DALA INSIDE
10.8K subscribers
400 photos
128 videos
1 file
1.13K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
⚡️Қазақтелеком акцияларының 28,8 пайызы мемлекет меншігіне қайтарылды. Ол акциялар Қайрат Сатыбалдының қолында жүрген болатын

Қайрат Сатыбалдының "Skyline Investment Company S.A" компаниясы жарғылық капиталының 24,95%-ын құрайтын «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының 2 671 481 жай акциясын мемлекетке берді. Сондай-ақ, «Алатау Капитал Инвестмент» ЖШС те серіктестіктің жарғылық капиталының 3,85% құрайтын 413 412 жай акциясын мемлекетке қайтарды. Демек, 93 миллиард теңге қайтып отыр.

Бірақ Қайрат Сатыбалды сыртқа шығарып үлгерген шетелдік жылжымайтын мүліктері бар. Оларды да сатып, ақшасын елге қайтару керек. Мысалы, Сатыбалдының Дубайда екі пәтері бар. Олар Дубайдың ең элиталық аймағында орналасқан өте қымбат мүлікке жатады. Бір ғана «Jumeirah Beach Residence»-тегі пәтерлердің орташа құны 2 миллион долларға бағаланады.

https://t.me/dalainside
👍9
⚠️ Нью-Йорк метросында теракт орын алды деген хабар тарауда

@dalainside
👍1
☀️ Текеліге экологиялық зардабын тигізіп отырған қалдық қоймасын рекультивациялау мәселесі түбегейлі шешілетін болды

Мәселе Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың «Sunlight Investments» компаниясының басшылығымен кездесуі кезінде шешілді. Екі тарап Текелі қаласында қолға алынатын ірі инвестициялық жоба меморандумына қол қойды.

Әңгіме мынада.1942-1996 жылдар аралығында жұмыс істеген Текелі қорғасын-мырыш комбинатының қалдықтары қоршаған ортаға зиянын тигізіп, халықтың денсаулығына кері әсерін тигізіп келеді.
Енді «Sunlight Investments» компаниясы Текеліде тау-кен байыту комбинатын салып, оған жылдар бойы жинақталып қалған қалдықтарды шикізат ретінде қолдануды жоспарлап отыр. Компания жалпы осы жобаға 200 млрд. теңгедей инвестиция салмақ, оның 60 млрд. теңгесі –тау-кен байыту комбинатының құрылысына жұмсалады.

👍 Бұл басқа инвесторларға да үлгі. 33 мыңдай халқы бар моноқаланың дамуына үлкен серпін беретін жоба болады деп ойлаймын, - деді Қанат Бозымбаев.

https://t.me/dalainside
👍2
Forwarded from ADYRNA.KZ
🆘 Шухрат Ибрагимов мемлекеттің қаржысына майнингтік ферма ашқан

Қазақстандық бизнесмен Алиджан Ибрагимовтің ұлы Шухрат Ибрагимов пен Қайрат Сатыбалдыны не байланыстырады? Әкесінен қалған байлықты Шухрат Ибрагимов қалай меңгерді немесе оның заңсыз қитұрқы әрекетін ел біле ме? Міне, осы жөнінде жуырда «fair-news.ru» сайты қызықты мақала жариялады деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Соңғы оқиғаларды ескерсек, марқұм бизнесмен Алиджан Ибрагимовтің ұлы Шухрат Ибрагимовтің есімі криптовалютаға және ол үшін «суық әмияндар» деп аталатын қымбат спутниктерді ғарышқа ұшырудың арқасында белгілі болған еді. Мемлекеттік бюджеттен түскен соншама қаржы қайда кетті? Марқұм әкесі Алиджан Ибрагимов бар күш-жігерін экономика мен бизнесті дамытуға бағыттаса, ұлы өзінің күш-жігерін өз мүддесін көздеуге, белгілі бір адамдарды байытуға бағыттауды жөн көрді.


Жалғасын оқу
👍6
Forwarded from YEDILOV online
⚡️
По информации некоторых источников председателем правления АО НК "КазМунайГаз" в ближайшее время будет назначен Магзум Мирзагалиев, экс-советник Президента РК
https://www.akorda.kz/ru/sovetnik-prezidenta-respubliki-kazahstan-mirzagaliev-magzum-maratovich-1302124
@yyedilov
🇰🇿🐯🇹🇷 Қазақстан да Байрақтар алуға асығып отыр және уақыттың аз қалғанын түсінеді

Қазіргі соғыс ауанын байқағандықтан, Қазақстан өз қорғаныс доктринасына тез арада өзгеріс енгізбек, және онда жердегі ескі кеңестік артиллериялық тактикадан гөрі, ұшқышы жоқ дрондарды (БПЛА) кеңінен қолдану қажеттілігіне баса назар аударылады. Қазақ даласының тым үлкендігінен, алыс қашықтыққа, ұзақ ұша алатын дрондарға аса қажеттілік бар.

Осы орайда, "DALA инсайд" дереккөзі Түркиядан Bayraktar Akinci құрылғыларын көптеп сатып алу мүмкіндігі жабық есік жағдайында талқыла бастағанын айтады. Әзірге ешқандай шешім қабылданбаған.

Неге Bayraktar TB2 емес, Akinci дұрыс? Себебі, ол TB2-ге қарағанда ұзақ уақыт әуеде жүре алады әрі алыс қашықтыққа жұмыс істейді.

Оның алдында еліміз Түркиядан ANKA беспилотниктерін алу бойынша келісім жасаған. Біз ондай 3 ұшақ алмақпыз. АNКА ауыр әрі қымбат дрон. Оған қоса дронның 2 жерүсті базасын, сондай-ақ логистикалық қамтамасыз ету пакетін (техникалық құжаттама, оқу және қосалқы бөлшектер) алатын боламыз.

АНКА анкамен, бірақ бізге Байрақтардың қажет екені айдан анық. Және ол үшін Ұлттық қордың да қаржысын еш тартынбастан жаратуға болады.

https://t.me/dalainside
👍9
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан да Байрақтар алмақ
👍6
Forwarded from Trade news Новости торговли и конкуренции (Жанна Сисембаева)
📍В пресс-службе Marwin (Меломан) прокомментировали форму сотрудников.

«Форма изготавливалась в 2019 году для товарных ревизоров работающих внутри магазинов. Игровой посыл был – ревизор он как Zorro. Так как таких коллег у нас немного, не придали значения изменившемуся отношению к букве Z. Службу ревизоров, это 10 сотрудников, переодели уже сегодня. Мы готовим для этих сотрудников другую форму.

Спасибо нашим посетителям за то, что обратили наше внимание на необходимость заменить форму, спасибо за то, что помогаете становится лучше. Мира и добра нам и нашим семьям».

https://t.me/tradenewsQZ
👍4
Forwarded from BAQ.kz
⚡️Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды.

@baq_kz
👍3
Президенттің жаңа баспасөз-хатшысы
👍3
Ресейдің ашқан соғысы, КТК құбырының тұралауы, санкциялар салдарынан Қазақстанға 300 миллиард теңге шығын келген. Ол "Қаңтар оқиғасы" кезінде кәсіпкерлер шеккен шығыннан 3 есе артық және осы дүйсенбіден кейін күн санап 2 миллиард теңге шығын қосылып отыратын болады.

https://t.me/dalainside
👍4
Қазақстанға шығын әкелген кісі
👍10💩8🤮4😁1
Түркістан облысында жаялық шығаратын кәсіпорынның жұмысы қарқынды жүруде

Қазақстандағы жөргек шығаратын алғашқы отандық кәсіпорындардың бірі Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында орналасқан, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы мен «Түркістан Инвест» компаниясының сүйемелдеуіндегі бұл инвестициялық жобаның жұмысы қарқынды жүріп жатыр.
Бүгінде «Capable group» компаниясының өніміне сұраныс жоғары. Құны 2 млрд теңгелік инвестициялық жобаның 70%-ы – қазақ инвесторына, ал, 30%-ы «AROYAL ROYAL Hijyen A S» түрік компаниясына тиесілі.
Кәсіпорын минутына 600-ге дейін жаялық шығаруға қабілетті. Толық қуатымен жұмыс істегеннен кейін жылына 500-600 миллион дана жаялық шығаруға қауқары жетеді.
Инвестор өз өнімдерін Еуразиялық одақ және ТМД елдеріне экспорттауды жоспарлап отыр. Бұл отандық экспорттың дамуына қосымша серпін береді.
Сайрамда шығарылатын марка атаулары: «Saby Bala» «Bope Live» «Nomad Baby» «Baby Still «Royal» «pro Active baby» және «still Medical».

@dalainside
👍3
Шөкеев қоқыс көрсе сол ауданның әкімін шақырытып, шара қолданатынын айтты
Осы аптада Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс аумағында көктемгі тазалық айлығын өткізуді тапсырды. Облыс әкімі әр ауданның тазалығына әкімдердің тікелей жауапты екенін қадап айтты.
Жалпыхалықтық сенбілікке жұмылдырылып, туған өңірдің келбетін көріктендіруге күш салуды міндеттеді. Әр саналы азаматтың өзі тұратын аумақтың таза болуы үшін үлес қосуы керектігіне тоқталды.
– Жолдың бойын қоқыс қаптап кеткен. Бұған әр аудан, қаланың әкімдері жауапты. Көктем шықты ма, сенбілік жасап, жан-жақты тазалап, талдарды әктеп әрекет ету керек. Осыны шұғыл түрде қолға алыңыздар. Қоқыстан арылу керек. Неге қарамайсыздар? Мен көрген жерімде сол жерге тоқтаймын да, әкімді шақыртамын сол жерге. Үйіңізге қалай қарайсыз, солай қарау керек аудандағы барлық жерге. Тап-тұйнақтай етіп отырмайсыздар ма? – деді Өмірзақ Шөкеев.
Облыс аумағында қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын 158 полигон орындары белгіленіп, құжаттандырылған. Былтыр 300-ден астам заңсыз қоқыс орны анықталған. Мамыр айынан бастап ғарыштық түсіру арқылы заңсыз күл-қоқыс тасталған орындарды анықтау жұмыстары жүргізілетін болады.
@dalainside
Forwarded from BAQ.kz
Бүгін - Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күні.
Махаббаттарыңыз баянды болсын!❤️

Ал сіз үшін махаббат деген не?

Біз мерекелік топтама дайындадық. Өз нұсқаларыңызбен бөлісе отырыңыз.

@baq_kz
👍1
❗️Казахстан полностью отказался от цифрового правительства Сбера

Министерство цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Казахстана не будет подписывать соглашения с российской группой компаний "Сбер" по цифровой трансформации Казахстана. Об этом в службе центральных коммуникаций заявил вице-министр цифрового развития и аэрокосмической промышленности Аскар Жамбакин. 
В планах профильного министерства создать казахстанскую платформу цифрового правительства в течение 2-3 лет.
t.me/chinovnik_kz
👍6😁1
Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды

Қызылқоға ауданына қарасты Миялы ауылының батыс жағында Ойыл өзенінің тасуына байланысты 50 метрлік қорғаныс бөгеттері биіктетіліп, күшейтілді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ойыл өзенінің тасуына байланысты Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды. Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауында. Бұл жайында өңір басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жазды.
Қазіргі таңда қорғаныс мақсатында 300 тонна құм және 500-ден астам топырақ толтырылған мөшек қойылды.
Оқиға орнында 3 ауыр техника (2 КАМАЗ, 1 тиеуші), 70-ден аса ерікті ауыл жастары жүр. Төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері
қаупі бар аймақтарда күшейтілген кезекшілікте тұр.
Бүгін ауылдағы үйлерді су басудың алдын алу үшін «Миялы-Қарабау-Индер» автожолын жыру туралы шешім қабылданды. Қауіп сейілгеннен кейін жол қалпына келтіріледі.
@dalainside
👍1