DALA INSIDE
10.8K subscribers
402 photos
128 videos
1 file
1.13K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
🔥 Тоқаевқа қолдау білдірген Тасмағамбетов "Назарбаевтың төл өнімі" деген теңеуден ақыры арылды...

Имекеңнің бүгінгі мәлімдемесін мың құбылтудың, сан-саққа жүгіртудің жөні жоқ.

"Тасмағамбетов Тоқаевтың сөзін сөйлеп отыр. Мемлекет басшысының қасынан табылуға, қолтығынан демеуге даяр екенін аңғартты әрі ұзаққа созылған үнсіздікті бұзды. Үнсіздік ел ішінде қилы-қилы әңгіме, түрлі-түрлі қауесет туғызар еді...", – дейді Dalainside дереккөзі.

ТАС-тың калибріндегі саяси тұлғаның "қазаққа гармония жетіспейді" деуі де тегін емес. Бұл ТАС-тың тарапынан Назарбаев дәуіріне берілген баға.

Ескі жүйенің қазаққа қажетті 3 нәрсені (ертеңгі күнге деген сенімін, бала-шағасының амандығын, өзін бейқам сезінуін) қамтамасыз ете алмағанын меңзеген ол Тоқаевтың тұсында осы олқылықтың орны толарына сенім білдірді.

Экс-президенттің "төл өнімі" саналған Тасмағамбетовтың үлкен кісіге тоқталмауы - халықтың Назарбаевтан теріс айналғанын түсінгендіктен туған.

"Ел оның пікіріне құлақ түреді, елегізіп отырады. Тоқаевтың маңындағы топтың Имекеңе қолқа салуы, мәлімдеме жасауын өтінуі оның әлі де болса саяси салмағын жоғалтпағанын айғақтайды.
Тоқаев? Тасмағамбетов оған бақталас емес. Қазақтілді орта оның саяси амбициясына қатысты алдамшы үміттен арылуы керек...", – дейді Dalainside дереккөзі.

Өз кезегінде қазақтілді аудитория Жаңа Қазақстанның саяси алаңынан Тасмағамбетовтың сырт қалғанына наразылық танытып, өкпе-ренішін білдірген-тұғын.

https://t.me/dalainside
👍36👎1👏1
🤜🏦 Kaspi мен Halyk Bank басшылары ұрсысып қалды

Алматыда Қазақстан Қаржыгерлерінің мерейтойлы Х Конгресі қызу өтуде. Қаржыгерлер қауымдастығы басшысы Елена Бахмутова өткізіп отырған "Қаржы саласының нақты секторды дамытудағы рөлі" пленарлы отырысында Kaspi басшысы Михаил Ломтадзе мен Халық Банк төрайымы Үміт Шаяхметова сөз таластырып қалды. Екеуінің бәсекелес екенін біз де білеміз.

Дау - кәсіпкерлерге арналған кредиттер ставкасынан шықты. Үміт Шаяхметова Ломтадзеден "ИП-ларды қандай ставкамен несиелейсіз?" деп сұраған. Ол сұрақ Ломтадзеге ұнамады. Сөзден сөз шығып, аяғында Ломтадзе Шаяхметованы "қоғамдық пікірді өзінің мүддесіне қарай бұруға үйреніп алған" деп айыптады.

Жалпы, биылғы Конгресс жақсы өтуде. Цифрлі теңге тұсауы кесілді. Мамандар өз пікірлерін ашық айта бастады. "Назарбаев факторы" жойылғаны байқалады. Еркін пікірлер залда желдей есіп жүр.

https://t.me/dalainside
👍53👏2
🆒 Қазақ жастарының IT индустриядағы идеясын жүзеге асыруға жәрдемдесеміз – Huawei

Huawei компаниясының «Seeds for the Future» оқыту бағдарламасының аясында еліміздегі жетекші университеттердің студенттері инновациялы технология мен АКТ (ақпараттық коммуникация) саласында білімдерін шыңдап, соңынан марапатқа ие болды.

«Seeds for the Future» бағдарламасына қатысушыларды марапаттау рәсімі Алматы қаласында өтті.

Бұл – жоба жас студенттердің АКТ мен жоғары технологиялар саласындағы дайындығын күшейтіп, білім көкжиегін кеңейтуге бағытталған.
Huawei компаниясы өзінің халықаралық бағдарламасы арқылы жас қазақстандық мамандардың жасанды интеллект, 4G және 5G технология, бұлтты есептеу, интернет саласы бойынша білімдерін кеңейтуге жол ашты.

Сонымен қатар, жобаға белсене қатысқан жастар арнайы сертификаттар мен естелік сыйлықтарды да табыс етті👍

https://t.me/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍18👎1👏1🤩1
🇺🇦😲Украинаның барлау қызметі Қазақстанға айып тақты. Біз не бүлдірдік?..

Қазақстан мен Өзбекстан Ресейге өндірістік мақсаттағы, бір жағынан қару-жарақ жасауға да жарай беретін компоненттерді саудалап отыр.

Бұл туралы Украинаның Қорғаныс министрлігіне қарасты Барлау қызметі мәлімдеді.

Агенттік өкілі Вадим Скибицкийдің айтуынша 80 мың сарбазынан айырылып, әскери техникасының күлі көкке ұшқан Ресей өзі секілді автократ елдерден етегін жасқа толтырып, көмек сұрауда.

Заманауи қару-жараққа зәру Кремль бұған дейін Иранның алдына барып, алақан жайған, кейіннен Солтүстік Корея мен Қытайдың есігін қаққан.

Ал Қазақстан мен Өзбекстан билігі астамшыл, агрессор елге Батыс санкцияларын айналып өтуге септесіп отырған жайы бар.

Сөй деген Скибицкий құдай сүйер қылығы жоқ Кремль көсемімен ауыз жаласқан елдерді санкциямен жазалауды сұрауда.

«Мәскеуге Ираннан алдыратын отты қару аздық етуде. Олар Қытай мен Солтүстік Кореяны жағалап, майдан даласында жалаң қолмен шайқасып, жалаңбұт жүрген әскеріне қол ұшын созуды сұрап отыр. Дәл осы бұйымтаймен қырғыз билігіне шығып, Жапаровты қолқалаған. Мәскеу Бішкектен «Смерч» мен «Ураган» секілді зымыран кешендеріне қажетті оқ-дәрі сұраған», – деді Скибицкий La Repubblica басылымына берген сұхбатында.

❗️Украин барлаушысы Қазақстан мен Өзбекстанның Батыстың көзін ала бере Ресейге болысып отырғанын айтады.

«Астана мен Ташкент санкция салдарынан мүсәпір күйге түскен Мәскеуге өндірістік мақсаттағы, алайда қару-жарақ жасауға да жарай беретін компоненттерді саудалап отыр. Бұлардың басым бөлігі аталған елдерге 🇺🇸Америка мен 🇯🇵 Жапониядан жетеді. Мәскеу азаматтық, тұрмыстық мақсаттағы компонеттерді қажетіне жаратып, оларды ракета құрастыруға қолдануда», – дейді Скибицкий.

Украин барлаушысы Кремльдің заманауи қару-жарақ жасайтын потенциалы таусылған деп пайымдайды, осы себепті өзге елдерден 🫴 көмек сұрауға мәжбүр.

https://t.me/dalainside
👎33👍19
💥🔥Тоқаев: Президент? Ол жалдамалы менеджер ғана. Халықтан асқан қатал сот жоқ...

Мемлекет басшысы Алматы сапары кезінде президенттің қоғамдағы орны мен қызметіне қатысты пікір білдірді.

«Менің түсінігімде, Президент – жалдамалы менеджер, халық онымен белгілі бір мерзімге 🤝 келісімшарт жасайды.

Азаматтардың еркін таңдауының нәтижесінде елдегі ең жоғары мемлекеттік лауазымға ие болған адам миллиондаған отандастарының дауысымен бекітілген келісімшартқа қол қояды.

Сондықтан Президенттің лауазымы – артықшылықтан бұрын зор жауапкершілік.

Бұл қызметті атқарған және атқаратын әрбір адам ең қатал үш соттың – халықтың, тарихтың және өз ар-ұжданының алдында жауап береді», – дейді ол.

https://t.me/dalainside
👍56🤩5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
😃 Шыңғысханның тегіне қатысты дау Тоқаевты да шаршатса керек.

Президенттің пайымымен келісесіз бе?
👍56👎7🤩3
💥💸Әрекетке берекет: Шетел инвесторлары Қазақстанға ағылуда

Әйгілі Ernst & Young қаржы нарығын сараптау компаниясы Орта Азиядағы инвестиция құюға сұранып тұрған ең тартымды елдің атын айтты.

Қазақстан аймақтағы конкуренттерін кейін қалдырып, осы рейтингтің көшін бастаған екен.

Ташкент? Жо-жоқ, инвестор таңдауы - Астанаға түсіп тұр.

Британ компаниясының сарапшылары ойланып-толғана келе осындай тоқтамға келіпті.

Әлбетте, ойланып-толғанумен шектелмегені анық, аймақ елдерінің қаржы нарығы мен экономикалық саясатын сүзгіден өткізгені сөзсіз.

Сұрау салған инвесторлардың 71 пайызы Смайылов үкіметімен сөз байласып, әлдеқашан іске кіріскенін мәлімдепті.

⚡️Тоқаевтың тұсында жасақталған қаржы-экономикалық пул пандемиядан кейінгі тығырықтан шығу жоспарын жедел әзірлеп, инвесторлардың елге келуіне жол ашқан.

Қазақстан экономикасына үйіп-төгіп ақша құйып жатқан top төрттік келесідей:

🇺🇸АҚШ
🇨🇳Қытай
🇷🇺Ресей
🇹🇷Түркия


Тоқаевтың тұсында Астана мен Анкараның арасындағы алыс-беріс әлдеқайда жақсарған.

Тағы бір жағымды тенденция:
Жаңа Қазақстанмен уағдаласып жатқан кейінгі буын инвесторлар елдің қазба-байлығына қызығып отырған жоқ.

Соңғы екі жылдағы инвестицияның едәуір бөлігі елдегі 🌞 жаңартылатын энергия көздерімен байланысты жобаларға бағытталған.

Бұдан бөлек, шетел бизнесі Қазақстандағы қызмет көрсету саласы, соның ішінде тағам өнеркәсібіне қыруар қаржы салған.

Нәтижесі: 2019-2021 жылдың аралығында осы салада ең көп жұмыс орны құрылыпты.

Елдегі химия өнеркәсібі де шетел ақшасының игілігін көруде.

Ernst & Young-тың мәліметі бойынша өңірлер арасында Алматы облысының инвестициялық белсенділігі мықты.

Соңғы екі-үш жылдағы шетел инвестицияның сүбелі бөлігі (20 пайызы) осы облыстың еншісіне тиген.

Одан кейінгі орында Ақмола облысы тұр (15 пайыз).

Алматы облысының қолайлы климатын ұнатқан шетел инвесторлары сіз бен біз жиі тұтынатын тауар өндірісіне аямай ақша салыпты.

Өңір басшылығы мұнымен шектелмей инвесторларды туризм саласына қаржы құюға үгіттеп жатқан жайы бар.

https://t.me/dalainside
👏22👍6
🔥👍 Қазақтар ресейлік дінтанушының елге келуіне қарсы шықты!

Путиннің шапқыншылығын қолдайтын ресейлік дінтанушы Шәміл Аляутдинов Астанаға жол тартыпты. Мұны естіген қазақтілді орта өре түрегелді.

Соғысты ақтап отырған Аляутдинов Астанадағы бизнес-форумда дәріс оқымақ.

Қазақстандағы саяси сауатты аудитория дінтанушының елге келуіне үзілді-кесілді қарсы.

"Миллиондаған оқырманы бар Аляутдинов Ресейдің басқыншы саясатын жақтайтын, Батыс мен Зеленскийді жағы талмай жамандайтын Путиннің қолшоқпарына айналды. Қантөгісті қолдап отырған адам Қазақстанға кірмеуі керек.

Мұндай адам қазақтың жастарына не үйретпек, имам ретінде қандай уағыз айтпақ?", – дейді көзі ашық, көкірегі ояу қауым.

Айта кетелік, 4 желтоқсанда Астанада «Жаңа шынайылық» атты ауқымды форум өтеді.

Алдын ала тараған ақпаратқа сәйкес, форумға белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай, блогер Бейбіт Әлібеков пен ресейлік дінтанушы Шәміл Аляутдинов қатыспақ. Билет құны 200 мың теңгеге жетіп жығылады.

https://t.me/dalainside
👍62👎20🥰1
Киноға 2 тегін билет! Кино емес, концерт, театрға барамын десеңіз оны да алып береміз. Баратын күнін, шараны да өзіңіз таңдайсыз!

Құрметті оқырмандарым! Ол үшін не істеу керек? "Үйде жатпа!" телеграм арнасына жазылыңыз. Ссылкасы төменде. Бүгін сағат 18-00де сол жерде викторина ойнатылады. Қатысыңыз, себебі жолыңыз болады!⤵️

https://t.me/uidezhatpa
👍8🎉1
🇷🇺🙅 Турлов-2. "Бәйтерек" ұлттық холдингінің басшысы Қанат Шарлапаев Ресей азаматтығынан бас тартты

Бұл туралы ресейлік Форбс жазады. Қанат Шарлапаевтың Ресей азаматтығынан шығу туралы өтінішін Ресей президенті Владимир Путин арнайы жарлығымен қанағаттандырған. Шарлапаевтың 2017 жылы Мәскеуде дүниеге келген қызы да Ресей азаматтығынан шығып кеткені белгілі болды.

Шарлапаевқа Ресей азаматтығы Саратов облысында туғандықтан автоматты түрде берілген болатын.

Енді Шарлапаевта Ұлыбритания азаматтығы қалды. Ол Қазақстан азаматы емес. Себебі, Қазақстан қос азаматтыққа заңмен тиым салады. Бірақ ұлттық холдингті шетелдік менеджер, басқа азаматтығы бар адам еш қиындықсыз басқара алады. Мысалы, "ҚазМұнайГазды" Крис Уолтон әдемі басқарып отыр.

Шарлапаевтың "Бәйтеректегі" көзге түскен тірлігі - санкцияға ілінген Сбербанкты сатып алып, Bereke қылып өзгертуі. Bereke bank SDN санкция тізімінен жыл аяғына дейін шығуы мүмкін. Олай болса, Шарлапаевті Bereke bankті қайтадан нарықта сату бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр.

Қазір "Халық банк" төрайымы Үміт Шаяхметова Bereke bank-ке ақпараттық шабуыл жасай бастады. Ол өткен Қаржыгерлер Конгрессінде "пруденциалды нормаларды орындамайтын банктің жұмыс істеуіне мемлекет неге көз жұмып отыр?" деген мәселе көтерді. Сбербанктің тірілуі Халық банкке ұнамайтыны түсінікті.

Сонымен, Шарлапаев. Bereke bank осы менеджердің не берекесін келтіретін, не берекесін қашыратын шаруа болып тұр.

DALA INSIDE дереккөзінің ойынша, Шарлапаев Қазақстанда мәңгі-бақи жұмыс істеуді жоспарлап отырған жоқ. Негізгі ойы - тарихи отанына әдемі жобалар жасап беріп, аз уақытта елдің батасын алу. Және ұмытылып бара жатқан қазақшасын жөнге келтіру. Ал оның өзіне халықаралық қаржы астаналарында, мысалы Лондонда, болмаса Сингапурде жұмыс істеп, осындай ғаламдық атмосферада жүрген қатты ұнайды. Негізі, біздің пікірімізше, Қазақстан Шарлапаев үшін тым провинциалды, тар нарық сияқты.

Қанат Шарлапаев «Бәйтерек» ұлттық холдингі басқарма төрағасы қызметіне 2022 жылдың ақпанында келді. Бұған дейін ол Citibank Russia-ның Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, Citibank Kazakhstan-ның аға вице-президенті қызметтерін атқарды.

https://t.me/dalainside
👍24👎5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥😳 Экс-президент Назарбаев ҰҚК-ның экс-төрағасы Кәрім Мәсімов туралы пікір білдірді.

"Иса да жанындағы опасызды білген жоқ қой, кім біліпті, оның сондай екенін...",- дейді.

https://t.me/dalainside
👎26👍8👏1
❗️💥  Exit poll нәтижесі - Тоқаев топ жарды

Әлеуметтік зерттеумен айналысатын "СОЦИС-А" институтының дерегінше халықтың 82 пайызы қазіргі президентті қолдап дауыс берген.

Сайлаудағы белсенділік 76 пайызды құрапты.

Өзге канидаттардың көрсеткіші келесідей:

Қарақат Әбден – 2,84%
Нұрлан Әуесбаев – 2,38%
Жигули Дайрабаев – 3,68%
Мейрам Қажыкен – 2,62%
Салтанат Тұрсынбекова – 2,24%

Сайлаушылардың 4,22 пайызы "бәріне қарсы" дауыс берген.

https://t.me/dalainside
👎17👍12
❗️🔥Назарбаев бүгінгі түнді ұйқысыз өткеруде - ол Тоқаевты елден бұрын құттықтады

Exit poll нәтижесі шыға сала Тоқаевты құттықтауға асыққандардың арасында экс-президенттің аты алдымен аталды.

Тоқаевтың топ жаруын қазіргі президенттің абырой-беделімен байланыстырған Назарбаев:

"Халық сіз қолға алған реформаларға сенеді.

Тәуелсіздікке қатер төнген сын сығатта табандылық танытып, мемлекетті сақтап қалдыңыз.

Елдің қолдауы мен сенімінен айырмасын", - деді.

Әлеуметтік зерттеумен айналысатын ұйымдардың мәлім еткеніндей Тоқаевты халықтың 82 пайызы қолдаған.

https://t.me/dalainside
👎24👍17
💥⚡️Тоқаев айтқан 4 тезис: Президент жаңа ғана маңызды мәлімдеме жасады

Сайлаудағы жеңіс? Тоқаев бұған тоқмейілсімейді.

@dalainside Exit poll нәтижесі жариялана сала Республикалық қоғамдық штабқа барып, сөз сөйлеген президент баяндамасына құлақ түрді.

Тоқаев айтқан 4 тезис келесідей:

1. Халықтың сенімі – бұл ең құнды нәрсе. Сондықтан халықтың сенімін бәріміз ақтауымыз керек. 21 қарашадан бастап бәріміз жұмысқа кірісуіміз қажет

2. Мықты мемлекет? Оны құрамыз десек, ең алдымен, әділдік орнату қажет, онсыз ешқандай да реформа болмайды.

3. Сайлау заңға сәйкес өтті. Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілді.

4. Тоқаев Президент сайлауы жаңа саяси дәуірге жол ашатынын айтып, алдағы уақытта басты билік институттары түгел жаңғыртылатынын жеткізді.

Ал сіз алдағы жеті жылдан не күтесіз?..

https://t.me/dalainside
👍44👎18👏5👌2🤩1
⚡️Путинмен алыстан сыйласу үрдісі сақталады: Ақорданың назары Ақ үй мен Бейжіңге ауады

Тоқаевтың 7⃣ жылында сыртқы саясатта көптен күткен өзгерістер болады деп болжайды Dalainside.

🇰🇿 Жаңа Қазақстан Мәскеуге жалтақтайтын "Назарбаев синдромынан" толық арылып, инвестицияның жаңа көздерін табуға тырмысады.

Елдің халықаралық кеңістіктегі имиджін көтеруді көздейтін Тоқаев саяси-экономикалық реформаларды қауырт жүргізіп, 💵 шетелдік инвесторлардың алдына тосады.

Оның тұсында Қазақстан сыртқы саясатта дербес шешім қабылдайтын дағды қалыптастырады. Донецкі мен Луганскі секілді квазиқұрылымдарды мойындаудан үзілді-кесілді бас тартқан Ақорда Кремльге кіріптар болмаудың амал-тәсілдерін ұдайы іздестіру үстінде.

Келесі жеті жылда ел билігі Ақ үй және Бейжіңмен тығыз байланып орнатып, алыс-беріс, барыс-келісті күшейтеді. Соғыстан қалжыраған Кремль АҚШ пен Қытайдың тегеурініне төтеп бере алмайды.

🇺🇸 Америка қазірдің өзінде Қазақстан экономикасына қомақты үлес қосып отырған ірі инвестордың бірі.

2022 жылдың алғашқы тоқсанында ғана алыс құрлықтан жеткен инвестиция көлемі 1,9 млрд долларды құрапты, бұл былтырғы жылғы көрсеткіштен екі есе көп!

🇨🇳 Қытай да Қазақстан нарығындағы белсенді ойыншыға айналуды көздейді. Екі жыл бойы Бейжіңнен ұзап шықпаған Си төрағаның пандемиядан кейінгі алғашқы ресми сапарын бізден бастауы тегін емес.

Сидің сапары Қытайдың Тоқаевты толықтай қолдайтынын көрсетті, әрі Ақордамен риясыз әріптестік орнатуға әзірлігін айғақтады.

Өткен 30 жылда Бейжіңнің ел экономикасына құйған инвестициясы 20 млрд доллардан асып жығылған, алдағы уақытта бұл көрсеткіш ұлғаймаса, кемімейді.

7⃣ жылда АҚШ пен Қытайдан келетін тікелей инвестиция Тоқаевтың тұсындағы Қазақстанның едел-жедел дамуына дәнекер болады.

Ал 🇷🇺 Ресей ше? Көрші-қолаңды боспалаудан өзге «өнері» жоқ Кремль Ақорданың қауіпсіздігіне кепілдік берген Ақ үй мен Бейжіңге қарсы келе алмайды.

Мәскеудің одақтасын соғысқа сүйреген әрекетінен түк өнбеді. Тоқаев Путиннің шапқыншылығын қолдамайтынын, санкцияны айналып өткісі бар Ресейге жәрдемдеспейтінін талай рет кесіп айтқан.

https://t.me/dalainside
👍58🙏5🥰31
🇰🇿🇷🇺 АЭС құрылысы: Жаңа Қазақстанды атом шантажы күтіп тұр ма?

Осыған дейін атом, ядро деген ұғымдарға қазақтар үрке қарап келді. Енді ғана, 🏭АЭС-тің шын мәнінде керек екенін ұғына бастады.

Dalainside-қа пікір білдірген тәжірибелі энергетик Жақып Хайрушев Росатом-ның АЭС салудағы потенциалын АҚШ-тан жоғары бағалап отыр.

"Путин? Біз үшін басты әңгіме – болашақ ядролық шантаждың болмауы..." дейді ол.

Сарапшы Ресейдің әлемнің көптеген елінде, әсіресе Өзбекстан, Түркия немесе Пәкістан сынды консервативті мемлекеттерде атом электр станцияларын тұрғызып, мол тәжірибе жинағанын мысал еткен.

"Росатом" салып жатқан 🇹🇷 Түркиядағы "Аққұю" АЭС-інің құрылысын біздің ел де мұқият бақылап отыр.

Бұл ретте АЭС құрылысы және оның қызметі халықаралық ұйым – МАГАТЭ тарапынан бақылауда болғаны маңызды.

Атом шантажын болдырмау үшін – АЭС-тің барлық тетіктерін өзіміздің, отандық мамандар басқаруы тиіс", – дейді Хайрушев.

Атом электр станциялары экология тұрғысынан көмірден таза. Ал тұрақтылығы тұрғысынан 🌪️жел, 🌝күн энергиясынан артықшылығы бар.

Хайрушев осы бағыттағы ақпараттық жұмыстың аздық етіп жатқанын айтады.

"Инженер-энергетик, жылу және энергиямен қамтамасыз ету саласындағы маман ретінде елімізде атом электр станцияларының болуы бізге инновациялық даму, болашақ тұрғысынан үлкен серпін беретінін практикалық тұрғыдан көріп отырмын", – дейді сарапшы.

Сұхбаттың толық нұсқасын оқуға ықылас болса, төмендегі сілтемені басыңыз: https://t.me/dalainside
👎30👍8🥰1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❗️Соловьев бастаған пропагандистер кезекті рет Қазақстанға соқтығыпты.

Жындының сандырағынан сақтасын.

🇺🇦 Украинаға басып кіріп, аузы күйгені аздық етіпті бұларға.
👎56🤩4
🏭 70 жыл бұрынғы затпен салыстырма. АЭС реакторларының қауіпсіздігі мамандар назарында

Мамандар, халықтың АЭС, реактор деп үрейленгенінде психологиялық қақпан бар екенін айтады. Себебі, кезінде АЭС-тер апатқа ұшыраған. Бірақ сол АЭС-терде бұдан 70-80 жыл бұрын жобаланған, қауіпсіздік деңгейі дұрыс жетілмеген реакторлар тұрған еді. Бөлек қауіпсіздік жүйесі де болған жоқ. Барлығы қолмен басқарылып тұрды. Қазір барлығы толық автомат.

Мысалы, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС-нің Жоба басқару жөніндегі бас менеджері Әсет Махамбетовтің айтуынша, бізде қарастырылып отырған реакторлар III немесе III+ буыны анықтамасына сәйкес келеді. Бұл сөзсіз жоғары қауіпсіздік деген сөз.

«Жаңа реакторларды жобалау кезінде көптеген тәуекелдер, соның ішінде жер сілкіну, дауылдың көтерілуі, өрт шыққан жағдайда, үстіне ұшақ құлау секілді ірі апаттық жағдайлар есептеледі. Бір мысал айтайын, апат кезінде қазіргі реакторлардың жұмыс дербестігі 72 сағатқа дейін жетеді. Яғни, реактор адам араласуынсыз-ақ өздігінен тоқтап, үш тәулік бойы қауіпсіз жағдайда бола алады. Сондықтан бұдан үрейленудің еш себебі жоқ», - дейді, Әсет Махамбетов.

Пассивті қауіпсіздік шараларын қолдана отырып, апатқа қарсы процесте адамның араласуынсыз, АЭС-те болуы мүмкін ықтимал оқиғалар салдарымен күресу – заманауи реакторларға қойылатын басты талап. Қазіргі уақытта III + реактор жобаларында қауіпсіздік, сенімділік және өндірілетін энергияның арзандау деңгейі одан әрі артқан. Жаңа реакторлардың басты ерекшелігі – бұған дейін АЭС-терде орын алған барлық жағдай ескерілген. Оларда «жобалау кезінде апатты жою» тұжырымдамасы іске асырылады.
https://dalainside.kz/11/manyzdy/23/2022/718/
👎21👍7
🤜🏦 Мәжіліс VS Jusan bank: депутаттар "фаталити" жасады

Заңға өзгерістер күшіне енбей тұрып, «Jusan bank» қожайындары 172 миллиард теңге дивидендті шығарып алуға үлгере ме?

Мәжіліс депутаты Қанат Нұров «Мен Мәжілістің банктер капиталының ашықтығын арттыру және олардың мемлекет көмегінен дивидендтер төлеуін шектеу жөніндегі бүгінгі шұғыл шешімдеріне әбден қанағаттанамын», - деп жазды. Бұл жерде әңгіме, «Банк қызметі туралы» заңнамаға өзгерістер енгізу туралы болып отыр. Бүгін Мәжіліс депуттары осы мәселені шұғыл қарады.

Депуттаттардың бұлай тез қимылдауына «Jusan bank»-тің тікелей қатысы бар. Банк өзінің 5-ші желтоқсанға межелеген акционерлер отырысында, қожайындарына 172 миллиард теңге төлеуі мүмкін. Біршама сарапшылар мен депутат Қанат Нұров Жусан банктің оған моральді құқығы жоқ деген пікірде. Себебі, Жусан банк мемлекет көмегін пайдаланды және оның біршама бөлігін өзіне кіріс ретінде санатып, дивиденд арқылы акционерлері алып алды.

2019-2020 жылдары Жусан банктан оның қожайындары (ол кезде «Назарбаев фонд» жеке қоры мен Ғалымжан Есенов) дивиденд ретінде 227 миллиард теңге алған. Енді, 2021 жылдың қортындысы бойынша банк акционерлері тағы да 172 миллиард теңге дивиденд алуға әрекеттеніп отыр.

Бұл ретте – мемлекеттің Жусан банкке көмегі 1,5 триллион теңге деп бағаланады және оның алдында банк басқармасы осы көмекті біртіндеп қайтарамыз деп уәде берген болатын. Банктен мемлекетке әлі күнге дейін бір тиын да қайтпады. Есесіне қожайындары ашкөздікпен бар ақшаны шығарып алуға тырысуда.

🏃 Банкті барынша сорып алып, қоржыны бос қаржы институтын сол қарыздың есебіне мемлекетке қайтарып бере салу – қожайындардың көздегені осы сияқты. «Жаңа Қазақстанда» өздеріне бұдан басқа мүмкіндік жоқ екенін түсініп отыр.

https://t.me/dalainside
👍25
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥Имекең үлкен саясатқа қайта оралатын сынды.

Армения президенті Пашинян Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының төрағасы қызметіне Иманғали Тасмағамбетовты ұсынды.

https://t.me/dalainside
👎31👍10🔥1
💥⚡️Тасмағамбетов ҰҚШҰ төрағасы болды

Оның ұйымға жетекшілік ететіні ресми хабарланды.

Тасмағамбетов 2019 жылдың желтоқсанынан айынан бері бос жатты.

Зейнетке шығуы шыққанмен ел арасында Имекеңнің саясатпен тым ертең қоштасқаны жайлы әңгіме толастаған жоқ.

Бертінге дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі болған Тасмағамбетов түнеукүні ғана ел-жұртты Тоқаевты қолдап, дауыс беруге шақырды.

Қазақтілді аудитория Тасмағамбетовтың қайратерлік қабілеті сарқылмағанына сенімді.

Сайлау қарсаңында Тоқаевты қолдауға үндеген Тасмағамбетовтың мәлімдемесі қазақтілді кеңістікте әлі де қызу талқыланып жатыр.

Осы мәселеге орай Dalainside-қа пікір білдірген саясаттанушы Дос Көшім: "Оның сайлауды пайдалана отырып, өзінің Тоқаевтың жақтайтынын жеткізуі - өзін қорғау рефлексі. Иманғали жақсы сөздерді жеткізе айта алатын жан.

Дәл осындай сөздер, кезінде, Назарбаевқа да сан рет айтылған.
Бұл - сатқындық емес. Билікте болған жандардың жел қай жақтан соқса, сол жаққа қисаюы. Бұған Нұрсұлтан ағамыз да ренжімейді. Ол кетті.
Енді билікке келген адамға өзінің құрметін көрсету керек.

Бізге бұл - тұрақсыздық сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ бұл - тұрақсыздық емес, биліктегі тұлғаға құрмет көрсету деген биліктің жазылмаған заңы" деген болатын.

Мақұл, бұл өткен әңгіме.

Имекеңнің ҰҚШҰ-ға жетекшілік етуі Қазақстанға қандай пайдасын тигізеді деп ойлайсыз?...

https://t.me/dalainside
👎25👍16🤩2