DALA INSIDE
15.2K subscribers
373 photos
121 videos
1 file
985 links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
"Бүгінде Қазақстан Республикасы цифрлық трансформацияның көптеген бағыттары бойынша Еуразиялық аймақтың көшбасшысы болып табылады. Цифрлық экономика жолындағы мемлекеттің белсенді әрекеттері және заманауи АКТ инфрақұрылымын құру ел дамуының жаңа векторларын ашады", – деді Huawei Technologies Kazakhstan бас директоры Чжао Сюй.

"Huawei АКТ технологиялары саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі ретінде Қазақстандағы инфотелекоммуникациялық қызметтерді цифрлық түрлендіруді қолдау және ел индустриясы үшін жаңа құндылық жасау үшін тәжірибесімен бөлісуге дайын".

https://t.me/huaweimediatalks
🎓 Студенттер мен оқытушылар Huawei компаниясында білім алып, тәжірибеден өтетін мүмкіндікке ие болды

Digital Bridge 2022 халықаралық форумында Ғылым және жоғарғы білім министрлігі мен Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы өзара түсіністік Меморандумына қол қойды. Ол бойынша қазақстандық студенттер мен оқытушыларға жаңа мүмкіндіктер ашылады.

https://t.me/huaweimediatalks
Отандық ұстаздар да Huawei өткізетін білім беру процесі мен біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатыса алады

"Алдағы үш жылда Huawei Қазақстандағы цифрлы білім деңгейін ілгерілету үшін АКТ академиясын дамытады. Еліміздің жетекші университеттерінде ынтымақтастық аясында 50-ден астам Huawei академиясы құрылады деп күтілуде. Бұл академиялар бүкіл еліміз бойынша 5000-ға жуық студентті қамтиды деп жоспарлануда. Оқыту нәтижесі бойынша студенттеріміз халықаралық деңгейде мойындалған Huawei сертификатын ала алады", – деді,
Ғылым және жоғары білім беру министрі Саясат Нұрбек.

https://t.me/huaweimediatalks
Ғылым және жоғары білім министрлігімен Меморандум жасасқан Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директоры Чжао Сюй өздерінің 20 жылдан бері Қазақстан нарығында табысты жұмыс істеп келе жатқанын айтты.

"Бүгін қол қойған меморандум біздің компанияға ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің үлкен сенім артып отырғанының белгісі. Біз үшін бұл үлкен жауапкершілік. Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы 20 жылдан бері Қазақстан нарығында табысты жұмыс істеп, осы уақыт аралығында 14 Академия ашқанын мақтанышпен айта аламын. Алдағы уақытта біздер студенттерге тек қана Huawei компаниясының халықаралық сертификатын ғана табыстап қоймаймыз, сонымен қатар жетекші компанияларға жұмысқа тұрып кетуі үшін іс-тәжірибеден өтуіне де кеңінен жол ашамыз", – деді Чжао Сюй мырза.

Меморандум бойынша алдағы уақытта студенттер АКТ саласында білім алып, сертификаттаудан өте алады. Бұдан басқа арнай білім беретін конкурстарға қатысып, болашақта жұмысқа тұру мүмкіндігіне де ие болатынын да айта кетуіміз керек. Сонымен қатар оқытушылардың да білім саласына қатысты үрдістер мен Huawei компаниясы ұйымдастырыған біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатысуына жол ашылатын болады.

https://t.me/huaweimediatalks
🙈 Мемлекет те, қазақ та қарыз

Қазақстанның Үкіметі де, халқы да қарыз алғанды сұмдық жақсы көреді.

Биылғы жылдың бірінші жартысында мемлекеттік борыш көлемі 22,9 триллион теңгені құрады. Бұл Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің 24 пайызы. Біздің ІЖӨ қазір 95,4 триллион теңге деп бағаланады. Мемлекеттік борыш екіге бөлінеді: үкіметтік және үкіметтік емес. Үкіметтік дегеніміз Қаржы министрлігі немесе "Бәйтерек" холдингі алған қарыздар. Үкіметтік еместері Ұлттық Банк пен әкімдіктер алған борыштарға жатады.

Қазіргі 22,9 триллион теңгенің 20 триллионы сол үкіметтік қарыз. Оның өзі ішкі және сыртқы деп бөлінеді. Ішкі қарызды Қаржы министрлігі биржаға құнды қағаздар шығарып, сол арқылы алады. Сыртқы қарыздарды көбіне бізге Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік Банк, ЕБРР сынды қаржы институттары береді. Үкімет алған 20 триллион теңгеден 12,1 триллион теңгесі ішкі қарыз, ал 7,9 триллионы сыртқы қарыз болып табылады.

Біздің Үкімет биылғы жарты жылда қарыздарды қайтару үшін 725 миллиард теңге жұмсады. Осы сома жыл санап ұлғайып келеді. Ол жақсылықтың нышаны емес.

Халық өз үкіметінен қалыссын ба))) Қазақстан азаматтары 12,7 триллион кредит алып алған. Бұл тек жеке тұлғалардың қарызы. Яғни халықтың борышы Үкіметтің ішкі қарызынан 600 миллиард теңгеге асып кеткен.

Осыған қарап, қарыз алу нарығы елімізде жаңа сатыға көтерілді деп айтуға болады.

https://t.me/dalainside
🤌 Мәндібек үшін мәнсіз сайлау

Өкінішке орай, тәуелсіз журналист, қоғам белсендісі Ербол Мәндібек Қазақстан Президенті бола алмайды.

Себебі оның жасы 40-қа толмаған. Ал Конституция және Сайлау туралы конституциялық Заң бойынша, Президенттікке үміткерге 40 жас межесі шарты қойылады.

Ербол Мәндібек Орталық сайлау комитетіне бүгін құжаттарды тапсырамын деп мәлімдеген болатын. ОСК құжаттарды алуын алады және тіркемей тұрып тексереді. Сол кезде шартқа сай емес деп қайтарып бермек.

Ербол Мәндібек өз үндеуінде “Егер алда-жалда байқаусыз жеңіп кетіп жатсам, Қазақстандықтар жұмақтағыдай өмір сүреді”, - деген еді.

Енді Қазақстан азаматтары неге Ербол сәл ертерек тумады деп өкініп отыр.

https://t.me/dalainside
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🤝 Цифрлық даму министрлігі мен Huawei меморандумға қол қойды

Елімізде цифрлы технологияларды дамыту мақсатында ұйымдастырылған Digital Bridge халықаралық форуымында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Ортақ келісім бойынша тараптар Қазақстанда Цифрлық хаб құруға келісті.

https://t.me/huaweimediatalks
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Меморандумға қол қойғандағы басты мақсат – еліміздегі ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым (АКТ) саласы мен еліміз үшін маңызды индустрия саласында инновациялық шешімдер мен технологияларды енгізу және отандық бизнестің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейді.

Меморандумда ынтымақтастың басты бағыттарының бірі ретінде Қазақстанда алдыңғы қатарлы цифрлық шешімдерді енгізіп, АКТ саласын дамыту белгіленді. Осы келісімге сай алдағы уақытта елімізде кеңжолақты және мобильді интернеттің мүмкіндігін арттыру және ел аумағында 5G жүйесін дамытуға баса мән берілмекші. Бұдан басқа құжатта инновациялық технологиялар саласында зерттеулер мен консультативті қолдаулар көрсету, тәжірибе алмасу, арнайы мамандардың цифрлы саладағы біліктілігін көтеру ісі де қамтылған.

https://t.me/huaweimediatalks
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
"Бүгінде Қазақстан Республикасында цифрлы технологияны дамыту ісінің масштабы күн өткен сайын кеңейіп, маңызы артып келеді. Huawei компаниясы осы үрдісті назарға алып, Қазақстанда қолға алынған маңызды цифрлық жобаларға қолдау көрсетіп, оның табысты жүзеге асуына мүдделі болып отыр. Өзара ынтымақтастықтың аясында цифрландыру саласындағы жетістіктер қалалық инфрақұрылым нысандарына, ауыл шаруашылығына, консультативті қызмет көрсету саласына енгізіледі. Сонымен қатар АКТ инфрақұрылымдарына заманауи цифрлық шешімдерді енгізілуімен, цифрлық қызмет сапасы арта түсетін болады", – деді Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының Бас директоры Чжао Сюй мырза.

Қол қойылған меморандум қазақстандық цифрлық экожүйенің жоғары жылдамдықты байланыс саласымен арадағы байланысын жандандырып, жетілдіруді көздейді. Бұдан басқа тұрақты бұлттық қызмет пен кешенді өндірістік тізбектердегі жұмыспен қамтудың деңгейін арттыратын болады.

https://t.me/huaweimediatalks
🇰🇿🇺🇦 Батыс қазақ қоғамының антиресейшіл позициясына алаңдаулы!

Қазақстанда Путин шапқыншылығын айыптайтын аудиторияның ауқымы ұлғая түскен.

ОБСЕ сарапшылары батысшыл, украиншыл ұстанымдағы қазақтілді қауымның белсенделігінен қауіптеніп отыр.

Олардың ойынша бұл Ресейдің Қазақстанға қатысты күдігін қоюлата түседі.

Одақтас елдегі орыстандыру процесі толық тоқтап, қазақтандыру үрдісі қарқын алып жатқанын көріп отырған Кремль антиресейшіл қозғалыстың күшейгенін қаламайды.

Тиісінше, Тоқаев билігіне қысым артып, Астананың маневр жасайтын кеңістігі тарыла түседі. 

"ОБСЕ сарапшылары Ақорда идеологтарына осындай мәндегі ескерту жасаған", - деп хабарлайды @dalainside

Батыстағы саяси технологтардың пайымдауынша Тоқаев билігінің дипломатиядан өзге құралы жоқ.
Қазақстанның әскери әлеуеті Ресейге төтеп берер жағдайда емес.

Ақордаға батысшыл позицияны бәсеңдету керек.

"Астана екі бүйіріндегі алпауыт елдердің тілін табуға мүдделі. Қазақ қоғамындағы антиресейшілдіктің соңы Мәскеумен араздыққа ұласуы мүмкін. Тоқаевтың орнында Абылай хан отырса да Ресейдей агрессор елмен ашық кетіспеуге тырысар еді", - дейді арнамызға пікір білдірген Ақордаға жақын дереккөз.

Украинаның қазақтілді ортаның күн тәртібінен түспей тұрғаны ОБСЕ-нің назарына ілігуі тегін емес.

❗️Жыл басынан бері Қазақстанда митинг  өткізу туралы 36 өтініш түссе, соның 20-сы Украинаға арналған.

Ақорда идеологтары мұның басым көпшілігіне рұқсат бермеген.

Соған қарағанда Батыс сарапшыларының ескертуі елеусіз қалмаса керек.

https://t.me/dalainside
✍️ Тігісін байқатпай көшіру де өнер

Сол жақта Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің басшысы Қайрат Айтуғанов 2010 жылы қорғаған диссертация кіріспесі.

Оң жақта Ресейдегі Майкоп қаласында жергілікті ғылым кандидаты Зарема Куек 2007 жылы жазған диссертация кіріспесі.

Әріптестеріміз @negemedia біздің ректордың кіріспесінде тек Ресей деген сөздер Қазақстанға, фирма деген сөз аграрный сектор дегенге ауыстырылғанын жазады.

Дұрыс көшіру де өнер. Сондықтан әр сөзін ерінбей түрлендіру керек еді. Енді соның салдары әшкере болып отыр.

Агротехникалық университетті агро саласының ғалымы басқаруы тиіс. Қайрат Айтуғанов осы диссертация негізінде ғылыми қызметкер деп саналып келеді. Ал ол диссертация көшіріліп алынса, "Айтуғанов нағыз ғалым ба?" деген сұрақ туындайды.

Жалпы, бұл біздегі агротехника саласының қазіргі жайы туралы көп нәрседен хабар береді.

https://t.me/dalainside
🇰🇿 Президент Қарағандыда: жол, моноқалалар, экология мен ауыз су

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі ең урбанизацияланған өңір - Қарағанды облысына келді. Өңір еліміздің дәл ортасында орналасқан. Оңтүстік пен солтүстікті жалғайтын ең басты күре жол осы облысты басып өтеді. Аймақты дамытуға автокөлік жолдарының сапасы айрықша ықпал ететіні анық. Сондықтан Президент бірден жол мәселесін көтерді.

"Қазір Орталық – Оңтүстік көлік дәлізі салынып жатыр. Балқаш қаласы арқылы өтетін жолдың құрылысы өте баяу жүріп, мерзімі қайта-қайта кейінге қалуда. Үкіметке «Қарағанды – Балқаш» және «Балқаш – Бурылбайтал» тас жолын келесі жылы салып бітіруді тапсырамын. Сонымен бірге, «Қарағанды – Жезқазған» күре жолы да аса маңызды. Ұзындығы 500 шақырымнан асатын жол жөнделсе, орталық өңірлерге барыс-келіс жақсарады. Жүк тасымалы көбейеді. Бұл Ұлытау облысын дамытуға зор септігін тигізеді. Екі облыстың инвестициялық және туристік мүмкіндігін арттырады. Осы жолды жөндеу жұмысына алдағы жылы дереу кірісу керек. Одан бөлек «Қарағанды – Қарқаралы» тас жолын жөндеуді тапсырамын. Қарқаралының туристік әлеуетін арттыру мақсатында бұл жұмысты алдағы екі жылдың ішінде аяқтау қажет», - деп тапсырма берді, Тоқаев.

Қарағандының тағы бір проблемасы - моноқалалар. Өңір халқының 80 пайызы қалада тұрады. Көптеген өндіріс 5 моноқаланың еншісінде. Облыс тұрғындарының 40 пайызы осы моноқалаларда тұрады.

«Шағын қалалардағы тағы бір мәселе – инженерлік инфрақұрылымның әбден тозуы. Бұл мәселенің шешімін табу үшін қомақты қаражат керек. Үкімет моноқалалардың коммуналдық желілерін жөндеуге жұмсалатын қаржы көлемін арттыруы қажет. Себебі, біздің азаматтарымыз қай қаланың тұрғыны болса да, таза, жасыл желекке толы, бақуатты, гүлденген ортада өмір сүруі керек. Оны қамтамасыз ету – мемлекеттің міндеті», - деді Мемлекет басшысы.

Үшінші басты мәселе - экология. Ауыр өндірістің зардаптары да аз емес. Өндірісте адамдар қаза табуда. Президент экология проблемасынан бөлек облыстың өндірістік кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі сын көтермейтіндігіне тоқталды. Қарағанды сияқты индустриясы дамыған облыс үшін бұл – маңызды мәселе.
Мысалы, тек 2022 жылы «АрселорМитталТеміртау» АҚ объектілерінде жұмысшылар қаза тапқан бірнеше оқиға тіркелді.

"Ірі компаниялар өндірісті жаңғыртуға әрдайым инвестиция құюы керек. Уәкілетті органдар өндірістік апаттардың көбейгені үшін кәсіпорындардың жауапкершілігін күшейтетін жүйелі шаралар қабылдауы қажет», - деп тапсырды, Президент.

Экономикаға елеулі үлес қосып отырған облыста көптеген ауылдар ауыз сусыз отыр. Нақтырақ айтсақ, өңірде 176 ауылда таза су жоқ.

"Биыл 37 елді мекенге таза су беріледі. Басқа ауылдарды көп созбай сумен қамту қажет. Соңғы жылдары Балқаш көлі күрт тартылып барады. Еліміздің орталығын сумен қамтамасыз ететін Сәтбаев каналының техникалық жағдайы мәз емес. Білікті мамандармен бірлесіп, осы екі мәселені мұқият зерттеуді тапсырамын" - деді, Мемлекет басшысы.

Балқаш көлін сақтау және каналды қалпына келтіру үшін барлық шаралар қабылдануы тиіс. Президенттің айтуынша, қазір суды тазартып, тұшытатын заманауи технологиялар баршылық. Қандай шөлді жер болса да, халықты ауызсумен қамтамасыз етуге болады. Әкімдік ірі бизнес өкілдерімен бірге бұл жұмысты мықтап қолға алуы керек.

https://t.me/dalainside
🛬 Тоқаев Павлодарда: Өңдеу өнеркәсібінің экспорты 2025 жылға қарай 1,5 есеге, еңбек өнімділігі 30 пайызға артуы тиіс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды сапарынан кейін бірден Павлодарға ұшып келді. Жұртшылықпен кездесуде Президент реформалар, энергия генерациясы, экология мен газбен қамтамасыз ету турасында сөз қозғады.

Павлодар – Қазақстанның дамуында үлесі мол, маңызы жоғары аймақ. Қазір Мемлекет басшысы тарапынан облыстар үшін стратегиялық маңызы бар міндеттерді айқындалып жатыр. Әр өңірге жеке тапсырма берілуде.

«Павлодар облысында «Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидаты айқын көрініс тапқан. Бұл аймақты экономикамыздың энергетикалық жүрегі деуге болады. Еліміздегі электр қуатының 40 пайыздан астамы осында өндіріледі. Қазақстанда шығарылатын көмірдің де жартысынан астамы Павлодардың еншісінде», - деп Президент, Павлодардың Қазақстан үшін маңызын атап өтті.

Қазіргі таңда Павлодар облыстың әрбір бесінші тұрғыны өңдеу өнеркәсібінде немесе отын-энергетика кешенінде жұмыс істейді. Еліміздегі мұнай-химия өнімдерінің үштен бірі, ферроқорытпалардың жартысынан көбі осы өңірде шығады. Сондай-ақ, бұл өлке өңдеу өнеркәсібінің және шикізаттық емес экспорттың көлемі бойынша алдыңғы орында тұр.

Соңғы 3 жылда Павлодардың жалпы өңірлік өнімі 28 пайызға өсіп, 3,9 миллиард теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда және басқа да салалар қарқынды дамып келе жатыр. Мұның бәрі жергілікті жұрттың тұрмысы жақсарып, әл-ауқатының артуына тікелей ықпал етеді.

«Ішкі құндылық пен экспортқа бағытталған өндірістерді дамыту бағдарламасы бар. Отандық өңдеуші кәсіпорындарды қолжетімді бағада және жеткілікті көлемде шикізатпен қамтамасыз етуге арналған «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заң қабылданды. Жалпы, экономиканы әртараптандыру, өндірілетін тауарлардың ассортиментін кеңейту барлық өңірлер үшін бірінші кезектегі міндеттер болып табылады. Өткен жылғы Жолдауымда мақсат-міндеттерді атап көрсеттім. Өңдеу өнеркәсібінің экспорты 2025 жылға қарай 1,5 есеге, еңбек өнімділігі 30 пайызға артуы тиіс», - деді, Мемлекет басшысы.

Бірақ бұл ретте өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға ауыр жүк түсіріп отыр. Еліміздегі шығарындылардың үштен бірі – жыл сайын шамамен 700 мың тонна қалдық Павлодар облысына тиесілі. Облыс тұрғындарын туған өлкенің жайы толғандырады. Экологиялық жағдай азаматтардың өмір сүру сапасының ең маңызды көрсеткіші болып табылады. Сондықтан өнеркәсіптік әлеуетті нығайту мен қоршаған ортаны қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтау өте маңызды.

«Тағы бір маңызды мәселе – газдандыру», - деді Президент. Ол үшін Үкімет өңірді газбен қамтамасыз ету жолдарына басымдық беруі керек. Бұл жасыл күн тәртібін толық іске асыруға және нақты тұрақты дамуға бағытталған маңызды қадам болады.

Сонымен бірге транспорттық-логистикалық проблемалар сөз болды. Павлодардың орасан зор транзиттік әлеуеті бар. Бірақ, Ертістен өтетін ескі көпір көлік-логистика саласын дамытуға мүмкіндік бермей отыр. Оның апатты жағдайда тұрғанына біраз жыл болды. Көпір арқылы жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынған. Бұған дейін облыс орталығын айналып өтуге жол ашатын жаңа көпір салу жоспарланған болатын. Бүгін Президент Үкіметке келесі жылы осы жобаны бастауды тапсырды.

«Павлодар облысының экономикасын дамытуға өзге өңірлермен әуе қатынасын орнату айрықша ықпал ететіні анық. Қазір облыс орталығынан Астананың өзіне тікелей ұшақ ұшпайды. Үкімет жыл соңына дейін «Павлодар – Астана» бағытындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіруі керек. Сондай-ақ жергілікті әуежайдың ұшу-қону жолағын жөндеу мәселесін пысықтаған жөн», - деді, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

https://t.me/dalainside
Ақорда Қажыгелдиннің қайтуына дайын. Доп Әкежан Мағжанұлы жағында

Президент сайлауынан кейін шетелдегі қазақ оппозициясының символы, Қазақстанның экс премьер-министрі Әкежан Қажыгелдиннің елге қайтуына еш кедергі болмайды. Бұл туралы, жағдаймен жақсы DALA INSIDE дереккөзі хабарлады.

Қазір Қажыгелдин Ақордамен шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша бірлесе жұмыс істей бастады. "Жаңа Қазақстан" оған жылы рай танытқан және Әкежан Мағжанұлы мен Қазақстандағы басқарушы режим арасында өзара түсіністік пен сенім орнаған.

Қажыгелдин елге келу үшін 2001 жылы өзіне қатысты шығарылған сот шешімінің күшін жоюды, бір сөзбен айтқанда саяси ақтауды талап еткен. Оны Матаевтар сценарийімен жүзеге асыруға болады. Қажыгелдинның өкілі ретінде Қазақстаннан адвокат шығып, Бас прокуратураға өтініш жолдауы керек.

Бірақ, қазір бұл сұрақ паузада. Ақорда бұл мәселеге тек президент сайлауынан кейін оралмақ. Себебі, қай президент сайланады, сол президенттің бұл мәселеге өзіндік көзқарасы болуы мүмкін.

Тағы бір мәселе. Қажыгелдин Қазақстанға түпкілікті көше қоймайды. Бірақ, барып келіп жүруге, туған жеріне барып Құран оқытуға, туыстарымен кездесіп ел-жер аралауға ниеті жоқ емес.

https://t.me/dalainside
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿💥Тоқтар Әубәкіров президент Тоқаев туралы бүй деді:

"Бұ кісіні 30 жылдан бері білемін. Ең басты артықшылығы - таза адам. Сөзіне құлақ асатын қауым көп. Оған Әділетті Қазақстан құруға жәрдемдесуге тиіспіз...", – дейді даңқты ғарышкер.

https://t.me/dalainside
👉 Допингпен ұсталған "даңқты" спортшы мемлекеттік тілді менсінбейді

Әңгіме Илья Ильин де ғана емес, орыстанған қазақ спорт хақында болып отыр.

Журналист Аслан Қаженов Тоқаевтың сайлауға түсуін қолдаған танымал спортшылардың басқосуынан түңіліп қайтыпты.

Елордада қазіргі президенттің қолтығынан демеу үшін өзгелерден қалыспай мәжіліс өткізген отандық спорттың ығайы мен сығайы тек орыс тілінде үндеу жасапты.

"Жиындағы жұрттың 98 пайызы қазақ. Солай бола тұра басқосу толығымен орыс тілінде өтті. Үлгі тұтатын ардагер спортшылардың өзі ресми тілде сайраған кезде кірерге тесік таппадық, - дейді ашынған әріптесіміз.

Ашуға булыққан журналист үнсіз қалғанды ұят санап, ұйымдастырушыдан қазақша ақпарат беруді талап еткен.

"Сол кезде бір бұрышта отырған Илья Ильин "сенің әрекетің низкий поступок" қойып қалды. Әлгі жерде қан басқа шапты. Мақтаулы ауыр атлетіміздің сиқы мынау?!

Отандық спорт мемтілді қажетсінбейді. Принципті түрде, қазақша сөйлемей қасарысып алатындар бар.

Ильин? Бұлар қатардағы атлет емес, мембюджеттен жүздеген миллион алатын, Үкіметтің рақымына бөлінген спортшылар. Қазақша сөйлеуді "низкий поступок" санап бықсытып жүргені мынау! Тілге түкіргені бар...", - дейді журналист.

Әріптесіміздің айтуынша мемтілді менсінбейтін, бірақ мемлекеттің мойнына мініп алған мұндай спортшылар Әнұранды да жатқа білмейді. Ол тұрмақ байрақты бәсекелерге көк туымызды апаруға да арланады екен.

Қазақ тілі тұғырға қонбай - Әділетті Қазақстан орнамайды.

Ал біз Ильиннің кешірім сұрауын талап етейік. Осы постқа "Ильин кешірім сұрасын!" деп жаза кетіңіз.

https://t.me/dalainside
🇰🇿👍Коалиция мүшелері Тоқаевтың құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына тапсырды

Бүгін Халық коалициясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат етіп ұсыну үшін ҚР Орталық сайлау комиссиясына барлық қажетті құжаттарды ұсынды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов атап өткендей, күні кеше саяси партиялар мен республикалық ұйымдардың өкілдері Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалиция құрды.

– Бұл үрдіс «AMANAT» партиясының жаңа Саяси тұғырнамасындағы идеологияға сай. Сонымен қатар, бұл «Түрлі көзқарас – біртұтас ұлт» деген қағиданың айқын көрінісі. Коалиция болып бірігіп Президентті ұсынуымыз саяси мәдениетіміз бен саяси жүйеміздің жоғары деңгейін көрсетеді. Халықтық коалицияның форумында Президент біздің ұсынысымызды қабыл алды. Сондықтан бүгін коалиция мүшелері бірлесіп, Қасым-Жомарт Кемелұлын кандидат ретінде тіркеу құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына тапсырдық, – деді Асхат Оралов.

«Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашевтың айтуынша, Халықтық коалиция – бұл қоғамдық топтасудың жаңа деңгейінің көрсеткіші, ынтымақтастықтың жарқын үлгісі.

– Референдум барысында да қоғамдық штаб Тоқаевтың саяси реформаларының барлық жақтасын біріктірді. Сол кездегідей, біз қазір біртұтас команда ретінде әрекет етеміз. Біз Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасын көрнекті саяси мемлекет қайраткері ретінде ұсындық, бұл жалпыхалықтық таңдау, – деді ол.

Өз кезегінде «QAZAQSTAN TEAM» республикалық қоғамдық жастар бірлестігінің төрағасы Олжас Сүлейменов Орталық сайлау комиссиясына құжаттарды тапсыру – болашақ сайлау науқанын бастайтын маңызды қадам екенін атап өтті.

«Мен үшін бұл өте маңызды оқиға. Өйткені коалиция бірігіп әрекет етеді. Ынтымақтастық әрқашан өзекті. Біз бір-біріміздің тәжірибемізді қабылдап, ортақ мақсатқа жете аламыз», – деді ол.

Тіркеуге қажетті құжаттар топтамасын «AMANAT» партиясы, Қазақстан Халық партиясы, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы, «Ардагерлер ұйымы», «QAZAQSTAN TEAM», «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі», «Генералдар кеңесі», «Қазақстандық спортшылар одағы» ұсынды.
🇰🇿🤜🇷🇺 Тоқаев "орыс әлеміне" әдемі мат қойды

Енді "орыс әлемін" қазақтар басқаратын болады. Орыстардың атынан сөйлеу, өктемдік жүргізу мүмкіндігі толық біздің қолымызға өтті. Демек, экономикада да, саясатта да, идеологияда да Еуразиялық экономикалық одақ тізгінін Мәскеуден Астананың тартып алу процессі ойдағыдай аяқталды.

Путин өз ғұмыры біткенге дейін Тоқаевтың қолбаласы болады, және соның аузына қарайды. Басқа амал жоқ. Себебі, енді Путинге ешкім сенбейді. Ал Тоқаев толық "легитимді", компромисті Еуразия лидері ретінде бүкіл одақ артынан сөйлемек.

Түркия көсемі Ердоғанның сапары алдында Қазақстан президентінің позициясы екі есеге күшейді. Енді Ресей президентін бітімгерлікке, соғысты тоқтатуға көндіру тек Тоқаевқа сеніп тапсырылатын болады.

Бұл енді ешкім күтпеген, орасан маневр болды.

https://t.me/dalainside
🏦 Home Card Lite

Кешбэкті өзіңізге қалай «икемдеуге» болады?

Банктік карталарды пайдаланатындардың барлығы кешбэктерге тез үйренді. Қазірдің өзінде кәсіби «кешбэк іздеушілер» бар. Олар қай картаны мейлінше тиімді пайдалану керек екенін есептейді. Бірақ көпшілігі кешбэкті ұсақ-түйек тиын ретінде қабылдайды. Алайда бұл жүйені өзіңізге «икемдеуге» болады.

🔴 Кешбэк дегеніміз не?

Қарапайым тілмен айтқанда, кешбэк - бұл картамен төленген сатып алулар мен қызметтер үшін клиентке белгілі бір соманы қайтару. Орташа көлемі 1%-дан басталып, 15-20-ға дейін, кейде 30%-ға дейін жетеді. Ақша клиентке жаңа сатып алуларға жұмсауға болатын бонустар түрінде қайтарылады. Кейбір банктер кешбэкті ақша түрінде шотқа аударуға мүмкіндік береді.

🔴 Бұл не үшін керек?

Бүгінгі таңда банктер клиенттерге осындай бағдарламаларды ұсынуды өздерінің парызы деп санайды. Банктер карталарды клиенттердің белсенді пайдалануына мүдделі. Сондықтан олар клиенттерге карта бойынша төленген соманың бір бөлігін кешбэк түрінде қайтарады. Бұдан банктер де пайда көреді - карталар бойынша ақша айналымы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым көп комиссия жинайды.

🔴 Ең жақсы кешбэк қайсы?

Кәсіби «жеңілдік іздеушілерде» әрқашан көптеген банктің түрлі карталары болады. Бір карта бойынша такси қызметтеріне жеңілдіктерді алып, 30%-ға дейін кешбэк, екінші карта бойынша коммуналдық төлемдер үшін жоғары бонустарды және т.б. алуға болады. Көбінесе банктер клиентке жоғары кешбэк алғысы келетін сатып алулар санаттарын таңдауға мүмкіндік береді.

Мысалы, Home Credit Bank «Home Card Lite» картасының барлық пайдаланушысына супермаркеттерде, жанармай құю станциясында картамен және мобильді қосымшада коммуналдық қызметтер үшін жасалған төлемдерге алғашқы 90 күн ішінде кепілдендірілген 10% кешбэкті, ал содан кейін - 5%-дан ұсынады.

Сонымен қатар, бұл өнімде «айлық акция» болады - әр айда белгілі бір тауарлар тобына 10% кешбэк беріледі. Карточка иелері банктің әлеуметтік желілеріндегі сауалнама арқылы тауарлар тобын анықтайды. 1 қазаннан бастап клиенттердің көпшілігінің қалауы бойынша, 10% кешбэк киім, аяқ киім, аксессуарлар және ателье дүкендеріндегі сатып алуға беріледі. Әділ қазір қысқа дайындалу уақыты.

🔴 Нені таңдауым керек?

Кешбэктерді сіздің қалауыңызға және жиі жасайтын сатып алуларыңызға байланысты «икемдеген» дұрыс. Белгілі бір картаны пайдалану шарттары туралы білу қиын емес - банк сайтындағы тиісті бөлімді және картаны шығару туралы шартты мұқият оқып шығу жеткілікті. Осылайша тиянақты таңдау арқылы сатып алу сізге тұрақты табыс әкеледі.
https://homecredit.kz/kk/cards/HomeCard-Lite
🇷🇺🤌 Кремль: Қазақстанға шабуылдайтын аргумент қалмады

Еуразиялық экономикалық комиссияда қызмет ететін, Мәскеуде тұратын DALA INSIDE дереккөзінің мәліметінше, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "орыс тілін дамытуға бағытталған халықаралық ұйым" туралы ұсынысы Кремльді көптеген жоспарларды қайта қарауға мәжбүрлеп отыр. Ондағы сарапшылар стратегиялық инициативаны Мәскеуден Астана алып алды деген пікірде. Енді Қазақстанды ешкім орыс тілін қысып жатыр деп айыптай алмайды және бізге шабуыл жасай алмайды.

Дереккөз Ресей Генштабындағы генералдар Қазақстанға қарсы әскери операция жоспарын мүлдем қолдамай, одан бас тартқанын туралы айтады. Себебі, жазық далада танк, құрлық әскерімен маршқа түсу өте ауыр. Олар Қазақстандағы АНКА дрондары үшін оңай олжаға айналады. Сонымен бірге, Ресейдің Қытаймен ұрсысқысы келмейді.

Президент Тоқаев көрпені мықтап қымтауда. Ал ертең Ердоған келгеннен кейін, Астана түбінде Байрақтар мен Kizilelma дрондарының жедел өндірісін ашу жөнінде келісімге қол қоюға еш кедергі болмайды.

https://t.me/dalainside