қазақ» кітабына қатысты группаны 2022 жылдың 3-қарашасында ашыппын. Сөйтіп тақырыпқа сай мәліметке тап болсам, әлгі группаға жөнелтіп отырдым. Қазір кітап жазуда сол мәліметтерді пайдаланып жүрмін.

Әзірге 12 кітаптың атауы мен жазылу бағытын дайындап қойыппын.
🔥22👏3
Кітаптың естісі бар, есері бар

Әр оқыған кітабыңнан жаңа ақпарат алуың міндет емес. Кей кітап тізесі шыққан мәліметті ерекше формада жеткізіп, іс-әрекетке көшуіңе әсер етеді. Кей кітап сені тәфәккүрге жетелейді. Кейбірі креативіңді шыңдайды.

Дегенмен кітаптың зиянды тұстары да бар. Өйткені кітап — видео секілді ақпарат қабылдаудың құралы ғана. Кей маглдар кітаптың маңыздылығын тым әсірелеп, барлық жанрда жазылған еңбектерді оқуға шақырады. Жоқ, кітаптардың зорлық-зомбылыққа шақыратын, ұятсыз істерге итермелейтін, түпкі мораліңді жоятын түрлері де бар.

Сол үшін өмірде мамандық пен адал жардан бөлек кітап таңдауда да қателеспеу қажет)
15🔥3💯3💅1
Бай болғанда садақа берем деме. Сен садақа бер, сосын баийсың.

Күнәдән арылғанда намаз оқимын деме. Сен намаз оқы, сосын күнәдән арыласың.

Аяққа тұрып алғанда үйленем деме. Сен үйленесің, одан кейін барып аяққа тұрасың.
👍143
«Орамал мен қазақ» кітабы А4 форматтың өзінде 100 бет болып тұр. А5 пдф форматында 200-бетке де жетуі мүмкін. Бәлкім кей тақырыптарын алып тастармын. Бірақ бәрі де өзекті мәселелер деп ойлаймын.
🔥196❤‍🔥2
Oramal men Qazaq – 2024 demo.pdf
5.3 MB
Бұл – кітаптың өзгелерге таратуға болатын демо бөлігі. Алланың қалауымен толық нұсқасы бүгін сатылымға шығады.
👍14😍7🔥3👏3🤔1🎉1
«ОРАМАЛ МЕН ҚАЗАҚ» КІТАБЫ (pdf)

– «Хиджаб Құранда айтылмаған» деген сөз рас па?
– «Кимешекті тек қарт кісілер ғана киген. Жастар шаштарын ашып жүрген» деген сөз ақиқат па?
– Ата-анам, оқу орным хиджабыма қарсы келсе, не істеймін?

Кітапта 22 хиджаб тағып бастаған әпке-қарындастардың оқиғасы келтірілді.

Құны: 2500 тг
Kaspi: 4400 4301 6128 2311
87776177600 Жандос Қ

Төлем жасаған соң, 87776177600 WhatsApp нөміріне реквизит жіберу керек. Кітапты сол жерде береміз.
👍196😍63🔥3👎1👏1
👍12💯1
Кітабымыздың оқырманға жол тартқанына бүгін үшінші күн.

Кей жігіттер бұны өздерінің хиджабқа қызығып жүрген жақындарына алып берді. Кейбірі ішіндегі оқиғалардан әсер алып, «жылап алдық» деп пікір білдірді.

Бұл – тек инстаграмдағы бір ғана жарнама посттың нәтижесі. Негізі бұл тақырыпқа арнайы парақша ашқанбыз. Телеграмнан да сондай канал ашамын деп отырмын. Ішіне хиджабқа байланысты лайфхактар, жеке кейстер беріледі.
🔥9🆒52👍2
Кейбірі «кітап оқуға уақытым жоқ» деп айтуы мүмкін. Сондықтан кітапты аудио форматта жазып шығу ойда бар.
👍166🆒6🔥4😍3👨‍💻1