DALA INSIDE
15.1K subscribers
371 photos
119 videos
1 file
961 links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
🇷🇺🤌 Кремль: Қазақстанға шабуылдайтын аргумент қалмады

Еуразиялық экономикалық комиссияда қызмет ететін, Мәскеуде тұратын DALA INSIDE дереккөзінің мәліметінше, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "орыс тілін дамытуға бағытталған халықаралық ұйым" туралы ұсынысы Кремльді көптеген жоспарларды қайта қарауға мәжбүрлеп отыр. Ондағы сарапшылар стратегиялық инициативаны Мәскеуден Астана алып алды деген пікірде. Енді Қазақстанды ешкім орыс тілін қысып жатыр деп айыптай алмайды және бізге шабуыл жасай алмайды.

Дереккөз Ресей Генштабындағы генералдар Қазақстанға қарсы әскери операция жоспарын мүлдем қолдамай, одан бас тартқанын туралы айтады. Себебі, жазық далада танк, құрлық әскерімен маршқа түсу өте ауыр. Олар Қазақстандағы АНКА дрондары үшін оңай олжаға айналады. Сонымен бірге, Ресейдің Қытаймен ұрсысқысы келмейді.

Президент Тоқаев көрпені мықтап қымтауда. Ал ертең Ердоған келгеннен кейін, Астана түбінде Байрақтар мен Kizilelma дрондарының жедел өндірісін ашу жөнінде келісімге қол қоюға еш кедергі болмайды.

https://t.me/dalainside
🚂 Циндао: Қазақстанның сорлап отырған сорлы кәсіпкерлері

Ал Қытайға ол тіпті проблема емес, Қазақстан олар үшін тым кішкентай

inbusiness.kz авторы Жанат Ардақ осы проблеманы өте жақсы жазған. Біз оның жазғанынан мәліметтер алып, өз комментарийімізді бергіміз келеді.

Әңгіме мынада. Қытай Ресей бағыты қиындағаннан кейін, Еуропаға баратын барлық теміржол транзитін Қазақстан арқылы, оның ішінде теміржолмен алып келіп, ары қарай ТМТМ (Транскаспий) арқылы айдауда. Ал Қытайдағы Қазақстанның өзіне баруы тиіс контейнерлермен ешкім айналысқысы да келмейді. Оларға Қытай трафиктен орын бермей отыр.

"Қаптаған қазақстандық компания дәрменсіз жағдайға жетіп, өндірісін тоқтатуға шақ қалды. Себебі олардың қызметін жалғастыру үшін қажетті жүктер қытайдың Циндао портында қаңтарылып тұр. Ол тауарлардың тізімі ұлан-ғайыр: мұнайшылар, құрылысшылар, өндіруші кәсіпорындар жұмысшылары мұқтаж болып, күтіп отырған қысқы арнайы киімнен бастап, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары қажетсінетін қант, пальма майы сияқты өнімдерге дейін бері өте алмауда. Жалпы алғанда, Циндао теңіз портына қызмет көрсететін Чжаочжоу теміржол станциясында әрі-сәрі күйде дағдарған контейнерлердің саны кейбір бағалаулар бойынша 6 мың бірліктен асып кетті. Оның 600-і – биылғы шілдеден бері сонда жатыр", – деп мәлімет береді eldala порталының басшысы Сергей Буянов.

Мысалы, "Рахат" компаниясы қант тиелген 200-ден астам контейнерін бір ай бойы әкете алмай отыр. Coca-Cola компаниясы да 8 мың тонна қантын зарыға күтіп жүр.

"Біздің Қытайдағы серіктестеріміздің айтуынша, ҚХР теміржолдары үшін Қазақстан арқылы Еуропаға транзитпен өтетін қытайлық жүктерді жөнелту басымдық болып табылады. Салдарынан, Қазақстанға арналған қытайлық және басқа елдердің жүктері әрі ысырыла береді. Қазақстанға арналған жүктерді тіпті теміржол құрамына тиемейді де", – деді Coca-Cola компаниясының өкілі Фархат Сейітов.

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-нің Бейжіңдегі өкілі Ерік Әубәкіровтың мәліметінше, олар Қазақстанның Қытайдағы елшілігімен бірлесіп, қытайлық портта тұрып қалған қазақстандық жүктердің толық тізімін жасап, пысықтауда. Бірақ олардың жуық арада елге кіретініне сенім аз. Жүк ағынының еселеп артқаны сонша, енді Қытай инфрақұрылымы шыдамауда. Мамандар қарқынды тасымал нәтижесінде рельстер балқып, деформацияланып, ауыр жүктерді тасуға жарамай қалуы мүмкін екенін ескертеді. Сондықтан жүк ағыны баяулайды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі еш амалы қалмағандықтан, отандық жүк тасушыларды басқа логистикалық маршруттерді таңдауға үндеді.

СІМ дерегінше, осы тұрғыда ҚХР-дегі ахуал тұрақсызданды, Циндао портынан жүк жеткізудің кешігуі тек жиілейді. Ведомство отандық кәсіпкерлерден қытайлық басқа порттарға, Ляньюньганға бағдарлануға кеңес берді. Ол жерде Қазақстанның төл терминалы да бар.

Бірақ бизнес бұған өзінше болып, келіспей отыр. Олар логистика қымбат болады, тағы басқа сылтау тауып, Ляньюньганға барғысы келмейді. Ол жерде ешкім оларды шектемес еді. Циндаодағы жағдай сондай болып тұр. Жағдайды түсінудің, пысықтық танытып, логистиканы алмастырудың орнына біздің кәсіпкерлер Сыртқы істер министрлігінің жүйкесін жұқартудан басқа амал таппаған.

Сол баяғы "бер, бер" деп жылана беруден өздері де шаршамаған сияқты. Енді олар Қытайдың транзитін тоқтатып тастауды сұрап отыр. Қытайға сес көрсетіп, шантаж жасап, Циндаодағы мәселені шешіп алмақ. Бірақ Қытайға шантаж жасаса, бір аптадан кейін Қазақстан экономикасы толық құлайтынын өздері түсіне ме?

Сыртқы істер министрлігі атташелері, біздің Қытайдағы елші де кәсіпкерлердің контейнерлері жазылған тізімдерді тоқсан сайын Қытайға тасып, ондағы шенеуіктерге жалынып, жалбарынып, әбден абыройларын шашып бітті. Бұл бизнестің өзі шешетін, логистикалық мәселе еді. Ляньюньганда біздің қазақстандық терминал тұр. Оны не үшін аштық?

Мемлекетке әбден еркелеп алған отандық кәсіпкерлердің бүйтіп бизнес жүргізгеннен көрі, жабылып қалғаны әлдеқайда дұрыс. Және Үкіметті адамдар жұмыссыз қалады деп қорқытудың да қажеті жоқ.
Бизнес жасай алмайсың ба, онда ең дұрысы - өзіңді де, мемлекетті де қинамай нарықтан кету керек.

https://t.me/dalainside
📱 Марк Цукерберг 7 сағат бұрын фейсбуктегі профилін жаңартты

Ол фейсбуктағы ішкі саясаттың тағы да өзгеруінен хабар береді. Яғни, мультиаккаунтингпен күрес күшеймек. Бір адамның басында бірнеше аккаунт бар жағдайлар көп. Онымен бірге, фейсбукте фейктер өріп жүр. Өз атын, өз суретін қоймайтындар бар. Осының барлығымен фейсбук жасанды интеллект арқылы күресетін болады.

Күрестің тағы бір бағыты - Кремльге жұмыс істейтін тролль фабрикалары. Қазір олар Қазақстандағы белсенділіктерін арттырған. Өскеменде тұратын қазақтілді азаматтар да тролль фабрикасына жұмысқа алынды. Олар Украина тақырыбында қазақша жазатын авторларды анықтап, оларды арыз тастау арқылы блоктатуда. Тролль фабрикасына астыртын қолдау білдіретін фейсбук жұмысшылары да бар. Фейсбук ішкі тексеріс жүргізе ме, ол жағы белгісіз.

https://t.me/dalainside
🇰🇿 Қазақтың үмітін арқалаған 7 күн

Осы апта, ал біз оның жартысына келдік, Қазақстан үшін өте маңызды болып отыр. Бұл аптадағы кездесулер болашақ геосаяси және экономикалық байланыстарға әсер беретін болады. Тек жексенбісі ғана – Түркімен көсемі Сердар Бердімұхамедовті шығарып салып, өзіміз отырып шәй ішіп, аптаның нәтижесін саралайтын күн болмақ.

Кеше Катар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Танидың Қазақстанға мемлекеттік сапары басталды. Аса құрметті Әмірді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әуежайдан күтіп алды. Қазір осы сапар аясында Астанада «Қазақстан-Катар» инвестициялық форумы ашылады. Оның тұсауын екі ел басшылары кеспек.

Катар – араб әлеміндегі Қазақстан үшін аса маңызды елдердің бірі. Біріншіден – ол бай мемлекет. Ішкі жалпы өнімі 203 миллиард доллардан асады. Ресей газына шектеу салына бастаған қазіргі уақытта Катар бүкіл Еуропаның үміті болып отыр. Тиісінше, Катар сығымдалған газ нарығында ең ықпалды ойыншыға айнала бастады, бұл дегеніміз – Катар одан сайын байып кетеді деген сөз.

Жақында Қытай сығымдалған газ сататын «Цзянсу-Бинхай» теңіз терминалын ашқан болатын. Оның алғашқы ұзақмерзімді контрактын Катардың «Qatargas» компаниясы алып, сыйымдылығы 216 000 текше метр газ болатын танкермен алғашқы партияны әкеліп үлгерді. Солай Катар Еуропада ғана емес, әлемнің шығыс бөлігінде де жаңа газ нарығын ашып отыр. Сондықтан Катар газ нарығында Ресейдің орнын басатын бірден-бір мұрагер ретінде қарастырылады.

✔️ Қазақстан және Катар. Бізге бір-бірімізден не керек?

Қазақстанның Катармен арадағы тауар айналымы жыл санап құлап келеді. 2020 жылы тауар айналымы 8,5 миллион доллар болса, 2021 жылы ол 6,3 миллион доллар болып қалды. Тауар айналымының құлауы Катардан бізге келетін импорттың азаюынан болып отыр. Ал біздің Катарға жіберетін экспортымыз сол қалпында қалған. 2020 жылы – 5,7 миллион доллар, 2021 жылы – 5,9 миллион доллар. Себебі, Катар бізден тұрақты түрде кокс пен битум алады.

Біз Катардан не импорттаймыз? Олардан алатынымыз көбінесе мырыштан жасалған түрлі бұйымдар. Болды. Шынын айтқанда, бізге Катардан көп тауар қажет те емес. Катардан бізге бір нәрсе ғана керек – ақша.

Инвестфорум осы ақша мәселесін, яғни Катардан Қазақстанға тікелей инвестиция тарту үшін өткізіліп отыр. Онда біз инвестиция құюға болатын жобаларды таныстырамыз. Ал Катар жағы осы жобалармен танысып, ойланып, сосын шешім қабылдауы тиіс. Алдын ала білетінім, Катарды Қазақстанда ауыл шаруашылығымен айналысу перспективалары қызықтырады. Олар жаңа технологияларды қолданып, қой өсіру идеясын ұштап отыр. Катар қой мен ешкіні жақсы тұтынатын мемлекет.

Катардың өзі 2021 жылы еліне 1,34 миллиард доллар тікелей инвестиция тартқан болатын. Дәл сол жылы Қазақстан өзіне 23,7 миллиард доллар тікелей инвестиция бұра білді. Осыдан біз Катардың көбіне сыртқа инвестиция құюмен, ал Қазақстанның өзіне инвестиция тартумен айналысатынын байқаймыз. Демек, инвестфорумда инвестиция құюшы жақ пен инвестиция тартушы жақ кездесетін болып отыр.

Басқа елдің мемлекеттің басшылары неге келеді, инвестфорумдар неге керек деп сұрақ қойып жатсаңыздар, негізгі жауабы міне – осы.

✔️ Ердоған. Бір аптадағы екінші мемлекеттік сапар

Қасым-Жомарт Кемелұлы Катар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Таниды бүгін кешке әуежайдан шығарып сала салсымен, Нұрсұлтан Назарбаев аэропортына тағы бір ұшақ келіп қонады. Онда Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған бар. Катар басшысының бізге деген мемлекеттік сапары аяқтала салсымен, Түркия президентінің мемлекеттік сапары басталмақ.

Ердоған – Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар адам. Біздің әлемдегі орнымыз, қауіпсіздігіміз бен экономикамыз Түркияға тікелей байланысты. Оны жасырудың еш қажеті жоқ. Жалпы, жалған намысты қою керек.

Ердоғанның Қазақстанмен экономикалық байланысқа деген жоспарлары қандай? Мені осы мәселе қатты қызықтырады. Себебі, Ресей біздің транзитпен ойнап отырғаны жасырын емес. Одан бөлек, Ресейден теңіз арқылы шығатын мұнай Еуропаның сегізінші санкциясымен лимиттеледі. Ол КТК құбырынан Новороссийск портында танкерлерге құйылатын қазақ мұнайына да тікелей байланысты.
Трейдерлер мұндай жағдайда санкция салқынынан қорқып, Ресейден шығатын кез-келген мұнайды сатып алудан бас тарта бастайды. Ол қазақтікі ме, басқанікі ме, ешкім бас қатырғысы келмейді. Сол себептен, КТК құбыры біз үшін болашақ қауіп пен қатердің ошағы болып отыр. Инвесторлар, әсіресе Шеврон кетіп қала ма деп уайымдаймыз.

Түркия өзі және Әзірбайжан арқылы Қазақстанға Еуропаға жаңа есік ашып бере алады. Түркия мен Әзірбайжан арасындағы Зангезур коридоры реттелсе, онда Әзірбайжан құрлық арқылы Еуропаға шыға алады, ал біз Каспий арқылы Әзірбайжанға шығамыз. Түркиямен танкерлік флот, контейнер таситын сухогруз кемелер, және ең бастысы – Каспий теңізінің табанымен Теңіз кенішінен Әзірбайжанға мұнай құбырын жүргізу перспективасы талқыланатыны анық.

✔️ Қазақ-Түрік алыс-берісі

2021 жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 4,1 миллиард доллар болды. Оның ішінде 3 миллиард доллары Қазақстанның Түркияға экспорты. 1,1 миллиард доллар – Түркияның бізге жөнелткен импорты. Түркиямен сауда байланысы Ресейге қарағанда бізге жағымды сальдо береді. Яғни, сатып алғанымыздан сатқанымыз көп. Соның арқасында оң төлем балансын жасап отырмыз. Оның үстіне, Түркия Қазақстанға тікелей инвестиция салып жүрген мемлекет, түрік кәсіпкерлері елімізде 5,5 миллиард доллардың инвестициялық жобаларын жүзеге асырып жатыр.

Биыл Түркияның үлесі былтырғыдан да өседі. Мысалы, 2022 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 1,5 миллиард долларға жетті. Осы қарқын сақталатын болса (үшінші тоқсанның статистикасын күтіп отырмыз) біз Түркиямен тауар айналымын осы жылы 5 миллиард доллардан асыруымыз мүмкін.

✔️ Түркияға не сатамыз және не аламыз?

Түркияға біз отын-энергетика секторының өнімдерін (мұнай, газ, көмір, мазут), металл, мал мен химия (фосфор, азот) және мал сатамыз. Ал Түркиядан арнайы техника, құрылғылар мен аппараттар, онымен бірге киім (куртка, аяқ киім, іш киім) мен текстиль (мата, орамал) алдырамыз.

✔️ СICA немесе СВМДА. Біз бір-бірімізге сенеміз бе?

Экономикалық картинаның саяси шешімдердің салдарынан не туындайтынын, не өзгеріп жататынын көріп жүрміз. Сондықтан экономикадан саясатты бөліп тастай алмайсыз. Ердоған келген екінші күні, яғни ертең Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің отырысы басталады. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған ол отырысқа қатыспақ.

Шыны керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың CICA-ны (СВМДА) дәл осы уақытта қайта жаңғыртып, өткізіп жібергені, және оған барлық қатысушы мемлекеттердің басшылары келейін деп тұрғаны мықты дипломатиялық маневр болып отыр. Ия, нақты ештеңе шешілмес, бірақ бір-бірін көреді, сөйлеседі, іштегі тоңдары ери бастайды. Бізге де керегі сол.

🇷🇺 Путин

Ресей Президенті Владимир Владимирұлы. Ия, ол да Астанаға келе жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің отырысына қатысады. Ресей – СВМДА мүшесі. Сондықтан Путиннің Астанаға келуі заңды.
Көп сарапшылар, Путин мен Ердоғанның Астанадағы кездесуінен үлкен жаңалықтар күтіп отыр. Әңгіме, Украина туралы жүретіні сөзсіз. Түркия НАТО мүшесі болса да, Ердоғанның Еуропа мен АҚШ атынан сөйлеуге мандаты бар ма, ол жағы белгісіз. Украина Президенті Зеленский Путинмен ешқандай келіссөздер жүргізбейтінін тіпті ішкі заңмен бекітіп тастады. Сондықтан бұл кездесулерінен нәтиже шыға ма, оны ешкім нақты айта алмайды. Астананың міндеті қонақтарын қарсы алу, шәйларын құйып беру. Біз соны атқарсақ болды.

Кез-келген түсініксіз жағдайда картаға қарау керек. Қазақстан географиялық жағынан Ресейге байланып отырғаны өтірік емес. Алып көршіні айналып өту өте қиын. Кейде қымбат, кейде тіпті мүмкін емес. «Ата-анаң жынды болса, байлап бақ» деген қазақ мақалы тура осы жағдайға дәл айтылған сияқты. Сондықтан, ия, қандай оспадар, тентек болса да, біз сабырмен жуасытуға тырысып жүрміз. Ресейдің көптеген шешімдерді эмоциямен қабылдайтынын байқадық. Сондықтан Ресеймен арада эмоционалды көпшік қойып отыру - жақсы жұмыс істейтін технология.
Осы технология бойынша Қазақстан екі күннен кейін «Орталық Азия - Ресей» саммитін өткізеді. Путин СВМДА-ға да, және осы саммитке де қатысады. Негізі сол үшін келіп отыр. Орталық Азия, яғни Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан басшылары бір тарап, ал Путин екінші тарап болып, нақты проблемаларымызды шешуге тырысамыз. Бізде проблемалар көп. Оның ең бастысы - Ресейдің реваншистік саясаты.

Дәл сол күні Астанада Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің мемлекеттік сапары басталады. Демек, Бердімухамедов мемлекеттік сапарын «Орталық Азия - Ресей» саммитіне келумен ұштастырып отыр. Біз үшін Сердар Гурбангулыұлының маңызы артып келеді. Сердармен дос болу керек. Неге?

🇹🇲Сердар факторы. Оғыздар мен қыпшақтар

Түркіменстан бізге екі мәселе бойынша қатты керек.
Біріншісі – Ресей арқылы жүретін солтүстік коридордың жабыла бастауы. Қазақстан енді оңтүстік коридорға көз тігіп отыр. Ал ол Түркіменстан арқылы өтеді. Біздің транзиттік әлеуетіміз бен логистикамыздың бір ұшы Сердар Бердімұхамедовтың қолында.
Екіншісі. Бұл қазақтың болашағына тікелей байланысты. Каспийдің құқықтық статусы 2020 жылы айқындалды. Сол бойынша, бізге Каспий табанымен Әзірбайжанға баратын мұнай құбырын салу үшін, теңіз бойынша сол және оң жақтағы көршілердің, яғни Түркіменстан мен Ресейдің келісімі керек. Бірдеңе қылып Ресейді көндіретін болсақ, бізге Сердар Гурбангулыұлының мырза көңілі аса қажет болады.

Бердімұхамедовты шығарып салып, біз осы аптаны бітіретін боламыз. Қасым-Жомарт Тоқаев тек жексенбі күні демалуға мүмкіндік алмақ. Бір аптада 3 мемлекеттік сапар, 2 саммитті атқарып шығамыз. Олар жемісті болуға, нақты нәтиже беруге тырысатынымыз анық.

Материал экономикалық инфлюенсер Айбар Олжаевтың парақшасынан алынды
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid033BAan454LmL2BVAERytBLjzSQ4UrCwxdJoPLdsethT4x72GCfPNERxLfAo89HNy7l&id=100019499658791

https://t.me/dalainside
🏦 Jusan Bank өзіне Нұрсұлтан Назарбаевтың ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді

Мәлімдемені банк халықаралық баспасөзде Нұрсұлтан Назарбаевты Jusan Bank-пен және оның Лондонда орналасқан Jusan Technology Limited, UK (JTL) бас компаниясымен байланыстыратын бірқатар мақалалар жарыққа шыққаннан кейін жасап отыр.

Jusan Bank мәлімдемесінде Назарбаевтың да, оның отбасы мүшелерінің де банкке, оның еншілес кәсіпорындарына және бас компания –JTL-ге қатысы жоқ екендігі хабарланады. Олар банк акционерлерінің құрамына да кірмейді және банкті немесе JTL-ді еш бақыламайды.

Jusan Bank хабарлауынша, банктің және оның үлестес компанияларының түпкілікті мақсаты – даму жолындағы Қазақстанды қалыптастыру үшін білім беру мақсаттарына қол жеткізуге қолдан келгенше көмек көрсету.

👉 Банк өз беделін сақтау үшін және кез келген негізсіз айыптаулардан, қажет болса, заң амалдарына жүгіне отырып қорғанатындығын хабарлап отыр.

https://t.me/dalainside
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Путиннің кортежі Астанадағы The Ritz Carlton қонақ үйіне аялдады. Елордалықтар қаланың қақ ортасындағы қонақ үйдің мекен-жайын жақсы біледі 😉

🚁Астананың аспанын тікұшақтар қорып жүр. Көпқабатты үйлердің деңгейінде ғана әуеге көтерілген олар қадірменді қонақтардың қауіпсіздігіне жауап береді.

Түрік лидері Ердоған да елордада. Путинмен пікірлесіп, соғысты тоқтату туралы пәтуаға келуден үмітті. Астана өз кезегінде осы келісімге дәнекер болуға тырысады.

https://t.me/dalainside
🔥Путин Әбілязовтың қолымен от көсемек

«Қуынғандағы банкир, олигарх, бұрынғы «Қазақстанның демократиялық таңдау» саяси ұйымының серкесі, оппозиционер Мұхтар Әбілязов бүгінде өзін билікке қарысыласушылардың көшбасшысы санайды. Қазір Францияда бой тасалап жүрген Әбілязов Қазақстандағы саяси режимнің өзгертуді жатса-тұрса армандайды», – деп Asiatelegraf.com сайты Мұхаңды сипаттай келе, оның 2016 жылға Америкадағы Президент сайлауына араласқан орыстың олигархтарымен қандай байланыста болғанын жайып салыпты.

Дереккөзі Қазақстанда тіркелмеген ҚДТ саяси ұйымы үшінші елдер тарапынан қаржыландырылатынын да алға тартыпты.
Енді Әбілязов пен Американың сайлауына кедергі келтірген орыстың олигархтармен нендей мәселе байланыстырғанын келсек.

Asiatelegraf.com сайтының жазуынша, Әбілязов 2016 жылы Америкада аты шулы Президент сайлауы кезінде АҚШ-тың ішкі ісіне араласқан орыс бизнесмендерімен белсенді түрде хат алмасып, олармен бизнес келісімдер жасап, орыстың олигархтарына қолдап отырған.

Бүгінде Әбілязовтың орыстың олигархтармен ауыз жаласқанын дәлелдейтін құжаттардың біразы ғаламтор желісіне жарияланып кеткені белгілі.

Айталық, 2018 жылы Ұйымдасқан қылмыс пен коррупция жария ету жобасы (OCCRP) және BIRN-нің Балкан тобы бойынша зерттеулерінде осындан 10 жыл бұрын Мұхтар Әбілязов оффшорлық компаниялардың көмегімен Ресей, Сербия және Ұлыбританиядан жылжымайтын мүліктер сатып алғанда БТА Банктың қаржысын қалауынша пайдаланғанын көрсетеді.

Мәселен, BIRN-нің мәліметінше, құны 50 млн доллар тұратын Мәскеудегі тұрғын үй кешеніне Әбілязов Британияның Виргин аралдарында тіркелген Gainsford Investments компаниясы арқылы бақылау жасап келген. Сол кезде Gainsford компаниясының 70 пайыз акциясы Мұхтар Әбілязовтың тағы бір Виргин аралдарына тіркелген Glinthill Investments Ltd деп аталатын компаниясына (бұл компания 100% акциясы Әбілязовке қараған) тиесілі болған.

Қазақстанның билік орындары Мұхтар Әбілязов БТА Банктың миллиардтаған долларларына жылжымайтын мүліктер сатып алып, одан қалса күмәнді коммерциялық келісімдер жасап, талан-таражға салғанын алға тартқан болатын.

Осы ретте көпшіліктің назарын мына бір мәселеге аударуға болады. Мұхтар Әбілязов Қазақстанда істі болып, сотқа тартылғанда оның Мәскеудегі жалпы құны 200 млн доллар болатын жылжымайтын мүліктерінің бірде біреуіне арест қойылмаған.

Ал дәл осы кезде Америка мен Ұлыбритания билігі оның жылыжмайтын мүліктеріне арест қойғаны есімізде. Осы бір жайттан-ақ Мұхтар Әбілязовтың Путин мен оның олигархтармен қалай ауыз жаласқанын байқауға болады.

Бүгінде Әбілязов өзінің әлеуметтік желідегі әңгімелерінде айналасына қауіп төндіріп, агрессор елге айналған Ресейге қатысты қатты сөз айтпайтынын жұрттың бәре біледі. Ал Президент Тоқаевты сынағанда Путин режимін қолдауыш ретінде көпшілікке көрсетуге құмар. Осылайша ол әр сөзінде Тоқаевты «Қазақстанда ресейлік бағытта дамытып жатыр» деп орынсыз айыптайды.

Ал шындығында Тоқаевтың Батыс елдерімен жақындасып, осы бағыттағы жұмыстарға барынша серпін беріп жүргенін білеміз. Ал Әбілязов болса мұның бәрін көрседе де көрмегендей болады. Осы бір жайттарды сарапқа салған адам Путин режиміне Тоқаев емес, Әбілязовтың тым жақын екенін байқары анық.

Бүгінде Мұхтар Әбілязовтың осы бағыттан айнымай, Тоқаевқа қара күйені қалыңдата жағауы Кремльге де майдай жағатыны жасырын емес.

Қазір Кремльдің Батыс әлеміне Тоқаевты қаралап көрсететін ешқандай мүмкіндігі жоқ. Сол себепті олар Әбілязовты астыртын қолдап, Батыс елдері алдында Тоқаевтың бәсін төмендетуге барын салуда. Осылайша Путин режимі бір оқпен екі қоянды атып, Қазақстанда саяси дағдарыс пен әлеуметтік толқу туғызуды көксеп отыр.

Бұл – Путиннің тізесі шыққан ескі әдістерінің бірі екенін білеміз. Сондықтан Әбілязов пен Путин тандеміне ешкім сенбесі анық.

https://t.me/dalainside
🇷🇺💸 Путиннің Астанаға келуімен Россотрудничество іске шындап кірісті

Қазақстандағы ең аудиториясы көп блогерлер ЛНР мен ДНР деген өтірік мемлекеттерге блог-турға шақырту алған. Бір күнге ұшып барып, сосын пост жазуы тиіс.
DALA INSIDE дерегінше, оның құны 2 миллион теңге. Рубльмен төленеді.

Алғашқы ұсыныс блогер Әлішер Елікбаевқа түскен. Ол туралы Әлішер өз телеграмында жазады.

Біз Россотрудничествоның Қазақстанмен шындап айналыса бастағанын бұған дейін жазған болатынбыз. Қазір Қазақстанда Zakon.kz, Sputnik.kz, Caravan.kz сынды 3 сайт, онымен бірге Данияр Әшімбаев, Марат Шибұтов, Жарас Ахметов сынды саясаттанушылар Ресей мүддесіне ақпараттық қызмет етеді.

Путинді жамандамау (нейтралды болу) үшін DALA INSIDE телеграмына да қомақты рубль ұсынылған болатын. Ұсынғандар Ресей әскери кемесінің ізімен жіберілді.

https://t.me/dalainside
🇰🇿🇹🇷Тоқаев пен Ердоған тандемі: Түркі елдері туысқандық байланыстың қадірін түсіне бастады!

Назарбаев дәуірінде Ресейдің қас-қабағына жиі қарайлаған Қазақстан Тоқаевтың тұсында түркі әлеміне батыл қадам басуда.

Иә, бір тудың астына топтасуға әлі ерте, алайда ол туралы ойлануға ешкім тыйым сала алмайды.

Тоқаев пен Ердоған тандемі Астана форумында бір кіндіктен тараған бауырлас ұлттарға бірқатар маңызды месседж жолдады.

"Ердоған мырзаның Қазақстанды "атамекен" деуі Кремль көсеміне  құлаққағыс мақсатында жасалды", - дейді @Dalainside дереккөзі.

Бізге жеткен мәлімет бойынша: алдағы уақытта Тоқаев-Ердоған тандемінің пәрменімен "түркі әлемінің" концепциясы әзірленбек. Бұл іске Тұран идеясына салғырт қарамайтын сауатты идеологтар атсалыспақ.

Түркітілдес аудиторияның ауызбіршілігін нығайтуға септігін тигізетін тұжырымдама біржағынан "орыс әлемі" дейтін деструктивті идеологияға төтеп бермек.

Тоқаев пен Ердоғанның түпкі ойы - күн өткен сайын сүйкімі кетіп, тынысы тарылып жатқан "орыс әлемін" түркі өркениетінен толыққанды тықсырып шығу.

Өз кезегінде Қазақстанның ақпараттық кеңістігін "түркілендіру" бұл істің бабын білетін Дархан Қыдырәліге жүктеліп отыр.

Түрік лидерінің Астана форумындағы Ресейге қатысты тезистері қатқылдау шыққанын ойлы оқырман бірден аңғарды.

"Ердоған есі ауып кеткен Путинге ескерту жасауда. Бөгде елді үш күннің ішінде отарлауды көздеген Кремль көсемі күйрей жеңілгенін мойындауға шақ тұр. Тезірек бітімге келмесе қансырап өледі. Түрік лидері Путиннің шипасы біткенін түсіне бастады", - дейді @Dalainside дерекөзі.

Ал түркі елдерінің бірігу процесі шешілген шаруа. Мәскеу бұған тежеу бола болмасын түсінген сынды.

💥 Бүгін болмаса да болашақта, біз болмасақ та, келешек ұрпақ Тоқаев пен Ердоған дәнегін сеуіп кеткен, осы бір ұлы миссияны межесіне жеткізіп, түркітілдес аудиторияны бір тудың астына біріктіретін болады.

https://t.me/dalainside
📈 6 индикатор: соның төртеуі өсуін баяулатты

Төртінші тоқсан экономика үшін қиындау болады. Биылдың 9-шы айында қысқа мерзімді экономикалық индикатор (ҚЭИ) 3,5% өсім көрсетті. Ал 2022 жылдың 1 тоқсанында осы өсім 6,5% болған еді.

ҚЭЙ құрамына кіретін 6 индекстің төртеуі баяулап қалды. Олар өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік пен қоймада бағыттары.

9 айдың қортындысы бойынша, нақты ІЖӨ өсімі 2,8% деңгейінде болды. Жыл басында ІЖӨ өсімі 4,6% көрсетіп, біз жылды жақсы бастағанбыз. Артынан желіміз шығып кетті.

ҚЭЙ елдегі ІЖӨ-нің негізін құрайтын 6 сала бойынша есептеледі. Олар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс.

https://t.me/dalainside
🤜 Стати Қазақстанды «айырып» тастап, өзіне модель қызды әйел қылды

Әкелі-балалы Статилердің кішісі, миллионер Габриель Стати модель Анастасия Фотакиге үйленді. Олар Молдовада тойларын дүркіретіп жасады да, «бал» айын Парижде өткізді.

Габриельдің көңіл-күйі жақсы болуы заңды. Статилер Қазақстанды халықаралық соттардың барлығында тізе бүктіріп келеді. Және «Жаңа Қазақстан» басшылығы Статидің талабы әділ екенін түсінетін сияқты. Демек, Қазақстан ресми түрде келесі жылы Стати талап етіп отырған 500 миллион долларды санап беріп, өз жеңілісін мойындауы мүмкін.

Модель Анастасия Фотаки Молдовадағы ең әдемі қыздардың бірі болып есептеледі. Кезінде эскортта жұмыс істеген. Оның бойы 175 сантиметр, ал фигурасының көрсеткіштері 80-63-94.

"Ascom Group" президенті және жалғыз акционері, халықаралық инвестор Анатолий Стати және оның ұлы Габриель Стати Қазақстанмен 2013 жылдан бері соттасып келеді. Олар кезінде «Боранкөл» және «Толқын» кен орындарын сатып алып, инвестиция салған болатын. Бизнестері пайда әкеле бастаған жылы Қазақстандағы рейдерлік топтың назарына іліккен. Рейдерлік топ түрлі қылмыстық істермен қорқытып, олардың бизнесін тартып алады. Артынан Статилер Қазақстанды халықаралық сотқа береді.

Анатолий Стати бұл қылмыстық топтың артында Кәрім Мәсімов, Қайрат Боранбаев пен Бауыржан Бәйбек үштігі тұрғанын бұрын да хабарлаған болатын. Қазір екеуі қамауда, ал Бәйбек Солтүстік Кипрде жасырынып жүр.
Статидің бизнесін тартып алып, Қазақстанды халықаралық жанжал орбитасына шығарғанымен қоймай, қылмыстық рейдерлік топ «Стати сотынан» қырғын ақша тапқан. Кезінде Әділет министрі болған Марат Бекетаевтың жұмыстағы барлық уақыты осы Стати сотымен айналысумен өтті. Бұл іске Бауыржан Бәйбек құрған «Bolachak Consulting Group» фирмасы тартылған. Ол фирма өз кезегінде Қазақстан атынан халықаралық заңгерлік компанияларды жалдап, ондағы АҚШ, Италия, Швеция, Люксембург юрисдикцияларында біздің құқығымызды қорғаған адвокаттарға орасан зор қаржы төледі. Мысалы, бір адвокаттың жұмысына сағатына 700 доллардан төленген.

Яғни, жемқорлық кесірінен басталған сотта біздің құқығымызды қорғаудың өзі керемет жемқорлыққа әкеліп соқты. Егер прокуратура «Bolachak Consulting Group» фирмасын жіті тексеретін болса, онда небір «қызықты фактілер» анықталатынына еш күмән жоқ.

Статиді қандай жолмен болса да тізе бүктіру - Назарбаев кланының принципиалды позициясы болды. Себебі, халықаралық сотта жеңілсе, олардың жемқорлық-рейдерлік схемаларының бәрі ашылатын еді. Сондықтан олар ақша аямады. Ол шығынның барлығы қазір де бюджеттен, халық есебінен төленіп отыр.

Бірақ, Қазақстанның Әділет министрлігі әлі күнге дейін, «Статимен соттасуға» нақты қанша қаржы кеткенін жасырып келеді. Сот процестерінің 9 жыл бойы түрлі елдерде бір уақытта жалғасып келе жатқанын ескерсек, аз ақша емес екені түсінікті.

Және ең қызығы - бұл іс біздің экономиканы тұралатып отыр. Тіпті Статиге ақыр аяғында төлейтін 500 миллион доллар, әрі біздің есебімізше 30 миллион доллардан кем түспейтін адвокаттарға кеткен шығынды есептемегенде, Люксембургта ERG корпорациясының табысынан бізге түсуі тиіс дивидендтер осы үшін бұғатталған. Дивидендтер арнайы шотта жинақталуда. Біз бұл туралы бөлек материалда жазамыз.

https://t.me/dalainside
animation.gif
469.7 KB
Габриель Стати мен Анастасия Фотаки Парижде демалды
🐄 Екі емес үш сиыр. Қазақстан бюджеті өзі сауатын үш сауын сиырды ресми түрде бекітті

Қазақстан Парламенті «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, Астана бюджеттері арасындағы 2023 - 2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобасын мақұлдады.

Заң жобасында үш донор өңір бекітілді. Олар - Алматы мен Астана қалалары және Атырау облысы. Осы үш өңір өзара қосылып бюджетке 2023 жылы 426 миллиард теңге, 2024 жылы 465 миллиард теңге, ал 2025 жылы 498 миллиард теңге беруі тиіс. Байқасаңыздар, жыл санап жүктері ауырлай түседі, яғни 30 миллиардтан көбейіп отырады.

Ал қалған 17 өңір осы үш донорды емеді. Олар 2023 жылы 5 триллион теңге, 2024 жылы 5,3 триллион теңге, ал 2025 жылы 5,8 триллион теңге болатын бюджеттік субвенциялар алмақ.

Әсіресе, жаңадан құрылған үш облысқа бюджет көбірек бөлінуде.

Жалпы, 2023 жылы бюджеттің шығындары 23 триллион теңгені құрайтын болады.

https://t.me/dalainside
🇷🇺📈 Қазақстан экономикасында 88 миллиард Ресей рублі бар

Оның 40 миллиард рубльден астамы бізге соңғы 3 айда келген. Бұл туралы ҚНРДА есебімен танысқан LS басылымы жазады.

Теңгелей шақсақ - бұл 678,2 миллиард. Экономикаға қатты қысым көрсетпесе де, шағын ықпалы бар. Капиталдың ағуы инфляцияға да жағымсыз әсер берді.

Маусым айының соңында барлық шетелдіктер (оның ішінде ресейліктер де бар) Қазақстан банктерінде сақтап отырған ақша көлемі 410,7 миллиард теңге болды. Ал жыл басында ресейліктердің біздің банктерде ұстаған қаражаты 145,6 млрд теңгені (25,3 млрд рубль) құраған еді. Рубль массасы артып бара жатыр, дәлірек айтсақ 1 қаңтар мен 10 қазан аралығында рубль көлемі 3,5 есеге өсті.

Қыркүйектің басында Қазақстандағы банк депозиттерінің жалпы көлемі 28,2 триллион теңгені құрады. Оның ішінде ресейлік капиталдың үлесі 2 пайыздан асып отыр.

https://t.me/dalainside
🙅🇰🇿 Қазақтар бизнесмен Рамиль Мухоряповтың Choco өнімдеріне бойкот жариялады

Мухоряпов елге қашып келген ресейліктермен өткен кездесуде "егер сіз орысша сұрап, сізге қазақша жауап берсе, сол адам ұлтшыл және оның мәдениеті төмен" деп қадап айтты. Бір қызығы, Қазақстанда орысша білмейтін, сөйлеуге қиналатын адамдардың да баршылық екенін ол ұмытып кеткен сияқты. Және қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып саналатынын, демек біздің осы елде қазақша сөйлеуге моральді құқығымыз бар екенін Рамиль Мухоряпов жоққа шығарып тастады.

Бас прокуратура Мухоряповтың бұл сөздерін ҚР Қылмыстық Кодексінің 174 бабы бойынша тексере алады. Тек ол үшін оның үстінен кез-келген Қазақстан азаматы шағым түсіруі тиіс.

Рамиль Мухоряповтың Chocofamily Holding қызметіне Chocolife.me купондары, Chocotravel авиабилет сервисі, Chocomart.kz, Lensmark.kz интернет-дүкендері, Chocofood.kz тағамға тапсырыс беру және жеткізу қызметі, iDoctor.kz дәрігер іздеу сервисі мен кэшбэк алуға арналған Рахмет мобильді қосымшасы кіреді. 2021 жылдың қортындысы бойынша холдинг выручкасы 17,8 миллион долларға жетті.

Choco өнімдерін тұтынбай, толық алмастыруға болады. Қазақ аудиториясы Chocolife.me купондарын BeSmart-қа, Chocotravel авиабилет сервисін Kaspi Тревелге, Chocomart.kz, Lensmark.kz интернет дүкендерін Kaspi.kz дүкеніне, iDoctor.kz дәрігер іздеу сервисін Doq.kz сервисіне, Рахмет кэшбек мобильді қосымшасын Dosmart қосымшасына алмастыра алады.

Әрине, Мухоряповтың ертең кешірім сұрайтыны анық. Бірақ "айтылған сөз - атылған оқ". Қазақ аудиториясының көңілін қалтыру бизнеске де, имиджге де бәрібір салқынын тигізбек.

https://t.me/dalainside
🧨 Мухоряповтың пікірінде шовинизм белгілері бар ма?

Бұған танымал адвокат Ләззат Ахатова жауап берді. Dalanews.kz тілшісімен сауалдасқан заңгер Мухоряповтың үстінен бір адам емес, қоғам болып арыз түсіру керектігін жеткізді.

Ләззат Кендебайқызы, Мухоряповтың ресейліктермен болған кездесуде айтқан пікірінде шовинизмнің белгілері бар ма?

– Меніңше, шовинистік көзқарас пен пиғыл анық көрініп тұр. Менмендік, мәдениетсіздікті өзі көрсетті.

Қазақстанда тұрып, қазақ тілін сыйламады.

Шынтуайтына келгенде, оның тауып отырған табысы қазақстандықтардың арқасында келіп отыр. Қазақ аудиториясының ақпараттық шабуылы әжептәуір соққы болды деп ойлаймын.

Журналист Айбар Олжай прокуратураға арыз түсіріпті, Дәулет Мұқаев та шабуыл жасапты.

Ертең мен де Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша арыз түсіремін. Мұнда әкімшілік іс те бар.

Ол алауыздық тудырып отыр. Бір адам емес, қоғам болып кірісуіміз керек. Ресми арызға ресми түрде жауап береді деп ойлаймын.

Іле-шала Chocolife басшысы Рамиль Мухоряпов кешірім сұрады. Осы бізде кешірім сұрай салу әдетке айналған жоқ па?

– Кешірім сұраған бейнежазбасын көрдім. Біреу қазақша шала-шарпы жазып берсе керек. Соны оқып берген сияқты.

Міндетті түрде жазаға тартылуы керек. Бәлкім, үлкен мөлшерде айыппұл салу керек пе?

Мұндайлар қалтасына салмақ түссе ғана ойланады.

Қазақтілді аудитория телефондарынан қосымшасын өшіріп тастап, қаншама адам байкот жариялады. Өте дұрыс! Тәубесіне түсті ғой. Кешірім сұрағанының өзі соны білдіреді.

Бұлар әбден басынып алған. Осындайда өзіміздің мәңгүрт қазақтарға өкпелеймін. Кейде өз тілімізді өзіміз сыйламаймыз. Қазақша сөйлесең, орысша жауап береді.

Содан кейін Мухоряпов сияқтылар «Қазақтың өзі ана тілін сыйламай жатса, бізге не керек?» демей ме?

Егер қайда жүрсек те, қазақ тілін бәрінен биік қойып, өз тілімізді қадір тұтсақ, ешкім басынбайтын еді. Сол Мухоряпов басқа елде солай айтып көрсінші!? Біз тек айтып қана қойсақ, «Бұлар шулап-шулап қояды» дейтін еді.

Шағым, арыз түсіріп, қосымшасын жойып тастап едік, 💵 қалтасына салмақ түсті. Қомақты табысынан айрылды. Қаржылық соққы болды.

https://t.me/dalainside
💥⬆️ "Мухоряповтың сөзінде шовинистік көзқарас анық көрініп тұр. Қазақтар оны тәубесіне түсірді!..", - дейді заңгер Ләззат Ахатова.
🆘❗️ Мухоряповтың мемлекеттік тілге неліктен қарсы болғанын осыған қарап-ақ түсінуге болады. Айналамызда "путинизммен" ауыратындар толып жүр...