dapterone
2.6K subscribers
136 photos
2 videos
11 files
49 links
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Download Telegram
Кейде Бильбо Бэггинс сияқты жайлы жерде кітап жазып, достарыңмен қауышып, өмірден ләззат алғың келеді. Бірақ әлемде Сауронның зұлымдығы таралып жатқанын көріп, «тосын сапарларға» шығу керектігін түсінесің.
🔥61😁1
«Если я должен, значит - могу»
– Э. Кант
3
Forwarded from Мурад ЛяРиба
Нам часто говорят, что все проблемы идут из детства. Мне интересно в этой связи, а если человек счастлив и успешен, то эти заслуги с тем же упорством тоже приписываются родителям или только болячки?

Просто не очень справедливо получается, когда во всех неудачах винят родителей и детские травмы, а в успехах исключительно себя любимого… ))
7
Әбу Бәкір әл-Бәқилләни деген ашғари ғалымы әр түні 35 бет кітап жазған. Оқыған нәрселерін жатқа білуімен ерекшеленген.

Жаназасына қатысқан Әбу әл-Фадл әт-Тәмими атты ханбали ғалымы ол туралы былай деді: «Бұл кісі 70 мың бет кітап жазған».

Егер бейнелі түрде бір кітапты шамамен 200 бет деп есептесек, онда 350 кітап жазатындай қарымды қаламгер болған.

Алла ол кісіні рақымына бөлесін!

Қайнар көз: «Сияр» (әз-Зәһәби), «әл-Ағләм» (әз-Зирикли)
🔥3
Алтайдағы орыс ауылының қыздары 14-15 жастарында тұрмыс құра бастаған. Қызығы: бұл - өткен ғасырда ғана "әдеттегі" саналған жайт. Ал поляк халқы мен бұхтармалықтар тіпті 12 жастарынан бастап жұптасқан.

Қайнар көз: Коляскина Е. «Женщина и мужчина в русской деревне Алтая». 65-б.
👍41
Mood: өзгелердің проблемасын шешуге тырысып жүріп, өз проблемаңды ұмытып кету)
🌚5💩1
Азық-түліктерге бойкот жариялау үдерістерінен түсінгенім: біз барлық дерлік салада «тұтынушы» екенбіз, «өндіруші» емес.

Менің ойымша, мұсылмандар әрбір салада озық болу керек: ғылым, кәсіп, өнер, т.б. «Өзгелер» осы арқылы өз идеологияларын емін-еркін жүргізіп отыр.

Сол үшін өсейік, өнейік, өндірейік…
👍113
– Д. Алшинов
🤣71🗿1
«Ал», «бер» деген сөз еді екі ағайын,
«Ал» өліп, «бер» деген сөз тірі қалды...

– Мәшһүр Жүсіп (Алла рақымына алсын!)
7😢1
Әбу әл-Хасан әр-Рустуғфәни өзінің марқұм ұстазы – Имам Мәтуридиді түсінде көріп, оның былай дегенін жеткізеді:

«Алла әйел адамды азан тыңдап, оған жауап бергені себепті кешіреді».

Алла екі ғалымды да өз рақымына бөлесін!

📚 Қайнар көз: «Тәж әт-тәражим» (Ибн Құтлубұға).
4👍3
Дәріс барысында қандай да бір мәселе түсініксіз болып көрінсе, бірден ұстаздан сұрай жөнелу шәкірттің жеке дамуына кедергі келтіретін секілді.

Сол үшін шәкірт бірінші сол мәселе туралы өзі ізденіс жүргізіп көру керек.

Егер еш нәтиже шықпаған жағдайда я шыққан нәтижені тексеру үшін ғана ұстазға жүгіну дұрыс болмақ.
👍10🔥3
Ризықтың үлкен бір түрі – сені көрген адамдардың жүректері саған қарай бұрылып тұруы.

©️Мустафа Махмұт
👍17
Қадірлі болам десең қарындасқа,
Дуа жоқ бас айналар мұнан басқа.
Сүйкімді біткен жұртқа болам десең,
Ешкімнен дүние сұрап аузыңды ашпа.

– Мәшһүр Жүсіп
Алла рақымына бөлесін!
9
«Тәрбиеден мақсұт — баланы тәрбиешінің дәл ѳзіндей қылып шығару емес. Келешек ѳз заманына лайық қылып шығару ғой.

«Балаңды ѳзімдей бол деп үйретпе, ѳзімдей болма деп үйрет!» деген Әзірет Әлінің сѳзінде кѳп шындық бар».

– Мағжан Жұмабаев. «Педагогика».
9💯2
— Соңғы кездері сағат үште оянып кетіп жүрмін.
— Керемет қой! Демек, Алла саған тәһәжжүд оқуға мүмкіндік беріп жатыр.
— Жоқ, түскі үште…
🤦🏻‍♂️🤦🏻‍♂️🤦🏻‍♂️
🤣23😁2😢2
Мемнің өзекті түрі:
«Мақтанғаным емес, бірақ кола ішіп жүрген жоқпын».
👍91🕊1
«Көңілі Қағба болғанның сөзі Зәмзәм болады».
👏92👍2
— Мені адамдар тек өз пайдасы үшін ғана іздейді…
— Қайта біреудің пайдасына жарап жатқаныңа қуан. Ешкімге пайда бере алмай, із-түзсіз «жоғалғандар» қаншама?!
👍11
Бұның бәрі - еліміздегі мектептерде өтілетін қазақ тілі оқулықтары. Ойлана келе, өз тіліміздің грамматикасын дәлел-дәйектерге сүйене отыра меңгеруді жөн көрдім. Кейін бұдан жоғары деңгейдегі кітаптарға жүгіну керек. Шыңдалудан қорықпайықшы, ағайын!
5👍4
Амал дәптеріңде “осы уақытта оқып отырды, жазды, зерттеді, ізденді” деген сөздердің көп болуы неткен ғанибет.
🔥8
Audio
1