dapterone
2.59K subscribers
136 photos
2 videos
11 files
49 links
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Download Telegram
Бүкіл жауапкершілікті болашақтың еншісіне қалдырып жатырмыз. Ойлашы, сол болашақ кейін ержетіп, өз еншісін алып, кетіп қалса)
👍5😁2
«Есі дұрыс еркек елдің қамын жеу керек».

– Бейсен Құранбек
👍73
«Attack wins you games, defence wins you titles»

– Sir Alex Ferguson
👍3
«Ты удивительный. Каждый из нас уникален. Аллах любит тебя. Он знает тебя лично».

– Муфти Менк
🔥4👍21
- Білмесе де, білгіш боп көрінуді не деп атайды?
- «Жасанды» интеллект.
👍7🔥31
Шынайы жанашыр адам сіздің естігіңіз келетін сөзді емес, естуіңіз керек сөзді айтады.
🔥7👍2
Сәуір болмай жауын болмас,
Жауын болмай тәуір болмас.

– Яндекс такси жүргізушісі
😁3
Жаңбырдың басы – тамшы,
арты – қамшы.

– Яндекс такси тұтынушысы
😁3🤣2
Соңғы айда 3 кітапқа редакциялық жұмыстар жүргіздім. Үшеуі де - бір автордың туындысы. Ол кісіні сіздер жақсы танисыздар. Ин шә Алла, шыққан сәтінде сүйіншілеймін.
🆒5
Алланы шын жақсы көретін адам Оның бекіткен шекарасынан аспауға, бұйрықтарын мүлтіксіз орындауға ынтық болады…
4👍3
Forwarded from Beisenali Olzhas (Olzhas Beisenali)
Кемелдікті (идеалды) іздеп жүрсең, оны махаббаттан іздеме-ақ қой. Себебі, махаббаттың кереметі – кемшіліктерді сүюде жасырылған.

Шамсуд-дин әт-Тибризи

Яғни, нағыз махаббат – ғашығыңның кемшіліктерін жақсы көру.
2
Шыңғыс ханға христиандар тарапынан мынадай ұсыныс түсті:

«Шәке, мұсылмандарды жаулап алсаңызшы».

Әлемдік масштабта ойланатын Тимучинге бұл ұсыныс ұнап қалды. Оның үстіне мұсылмандар ол кезде әртүрлі одақтарға бөлініп кеткен еді. Сондай елдердің бірі - Хорезмшахтар династиясы.

Дегенмен, қандай да бір елге ешқандай себепсіз шабуыл жасау – аморальдықтың шегі. Сол себепті Чина братан соғысуға сылтау іздеп, саудагерлерін Отырар қаласына жіберді.

Отырар халқы сырттан келген көпестерді шпион көріп, олардан қауіп туындауы мүмкін деп өлтіріп тастады. Шыңғыс хан Мұхаммад Хорезмшахтан сол қаныпезерлерді өз еліне алып келуін сұрайды. Бірақ, шах оның тілегін қабыл етпей, қандай да бір қылмыс орын алса, үкім сол елді-мекеннің сотымен іске асуы керек деді.

Бұл Шыңғыс ханның жүйкесін жұқартты. Дегенмен, ол әлемдік БАҚ өкілдерінің алдында «прав» боп көрініп тұр. Өйткені:
1) Оның адамдарын басқа елдің азаматтары мерт қылды;
2) Оның үстіне хандары оларға үкім беруде баяулық танытып отыр.

Міне, осындай сылтаумен Шыңғыс хан өз әскерін алып, Хорезмшах мемлекетіне аттанады. Хайвай шығарады.

Нәтижесінде мұсылмандар жеңіліп қалады. Өйткені:
1. Өздерінің әскер санына қатты сеніп, моңғолдарды місе тұтпады.
2. Басқа мұсылман елдерімен одақтасудың орнына, тәкаппарланып көмек сұрамады. Сұрағанның өзінде, мұсылмандар христиандармен, қала берді өздерімен-өздері соғысып жүрген еді.
3. Әскерлерінің рухын түсіріп алды. Өйткені о бастағы көпестерді жазықсыз қыру және оған қатысты үкімді кешіктіру фактілері орын алғаны себепті соғысқа қатысушы әрбір адам «біз неправпыз» деген ойда жүрді. Сөйтіп, толыққанды күш жұмсауға ниеттері болмады.

Бұл - Рағиб Сиржәнидің айтқан лекциясынан үзінді. Жалпақ тілде түсінікті етіп жеткізуге тырыстым.

Негізі мұндағы оқиғалар желісі мен тарихи атаулардың басқа да нұсқалары бар. Бұл жолы біреуімен ғана шектелдім.

Сосын қазіргі жағдаймен сәл салыстыруға келетін секілді. Терең ойланған жан үшін тарихта мың ғибрат бар.
🔥8👍21
Қазір ер жігіт отызға келсе, орданы емес, ортаны бұзады.
👍7👀1
Басқалар намаз оқымауға сылтау тауып жатқанда біз неге намаз оқуға сылтау іздемейміз?
👍3🔥1
Дінді толық ұстануда тапқырлық керек.
👍4
Эксперт по прокрастинации Пирс Стил, автор книги «Уравнение прокрастинации» (The Procrastination Equation), отмечает: «Если вы защищаете свой распорядок дня, со временем он начнет защищать вас».
6
Егер қандай да бір кісі сізге жұмыс ұсынып: «бұл - ешқандай да пирамида емес» деп түсіндіріп бастаса, демек ол жұмыс - пирамида)

Өйткені, «таза» жұмыс өзін «бұл пирамидаға жатпайды» деп сипаттауына мұқтаж емес.
😁92
Әлем күрделі күндерді кешіп жатыр. Қаншама сәбилер қыршын кетуде. Бұл - физикалық соғыстың нәтижесі. Алла оларды рақымына алсын!

Көзімізді ашып қарайтын болсақ, біздің елімізде де жасөспірімдерге зиян тиюде. Бірақ бұл - рухани соғыстың салдары.

Яғни, кішкентай күнінен оларға өзгелердің бұрыс мультфильмдері, арсыз бейнелері, зарарлы азық-түлігі ұсынылуда.

Бұл індеттің алдын алмасақ, үдеп кетуі әбден мүмкін. Сол үшін балаларымызды интернеттің «бомбасынан», қоршаған ортаның «ракетасынан» сақтауымыз керек.

Оларға зиян беретін заттарға «бойкот» жариялап, салиқалы болып өсуіне дұға тілеп, шамамыз келгенше әрекет етуіміз - сіз бен біздің ортақ міндетіміз.
7👍5
Бір тәте орамалды қызға: «Мынауың қазақтың ұлттық киіміне қайшы», - деп сын айтты.
Өзі белорустық жейде, италияндық шорты, американдық тәпішке киіп алған.
Егер «ұлттық киім» деп кимешек меңзелсе, онда оған ең жақыны - хиджаб емес пе?
11👍1
Кейде Бильбо Бэггинс сияқты жайлы жерде кітап жазып, достарыңмен қауышып, өмірден ләззат алғың келеді. Бірақ әлемде Сауронның зұлымдығы таралып жатқанын көріп, «тосын сапарларға» шығу керектігін түсінесің.
🔥61😁1
«Если я должен, значит - могу»
– Э. Кант
3