dapterone
2.58K subscribers
136 photos
2 videos
11 files
49 links
NUR-MUBARAK & FARABI UNIVERSITY түлегінің жазбалары
Download Telegram
Өмірдің сынақтары сындырып қоймасын
👍4
«Өткен уақытпен әурелену, қазіргі уақытты бос өткізуге алып барады».

Әбу Саид әл-Харраз
👍7
Кез келген намазханның арманы — тізесі бүлінбейтін шалбар.
🔥9😁6👍2
Мұрныңа су жетпей, 24/7 әрекет етсең, күнә жасауға уақыт та болмайды.
👍11
маңызды мәселеде шешім баяу шығады
👍5
Елімізде нәпсі министрлігі ашылса, мықты жұмыс істейтін сияқты
👍6😁1
Блогер болу үшін міндетті түрде мақтаншақ болу керек пе?
😁7👍1
Үйленгендер қайтып келмейді
😁11👍1
Қайып Мұхамедхановтың жұмыстары жарияланған «Көп томдық шығармалар жинағы» атты 345 беттік еңбек бар.

Сол жерде Абайдың 169 өлеңінің жазылу себептері мен әртүрлі баспадағы нұсқаларын келтіріп өткен.
👍2🔥2
Бүгінгі дәрісте ұстазымыз айтқан өте пайдалы кеңес:

«Миск (әтір) себінудің себебі неде? Біз мискті үстімізден жақсы иіс шығып, өзгелер бізден жиіркенбей, керісінше өздерін жайлы сезінулері үшін қолданамыз.

Ал, қазір кейбір кісілер мискті өте көп мөлшерде пайдаланып, жанында отырған жандарға керісінше қиындық тудыруда».
👍82
«Дін адамның ішінде болу керек. Оны сыртқа шығарудың қажеті жоқ», – дейді.

Сөйтіп айтатын кісілер неге өздерінің ішінде жатқан жаман әдеттерін, теріс пиғылдарын сыртқа көрсетеді? Неге олар өздерінің ұстанымдарын еш қысылмастан жария ете береді? Неге тек дінді ғана ішке сақтау керекпіз?
👍74
Қашанға дейін жай ғана «үміт күттіретін адам» боп жүре бермексің?
😢5👍1
Достарың үшін шын көңілмен дұға жаса. Бәрібір, өзіңе 2 есе қайтып келеді. Осы формуланы қолдансақ, жолымыздың ашық болатынын анық.
👍9
Қарызы бар адамдааар ешқашан қайтармайдыыы
😁8👍2
Әйелдің ер адамнан жоғары тұратын бір-ақ жері бар, ол - мешіт балконы

#әзіл
😁8🤣5👍3
Өткенде Таугүл-3 мешітінде Ерғали ұстаздың дәрісі өтті. Тақырып рия жайлы болды. Ұстаздың арабша өте сауатты оқитынына әрі оны мүдірмей көркем аударатынына риза болдым.

Түйгенім:

Кей адамдарда рия мен өз-өзіне ғажаптану сипаттары толықтай орнап кеткен. Тіпті, олар мұсылман болса да. Енді ол адамға не істеу керек?

1) Барынша риядан құтылуға әрекет ету керек;
2) Егер сонда да рия кетпей жатса, салиқалы амалды риямен болса да жасау керек. Бірақ, соңында Алладан кешірім сұрау ләзім болады. Бәлкім, сол истиғфардың себебімен Алла оның келесі амалдарын риясыз жасауға мүмкіндік береді.

Енді бұл жерде шығатын қорытынды:
- Менде рия көрініс тауып тұр ғой деп, салиқалы амалды жасамай қоюға болмайды.
- Егер рия жасаушылар болмаса (негізгі нұсқада "мұнафықтар болмаса" деп тұр), әлем қирап кетер еді.

Өйткені, қазір көптеген мешіттер, халық тұтынатын қоғамдық орындар, ел игілігіне деп соғылған ғимараттардың көбісін риякер адамдар салған. Өйткені, жария садақаны Алла үшін деп жасайтындар аз.

Бір жігіттің "Я, Алла! Мұнафықтарды жермен жексен ет!" деген дұғасын құлағы шалған сахаба әлгі кісіге былай айтыпты:

"Егер мұнафықтар болмаса, онда дұшпандарыңа тізе бүгер едіңдер".

Яғни, Алла жолындағы соғыстың өзінде мұнафықтар көп болады. Бірақ, олардың ниеттері Алла үшін болмайтыны рас. Халық көрсін деген мақсатпен өзінің қаһармандық қасиеттерін паш ету үшін соғысатын олар бұл істері үшін сауап алмаса да, мұсылмандардың жеңіске жетуіне себепкер болды.
👍12
ХАДИСТЕГІ БҰРМАЛАНУШЫЛЫҚ

Ғұламалар өтірікші қиссашыларға қарсы шығып, олардың өтіріктерін жұрттың алдында әшкере қылған. Солардың бірі ретінде әл-Әғмәшті (һ. 148 ж. д.с) айтсақ болады.

Бір күні ол мешітке кіріп, онда қиссашының былай айтып жатқанын көрді: «Бізге бұл хадисті әл-Әғмәш, ал ол Әбу Исхақтан, ал ол Әбу Уаилден жеткізді».

Бұны естіген әл-Әғмәш ілім алқасының ортасына кіріп, қолтығының түктерін жұла бастады. Сол кезде оған қиссашы наразы болып былай деді: «Біз ілім алқасындамыз. Ал сен болсаң, осындай қылық танытып отырсың. Қалай ғана ұялмайсың?!».

Оған әл-Әғмәш былай жауап берді: «Мен ішінде тұрған нәрсе сен ішінде тұрған нәрседен жақсырақ». Бұны қиссашы түсінбей: «Қалай сонда?» деп сұрады. Сол кезде әл-Әғмәш былай деді: «Мен сүннеттің ішіндемін (яғни менің бұл ісім – сүннет), ал сен өтіріктің ішінде тұрсың. Жаңағы әл-Әғмәш деген менмін. Сенің ойдан құрастырып айтып отырған хадисіңді мен саған ешқашан айтпадым».
👍1
✔️ Бір хадисте Пайғамбарымыз ﷺ жайлы "Бір қауымға кезіксе, олармен үш рет сәлемдесетін" деп айтылған.

Сұрақ: бұлай 3 рет сәлем беру әдебі практикада қалай іске асады?

Ғұламалар бұны 2 түрлі мағынада түсіндірген:

1) Бір адам үлкен топпен кезіккенде бірінші сәлемін қасында тұрған адамдарына береді.

Сөйтіп әрі қарай жүре келе, орта тұстарына жеткенде екінші рет "Әссәләму алейкум" деп айтады.

Үшінші сәлемін соңғы боп кезіккен адамдарына береді.

2) Бір адам көпшілік отырған мәжіліске келіп қосылу үшін "Әссәләму алейкум" дейді. Бұл рұқсат сұрау үшін.

Кейін оған рұқсат берілсе, мәжіліске қосылып, адамдарға екінші рет сәлем береді.

Үшінші рет "Әссәләму алейкум" деп сол жиыннан кетуге рұқсат сұрау үшін айтылады.
Барлық адам қателеседі. Тек ақымақтар ғана өз қателесулерінде мықтап орнығып, бой бермейді.

© Цицерон
😁5
Адамдарды байланыстыратын нәрсе - мінездер ұқсастығы.

© Цицерон
3🕊1