DALA INSIDE
15.1K subscribers
371 photos
119 videos
1 file
961 links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
🌅 Тәуелсіз Татарстан мен Башқұрстан. Екі ел басшысы астыртын консультациялар жүргізді

Ресейдің Украинада жеңіліс табуына Татарстан мен Башқұрстан да дайындала бастады. Бұл ретте АҚШ сәл аяғын тартып отыр, олар үшін Татарстан мен Башқұрстанда ядролық қару болмағаны маңызды. Керісінше Ұлыбритания барынша көмектесуге дайын. Аяғын тартса да, АҚШ Stratfor жеке барлау фирмасы арқылы, екі республикадағы халықтың көңіл-күйін білмек.

Әзірге, сарапшылар Татарстан мен Башқұрстанның Ресейден нақты бөлініп шығуы үшін 4 фактордың тұспа-тұс келуі қажет дейді.

Бірінші фактор. Халық қолдауы
Республика тұрғындарының өздері Ресейден бөлінуді ашық қолдауы керек. Бірақ Татарстан халқының 40 пайызын орыстар құрайды. Татарлар 53%. Оның ішінде шоқынғандары көп. Башқұртстанда жағдай тіпті қиын. Онда орыстар 36%, ал башқұрлар 29 пайызды құрайды. Сондықтан шынайы әділ референдумда көпшіліктің өзі Ресейде қаламыз деп шешуі ғажап емес.

Екінші фактор. Күштік құрылым
Татар мен Башқұр армиясы Ресей шабуылына қарсы тұра алатындай қауқарда болуы тиіс. Ал Ресейдың мұндай жағдайда шабуылдайтынына еш күмән жоқ.

Үшінші фактор. Қазақстанмен шекара
Ресей екі елдің де аумағын қоршап тұр. Яғни сыртқа шығар жол жоқ. Жақынырақ тұрған жалғыз дербес мемлекет - ол Қазақстан. Бізге жақын орналасқаны Башқұрстан. Арамызды Орынбор облысының Қуандық және Гай аудандары бөліп тұр. 1925 жылға дейін Орынбор Қазақ АССР-ы астанасы болғанда, қазақ-башқұр шекарасы болған.
Қазақстан сыртқы доктринасына сай Ресейдің Орынбор облысын Ресейдікі деп мойындайды. Сондықтан Ресейге қарсы соғыс ашуы екіталай. Татарстан бен Башқұрстан ортақ күш салып, Гай және Қуандық аудандарын қарулы жолмен өздеріне қаратса, олар Қазақстанмен ортақ шекараға шыға алады.
Сыртқы елмен ортақ байланысы болмаса, татарлар мен башқұрлардың бір күн де тәуелсіз болып тұруы мүмкін емес.

Төртінші фактор. Біріккен Ұлттар ұйымы
Біріккен Ұлттар ұйымы Татарстан мен Башқұрстанды тәуелсіз мемлекет ретінде дауысқа салып, арнайы резолюциямен мойындауы тиіс. БҰҰ мойындаса ғана, Қазақстан мойындай алады. Себебі, өз дипломатиялық ережесіне сай, Қазақстан тек БҰҰ резолюциясы бар шешімдерді ғана заңды деп табады.

Қазір Stratfor екі ел басшыларына осы бірінші кезең бойынша кеңес беріп, көмек көрсетпек. Яғни, халықтың көңіл-күйін біліп алу өте маңызды болып тұр. Ол процесс шамамен 1-2 жылға созылатын болады.

https://t.me/dalainside
"Көмек картасы" жобасы 100 отбасыны қамтыды
Болат Өтемұратов Қоры Қостанай облысында үйінен айырылған 100 отбасыға көмек көрсетті

Өрт салдарынан үйлері толығымен жанып кеткен Қостанай облысының Әулиекөл және Қарасу аудандарының тұрғындары Болат Өтемұратов Қорының «Көмек картасы» жобасы аясында әрқайсысы 1 млн теңгеден алды.
Аманқарағай, Озерное және Люблинка ауылдарында тұратын 100 отбасыға көмек көрсетілді.

Болат Өтемұратов Қорының Қазақстанның Қызыл Айымен және ForteBank-пен бірлесіп жүзеге асырған «Көмек картасы» жобасы аясында бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 100 млн теңгені құрайды. Бұл қаражат зардап шеккендерге алғашқы қажеттілік тауарларға кететін шығындарды өтеуге және жаңа үйлер салынып жатқан кезде лайықты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Мен Аманқарағайда әйеліммен және сегіз және үш жасар екі баламен тұрдым. Туыстарымның отбасылары көршілес жерде тұрды. Бір күнде барлық үш үй өртеніп кетті. Қазір біз қайын енемнің үйіне көшіп келдік, әзірше осында боламыз. Бір сәтте бәрін жоғалтқанда, кез-келген көмек аса ризашылықпен қабылданады. Біз тек балалардың киімдері мен құжаттарымызды алып үлгердік. Ауа-райының суығына дейін жылы киім сатып алып, балаларды қайтадан мектепке жинап үлгеруіміз керек”, - дейді жергілікті тұрғын Алексей Аткин.

Еске сала кетейік, Болат Өтемұратов Қоры Қостанай облысының Әулиекөл аудандық ауруханасында инсульт орталығын құруға 1 млрд теңге көлемінде қаражат бөлді.

Болат Өтемұратов Қорының «Көмек картасы» жобасы 2018 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде апаттардан зардап шеккен 11 мыңнан астам қазақстандыққа көмек көрсету мүмкін болды. Осы жылдың басында «Көмек картасы» жобасы аясында су тасқынынан зардап шеккен Түркістан, Батыс Қазақстан, Павлодар және Ақтөбе облыстарының тұрғындарына жалпы сомасы 400 млн теңгеден астам атаулы материалдық көмек көрсетілді.
#көмеккартасы
🇨🇳 Құдыретті Си және оның факторы

Қытай басшысы Си Цзиньпиньнің Қазақстанға сапары ел экономикасын 5%-ға көтермек.

Қытайдың ірі, ірі емес, жекеменшік, квазимемлекеттік компанияларының бәрі Компартияның қас-қабағына қарайды. Партиядан сигнал түссе инвестиция да ағылады.

DALA INSIDE дереккөзінің ақпаратынша, Си Цзиньпин Қазақстанға сапарынан өте көңілді және риза болып қайтты.
Онымен бірге, Коммерция министрі Ван Вентаоға Қазақстан бағытын күшейту бойынша тапсырма берілмек.

Ван Вентао Alibaba Group, Xiaomi, Huawei және басқа да ірі единорогтарға сөзі өтетін тұлға. Онымен бірге Қазақстан нарығына әлі бейтаныс ірі компаниялар көшін де бізге бағыттай алады.

Президент Тоқаевтың Пекин диалектісімен жақсы сөйлеуі екі ел арасындағы өзара жылы байланысты күшейтуге жақсы жол ашты. Осы ретте Си мырзаның "Қазақстанның біртұтастығына арнайы акцент беруі" Путинге берілген ескерту деп қабылданды.

Мәскеуге осы сигнал айқын жетті. Және олар Қытайдың Қазақстанды сыртқы жаудың талауына бермейтінін осы сапардан кейін анық түсініп отыр.

Нақты не болады?

AliExpress Қазақстан экспортерлері үшін маркетплейсті толық ашпақ. Отандық бидайға толық жол ашылады. Біздің мұнайды қабылдау көлемі артады.

Біз үшін бастысы Қытайдың технологиялық компанияларының бізде технологиялық өндіріс ашуы. Сол сәтті күтеміз.

https://t.me/dalainside
⚡️ Россотрудничество VS Конфуций институттары

Біреудің елін күшпен тартып алу немесе жұмсақ сатып алу

Осы аптада қазақтілді аудиторияға кіргісі келген Россотрудничество оңбай жеңіліс тапты. Олар келісіп отырған, қазақтілді аудиторияға ықпалды екі блогер соңғы сәтте бірігіп жұмыс істеуден айнып қалды. Және оның үш үлкен себебі бар.

1. Путинді астарлап мақтаса да, ол месседж қазақ аудиториясына өтпейді. Блогерлер өз жақтастарынан айрылып қалу қаупін сезініп отыр.

2. Ресейдің Украинадағы жеңілісі. Ресей Украинада толық жеңіліс тауып, оның арты Ресейдегі режимнің ауысуға алып келерін блогер тұрмақ, 2 курс студенті де түсініп отыр.

3. Қытай басшысы Си Цзиньпиннің соңғы 3 жылдағы шетелге алғашқы сапарын Қазақстанға арнауы.
Бұл дегеніміз - Қазақстанның Ресей протекторатынан Қытай жағына қарай ойысуы. Путин режимінің бұдан былай Қазақстанға әмірі жүрмейді. Ресейден он есе алып елдің Қазақстанды өз қорғауына ала бастағаны байқалады.

Россотрудничество Қазақстандағы орыстілді, Ресейге бүйрегі бұратын халықпен саясаттанушы Данияр Әшімбаев, Марат Шибұтов және экономист Алмас Чукин арқылы одан әрі жұмыс істей беруге шешім қабылдады. Шамамен Ресейге бүйрегі бұратын 700 мың Қазақстан азаматы бар деп болжанып отыр.

Қазақстанда Қытайдың 5 Конфуций институты жұмыс істейді. Олар ҚазҰУ, Абылай Хан атындағы ҚХҚӘТ ірі оқу орындарында факультет алып отыр.

Конфуций бойынша Қытай кез-келген елдің тұтастығының бұзылуына қарсы. Себебі, өздерінде Тайвань мәселесі бар. Ал Ресей керісінше жаңа Кеңес одағын жасау мақсатында көршілес елдердің тыныштығын бұзып, сеператистік әрекетке от тастап отыр. Бірақ өз ішіндегі Татарстан, Кавказ, Башқұрстан сынды қауіптерді дұрыс бағаламаған.

Қытай ұзақ мерзімді перспективаға жұмыс істейді. Ол Кеңес одағын аңсап жүрген, жасы 60-70-тегі қазақстандықтардың алдағы 10 жылда аренадан кетерін біліп отыр. Сондықтан тек жас буынмен ғана жұмыс істеуге бет бұрған.

https://t.me/dalainside
🚐 Алматы барахолкасындағы қырғыз азаматтары Отанын қорғауға аттанатын болды

Алматыдағы Кенжехан, Сәлем, Алтын-Орда базарындағы азаматтар микроавтобус рейстерін ұйымдастырып, Тәжікстанның Баткен қаласын шабуылдауына қарсы тұрмақ. Бұл туралы DALA INSIDE дереккөзі хабарлады.

АЛҒАШҚЫ РЕЙСТЕР ТҮСТЕ БІШКЕККЕ ШЫҒЫП КЕТТІ. АЛМАТЫДА ЯНДЕКС.ТАКСИДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН ТӘЖІК АЗАМАТТАРЫ ӘЗІРГЕ ОНДАЙ ҰЙЫМШЫЛДЫҚ ТАНЫТПАДЫ.

Қырғыз-Тәжік шекарасындағы кезекті шиеленіс 15 қыркүйекте басталды. Екі тарап та бір-бірін айыптайды. Шынайы ақпарат жоқ. Ауыр қақтығыстар Кех және Бұлан-Басы шекаралық аймақтарында өтті. Іске ауыр техника, танктер мен зымырандар қосылуда.

ОДКБ дым бітірген жоқ. Осы ұйымға Армения, Қырғызстан мен Тәжікстан да іштей наразы.

https://t.me/dalainside
🤌 Алматы қаласы мен облысында, және Жетісу мен Түркістан облыстарында адамдар өз тапқанынан көбірек жұмсайтын болған

@Rankingkz зерттеуінше биылғы жылдың екінші тоқсанында елде отбасылардың ақшалай шығындары айына орта есеппен 774,9 мың теңгеге жетті. Бұл 2021 жылдың екінші тоқсанынан 14,5% артық. Ал кірістері 819,4 мың теңгені құрады.

Өңірлер бойынша ең аз шығын Қостанай (559,2 мың теңге) және Абай (573,6 мың теңге) облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында (598,6 мың теңге) тіркеліп отыр. Сонда Қостанай және Абай облыстарында шығындар кірістердің 76,5% және 74,9%-ын құраған.

Ең көп шығын Алматы (932,4 мың теңге) қаласында болып отыр. Алматыдағы отбасы шығыны оның кірісінен 10% артық. Осы дефицит тұтынушылық кредиттер есебінен жабылуда.

https://t.me/dalainside
Қазақтарды қайтсек те "лох" қыламыз. Халықаралық алаяқтар қазақ тілін жаппай меңгеруге көшті

Соңғы кездері қазақтардың телефонға хабарласатын халықаралық алаяқтармен қазақша сөйлесіп, оларды тығырыққа тірейтін оқиғалары көбейді. Тіпті еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин де осындай алаяқтармен қазақша сөйлесуге мәжбүр болған.

Бірақ алаяқтар қазақтардың бұл амалына қарсы өз жоспарларын дайындаған. Қазір олар телефонмен сөйлесе алатын, қазақтілді азаматтарды онлайн арқылы жұмыс істеуге шақырып жатыр. Көбейіп кеткен осындай жарнамаларда колл-центрлерге қазақ тілін білетін мамандарды халықаралық компания шақырады деп жазылған.

Қазір халықаралық алаяқтар роумингпен хабарласады. Барлық гәп осында. Себебі, біздің операторлар оны кәдімгі қоңырау ретінде көреді. Енді оларды блоктау үшін заңдар өзгертіліп, тиісті жұмыс атқарылып жатыр. Мобильді операторларға да арнайы қауіпсіздік мамандарын жұмысқа тарту керек болады.

Қазақстанды шетелдік алаяқтар жақсы көреді. Ол Орталық Азиядағы ең ақшасы көп мемлекет және мұнда ең аңқау, сенгіш адамдар өмір сүреді. Қазақстанның алаяқтардан тартқан зардабы биыл 50 миллиард теңгеге жетуі мүмкін. Мысалы, 2 жыл бұрын осы көрсеткіш 39 миллиард теңге болған. Жыл сайын алаяқтық кесірінен келетін қаржылық шығын көлемі 20-30 пайызға өсіп келеді.

https://t.me/dalainside
👤 Қазақстан Ресей азаматтарын толық бақылауға алды

Қазақстан өз жерінде жүрген Ресей азаматтарына бақылауды күшейтті. Миграция полициясы, Ішкі істер органдары, Республикалық гвардия, участкелік полиция қызметтері осыған қатысты арнайы тапсырма алып отыр.

Егер Ресей тарапынан сұраныс келіп түссе (мобилизацияға қатысты), Ресей азаматтары аз уақыттың ішінде ұсталып, қайтадан елдеріне депортацияланатын болады. Шекара қызметі жүйесі көмегімен біздегі ресейліктердің тізімі, базасы, тұратын жерлері, байланыстары бәрі жаңартылуда. Қажет болса, Каспи сынды банктік-қаржылық жүйелер де оларды анықтауға тартыла алады.

Миграция полициясы күшейтілген жұмыс тәртібінде қызмет атқаруда. Ресей әзірге ондай сұраныс берген жоқ. Бірақ бүгіннен бері Қазақстанға келушілер саны күрт артатыны болжанып отыр.

https://t.me/dalainside
🇰🇿 Қазақстанда Президенттік сайлау 20-шы қарашаға қойылды

Бұл туралы жақын минуттарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялайтын болады.

Аумалы-төкпелі заманда Қазақстан халқы өз президентін тез арада сайлап, оның өкілеттілігін бекітіп алуы тиіс. Онымен бірге, президенттік сайлауға түсер басқа үміткерлерге де жеткілікті уақыт берілді.

Ақордада қызмет ететін DALA INSIDE дереккөзінің сөзінше, қарашаның 20-сы ең оптималды уақыт.

https://t.me/dalainside
Forwarded from Usbanov ARNASY (Nurgeldi Usbanov)
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Моңғолдың экс-президенті Елбұғыдоржы Ресейліктерге үндеу тастап: "Украинаға соғысқа бармаңдар",- депті. Ол Ресейдегі буряттарға, тывалар мен қалмақтарға: "Біздің елге қашып келіңдер",- деп жатыр.

Ол Украинада оқыған. Львов әскери-саяси институтының түлегі.
Сайлау қарсаңындағы саяси тапсырыс: Тоқаевқа жасалған ақпараттық шабуылдың артында кім тұр?

Күні кеше Швейцарияда орналасқан «PublicEye» компаниясының сарапшылары «Тоқаевтың астыртын бизнесі» туралы зерттеу материал жариялады.

DALA INSIDE сайлау қарсаңында жарық көрген мақаланың саяси астары барына сенімді.
Танымал тұлғалардың электронды почтасын ақтару хакерлердің сүйікті ісі. Мұндай дүниелер ақпарат құралдары мен әлемжеліде «хитке» айналып, әп-сәтте әйгілі болады. Бірақ, бұған көзсіз сенуге бола ма? Ақпаратты қорыту қажет қой. Оның түпқайнары қайда?

Дәлел қажет пе? 2017 жылы Торонто университетінің базасындағы Citizen Lab сарапшылары Демпартия базасын бұзған хакерлер электронды хаттардың мазмұнын бұрмалап, оларға қасақана жалған ақпарат қосқанын анықтайды. Қастықшылдардың қайдан келгені де белгілі болады. АҚШ мен Ұлыбританияның барлау қызметі – бұның ресейлік хакерлердің қолымен жасалғанын дәлелдейді.

Танымал тұлғаның интернеттегі хат алмасуы қоғамның назарын аударатыны анық. Паролі талқандалып, бүлінген поштаның бар мәліметі ғаламторға қаз-қалпында таралады деп ойласаңыз, қателесесіз.
Бұл саяси тапсырыс болғандықтан, оның өңін өзгерту, мазмұнын бұрмалау – қарсы тарап үшін қалыпты дүние. Мұндайлардың есіл-дерті: саясаткер пен әлемжелідегі аудиторияны араздастыру, сол арқылы тұлғаның абыройына нұқсан келтіру.

DALA INSIDE мұндай ақпаратты тексерудің келесі алгоритмін ұсынады:

👉 1. Электронды пошталардың қалай алынғандығы туралы толық түсінік бар ма?
👉 2. Электронды хаттар әдейі өзгертіліп таратылуы мүмкін бе?
👉 3. "Бұзылған" электронды пошталарды түпнұсқа хаттармен салыстыруға бола ма (олар бұзылғанға дейін)?
👉 4. Электрондық пошталар деректердің құпиялылығы мен қауіпсіздігі сақталатын сенімді тәуелсіз серверге орналастырылған ба?

Егер бұл сұрақтардың әрқайсысына нақты аргумент болса, онда сіз оқыған ақпараттың жалған болғаны.

Енді ілгерідегі швейцариялық компанияның зерттеуіне оралайық.
Ең қызығын қараңыз:
«Тоқаевтың астыртын бизнесі» туралы жарияға жар салған «PublicEye» ешбір ізденбестен, Ресейден таралатын «Respublika» сайтының ақпаратын негізге алып, жұрттан «сүйінші» сұраған! Бұл абсурд па? Абсурд!

✔️ Соған қарағанда кейбіреулер Тоқаевтың БҰҰ мінберіндегі мәлімдемесін тым ауыр қабылдаса керек.
Жаңа Қазақстан Ресейдің құрсауынан құтылып, құрлықтағы өзге де белсенді ойыншылармен тіл табысуда.
Батыс пен АҚШ Қазақстанның Кремль диктатына бағынбасына көзі жеткен. Күні кеше Тоқаев қонақ қылған Қытай көсемі де, аумалы-төкпелі заман туса, Бейжіңнің Астанаға араша түсеріне кепілдік беріп кетті.
Ал Ресейде хаос. Әскерден қашқан орыстар аласұрып жүр. Қазақстан мен Ресей шекарасында «пробка». Путинді қарғап-сілеген жұрт, көршілерден пана іздеуде.

Осындай аласапыран шақта ағылшын тіліндегі саржағал басылымдарда Тоқаев туралы «компромат» мақаланың жарық көруі тегін емес деп тұспалдаймыз.
Сыртқы саясатта Кремльдің позициясына қайшы келетін «суыт жүрістер» жасаған Жаңа Қазақстанның батыл қадамдары Мәскеудің мазасын қашырса керек.

✔️ Екінші нұсқа:
Саяси тапсырыстың сайлау қарсаңында «таргеттелуі» түрлі ойға жетелейді.

DALA INSIDE болжамынша мұның артында ескі Қазақстанның өкілдері тұруы әбден мүмкін.
Бүтін бір елді 30 жыл бойы тоқтаусыз тонаған топ «алтын сандықтың» үстінен ауып қалғанын қабылдай алмауда. Олар Жаңа Қазақстанның репутациясына дақ түсіруге барын салады.

Бір айта кетерлігі, қазақтілді аудитория мұндай арандатуға еріп кетпеді, алданбады. Таза адамға ешбір бәле жұқпаса керек. Амалы құрыған ескі Қазақстанның кейбір өкілдері бармақ тістеп қалды. Елімізде Әділетті Қазақстан орнамақ.

https://t.me/dalainside
👉 ЛНР, ДНР, Херсон, Запорожье Қазақстан үшін мемлекет емес

Қазақстан Ресейдің Украина аумағында жүргізіп жатқан референдумдарын мойындамайды.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі ЛХР, ДХР, Запорожье мен Херсон облыстарындағы референдумдарға қатысты түсініктеме берді.
Оған сәйкес, ЛХР мен ДХР деп өзін-өзі жариялаған мемлекеттердің және Запорожье мен Херсон облыстарының әскери әкімшіліктерінің Ресейге қосылу туралы референдумдар өткізуіне қатысты мәселеде Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың егемендік теңдігі және бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарын негізге алады.

"Президентіміз бірнеше рет, оның ішінде БҰҰ мінберінен жақында ғана сөйлеген сөзінде осы дүниежүзілік әмбебап ұйымның Жарғысына негізделген халықаралық құқық қағидатын бұлжытпай сақтаудың маңыздылығы туралы мәлімдеді. Жарғыда БҰҰ-ға мүше елдердің бейбітшілік пен мемлекеттердің аумақтық тұтастығын сақтау жауапкершілігі туралы айтылады", – делінген түсініктемеде.

Қазақстан саяси диалог орнату үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенімізді тағы да растайды. Бұл ретте Қазақстан тұрақтылықты өңірлік әрі жаһандық деңгейде сақтауды аса маңызды міндет санайды.

https://t.me/dalainside
🇰🇿🏃🇷🇺 Ресейден қашқандар мен қазақ экономикасы. Рубль, своп және импорт туралы

Қазақстанға келген ресейліктерден экономикалық жағымды эффект бола ма? Өкінішке орай, ешқандай жағымды әсері болмайды. Себебі рубль - доллар/евро емес, ал қашқындар - турист емес.

Қазақстанда жинақталған рубль көлемі БЦК төрағасы Ғалым Құсайыновтың есебінше, осы маусым айында 50 миллиард рубльге жеткен. Және бұл ақша Ресейден басқа жерде конвертацияланбайтындықтан, ал оны Ресей құнды қағаздарына біздің банктер сала алмайтындықтан (санкция ұшып келеді) ол жұмыс істемейтін ресурс болып қалды. Мобилизация толқынымен келген ресейліктер, менің шамалауымша банкнотамен кем дегенде тағы 5 миллиард рубль ала келді.

24 ақпаннан бері, қолма-қол рубльді банкке салып, оны аудару операцияларынан своп комиссиясы 15-20% құрағандықтан, біздің банктер айына кем дегенде 4 миллиард теңге жоғалтып келді. Кейіннен олар рубль салымын қабылдау үшін комиссия енгізді де, шығындарын азайтты. Бірақ не болса да, артық жүк ретінде жатқан рубль массасынан қаржы жүйесіне де, экономикаға да қауіп бар.

Қаржы жүйесі - егер рубль бір демде құнсызданып кетсе, орасан зор шығынға ұшырамақ. Баланстағы қайта бағалау банктер есептілігіндегі жағдайды нашарлатады және оларға қосымша провизия жасақтауға тура келеді.

Экономикаға келген қауіп анағұрлым масштабты болып тұр. Ресей қант пен бидай экспортын шектегенде, біздің оған деген импорттық тәуелдігіміз 40-тан 38%-ға дейін түскен болатын. Және импортты әртараптандыру үшін Индия сынды жаңа импортеріміздің үлесі арта бастаған еді. Бірақ елде рубльдің көп болуы бізді импорт жағынан Ресейге қайтадан байлап тастайтын болады. Бұл - Ресей экономикасы жедел құласа, біздегі біраз сектор да құлайды деген сөз. Және рубль каналы арқылы Ресейдегі инфляция, девальвация сынды болуы өте ықтимал жағымсыз құбылыстар да бізге импортталмақ.

Не істеу керек?

Дәл қазір бізде валютаны сыртқа әкетуге шектеу бар. Бір реттік рұқсат тек 31 тамызға дейін жұмыс істеді. Доллардың елден кетуіне тосқауыл қою керек, онымен келісеміз. Бірақ осы валюталар құрамынан рубльді алып тастаған дұрыс. Қазақстаннан рубль барынша кете бастаса, валютааралық дисбаланстардан құтыла аламыз. Және қаржы нарығындағы құнсыздану тәуекелі азаяды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid036n5PP45uX8uhkSoL3Fw1KXBxC7FZ3XBGPgqcWUmqH89xnEyxFLBf7qYpDdyoL1u7l&id=100019499658791
🇷🇺🎙Газмановтың гастроліне дайындала беріңіздер!

Алдағы айларда Республика сарайын орыс әншілері броньдай бастайды деп хабарлайды @Dalainside

Қазақстанға қоныс аударған 2 миллионға жуық ресейлік аздан кейін атажұртын сағынып, "играй гармонды" аңсай бастайды.

Соңғы жылдары елдегі орыс саны азаюы себепті сұраныстан қалып, 💴 әмияны ортайған ресейлік әншілер Қазақстанға үдере көшкен отандастарына үмітпен қарауда.

Орыс тілінің өрісі тарылғалы үлкен концертті ұмытып, Қапшағайдағы казиноларды жағалап кеткен Газманов, Гагарина, Билан, Лазарев секілді "путинистер" Республика сарайының сахнасынан түспейін деп тұр. Құдайы берді деген осы.

Бұлар Кремльдің "жұмсақ күші". Астана мен Алматының билбордтары ресейлік әншілерді жарнамалай бастайтын күн жақын.

Қазақстанға қоныс аударған ресейліктер орыстілді сервистің кеңістігін кеңітіп, енді-енді күш ала бастаған қазақтандыру процесін тежейтін түрі бар.

https://t.me/dalainside
📺 Қазақстанда ресейлік телеарналарды бұғаттау процесі басталды

5 қазаннан бастап BeeTV қосымшасы мен сайтында бірнеше ресейлік арна көрсетілмейді.

Атап айтқанда, «Дом кино», «Победа», «Музыка Первого», «Телекафе», «Первый канал СНГ», «НТВ МИР», «Россия 24», «Дом кино Premium HD», «РТР Планета», «Карусель International», «О!», «Время: далекое и близкое», «Россия К» арнасын көрсету тоқтатылады.

Олардың орнына «Еврокино», «Любимое Кино», «1HD music» және «Еда Премиум HD» арналары қосылады. Ал TV100 жазылымы бойынша өңірлік 13 арна қосылады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі басшысы қызметіне Дархан Қыдырәлі келгелі бері, отандық ақпарат кеңістігін ресейдің агрессивті пропагандасынан тазалау жұмыстары басталды.

BeeTV басы ғана. Енді ірі кабельдік операторларға да кезек келмек.

https://t.me/dalainside
📱 Huawei және Орталық Азиядағы цифрлық даму: Digital Bridge 2022 қалай өтті?

Астанада Digital Bridge 2022 төртінші халықаралық технологиялық форумы жемісті өтті. Мемлекеттік органдардың өкілдері, венчурлық инвесторлар, технологиялық кәсіпкерлер және жетекші қазақстандық және халықаралық сарапшылар, оның ішінде Huawei Technologies Kazakhstan мамандары цифрлық технология саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін бір алаңға жиналады.

👉 Талқылаудың басты мақсаты – заманауи өндірістік процестерді түрлендіру және жаңғырту жолдарын іздеу. Шараны Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Астана қаласы әкімдігінің және Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің қатысуымен ұйымдастырып отыр. Форумды өткізуге сонымен бірге Huawei Technologies Kazakhstan, Kaspi Bank, Tech Culture, KPMG сынды технологиялық алпауыттар ат салысты.

https://t.me/huaweimediatalks
🇰🇿 Қазақстан және 5G: "Digital Bridge 2022" форумындағы ойлар


Huawei Technologies өткізген «5G on Silk Road» мини-форумы осы айтулы шараның маңызды бөлігі болды деуге келеді. Бұл жерде сала мамандары байланыс саласының цифрлық трансформациясы және Қазақстандағы 5G инфрақұрылымының ең өзекті мәселелерін талқылады. 5G мүмкіндіктерін неғұрлым егжей-тегжейлі көрсету үшін форумда компания ұсынған соңғы буын желілерінің мүмкіндіктерімен таныстыратын көрме алаңы қойылды.

Сондай-ақ форум аясында «Huawei Technologies Kazakhstan» компаниясы мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Ғылым және жоғары білім министрлігі арасында ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірқатар меморандумдарға қол қойылды.

https://t.me/huaweimediatalks
"Бүгінде Қазақстан Республикасы цифрлық трансформацияның көптеген бағыттары бойынша Еуразиялық аймақтың көшбасшысы болып табылады. Цифрлық экономика жолындағы мемлекеттің белсенді әрекеттері және заманауи АКТ инфрақұрылымын құру ел дамуының жаңа векторларын ашады", – деді Huawei Technologies Kazakhstan бас директоры Чжао Сюй.

"Huawei АКТ технологиялары саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі ретінде Қазақстандағы инфотелекоммуникациялық қызметтерді цифрлық түрлендіруді қолдау және ел индустриясы үшін жаңа құндылық жасау үшін тәжірибесімен бөлісуге дайын".

https://t.me/huaweimediatalks
🎓 Студенттер мен оқытушылар Huawei компаниясында білім алып, тәжірибеден өтетін мүмкіндікке ие болды

Digital Bridge 2022 халықаралық форумында Ғылым және жоғарғы білім министрлігі мен Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы өзара түсіністік Меморандумына қол қойды. Ол бойынша қазақстандық студенттер мен оқытушыларға жаңа мүмкіндіктер ашылады.

https://t.me/huaweimediatalks