📈 6 индикатор: соның төртеуі өсуін баяулатты
Төртінші тоқсан экономика үшін қиындау болады. Биылдың 9-шы айында қысқа мерзімді экономикалық индикатор (ҚЭИ) 3,5% өсім көрсетті. Ал 2022 жылдың 1 тоқсанында осы өсім 6,5% болған еді.
ҚЭЙ құрамына кіретін 6 индекстің төртеуі баяулап қалды. Олар өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік пен қоймада бағыттары.
9 айдың қортындысы бойынша, нақты ІЖӨ өсімі 2,8% деңгейінде болды. Жыл басында ІЖӨ өсімі 4,6% көрсетіп, біз жылды жақсы бастағанбыз. Артынан желіміз шығып кетті.
ҚЭЙ елдегі ІЖӨ-нің негізін құрайтын 6 сала бойынша есептеледі. Олар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс.
https://t.me/dalainside

🤜 Стати Қазақстанды «айырып» тастап, өзіне модель қызды әйел қылды
Әкелі-балалы Статилердің кішісі, миллионер Габриель Стати модель Анастасия Фотакиге үйленді. Олар Молдовада тойларын дүркіретіп жасады да, «бал» айын Парижде өткізді.
Габриельдің көңіл-күйі жақсы болуы заңды. Статилер Қазақстанды халықаралық соттардың барлығында тізе бүктіріп келеді. Және «Жаңа Қазақстан» басшылығы Статидің талабы әділ екенін түсінетін сияқты. Демек, Қазақстан ресми түрде келесі жылы Стати талап етіп отырған 500 миллион долларды санап беріп, өз жеңілісін мойындауы мүмкін.
Модель Анастасия Фотаки Молдовадағы ең әдемі қыздардың бірі болып есептеледі. Кезінде эскортта жұмыс істеген. Оның бойы 175 сантиметр, ал фигурасының көрсеткіштері 80-63-94.
"Ascom Group" президенті және жалғыз акционері, халықаралық инвестор Анатолий Стати және оның ұлы Габриель Стати Қазақстанмен 2013 жылдан бері соттасып келеді. Олар кезінде «Боранкөл» және «Толқын» кен орындарын сатып алып, инвестиция салған болатын. Бизнестері пайда әкеле бастаған жылы Қазақстандағы рейдерлік топтың назарына іліккен. Рейдерлік топ түрлі қылмыстық істермен қорқытып, олардың бизнесін тартып алады. Артынан Статилер Қазақстанды халықаралық сотқа береді.
Анатолий Стати бұл қылмыстық топтың артында Кәрім Мәсімов, Қайрат Боранбаев пен Бауыржан Бәйбек үштігі тұрғанын бұрын да хабарлаған болатын. Қазір екеуі қамауда, ал Бәйбек Солтүстік Кипрде жасырынып жүр.
Статидің бизнесін тартып алып, Қазақстанды халықаралық жанжал орбитасына шығарғанымен қоймай, қылмыстық рейдерлік топ «Стати сотынан» қырғын ақша тапқан. Кезінде Әділет министрі болған Марат Бекетаевтың жұмыстағы барлық уақыты осы Стати сотымен айналысумен өтті. Бұл іске Бауыржан Бәйбек құрған «Bolachak Consulting Group» фирмасы тартылған. Ол фирма өз кезегінде Қазақстан атынан халықаралық заңгерлік компанияларды жалдап, ондағы АҚШ, Италия, Швеция, Люксембург юрисдикцияларында біздің құқығымызды қорғаған адвокаттарға орасан зор қаржы төледі. Мысалы, бір адвокаттың жұмысына сағатына 700 доллардан төленген.
Яғни, жемқорлық кесірінен басталған сотта біздің құқығымызды қорғаудың өзі керемет жемқорлыққа әкеліп соқты. Егер прокуратура «Bolachak Consulting Group» фирмасын жіті тексеретін болса, онда небір «қызықты фактілер» анықталатынына еш күмән жоқ.
Статиді қандай жолмен болса да тізе бүктіру - Назарбаев кланының принципиалды позициясы болды. Себебі, халықаралық сотта жеңілсе, олардың жемқорлық-рейдерлік схемаларының бәрі ашылатын еді. Сондықтан олар ақша аямады. Ол шығынның барлығы қазір де бюджеттен, халық есебінен төленіп отыр.
Бірақ, Қазақстанның Әділет министрлігі әлі күнге дейін, «Статимен соттасуға» нақты қанша қаржы кеткенін жасырып келеді. Сот процестерінің 9 жыл бойы түрлі елдерде бір уақытта жалғасып келе жатқанын ескерсек, аз ақша емес екені түсінікті.
Және ең қызығы - бұл іс біздің экономиканы тұралатып отыр. Тіпті Статиге ақыр аяғында төлейтін 500 миллион доллар, әрі біздің есебімізше 30 миллион доллардан кем түспейтін адвокаттарға кеткен шығынды есептемегенде, Люксембургта ERG корпорациясының табысынан бізге түсуі тиіс дивидендтер осы үшін бұғатталған. Дивидендтер арнайы шотта жинақталуда. Біз бұл туралы бөлек материалда жазамыз.

🐄 Екі емес үш сиыр. Қазақстан бюджеті өзі сауатын үш сауын сиырды ресми түрде бекітті
Қазақстан Парламенті «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, Астана бюджеттері арасындағы 2023 - 2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобасын мақұлдады.
Заң жобасында үш донор өңір бекітілді. Олар - Алматы мен Астана қалалары және Атырау облысы. Осы үш өңір өзара қосылып бюджетке 2023 жылы 426 миллиард теңге, 2024 жылы 465 миллиард теңге, ал 2025 жылы 498 миллиард теңге беруі тиіс. Байқасаңыздар, жыл санап жүктері ауырлай түседі, яғни 30 миллиардтан көбейіп отырады.
Ал қалған 17 өңір осы үш донорды емеді. Олар 2023 жылы 5 триллион теңге, 2024 жылы 5,3 триллион теңге, ал 2025 жылы 5,8 триллион теңге болатын бюджеттік субвенциялар алмақ.
Әсіресе, жаңадан құрылған үш облысқа бюджет көбірек бөлінуде.
Жалпы, 2023 жылы бюджеттің шығындары 23 триллион теңгені құрайтын болады.

🇷🇺📈 Қазақстан экономикасында 88 миллиард Ресей рублі бар
Оның 40 миллиард рубльден астамы бізге соңғы 3 айда келген. Бұл туралы ҚНРДА есебімен танысқан LS басылымы жазады.
Теңгелей шақсақ - бұл 678,2 миллиард. Экономикаға қатты қысым көрсетпесе де, шағын ықпалы бар. Капиталдың ағуы инфляцияға да жағымсыз әсер берді.
Маусым айының соңында барлық шетелдіктер (оның ішінде ресейліктер де бар) Қазақстан банктерінде сақтап отырған ақша көлемі 410,7 миллиард теңге болды. Ал жыл басында ресейліктердің біздің банктерде ұстаған қаражаты 145,6 млрд теңгені (25,3 млрд рубль) құраған еді. Рубль массасы артып бара жатыр, дәлірек айтсақ 1 қаңтар мен 10 қазан аралығында рубль көлемі 3,5 есеге өсті.
Қыркүйектің басында Қазақстандағы банк депозиттерінің жалпы көлемі 28,2 триллион теңгені құрады. Оның ішінде ресейлік капиталдың үлесі 2 пайыздан асып отыр.

🙅🇰🇿 Қазақтар бизнесмен Рамиль Мухоряповтың Choco өнімдеріне бойкот жариялады
Мухоряпов елге қашып келген ресейліктермен өткен кездесуде "егер сіз орысша сұрап, сізге қазақша жауап берсе, сол адам ұлтшыл және оның мәдениеті төмен" деп қадап айтты. Бір қызығы, Қазақстанда орысша білмейтін, сөйлеуге қиналатын адамдардың да баршылық екенін ол ұмытып кеткен сияқты. Және қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып саналатынын, демек біздің осы елде қазақша сөйлеуге моральді құқығымыз бар екенін Рамиль Мухоряпов жоққа шығарып тастады.
Бас прокуратура Мухоряповтың бұл сөздерін ҚР Қылмыстық Кодексінің 174 бабы бойынша тексере алады. Тек ол үшін оның үстінен кез-келген Қазақстан азаматы шағым түсіруі тиіс.
Рамиль Мухоряповтың Chocofamily Holding қызметіне Chocolife.me купондары, Chocotravel авиабилет сервисі, Chocomart.kz, Lensmark.kz интернет-дүкендері, Chocofood.kz тағамға тапсырыс беру және жеткізу қызметі, iDoctor.kz дәрігер іздеу сервисі мен кэшбэк алуға арналған Рахмет мобильді қосымшасы кіреді. 2021 жылдың қортындысы бойынша холдинг выручкасы 17,8 миллион долларға жетті.
Choco өнімдерін тұтынбай, толық алмастыруға болады. Қазақ аудиториясы Chocolife.me купондарын BeSmart-қа, Chocotravel авиабилет сервисін Kaspi Тревелге, Chocomart.kz, Lensmark.kz интернет дүкендерін Kaspi.kz дүкеніне, iDoctor.kz дәрігер іздеу сервисін Doq.kz сервисіне, Рахмет кэшбек мобильді қосымшасын Dosmart қосымшасына алмастыра алады.
Әрине, Мухоряповтың ертең кешірім сұрайтыны анық. Бірақ "айтылған сөз - атылған оқ". Қазақ аудиториясының көңілін қалтыру бизнеске де, имиджге де бәрібір салқынын тигізбек.

🧨⚖ Мухоряповтың пікірінде шовинизм белгілері бар ма?
Бұған танымал адвокат Ләззат Ахатова жауап берді. Dalanews.kz тілшісімен сауалдасқан заңгер Мухоряповтың үстінен бір адам емес, қоғам болып арыз түсіру керектігін жеткізді.
– Ләззат Кендебайқызы, Мухоряповтың ресейліктермен болған кездесуде айтқан пікірінде шовинизмнің белгілері бар ма?
– Меніңше, шовинистік көзқарас пен пиғыл анық көрініп тұр. Менмендік, мәдениетсіздікті өзі көрсетті.
Қазақстанда тұрып, қазақ тілін сыйламады.
Шынтуайтына келгенде, оның тауып отырған табысы қазақстандықтардың арқасында келіп отыр. Қазақ аудиториясының ақпараттық шабуылы әжептәуір соққы болды деп ойлаймын.
Журналист Айбар Олжай прокуратураға арыз түсіріпті, Дәулет Мұқаев та шабуыл жасапты.
Ертең мен де Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша арыз түсіремін. Мұнда әкімшілік іс те бар.
Ол алауыздық тудырып отыр. Бір адам емес, қоғам болып кірісуіміз керек. Ресми арызға ресми түрде жауап береді деп ойлаймын.
– Іле-шала Chocolife басшысы Рамиль Мухоряпов кешірім сұрады. Осы бізде кешірім сұрай салу әдетке айналған жоқ па?
– Кешірім сұраған бейнежазбасын көрдім. Біреу қазақша шала-шарпы жазып берсе керек. Соны оқып берген сияқты.
Міндетті түрде жазаға тартылуы керек. Бәлкім, үлкен мөлшерде айыппұл салу керек пе?
Мұндайлар қалтасына салмақ түссе ғана ойланады.
Қазақтілді аудитория телефондарынан қосымшасын өшіріп тастап, қаншама адам байкот жариялады. Өте дұрыс! Тәубесіне түсті ғой. Кешірім сұрағанының өзі соны білдіреді.
Бұлар әбден басынып алған. Осындайда өзіміздіңмәңгүрт қазақтарға өкпелеймін. Кейде өз тілімізді өзіміз сыйламаймыз. Қазақша сөйлесең, орысша жауап береді.
Содан кейін Мухоряпов сияқтылар «Қазақтың өзі ана тілін сыйламай жатса, бізге не керек?» демей ме?
Егер қайда жүрсек те, қазақ тілін бәрінен биік қойып, өз тілімізді қадір тұтсақ, ешкім басынбайтын еді. Сол Мухоряпов басқа елде солай айтып көрсінші!? Біз тек айтып қана қойсақ, «Бұлар шулап-шулап қояды» дейтін еді.
Шағым, арыз түсіріп, қосымшасын жойып тастап едік, 💵 қалтасына салмақ түсті. Қомақты табысынан айрылды. Қаржылық соққы болды.
https://t.me/dalainside
Бұған танымал адвокат Ләззат Ахатова жауап берді. Dalanews.kz тілшісімен сауалдасқан заңгер Мухоряповтың үстінен бір адам емес, қоғам болып арыз түсіру керектігін жеткізді.
– Ләззат Кендебайқызы, Мухоряповтың ресейліктермен болған кездесуде айтқан пікірінде шовинизмнің белгілері бар ма?
– Меніңше, шовинистік көзқарас пен пиғыл анық көрініп тұр. Менмендік, мәдениетсіздікті өзі көрсетті.
Қазақстанда тұрып, қазақ тілін сыйламады.
Шынтуайтына келгенде, оның тауып отырған табысы қазақстандықтардың арқасында келіп отыр. Қазақ аудиториясының ақпараттық шабуылы әжептәуір соққы болды деп ойлаймын.
Журналист Айбар Олжай прокуратураға арыз түсіріпті, Дәулет Мұқаев та шабуыл жасапты.
Ертең мен де Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша арыз түсіремін. Мұнда әкімшілік іс те бар.
Ол алауыздық тудырып отыр. Бір адам емес, қоғам болып кірісуіміз керек. Ресми арызға ресми түрде жауап береді деп ойлаймын.
– Іле-шала Chocolife басшысы Рамиль Мухоряпов кешірім сұрады. Осы бізде кешірім сұрай салу әдетке айналған жоқ па?
– Кешірім сұраған бейнежазбасын көрдім. Біреу қазақша шала-шарпы жазып берсе керек. Соны оқып берген сияқты.
Міндетті түрде жазаға тартылуы керек. Бәлкім, үлкен мөлшерде айыппұл салу керек пе?
Мұндайлар қалтасына салмақ түссе ғана ойланады.
Қазақтілді аудитория телефондарынан қосымшасын өшіріп тастап, қаншама адам байкот жариялады. Өте дұрыс! Тәубесіне түсті ғой. Кешірім сұрағанының өзі соны білдіреді.
Бұлар әбден басынып алған. Осындайда өзіміздің
Содан кейін Мухоряпов сияқтылар «Қазақтың өзі ана тілін сыйламай жатса, бізге не керек?» демей ме?
Егер қайда жүрсек те, қазақ тілін бәрінен биік қойып, өз тілімізді қадір тұтсақ, ешкім басынбайтын еді. Сол Мухоряпов басқа елде солай айтып көрсінші!? Біз тек айтып қана қойсақ, «Бұлар шулап-шулап қояды» дейтін еді.
Шағым, арыз түсіріп, қосымшасын жойып тастап едік, 💵 қалтасына салмақ түсті. Қомақты табысынан айрылды. Қаржылық соққы болды.
https://t.me/dalainside
💥🇰🇿 Тіліңе ие бол, Рәміл! Қазақ кәсіпкерлері жалпыұлттық бойкотқа қосылды
Атышулы Рәміл Мухоряпов бизнестегі беделді жігіттерден сөз ести бастады. Сырымбек Тау, Дулат Тастекеев сынды азулы азаматтар мемтілді менсінбейтін Мухоряповқа жақсылап тұрып жауап қатты.
"Балақтағы бит басқа шықты! Жаңа Қазақстанда тілді таптаған, қорлаған адамдарға қатаң шара қолданылу қажет...", – деді Сырымбек Тау.
Ал Дулат Тастекеев қазақ тілін қажетсінбейтін Рәмілге "тілін тартып сөйлеуге" кеңес берді. Күні кешегі жағдай Рәмілше пайымдайтын біраз адамды тәубесіне түсірген. Бұлар бұдан кейін қазақтілді ортаның қас-қабағына қарап сөйлейтін болады.
Тау мен Тастекеевтің тандеміне қазақтілді бизнестің өркендеуіне мүдделі өзге де кәсіпкерлер жаппай үн қосып жатыр.
Елдің алдында қадірі кетіп, қазақтілді аудиторияның қарғысына ұшыраған Рәміл Кремльдің агрессорлық саясатынқолдайтын болып шықты.
😤 Әлемжеліде таралып жатқан скриндер Мухоряповтың "путиншіл" позициясын әшкерелеп берді.
Рәмілден ендігі кезекте бизнес - әріптестері де бас тарта бастауы мүмкін. Олар Мәскеудің агрессорлық саясатын ақтайтын адаммен істес болғанды қаламайтыны анық.
Ал Сырымбек Тау мен Дулат Тастекеевке Мухоряпов босатқан вакуумды толтыратын кез келгендей. Chokolife қосымшасынан жаппай бас тартып жатқан қазақтілді қауым қазақша қызмет көрсететін осы тектес сервиске мұхтаж.
https://t.me/dalainside
Атышулы Рәміл Мухоряпов бизнестегі беделді жігіттерден сөз ести бастады. Сырымбек Тау, Дулат Тастекеев сынды азулы азаматтар мемтілді менсінбейтін Мухоряповқа жақсылап тұрып жауап қатты.
"Балақтағы бит басқа шықты! Жаңа Қазақстанда тілді таптаған, қорлаған адамдарға қатаң шара қолданылу қажет...", – деді Сырымбек Тау.
Ал Дулат Тастекеев қазақ тілін қажетсінбейтін Рәмілге "тілін тартып сөйлеуге" кеңес берді. Күні кешегі жағдай Рәмілше пайымдайтын біраз адамды тәубесіне түсірген. Бұлар бұдан кейін қазақтілді ортаның қас-қабағына қарап сөйлейтін болады.
Тау мен Тастекеевтің тандеміне қазақтілді бизнестің өркендеуіне мүдделі өзге де кәсіпкерлер жаппай үн қосып жатыр.
Елдің алдында қадірі кетіп, қазақтілді аудиторияның қарғысына ұшыраған Рәміл Кремльдің агрессорлық саясатын
😤 Әлемжеліде таралып жатқан скриндер Мухоряповтың "путиншіл" позициясын әшкерелеп берді.
Рәмілден ендігі кезекте бизнес - әріптестері де бас тарта бастауы мүмкін. Олар Мәскеудің агрессорлық саясатын ақтайтын адаммен істес болғанды қаламайтыны анық.
Ал Сырымбек Тау мен Дулат Тастекеевке Мухоряпов босатқан вакуумды толтыратын кез келгендей. Chokolife қосымшасынан жаппай бас тартып жатқан қазақтілді қауым қазақша қызмет көрсететін осы тектес сервиске мұхтаж.
https://t.me/dalainside
Forwarded from FinDala
🏦Қаржы пирамидалары – қазақстандықтар ақшаларын қайда салмауы тиіс?
Желге шашылған инвестиция. Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметі бойынша, 2022 жылдың алғашқы 5 айында 17 мың қазақстандық қаржы пирамидаларына түсіп, оған 27 миллионнан астам жеке қаражаттарын салған болды. Оған қоса қаржы мониторинг органдары 24 қаржы пирамида жайлы мәліметтерді сотқа дейінгі тергеу аясында бірақ алған болды. Шынында салымшылардың шығыны әлдеқайда көп. Бүгінде қаражатты қайда салудың қажеті жоқ және қаржылық пирамиданы қалай тану жолдарын талдайтын боламыз.
😢Жасырыну
Пирамида ұйымдастырушылары жиі адамдарды акцияларға, жылжымайтын мүлікке немесе криптовалютаға қаражаттарын салуды ұсынатын желілік маркетинг немесе инвестициялық компаниялар секілді жұмыс жасап, жасырынады. Шындығында, жаңа салушылардың ақшасы инвестициялық жобаларға немесе бағалы қағаздарға жетпейді, керісінше пирамиданың бұрынғы қатысушыларының дивидендтік кірісіне айналады. Адамдар мен ақша ағыны біткен бойда пирамида құлайды.
Қаржы пирамидасының белгілері:
▫️Қаржы реттеулерге сай Қаржы мониторинг агенттігінің лицензиясының жоқтығы;
▫️Олар айына немесе жылына 20-35% -дан астам табысқа уәде береді. Тіпті ірі инвестициялық компаниялар да банктік депозиттер бойынша сыйақыдан бірнеше есе жоғары табыс алуға уәде бере алмайды (жылына 12-15%). Мысалы, Halyk Finance және Jusan Invest өз клиенттеріне мұндай жоғары табысқа кепілдік бермейді. Кірістілік неғұрлым жоғары болса, инвестицияларды жоғалту қаупі соғұрлым жоғары болады екенін ұмытпау керек;
▫️Сізді басынан бастап қосымша бонустар алу үшін, жобаға жаңа қатысушыларды тартуға ұсынады;
▫️Компания өнімдерін сату үшін, бірінші реттен үлкен көлемдегі міндетті жарнаны қажет етеді. Бұндай талап оларды желілік маркетинг көрінісін жасауға көмектеседі;
▫️Кірістерді төлеу схемасы анық емес немесе тым күрделі. Кейде ақшаны алу үшін тым көп талаптарды орындау қажет;
▫️Олар пайда табуға 100% кепілдік береді. Алайда ешқандай заңды инвестициялық әдістер толықтай табысқа кепілдік бере алмайды. Инвестициялар әрқашан тәуекелдерге байланысты, сондықтан оның келешегін болжау өте қиын.
🤔Тұзаққа қалай түсіп қалмауға болады?
Өзіңізді алаяқтардан қорғанып және жинаған ақшаңызды бекер қаржы пирамидасына салмау үшін, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚР АРҚР) сайтында ұйымды тексеріп, тиісті лицензиясы болуына көз жеткізу керек. Сондай-ақ, АХҚО веб-сайтында жалпыға қолжетімді фирманың немесе жеке тұлғаның қаржы орталығындағы уәкілетті немесе тіркелгенін көрсететін тізілімдер бар. Қазір компаниялардың көбісі өздеріне сенімділігін арттыру үшін, АХҚО лицензиясына ие болып, адамдарға кепілдік ретінде ұсынады - сіз оны publicreg.myafsa.com/authorized/ веб-сайтында тексеруіңіз жөн.
🖊️Жарқын мысалдар
«Grand 24 Lombard» қаржы пирамидасының кесірінен 17 мың қазақстандықтар зардап шекті, келтірілген шығын көлемі 30 миллиард теңгеден асады. Алаяқтылық жылжымайтын мүлік пен автокөліктерді нарықтық бағадан 20%-ға жоғары бөліп төлеуге сатып алыну арқылы өткен;
Финико қаржы пирамидасының кесірінен, ақ көңіл халық 5,9 млрд теңгеге жуық жинағынан айырылды. Адамдарға салған соманың 150% дейін ай сайынғы сыйақыға уәде берді, айта кетсек ең төменгі жарналары $500 құрады;
Құрамына «Мударабах Капитал» ЖШС, «Мушараках Капитал» ЖШС және тағы басқалар кіретін «ACD Technology» ЖШС 290-нан астам қазақстандықты 8,5 миллиард теңгеге алдап кеткен. Ай сайынғы уәде етілген табыс, салым сомасының 20 пайызын құрады.
👨💼Қалай күресіп жатыр?
Қаржы мониторинг агенттігінің міндеті күдікті инвестициялық компанияларды алдын ала анықтау және қызметіне жол бермеу. Алайда шынында жұмыс мыңдаған қазақстандықтар алаяқтардын құрбаны болғаннан кейін бірақ басталады. Қазіргі таңда жеке сақтандық үшін, ҚР ҒЗО сайтында қаржылық пирамида белгілері бар ұйымдардың үнемі жаңартылып отыратын тізімімен танысуға болады.
Сондай-ақ, сенаторлар екі оқылымда қаржы пирамидасын ұйымдастыру және оларға жарнама жасауға қатысты жаңа заң жобасын мақұлдап, Мемлекет басшысының қол қоюын күтуде.
@findala

💥🫵 Мухоряповтың жауапқа тартылуын талап еткен петицияға 5 мыңнан артық адам қол қойды!
Сонымен кешеден бері Chocofamily компаниясының негізін қалаушы Рәміл Мухоряповтың қазақ тіліне қатысты айтқан сөзі желіде дау туғызды.
Фейсбук әлеуметтік желісіндегі Мухоряповтың жауапқа тартылуын талап еткен петицияға 5 мыңнан артық адам қол қойып үлгерді.
"Шындықтан қаша алмайсың" паблигінде желі белсендісі Шадияр Олжай атты азамат "Мухоряповтың жазаға тартылуын талап етейік! Қазақ деген ұлтты мазақ қылғаны үшін жауап берсін" деп жазба қалдырды.
Қазірдің өзінде жазбаға 5 мыңнан артық лайк басылып, 1 мыңнан аса пікір қалдырылған.
Секунд сайын петицияға қосылушылардың саны артып келеді.
Демек, бұл қазақ тілді аудиторияның барын және ана тіліміз үшін күресетінін көрсетті.
Енді желі белсендісі 5 мың лайк жинаған, былайша айтқанда 5 мың адам қол қойған постты петиция түріндежоғарыға жолдағалы отыр.
Қазақтілді қауым кәсіпкерге тиесілі компаниялардың қызметінен жаппай бас тартуда.
https://t.me/dalainside
Сонымен кешеден бері Chocofamily компаниясының негізін қалаушы Рәміл Мухоряповтың қазақ тіліне қатысты айтқан сөзі желіде дау туғызды.
Фейсбук әлеуметтік желісіндегі Мухоряповтың жауапқа тартылуын талап еткен петицияға 5 мыңнан артық адам қол қойып үлгерді.
"Шындықтан қаша алмайсың" паблигінде желі белсендісі Шадияр Олжай атты азамат "Мухоряповтың жазаға тартылуын талап етейік! Қазақ деген ұлтты мазақ қылғаны үшін жауап берсін" деп жазба қалдырды.
Қазірдің өзінде жазбаға 5 мыңнан артық лайк басылып, 1 мыңнан аса пікір қалдырылған.
Секунд сайын петицияға қосылушылардың саны артып келеді.
Демек, бұл қазақ тілді аудиторияның барын және ана тіліміз үшін күресетінін көрсетті.
Енді желі белсендісі 5 мың лайк жинаған, былайша айтқанда 5 мың адам қол қойған постты петиция түрінде
Қазақтілді қауым кәсіпкерге тиесілі компаниялардың қызметінен жаппай бас тартуда.
https://t.me/dalainside
🔥⬆️ Мухоряповтың жауапқа тартылуын талап еткен петиция 5 мыңнан артық қол жинады!
💥 Жаңбыршин бастаған бір топ депутат атышулы Мухоряповтың үстінен арыз берді!
Мәжілістегі "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері "кәсіпкер ел тыныштығына нұқсан келтірді" деп санайды.
Бұл топ президент Тоқаевтың пәрменімен құрылғанын ескерсек, Мухоряпов қазірдің өзінде қораға кірді деуге негіз бар 😁

🤌 Кредит дәуірі бітті. Депозиттер мен облигациялар трендте
Ұлттық Банк базалық ставканы 16 пайызға бірден көтерді. Сарапшылар оны ешкім күтпеген ең радикалды қадам деп бағалап отыр. Бірақ Мемлекет басшысының инфляция мен халықтың шамадан тыс кредиттелуімен күресу бойынша жария бағытын ескерсек, Ұлттық Банк осы жағынан Ақордаға барынша көмек беретін сыңайлы.
Базалық ставка 16%, +/- 1% коридор нені білдіреді?
Банктер Ұлттық Банктен 17%-бен кредит ала алады, ал Ұлттық Банк ноталарына қаржы салса, жылдық 15% табыстылықпен пайда көрмек. Яғни, қаржы ұйымдары үшін халық пен коммерциялық компанияларға тәуекелі жоғары кредит бергеннен көрі, қолда бар ақшаны (свободный денежный поток) толық гарантиясымен Ұлттық Банк ноталарына немесе Қаржы министрлігінің және квазимемлекеттік компаниялардың облигацияларына салған тиімді болады. Мұндай жағдайда нарықта бос ақша қалмайды. Жалпы, кімде кэш бар, соның дәуірі жүрмек.
Біз бұл сценарийді дедолларизация науқанында, яғни 2015-2016 жылдары көрген болатынбыз.
Халық үшін депозиттер тиімді бола түседі. Бұл бір жағынан алғанда акциялар нарығына рикошетпен ұрмақ. Тіпті алда жоспарланып отырған "ҚазМұнайГаз" IPO-сы қатты бір қызық болмай қалуы мүмкін. Депозит 18% табыс беретін болса, акциялар үшін тәуекелге барудың қажеті қанша?
Сұрақтың төресі - процент өссе де, халық кредит алуын қоя ма? Бәрімізге осы сұраққа жауап іздеу керек.
Себебі халықты 14% базалық ставка еш тоқтата алмаған болатын. Оны статистика көрсетті. Енді халыққа 16% базалық ставка әсер етпесе, онда басқа рычаг та қалмайды. Себебі ставканың 18%-ға өсуі - экономиканы толық өлтірмек.

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥🇰🇿 Президент Тоқаев:
"Сыртқа шығарылған капиталды елге қайтармай тынбаймыз. Бұл қаражатты бүтіндей халықтың игілігіне жұмсаймыз!..".
https://t.me/dalainside
"Сыртқа шығарылған капиталды елге қайтармай тынбаймыз. Бұл қаражатты бүтіндей халықтың игілігіне жұмсаймыз!..".
https://t.me/dalainside
📊 Мұнайға тәуелділік қашанға дейін жалғасады?
Қазақстан өз бюджетінің 40 пайызын мұнайдан түскен табыс арқылы жауып отыр. Одан бөлек, мұнай рентасы Ұлттық қорға да аударылады. Бір сөзбен - мұнай біздің барымыз және егер қара алтын бітіп қалса, немесе ол ешкімге керек болмай қалса - біздің қалай өмір сүретініміз мүлде түсініксіз.
Үкімет жоспары бойынша 2025 жылы бюджет табысының 78,2 пайызы мұнайға қатысы жоқ салалардан түсуі тиіс. Бірақ - ол қандай салалар? Бұл жағы ашық айтылмайды.
Мысалы, келесі жылға арналған бюджет бойынша салық және басқа да көздерден 17,8 триллион теңге түсуі тиіс. Ал бюджеттің шығыстары 21 триллион теңгені құрайды. Арадағы 3,2 триллион теңге дефицит тағы да Ұлттық қор есебінен жабылмақ: 2,2 триллион теңге кепілдендірілген трансферт, ал 1 триллион теңге нысаналы трансферт.
Мұнайдан басқа бізге не ақша әкеледі?
Салық үлестеріне қарасақ, мұнайды алып тастағанда біз сервис пен сауданың арқасында күн көріп отырмыз. Алматы таза сервис пен сауда салықтарын, Астана ірі квазимемлекеттік компаниялар салықтарын, ал Атырау мұнай салығын беріп отыр.

📈🏦 Home Credit Bank теңгедегі депозиттер бойынша жылдық тиімді мөлшерлемені 17,5%-ға дейін өсірді
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені көтергеннен кейін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры екінші деңгейлі банктерге депозит мөлшерлемесін көтеру бойынша ұсыныс білдірді.
Чехиялық Home Credit Bank – отандық банктердің ішінен алғашқылардың бірі болып, ұсынысты жүзеге асырып отыр. 29-шы қазаннан бастап, Home Credit Bank депозиттер мен депозиттік сертификаттар бойынша 17,5% көлеміндегі ең жоғары жылдық тиімді мөлшерлемені бекітеді.
Сонымен қатар, банк жыл басынан бері төртінші рет «Простой» депозиті бойынша жаңа салымшылар үшін ғана емес, өзінің бар клиенттеріне мөлшерлемені автоматты түрде көтеруде. Оның үстіне, банк тарапынан мөлшерлемені көтеру Депозиттерге кепілдік беру қорының хабарламасынан кейін келесі күні автоматты түрде жасалады.
Бұл жолы «Простой» депозиті бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме 15,5%-ға дейін өсті. Депозиттерді банк филиалдарында ғана емес, Home Credit Bank мобильді қосымшасында немесе веб-сайтында да онлайн ашуға болады.
https://home.kz/kk/deposits

Home Credit Bank
Депозит
Депозитін ашып, тұрақты түрде пайызға ие болып, арманыңызға ақша жинаңыз!