dapterone
2.6K subscribers
136 photos
2 videos
11 files
49 links
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Download Telegram
Амал дәптеріңде “осы уақытта оқып отырды, жазды, зерттеді, ізденді” деген сөздердің көп болуы неткен ғанибет.
🔥8
Audio
1
Бұл еңбекте:

• Күн сайын 500 бет кітап оқыған Чубак ажы;
• Құран Кәрімді анасымен жаттаған Мухаммад Суккар;
• Таразда дүниеге келіп, Ауғанстан мен Мысырға танымал ғалым болған Насрулла ат-Тарази;
• Құранды қазақ тіліне аударған Халифа Алтай және өзге де дін ғұламалары туралы қызықты ақпараттар бар.

Деректерді https://t.me/galymdarkz ұжымы жинап, пдф кітап ретінде біз құрастырдық.

Егер сіз де өз кітабыңыздың пдф ретінде өңделіп шығуын қаласаңыз, 87776177600 WhatsApp нөміріне жазыңыз.
👍5
Имам ибн Сирин (Алла оны мейіріміне бөлесін) былай дейді:

«Бауырыңа қылған ең үлкен зұлымдық – оны тек жаман қасиеттерімен еске алып, жақсы қасиеттерін еске алмауың».

[Китәб әз-Зуһд 456📚]
9
Бұл - менің алғашқы авторлық кітабым. Бұйырса 2024 жылдың басында шығу керек. Әлі де жазылып жатыр.

Осы тұста сіздерден көмек керек: жақындарыңыздың орамал тағу оқиғасын [рұқсат сұрай отыра] 87776177600 уатсап нөміріне жіберсеңіздер.

Ішінен іріктеп, кітабымызға енгізу ойда бар.

#орамалменқазақ #алғашқыкітап
14
Audio
1
Қолыңда бар заттарды пайдалана алу хақында

Видео түсіру үшін қымбат камера мен сәулелі софтбоксты күтіп, дарыныңды болашақтың еншісіне қалдыра бергенше, байқалмай жатқан мини мүмкіндіктерді пайдалануың өзіңе жақсы.

Мысалы, мен жарық ретінде қарапайым терезені қолданамын. Видеоны телефонға түсіремін. Дауысымды бюджеттік Fifine микрофонына жазамын. Видеоны CapCut арқылы тегін өңдеймін.

Бұл әуесқой түсірілімнің де өзіндік кайфы бар. Байқауымша, кейде кәсіби емес форматтағы бейненің өзін халық хош көріп жатады. Бастысы өз көңіліңнен шықса болды.
👍152🔥2
«Лучший способ предсказать будущее - это создать его».

— Питер Друкер
13
«Жұрт не ойлайды?» деген нәпсілік менталитетке салынбай, қоғамға өзіңнің діни құндылықтарыңды қымсынбай паш етуің - нағыз еркіндіктің нышаны.

Тәуелсіздік тұғырлы болсын!
17
«Орамал мен қазақ» атты тырнақалды туындымыз жарық көреді деп айтқан болатынбыз.

Соған қатысты әпке-қарындастарымыздың хиджаб тағу оқиғаларын оқып жүрмін.

Шынымды айтайын…

Өте қатігез жағдайларға тап болған нәзік жандылардың бастан кешкендерін естіп, қатты қысылдым. Олар көрген тағдыр тауқыметтерінің біріне болсын шыдар ма едім деп ойланып қалдым.

#орамалменқазақ #алғашқыкітап
11💔8👍1
Нәпсіңнің тас-талқанын шығаратын ақпаратқа тап болғаныңда дәлелін іздеп кетіп, майдай жағатын мәліметке жолыққаныңда қайнар көзінсіз иман ете салуың – екіжүзділік емес пе екен?
😢244👏3🔥1🕊1💯1💔1
Имам Ғазалидің кітабын оқып отырып, араб тілін білетініме шүкір еттім.

Алла нұрлы ғалымды рақымына алғай!
32
Forwarded from Beisenali Olzhas (Olzhas Beisenali)
Краудфандинг!

Естеріңізде болса, осыдан бір жыл "Қазақ тілінде топ 60 кітап" атты чек-лист шығарғанмын. Ол чек-лист көптеген оқырмандардың көңілінен шыққан еді.

Биыл жаңадан көптеген кітаптар басылған күйде және электрондық нұсқада шыққандықтан, чек-листті жаңартып "Қазақ тілінде топ 100 діни кітап" атты чек-лист дайындадым.

Осы жолы бұл чек-листті сіздердің қолдауларыңызбен шығарамын деп отырмын. Сол үшін бір күндік "краудфандинг" ұйымдастырып жатырмын

Краудфандинг ойдағыдай өтсе, бір күннен кейін сіздерге чек-листті тегін жіберемін. Ал қолдап жіберіңіздер

+7 707 154 0549

Қолдап жіберетіндер реакциядан тастап жіберіңіздер ❤️
👍1
Қосымша мақсұт пайда болды: келесі жинаққа біздің «Орамал мен қазақ» еңбегіміз енетіндей сапалы қылып шығару керек

#орамалменқазақ #алғашқыкітап
👍11
Forwarded from Beisenali Olzhas (Olzhas Beisenali)
qazaqsha 100 kitap x Olzhas Beisenali.pdf
218.9 KB
Бисмиллә, баршаңызға пайдалы болсын
9
Қалай емтиханнан жоғары балл алам?

Жазбаша емтиханда қойылған сұраққа тікелей қысқа-нұсқа жауап беру – тактикалық қателік. Өйткені жүйе сіздің жауабыңыздың нақтылығына емес, ұзақтығына қарап бағалайды.

Мысалы, сізге «Тахауи ақидасына жазылған түсіндірме кітаптар» деген сұрақ келді.

Сіз ондайдың екі-ақ түрін білесіз делік. Енді сол екі кітаптың атын ғана жаза салсаңыз, ұстаз сізге төмен баға қоюы мүмкін. Өйткені универ жүйесі сізге жауап жазуға 6 бет берді!

Сол үшін жоғарыдағы сұраққа жауап беруде мына ақпараттарды келтірген дұрыс:

1) Имам Тахауидің ғұмырнамасын баяндайсыз. Ұстаздары мен шәкірттерін, еңбектерін жазасыз.

2) Сол еңбектердің ішінде «Тахауи ақидасы» кітабы жайлы, оның басқа кітаптардан ерекшелігі туралы сөз қозғайсыз.

3) Кейін сол кітаптың сіз білетін екі шархын келтіресіз. Олардың авторлары туралы жеке-жеке ақпарат бересіз.

4) Сосын екі шархтың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын келтіресіз. Олар туралы өзге ғалымдар не деген екен – соған мән беріп көріңіз.

5) Біздің оқу жүйемізге екі шархтың қайсысы тиімді екенін тезис түрінде дәлелдеп жазсаңыз болады.

* Құр сөйлемдерді қолдана бермей, әртүрлі кесте, диаграмма пайдалансаңыз нұр үстіне нұр.
👍213
Орамал мен хайп

Мен үшін орамал мәселесі – оқырман жинауға бағытталған құрал емес. Бұл жайлы кітап жазуда «қыздардың назарына ілігейін» деген нәпсілік мақсатым да жоқ.

Бұдан 3-4 жыл бұрын «әр адам өз күшіне сай еліндегі бір проблеманы шешуі керек» деген ақпаратқа тап болғам. Содан ойлана келе, орамал мәселесін әртүрлі жолмен шешуді мақсат тұттым. Қазір діни мәтіндерді түсіну, тарихи кітаптарды саралау, сторителлинг стилін қолдану, мәселенің шешімін хикметпен ұсынып көру қолымнан келетінін түсіндім. Сөйтіп, «Орамал мен қазақ» кітабын жазуға кірістім.

Болашақта бұл мәселені басқа да бағыттармен қозғау ойымда бар. Қысқаша айтқанда, бұл – бір рет әу деп, тастап кете салатын тақырып емес. Алла күш-қуаттан айырмасын!

Сіз де өз күшіңізге сай бір мәселені шешуге, үлес қосуға тырыссаңыз игі!
👍183🔥3
«Человек, который хочет руководить оркестром, должен повернуться спиной к толпе».
10👍5💯1