DALA INSIDE
15.3K subscribers
369 photos
117 videos
1 file
934 links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
🇷🇺 "Путин күшті ғой": Россотрудничество қазақ аудиториясына қалай кірерін ойластыра бастады

Осы аптада Ресей және ондағы режимнің жағымды имиджін қалыптастыру үшін арнайы құрылған "Россотрудничество" тарапынан бірнеше қазақтілді, аудиторияға ықпалды тұлғаларға астыртын ұсыныстар келе бастады. Мақсат - Ресейге деген қазақ аудиториясындағы жеккөрушілік сезімді жағымды бағытқа бұру. Осы ретте, "Қытайға қарағанда Ресей дұрыс қой" деген ортақ идеология таңдалды дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Россотрудничество - Ресейдің жұмсақ күші. Ол Қазақстандағы орыстілді азаматтармен үкіметтік емес ұйымдар, оқу бағдарламалары мен жобалы гранттар арқылы жұмыс істеп келеді. Ресей позициясын қолдаған отандық орыс тілді блогерлер мен сарапшылар да Россотрудничество тарапынан біраз тапсырыс алып, ақша тауып жүр.

Биыл Россотрудничествоның Қазақстан бағытындағы астыртын ақпараттық жұмысқа бөлетін қаржысы екі есеге ұлғайған. Осы фактор Ресей пропагандасына тосқауыл болып жүрген Асқар Омаровтың Ақпарат және қоғамдық келісім министрі лауазымынан кетуіне тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан, қазір қазақтілді аудиториямен жұмыс істеуге қолайлы сәт туып отыр.

Алғашқы қадамдары Қытай басшысы Си Цзиньпиньнің Қазақстанға жасайтын сапарынан кейін басталмақ. Сол кезде біздегі ақпараттық кеңістікке "Қытай Қазақстанға ауыз салды. Ресейге жақындасақ қана аман қаламыз" деген сарындағы әңгімелер жіберілетін болады.

https://t.me/dalainside
🔥🙈 Қайрат Сатыбалдымен құдаласқан жамбылдық шенеуніктің бастан кешкені...

Назарбаев әулетімен қыз алысып, қыз беріскендердің басынан бақ тая бастады.

Ендігіде биліктегі беделді қызметке тағайындаларда тұлғаның Назарбаев әулетімен бұрын-соңды байланысы бар-жоқтығы тексеріледі.

Жылы-жұмсақ орыннан дәмелі шенді президент аппаратының "детекторынан" өтіп, ілгерідегі критерий негізінде іріктіледі.

Назарбаев отбасымен, оның алыс-жақын туыстарымен дәм-тұзы жарасып, табақтас болғандар, құдаласып, құйрық-бауыр жегендер жаңа жүйеден аластатылып, жұмыссыздар қатарын толықтыра бастайды.

@dalainside телеграм арнасына пікір білдірген сенімді дереккөздің айтуынша, жақында Астанаға ауысуды көздеген Жамбыл өңіріндегі ықпалды шенеуніктің бірі осы критерийдің "құрбаны" болған.

Оның Назарбаев отбасымен әмпей-жәмпейі екені әшкере болып, абақтыдағы Қайрат Сатыбалдының қызын келін қып түсіргені анықталыпты.

Тоқаев билігі экс-президентпен сыбайласқан тұлғалардан қауіп күтіп, олардың саботаж жасауынан сезіктенеді.

"Экс-президентпен ауыз жаласқандардың Жаңа Қазақстанға жаны қас. Отыз жыл бойы уайым-қайымсыз өмір сүрген олар Қаңтар оқиғасынан кейін нокаутқа кетіп, омақаса құлағанын мойындағысы келмейді.

Жаңа Қазақстанның кадр саясаты Назарбаевпен байланысты тұлғаларды биліктен аластату мен билікке жолатпауға негізделіп отыр", - дейді дереккөз.

Біздіңше, халық мұны қуана-қуана құптайды. Бұл Тоқаевқа сайлауда жеңіске жетуге кепілдік беретін өте сәтті жүріс.

Ал қомағайлықтан қарны жарылардай болған Назарбаевтың тұқым-жұрағаты "көп асқанға, бір тосқан" боларын кеш түсінген секілді.


https://t.me/dalainside
🔥Тоқаев Қажыгелдинді қажетке жаратуда! Әкежан президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып алған

Жаңа Қазақстан Назарбаевтың қарсыластарымен тіл табыса бастады.

Әйгілі Әкежан Қажыгелдин бірталай уақыттан бері Президентке уәзірлік етуде деп болжайды @Dalainside.

Тоқаевтың экс-премьерге арқа сүйеуі тегін емес. Әкежан Назарбаев әулетінің осал тұсын жақсы біледі.

Отбасының Батыс банктеріндегі жинақтары, оффшордағы капиталы, жылжымайтын мүлкі туралы талай жылдан бері тынбай тергеу жүргізген Қажыгелдин қолдағы құнды мәліметті жұртқа жария етуге әзір.

Назарбаев кланының ақпараттық шабуылына төтеп беру үшін Тоқаев экс-президенттің оппоненттерімен ымырласқан сыңайлы.

Мемлекет басшысы ескі жүйенің оңайлықпен беріле салмасын жете түсінеді.

Назарбаевтың кесірінен қиыр қонып, шет жайлап жүрген оппозиция Тоқаевтың тапқырлығы мен табандылығына тәнтті. Оның орашолақ шешім қабылдамасына көзі жеткен.

Түптеп келгенде Қазақстанның қазіргі президенті мен шеттегі оппозицияның ортақ жауы - Назарбаев кланы.

Ал Қажыгелдин қанша жерден оппозиция болғанымен Тоқаевқа тіл тигізген емес. Керісінше, президенттің Жаңа Қазақстан орнатуға алғышарт болған бірқатар идеяларының бастауында Қажыгелдиннің қолтаңбасы жатқандай көрінеді.

Мәселен осыдан былтыр dalanews.kz сайтында жариялаған мақаласында Қажыгелдин ескі жүйе қирағаннан кейін Ұлттық құрылтай өткізуді ұсынған.

"Тоқаев қолындағы билікті пайдаланып Ұлттық құрылтай шақыруы қажет. Осы құрылтайда жаңа Конституция мен жаңа саяси құрылымдарды жасақтауға жол ашылуы тиіс", - деген еді Әкежан мырза.

Құрылтай нәтижесінде марқұм Рахат Әлиевтің нұсқауымен сотталған азаматтар және саяси тұтқындар түрмеден босауы керектігін айтқан.

Ұлттық құрылтайдың дүрілдеп өткенінен хабардарсыздар...

Жаңа Конституция қабылдау туралы да ұсыныс та Қанды Қаңтарға дейін Қажыгелдиннің аузымен айтылған еді.

"Тоқаев тарихта жақсы атпен қалғысы келеді! Мұның бір жолы жаңа Конституция қабылдау. Жалпыхалықтық референдум өткізу.

Ата заңның жаңа нұсқасын халық талқысына салып, соның негізінде билікті халыққа қайтарса абыройын сақтап қалады.

Осының аясында Назарбаев әулетіне де кепілдік беріледі. Жаңа құжатта кезектен тыс президент сайлауын әділ өткізу заңмен бекітулі тиіс”, – деген-тұғын экс-премьер.

Өздеріңіз білетіндей, Ата заңға өзгеріс енді. Биыл кезектен тыс президент сайлауы өтеді...

Қазақстанның парламенттік республикаға ауысатынын да шым-шымдап жеткізген Қажыгелдин еді.

"Парламент ескі жүйе өкілдерінің шетелдегі есеп-шотында жатқан қисапсыз қаражатты елге қайтару үшін күреседі. Ел байлығын әр тұрғынға әділ бөліп береді", – дейді Әкежан мырза.

Жаңа Қазақстан концепциясы да әсте жаңа емес, Қажыгелдин Назарбаевқа қарсы келген 90-шы жылдардың аяғына таман дәл осындай қозғалыс құрылғаны @dalainside жадында.

Танымал журналист Ермұрат Бапидің сайлауға түсуге бекініп отырғаны да (ақпарат анықталуда) Қажыгелдин мен президент аппаратының ақылдаса келе қабылдаған шешімі болуы бек мүмкін. Қосановқа қарағанда адуындылау, қазіргі президентпен қарсыласуға қабілеті жететін Бапи Қажыгелдиннің айтқанын екі етпейтінін көзі қарақты оқырман жақсы біледі.

Қажыгелдиннің пайым-парасаты мен тәжірибесі Тоқаевқа кеңесшілік етуге жарап тұрғаны күмән туғызбайды. Соңғы 4-5 жылдың бедерінде Тоқаевқа тіл қатып, конструктивті диалог орнатуға үндеп келген Әкежан діттеген мақсатына жетсе керек.

Қажыгелдиннің осы уақыт аралығындағы сараптамалары мен сұхбатын мұқият сүзіп шыққан @dalainside оның Тоқаев туралы ешқашан ауыр сөйлеп, орынсыз айып тақпағанын аңдады.

Жалпы біреуді жөнді-жөнсіз табалау Әкежанның табиғатына тән емес, десе де Нұрекеңе келгенде Қажыгелдин назданып отырмайтын.

Тоқаевтың мұндай қадамға баруы шарасыздық емес, керісінше Назарбаев кланын толық тығырыққа тіреп, экс-президенттің шашбауын көтергендердің ақырғы үмітін үзу.

Күні кеше даңқты ғарышкер Тоқтар Әубәкіровты қабылдаған Мемлекет басшысы біздің батыл болжамды растай түскендей болды. Тоқаев ескі жүйемен ерегесіп өткен, әрі ел алдындағы сый- құрметін жоғалта қоймаған оппозиция өкілдерін төңірегіне топтастыруға тырысуда.
⬆️ ⬇️ (Жалғасы)

Президенттің сайлауалды кампаниясы Украинадағы Himars-тар секілді көздеген нысанаға дөп тиюде.

Назарбаевты суқаны сүймейтін әйгілі Әубәкіровтың жылы қабағы мен қолдауы сайлауға түсуге сайланып отырған Тоқаевқа қосымша демеу.

Ал Қажыгелдин Тоқаевтың тақиясына тарлық етпейді. Күні кешеге дейін президентке кеңесшілік етіп келген Тұрғымбаевтың жанында Әкежанның тұлғасы әлдеқайда биік әрі сыйлы.

Шетел асқан капиталдың ізіне түскен Қажыгелдин аста-төк ақша елге қайтарылса Қазақстанның әрбір азаматына айына 200-300 доллар тұрақты айлық төленіп тұратын заң қабылданарын айтқан.

Отыз жыл бойы "алтын сандықтың үстінде жалаңбұт отырған" халықтың Жаңа Қазақстаннан күтері де осы.

Тоқаев пен Қажыгелдиннің күш біріктіргені рас болса, бұдан билік те, халық та ұтылмайды деп топшылаймыз.

https://t.me/dalainside
🌅 Тәуелсіз Татарстан мен Башқұрстан. Екі ел басшысы астыртын консультациялар жүргізді

Ресейдің Украинада жеңіліс табуына Татарстан мен Башқұрстан да дайындала бастады. Бұл ретте АҚШ сәл аяғын тартып отыр, олар үшін Татарстан мен Башқұрстанда ядролық қару болмағаны маңызды. Керісінше Ұлыбритания барынша көмектесуге дайын. Аяғын тартса да, АҚШ Stratfor жеке барлау фирмасы арқылы, екі республикадағы халықтың көңіл-күйін білмек.

Әзірге, сарапшылар Татарстан мен Башқұрстанның Ресейден нақты бөлініп шығуы үшін 4 фактордың тұспа-тұс келуі қажет дейді.

Бірінші фактор. Халық қолдауы
Республика тұрғындарының өздері Ресейден бөлінуді ашық қолдауы керек. Бірақ Татарстан халқының 40 пайызын орыстар құрайды. Татарлар 53%. Оның ішінде шоқынғандары көп. Башқұртстанда жағдай тіпті қиын. Онда орыстар 36%, ал башқұрлар 29 пайызды құрайды. Сондықтан шынайы әділ референдумда көпшіліктің өзі Ресейде қаламыз деп шешуі ғажап емес.

Екінші фактор. Күштік құрылым
Татар мен Башқұр армиясы Ресей шабуылына қарсы тұра алатындай қауқарда болуы тиіс. Ал Ресейдың мұндай жағдайда шабуылдайтынына еш күмән жоқ.

Үшінші фактор. Қазақстанмен шекара
Ресей екі елдің де аумағын қоршап тұр. Яғни сыртқа шығар жол жоқ. Жақынырақ тұрған жалғыз дербес мемлекет - ол Қазақстан. Бізге жақын орналасқаны Башқұрстан. Арамызды Орынбор облысының Қуандық және Гай аудандары бөліп тұр. 1925 жылға дейін Орынбор Қазақ АССР-ы астанасы болғанда, қазақ-башқұр шекарасы болған.
Қазақстан сыртқы доктринасына сай Ресейдің Орынбор облысын Ресейдікі деп мойындайды. Сондықтан Ресейге қарсы соғыс ашуы екіталай. Татарстан бен Башқұрстан ортақ күш салып, Гай және Қуандық аудандарын қарулы жолмен өздеріне қаратса, олар Қазақстанмен ортақ шекараға шыға алады.
Сыртқы елмен ортақ байланысы болмаса, татарлар мен башқұрлардың бір күн де тәуелсіз болып тұруы мүмкін емес.

Төртінші фактор. Біріккен Ұлттар ұйымы
Біріккен Ұлттар ұйымы Татарстан мен Башқұрстанды тәуелсіз мемлекет ретінде дауысқа салып, арнайы резолюциямен мойындауы тиіс. БҰҰ мойындаса ғана, Қазақстан мойындай алады. Себебі, өз дипломатиялық ережесіне сай, Қазақстан тек БҰҰ резолюциясы бар шешімдерді ғана заңды деп табады.

Қазір Stratfor екі ел басшыларына осы бірінші кезең бойынша кеңес беріп, көмек көрсетпек. Яғни, халықтың көңіл-күйін біліп алу өте маңызды болып тұр. Ол процесс шамамен 1-2 жылға созылатын болады.

https://t.me/dalainside
"Көмек картасы" жобасы 100 отбасыны қамтыды
Болат Өтемұратов Қоры Қостанай облысында үйінен айырылған 100 отбасыға көмек көрсетті

Өрт салдарынан үйлері толығымен жанып кеткен Қостанай облысының Әулиекөл және Қарасу аудандарының тұрғындары Болат Өтемұратов Қорының «Көмек картасы» жобасы аясында әрқайсысы 1 млн теңгеден алды.
Аманқарағай, Озерное және Люблинка ауылдарында тұратын 100 отбасыға көмек көрсетілді.

Болат Өтемұратов Қорының Қазақстанның Қызыл Айымен және ForteBank-пен бірлесіп жүзеге асырған «Көмек картасы» жобасы аясында бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 100 млн теңгені құрайды. Бұл қаражат зардап шеккендерге алғашқы қажеттілік тауарларға кететін шығындарды өтеуге және жаңа үйлер салынып жатқан кезде лайықты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Мен Аманқарағайда әйеліммен және сегіз және үш жасар екі баламен тұрдым. Туыстарымның отбасылары көршілес жерде тұрды. Бір күнде барлық үш үй өртеніп кетті. Қазір біз қайын енемнің үйіне көшіп келдік, әзірше осында боламыз. Бір сәтте бәрін жоғалтқанда, кез-келген көмек аса ризашылықпен қабылданады. Біз тек балалардың киімдері мен құжаттарымызды алып үлгердік. Ауа-райының суығына дейін жылы киім сатып алып, балаларды қайтадан мектепке жинап үлгеруіміз керек”, - дейді жергілікті тұрғын Алексей Аткин.

Еске сала кетейік, Болат Өтемұратов Қоры Қостанай облысының Әулиекөл аудандық ауруханасында инсульт орталығын құруға 1 млрд теңге көлемінде қаражат бөлді.

Болат Өтемұратов Қорының «Көмек картасы» жобасы 2018 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде апаттардан зардап шеккен 11 мыңнан астам қазақстандыққа көмек көрсету мүмкін болды. Осы жылдың басында «Көмек картасы» жобасы аясында су тасқынынан зардап шеккен Түркістан, Батыс Қазақстан, Павлодар және Ақтөбе облыстарының тұрғындарына жалпы сомасы 400 млн теңгеден астам атаулы материалдық көмек көрсетілді.
#көмеккартасы
🇨🇳 Құдыретті Си және оның факторы

Қытай басшысы Си Цзиньпиньнің Қазақстанға сапары ел экономикасын 5%-ға көтермек.

Қытайдың ірі, ірі емес, жекеменшік, квазимемлекеттік компанияларының бәрі Компартияның қас-қабағына қарайды. Партиядан сигнал түссе инвестиция да ағылады.

DALA INSIDE дереккөзінің ақпаратынша, Си Цзиньпин Қазақстанға сапарынан өте көңілді және риза болып қайтты.
Онымен бірге, Коммерция министрі Ван Вентаоға Қазақстан бағытын күшейту бойынша тапсырма берілмек.

Ван Вентао Alibaba Group, Xiaomi, Huawei және басқа да ірі единорогтарға сөзі өтетін тұлға. Онымен бірге Қазақстан нарығына әлі бейтаныс ірі компаниялар көшін де бізге бағыттай алады.

Президент Тоқаевтың Пекин диалектісімен жақсы сөйлеуі екі ел арасындағы өзара жылы байланысты күшейтуге жақсы жол ашты. Осы ретте Си мырзаның "Қазақстанның біртұтастығына арнайы акцент беруі" Путинге берілген ескерту деп қабылданды.

Мәскеуге осы сигнал айқын жетті. Және олар Қытайдың Қазақстанды сыртқы жаудың талауына бермейтінін осы сапардан кейін анық түсініп отыр.

Нақты не болады?

AliExpress Қазақстан экспортерлері үшін маркетплейсті толық ашпақ. Отандық бидайға толық жол ашылады. Біздің мұнайды қабылдау көлемі артады.

Біз үшін бастысы Қытайдың технологиялық компанияларының бізде технологиялық өндіріс ашуы. Сол сәтті күтеміз.

https://t.me/dalainside
⚡️ Россотрудничество VS Конфуций институттары

Біреудің елін күшпен тартып алу немесе жұмсақ сатып алу

Осы аптада қазақтілді аудиторияға кіргісі келген Россотрудничество оңбай жеңіліс тапты. Олар келісіп отырған, қазақтілді аудиторияға ықпалды екі блогер соңғы сәтте бірігіп жұмыс істеуден айнып қалды. Және оның үш үлкен себебі бар.

1. Путинді астарлап мақтаса да, ол месседж қазақ аудиториясына өтпейді. Блогерлер өз жақтастарынан айрылып қалу қаупін сезініп отыр.

2. Ресейдің Украинадағы жеңілісі. Ресей Украинада толық жеңіліс тауып, оның арты Ресейдегі режимнің ауысуға алып келерін блогер тұрмақ, 2 курс студенті де түсініп отыр.

3. Қытай басшысы Си Цзиньпиннің соңғы 3 жылдағы шетелге алғашқы сапарын Қазақстанға арнауы.
Бұл дегеніміз - Қазақстанның Ресей протекторатынан Қытай жағына қарай ойысуы. Путин режимінің бұдан былай Қазақстанға әмірі жүрмейді. Ресейден он есе алып елдің Қазақстанды өз қорғауына ала бастағаны байқалады.

Россотрудничество Қазақстандағы орыстілді, Ресейге бүйрегі бұратын халықпен саясаттанушы Данияр Әшімбаев, Марат Шибұтов және экономист Алмас Чукин арқылы одан әрі жұмыс істей беруге шешім қабылдады. Шамамен Ресейге бүйрегі бұратын 700 мың Қазақстан азаматы бар деп болжанып отыр.

Қазақстанда Қытайдың 5 Конфуций институты жұмыс істейді. Олар ҚазҰУ, Абылай Хан атындағы ҚХҚӘТ ірі оқу орындарында факультет алып отыр.

Конфуций бойынша Қытай кез-келген елдің тұтастығының бұзылуына қарсы. Себебі, өздерінде Тайвань мәселесі бар. Ал Ресей керісінше жаңа Кеңес одағын жасау мақсатында көршілес елдердің тыныштығын бұзып, сеператистік әрекетке от тастап отыр. Бірақ өз ішіндегі Татарстан, Кавказ, Башқұрстан сынды қауіптерді дұрыс бағаламаған.

Қытай ұзақ мерзімді перспективаға жұмыс істейді. Ол Кеңес одағын аңсап жүрген, жасы 60-70-тегі қазақстандықтардың алдағы 10 жылда аренадан кетерін біліп отыр. Сондықтан тек жас буынмен ғана жұмыс істеуге бет бұрған.

https://t.me/dalainside
🚐 Алматы барахолкасындағы қырғыз азаматтары Отанын қорғауға аттанатын болды

Алматыдағы Кенжехан, Сәлем, Алтын-Орда базарындағы азаматтар микроавтобус рейстерін ұйымдастырып, Тәжікстанның Баткен қаласын шабуылдауына қарсы тұрмақ. Бұл туралы DALA INSIDE дереккөзі хабарлады.

АЛҒАШҚЫ РЕЙСТЕР ТҮСТЕ БІШКЕККЕ ШЫҒЫП КЕТТІ. АЛМАТЫДА ЯНДЕКС.ТАКСИДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН ТӘЖІК АЗАМАТТАРЫ ӘЗІРГЕ ОНДАЙ ҰЙЫМШЫЛДЫҚ ТАНЫТПАДЫ.

Қырғыз-Тәжік шекарасындағы кезекті шиеленіс 15 қыркүйекте басталды. Екі тарап та бір-бірін айыптайды. Шынайы ақпарат жоқ. Ауыр қақтығыстар Кех және Бұлан-Басы шекаралық аймақтарында өтті. Іске ауыр техника, танктер мен зымырандар қосылуда.

ОДКБ дым бітірген жоқ. Осы ұйымға Армения, Қырғызстан мен Тәжікстан да іштей наразы.

https://t.me/dalainside
🤌 Алматы қаласы мен облысында, және Жетісу мен Түркістан облыстарында адамдар өз тапқанынан көбірек жұмсайтын болған

@Rankingkz зерттеуінше биылғы жылдың екінші тоқсанында елде отбасылардың ақшалай шығындары айына орта есеппен 774,9 мың теңгеге жетті. Бұл 2021 жылдың екінші тоқсанынан 14,5% артық. Ал кірістері 819,4 мың теңгені құрады.

Өңірлер бойынша ең аз шығын Қостанай (559,2 мың теңге) және Абай (573,6 мың теңге) облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында (598,6 мың теңге) тіркеліп отыр. Сонда Қостанай және Абай облыстарында шығындар кірістердің 76,5% және 74,9%-ын құраған.

Ең көп шығын Алматы (932,4 мың теңге) қаласында болып отыр. Алматыдағы отбасы шығыны оның кірісінен 10% артық. Осы дефицит тұтынушылық кредиттер есебінен жабылуда.

https://t.me/dalainside
Қазақтарды қайтсек те "лох" қыламыз. Халықаралық алаяқтар қазақ тілін жаппай меңгеруге көшті

Соңғы кездері қазақтардың телефонға хабарласатын халықаралық алаяқтармен қазақша сөйлесіп, оларды тығырыққа тірейтін оқиғалары көбейді. Тіпті еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин де осындай алаяқтармен қазақша сөйлесуге мәжбүр болған.

Бірақ алаяқтар қазақтардың бұл амалына қарсы өз жоспарларын дайындаған. Қазір олар телефонмен сөйлесе алатын, қазақтілді азаматтарды онлайн арқылы жұмыс істеуге шақырып жатыр. Көбейіп кеткен осындай жарнамаларда колл-центрлерге қазақ тілін білетін мамандарды халықаралық компания шақырады деп жазылған.

Қазір халықаралық алаяқтар роумингпен хабарласады. Барлық гәп осында. Себебі, біздің операторлар оны кәдімгі қоңырау ретінде көреді. Енді оларды блоктау үшін заңдар өзгертіліп, тиісті жұмыс атқарылып жатыр. Мобильді операторларға да арнайы қауіпсіздік мамандарын жұмысқа тарту керек болады.

Қазақстанды шетелдік алаяқтар жақсы көреді. Ол Орталық Азиядағы ең ақшасы көп мемлекет және мұнда ең аңқау, сенгіш адамдар өмір сүреді. Қазақстанның алаяқтардан тартқан зардабы биыл 50 миллиард теңгеге жетуі мүмкін. Мысалы, 2 жыл бұрын осы көрсеткіш 39 миллиард теңге болған. Жыл сайын алаяқтық кесірінен келетін қаржылық шығын көлемі 20-30 пайызға өсіп келеді.

https://t.me/dalainside
👤 Қазақстан Ресей азаматтарын толық бақылауға алды

Қазақстан өз жерінде жүрген Ресей азаматтарына бақылауды күшейтті. Миграция полициясы, Ішкі істер органдары, Республикалық гвардия, участкелік полиция қызметтері осыған қатысты арнайы тапсырма алып отыр.

Егер Ресей тарапынан сұраныс келіп түссе (мобилизацияға қатысты), Ресей азаматтары аз уақыттың ішінде ұсталып, қайтадан елдеріне депортацияланатын болады. Шекара қызметі жүйесі көмегімен біздегі ресейліктердің тізімі, базасы, тұратын жерлері, байланыстары бәрі жаңартылуда. Қажет болса, Каспи сынды банктік-қаржылық жүйелер де оларды анықтауға тартыла алады.

Миграция полициясы күшейтілген жұмыс тәртібінде қызмет атқаруда. Ресей әзірге ондай сұраныс берген жоқ. Бірақ бүгіннен бері Қазақстанға келушілер саны күрт артатыны болжанып отыр.

https://t.me/dalainside
🇰🇿 Қазақстанда Президенттік сайлау 20-шы қарашаға қойылды

Бұл туралы жақын минуттарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялайтын болады.

Аумалы-төкпелі заманда Қазақстан халқы өз президентін тез арада сайлап, оның өкілеттілігін бекітіп алуы тиіс. Онымен бірге, президенттік сайлауға түсер басқа үміткерлерге де жеткілікті уақыт берілді.

Ақордада қызмет ететін DALA INSIDE дереккөзінің сөзінше, қарашаның 20-сы ең оптималды уақыт.

https://t.me/dalainside
Forwarded from Usbanov ARNASY (Nurgeldi Usbanov)
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Моңғолдың экс-президенті Елбұғыдоржы Ресейліктерге үндеу тастап: "Украинаға соғысқа бармаңдар",- депті. Ол Ресейдегі буряттарға, тывалар мен қалмақтарға: "Біздің елге қашып келіңдер",- деп жатыр.

Ол Украинада оқыған. Львов әскери-саяси институтының түлегі.
Сайлау қарсаңындағы саяси тапсырыс: Тоқаевқа жасалған ақпараттық шабуылдың артында кім тұр?

Күні кеше Швейцарияда орналасқан «PublicEye» компаниясының сарапшылары «Тоқаевтың астыртын бизнесі» туралы зерттеу материал жариялады.

DALA INSIDE сайлау қарсаңында жарық көрген мақаланың саяси астары барына сенімді.
Танымал тұлғалардың электронды почтасын ақтару хакерлердің сүйікті ісі. Мұндай дүниелер ақпарат құралдары мен әлемжеліде «хитке» айналып, әп-сәтте әйгілі болады. Бірақ, бұған көзсіз сенуге бола ма? Ақпаратты қорыту қажет қой. Оның түпқайнары қайда?

Дәлел қажет пе? 2017 жылы Торонто университетінің базасындағы Citizen Lab сарапшылары Демпартия базасын бұзған хакерлер электронды хаттардың мазмұнын бұрмалап, оларға қасақана жалған ақпарат қосқанын анықтайды. Қастықшылдардың қайдан келгені де белгілі болады. АҚШ мен Ұлыбританияның барлау қызметі – бұның ресейлік хакерлердің қолымен жасалғанын дәлелдейді.

Танымал тұлғаның интернеттегі хат алмасуы қоғамның назарын аударатыны анық. Паролі талқандалып, бүлінген поштаның бар мәліметі ғаламторға қаз-қалпында таралады деп ойласаңыз, қателесесіз.
Бұл саяси тапсырыс болғандықтан, оның өңін өзгерту, мазмұнын бұрмалау – қарсы тарап үшін қалыпты дүние. Мұндайлардың есіл-дерті: саясаткер пен әлемжелідегі аудиторияны араздастыру, сол арқылы тұлғаның абыройына нұқсан келтіру.

DALA INSIDE мұндай ақпаратты тексерудің келесі алгоритмін ұсынады:

👉 1. Электронды пошталардың қалай алынғандығы туралы толық түсінік бар ма?
👉 2. Электронды хаттар әдейі өзгертіліп таратылуы мүмкін бе?
👉 3. "Бұзылған" электронды пошталарды түпнұсқа хаттармен салыстыруға бола ма (олар бұзылғанға дейін)?
👉 4. Электрондық пошталар деректердің құпиялылығы мен қауіпсіздігі сақталатын сенімді тәуелсіз серверге орналастырылған ба?

Егер бұл сұрақтардың әрқайсысына нақты аргумент болса, онда сіз оқыған ақпараттың жалған болғаны.

Енді ілгерідегі швейцариялық компанияның зерттеуіне оралайық.
Ең қызығын қараңыз:
«Тоқаевтың астыртын бизнесі» туралы жарияға жар салған «PublicEye» ешбір ізденбестен, Ресейден таралатын «Respublika» сайтының ақпаратын негізге алып, жұрттан «сүйінші» сұраған! Бұл абсурд па? Абсурд!

✔️ Соған қарағанда кейбіреулер Тоқаевтың БҰҰ мінберіндегі мәлімдемесін тым ауыр қабылдаса керек.
Жаңа Қазақстан Ресейдің құрсауынан құтылып, құрлықтағы өзге де белсенді ойыншылармен тіл табысуда.
Батыс пен АҚШ Қазақстанның Кремль диктатына бағынбасына көзі жеткен. Күні кеше Тоқаев қонақ қылған Қытай көсемі де, аумалы-төкпелі заман туса, Бейжіңнің Астанаға араша түсеріне кепілдік беріп кетті.
Ал Ресейде хаос. Әскерден қашқан орыстар аласұрып жүр. Қазақстан мен Ресей шекарасында «пробка». Путинді қарғап-сілеген жұрт, көршілерден пана іздеуде.

Осындай аласапыран шақта ағылшын тіліндегі саржағал басылымдарда Тоқаев туралы «компромат» мақаланың жарық көруі тегін емес деп тұспалдаймыз.
Сыртқы саясатта Кремльдің позициясына қайшы келетін «суыт жүрістер» жасаған Жаңа Қазақстанның батыл қадамдары Мәскеудің мазасын қашырса керек.

✔️ Екінші нұсқа:
Саяси тапсырыстың сайлау қарсаңында «таргеттелуі» түрлі ойға жетелейді.

DALA INSIDE болжамынша мұның артында ескі Қазақстанның өкілдері тұруы әбден мүмкін.
Бүтін бір елді 30 жыл бойы тоқтаусыз тонаған топ «алтын сандықтың» үстінен ауып қалғанын қабылдай алмауда. Олар Жаңа Қазақстанның репутациясына дақ түсіруге барын салады.

Бір айта кетерлігі, қазақтілді аудитория мұндай арандатуға еріп кетпеді, алданбады. Таза адамға ешбір бәле жұқпаса керек. Амалы құрыған ескі Қазақстанның кейбір өкілдері бармақ тістеп қалды. Елімізде Әділетті Қазақстан орнамақ.

https://t.me/dalainside
👉 ЛНР, ДНР, Херсон, Запорожье Қазақстан үшін мемлекет емес

Қазақстан Ресейдің Украина аумағында жүргізіп жатқан референдумдарын мойындамайды.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі ЛХР, ДХР, Запорожье мен Херсон облыстарындағы референдумдарға қатысты түсініктеме берді.
Оған сәйкес, ЛХР мен ДХР деп өзін-өзі жариялаған мемлекеттердің және Запорожье мен Херсон облыстарының әскери әкімшіліктерінің Ресейге қосылу туралы референдумдар өткізуіне қатысты мәселеде Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың егемендік теңдігі және бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарын негізге алады.

"Президентіміз бірнеше рет, оның ішінде БҰҰ мінберінен жақында ғана сөйлеген сөзінде осы дүниежүзілік әмбебап ұйымның Жарғысына негізделген халықаралық құқық қағидатын бұлжытпай сақтаудың маңыздылығы туралы мәлімдеді. Жарғыда БҰҰ-ға мүше елдердің бейбітшілік пен мемлекеттердің аумақтық тұтастығын сақтау жауапкершілігі туралы айтылады", – делінген түсініктемеде.

Қазақстан саяси диалог орнату үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенімізді тағы да растайды. Бұл ретте Қазақстан тұрақтылықты өңірлік әрі жаһандық деңгейде сақтауды аса маңызды міндет санайды.

https://t.me/dalainside
🇰🇿🏃🇷🇺 Ресейден қашқандар мен қазақ экономикасы. Рубль, своп және импорт туралы

Қазақстанға келген ресейліктерден экономикалық жағымды эффект бола ма? Өкінішке орай, ешқандай жағымды әсері болмайды. Себебі рубль - доллар/евро емес, ал қашқындар - турист емес.

Қазақстанда жинақталған рубль көлемі БЦК төрағасы Ғалым Құсайыновтың есебінше, осы маусым айында 50 миллиард рубльге жеткен. Және бұл ақша Ресейден басқа жерде конвертацияланбайтындықтан, ал оны Ресей құнды қағаздарына біздің банктер сала алмайтындықтан (санкция ұшып келеді) ол жұмыс істемейтін ресурс болып қалды. Мобилизация толқынымен келген ресейліктер, менің шамалауымша банкнотамен кем дегенде тағы 5 миллиард рубль ала келді.

24 ақпаннан бері, қолма-қол рубльді банкке салып, оны аудару операцияларынан своп комиссиясы 15-20% құрағандықтан, біздің банктер айына кем дегенде 4 миллиард теңге жоғалтып келді. Кейіннен олар рубль салымын қабылдау үшін комиссия енгізді де, шығындарын азайтты. Бірақ не болса да, артық жүк ретінде жатқан рубль массасынан қаржы жүйесіне де, экономикаға да қауіп бар.

Қаржы жүйесі - егер рубль бір демде құнсызданып кетсе, орасан зор шығынға ұшырамақ. Баланстағы қайта бағалау банктер есептілігіндегі жағдайды нашарлатады және оларға қосымша провизия жасақтауға тура келеді.

Экономикаға келген қауіп анағұрлым масштабты болып тұр. Ресей қант пен бидай экспортын шектегенде, біздің оған деген импорттық тәуелдігіміз 40-тан 38%-ға дейін түскен болатын. Және импортты әртараптандыру үшін Индия сынды жаңа импортеріміздің үлесі арта бастаған еді. Бірақ елде рубльдің көп болуы бізді импорт жағынан Ресейге қайтадан байлап тастайтын болады. Бұл - Ресей экономикасы жедел құласа, біздегі біраз сектор да құлайды деген сөз. Және рубль каналы арқылы Ресейдегі инфляция, девальвация сынды болуы өте ықтимал жағымсыз құбылыстар да бізге импортталмақ.

Не істеу керек?

Дәл қазір бізде валютаны сыртқа әкетуге шектеу бар. Бір реттік рұқсат тек 31 тамызға дейін жұмыс істеді. Доллардың елден кетуіне тосқауыл қою керек, онымен келісеміз. Бірақ осы валюталар құрамынан рубльді алып тастаған дұрыс. Қазақстаннан рубль барынша кете бастаса, валютааралық дисбаланстардан құтыла аламыз. Және қаржы нарығындағы құнсыздану тәуекелі азаяды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid036n5PP45uX8uhkSoL3Fw1KXBxC7FZ3XBGPgqcWUmqH89xnEyxFLBf7qYpDdyoL1u7l&id=100019499658791
🇷🇺🎙Газмановтың гастроліне дайындала беріңіздер!

Алдағы айларда Республика сарайын орыс әншілері броньдай бастайды деп хабарлайды @Dalainside

Қазақстанға қоныс аударған 2 миллионға жуық ресейлік аздан кейін атажұртын сағынып, "играй гармонды" аңсай бастайды.

Соңғы жылдары елдегі орыс саны азаюы себепті сұраныстан қалып, 💴 әмияны ортайған ресейлік әншілер Қазақстанға үдере көшкен отандастарына үмітпен қарауда.

Орыс тілінің өрісі тарылғалы үлкен концертті ұмытып, Қапшағайдағы казиноларды жағалап кеткен Газманов, Гагарина, Билан, Лазарев секілді "путинистер" Республика сарайының сахнасынан түспейін деп тұр. Құдайы берді деген осы.

Бұлар Кремльдің "жұмсақ күші". Астана мен Алматының билбордтары ресейлік әншілерді жарнамалай бастайтын күн жақын.

Қазақстанға қоныс аударған ресейліктер орыстілді сервистің кеңістігін кеңітіп, енді-енді күш ала бастаған қазақтандыру процесін тежейтін түрі бар.

https://t.me/dalainside