DALA INSIDE
10.8K subscribers
402 photos
128 videos
1 file
1.13K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
🏦🇷🇺 "7-20-25" ипотекасының негізін қалаған қазақ қаржыгері Ресейдің ірі банкін басқаратын болды

"7-20-25" ипотекасының операторы болған "Баспана" (Ұлттық Банкке қарасты) компаниясының алғашқы төрағасы, оның алдында ұзақ жылдар бойы Отбасы банк пен "БТА Ипотекада" басшылық қызмет атқарған Қайрат Алтынбеков Ресейдің Азия-Тынық мұхиты банкінің (АТБ) басқарма төрағасы болып тағайындалды.

АТБ-ны қазақстандық инвестициялық компания - "Pioneer Capital Invest" ЖШС-і Ресейдің Орталық банкінен аукционда 193 миллион долларға сатып алған болатын. Артынан олар өзі сатып алған Ресей банкін "Назарбаев фонд" дербес қорына аударып берді. Ол қорды - зейнеткер Нұрсұлтан Назарбаев басқарады.

АТБ биыл мол табыс табайын деп тұр. Валютаралық операцияларда Ресейдегі банктердің комиссиялары тым жоғары. Ал халқында басқа амал жоқ. Бірақ операциялардың көбісін АТБ баяғыдай қолма-қол ақшамен жасап жүр.

Алтынбеков кезінде "7-20-25" пен Отбасы банкты цифрландырған еді. Енді АТБ-ны орыстың каспиіне айналдыратын болады.

@dalainside
👍27👎141
❗️⚡️Dalainside Тоқаевтың жанындағы ең "қауіпті" адамды тапты. Президент одан аулақ жүргені абзал...

Иә, осыған дейін билікте болғандардың бәрімен ат-құйрығын үзісудің қажеті жоғын түсінеміз.

Биліктің ішінде де Назарбаевтың автократиясына талағы тарс айырылардай болып, әрең жүрген ақ жағалылар болды.

Десе де, Жаңа Қазақстанды құру кезінде ат қосшы болуға да жарамайтын тұлғалардың бар екенін естен шығармаған абзал.

"Қазақ қоғамы үшін құндылығын жоғалтқан сондай шендінің бірі – Ермұхамет Ертісбаев..." - дейді танымал журналист Нұрлан Жұмахан.

Ертісбаевтың аты аталса көпшілік тыжырына қалады. Неге?

"Өйткені ол осыған дейін қоғамдық ортада Назарбавтың диктаторлық саясатын ақтап келген адам ретінде танылды.

Назарбаев билігін ұзартуға өлшеусіз үлес қосқан 10 адам болса, соның бел ортасында Ертісбаев тұр.

Оны Жаңа Қазақстанның іргесін қалауға мүлде жолатуға болмайды.

Назарбаевтың өзі керек қылмай зейнетке жіберген Ертісбаевты халық Тоқаевтың жанынан әсте көргісі келмейді", - дейді журналист.

😤 Күні кеше Арманжан Байтасовқа сұхбат берген Ертісбаев сайлауда Тоқаевты қолдау үшін құрылған Халықтық коалицияны "тарқатпау керек" деп көсілген.

🧐 Оның ойынша, аталған коалиция "стратегиялық мәселелермен айналысу" үшін керек.

"Ертісбаевтың осы әңгімесінен-ақ Назарбаев режимін аңсап отырғанын аңғарамыз.

Халықтық коалицияны сақтап қалғаннан не ұтамыз? Бар болғаны Назарбаев режиміне қайта қадам басамыз.
Мұндай ұйым "Нұр Отан" сияқты ебедейсіз "динозаврға" айналады.

Дәл қазір бізге коалиция емес, жоғарыға халықтың түрлі топ өкілдерінің мұң-мұқтажын жеткізетін көптеген саяси ұйымдар қажет.

Ертісбаевтың ұсынысы?
Бұл Тоқаевтың саяси реформасын жоққа шығаратын кеңес.


Президент Тоқаев қолға алған саяси реформа іске асса Ертісбаевтың "қызметіне" деген мұқтаждық туындамауы керек.

Халыққа керегі өзгеріс, ал Ертісбаев секілділер Тоқаевты "өзгертуге" тырысып жүр", - дейді журналист.

https://t.me/dalainside
👍562
🇰🇿 🇺🇿 Тоқаев vs Мирзияев: Астана мен Ташкент инвесторға таласа бастады

Мирзияевтің баяндамасын шолып шыққан Dalainside осындай ұйғарымға келді.

Жаңа Қазақстандағы жедел реформалар өзбек билігінің ұйқысын қашырғанға ұқсайды.

Ташкент шетел капиталын көршінің қанжығасына байлап бергенді мүлде қаламайды.

Шетелдің бизнес өкілдерін шәйға шақырған Мирзияев әлгілерді өзбек нарығына қаржы құюға үгіттеп, уәдені-үйіп төкті.

Жаңа Өзбекстанда инвестордың құқы алабөтен, айрықша қорғаларына кепілдік берді.

Өзбек басшысы Батыстан келетін қомақты капиталдан қағылмау үшін Тоқаевтың реформасымен пара-пара өзгерістер жасауға тәуекел етіп отыр.

Жаңа Өзбекстан дейтін концепцияның мақтауын асырған Мирзияев инвестор дейтін кірпияз қауымға келесідей жеңілдіктер ұсынды:

1⃣ Ташкент алдағы жылдан бастап инвесторларға білім мен денсаулық саласының есігін айқара ашады.

2⃣ Инвесторлар кеңесінің іргесінен оларды жәбірлеуге жол бермейтін Арнайы комитет құрылады.

3⃣ Өзбектің қор нарығына қан жүгірту үшін шетелдік банктерге шақырту жіберіледі. Қаржы институттары толығымен түрленіп, бұл бағыттағы реформа тереңдей түседі.

4⃣ Экономикадағы биліктің белсенділігі күрт бәсеңдейді. Жекешелендіру науқаны қызу жүргізіледі.
"Мен билікке келгелі 1200 кәсіпорынды жекенің қолына тапсырдық", - деді осы тұста Мирзияев.

5⃣ Өзбектің жер қойнауындағы "игілікті" игеру инвесторларға сеніп тапсырылады.

"Ақшаның астында қаласыздар. Өзбекстан алтын қоры бойынша әлемде 2-ші орында, мыс пен күміс қоры да жетіп артылады, 7-ші орындамыз. Әттең, бұларды игеретін технологиядан тапшылық көріп отырмыз...", - дейді өзбек басшысы.

Ташкент 10 түрлі қазба байлықты өндіруді инвесторларға жүктегелі отыр. Осы мақсатта айтарлықтай салық жеңілдігі жасалған.

6⃣ Мирзияевтің тұсында электромобиль өндірісі дәуірлейді. Өзбек басшысы осы тұста Илон Маскке тіл қатып, елдің көлік жасаудағы тәжірибесін мысал етті.

7⃣ Туристер топырлап келетін аймақтарда IT парктер ашылады. Осында отырып, еңбек ететін "айтишниктер" салықтан босатылады.

8⃣ "Бізге ақша әкеле жатқан инвесторды аяғын жерге тигізбей әуежайдан күтіп аламыз. Сол арада жұмысқа қажетті барлық құжатты қолына ұстатамыз. Бұл істі Инвестиция министрі жүргізеді. Бүтін бір министрді басқа жұмыстан босатып, сіздерге басыбүтін бердім", - деді Шавкат ака.

⚡️Мирзяев өзінің тұсында ел экономикасына құйылған инвестиция көлемі 40 млрд 💵-дан асып жығылғанын айтып мақтанды. Бұл Кәрімов дәуіріндегі кезеңнен 10 есе көп.

"Алдағы 4-5 жылда инвестиция көлемін 120 млрд-қа жеткізуді межелеп отырмыз", - деді ол.

Өзбек лидері инвесторлардың Қазақстанға ауып кеткенін қаламайды. Ресейден қашқан шетелдік компанияларды құшақ жая қарсы алуға әзір.

https://t.me/dalainside
👍56🥰5🤩4
🇪🇺⚡️🇷🇺 Батыс Путинге шындап шүйлікті. Кремльді сойқан санкциялар күтіп тұр...

Dalainside Британ үкіметіне қарасты Қаржылық санкциялар басқармасының (OFSI) есебін сүзіп шықты.

😳 Біз мынадай парадокске куә болдық...

🇬🇧 Лондон осы кезге дейін сөз жүзіндегі санкциямен (немесе имитациямен) айналысып келген.

Ел билігі Кремльдің астамшыл әрекетін айыптағанмен, оны тежеуге тырыспағаны, керісінше кейбір қылықтарына көзжұмбайлықпен қарағаны мәлім болды.

Британ билігі Путиннің паранойя дейтін айықпас ауруға шалдыққанын тым кеш түсінген тәрізді.

❗️ Ресейлік активтердің жаппай бұғаттала бастауы ақпан айымен тұспа-тұс келген.

Ресей 🇺🇦 Украинаға басып кірген мерзімнен күні бүгінге дейін Ұлыбритания Мәскеудің 1200 бай-бағланына санкция салған.

Тағы 33 ресейліктің дүние-мүлкін тәркілеуге лицензия берілген.

Дәл осы аралықта 18,39 млрд фунт стерлингке бағаланған Ресей активінің аузына құлып салынған.

💥 Бұл 2014 пен 2021 жылдың аралығындағы барлық санкциялардан 41000 пайызға (!) көп.

Әлгі аралықта бұғатталған ресейлік активтің құны бар болғаны 44, 5 млн фунтты құрапты.

Демек, Киевті үш күнде басып алуды жоспарлаған ақпан айына дейін Путиннің мұртын балта шаппай келген.

Оған бағынышты 💵 олигархтар Мәскеу мен Лондонның арасында емін-еркін қатынап, британ астанасындағы зәулім сарайларында сауық-сайран құрған. Енді бұл дәуір көзден бұлбұл ұшқалы тұр.

Британ билігі OFSI -дың құзіретін кеңейтіп санкциялардың ауқымын ұлғайтпақ.

"Ресейден алыс жүр" деген ескертуді елемеген британ компанияларына қомақты ақшалай айыппұл салынады.

Ресейге шындап шүйліккен басқарма жыл соңына дейін штат құрамын күрт көбейтіп, қызметкер санын 100 адамға жеткізбек.

❗️OFSI директоры Джайлз Томсон: "Кремльге салынған санкциялардың мүмкіндігі сарқылған жоқ. Экспорттық, импорттық тыйымдар, визалық, транспорттық шектеулердің көкесі әлі алда", - дейді.

Ақпан айынан бері Ресейден 1500-ға жуық трансұлттық компаниялар кетіп тынған. Бұл үрдіс үдей түспесе, бәсеңдемейді. Ресейді оқшаулау тенденциясы қарқын алады.

Санкциялардың шалығы Жаңа Қазақстанды шарпып өтпей ме? Бізді осы мәселе мазалайды...

https://t.me/dalainside
👍42👏1
🏦 Базалық ставка - 17%. Дайынбыз ба?

Бизнес демін ішіне тартты: ертең Ұлттық Банк базалық ставка бойынша шешімін жариялайды.
Және ол өсуі мүмкін. Инфляцияны тоқтата алмай жатырмыз.

Қарашаның қортындысы бойынша биылғы жылдық инфляция 19,6%-ға жетті. Бұл аз емес. Инфляциялық күтулер бойынша сауалнама ешқандай позитивті жаңалық әкелмеді. Біз жыл аяғына дейін инфляцияның 20 пайыздық қызыл қызығын аттап өтуге жақын қалдық.

Бұл ретте - қазіргі 16% базалық ставка тиімділік пәрменінен айрылады. Сол себепті, ертең Ұлттық Банк комитеті өз отырысында радикалды шешімдер саясатын жалғастырады деген болжам - барлық сарапшылардың аузынан шығуда. 17% немесе одан да көп базалық ставка - ертең жарияланатын шешімнің ең ықтималы болып тұр.

Саяси аспектіні де жоққа шығара алмаймыз. Президент инаугурациядан кейін Ұлттық Банк төрағасын қайта тағайындауы тиіс. Қазіргі төраға - Ғалымжан Пірматовтың статусы автоматты түрде "уақытша міндетін орындаушыға" ауысып отыр. Пірматов кандидатурасы бойынша шешімге инфляцияның ықпал етері сөзсіз. Президент инфляциямен күресте Ұлттық Банк орындаған шараларды дұрыс деп санай ма, бұрыс деп санай ма - әңгіме сонда.

Базалық ставка бойынша жаңалықты ертең білетін боламыз. Ал Ұлттық Банк төрағасы бойынша жаңалықтың қашан шығатынын ешбір инсайдер айта алмады.

https://t.me/dalainside
👍26🤩4👎2👏2
HAVAL H6 кроссовері Қазақстанға келді

Mycar Almaty автоорталығында Great Wall Motor концернінің бестселлері Haval H6 моделінің асыға күткен тұсаукесері өтті. Танымал кроссоверді брендтің ресми дистрибьюторы – Haval Motor Kazakhstan («Астана Моторс» құрамына кіреді) таныстырды.

Haval H6 тұсаукесері мини-мюзикл форматында өтті. Great Wall Motor Eurasia маркетинг жөніндегі директоры Кэрол Тян таныстырудың ерекше форматына қатысты былай деп пікір білдірді:
«Әрине, техникалық параметрлер мен жүріс сипаттамалары – бұл болашақ көлік иесі ең бірінші кезекте назар аударатын жайт. Бірақ біз автокөліктің мінезін, біздің дизайнерлеріміз модельді әзірлеген кезде оған салған эмоциялар мен стильді де көрсеткіміз келді. Сондықтан тұсаукесерлеріміз үшін әрқашан жаңа форматтар іздейміз».

Автоорталықтарда HAVAL H6 үш жиынтықтама нұсқасының бірін таңдауға болады: Comfort, Premium және Tech Plus. Бағасы 12 990 000 теңгеден басталады.

👉 Қосымша ақпаратты haval-motor.kz сайтынан ала аласыз.

https://t.me/dalainside
👍16👎1👏1
📈 16,75%. Қазақстан жаңа базалық ставканы қарсы алды

Ұлттық Банк базалық ставканы 0,75 пайызға, қаржыгерлер тілімен 75 базисті пунктке көтерді. Енді автоматты түрде кредит қымбаттап, ал депозит тиімді бола түспек. Шамамен депозит мөлшерлемелері 18,25% көрсетуі тиіс.

Қазақстан халқы ақшаны құрту моделінен кетіп, жинақтау үлгісіне толық ауыса ма? Бізде қазір 19,4 триллион теңге депозит бар. Оның 35,5 пайызы долларда. Базалық ставканың өсуі дедолларизацияны күшейтіп, доллардағы салымдар үлесін азайтуы тиіс. Тиісінше теңге салымдары көбейеді.

https://t.me/dalainside
👎17👍12
🏭 Балқаштағы АЭС: оның көл суына ешқандай әсері болмайды

Dalainside.kz Қазақстанда салынатын атом электр станциясының қауіпсіздігі бойынша сериялы зерттеу жүргізіп келеді. Кезекті тақырып – Балқаш суына қатысты.

✔️ «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Жаңа ядролық және энергетикалық технологиялар бойынша бас менеджері Асуан Сиябековтың айтуынша, АЭС-те радиоактивті қалдықтар сыртқа шықпайды. Бірнеше контур болады. Сол контур бойында салқындатылады.

👉 «Біз суды не үшін қолданамыз? Ең алдымен реакторды салқындату үшін. Бұл суды тоғандардан, жанындағы көлден аламыз. Контурдағы құбырмен жүретін су көл немесе тоғандағы сумен жанаспайды. Сондықтан «радиоактивті қалдықтар Балқаш көліне құйылады» деген пікір дұрыс емес», - дейді, атом саласының маманы.

«Екіншіден, су буланады, қайнап кетеді дегенді де естіп жүрміз. Олай болуы мүмкін емес. Бәрі есептеулі. Су жылына 0,04 пайыз мөлшерде ғана буланады. Бұл өте аз. Сол себептен Балқаш көлі қайнап, тартылып, ішіндегі жәндіктер, балықтарға әсер етеді деген де шындыққа жанаспайды»

Бір қызығы, шетелдегі АЭС-терде үнемі балық аулаудан жарыс өткізіледі екен. Басты мақсат - балық аулап, оған дозиметрлік тексеріс жүргізеді. Соның нәтижесінде дозаның мөлшері асып кеткен жоқ па, суға радионуклидті қалдықтар тараған жоқ па, бәрін тексеріп балықты суға қайта жібереді.

Бір тоқетері, заманауи, жаңа технологияны арқау еткен АЭС салынып, жұмыс істесе Балқаш көліне 🙅 ешқандай қауіп төнбейді.
https://dalainside.kz/12/jana-qazaqstan/05/2022/737/
👍21👎6
🇰🇿⚡️🇺🇿 Тоқаев-Мирзияев тандемі: Астана мен Ташкент әне-міне одақ құрады

Жаңа Қазақстан Тұран одағы туралы идеяны тірілтуге мүдделі.
Ел билігі түркі әлемін Ресейден төнетін қауіп-қатерге қалқан болады деп пайымдайды.

Түркітілдес аудитория да бір тудың астына бірігуге бейілді. Президент Тоқаевтың тұсында мұның алғышарттары әзірлене бастады.

Алдағы күндері Астана мен Ташкент одақтастық туралы тарихи құжатқа қол қоймақ.

Жаңарған, түрленген, толысқан құжатты Қасым-Жомарт Тоқаев өзбек жеріне арнайы алып барады.

Ташкент Қазақстан президентін осы айдың ортасында күтіп алудың қамын жасауда.

Кіндік Азиядағы жетекші мемлекеттер одақтастық туралы келісімшартқа 🤝 қол қоя отыра, саяси һәм экономикалық әріптестікті әрі қарай да тереңдете түспек.

Құжатта бөтен мемлекеттердің агрессиясына бірлесіп төтеп беру туралы маңызды тармақ бар.

Технология дәуірінде бөгде елге басып кіріп, ойран салатын жабайы елдердің саны санаулы. Соған қарап-ақ аталған тармақтың нақты кімге бағытталғанын ❗️🇷🇺 бағамдай беріңіз.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы алғашқы келісімшарт осыдан 24 жыл бұрын әзірленген. Көнерген құжаттың тезистері қазіргі геосаяси ахуал мен одан туындайтын қауіп-қатерге төтеп бере алмайтыны анық.

Назарбаев пен Кәрімов дәуірінде құжатты қайта қарауға деген қажеттілік болмады.

Тараптар бауырластық байланыстың өрісін кеңейтуге құлық танытпады.

Ақордаға жақын Dalainside дереккөзінің мәлім еткеніндей құжатты қайта қарау, стратегиялық әріптестікке жаңаша серпін беру, тұтастай алғанда одақтасу туралы ұсыныс Тоқаев тарапынан түскен. Бұл жолғы келісімшарт алдыңғысының олқылықтарын толықтырып, әзіргі аумалы-төкпелі ахуалды есепке алған.

Астана мен Ташкенттің одақ құруына даңғыл жол ашатын келісімшарт 90-ға тарта тармақтан тұрады, ол саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани кеңістікті тегіс қамтыған.

Су жаңа құжатта энергетика және қорғаныс саласындағы әріптестікке құмбыл көңіл бөлінген.

❗️Екі елдің біріне жау шапқан жағдайда тараптар жұдырықтай жұмылып, агрессордың арынын басатын шара қабылдайды.

«Мемлекеттің қастерлі құндылығы саналатын бас еркіндігі мен территориялық тұтастығына, жер қойнауындағы қазба байлығына көз алартатын сырт күштерге тараптар бірлесіп төтеп береді» делінген құжатта.

https://t.me/dalainside
👍73🙏61
💥 Қажыгелдиннің сенімді серігі Мәжіліске барады: Жаңа Қазақстан Бапиге депутаттық мандатты дайындап қойды

Алдағы парламент сайлауында Мәжіліс "мәдилерден" арылып, олардың орнына Ермұрат Бапи секілді мінезді азаматтар келеді.

Dalainside-тың мұндай болжам жасауына бірнеше себеп бар.

Президент сайлауына үміткерлердің тікелей эфирде өткен трэш-тогы кезінде Ермұрат Бапи Тоқаевтың өкіліне өткір сауал қойды. "Қазіргі басшы Назарбаевтың қателігін айна-қатесіз қайталап жүрмей ме?.." деген қаупін жеткізді.

Қошанов мұндай сауалдың қойыларын 😉 сезгендей, танымал журналиске (ДАТ-тың «Бас оқырманына») барынша ашық, толымды жауап қатты.

Ақорданың анау-мынау емес, сайлау алды дебатта биліктің оппонентін сөйлетіп, оған сауал қоятын мүмкіндік беруі – Жаңа Қазақстанның Бапидің санатындағы тұлғалармен тіл табысқанын аңғартады.

Ерекеңе Мәжілістен бір орын бұйырып тұр.

Бапидың есім-сойы Қазақстан билігі үшін 30 жылдан бері – "қара күйе". Ешбір шенеунік Бапиға жуымайтын. ДАТ-қа сұхбат бермейтін. ДАТ-ты тығылып қана оқитын.

Жаңа да әділетті Қазақстан Мәжілісті "мәдилерден" тазартуға мүдделі.

Қажыгелдиннің сенімді серігі журналистикада ешкімге ештеңе дәлелдеуге міндетті емес. Есесіне Парламент Ерекең секілді тұлғаларға сусап отыр.

Бұған дейін Dalainside "Қажыгелдин мен Ақорданың хат-хабар алмасқанын" жазған. "Әкежан Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі" деген батыл болжам жасаған едік.

❗️ Қажыгелдиннің Қазақстандағы "көзі, құлағы һәм тілі" саналатын Бапидің Мәжіліске баруы Тоқаевтың саяси реформасын толықтыра түседі.

Бапи Парламентке барса не өзгереді дейтіндер бар шығар? Ендеше таратып көрейік.

Ермұрат Бапи 1998 жылдан бері билікке дүрдараз оппозициялық жолда. Назарбаев билігінің халықты қалай қанағанын, тонағанын, қазақты қалай теспей сорғанын жақсы біледі.

30 жылдан бері әділетсіз жүйемен баспасөз арқылы арпалысқан азаматтың Шерағаның заманынан бері ойсырап тұрған орынға отыратын кезі келгендей.

Арнамызға тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/dalainside
👍63👏9🙏4🥰2
❗️⚡️Тоқаев Ахметовты орнынан қозғамайтын болды. Шығысқа шаруақор адам керек

Жаңа Қазақстан Даниал Ахметовтің потенциалы сарқыла қоймағанына сенімді.

"Әкімдердің ауыс-түйісі Ахметовтың орынтағына әсер етпейді. Тоқаев Даниалдың калибріндегі кадрлер тапшы екенін түсінеді.

Әкім-қаралардың арасында салықшылар, қаржыгерлер мен заңгерлер көбейіп кетті.

Жаңа Қазақстанға шаруашылықта шыңдалған, өндірістен хабары бар кадрлер керек", - дейді Dalainside дереккөзі.

Ахметов саяси интригадан аулақ жүретін, тиісінше саяси имиджіне нұқсан келтірмеген қайраткердің бірі.

"Өзін "Назарбаевтың өнімі" санайтын кейбіреулерше халық алдында қадірін кетірген кезі жоқ...

Ақорда Даниалдың халықтың ортасында жүретін қабілетін жоғары бағалайды. Оның сенім кредитіне селкеу түспеген", - дейді дереккөз.

Тәжірибелі шенеуніктің өңірдегі орыстілді аудиториямен түсінісіп, тіл табыса алатын мінезі де есепке алынған.

Бізге жеткен мәлімет бойынша Ахметовтің жуыр арада орнын босатуы неғайбыл, ол Шығыс өңірді алдағы екі жыл шамасында басқарады.

Тоқаев Даниал мырзаны орнынан қозғамау туралы шешім қабылдаған. Ертеңгі тағайындаудың "тосын жаңалығы" да осы болмақ.

https://t.me/dalainside
👎45👍21🎉1
💥❗️ Айтқанымыз айдай келді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін Dalainside Ахметовтың орнында қаларын болжаған.

""Әкімдердің ауыс-түйісі Ахметовтың орынтағына әсер етпейді. Тоқаев Даниалдың калибріндегі кадрлер тапшы екенін түсінеді.

Әкім-қаралардың арасында салықшылар, қаржыгерлер мен заңгерлер көбейіп кетті.

Жаңа Қазақстанға шаруашылықта шыңдалған, өндірістен хабары бар кадрлер керек", - деген болатын Dalainside дереккөзі.

https://t.me/dalainside
👎41👍14👏2
☀️ Сақтандыру полисін оңай және арзан рәсімдеу: ол үшін не істеу керек

Жауын-шашын мен көктайғақ әдеттегідей қыс мезгілінде апат санының артуына себеп болады.
Мыңдаған автокөлік жүргізушілері, жолаушылар мен жаяу жүргіншілері жиі ауыр жарақат алатын кез аз емес.

Көлік құралы – жеңіл автомобиль, қоғамдық көлік немесе жүк көлігі жүргізушісінің жауапкершілігі қолданыстағы ережелер бойынша міндетті түрде сақтандырылады, алайда жаяу жүргіншілер, әдетте, жазатайым оқиға кезінде алған жарақаттардан қорғалмайды. Ал денсаулық - басты байлық.

Апат кезінде жарақат алған жағдайда сақтандыру полисін оңтайлы және тиімді бағамен рәсімдеудің жолын білесіз бе? Ең басты қадам – Home Credit Bank-ке жүгіну.

Себебі, банк тек жаяу жүргіншілерге ғана емес, сонымен қатар автокөлік жүргізушілеріне де сақтандыруды сатып алуды ұсынады. Жылдық сақтандыру құны - небәрі 19 900 теңге.

👉 Бұл соманың ішіне не кіреді?

✔️ Сақтандыру мерзімі бүкіл әлем бойынша 24/7 режимінде 365 күнге жарамды;
✔️ Адам жарақат алған және ауруханаға жатқызылған жағдайда төлем мөлшері күніне 5 000 теңгені құрайды;
✔️ Ал көз жұмған жағдайда сақтандыру төлемінің сомасы 500 000 теңге мөлшерінде көзделген. Бұл ақшаны сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері алады.

Тегін заң қызметтері бонус ретінде беріледі.
📌 Мәселен, ауызша құқықтық кеңес сан жағынан шектелмеген. 📌 Ал сақтандыру шарты жұмыс істеп тұрған уақытта 1 рет жазбаша заң консультациясын алуға болады.
📌 Заңгер сонымен қатар сақтандыру шарты аясында даулы құқықтық мәселелер бойынша 4 рет келіссөздер жүргізеді.

🏦 Сақтандыру полисін Home Credit Bank бөлімшелерінен ашуға болады.

"Құқықтық қорғау" сақтандыру бағдарламасы туралы толығырақ
Home Credit Bank сайтынан біле аласыздар.
👍17🤩2🙏1
🏦 Аламын, алмаймын... "Jusan bank" акционерлері дивидендпен әбден әуреге түсті

"Jusan Bank" акционерлерінің 5-6 желтоқсанға жоспарланған кезектен тыс жалпы жиналысы кворумның болмауына байланысты өтпеді. Бұл туралы банктің Қазақстан қор биржасына (KASE) жолдаған хабарламасынан белгілі болды.

Банк акцияларының 78,23 пайызына иелік ететін "First Heartland Securities" компаниясы бас қосып, жинала алмай жүргеніне бірнеше ай болды. Енді биржаның хабарлауынша, жаңа кезектен тыс жиналыс 12 желтоқсанда өтеді.

Банк өзінің 5-ші желтоқсанға межелеген акционерлер отырысында, қожайындарына 172 миллиард теңге төлеуі мүмкін деп, сарапшылар шу көтерген болатын. Біршама саясаткерлер мен депутат Қанат Нұров Жусан банктің оған моральді құқығы жоқ деген пікірде. Себебі, Жусан банк мемлекет көмегін пайдаланды және оның біршама бөлігін өзіне кіріс ретінде санатып, дивиденд арқылы акционерлері алып алды.

2019-2020 жылдары Жусан банктан оның қожайындары (ол кезде «Назарбаев фонд» жеке қоры мен Ғалымжан Есенов) дивиденд ретінде 227 миллиард теңге алған. Енді, 2021 жылдың қортындысы бойынша банк акционерлері тағы да 172 миллиард теңге дивиденд алғысы келді.

Бұл ретте – мемлекеттің Жусан банкке көмегі 1,5 триллион теңге деп бағаланады және оның алдында банк басқармасы осы көмекті біртіндеп қайтарамыз деп уәде берген болатын. Банктен мемлекетке әлі күнге дейін бір тиын да қайтпады. Есесіне қожайындары ашкөздікпен бар ақшаны шығарып алуға тырысып жатыр.

https://t.me/dalainside
👍4
Mycar.kz онлайн платформасында автокөлік сатып алудың бес артықшылығы

Қазақстанда онлайн-дилерлік платформа енді ғана дами бастады. Елімізде тағы бір онлайн-дилер пайда болды – қараша айының соңында Haval Motor Kazakhstan Mycar.kz платформасына қосылып, өз сатып алушыларына бұрынғыдан да жақындай түсті.

Біріншіден, бұл қарапайым. Мысалы, енді haval.mycar.kz сайтында бірнеше рет басу арқылы Haval модельдер желісінен кроссовер сатып алуға болады.
Екіншіден, бұл ыңғайлы. Онлайн-сервис арқылы Haval кроссоверлерін сатып алу аясында көшпелі тест-драйвқа тапсырыс беруге болады.
Үшіншіден, бұл қауіпсіз. Барлық төлемдер онлайн түрде жүзеге асырылады.
Төртіншіден, тез. Ресми курьер сізге қол қою үшін барлық құжаттардың түпнұсқаларын жеткізеді және бұл уақытта сіздің автокөлігіңіз есепке алу рәсімінен өтеді.
Бесіншіден, ыңғайлы. Барлық құжаттарды рәсімдегеннен кейін Mycar.kz ресми өкілі автокөлікті қалаған мекенжайға жеткізіп, құжаттардың толық пакетімен сізге тапсырады.
Толық ақпарат haval.mycar.kz сайтында
👍23👎2
🤧 «Еңбекке жарамсыздық парағы»: сақтандырудың сізге қолайлы түрі

🌨️ Қылышын сүйреп қыс та келіп қалды. Вирус жұқтыру, аяғыңыз тайып жығылып, оқыс оқиғаға тап болу қаупі күрт артты. Ауырып қалсаңыз, жазатайым болсаңыз қаржылық қиындыққа тап болуыңыз мүмкін. Одан сақтанудың жолы бар.

Home Credit Bank бар болғаны 14 900 теңгеге "еңбекке жарамсыздық" сақтандыруын ұсынады. Егер сіз COVID жұқтырсаңыз, сақтандыру полисі ем-домды толық төлейді. Сақтандыру бойынша ең жоғары төлем - 300 000 теңгеге дейін.

Полис бір жылға жарамды және нақты төлемдерге кепілдік береді, сонымен қатар уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңінде сізге қаржылық жағынан үлкен демеу болмақ.

📌 Осы орайда, сақтандыру еңбекке жарамсыздықты, жүктілікті немесе босануды қамтымайтынын ескертеміз.

Ал сонда, сақтандыру бағдарламасы қандай жазатайым оқиғаларды қамтиды? Бұл күтпеген оқиғалар, айталық:

✔️ Жол-көлік оқиғасы кезінде алған жарақаттар;
✔️ Тайып жығылу ️ (көктайғақ);
✔️ Фут️бол ойнау, тау спортымен шұғылдану кезінде алған жарақаттар.

👉 Сақтандырудың қалай жұмыс істейтінін іс жүзінде қарастырайық.

Сақтандырылған клиент аяғы сынып, алған жарақаты салдарынан 30 күн ауруханада ем қабылдап жатты делік. Бұл жағдайда төлем 7-ден 30-ға дейінгі күндерге барлығы 24 күнді қамтиды және күніне 5000 теңгені құрайды. Барлығы 120 000 теңге.
Естеріңізге сала кетейік, сақтандыру бойынша ең жоғары төлем 300 000 теңгеге дейін. Осылайша, жазатайым оқиға кезінде тағы 105 000 теңгені және ауырып қалған жағдайда 75 000 теңгені полис төлейді.

Сақтандыруды банк бөлімшелерінде, сондай-ақ онлайн рәсімдеуге болады.
Және Home Credit Bank мобильді қосымшасында: «Өнімдер» бөлімінде «Сервистер» бөлімшесіне кіріп, ол жерден «Еңбекке жарамсыздық парағын төлеу» қызметі арқылы сақтандыруға қол жеткізе аласыз.
👍18🔥1🙏1
💥🇺🇿 Тәуелсіздікке қатер төндіреді! Өзбектер "газ одағына" қосылудан бас тартты

Өзбектер Ресей президенті Путин ұсынған "газ одағына" қосылудан үзілді-кесілді бас тартты.

Бұған дейін Кремль көсемі Астана мен Ташкентті осы одаққа қосылуға үгіттеген болатын.

Өзбектер Путиннің пиғылынан сезіктеніп отыр, олар мұны тәуелсіздікке қатер төндіретін қадам деп санайды.

Өзбекстанның Энергетика министрі осы мәселеге нақты нүкте қойып, "Ресеймен арада газ келісіміне отырсақ та, бұл одақ құрғанымыздың белгісі емес" деді.

Оның атап өткеніндей Ташкент газ импортында бірқатар елдермен коммерциялық қарым-қатынас орнатқан.

Ресей газын Қазақстан арқылы жеткізу жолдары талқыланған, бірақ бұл "техникалық құжат", соған бола одақ құру қисынсыз.

"Көгілдір отынға бола тәуелсіздікті саудаламаймыз. Саяси бопсаның жетегіне ермейміз...", - дейді Мирзияевтің өкілі.

https://t.me/dalainside
👍134👏9👌5
🆘 Алматыда оқушыларға Путинді дәріптейтін фильм көрсетілген. Аймағамбетовтен жауап күтеміз...

7 желтоқсанда Алматыдағы "Цезарь" кинотеатрында оқушыларға "Россия. Нам 30 лет" атты деректі фильм көрсетілді. Фильм кейіпкерлері Ресейдің ⛔️ Қырымды аннексиялағанын қуаттап, қолдайды.

Ал Алматы қаласының білім басқармасы "Азаттыққа" берген жауабында "№ 132 гимназия оқушыларына аталған фильмді көрсетуге басқарма рұқсат берген жоқ" деп ақталды.

"Жоғарыда айтылған жайттарға байланысты № 132 гимназия директоры К.А. Әбдіманаповаға өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін тәртіптік айыппұл салынады, яғни сөгіс беріледі..." деді Алматы қаласының білім басқармасы өкілдері.

Білім басқармасындағы шенеуніктердің айтуынша, Алматыда № 132 гимназияның 8б және 8в сынып оқушыларына Ресей туралы фильм көрсетілген.

Олардың сөзінше, Ресейдің Алматыдағы бас консулдығы және "Россотрудничество" агенттігінің Қазақстандағы өкілдігі оларға тағы екі фильмнің көрсетіліміне қатысуды ұсынған.

Бірінші фильм – "Россия. Нам 30 лет", екіншісі - "Земля больших кошек" деп аталады. Екіншісі Ресей мен Қытай аумағында барыстар популяциясын қалпына келтіру жөнінде баяндайды.

https://t.me/dalainside
👎64👍3
🏭 Мақсат Халық: АЭС құрылысы жастарды өз Отанында еңбек етуге ынталандыра алады

«Қазақстанда талантты жастар көп. Әсіресе, технократ, басы істейтін. Бірақ, өкінішке қарай, олардың көбісі шетелге кетуге мәжбүр. Себебі – бізде технологиялық өнеркәсіптер жоқтың қасы. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан шетелге мамандар даярлаумен айналысып жатыр десек те болады. Бұл ащы да болса шындық. Мықты өндіріс ошақтары, әрине энергияны көп тұтынады. Осы жағынан алғанда, бір АЭС салу арқылы қаншама жастарымызды өз Отанында еңбек етуге ынтыландыра алар едік. Сондықтан АЭС құрылысы, экономист ретінде мультипликативті әсерге ие деп айта аламын», – дейді Мақсат Халық.

DALA INSIDE АЭС құрылысы бойынша танымдық материалдар циклын жариялап келеді. Осы жолы АЭС-тің экономикалық тиімділігі бойынша тақырыпты көтеріп отыр.

Мақсат Халықтың айтуынша, қазір геосаяси шиеленіс ушығып, экономикалық ахуал шатқалақтап тұр. Ресей газын Еуропаға шектеп тасымалдап, салдарынан Батыс елдерінің халқы биылғы қыстан қалай шығатындарын білмей, қиын жағдайға тап келіп отыр.

Маман бұл ретте АЭС-і бар Францияны мысалға келтіреді. Себебі, Францияда ондай қиындықтар жоқ. Олар кез-келген апатты жағдайға дайын.
https://dalainside.kz/12/jana-qazaqstan/09/2022/770/
👍14👎8🤩2🙏1
💥 Тоқаевтың Париж сапары сәтті болды: Франция Әбләзовті саяси баспанадан айырды

Ескі де жаңа Қазақстанның ежелгі дұшпаны атышулы Әбләзовқа француз билігі 2020 жылы саяси баспана берген.

Босқын статусына ие болған экс-банкир қисынды-қисынсыз аргументтерді үйіп-түгіп, ел билігінің жүйкесін жұқартқан еді.

Былтыр Париждің қала кеңесі Әбләзовті әлгі статустан айырған. Бұған Мұхтардың БТА банктегі былық-шылығы, нақтыласақ алаяқтықпен айналысып, үлескердің ақшасын үптегені себеп болған.

Әбләзов соттың шешіміне қарсы келіп, апелляция берген. Қос бірдей қымбатты заңгер жалдаған экс-банкир күні кешеге дейін соттың соңғы әрі ақырғы жауабын күтіп келді.

Жауап бүгін жетті: Әбләзовтің арыз-шағымы кері қайтарылып, сот шешімі күшінде қалды.

Тоқ етерін айтқанда, Париж Мұхтарды саяси баспанадан айырды. Заңға сәйкес Франция Әблязовты өз жерінен күштеп шығаруы тиіс, оны Қазақстанға аттандырып жіберуі де ғажап емес.

https://t.me/dalainside
👍44👎24👏3
⚡️🔥 Аймағамбетов vs Путин: Алматыдағы даулы оқиғаға байланысты шара қабылданды

Бұған дейін Dalainside ("Азаттыққа" сілтеп) "Алматыда оқушыларға Путинді дәріптейтін фильм көрсетілгенін" хабарлаған.

7 желтоқсанда Алматыдағы "Цезарь" кинотеатрында оқушыларға "Россия. Нам 30 лет" атты деректі фильм көрсетілген. Фильм кейіпкерлері Ресейдің 💤 Қырымды аннексиялағанын қуаттап, қолдаған.

Пропагандаға тұнып тұрған фильмді қаладағы № 132 гимназияның 8б және 8в сынып оқушылары "тамашалаған".

Әзір ғана осыған орай Dalainside поштасына Оқу-ағарту
министрлігінен хат келді.

"Білім беру ұйымдарында өткізілетін барлық іс-шаралар тәрбие жұмысының тұжырымдамасы мен жоспарына сәйкес болуы тиіс. Директор тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Өңірлердің әкімдіктері мен білім басқармаларына осындай фактілерге жол бермеу туралы хат жолданды
!", – деген қысқа - нұсқа жауап алдық.

Ресейлік пропаганда бұған дейін Аймағамбетовтің өзіне тап беріп, оған "Батыстың тыңшысы" деген жала жапқан.

Қазақстандағы жалдамалы блогерлерге нұсқау берген Мәскеу министрдің білім саласындағы реформасына шүйліккен еді.

Бұған Оқу-ағарту министрінің: "Бірінші кезектегі міндет – оқытуда мемлекеттік тілдің үстем болуына жағдай жасау" деген мәлімдемесі түрткі болған.

"Ол осы арқылы қоғамды қазақыландыруды көздеп отыр. Аймағамбетов Соростың сыбайласы. НАТО қаржыландырған ағарту мектебінде білім алған. Ол Пентагонның бұйрығын орындап отыр...", – деп бықсыған болатын Кремль.

Ол туралы мына жерден оқи аласыз ➡️ Dalanews

https://t.me/dalainside
👏39👍13🤩2😁1