DALA INSIDE
15.4K subscribers
386 photos
121 videos
2 files
941 links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ West Oil Software жұмысшылары «ҚазМұнайГаз» өкілдерімен келіссөз жүргізуден бас тартты...

20 желтоқсанда Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев West Oil Software жұмысшыларымен келіссөз жүргізуге талпынды. Алайда жұмысшылар «ҚазМұнайГаз» штатына жұмысқа орналасуды талап етіп, кездесуден бас тартты, деп хабарлайды Қарақия ауданының әкімдігі.

Төретаев кеше West Oil software-дің наразы қызметкерлерімен кездескен. Әкім наразы қауымды сабырға шақырып, мәселені үстел басында шешуді ұсынған. Жұмысшылар әкім ұсынысын қабыл алған.

20 желтоқсан күні таңертең «ҚазМұнайГаз» АҚ төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов, «Маңғыстау Мұнай Газ» басшысы Мұрат Мұстафаев, West Oil software басшылығы мен Қарақия ауданының әкімі ереуіл өтетін жерге келіп, уағда бойынша келіссөз процесін бастауға шақырды.

Алайда, West Oil Software бұған дейінгі уәдеден айнып, келіссөзді бастаудан бас тартқан.

- Арнайы комиссия келіссөз жүргізуге дайын. Бұл жағдайды реттеудің ақылғы қонымды жолы, оны пайдалану қажет, - деді Дәулетжан Хасанов жиналғандарға.

Алайда, WOS қызметкерлері «ҚазМұнайГаз» штатына жұмысқа орналасуды талап етіп, келіссөзден бас тартты.

WOS-тың бірқатар мамандарының жалақыны «ҚазМұнайГаздағы» еңбекақымен теңестіру, ҚМГ еншілес кәсіпорнының штатына кіру сияқты қосымша талаптары орынсыз екенін ескеру қажет. Неге?

WOS-тың кей қызметкерлері бұрын "ҚазМұнайГаздың" еншілес ұйымдарының қызметкері болған және 2018 жылы 5/50 бағдарламасын пайдаланып, өз еркімен жұмыстан шыққан әрі аталған бағдарлама аясында 5 жылдық жалақысының 50% алған. Орташа алғанда, бір адамға төленетін төлем сомасы шамамен 11 млн теңгені құрады. Осы себепті ҚазМұнайГаздың ЕТҰ штатына көшуі туралы талаптар да мүмкін емес.

Ереуілге байланысты "West Oil Software" ЖШС күніне шамамен 23 млн теңге шығынға батуда.

https://t.me/dalainside
🪨 Тас басын иіп, қазақ ұлтының мүддесін мойындады. Қазақстан ОДКБ-ны толық сындыра алды

10 күннен кейін Қазақстан ОДКБ төрағалығын қолына алады. Оның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов "Қазақстан қалай жұмыс істе дейді, солай жұмыс істеуге дайынмын" деп отыр.

DALA INSIDE дереккөзінің айтуынша, біраз ішкі консультациялардан кейін, Иманғали Нұрғалиұлының саяси салмағын ескере отырып, Ақорда оны ротация аясында ОДКБ хатшылығында қалдыратын болып шешкен.

Енді Тасмағамбетов Қазақстанның ОДКБ-ға қатысты берген "Жол картасын" қабылдап, сол бойынша ұйымның келер жылғы жұмысын бекітпек. Негізгі ауқымды шаруалар - әскери жаттығу жұмыстары. Қазақстан, Ресей, Қырғызстан мен Тәжікстан полигондарында жеті жаттығу өткізу жоспарланған.

Тасмағамбетов ОДКБ төрағалығына отырып алып, тура Путин мен Лукашенко сияқты "Ұжымдық Батыс қауіп төндіріп тұр. АҚШ, Еуропамен күресу керекпіз" деген сарындағы пластинаны қайта-қайта айналдыра бастаған. Онысы Путинге майдай жақса, Ақорданың ашуын келтірген.

Ресей идеологиясы ықпалында қалып, біраз батыл мәлімдеме жасап кеткен Тасқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев емеурінмен ескерту жасаған болатын. Тасмағамбетов сабасына тез түсіп, дер кезінде жел ауанын байқады.

ОДКБ туралы айтарымыз аз емес. Бізге жазылып алыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
"Өзенмұнайгаз" АҚ ұжымы халыққа үндеу жасады
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Горилладан кофе қауіпті болып шыққаны ма?

Тәуелсіз блогер Полина Шиманская бұқаралық ақпарат құралдарынан энергетикалық сусындарда 8 шыныаяқ кофедегідей кофеин барын оқығаннан кейін, достарымен бірлесіп фактчекинг жасаған. Олар кофеиннің құрамын анықтау үшін "Nutritest" сынақ зертханасына ең күшті Lavazzo intenso кофесінің бір стаканын және Горилла банкасын ұсынған.

Nurtitest зертханасында сынақтар 2023 жылдың 15 желтоқсанында жүргізілді. Сынақ қорытындысы бойынша Горилла банкасындағы кофеин деңгейі литріне 274 мг құрады. Ал Lavazzo Intenso кофесінде кофеин литріне 2384 мг дейін шарықтаған.

"Егер қандайда бір күмән-күдіктеріңіз болса, сынақ хаттамасының көшірмелерін жібере аламыз. Яғни, кофеде кофеин шамамен 10 есе көп. Денсаулық сақтау министрлігі неге бізді энергетиктермен қорқытып отыр?", - деп сауал қояды блогер.
🇰🇿🥚🇷🇺 Жұмыртқа соғысы: Ресей мен Қазақстан таласқа дайындала бастады

Ресейдегі бағасы күрт қымбаттаған жұмыртқа Кремльді аяғынан тік тұрғызды. Жаңа жылға дейін жұмыртқа бағасы түспесе, министрлер мен губернаторлардың бастары кетуі мүмкін. ВЦИОМ-ның жабық зерттеуінде "жұмыртқа бағасы екі есе өссе, халық наразылығы артып, сайлауға барайын деп отырған Путиннің рейтингі құлдырайтыны" анық көрсетілген. Бұған мазасызданған Кремль үкіметті басқарып отырған Михаил Мишустинге жерді төңкерсе де, жұмыртқа бағасының қымбаттауын 60% пайыздан асырмауды тапсырды. Ресей үкіметі бірден жұмыртқа импортына баж салығын алып тастады. Және мүмкін болса, Қазақстандағы бар жұмыртқаны өздеріне алып кетуді ойластырып отыр.

Ресейдің біздің жұмыртқаға ауыз салуы Жаңа жылға дейін инфляцияны 10 пайызға түсіру үшін жанталасып жатқан қазақ үкіметінің бар жоспарын бұзайын деп тұр. Осыған орай, қазақтың Әлиханы ауыл шаруашылығы мәселесіне қатысты жиын өткізіп, оның жабық есіктің артында өткен қысқа бөлігінде жұмыртқа соғысына дайындығымызды пысықтауға кірісті. DALA INSIDE дереккөзі, Қазақстанның жұмыртқа экспортына уақытша шектеу қою мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Үкіметке қалай болғанда да, Жаңа жылға дейін жұмыртқаны қымбаттатпау керек.

Жұмыртқа соғысында кім жеңеді? Смайылов па, Мишустин бе? Оны алдағы уақытта білетін боламыз. DALA INSIDE қоңырауы әр үйде қосулы болсын.

https://t.me/dalainside
💥 Маңғыстауда шеруге шыққан мұнайшылар "мерзімнен бұрын зейнетке шығу" бағдарламасының қатысушылары екені анықталды

Маңғыстау облысында шеруге шыққан "West Oil Software" ЖШС жұмысшылары "5/50" бағдарламасының қатысушылары. Нақтылап айтсақ, олар алдағы 5 жылға алдын ала еңбекақыларының 50 пайызын алып, өз еріктерімен жұмыс орындарын босатып, "мерзімнен бұрын зейнетке шыққан" - деп хабарлады осы оқиғаға куәгерлердің бірі.

"West Oil" серіктестігінің жұмысшылары құқықтық негіздемесі жоқ талаппен бірінші рет шеруге шығып тұрған жоқ. Мысалы олар 2021-2022 жылдары өздері істеп жүрген компанияға ұлттық мәртебе беруді көтерген болатын. Белгілі болғандай олар 2017-2018 жылдары 5 жылдық жалақыларының 50 пайызын алдын ала алуға ерік білдіріп "мерзімнен бұрын зейнетке шыққан" адамдар - деп әңгімеледі осы оқиғадан хабардар дереккөздің бірі КазТАГ редакциясына.

Оның айтуынша, аталған бағдарламадан кейін өңірдегі құрылыс нарығы ерекше қарқын алған.

"Ол бағдарламаға зейнет жасына жеткен адамдар ғана емес, 35 жастағы азаматтар да өз еріктерімен қатысты. Яғни олар жалақыларының 50 пайызын алдын ала алуға қызығып бағдарламаға қатысты. Әрқайсысы миллиондаған ақша алды, бір бөлігі көлік сатып алды, басым көпшілігі Ақтау қаласынан пәтер сатып алды. Жүздеген адам осындай игілікке қол жеткізді. Нәтижесінде Ақтау қаласында құрылыс қарқындады, тіпті коммуникациялық инфрақұрылым үлгермей қалды. Ақтаудағы қазіргі су мен жылу мәселесі соның ықпалынан туындап" - отыр деп айтты дереккөз.

Сонымен қатар, оның айтуынша "5/50" бағдарламасы ерікті түрде болған.

"Ешкімді қатысыңдар деп міндеттеген жоқ. Әр адам ақшасын алды. Мақсатты түрде жаратып, өз бизнесін ашқандар да бар. Көпшілігі West Oil-ға жұмысқа тұрды. Енді олар ешқандай ақылға сыймайтын орынсыз талаппен тағы шеруге шығып жатыр. Мұны қоғам да біліп отыр. Мұнайшылар өз талаптарына өте ыждағатты екенін білеміз. Бұған дейін кейбір компанияларда шынымен әділетсіздік орын алып, мұнайшылар нақты талап қойғанда оларды өзге компаниядағы әріптестері де бір кісідей қолдады. Бірақ бұл жолы ондай үрдіс жоқ. Себебі, "West Oil" жұмысшыларының бұл жолғы талабы орынсыз екеніне олар да көз жеткізіп отыр"-деді әңгімелесуші тұлға.

West Oil Software серіктестігінің жұмысшылары "5/50" бағдарламасының қатысушылары деген ақпаратты Маңғыстау облысының әкімдігі де ресми растады - деп хабарлайды КазТАГ агенттігі.

"2017-2018 жылдары" Oil Transport Corporation "ЖШС (ОТК) жекелеген қызметкерлері тараптардың келісімі бойынша еңбек қатынастарын мерзімінен бұрын бұзу бағдарламасын ("5/50" бағдарламасы) пайдаланды. Оның орнына олар бес жылдық кезеңдегі лауазымдық жалақысының 50% мөлшерінде ақшалай өтемақы алды. Оның ішінде 517 бұрынғы ОТК қызметкерлері WOS-қа жұмысқа орналасты. 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша WOS-та ОТК-ның 454 бұрынғы қызметкері жұмыс істейді", - деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің КазТАГ редакциясына.

Әкімдіктің мәліметінше, аталған бағдарлама бойынша жұмыстан босаған қызметкерлердің саны 4801 адам. Оларға жалпы сомасы 44 миллиард теңге немесе әрқайсына орташа есеппен 11 миллион теңгеден ақша төленген.

Әкімдіктің хабарлауынша, сол уақытта WOS-тың штатына кірем деушілерге жұмыс орындары кемінде 5 жылға кепілдендірілген және белгілі бір деңгейде тұрақты еңбекақымен қамту әрі әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету ұсынылған.

"Ол уақытта жалақы 235 650 құраған болатын. Ал 2021 жылдың қыркүйек айында WOS қызметкерлерінің жалақысы 36 пайызға өсті және орташа есеппен 322 975 теңгені құрады. Сонымен қатар, әлеуметтік пакеттің де көлемі 2-ден 18 позицияға артқан. Жыл сайын еңбекақылары индексацияланды. 2022 жылы орташа жалақы мөлшері 652 596 теңгеге дейін өсіп, әлеуметтік пакеттің позициялары 18-ден 30-ға дейін артуы бойынша ұжымдық уағдаластық жасалды. 2023 жылы WOS жұмысшыларының орташа жалақысы 735 616 теңгені құрады"-деп нақтылады облыстық әкімдік.

Естеріңізге салайық, West Oil Software серіктестігі жұмысшыларының шеруі бұған дейін де заңсыз деп танылған болатын. Ал компания болса кеніштерде апат болу қауіпі бар деп мәлімдеген болатын.
⚡️ Жандос Өстемір дейтін мықты қазақ бар...

Бұлай деуіміздің себебі, тіл үшін күресте дәл Жәкеңдей табандылық танытқан адам кемде-кем.

Қазақ тілінің құқын қорғауда Өстемірше күресудің амал-айласын меңгерсек, ұрыс-керіс, дау-дамай да аз болар еді.

Осы сәтке дейін Е-Otinish арқылы тілге қатысты 5 мыңнан аса (!) арыз-шағым түсірген Жәкеңмен кең-мол сұхбат құрдық.

Ресторандағы мәзірді қазақшалауға, түрлі сауда орындарынан талап ететін түбіртекке қазақ тілін енгізуге Өстемір мырза өлшеусіз үлес қосты.

"Шағымды Е-Otinish арқылы жіберемін. Сервис қазақша болмаса, саланы анықтап алып, тиісті мекемеге өтініш жолдаймын.

Мәселен, ас мәзірі мемтілде болуы керек деген нақты бап бар! Соған сүйеніп, кез келген кафе, мейрамханалардан мәзірдің қазақ тілінде болуын талап етіп келемін", - дейді кейіпкеріміз.

Толығырақ: https://dalanews.kz/bas-takyryp/96603-saiasi-yelita-qazaq-tilining-martebesin

https://t.me/dalainside
🔥 Бағдат Мусин "Қазақтелекомға" кетпек

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жаңа жылдан кейін "Қазақтелеком" ұлттық компаниясын басқаратын болады дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Оның министр лауызымында отырғанына үш жылға жуықтады.

Бағдат Мусин еліміздегі цифрландыру ісіне жауап беріп жүрді. Жетістіктері де, кемшіліктері де болды. Тіпті Жапонияны басып озған кездері енді тарих қойнауына енбек.

Мусин үшін ұлттық компанияны, әсіресе "Самұрық-Қазына" қорына қарасты ұйымды басқару таңсық емес. Ол 2014-2017 жылдары «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болып қызмет еткен. Сол жылдары ол тіпті өз айлығын қысқартамын деп жастық максимализмге барған еді. Қазір қырыққа толғандықтан, ондай қылық шығара қоймайтыны белгілі.

DALA INSIDE дереккөзі "Мусиннің өзі Қазақтелекомға баруға қарсы емес" дейді. Соңғы уақытта бітпей кеткен совещание, жиын, коллегиялардан қажи бастаған. Министрлікке қарағанда Қазақтелеком тыныштау жер. Айлығы да жақсы.

Мусин келсе, онда Қазақтелекомның "мәңгі билеушісі" Қуанышбек Есекеев орнын босататын болады. Есекеев басқа лауазымға емес, тікелей тергеушілерге баруы да ғажап емес. "Ескі Қазақстан" шлейфінен келе жатқан, Сатыбалды, Jusan істеріне қатысты оған да біраз сұрақтар бар.

DALA INSIDE Мусин мен Есекеев тағдырын мониторингке алды. Бірге бақылайық 👇

https://t.me/dalainside
Audio
<unknown>
👊 Судьяларға компромат жинау науқаны басталды

ҚР Жоғарғы Сотының Ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Темірлан Шонаев жиналыста судьялардың үстінен компроматтар болса, белсенді әкелуін сұрауда. Жалпы, сот корпусында ауқымды реформа жасау мақсатында, судьяларға ауқымды ақпараттық шабуылдар ұйымдастырылатын болады. Артынан масштабты тазалаулар басталмақ.

Реформа өз жемісін бере ме? Әлі кесіп айту қиын. Бізге жазылыңыз 👇

https://t.me/dalainside
💥 Көлгінов тергеуге барып жүр

Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов Антикор тергеушісіне аптасына бір рет барып, сұрақтарына жауап беріп келеді, дейді DALA INSIDE дереккөзі.

Экономикалық қылмыстар бойынша тергеушіні Алтай Сейдірұлының Астана қаласын басқарған кезіндегі бірнеше ірі жобасы, әсіресе коммуналды шаруашылық пен отын-энергетика саласындағы қабылдаған шешімдері қызықтырып отыр.

Қазір Көлгінов Қазақстан аумағын тастап ешқайда шыға алмайды.

2016 жылдан бастап Алтай Көлгінов үлкен өңірлер мен қалаларға әкім бола бастады. Алдымен Батыс Казақстан облысын басқарса, 2019-2022 жылдары Астана қаласына әкім болды. 2022 жылдың аяғында Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына дейін шарықтады. Алайда жарты жыл өтпей, 2023 жылдың жазында барлық лауазымынан айрылды.

Көлгіновке айып тағыла ма? Ол жағы белгісіз. Тіпті куәгер ретінде аман қалуы да мүмкін. Қазір тергеушілер әр эпизодты майшаммен қарауда.

DALA INSIDE мәселені бақылап отыр. Бізге жазылып алыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Гульжан Ергалиева, кто вы такая?..

Таяуда Алматының орыстілді тұрғыны Гульжан Ергалиева өзінің желідегі парақшасында «Мұндай нақұрыстарды не істеуге болады?» деп айналасына сұрау тастап, пост жазыпты.

Бұл жолы Гүлекең «нақұрыс-идиот» деп өзі жылдар бойы күресіп жүрген ескі билікті емес, екі қолға бір жұмыс таппай Алматының іргесін паналап, күнелтіп жүрген ауыл қазағына сын садағын бағыттапты.

Бұдан кейін біздің де талағымыз тарс айырылды. Өйткені біз де Гүлекең айтқан «нақұрыс-идиоттардың» біріміз. Қалаға сіңіскенімізге бар болғаны 5-10 жылдың жүзі болған шығар. Сондықтан талай қазақ апамыздың сөзін өз ауласына лақтырылған тас ретінде қабылдағаны анық.

Сонда Ерғалиқызын не мазалайды дейсіз ғой? Оның ойынша Алматының айналасы ауыр және қорқынышты конгломератқа толып кетіпті.

Апамыздың ойынша мұндай “жат элементтер” еліміздің абыройын асқақтатқан чемпиондарды танымаса, пышақтап өлтіре салудан тайынбайды-мыс. Бұл жерде алжасқан Ергалиева мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімін меңзеп тұрғанын түсіндік.

Бірақ Денис Тен Алматының шетінде емес, қаланың қақ ортасында пышақталмады ма? Бұған Алматының айналасындағы елді-мекен тұрғындарының не қатысы бар? Түсініксіз?..

Айтпақшы, апамыз өз жазбасында ауыл қазағын маргинал қылмыскерге теңейді, оларды көргенде “ақымақтардың армиясын” көргендей болады екен. Қарапайым ауыл қазағы Гүлекең өшігетіндей не істеп қойды? Сол жағын ұқпадық. Бірақ мұны жайдан-жай қалдыруға болмайды.

Бұдан кейін апаймыз ауыл қазағын ары қарай тағы айыптай түседі.

– Бұл ақымақтар автобус жүргізушісіне шабуыл жасап, соның кесірінен аялдамада тұрған қарапайым адамдар қаза тапты. Қаланың шетінде осындай бейадамдар көп қоныстанған – олар егеуқұйрық сияқты өмір сүреді. 50 шаршы метр бөлмеде 30 адам болып тұра береді (құдды солардың үйіне күнде барып, шай ішіп жүрген адамдай гәпіріпті). Мұндай адамдар қалада күмәнді жұмыс істеп, топтасып ұрлық жасап, Алматыда субмәдениет қалыптастыруда, – деп лағып кетіпті.

Апамыздың осы сөзінен оның Рысқұлов көшесінен төмен қарай аттап баспағанына ондаған жыл болғанын байқағандай болдық.

Баяғыда жарнамалық газеттердің жылжымайтын мүлік сататын бөлімінде «ниже Рысқұлова не предлагать» деген ескертулер жүруші еді. Соны билік әрең қойдырып еді. Енді Гульжан Ергалива сол әңгімені қайта бықсытып, ауыл қазағының ар-намысын аяққа таптап отыр.

Сөз соңында алжасқан апамыз «Құқық қорғау органдары мен жергілікті билік орындары мұны зерттеп, шара қолдануы қажет. Қаланың ортасындағы қоғамдық орындарға тұмсығын тықпасын, ❗️ Алматының шетіндегі өздерінің “гаремдерінен” аяғын аттап баспасын!» – деп Алматыдағы қазақтарды екіге бөліпті.

Иә, күні кеше ғана автобуста орын алған жағдай бәрімізді шошытты. Бірақ осы қайғылы оқиғаны алға тартып, тұтас ауыл қазағын тілдейтін «Гульжан Ергалиева, кто вы такая?». Бұл ел ішіндегі араздықты қоздыру емес пе? Ергалиеваның жауапқа тартылуын талап етеміз!

Нұрлан Жұмахан, арнайы DALA INSIDE үшін
🌲 Сатыбалдысыз Жаңа жыл: салафит бизнесмендерге ауыр міндет артылды

Сот Қайрат Сатыбалдыны жаңа жылға дейін босатпай қойғандықтан, ол кеше мемлекетке тағы 55,4 миллиард теңге қайтарды.

Заңсыз иеленген активтерді қайтару науқанының жылдық есебі үшін Сатыбалды берген қаржы кәдімгідей позитивті рөл ойнады. Бірақ "Жаңа Қазақстан" Қайрат Сатыбалдыдан кемінде тағы 120 миллиард теңге қайтаруға ниетті. Ол үшін Сатыбалдыға уақыт керек болып тұр. Себебі, ол түрмеден мүлде қайыршы болып шықпас үшін, кезінде өзі демеген, қолдаған салафит бизнесмендерге үшбу хат жолдамақ. Бизнесмендерден кемінде 40 миллиард теңге жинаса, өзінің соңғы 120 миллиард теңгелік активтерін мемлекетке бере алады.

Егер ақша келсе, Қайрат Сатыбалды шамамен наурыз мейрамына таман босап шығады деп жоспарланған. Одан кейін Сатыбалдының жүріс-тұрысы, транзакциялары Қаржы мониторингі агенттігінің толық бақылауында болады.

Әзірге оның ағымдастары "Харам Жаңа жыл" атты акциямен көзге түспек. Жер-жерде бюджет қаржысына тұрғызылған мерекелік алып шыршалар өртелетін болады. Алғашқы шырша Таразда өртелді. Енді Ақтөбе, Орал сынды қалаларда да шыршаға шабуыл жасалады деп күтілуде.

Қайрат Сатыбалды тағдыры DALA INSIDE назарында. Бізге жазылып алыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥚 Қазақстан "жұмыртқа кризисіне" дайындала бастады

Келесі аптада Үкімет осыған қатысты жабық кеңес өткізуді ойластырып отыр дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Елде жұмыртқа 4 ай бойы қымбаттап келеді. Өткен аптада оның қымбаттауы 0,7 пайыз көрсетіп, әдеттегі баға өсуі нормасынан екі есе асып кетті.

Бұл Ресейдегі жұмыртқа тапшылығының салдары болуы мүмкін. Ресейде қазір жұмыртқа дағдарысы белең алып отыр. Баға қымбаттағандықтан, отандық құс фабрикаларына жұмыртқаны Ресейге экспорттау өте тиімді бола бастады.

Ресей Премьері Михаил Мишустин үшін жетпей жатқан жұмыртқаны Қазақстаннан алдыру оңтайлы вариант болып отырғаны жасырын емес. Бұл ретте қазақтың Әлиханы қиналып қалуы мүмкін. Премьер Смайылов өткен желтоқсанда жылдық инфляция деңгейін 9,3 пайызға түсіріп, президент алдындағы уәдесін толық орындаған болатын. Ол үшін 2024 жылдың басында инфляцияны 9-9,5% коридорында ұстап отыру өте маңызды.

Жұмыртқа инфляция себетіндегі негізгі тауардың бірі. Ол күрт қымбаттаса инфляция деңгейі дереу өсе бастайды.

Қазір елімізде 69 құс фабрикасы бар. Оның 34-і жұмыртқамен айналысады. 2022 жылы Қазақстан 5 миллиард дана тауық жұмыртқасын өндірген болатын. 2023 жылы да шамамен осы көлемді сақтап қалды. Елдегі жұмыртқа ішкі тұтынуды жабуға әрең жетеді. Артық жұмыртқа экспортына біздің фабрикалардың қауқары жоқ.

Қазақтың Әлиханы отандық жұмыртқа нарығын барынша қорғайтын болады. Министрлер кабинетінің басты мақсаты - оның тапшылығын болдырмай, бағаны төмен деңгейде сақтап қалу.

DALA INSIDE жұмыртқа соғысының бел ортасында болады. Бізге жазылып қойыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Төңкерістің түп иесі: Назарбаевты темір тор күтіп тұр ма?..

Ескі Қазақстанның өкілдері Мағауиннің сұхбатын естіген де, елеген де жоқ.

Есесіне, Тоқаевтың "Егеменге" шыққан етектей мақаласы ескі гвардияның тарапынан мұқият синтезделіп, терең анализ жасалуда.

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Назарбаев кланы "сұхбаттың салдары қандай болады?" деген сауалдың төңірегінде ойланып толғануда.

Дүйім елді дүрліктірген мақалада Тоқаев Қаңтар оқиғасының тасасында Назарбаевтың жақтастары тұрғанын мойындаған.

Осынау трагедияға триггер болған саяси шешімді кімдер қабылдағанын (Шәріпбаев & Құлыбаев) тұспалдап өткен.

Бекетаев, Байбек, Мәсімов сынды экс-президенттің шабармандары Ақорда мен Кітапханаға алма-кезек кіріп, сөз тасығанын, мұның соңы мемлекеттің шаңырағын шайқалта жаздағанын жасырмай айтқан.

Бұдан туатын логикалық сауал: өзі босатқан орынды өзі тартып алмақ болған әрі мемтөңкеріс жасауға талпынған Назарбаев жауапқа тартылуы мүмкін бе?

Экс-президенттің ет жақындары мен сенімді серіктері түнеукүнгі сұхбаттың перспективасынан, яғни, ұзақ мерзімді қауіп-қатерінен сескенуде.

DALA INSIDE-қа мәлім болғандай желтоқсанның қақ ортасында кенеттен 🇷🇺 Мәскеуге жол жүрген Назарбаев Кремль көсеміне Сатыбалды мен Самат Әбіштің мәселесінен бөлек, "Қаңтар оқиғасы қайталанар болса, Тоқаевқа ара түспеу..." туралы бұйымтайын жеткізген. Пүтін бұл ұсынысты қабыл алды ма, жоқ па ол жағы жұмбақ 💬

DALA INSIDE Назарбаевтан кейін араға апта салып Петерборға аттанған Кемелұлының жүзі жүдеу, көңілі әлденеге алаң екенін аңдаған еді. Сол жолғы жиында Пүтіннен аулақ жүруге тырысқанын да Назарбаев сапарының табымен байланыстырған едік.

Қалай болған күнде ескі Қазақстан есе жібергісі жоқ. Назарбаев жақтастары "Егеменге" шыққан мақалаға жауап дайындап жатыр. Ескі гвардия Қаңтар 2.0 қайталанғанын қалайды.

Ал Жаңа Қазақстанның қолындағы жалғыз көзір - Мәсімовтың саяси эффектісі әлсірей бастады. Халық бәрінің артында тұрған "басты кейіпкерді" сұқ саусағымен көрсетуде.

Әбішұлы? Экс-президент әлі талай дүниені былықтырады. Арнамызды аңдып отырыңыз👇

https://t.me/dalainside
💸 Forbes манипуляциясы. Сатыбалды Байтасовтың духын "сындырды" ма?

Қайрат Сатыбалды қайтарған ақша миллион адам тұратын Шымкенттің бір жылдық бюджетінен асып кетті. Антикор "Қайрат Сатыбалдының 650 миллиард теңгеге бағаланатын активтері қайтарылды" деп мәлімдеген. Қазіргі бағаммен бұл 1,4 миллиард доллар.

Бірақ осыншама байлығы бар Қайрат Сатыбалды неге Форбстың байлар тізімінде болған жоқ? Соңғы рет Сатыбалды бұл тізімде 2018 жылы көрінді және сол кезде оның дәулеті 163 миллион долларға ғана бағаланды.

"Қайрат Сатыбалды 2018 жылы Forbes иелеріне өте түсінікті ескерту жасады. Сатыбалды ескертуінің немен аяқталатынын "Сауат Мыңбаев трагедиясынан" бәріміз көрдік. Рейтинг жасаушылар Сатыбалдыны ашуландырғысы келмеді. Оның талабы бірден орындалды", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Осыдан Форбс тізіміне шынымен дәулетті, бірақ оны жария қылғысы келмейтін азаматтардың ілінбейтінін аңғаруға болады. Сондықтан оны объективті тізім деп қарастырудың қажеті жоқ. Барлық ақпарат жария болғанда, бұл тізімде біз аты-жөнін ешқашан естімеген белгісіз тұлғалар да пайда болар еді.

Сатыбалдыға келсек, қайтарылған 1,4 миллиард доллар оның барлық активтері емес. Кезіндегі үзеңгілес азаматтарға да біраз нәрсе жазылып қойған. Және Сатыбалды жазасын өтеп шыққаннан кейін олар бойынша дивидендтер талап ететіні түсінікті.

Қайрат Сатыбалды ісі аясында Қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-бөлігі («Қылмыстық жолмен алынған кірістер және заңсыз ақшадан түскен пайданы жылыстату») бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бірақ енді тағы бір бап қозғалып отыр. Ол салықтан жалтарды деген күдікке ілінген.

DALA INSIDE мәліметінше "Жаңа Қазақстан" Қайрат Сатыбалдының сотын биылғы наурыздан қалдырмай бастап кетуге ниетті. Негізгі тергеу жұмыстары аяқталды. Қазір Прокуратура мен Сот арасында ішкі консультациялар жүруде.

DALA INSIDE бір көзі осы процестің ішінде болады. Бізге жазылып алыңыздар 👇

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM