dapterone
2.59K subscribers
136 photos
2 videos
11 files
49 links
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Download Telegram
📚Олжас ұстаздың кітап клубы

Тамыз айы қорытындысы:

1. Самурай без меча - Китами Масао.

16-ғасыр. Жапониядағы жаугершілік заман. Кедей отбасынан шыққан Хидейоши деген әлсіз бала 15 жасында үйінен кетіп, талай қызық әрі күрделі жағдайларға тап болады. Соңында бүкіл Жапонияны билейді.

Кітап 1-жақтан жазылған. Әр тараудың соңында нағыз көшбасшыға керек «құпиялармен» бөліскен.

P/S: менің сүйікті кітабым. 3-рет оқып жатырмын.


2. Салауат байрағы - Олжас Бейсенәлі.

Салауаттың мәні, түрлері және пайдасы туралы жазылған. Ғалымдардың көзқарасын келтіріп әрі оған сілтеме бергені ұнады (пдф шығармаларда сирек жағдай саналады). Жиі оқылып тұру керек кітаптар қатарына жатады деп ойлаймын.

Түсінгенім: салауатты кез келген жерде айта беруге болмайды екен.


3. Пайғамбарымызды танимыз ба? - Руслан Қамбар.

Пайғамбарымыздың ﷺ өміріне байланысты 260-қа жуық мәселені сұрақ-жауап ретінде ұсынған.

Сирадан бөлек, салауат пен мәуліттің мәні секілді тақырыптарды қозғаған.

Онымен қоса, батыс және қазақ зиялыларының Пайғамбар ﷺ тұлғасы жайлы сөздерін келтірген.


4. Самый богатый человек в Вавилоне - Джордж Клейсон.

Финансқа байланысты күніміздегі кітаптардан ерекше еңбек. Өйткені, ондағы қаржы қағидалары тарихи оқиғалармен, қисынды қиссалармен берілген. Бестселлердегі ең маңызды ой - «айлығыңның 1/10 бөлігін «өзіңе» қалдыру керек» деп түсіндім.
👍6
Қазіргі заманда «жұмыс таба алмай жүрмін» деу - бос әңгіме.

Өйткені, мүмкіндік көп.

«Қабілетім бар, бірақ танысым жоқ» деп сылтауға салынатындардың да қарасы көбеюде.

Егер табысты болуыңызға тек «танысыңыздың жоқтығы» кедергі болса, неге соны өзгертпеске?

Шағымдана бергенше, сол «таныс адамды» тапсаңызшы. Нетворкинг деген дүние бар.

Миыңызды сылтаулармен, шағымдармен шектемеңіз. Әлем үлкен! Потенциалыңыз зор! Тек көзіңізді ашыңыз!
7👍3
Ибн Хаджар аль-Аскаляни говорит:

От некоторых ученых передается: «Я видел грехи чем-то грязным и из чувства собственного достоинства не совершал это, а потом это стало из-за религии».

📚 «Хаватыр ва навадир».
👍6
Құдайберген Жұбанов:

«Қазақ тіліндегі отыр, тұр, жүр, жатыр деген төрт етістік күллі өзге етістіктерден үш түрлі морфологиялық қасиетімен ерекшеленеді».

1️⃣ «Жатыр» етістігі іс-әрекеттің дәл сөйлеп тұрған сәтте емес, әйтеуір жалпы жүріп жатқан, ара-арасында үзілісі де болатын түрін көрсетеді:

Бейімбет бір үлкен роман жазып жатыр.

2️⃣ Егер іс-әрекет сөйлеп тұрған сәтте орындалып жатса, қазақ тілі «отыр» етістігін жұмсайды.

3️⃣ Ұзақ іс-әрекет үзілістерімен жүріп жатса, қазақ «жүр» көмекшісіне жүгінеді.

4️⃣ «Тұр»-ға келсек, ол соншама күрделі: осы сәттегі істі де, орындалып жатқан іс-әрекетті де білдіреді. Дәл осы сәттегі істі білдіргенде тек адамға байланысты айтылады.

Қ.Жұбанов "Көмекші, күрделі етістіктер туралы" деген шағын кітапшасында етістіктердің семантикалық-функциялық айырмашылықтарын талдап береді.

📚Сыздықова Р - «Ғалым-азамат».
👍4
Шоқан Уәлиханов Сібір кадет корпусына оқуға түскелі бері ұйқышылдығы жоғалды. Ерте тұрып, түнде жұрттан кеш жатады. Жатақхана тәртібінше, шам түнгі сағат 11-де сөнуге тиісті. Дегенмен, ілімге қатты қызыққан Шоқан майшамын жағып, кітап оқуын жалғастыра берген.

📚 Мұқанов С. Аққан жұлдыз. Foliant. Нұр-Сұлтан. 2021. 448 б. 422 б.
👍9
Диссертация жазу жүйесі:

Қызыққан тақырыпқа жоспар құрып, кейін соған байланысты ақпарат іздеу. Бұл тәсіл қиын әрі уақытты алады.

Қызыққан тақырыпта кітаптар оқып, соларға сай жоспар құру. Бұл тәсіл де оңай емес. Дегенмен, уақыт пен энергия үнемдейсіз.
4👍2
Ибрахим ан-Нахаи сказал:
«Не оправдывайся, потому что
это часто совмещается с ложью»
👍2😭1
Слово الغواني— это множественное от غانية, что означает женщину, наделенную природной красотой, которая не нуждается в том, чтобы приукрашиваться.
😍5👍1
«Бізде өкінішке орай құндылықты емес, құнды ойлайды».

— Қуаныш Шоңбай
👍21
«Қалай істеу керек?» деген тіркесті көп қолданамыз.

Бірақ, бұндағы «қалай» сөзіне асыра мән бергеніміз себепті «істеу»-ге энергиямыз жетпей қалатын сияқты.

Кейде іс-әрекеттердің болашағына бас қатырмай, құр бастап кету пайдасын бермек.
👍7
Дәптеріңе уақытылы түртпей қойған «қылмысың» себепті қаншама идея қыршын кетті...
👍8
Либерал: Әр адам қалай киінгісі келсе, өзі біледі.
Мұсылман қыз: Мен хиджаб киюді қалаймын.
Либерал: Жоқ, хиджаб киюге болмайды.
👍12
Бүкіл жауапкершілікті болашақтың еншісіне қалдырып жатырмыз. Ойлашы, сол болашақ кейін ержетіп, өз еншісін алып, кетіп қалса)
👍5😁2
«Есі дұрыс еркек елдің қамын жеу керек».

– Бейсен Құранбек
👍73
«Attack wins you games, defence wins you titles»

– Sir Alex Ferguson
👍3
«Ты удивительный. Каждый из нас уникален. Аллах любит тебя. Он знает тебя лично».

– Муфти Менк
🔥4👍21
- Білмесе де, білгіш боп көрінуді не деп атайды?
- «Жасанды» интеллект.
👍7🔥31
Шынайы жанашыр адам сіздің естігіңіз келетін сөзді емес, естуіңіз керек сөзді айтады.
🔥7👍2
Сәуір болмай жауын болмас,
Жауын болмай тәуір болмас.

– Яндекс такси жүргізушісі
😁3
Жаңбырдың басы – тамшы,
арты – қамшы.

– Яндекс такси тұтынушысы
😁3🤣2
Соңғы айда 3 кітапқа редакциялық жұмыстар жүргіздім. Үшеуі де - бір автордың туындысы. Ол кісіні сіздер жақсы танисыздар. Ин шә Алла, шыққан сәтінде сүйіншілеймін.
🆒5