Сабақта ұстазбен болған диалог:
- Өткенде көшеде кетіп бара жатсам, бір кісі тоқтатты. Жол таба алмай, адасып, сөйтіп менен жол сұрамақ шығар деп ойладым. Сөйтсем, Иегова куәгерлерінің миссионері екен.
- Апай, шынымен де жол таба алмай, адасып жүр екен ғой...

😁4
«Өзегің талса, өзен бойын жағала,
Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала».
© Төле би
📗 Төреқұлов Н., Қазбеков М. Қазақтың би-шешендері.

Сайлаудан кейін дауыс санап жатқан Аманат партиясы:
- Так, бізге кім дауыс берді?
- Арқадан бесеуміз... Жайықтан төртеуміз... Аралдан сегізбіз...
- Жоқ, сендер мыңсыңдар!

😁2
«Құдайға сенейін бе, сенбей-ақ қояйын ба?», «Дінді ұстану дұрыс па?» деген секілді ойда жүрсеңіз, онда мына ҚАРАПАЙЫМ ШЕШІМГЕ назар салыңыз:
1) Бірінші дінді ұстанудың пайдасы туралы ойлану керек. Оның 2 үлкен пайдасы бар. Біріншісі: сіз бұл дүниеде дінді ұстансаңыз, пайдасын осы дүниеде көресіз: жүрегіңіз жай табады, денсаулығыңызға мән бере бастайсыз, уақытыңыз жүйеленеді, т.б. Сонымен қоса, о дүниеде де табысқа жетесіз.
Сізде сұрақ туындауы мүмкін: «О дүние болмаса ше?». Оған қарсы сұрақ та бар: «Ал, боп қалса ше?». Сақтықта қорлық жоқ.
Тіпті о дүние болмай қалғанның өзінде сіз дін ұстанудың пайдасын бұл дүниеде көрер едіңіз.
2) Ойыңызға «Қай Құдайға сенем, әр сенімнің өз құдайлары бар ғой?» деген сұрақ келсе, қуана беруге болады. Өйткені, сіз ой жүгіртіп, жақсы жаққа өзгеруге кішігірім қадам бастыңыз.
Жалпы, әр адамның ойындағы идеал құдай - біреу. Ол біздің санамызда (тіпті белгілі бір дін ұстанушысы болмасақ та) қуатты, ешкімге тәуелді емес, абсолютті күш иесі деп сипатталады. Сол үшін монотеизм діндердің бірін таңдауымыз керек.
Және әзірге біз үшін белгісіз болған сол бір құдайға дұға жасау керекпіз: «Уа, Жалғыз Құдай! Мен ақиқатты іздеушімін. Мені тура жолға сала гөр!».
Сөйтіп, сіздің тізіміңізден монотеизмге негізделмеген діндер шығып кетеді. Соңында иудаизм, христиандық, ислам қалуы керек. Енді, осыларды өзара салыстырып қарайсыз.
Мысалы, мынадай қызық ақпарат бар: иудаизм Мұса деген пайғамбарға еріп, Иса деген пайғамбарды мойындамайды. Ал, христиан дінін ұстанушылар Мұса мен Исаға сеніп, Мұхаммед деген пайғамбарды қабылдамайды. Ал, мұсылмандар үш пайғамбарды да мойындап, құрметтейді.
Бұл тұстағы басты нәрсе: жалғыз Құдайдан тура жолды сұрауда шаршамау.

🔥4👍1
Күн сайын жатарда телефон шұқылап, желі жаңалықтарын парақтай бересің. Білесің бе, неге? Өйткені, ойларыңмен жеке қалуға қорқасың. Не бітіргенің туралы, болашақта сені не күтіп тұрғаны жайлы пікірлеуден қашасың. Қанша алыстауға тырысқаныңмен ащы ақиқат сенен бір сәтке де жырақтамайды.
👍12❤1
Қазақ көпшілігінің патриоттық сезімі хиджаб мәселесіне келгенде ғана ояна қалады.
👍11
«Айғаным өмірінің соңғы төрт-бес жылдарында сопылыққа бой ұрып алған еді. Түркілік оқуға еркін, тағат-ғибадаттық сауаты толық Айғаным осы жылдардың ішінде ұйқы, тамақ, дәрет сияқты табиғаттық тілектерін орындаудан басқа шақта, орданың өзі тұратын бөлмесінің салтқысын ішінен жауып алатын да, жайнамаз үстінен түспейтін.
- Сонда не оқи бересіз? - дегендерге:
- Нәфіл ше? - деп жауап беретін. Оның не екенін білмейтіндер түсіндіруді сұраса:
- Қызға намаз оқу - тоғыз жастан парыз, ұлға - он үштен. Содан кейін оқылмаған намаздардың бәрі қазаға, яғни өтеуге тиісті міндетке жатады. Нәфіл дегеніміз - сол. Өтелмеген нәфілім көп, өмір жеткенше өтеп кетуге тырысам, - дейтін».
📗 Мұқанов С. Аққан жұлдыз.

❤7👍2💔1
— Скажи, почему ты не даёшь сдачи? Они так и будут донимать тебя. Не надоело проигрывать?
— Я не проиграл.
— А?
— Ведь я не убежал...
© Армин Арлерт
— Я не проиграл.
— А?
— Ведь я не убежал...
© Армин Арлерт
👍5❤1
Аздардан ет...
Бір күні Омар (Алла оған разы болсын) Меккеде бір арабтың:
«اللهم اجعلني من القليل»
«Аллам, мені “аз“-дардан ет!», - деп дұға жасап жатқанын көреді. Қасына барып:
«Бұны қайдан алдың? Пайғамбар да (Алланың салауаты мен сәлемі болсын), Әбу Бәкір де (Алла разы болсын) бұндай дұға жасамаған», - деді.
Сол кезде әлгі жігіт былай жауап берді:
«Алла Тағала Құранда: «Құлдарымның арасында лайықты түрде шүкіршілік ететіндер неткен аз!», - деген жоқ па?»
[Дұғаның мағынасы: "Солай лайықты түрде шүкіршілік ететін аз құлдардың қатарынан болайыншы!"]
Осыдан соң Омардың (Алла разы болсын) көзінен жас тамып:
«Барлық адамның сенен қарағанда түсінігі мол, ей, Омар!», - деп өзін қамшылап, кете барды.

👍8❤1