DALA INSIDE
15.1K subscribers
371 photos
119 videos
1 file
963 links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
🏦 Қазақстандық банк ресей банкінің барлық сөлін сығып алды

Атауы «Eco Center Bank» болып өзгерген бұрынғы ресейлік "Альфа-банк" (оның Қазақстандағы еншілес банкі) өзінің жаңа акционері - "Банк ЦентрКредитке" 2015-2021 жылдар үшін тағы 30 миллиард теңге дивиденд төлемек. Ол туралы KASE выпискасынан белгілі болды.
Өткен маусым айында Eco Center Bank ЦентрКредитке 50 миллиард теңге көлемінде дивиденд берген еді. Осымен бұрынғы Альфадан жаңа қожайыны 80 миллиард теңге шығарып алды.

Ал барлық капиталы сорып алынғаннан кейін, Eco Center Bank жойылып, ол түбегейлі ЦентрКредит банкіне қосылатын болады.

Ресейлік "Альфа-банк" биыл 6-шы сәуірде АҚШ санкцияларына ұшырады. Сол кезден бастап ол әр елдегі еншілес ұйымдарын сата бастаған еді. Қазақстандағы активін тиімді бағамен Бақтияр Бәйсейітов иелік ететін ЦентрКредит банкі сатып алды.

https://t.me/dalainside
Huawei 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы нәтижесін жариялады

Компания қызметінің ортақ нәтижелері болжамдарға сәйкес келеді.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Huawei компаниясының сатудан түскен табысы 301,6 миллиард юаньға жетті. Бұл шамамен 44,7 миллиард АҚШ долларын құрайды. Оның ішінде таза пайда маржасы 5 пайызды құрады.

Телекоммуникация қызметінің кірісі 142,7 миллиард юаньға, кәсіпорынның кәсіптік кірісі 54,7 миллиард юаньға, терминалдық құрылғылардың кірісі 101,3 миллиард юань көрсетті.

«Біздің терминалдық құрылғылар бизнесіне сыртқы жағымсыз әсерлер болғанына қарамастан, АКТ инфрақұрылымының өндірісі өзінің қарқынды өсуін сақтап қалды», - деді, Huawei төрағасы Кен Ху.
«Алдағы уақытта біз тұтынушыларымыз бен серіктестеріміз үшін құндылықтар жасауды жалғастыра береміз, әрі сапалы дамуды қамтамасыз ету үшін цифрландыру және декарбонизация үрдістерін пайдаланамыз».

Huawei – инфокоммуникация және инфрақұрылымдық шешімдердің, сондай-ақ смарт құрылғылардың жетекші жаһандық ойыншысы. Қазіргі таңда компания жаһандық прогреске итермелейтін іргелі зерттеулерге қаржы бөліп отыр. Huawei - 1987 жылы құрылған жеке компания. Акцияларына өз қызметкерлері иелік етеді. Компанияда әлемнің 170-тен астам елінде 188 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді.

https://t.me/dalainside
Киноға 2 тегін билет! Кино емес, концерт, театрға барамын десеңіз оны да алып береміз. Баратын күнін, шараны да өзіңіз таңдайсыз!

Құрметті оқырмандарым! Ол үшін не істеу керек? "Үйде жатпа!" телеграм арнасына жазылыңыз. Ссылкасы төменде. Бүгін сағат 18-00де сол жерде викторина ойнатылады. Қатысыңыз, себебі жолыңыз болады!

https://t.me/uidezhatpa
🏦 Jana емес, Dala болатын болды

"Сбербанк Қазақстан" 18-ші тамызда ресми түрде "Бәйтерек" холдингіне сатылды деп жазады, Kapital.kz

Басылымның екі бірдей дереккөзі осы ақпаратты растаған. Сол күні Сбербанк dalabank.com.kz домендік атауын тіркеген.

Осыған қарағанда, банктің жаңа атауы "Dalabank" болмақ. Оның алдында Nege.kz порталы "Бәйтерек" холдингінің Сбербанкке бірнеше атау қарастырып жатқанын, және оның ішінде "Jana bank" атауына бүйрегі бұрып тұрғанын жазған еді.

Dala атауы осы DALA INSIDE телеграм каналында, онымен аффирленген Dalanews.kz ақпараттық сайтында бар. Бірақ Сбербанктің Dala атауын алуға қарсы емеспіз. Әзірге болашақ "Dalabank" DALA INSIDE серіктестерінің қатарына кірмейді.

Қазақтілді телеграм нарығына ірі халықаралық компаниялар, онымен бірге жергілікті ойыншылардың да қызығушылығы біртіндеп артып келеді. Ашығын айтсақ, бұл нарық енді ғана көтеріліп келе жатыр.

Әзірге қазақша телеграм арналардың ішінен тек DALA INSIDE қана Huawei, Home credit bank сынды халықаралық алпауыттармен ресми келісім-шартқа отырды.

Ендігі басты сұрақ - мемлекет "Бәйтерек" холдингі арқылы Сбербанкті қаншаға сатып алды? Және ол елімізге тиімді ме?

Осы орайда Ресейдің Альфа-банкін 100 миллион долларға сатып алған ЦентрКредит банкінің осы қадамнан қазірдің өзінде 130 миллион доллар пайда көргенін жазған болатынбыз. "Бәйтерек" дәл солай пайда тапса құба-құп болады. Ал егер шығынға ұшыраса, холдинг басшылығына болашақта үлкен сұрақтар туындап, кейін тіпті қылмыстық іске де жетелеуі мүмкін.

https://t.me/dalainside
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿⚡️ Қазақстан мен Ресей басшыларының жүздескен сәті. Путиннің жүзі жылы. Жуасып қалыпты. Батыс санкциялары сабасына түсірген сынды. Президентіміздің есімін де жаңылыспай, жөндеп айтқандай естілді.

https://t.me/dalainside
🌅 Арман Абдрасилов: Жұмысқа ұсыныс көп, бірақ қазір демалып аламын

Мемлекет жауып тастаған "Зерде" ұлттық холдингінің басшысы Арман Абдрасилов DALA INSIDE шолушысымен тілдесіп, алдағы жоспарларын айтты.

"Мен әлі қызметтен кеткен жоқпын, себебі маған мына жұмысты өткізіп беру керек. Қазір демалыстамын. Ал болашақта қайда барып қызмет істейтініме келсек, ұсыныстар аз емес. Бірақ ол туралы демалып алғаннан кейін ойланамын", - деді, Арман Абдрасилов.

Оның әлеуметтік желідегі суреттеріне қарағанда, Балқаш көлінде балық аулап жүргені байқалады.

"Зерде" холдингі 14 жыл өмір сүрді. 2008 жылы холдинг «Самғау» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ қайта құру нәтижесінде құрылды.

Холдингті осы уақыт аралығында Бикеш Құрманғалиева, Әсел Жиенбаева, Руслан Еңсебаев, Арман Абдрасилов сынды азаматтар басқарды.

https://t.me/dalainside
💥 "Самұрық-Қазынаның" сауапты ісі

Оқу маусымы жақындаған тұста «Самұрық-Қазына» АҚ биыл бірінші сыныпқа аяқ басатын балаларға сыйлық тарату мақсатымен «Мектепке жол» акциясын бастады.

Жоба ел аумағындағы 12 мың баланы қамтымақ. Осы мақсатта бөлінген қаржы да аз емес, игі іске 185 миллион теңге бөлінді.
19 тамыздан бастап волонтерлар бүлдіршіндерге кеңсе заттары салынған сыйлық-қоржындарды үлестіре бастады. Бұл іс 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Атаулы көмекті Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан мен Павлодар облысының, жаңадан құрылған Абай облысының жергілікті атқарушы органдары ұсынған тізім бойынша әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға береді. Бірінші сыныпқа барғалы отырған балалар үшін бұл жақсылық білім алуға деген үлкен құлшынысты оятары күмәнсіз.

Аталған акция «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен жүзеге асыып жатыр. Қазақстандағы көптеген саланың дамуына қаржылай қолдау көрсетіп, ел имиджін қалыптастыруға еңбегі сіңген «Самұрық-Қазына» АҚ елдің әлеуметтік мәселелеріне бейжай қараған емес. Бұдан да басқа жақсы амалдарға себепкер болған ұжымның маңызды жобалары жетерлік. Биыл маусымда «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, журналистермен, белсенділермен, жастармен және әкімдік қызметкерлерімен кездесіп, күрделі мәселелердің шешу жолдарын талқылаған болатын. Сол кезде де «Самұрық-Қазына» АҚ балаларға ерекше мән беретінін аңғартқан еді.

https://t.me/dalainside
💥 "Самұрық-Қазына" қоры "Мектепке жол" акциясына атсалысып жатыр.
🖥️ Мусин бір қорадан екінші қораға кірмек. Немесе Абдрасилов қарсы шабуылға шықты

Ресейлік СБЕР санкция астында қалғандықтан ҚР Цифрлі даму, инновация және әуеғарыш өндірісі министрлігі Egov-ты дамытуға қажет платформаны Біріккен Араб Әмірліктерінің "Group 42" компаниясынан сатып алмақ. Бұл туралы жабылып жатқан "Зерде" холдингінің басшысы Арман Абдрасилов фейсбук парақшасында жазады.

"Ішкі нарықтың 2,8 млрд теңгеге ұлттық платформаны әзірлеу жөніндегі ұсынысын ескерсек, ашық конкурстық рәсімдер арқылы осы платформаны 10 есе қымбатқа сатып алу қиынға соғады. Сондықтан ескі лайфхак – яғни, Үкімет қаулысына сәйкес бір көзден сатып алу әдісі қолданылуы мүмкін.
Біздің цифрлық министрлік маусым айының соңында Біріккен Араб Әмірліктерінде болып, "Group 42" компаниясымен кездесті. Ал олардың қарымта сапары тамыз айының соңына дейін жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейін, бұған дейін «Зерде» холдингі бұл жобаны мемлекеттік қаржыландырусыз, жергілікті компаниялардың өз қаражатына жүзеге асыруды ұсынған болатын" - деп жазады, Арман Абдрасилов.

Қазір біз министр Бағдат Мусин мен Арман Абдрасиловтың шайқасын көріп отырмыз. Бағдат Мусин ірі жүріс жасап, Абдрасилов басқарған "Зерде" холдингін жауып тастады. Абдрасилов демалысқа шығып күш жинап алды да, халық наразылығын тудыратын компроматтың бетін ашты. Абдрасиловтың негізгі мақсаты - Мусинді министр қызметінен кетіру.

Оның жазуынша араб компаниясына төленетін сома құны 28 млрд теңге болмақ. Бірақ ақпарат министрлік тарапынан әлі расталмады.

Жалпы, Бағдат Мусиннің кез-келген нәрсені шетелден сатып алуға деген талпынысы үлкен сұрақтар туындатады. Қазақстандық IT мамандар әлемде ешкімнен кем емес, тіпті көп жағдайда алда келеді. Egov.kz жүйесін, Kaspi.kz, басқа да түрлі хит өнімдерді отандық мамандар жасап шығарды. Осындай потенциал барда, неге оны өзіміздің игілігімізге пайдаланбаймыз? Ақшаны өз IT саламызға жұмсасақ, керісінше біз одан сайын дамымаймыз ба?

Неге Бағдат Мусин халықтың ақшасын шетелдік компанияларға үлестіріп беруге құлшынады? Оның артында жемқорлық әрекет жатқан жоқ па? Мусиннің әр қылығынан кейін осындай сауал пайда болады.


https://t.me/dalainside
🤜 Мусин қарымта соққы жасады

ҚР Цифрлық даму, инновация және әуеғарыш өндірісі министрлігі жабылғалы жатқан "Зерде" холдингі басшысы Арман Абдрасиловтың ақпаратын жоққа шығарды.

«Әлеуметтік желілерде Қазақстан Біріккен Араб Әмірлігінің компаниясынан цифрлық платформа сатып алуды жоспарлап отырғаны туралы ақпарат пайда болды. Сонымен қатар мәміленің «сомасы» да жарияланды. Бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Орындаушы отандық компаниялар арасында конкурстық рәсімдер арқылы таңдалады. Қазіргі уақытта техникалық құжаттама пысықталуда». - деп жазылған, министрлік таратқан хабарламада.

Оның алдында ҚР Цифрлі даму, инновация және әуеғарыш өндірісі министрлігінің Egov-ты дамытуға қажет платформаны Біріккен Араб Әмірліктерінің "Group 42" компаниясынан сатып алмақшы болғанын Арман Абдрасилов өз фейсбук парақшасында жазған еді.

"Ішкі нарықтың 2,8 млрд теңгеге ұлттық платформаны әзірлеу жөніндегі ұсынысын ескерсек, ашық конкурстық рәсімдер арқылы осы платформаны 10 есе қымбатқа сатып алу қиынға соғады. Сондықтан ескі лайфхак – яғни, Үкімет қаулысына сәйкес бір көзден сатып алу әдісі қолданылуы мүмкін.
Біздің цифрлық министрлік маусым айының соңында Біріккен Араб Әмірліктерінде болып, "Group 42" компаниясымен кездесті. Ал олардың қарымта сапары тамыз айының соңына дейін жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейін, бұған дейін «Зерде» холдингі бұл жобаны мемлекеттік қаржыландырусыз, жергілікті компаниялардың өз қаражатына жүзеге асыруды ұсынған болатын" - деп жазды, Арман Абдрасилов.

Министр Бағдат Мусин мен Арман Абдрасиловтың шайқасы жалғасуда. Хроникасы:

Бағдат Мусин Абдрасилов басқарған "Зерде" холдингін жауып тастады. Абдрасилов демалысқа шығып күш жинап алды да, халық наразылығын тудыратын компроматтың бетін ашты. Мусин - "ол ақпарат жалған" деп жауап берді.

https://t.me/dalainside
🏦 Мұхамеджанов әлде Ибрагимова. "Бәйтерек" сатып алған Сбербанкты кім басқарады?

"Бәйтерек" холдингі Сбербанкты сатып алғанын ресми растады. Ол енді Dalabank деп аталатын болады. Бірақ екі сұрақтың басы ашық: Dalabank-ті кім басқарады және холдинг банкті қаншаға сатып алды?

Қазір Dalabank басшылығына екі үміткер бар. Ол "Бәйтерек" холдингі басқарма басшысының орынбасары Әділ Мұхамеджанов пен қазір "Отбасы банкті" басқарып отырған Ләззат Ибрагимова.

Екеуінің де тиісті біліктілігі бар. Бірақ таза банк жұмысына келгенде Мұхамеджановты көбірек қаржыгер дер едік. Ол кезінде КИК жұмысын жолға қойған болатын.

Ибрагимова көбіне макроэкономист. Және ол мемлекеттік органдармен жақсы байланыса алады.

Бірақ Холдингтегі ең мықты банкир - қазір соны басқарып отырған Қанат Шарлапаевтың өзі. Ұзақ жылдар бойы "Сити банкте" істеу оңай емес. Сондықтан Шарлапаев кадр таңдауда қателесе қоймайды.

https://t.me/dalainside
🚢 ТМТМ - Тоқаев қоятын шах. Баку сапары әр қазақ үшін несімен маңызды?

Қазақстан Ресейге деген транзиттік тәуелділіктен құтылса, Путиннің бізге батырар ықпалы жоғалады. Одан кейін, елдегі Ресей телеарналарын өшіріп тастауға толық мүмкіндік аламыз.

Қазақстан Президенті Әзірбайжан астанасы Бакуға екі ел арасындағы транзитті толық жолға қою үшін бара жатыр. Оның Қазақстанның болашағы үшін және Ресейдің транзиттік диктатынан құтылудағы маңызы зор.

Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы Каспий арқылы байланыс Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (ТМТМ) бөлігі болып табылады. ТМТМ - Қытайды Еуропамен байланыстыратын маршрут және соңғы жылдары тым ұзақ жүретін мұхит арқылы су тасымалына балама ретінде қарастырылып жүр.

Қазір TMTM-ның жалпы өткізу қуаты жылына шамамен 6 млн тоннаны құрайды, оның ішінде 80 мың контейнер (TEU) тасымалданады. Бұл бағыт Қазақстан үшін транзиттік тығырықтан шығуға мүмкіндік береді.

Қандай проблемалар бар?

ТМТМ-ге біз тек Ақтау мен Құрық порттары арқылы қатысамыз. Ақтаудың өткізу қуаты жылына 15 миллион тоннаны құрайды. Ал Құрықта - жылына 6 миллион тонна ғана өткізу қабілеті бар. Олар Әзірбайжанның Алят портымен қатынасады. Сонда біздің порттар арқылы өткізу қуатымыз бар болғаны жылына 21 миллион тонна ғана болып отыр.

Қазақстан осы жерде ТМТМ үшін "тар тесік" саналады. Тесікті тез арада кеңейту қажет.

Порттардан басқа, бізде Достық – Мойынты, Алматы торабы бойынша темір жолдардың өткізу мүмкіндігі шектеулі. Ал Каспий теңізінде сауда флотымыз өте шағын, яғни паромдар, контейнерлік кемелер жетпей жатыр.

Әзірбайжанда да осындай "тар тесіктер" бар. Оларда порттағы ауыстырып тиеу инфрақұрылымы тым кішкентай. Сонымен бірге фитингтік платформалар дефициті байқалады.

Тоқаев пен Әлиев осы кептеліс проблемасын шеше ала ма? Қазақстан Президент бұған аса мүдделі. 2022 жылдың бес айында ғана ТМТМ бағыты бойынша 732,5 мың тонна жүк тасымалданған. Яғни, 2021 жылға қарағанда 2,5 есе өсім бар. Биыл жоспар бойынша 3,2 миллион тонна өтеді деп жоспарланған. Егер тарифтік бірыңғай кеңістік қалыптасса, осы көрсеткішті 10 есеге арттыруға болады.

Транскаспий бағыты Қара теңіз бассейніндегі Поти порттары мен Батумиге шығады. Ал теміржол вагондары Баку-Тбилиси-Карс тж жүйесі арқылы Түркияның Мерсин және Стамбул порттарына барады. Ол жерден жүктер Еуропаға әрі қарай таралады.

Сонда ТМТМ Қытай - Қазақстан (Алтынкөл – Ақтау) – Әзірбайжан (Баку) – Грузия (Батуми/Поти) арқылы Еуропаға небары 4 479 шақырым жол жүріп, тіке шыға алады.

https://t.me/dalainside
😥 Жағдайы ауыр "ҚазМұнайГаз". Ұлттық компания Еуропада дұрыс жұмыс істей алмай отыр және қарызы көбейіп келеді

"ҚазМұнайГаз" АҚ биылғы жартыжылдықтың қаржылық есебін шығарды. Көрсеткіштер теңгемен өскен, бірақ доллармен шаққанда құлаған.

Мысалы, ҚМГ таза пайдасы 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 644 миллиард теңге болған еді. Ал 2022 жылдың 6 айында 677 миллиард теңгені көрсетті. Бір қарағанда өсім бар сияқты. Бірақ доллармен таза кірісі 0,1%-ға төмендеді. Дәл осы кезде, мұнай бағасы орта есеппен 50%-ға қымбаттағанын ұмытпауымыз керек. Сонда ҚМГ пайдасы көбеюдің орнына қалайша төмендеп отыр?

ҚазМұнайГаз «Теңізшевройл» есебінен күн көріп отыр десе де болады. Осы алты айда ҚМГ пайдасының 59,2 пайызын ТШО берді.

ҚазМұнайГаз Румыниядағы активтерін дұрыс басқара алмайды. Одан пайда емес, керісінше жыл сайын шығын көруде. Биыл ҚМГ румындық мұнай өңдеу зауыттарының қажеттіліктері үшін қайтадан 126 миллион доллар несие алды.

Осының салдарынан ұлттық компанияның онсыз да аз емес қарызы қордаланып, көбейіп келеді. Былтыр жыл соңында ҚМГ ВТБ банкінен 38 млрд рубль кредит алған.

Нәтижесінде, ҚазМұнайГаз 2,3 триллион теңге қарыз. Бұл ақшаға тағы да үш рет EXPO өткізуге немесе ел астанасын Арқалық қаласына көшіруге болады.

https://t.me/dalainside
🎓 Huawei Қазақстанда ІТ мамандарды дайындауға өз үлесін қалай қосып отыр?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауына сәйкес 2025 жылға қарай 100 мың қазақстандық ІТ маман дайындалуы тиіс. Білім беру инфрақұрылымын жаңарту және отандық кадрларды қолдау қажеттілігін бүгінгі таңда отандық АКТ- индустриясының озық өкілдері де қолдап отыр.

Президенттің талантты мамандарды оқыту жөніндегі стратегиясы шеңберінде Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы техникалық мамандықтағы студенттерді дайындау үшін бүкіл ел бойынша АКТ-академиялары желісін дамыту үстінде.

Компания қызметінің бұл бағыты Huawei компаниясының 2023 жылға дейін инфокоммуникация саласындағы 700 мыңнан астам маманды дайындау жөніндегі жаһандық даму бағытымен қиысады.

https://t.me/huaweimediatalks
Адами капитал - Жаңа Қазақстанның дамуының негізгі ресурсы

Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының спикерлері Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Адами капитал - Жаңа Қазақстанның дамуының негізгі ресурсы» атты 2022 Ғылым және жоғары білім форумына қатысты. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті және «Ғылым қоры» АҚ ұйымдастырды.

«Huawei компаниясы оқу орны мен АКТ-саласы арасындағы алтын «көпірге» айналды. Біздің мақсатымыз – білімдегі алшақтықтардың орнын толтыру үшін академиялық топтармен жұмыс істеу. Біздің университеттердегі АКТ- академиялары студенттерге Huawei-ң халықаралық сертификатын алуға және тәжірибелік дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді, болашақта бұл жұмысқа тұруға көмектеседі,- деді, Huawei Technologies Kazakhstan бас директоры аппаратының басшысы Фарида Толеубаева – Біз талантты студенттерге осында, Қазақстанда қалуға, болашақта еліміздің ІТ-индустриясын дамыту үшін халықаралық білім мен тәжірибе жинауға көмектесеміз».
Адами капитал Қазақстанды 2050 жылға қарай әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына енгізе алады

Ғылымға негізделген экономиканы құру және адами капиталды қолдау қажеттілігі бәсекеге қабілеттіліктің, мемлекеттің экономикалық өсімі мен тиімділігінің іргетасы болып табылады. Дүниежүзілік экономикалық форумның есебіне сәйкес дәл шығармашылық және өнімді жұмыс күші өзге ресурстармен салыстырғанда ұлттың ұзақ мерзімді экономикалық табысына ең ауқымды үлес қосады.

Шетелдік білім мен мүмкіндіктерді пайдалану және кейіннен дамып отырған салаларды жан-жақты зерттеу үшін әлемдік санаттағы білім және ғылыми-зерттеу институттарын құру дамыған елдер ұстанған стратегиялардың басты табысқа жету факторына айналды.

Қазақстанда бұл тәжірибе Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы ұсынатын АКТ-таланттарды қолдау мен дамыту жөніндегі халықаралық бастамалар базасында жүзеге асырылады. Бағдарламалар студенттердің компанияның технологиялары мен инфокоммуникациялық өнімдеріне қол жеткізуіне және Huawei-де оқу мен оның сертификатын алу мүмкіндігін береді.

«Біз профессорлық-оқытушылық құрамның зияткерлік әлеуетін жоғары бағалаймыз. Олардың күшімен ғылыми зерттемелерді коммерцияландыру, өндірістік және бизнес процестерге ғылыми технологияларды енгізу тұрғысынан қосымша қаржыландыру тартылады. Бүгінгі таңда біз семинар шеңберінде олардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы әлеуетін көріп отырмыз» - деп, Ғылым комитетінің төрағасы Әділет Тойбаев атап өтті.

https://t.me/huaweimediatalks
🐯 Ұлттық Қордың шығындары азаяды. Келесі жылдың бюджет дефициті 3,2 триллион теңге болмақ

Үкімет Президент жолдауына 4 күн қалғанда 2023 жылдың бюджет жобасын жариялады. Заң жобасы алдын-ала консультациялардан өткені белгілі. Сондықтан оны Парламенттің қос палатасы тез арада бекітіп, Мемлекет басшысы еш қиындықсыз қол қоятынын алдын-ала болжауға болады.

Жоспар бойынша келесі жылы бюджеттің кірісі (салық, жекешелендіру, Байқоңыр арендасы, тб) 17,5 триллион теңге деп бекітілді. Ал шығыны 20,6 триллион теңгені құрайды. Оған мемлекеттің барлық шығыстары (бюджет қызметкерлеріне жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, білім, денсаулық сақтау және барлық салаларды қаржыландыру, тб) кіреді.

Бір сөзбен айтқанда, 17,5 триллион теңге табамыз, ал 20,6 триллион теңге құртамыз. Сонда 3,2 триллион теңге тапшылық пайда болады.

Біз оны немен жабамыз? Бюджет жобасында Ұлттық Қордан 2,2 триллион тенге трансферт қарастырылған. Бұл биылғы Ұлттық Қордан ақша алуымыздан аз, себебі биыл біз 4 триллион теңгеден астам Қор қаржысын жағып жібердік. Сонда тағы 1 триллион теңге дефицит қалып отыр. Оны Қаржы министрлігі ішкі нарықтан қарыз алу арқылы, яғни мемлекеттік облигацияларды (ГЦБ) биржаға шығарып тартады.

Келесі жылы Президент жолдауындағы бастамаларды қаржыландыруға 1 триллион теңге қарастырылған. Демек, бұл осы 1-ші қыркүйекте жарияланатын Жолдауды іске асыруға біраз қаржы керек деген сөз және шығындардың көбісі әлеуметтік бағытта болмақ.

Жалпы, "DALA INSIDE" Президент жариялайтын Жолдаудың негізгі тезистерімен алдын-ала таныс, бірақ джентельмендік келісім бар болғандықтан, ол туралы сөз қозғауға әлі ерте.

Бар айтарымыз, Жаңа Қазақстанның ең алғашқы жолдауы өзінің осы атағына лайық болады. Ол сіздің көңіліңізден шығатыны 100 пайыз.

https://t.me/dalainside
Ерлан Тұрғымбаев және оған қатысты ақпараттар

Экс Ішкі істер министрі, соңғы кездері Президенттің кеңесшісі болған Ерлан Тұрғымбаевтың қылмыстық іс орбитасына іліккені жөнінде ресми расталмаған ақпараттар пайда болды.

Дереккөздер Жолдауға дейін оған қатысты ешқандай ресми мәлімет жарияланбайды деген пікірде.

Ерлан Тұрғымбаевтың бір мезетте кеңесші лауазымынан босатылуы оған ведомствоаралық тергеу тобы тарапынан сұрақтар болғанын айғақтайды. Кәрім Мәсімовтің тергеу барысында берген ақпараттарынан кейін, бірнеше лауазымды тұлғаның басына бұлт үйірілетінін болжауға болады.

https://t.me/dalainside