dapterone
2.6K subscribers
136 photos
2 videos
11 files
49 links
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Download Telegram
Дәріс барысында қандай да бір мәселе түсініксіз болып көрінсе, бірден ұстаздан сұрай жөнелу шәкірттің жеке дамуына кедергі келтіретін секілді.

Сол үшін шәкірт бірінші сол мәселе туралы өзі ізденіс жүргізіп көру керек.

Егер еш нәтиже шықпаған жағдайда я шыққан нәтижені тексеру үшін ғана ұстазға жүгіну дұрыс болмақ.
👍10🔥3
Ризықтың үлкен бір түрі – сені көрген адамдардың жүректері саған қарай бұрылып тұруы.

©️Мустафа Махмұт
👍17
Қадірлі болам десең қарындасқа,
Дуа жоқ бас айналар мұнан басқа.
Сүйкімді біткен жұртқа болам десең,
Ешкімнен дүние сұрап аузыңды ашпа.

– Мәшһүр Жүсіп
Алла рақымына бөлесін!
9
«Тәрбиеден мақсұт — баланы тәрбиешінің дәл ѳзіндей қылып шығару емес. Келешек ѳз заманына лайық қылып шығару ғой.

«Балаңды ѳзімдей бол деп үйретпе, ѳзімдей болма деп үйрет!» деген Әзірет Әлінің сѳзінде кѳп шындық бар».

– Мағжан Жұмабаев. «Педагогика».
9💯2
— Соңғы кездері сағат үште оянып кетіп жүрмін.
— Керемет қой! Демек, Алла саған тәһәжжүд оқуға мүмкіндік беріп жатыр.
— Жоқ, түскі үште…
🤦🏻‍♂️🤦🏻‍♂️🤦🏻‍♂️
🤣23😁2😢2
Мемнің өзекті түрі:
«Мақтанғаным емес, бірақ кола ішіп жүрген жоқпын».
👍91🕊1
«Көңілі Қағба болғанның сөзі Зәмзәм болады».
👏92👍2
— Мені адамдар тек өз пайдасы үшін ғана іздейді…
— Қайта біреудің пайдасына жарап жатқаныңа қуан. Ешкімге пайда бере алмай, із-түзсіз «жоғалғандар» қаншама?!
👍11
Бұның бәрі - еліміздегі мектептерде өтілетін қазақ тілі оқулықтары. Ойлана келе, өз тіліміздің грамматикасын дәлел-дәйектерге сүйене отыра меңгеруді жөн көрдім. Кейін бұдан жоғары деңгейдегі кітаптарға жүгіну керек. Шыңдалудан қорықпайықшы, ағайын!
5👍4
Амал дәптеріңде “осы уақытта оқып отырды, жазды, зерттеді, ізденді” деген сөздердің көп болуы неткен ғанибет.
🔥8
Audio
1
Бұл еңбекте:

• Күн сайын 500 бет кітап оқыған Чубак ажы;
• Құран Кәрімді анасымен жаттаған Мухаммад Суккар;
• Таразда дүниеге келіп, Ауғанстан мен Мысырға танымал ғалым болған Насрулла ат-Тарази;
• Құранды қазақ тіліне аударған Халифа Алтай және өзге де дін ғұламалары туралы қызықты ақпараттар бар.

Деректерді https://t.me/galymdarkz ұжымы жинап, пдф кітап ретінде біз құрастырдық.

Егер сіз де өз кітабыңыздың пдф ретінде өңделіп шығуын қаласаңыз, 87776177600 WhatsApp нөміріне жазыңыз.
👍5
Имам ибн Сирин (Алла оны мейіріміне бөлесін) былай дейді:

«Бауырыңа қылған ең үлкен зұлымдық – оны тек жаман қасиеттерімен еске алып, жақсы қасиеттерін еске алмауың».

[Китәб әз-Зуһд 456📚]
9
Бұл - менің алғашқы авторлық кітабым. Бұйырса 2024 жылдың басында шығу керек. Әлі де жазылып жатыр.

Осы тұста сіздерден көмек керек: жақындарыңыздың орамал тағу оқиғасын [рұқсат сұрай отыра] 87776177600 уатсап нөміріне жіберсеңіздер.

Ішінен іріктеп, кітабымызға енгізу ойда бар.

#орамалменқазақ #алғашқыкітап
14
Audio
1
Қолыңда бар заттарды пайдалана алу хақында

Видео түсіру үшін қымбат камера мен сәулелі софтбоксты күтіп, дарыныңды болашақтың еншісіне қалдыра бергенше, байқалмай жатқан мини мүмкіндіктерді пайдалануың өзіңе жақсы.

Мысалы, мен жарық ретінде қарапайым терезені қолданамын. Видеоны телефонға түсіремін. Дауысымды бюджеттік Fifine микрофонына жазамын. Видеоны CapCut арқылы тегін өңдеймін.

Бұл әуесқой түсірілімнің де өзіндік кайфы бар. Байқауымша, кейде кәсіби емес форматтағы бейненің өзін халық хош көріп жатады. Бастысы өз көңіліңнен шықса болды.
👍152🔥2
«Лучший способ предсказать будущее - это создать его».

— Питер Друкер
13
«Жұрт не ойлайды?» деген нәпсілік менталитетке салынбай, қоғамға өзіңнің діни құндылықтарыңды қымсынбай паш етуің - нағыз еркіндіктің нышаны.

Тәуелсіздік тұғырлы болсын!
17