❗️⚡️Тоқаев Ахметовты орнынан қозғамайтын болды. Шығысқа шаруақор адам керек
Жаңа Қазақстан Даниал Ахметовтің потенциалы сарқыла қоймағанына сенімді.
"Әкімдердің ауыс-түйісі Ахметовтың орынтағына әсер етпейді. Тоқаев Даниалдың калибріндегі кадрлер тапшы екенін түсінеді.
Әкім-қаралардың арасында салықшылар, қаржыгерлер мен заңгерлер көбейіп кетті.
Жаңа Қазақстанға шаруашылықта шыңдалған, өндірістен хабары бар кадрлер керек", - дейді Dalainside дереккөзі.
Ахметов саяси интригадан аулақ жүретін, тиісінше саяси имиджіне нұқсан келтірмеген қайраткердің бірі.
"Өзін "Назарбаевтың өнімі" санайтын кейбіреулерше халық алдында қадірін кетірген кезі жоқ...
Ақорда Даниалдың халықтың ортасында жүретін қабілетін жоғары бағалайды. Оның сенім кредитіне селкеу түспеген", - дейді дереккөз.
Тәжірибелі шенеуніктің өңірдегі орыстілді аудиториямен түсінісіп, тіл табыса алатын мінезі де есепке алынған.
Бізге жеткен мәлімет бойынша Ахметовтің жуыр арада орнын босатуы неғайбыл, ол Шығыс өңірді алдағы екі жыл шамасында басқарады.
Тоқаев Даниал мырзаны орнынан қозғамау туралы шешім қабылдаған. Ертеңгі тағайындаудың "тосын жаңалығы" да осы болмақ.
https://t.me/dalainside
Жаңа Қазақстан Даниал Ахметовтің потенциалы сарқыла қоймағанына сенімді.
"Әкімдердің ауыс-түйісі Ахметовтың орынтағына әсер етпейді. Тоқаев Даниалдың калибріндегі кадрлер тапшы екенін түсінеді.
Әкім-қаралардың арасында салықшылар, қаржыгерлер мен заңгерлер көбейіп кетті.
Жаңа Қазақстанға шаруашылықта шыңдалған, өндірістен хабары бар кадрлер керек", - дейді Dalainside дереккөзі.
Ахметов саяси интригадан аулақ жүретін, тиісінше саяси имиджіне нұқсан келтірмеген қайраткердің бірі.
"Өзін "
Ақорда Даниалдың халықтың ортасында жүретін қабілетін жоғары бағалайды. Оның сенім кредитіне селкеу түспеген", - дейді дереккөз.
Тәжірибелі шенеуніктің өңірдегі орыстілді аудиториямен түсінісіп, тіл табыса алатын мінезі де есепке алынған.
Бізге жеткен мәлімет бойынша Ахметовтің жуыр арада орнын босатуы неғайбыл, ол Шығыс өңірді алдағы екі жыл шамасында басқарады.
Тоқаев Даниал мырзаны орнынан қозғамау туралы шешім қабылдаған. Ертеңгі тағайындаудың "тосын жаңалығы" да осы болмақ.
https://t.me/dalainside
👎45👍21🎉1
💥❗️ Айтқанымыз айдай келді
Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
Бұған дейін Dalainside Ахметовтың орнында қаларын болжаған.
""Әкімдердің ауыс-түйісі Ахметовтың орынтағына әсер етпейді. Тоқаев Даниалдың калибріндегі кадрлер тапшы екенін түсінеді.
Әкім-қаралардың арасында салықшылар, қаржыгерлер мен заңгерлер көбейіп кетті.
Жаңа Қазақстанға шаруашылықта шыңдалған, өндірістен хабары бар кадрлер керек", - деген болатын Dalainside дереккөзі.

👎41👍14👏2
☀️ Сақтандыру полисін оңай және арзан рәсімдеу: ол үшін не істеу керек
Жауын-шашын мен көктайғақ әдеттегідей қыс мезгілінде апат санының артуына себеп болады.
Мыңдаған автокөлік жүргізушілері, жолаушылар мен жаяу жүргіншілері жиі ауыр жарақат алатын кез аз емес.
Көлік құралы – жеңіл автомобиль, қоғамдық көлік немесе жүк көлігі жүргізушісінің жауапкершілігі қолданыстағы ережелер бойынша міндетті түрде сақтандырылады, алайда жаяу жүргіншілер, әдетте, жазатайым оқиға кезінде алған жарақаттардан қорғалмайды. Ал денсаулық - басты байлық.
Апат кезінде жарақат алған жағдайда сақтандыру полисін оңтайлы және тиімді бағамен рәсімдеудің жолын білесіз бе? Ең басты қадам – Home Credit Bank-ке жүгіну.
Себебі, банк тек жаяу жүргіншілерге ғана емес, сонымен қатар автокөлік жүргізушілеріне де сақтандыруды сатып алуды ұсынады. Жылдық сақтандыру құны - небәрі 19 900 теңге.
👉 Бұл соманың ішіне не кіреді?
✔️ Сақтандыру мерзімі бүкіл әлем бойынша 24/7 режимінде 365 күнге жарамды;
✔️ Адам жарақат алған және ауруханаға жатқызылған жағдайда төлем мөлшері күніне 5 000 теңгені құрайды;
✔️ Ал көз жұмған жағдайда сақтандыру төлемінің сомасы 500 000 теңге мөлшерінде көзделген. Бұл ақшаны сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері алады.
Тегін заң қызметтері бонус ретінде беріледі.
📌 Мәселен, ауызша құқықтық кеңес сан жағынан шектелмеген. 📌 Ал сақтандыру шарты жұмыс істеп тұрған уақытта 1 рет жазбаша заң консультациясын алуға болады.
📌 Заңгер сонымен қатар сақтандыру шарты аясында даулы құқықтық мәселелер бойынша 4 рет келіссөздер жүргізеді.
🏦 Сақтандыру полисін Home Credit Bank бөлімшелерінен ашуға болады.
"Құқықтық қорғау" сақтандыру бағдарламасы туралы толығырақ
Home Credit Bank сайтынан біле аласыздар.

👍17🤩2🙏1
🏦 Аламын, алмаймын... "Jusan bank" акционерлері дивидендпен әбден әуреге түсті
"Jusan Bank" акционерлерінің 5-6 желтоқсанға жоспарланған кезектен тыс жалпы жиналысы кворумның болмауына байланысты өтпеді. Бұл туралы банктің Қазақстан қор биржасына (KASE) жолдаған хабарламасынан белгілі болды.
Банк акцияларының 78,23 пайызына иелік ететін "First Heartland Securities" компаниясы бас қосып, жинала алмай жүргеніне бірнеше ай болды. Енді биржаның хабарлауынша, жаңа кезектен тыс жиналыс 12 желтоқсанда өтеді.
Банк өзінің 5-ші желтоқсанға межелеген акционерлер отырысында, қожайындарына 172 миллиард теңге төлеуі мүмкін деп, сарапшылар шу көтерген болатын. Біршама саясаткерлер мен депутат Қанат Нұров Жусан банктің оған моральді құқығы жоқ деген пікірде. Себебі, Жусан банк мемлекет көмегін пайдаланды және оның біршама бөлігін өзіне кіріс ретінде санатып, дивиденд арқылы акционерлері алып алды.
2019-2020 жылдары Жусан банктан оның қожайындары (ол кезде «Назарбаев фонд» жеке қоры мен Ғалымжан Есенов) дивиденд ретінде 227 миллиард теңге алған. Енді, 2021 жылдың қортындысы бойынша банк акционерлері тағы да 172 миллиард теңге дивиденд алғысы келді.
Бұл ретте – мемлекеттің Жусан банкке көмегі 1,5 триллион теңге деп бағаланады және оның алдында банк басқармасы осы көмекті біртіндеп қайтарамыз деп уәде берген болатын. Банктен мемлекетке әлі күнге дейін бір тиын да қайтпады. Есесіне қожайындары ашкөздікпен бар ақшаны шығарып алуға тырысып жатыр.

👍4
Mycar.kz онлайн платформасында автокөлік сатып алудың бес артықшылығы
Қазақстанда онлайн-дилерлік платформа енді ғана дами бастады. Елімізде тағы бір онлайн-дилер пайда болды – қараша айының соңында Haval Motor Kazakhstan Mycar.kz платформасына қосылып, өз сатып алушыларына бұрынғыдан да жақындай түсті.
Біріншіден, бұл қарапайым. Мысалы, енді haval.mycar.kz сайтында бірнеше рет басу арқылы Haval модельдер желісінен кроссовер сатып алуға болады.
Екіншіден, бұл ыңғайлы. Онлайн-сервис арқылы Haval кроссоверлерін сатып алу аясында көшпелі тест-драйвқа тапсырыс беруге болады.
Үшіншіден, бұл қауіпсіз. Барлық төлемдер онлайн түрде жүзеге асырылады.
Төртіншіден, тез. Ресми курьер сізге қол қою үшін барлық құжаттардың түпнұсқаларын жеткізеді және бұл уақытта сіздің автокөлігіңіз есепке алу рәсімінен өтеді.
Бесіншіден, ыңғайлы. Барлық құжаттарды рәсімдегеннен кейін Mycar.kz ресми өкілі автокөлікті қалаған мекенжайға жеткізіп, құжаттардың толық пакетімен сізге тапсырады.
Толық ақпарат haval.mycar.kz сайтында

👍23👎2
🤧 «Еңбекке жарамсыздық парағы»: сақтандырудың сізге қолайлы түрі
🌨️ Қылышын сүйреп қыс та келіп қалды. Вирус жұқтыру, аяғыңыз тайып жығылып, оқыс оқиғаға тап болу қаупі күрт артты. Ауырып қалсаңыз, жазатайым болсаңыз қаржылық қиындыққа тап болуыңыз мүмкін. Одан сақтанудың жолы бар.
Home Credit Bank бар болғаны 14 900 теңгеге "еңбекке жарамсыздық" сақтандыруын ұсынады. Егер сіз COVID жұқтырсаңыз, сақтандыру полисі ем-домды толық төлейді. Сақтандыру бойынша ең жоғары төлем - 300 000 теңгеге дейін.
Полис бір жылға жарамды және нақты төлемдерге кепілдік береді, сонымен қатар уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңінде сізге қаржылық жағынан үлкен демеу болмақ.
📌 Осы орайда, сақтандыру еңбекке жарамсыздықты, жүктілікті немесе босануды қамтымайтынын ескертеміз.
Ал сонда, сақтандыру бағдарламасы қандай жазатайым оқиғаларды қамтиды? Бұл күтпеген оқиғалар, айталық:
✔️ Жол-көлік оқиғасы кезінде алған жарақаттар;
✔️ Тайып жығылу ️ (көктайғақ);
✔️ Фут️бол ойнау, тау спортымен шұғылдану кезінде алған жарақаттар.
👉 Сақтандырудың қалай жұмыс істейтінін іс жүзінде қарастырайық.
Сақтандырылған клиент аяғы сынып, алған жарақаты салдарынан 30 күн ауруханада ем қабылдап жатты делік. Бұл жағдайда төлем 7-ден 30-ға дейінгі күндерге барлығы 24 күнді қамтиды және күніне 5000 теңгені құрайды. Барлығы 120 000 теңге.
Естеріңізге сала кетейік, сақтандыру бойынша ең жоғары төлем 300 000 теңгеге дейін. Осылайша, жазатайым оқиға кезінде тағы 105 000 теңгені және ауырып қалған жағдайда 75 000 теңгені полис төлейді.
Сақтандыруды банк бөлімшелерінде, сондай-ақ онлайн рәсімдеуге болады.
Және Home Credit Bank мобильді қосымшасында: «Өнімдер» бөлімінде «Сервистер» бөлімшесіне кіріп, ол жерден «Еңбекке жарамсыздық парағын төлеу» қызметі арқылы сақтандыруға қол жеткізе аласыз.

Home Credit Bank
Еңбекке жарамсыздық параған төлеу
«ЕҢБЕККЕ ЖАРАМСЫЗДЫҚ ПАРАҒЫ» — бұл өзекті, қолжетімді, түсінуге қолайлы, қарапайым әрі бірегей өнім. Нарықта оған ұқсас өнім жоқ және ол сізге ертеңгі күнге деген сенімділікті арттыруға, қосымша қаржылық қолдау алуға және өз-өзіңді сақтап, қорғауға көмектеседі.
👍18🔥1🙏1
💥🇺🇿 Тәуелсіздікке қатер төндіреді! Өзбектер "газ одағына" қосылудан бас тартты
Өзбектер Ресей президенті Путин ұсынған "газ одағына" қосылудан үзілді-кесілді бас тартты.
Бұған дейін Кремль көсемі Астана мен Ташкентті осы одаққа қосылуға үгіттеген болатын.
Өзбектер Путиннің пиғылынан сезіктеніп отыр, олар мұны тәуелсіздікке қатер төндіретін қадам деп санайды.
Өзбекстанның Энергетика министрі осы мәселеге нақты нүкте қойып, "Ресеймен арада газ келісіміне отырсақ та, бұл одақ құрғанымыздың белгісі емес" деді.
Оның атап өткеніндей Ташкент газ импортында бірқатар елдермен коммерциялық қарым-қатынас орнатқан.
Ресей газын Қазақстан арқылы жеткізу жолдары талқыланған, бірақ бұл "техникалық құжат", соған бола одақ құру қисынсыз.
"Көгілдір отынға болатәуелсіздікті саудаламаймыз. Саяси бопсаның жетегіне ермейміз...", - дейді Мирзияевтің өкілі.
https://t.me/dalainside
Өзбектер Ресей президенті Путин ұсынған "газ одағына" қосылудан үзілді-кесілді бас тартты.
Бұған дейін Кремль көсемі Астана мен Ташкентті осы одаққа қосылуға үгіттеген болатын.
Өзбектер Путиннің пиғылынан сезіктеніп отыр, олар мұны тәуелсіздікке қатер төндіретін қадам деп санайды.
Өзбекстанның Энергетика министрі осы мәселеге нақты нүкте қойып, "Ресеймен арада газ келісіміне отырсақ та, бұл одақ құрғанымыздың белгісі емес" деді.
Оның атап өткеніндей Ташкент газ импортында бірқатар елдермен коммерциялық қарым-қатынас орнатқан.
Ресей газын Қазақстан арқылы жеткізу жолдары талқыланған, бірақ бұл "техникалық құжат", соған бола одақ құру қисынсыз.
"Көгілдір отынға бола
https://t.me/dalainside
👍134👏9👌5
🆘 Алматыда оқушыларға Путинді дәріптейтін фильм көрсетілген. Аймағамбетовтен жауап күтеміз...
7 желтоқсанда Алматыдағы "Цезарь" кинотеатрында оқушыларға "Россия. Нам 30 лет" атты деректі фильм көрсетілді. Фильм кейіпкерлері Ресейдің ⛔️ Қырымды аннексиялағанын қуаттап, қолдайды.
Ал Алматы қаласының білім басқармасы "Азаттыққа" берген жауабында "№ 132 гимназия оқушыларына аталған фильмді көрсетуге басқарма рұқсат берген жоқ" деп ақталды.
"Жоғарыда айтылған жайттарға байланысты № 132 гимназия директоры К.А. Әбдіманаповаға өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін тәртіптік айыппұл салынады, яғнисөгіс беріледі..." деді Алматы қаласының білім басқармасы өкілдері.
Білім басқармасындағы шенеуніктердің айтуынша, Алматыда № 132 гимназияның 8б және 8в сынып оқушыларына Ресей туралы фильм көрсетілген.
Олардың сөзінше, Ресейдің Алматыдағы бас консулдығы және "Россотрудничество" агенттігінің Қазақстандағы өкілдігі оларға тағы екі фильмнің көрсетіліміне қатысуды ұсынған.
Бірінші фильм – "Россия. Нам 30 лет", екіншісі - "Земля больших кошек" деп аталады. Екіншісі Ресей мен Қытай аумағында барыстар популяциясын қалпына келтіру жөнінде баяндайды.
https://t.me/dalainside
7 желтоқсанда Алматыдағы "Цезарь" кинотеатрында оқушыларға "Россия. Нам 30 лет" атты деректі фильм көрсетілді. Фильм кейіпкерлері Ресейдің ⛔️ Қырымды аннексиялағанын қуаттап, қолдайды.
Ал Алматы қаласының білім басқармасы "Азаттыққа" берген жауабында "№ 132 гимназия оқушыларына аталған фильмді көрсетуге басқарма рұқсат берген жоқ" деп ақталды.
"Жоғарыда айтылған жайттарға байланысты № 132 гимназия директоры К.А. Әбдіманаповаға өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін тәртіптік айыппұл салынады, яғни
Білім басқармасындағы шенеуніктердің айтуынша, Алматыда № 132 гимназияның 8б және 8в сынып оқушыларына Ресей туралы фильм көрсетілген.
Олардың сөзінше, Ресейдің Алматыдағы бас консулдығы және "Россотрудничество" агенттігінің Қазақстандағы өкілдігі оларға тағы екі фильмнің көрсетіліміне қатысуды ұсынған.
Бірінші фильм – "Россия. Нам 30 лет", екіншісі - "Земля больших кошек" деп аталады. Екіншісі Ресей мен Қытай аумағында барыстар популяциясын қалпына келтіру жөнінде баяндайды.
https://t.me/dalainside
👎64👍3
🏭 Мақсат Халық: АЭС құрылысы жастарды өз Отанында еңбек етуге ынталандыра алады
«Қазақстанда талантты жастар көп. Әсіресе, технократ, басы істейтін. Бірақ, өкінішке қарай, олардың көбісі шетелге кетуге мәжбүр. Себебі – бізде технологиялық өнеркәсіптер жоқтың қасы. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан шетелге мамандар даярлаумен айналысып жатыр десек те болады. Бұл ащы да болса шындық. Мықты өндіріс ошақтары, әрине энергияны көп тұтынады. Осы жағынан алғанда, бір АЭС салу арқылы қаншама жастарымызды өз Отанында еңбек етуге ынтыландыра алар едік. Сондықтан АЭС құрылысы, экономист ретінде мультипликативті әсерге ие деп айта аламын», – дейді Мақсат Халық.
DALA INSIDE АЭС құрылысы бойынша танымдық материалдар циклын жариялап келеді. Осы жолы АЭС-тің экономикалық тиімділігі бойынша тақырыпты көтеріп отыр.
Мақсат Халықтың айтуынша, қазір геосаяси шиеленіс ушығып, экономикалық ахуал шатқалақтап тұр. Ресей газын Еуропаға шектеп тасымалдап, салдарынан Батыс елдерінің халқы биылғы қыстан қалай шығатындарын білмей, қиын жағдайға тап келіп отыр.
Маман бұл ретте АЭС-і бар Францияны мысалға келтіреді. Себебі, Францияда ондай қиындықтар жоқ. Олар кез-келген апатты жағдайға дайын.
https://dalainside.kz/12/jana-qazaqstan/09/2022/770/

DALA инсайд
АЭС құрылысының экономикалық тиімділігі: жалпыдан жалқыға дейін - DALA инсайд
Бір АЭС салу арқылы қаншама жастарымызды өз Отанында еңбек етуге ынтыландыра алар едік. Сондықтан АЭС құрылысы, экономист ретінде мультипликативті әсерге ие деп айта аламын
👍14👎8🤩2🙏1
💥 Тоқаевтың Париж сапары сәтті болды: Франция Әбләзовті саяси баспанадан айырды
Ескі де жаңа Қазақстанның ежелгі дұшпаны атышулы Әбләзовқа француз билігі 2020 жылы саяси баспана берген.
Босқын статусына ие болған экс-банкир қисынды-қисынсыз аргументтерді үйіп-түгіп, ел билігінің жүйкесін жұқартқан еді.
Былтыр Париждің қала кеңесі Әбләзовті әлгі статустан айырған. Бұған Мұхтардың БТА банктегі былық-шылығы, нақтыласақ алаяқтықпен айналысып, үлескердің ақшасын үптегені себеп болған.
Әбләзов соттың шешіміне қарсы келіп, апелляция берген. Қос бірдей қымбатты заңгер жалдаған экс-банкир күні кешеге дейін соттың соңғы әрі ақырғы жауабын күтіп келді.
Жауап бүгін жетті: Әбләзовтің арыз-шағымы кері қайтарылып, сот шешімі күшінде қалды.
Тоқ етерін айтқанда, Париж Мұхтарды саяси баспанадан айырды. Заңға сәйкес Франция Әблязовты өз жерінен күштеп шығаруы тиіс, оны Қазақстанға аттандырып жіберуі де ғажап емес.

👍44👎24👏3
⚡️🔥 Аймағамбетов vs Путин: Алматыдағы даулы оқиғаға байланысты шара қабылданды
Бұған дейін Dalainside ("Азаттыққа" сілтеп) "Алматыда оқушыларға Путинді дәріптейтін фильм көрсетілгенін" хабарлаған.
7 желтоқсанда Алматыдағы "Цезарь" кинотеатрында оқушыларға "Россия. Нам 30 лет" атты деректі фильм көрсетілген. Фильм кейіпкерлері Ресейдің 💤 Қырымды аннексиялағанын қуаттап, қолдаған.
Пропагандаға тұнып тұрған фильмді қаладағы № 132 гимназияның 8б және 8в сынып оқушылары "тамашалаған".
Әзір ғана осыған орай Dalainside поштасына Оқу-ағарту
министрлігінен хат келді.
"Білім беру ұйымдарында өткізілетін барлық іс-шаралар тәрбие жұмысының тұжырымдамасы мен жоспарына сәйкес болуы тиіс. Директор тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Өңірлердің әкімдіктері мен білім басқармаларына осындай фактілерге жол бермеу туралы хат жолданды!", – деген қысқа - нұсқа жауап алдық.
Ресейлік пропаганда бұған дейін Аймағамбетовтің өзіне тап беріп, оған"Батыстың тыңшысы" деген жала жапқан.
Қазақстандағы жалдамалы блогерлерге нұсқау берген Мәскеу министрдің білім саласындағы реформасына шүйліккен еді.
Бұған Оқу-ағарту министрінің: "Бірінші кезектегі міндет – оқытуда мемлекеттік тілдің үстем болуына жағдай жасау" деген мәлімдемесі түрткі болған.
"Ол осы арқылы қоғамды қазақыландыруды көздеп отыр. Аймағамбетов Соростың сыбайласы. НАТО қаржыландырған ағарту мектебінде білім алған. Ол Пентагонның бұйрығын орындап отыр...", – деп бықсыған болатын Кремль.
Ол туралы мына жерден оқи аласыз ➡️ Dalanews
https://t.me/dalainside
Бұған дейін Dalainside ("Азаттыққа" сілтеп) "Алматыда оқушыларға Путинді дәріптейтін фильм көрсетілгенін" хабарлаған.
7 желтоқсанда Алматыдағы "Цезарь" кинотеатрында оқушыларға "Россия. Нам 30 лет" атты деректі фильм көрсетілген. Фильм кейіпкерлері Ресейдің 💤 Қырымды аннексиялағанын қуаттап, қолдаған.
Пропагандаға тұнып тұрған фильмді қаладағы № 132 гимназияның 8б және 8в сынып оқушылары "тамашалаған".
Әзір ғана осыған орай Dalainside поштасына Оқу-ағарту
министрлігінен хат келді.
"Білім беру ұйымдарында өткізілетін барлық іс-шаралар тәрбие жұмысының тұжырымдамасы мен жоспарына сәйкес болуы тиіс. Директор тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Өңірлердің әкімдіктері мен білім басқармаларына осындай фактілерге жол бермеу туралы хат жолданды!", – деген қысқа - нұсқа жауап алдық.
Ресейлік пропаганда бұған дейін Аймағамбетовтің өзіне тап беріп, оған
Қазақстандағы жалдамалы блогерлерге нұсқау берген Мәскеу министрдің білім саласындағы реформасына шүйліккен еді.
Бұған Оқу-ағарту министрінің: "Бірінші кезектегі міндет – оқытуда мемлекеттік тілдің үстем болуына жағдай жасау" деген мәлімдемесі түрткі болған.
"Ол осы арқылы қоғамды қазақыландыруды көздеп отыр. Аймағамбетов Соростың сыбайласы. НАТО қаржыландырған ағарту мектебінде білім алған. Ол Пентагонның бұйрығын орындап отыр...", – деп бықсыған болатын Кремль.
Ол туралы мына жерден оқи аласыз ➡️ Dalanews
https://t.me/dalainside
👏39👍13🤩2😁1
🚧 Лакшми Миттал: Қазақстан үшін плюс әлде минус?
Әлемдік металлургия алпауыты ArcelorMittal-дың Қазақстандағы кәсіпорны - "АрселорМиттал Теміртауда" жұмысшылар қазасы көбейіп кеткендіктен халық та, үкімет те Лакшми Митталға ренжи бастады. Тіпті Митталдың біздегі комбинатын тартып алайық деген ұсыныстар шыға бастады. Осы жерде барлық эмоцияны ысырып қойып, таза экономикалық тұрғыдан сараптап көрсек.
Миттал Қазақстаннан кетсе, бізде жағдай жақсара ма?
"АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамында 40 мың адам жұмыс істейді. 2021 жылы компания 109 миллиард теңге салық төледі. Ал жаһандық ArcelorMittal 2021 жылы 8 миллиард доллар таза пайда тапса, соның 500 миллион доллары Қазақстаннан келді. Яғни, Қазақстан Лакшми Митталға ортақ табыстың 7 пайызын беріп отыр. Миттал бірнеше елдің металлургиялық зауыттарын біріктіріп, содан алпауыт компания құрастырған болатын.
Миттал кетіп, Қарағанды зауытын өзіміз жүргізетін болсақ, онда дайын болат өнімдерін әлемдік нарықта сатуда бірден проблемалар басталады. Себебі, барлық болат жеткізу бойынша контрактілер Митталдың қолында. Қазір, Теміртаудан шыққан болат ArcelorMittal-ға жеткізіледі де, одан кейін контракттар бойынша сатылады. Тауарды өткізу бойынша проблема жоқ.
Егер өнімді сата алмасақ, мұндай үлкен зауытты ұстап тұра аламыз ба деген сұрақтар туындайды. Бірден ескеретіні, Қытайға біздің болат керек емес. Олар өз металлургиясын дамытуда.
Сондықтан Үкімет Лакшми Митталмен қатаң талаптар қойса да, бір мәмілеге келгісі келеді. Бастысы - өндірістегі қауіпсіздікті күшейту. Миттал өз уәдесін орындай ма? Соны бақылау қажет.

👍47👎11
😂 «Құлаққа кірмейді». QazaqGaz-дың логотипін жасауға ардагерлер ұйымы Ресейге тапсырыс берген бе?
"QazaqGaz" ұлттық компаниясының су жаңа логотипін Ресейдің Артемия Лебедева студиясы жасады, – деп хабарлайды Protenge телеграм арнасы.
Ресейдің Артемия Лебедева студиясы Қазақстанның ұлттық компаниясының логотипін қаншаға жасағаны жайында ләм-лим деп тіс жармаған.
Protenge болса, "QazaqGaz" компаниясы бірнеше рет хабарласып, логотипті қаншаға жасатқаны жайында сұрау салғанда алпаут компания логикаға сыймайтын жауаптар қайтарған.
"QazaqGaz" келісім-шартқа сәйкес логотиптің бағасын үшінші тарапқа жария етуге тыйым салынатынын айтып, істі жылы жабуға тырысқан.
Ол мемлекеттік компания болғаннан кейін оның логотипті Ресейдің дизайнерлік студиясына қаншаға жасатқаны халықтың білуге қақысы бар. Егер QazaqGaz жеке біреудің компаниясы болса, оны ешкім мазаламас еді.
Қарапайым логотипті елімізде де жасауға болатын еді ғой. Бұл – Жаңа Қазақстан үшін жат қылық. Халықтың байлығына құрылған компания логотип жасауға қанша жұмсағанын жасырмай айту керек.
Компания Protenge телеграм арнасына ресейлік Артемия Лебедеваның студиясымен келісім-шартқа "QazaqGaz" ұлттық компаниясы мен Газ саласының ардагерлері кеңесі отырғанын айтыпты.
Бұл енді тіпті қызық болып тұр. Газ саласының ардагерлері кеңесі компанияның логотипін жасаумен емес ардагерлердің жағдайын жақсарту ісімен айналыспай ма?
Мұндай іспен әдетте компаниялардың маркетинг бөлімі айналысатыны белгілі. Егер ардагерлер кеңесі шыныменде компанияның логотипін жасауға тапсырыс берсе, мұнда бір шикіліктің бары анық.
QazaqGaz ресейлік дизайнерлік студиядан келісім-шарттың қаншаға бағаланғанын айтуды өтінгенмен, ресейлік студия бұдан бас тартыпты.
Сонымен қатар "QazaqGaz" компаниясы ардагерлердің қоғамдық ұйымына ешқашан қаржы аудармағандарын да алға тартқан. Демек, ардагерлер өз араларынан ақша шығарып, компанияның логотипін өзгертуге бекінген болды ғой.
Құлаққа кірмейтін әңгіме. @protenge осы істі соңына дейін жеткізгенше тоқтамақ емес.👍🔥

👍59👎9
☀️🙅 Күн мен жел иллюзия сияқты. Оның генерациясы Қазақстанға жетпейді
Соңғы жылдары елімізде энергия тапшылығы айқын сезіліп отыр. Мамандар алдағы уақытта мұның зардабы еселенеді деген пікірде. Әсіресе, бұл мәселе 2030 жылға таман күрделене түспек. Тығырықтан баламалы қуат көздері де шығара алмайды. Неге?
✔️ Бізде күннен және желден тоқ өндіруге қауқарлы 70-тен астам станция бар. Алайда, энергия көзінің 1,5 пайызы ғана жаңартылған баламалы қуат көзіне тиесілі. Айталық, елімізде жел энергетикасының әлеуеті 920 миллиард киловатт сағатты құраса, судың техникалық жарамды әлеуеті 62 миллиард киловатт сағатқа жетеғабыл. Ал күн арқылы алынатын қуат көзіне келсек, мұны дамыту бойынша барлық мүмкіндікке ие оңтүстік өңірлерде жылына 2,5 мың, 3 мың сағат қана өндіріледі. Есесіне, электр көзін тұтыну мөлшері күрт артты.
Қазірдің өзінде электр энергиясы тапшылығы басталды. Біз тоқты Ресейден алып отырмыз. Энергетика министрлігінің мәліметінше, бір жылда солтүстік аймақта электр энергия тұтыну мөлшері 8 пайызға, оңтүстікте 12 пайызға көбейген.
👉 Мамандар мұның шешімі – баламалы қуат көздерін дамытудан бөлек, атом электр станциясын салуды жеделдету екенін нақ айтады. Басты себеп – энергия көзінің 70 пайызын көмірден алатынымызды ескерсек, кеңестік кезеңнен келе жатқан бұл станциялардың тозығы жеткен.
https://dalainside.kz/12/manyzdy/12/2022/779/

Оңтүстік өңірдегі электр дефициті мен Балқаштағы АЭС - DALA инсайд
Tліміздің оңтүстік және солтүстік өңір халқы энергия тапшылығына тап болды. Тіпті, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Түркістан облыстарында тұрмыстық және әлеуметтік нысандарға энергия тұтынуға шектеу қою деректері тіркелген
👍15👏2🤩1
✍️ Жәкішевсіз іс бітпейді. Тоқаев кардиналды шешімге бара ала ма?
Бүгінгі Үкімет отырысында министрлер кабинетінің тағдыры шешілді. Мемлекет басшысы Үкіметті отставкаға жіберетінін ыммен түсіндірді.
Смайылов керемет жаман болды деуге келмейді. Тура осыны Сағынтаев, Мамин, Масимов, Ахметов туралы айтуға болады.
Жаман да емес, жақсы да емес. Біздің ең үлкен проблемамыз, сынбай жатқан мұзымыз осы. Қатып қалған система. Оның ішіндегі актерлардың бәрі бірдей. Енді Сымайловтың орнына Досаев, не Қошановты әкеліп отырғызса тура сондай болады. Түк өзгермейді. Сол подход, сол докладтар, сол бюрократия.
Олар бәрі осылай тұра берсе екен деп армандаса да, біз іштен шіріп жатырмыз. Темірлер шіріп жатыр. Тіпті темір шыдамады. Бүкіл энергетика жүйесін ауыстыру керек. Құбырлар, қазандықтар, турбиналар, ТЭЦ-терді - бәрін ауыстыруға тиіспіз. Ал оған басқаша ойлайтын адам керек.
Сондықтан Жәкішевсіз іс бітпейтінін Президент түсінеді. Бірақ - ол қиын шешім. Бірақ - ол керек шешім.
DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша келесі жылдың күзіне таман Смайыловқа берілген сенім кредиті таусылады. Ақорда "Қошанов - Досаев - Ноғаев" тандемінің арасынан таңдау жасайды.

👍177❤8🙏8🎉2🔥1👏1💯1
Forwarded from DALA INSIDE
🇰🇿 Президент пен Премьер. Адам мен система. Соңғысы қайда барады?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімді демалыстан шықты. Және оның ең бірінші көретін адамы Әлихан Смайылов болмақ. Ел Премьер-министрі экономиканың жағдайы мен өсіміне толық жауапты. Ал инфляция бойынша жауапкершілік (баға өсімі) Премьер мен Ұлттық Банк төрағасына теңдей бөлінген. Осы айда инфляция шарықтау биігінде - яғни 15%-да тұр.
Ұлттық Банктің өз тарапынан не істеп жатқаны түсінікті. Ол базалық ставканы 14,5%-ға көтерді де, нарықтағы артық ақшаны алып тастағысы келді. Экономиканы кредиттеу қарқыны онсыз да құлдырап жатқан еді. Оған себеп ставка емес, нарықтағы пессемизм болып отыр.
Ұлттық Банкқа қарағанда Үкіметке қиын. Шарасыздық белгілері байқалады. Базар да аралады, үйдің жанындағы дүкендерге де тиісті. Бұл баяғы КСРО кезінен қалған әкімшіл-әміршіл әдіс, бірақ қазіргі заманда оның мүлде жұмыс істемейтінін көріп отырмыз.
Үйдің жанындағы қай дүкен Үкімет айтты деп бағаны 15%-дан асырмай отыр? Ондағы сатушы тіпті Үкімет дегеннің не екенін, Премьер-министрдің аты-жөнін де білмейді.
Үкіметке жаңа креатив жетіспейді. Осы креатив кімде бар? Ешкімнен шыға қоймады. Баяғы бюрократия, бітпейтін жиналыстар. Халық бөлек, Үкімет бөлек. Смайылов жағдайды өзгерте ала ма? Ол да ескі шинельдің адамы. Басқаша жұмыс істегісі келетін де шығар. Бірақ қалай істерін білмейді.
Биылғы экономикалық өсімді біз мұнайдың қымбаттауынан аламыз. Бірақ өндірістің қайта-қайта тоқтауынан, Ресейдің құбыр ойындарынан шетелдік мұнай компаниялары зардап шеге бастады.
"Бәйтеректің" өз мандатын тастай салып, акционері рубльге көміп тастаған Сбербанкті құтқарамын деген әлегі мүлде түсініксіз болды. Соның салдарынан, жұмыс істемейтін мусор рубльді жинап алып, онымен не істерін білмей отыр. Ашық ақпарат жоқ, Сбербанкті сонымен ала ма, алмай ма, ол жағы да шешілмеді.
"Самұрық-Қазына" да ауада қалқып тұрып қалған шар іспеттес. Ол Үкіметке қарай ма, әлде Президент өзі басқара ма? Нақтылық жоқ. Экономиканың қозғаушы күші болғандықтан ондай холдингті логикаға сай тиісті мандаты бар Үкімет басқаруы тиіс. Бізде кезінде Назарбаев қалтасын күйттеп, холдингті өзіне қаратып алған еді. Сол ескі жүйе әлі қалып кетті. Есі дұрыс елде басқарушы холдингтерді Үкімет қарайды. Ал Президент одан жоғары болуы керек.
Экономикасы кенжелеген Талдықорған жақты бөліп тастаса да, Алматы облысы донорлар қатарына қосыла қоймады. Әкімдер баяғы ескі жүйеде - бюджетке заявка беріп, сол қаржыны керек/керек емес болса да игеріп тастау науқанымен жүр.
Үкімет Қазақстанды жыл санап қарызға тереңірек батырып келеді. Бар үміт Әлихан Смайыловта болған. Оған уақыт жетпей жатыр ма, әлде ниет жетпей жатыр ма, ол жағы белгісіз. Билік командасында экономиканы Әлихан Асханұлынан артық білетін адам жоқ. Ол бәрін біледі. Бірақ оған система мүмкіндік бермей, қолын байлап отырған сияқты.
Жаңа идея керек, жаңа жүйе керек. Адамдар ауысқаннан ештеңе өзгермейтінін соңғы ауыс-түйістер көрсетті. Қазір Смайыловтың орнына Склярды тағайындаса да, ештеңе өзгермейді. Тіпті Премьер жұмысқа бармай қойса да, система өзі жүре береді.
Бірақ осы система қайда бара жатыр? Осындай ең маңызды сұраққа кім жауап бере алады?

👍82👏9👎1
💥 БУМ! АҚШ Киевке Ақ үйдің қорғанысында тұрған әскери техниканы жеткізеді
Батыстың Украинаға әскери көмегіне қатысты жағдай күрт өзгерді. Тіпті, кейбір одақтас елдер көктемде қақтығыстың өршуінен сескеніп, заманауи қару-жарақтарды ұсынудан аздап жүрексінген еді.
Алайда, қараша айынан бері 🇺🇦 Украинаның Харьков және Херсон облыстарындағы жетістіктерінен кейін мұнда Батыстан ағылған көмек саны да, сапасы да едәуір артты.
Dalainside HIMARS-тан өзге одақтастар беретін жаңа әскери техниканың (Батыс баспасөзіндегі жарияланымдар бойынша) тізімін жасады:
✣ Немістің «Гепард» типті өздігінен жүретін зениттік қондырғыларының әуе нысаналарына дәл тигізуде тиімділігі жоғары. Немістер украиндарды өздері оқытуды қолға алды. Тіпті, 2023 жылдың көктемінде тағы да жаңа партия беретінін жариялады.
✣ Мәртебелі Корольдік Әуе күштерінің негізін құрайтын британдық «Sea King» тікұшақтары. Бұлар да «Сүңгуір қайықтарды барлауға» маманданған әуе кемесін Украинаға беріп отыр.
✣ M777 155 мм американдық гаубицалары ресейлік 152 мм-ге қарама-қарсы қасқайып тұра алады.
✣ Мәскеудің Ираннан алғанындай Камикадзе дрондарының бірнеше түрі жеткізілді.
✣ Әуе қорғанысы күштеріне қарсы жаңа «NASAMS» әуе қорғанысы ұшқышсыз ұшақтарды да, тікұшақтарды да атып түсіре алады.
Бұлар Ақ үйдің қорғанысында да тұр.
Айта кету керек, америкалықтар Норвегияда Украина қарулы күштерінің жауынгерлері үшін жаттығулар өткізді.
✣«Avenger» («Кек алушы») жоғары мобильді әуе қорғанысы дрондарға қарсы өте тиімді. Сондай-ақ, инфрақызыл көру және лазерлік тұрғыдан бағыттау алады. Кәдімгі «Стингерлер» сияқты жоғарыдағыны дәлдейді.
✣ «Hawk» («Ястребы») зенитті зымыран кешені «Стингерлерден» кейінгі шыққан буын. Осы америкалық зенитті зымыран кешенінің алғашқы партиясын Украинаға Испания беріп отыр.
😉 Бұл басы ғана.
🇪🇺🇺🇸 Батыс елдерінің Украинаға ұсынып жатқан көмегі әрі қарай жалғаспақ. Украина Қарулы Күштері 2023 жылдың көктемінде Пентагон белсенді пайдаланатын M26 зымыран қозғалтқышымен жабдықталған және 150 шақырымға дейінгі қашықтықта ұшырылатын GLSDB шағын диаметрлі бомбаларын алады.
Қазірдің өзінде батыс сарапшылары Украина Қарулы Күштерінің сәтті операцияларының жоғары жиілігі мен сапасын ерекше атап өтуде. Осыған қатысты пікірін бір сөйлемге сыйдырған Еуропалық халықаралық қатынастар кеңесінің (European Council on Foreign Relations) сарапшысы Камилла Гранд «Украинадағы бір күн Ауғанстандағы бір айдан артық», – деді.

👍59👎3👏3
🇨🇵🇰🇷🇷🇺 АЭС-ті қай мемлекет салғаны жөн
Алмаз Әбілдаев: "Бұл мемлекеттік тұрғыдан шешілетін мәселе ғой. Бірақ Түркия неге Ресейді таңдады? Себебі, Жапония мен Франция 42-44 млрд АҚШ долларын сұраған. Ал Ресей 22 млрд долларға салып, оған қоса мамандарды оқытады. Айырмашылық жер мен көктей ғой. Түріктер осының бәрін ескерді. Келесі жылы бір энергоблогы іске қосылады. Бұл АЭС 60 жылға дейін жұмыс істейді екен. Тіпті, 80 жылға дейін энергиямен қамтамасыз ететіні есептелген. Сонда мемлекет 20 жыл қаржысынан құтылса, қалған 40 жыл таза мемлекетке, халыққа жұмыс істейді.
Кейбір компания қағаз бойынша бәрін қатырамыз дейді. Шын мәнінде, тәжірибе жүзінде бір нысан жұмыс істеп тұр ма? Осы жағына көңіл бөлу қажет. Оның үстіне Қазақстан Германия сияқты бай мемлекет емес. Егер тариф бағасын 200-300 теңге қылатын болсаң, жапондарды шақырасың, 60 теңге болсын десең - Ресейді.
Тағы бір нәрсе – Росатом Беларусь мемлекетіне АЭС-ті қалай тез және арзан салып берді? Бұлардың да тәжірибесін зерттеу қажет. ТМД бойынша ең арзан жанармай, энергия көзі бізде екен. Мемлекет бағаны ұстап тұр. Көрші Өзбекстанда АИ-95 жанармайы – 500 теңге, Грузияда – 700, Түркияда – 880 теңге. Бұларда баға құбылмалы. 2025 жылы қаңтардан бастап Еуразиялық одақ аясында бірыңғай энергия кеңестігі күшіне енеді. Ол кезде баға бірдей болады. Сол себептен АЭС салар кезде түріктер сияқты прагматикалық тұрғыдан арзан әрі сапалы жағына мән беру керек шығар.
https://dalainside.kz/12/manyzdy/14/2022/782/

Қазақстан энергетика дағдарысынан қалай шығады? - DALA инсайд
АЭС салар кезде түріктер сияқты прагматикалық тұрғыдан арзан әрі сапалы жағына мән беру керек
👎29👍23
Forwarded from PARANOIA.KZ (Alash KZ)
Алматыдағы гүл жеткізу бойынша ең ірі дүкеннің бірі мемлекеттік тілде қызмет көрсетіңіз десе, “сіз аурусыз, сізге емделу керек” деп жауап қатыпты. Артынша инста сторисіне “жағдайды реттедік, енді посттарды қазақша да жазамыз” деп жазба салыпты. Бұларға қазақтың ақшасы жақсы да, тілі жаман ба?! Сәл шағым айтылса, кешірім сұрап шыға келеді, бірақ ішкі көзқарастары өзгермейді-ау.
👏68👍15👎8🤩4🎉2