DANA SOZDER
28 subscribers
13 photos
«Dana Sozder» каналына қош келдің!
Ғұлама ойлар, өткір сөздер, тәрбиелік мағына, жеке даму және тағы басқа пайдалы цитаталар.

Автор: @thekulumbet
Ақша табу блогы: @thekulumbetblog
Youtube арна: www.youtube.com/thekulumbet
Download Telegram
Бақытты болудың 7 құпиясы

1. Айналадағы адамдар сіз тұралы не ойласа да басыңызды ауыртпаңыз.
2. Әр ой, әр арман міндетті түрде орындалады - уайымдаудың қажеті жоқ.
3. Өзіңіздің бойыңызды, бет әлпетіңізді, дене бітіміңізді осы күйде қабылдаңыз! Өзіңізді сүйіңіз!
4. Басқа жандарды да, өзіңізді де сынамаңыз.
5. Махаббат сыйлаңыз! Күлімдеп жүріңіз!
6. Бірінші беріп, сосын алып үйреніңіз!
7. Азырақ ойланыңыз! Көбірек қуаныңыз!

@danasozder | #кеңес
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

@danasozder | #МайқыБи
Демің – гүл аңқыған
Нұрың – Күн шалқыған.
Көргенде, бой еріп,
Сүйегім балқыған.

@danasozder | #АбайҚұнанбайұлы
Адамның ісі қандай болса, өзі де сондай.

@danasozder | #Гегель
Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан.

@danasozder | #Абай
Жамағаттың жақсыға құрметі жоқ,
Кішілердің үлкенге ізеті жоқ,
Патшалардың әділдік міндеті жоқ,
Бұл не деген заман болды, достар?!

@danasozder | #ҚожаАхметЯссауи
Адам ақысыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық жоқтығынан азады.

@danasozder | #АбайҚұнанбай
Ей, көңілім, сыйлық күтпе бұл заманнан қараңғы,
Уақыт озар барлығынан шаң қаптырып адамды.
Дертің әр сәт күшейеді, ауырады тынымсыз,
Күткенменен мына уақыт емдемейді жараңды.

@danasozder | #ОмарХайям
Балдың тәттілігі сонша, ең соңында ащылық сезіледі. Көп болған сайын дәмі кетеді.

@danasozder | #УильямШекспир
Тәжірибе де қателіктен жаралған,
Даналар да кері ағыстан нәр алған.

@danasozder | #АлександрПушкин
Азамат жетім болмайды - халықтан болса панасы, халық жетім болмайды - басшы болса данасы.

@danasozder | #СырымДатұлы