DALA INSIDE
15.2K subscribers
373 photos
121 videos
1 file
985 links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
🚢 ТМТМ - Тоқаев қоятын шах. Баку сапары әр қазақ үшін несімен маңызды?

Қазақстан Ресейге деген транзиттік тәуелділіктен құтылса, Путиннің бізге батырар ықпалы жоғалады. Одан кейін, елдегі Ресей телеарналарын өшіріп тастауға толық мүмкіндік аламыз.

Қазақстан Президенті Әзірбайжан астанасы Бакуға екі ел арасындағы транзитті толық жолға қою үшін бара жатыр. Оның Қазақстанның болашағы үшін және Ресейдің транзиттік диктатынан құтылудағы маңызы зор.

Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы Каспий арқылы байланыс Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (ТМТМ) бөлігі болып табылады. ТМТМ - Қытайды Еуропамен байланыстыратын маршрут және соңғы жылдары тым ұзақ жүретін мұхит арқылы су тасымалына балама ретінде қарастырылып жүр.

Қазір TMTM-ның жалпы өткізу қуаты жылына шамамен 6 млн тоннаны құрайды, оның ішінде 80 мың контейнер (TEU) тасымалданады. Бұл бағыт Қазақстан үшін транзиттік тығырықтан шығуға мүмкіндік береді.

Қандай проблемалар бар?

ТМТМ-ге біз тек Ақтау мен Құрық порттары арқылы қатысамыз. Ақтаудың өткізу қуаты жылына 15 миллион тоннаны құрайды. Ал Құрықта - жылына 6 миллион тонна ғана өткізу қабілеті бар. Олар Әзірбайжанның Алят портымен қатынасады. Сонда біздің порттар арқылы өткізу қуатымыз бар болғаны жылына 21 миллион тонна ғана болып отыр.

Қазақстан осы жерде ТМТМ үшін "тар тесік" саналады. Тесікті тез арада кеңейту қажет.

Порттардан басқа, бізде Достық – Мойынты, Алматы торабы бойынша темір жолдардың өткізу мүмкіндігі шектеулі. Ал Каспий теңізінде сауда флотымыз өте шағын, яғни паромдар, контейнерлік кемелер жетпей жатыр.

Әзірбайжанда да осындай "тар тесіктер" бар. Оларда порттағы ауыстырып тиеу инфрақұрылымы тым кішкентай. Сонымен бірге фитингтік платформалар дефициті байқалады.

Тоқаев пен Әлиев осы кептеліс проблемасын шеше ала ма? Қазақстан Президент бұған аса мүдделі. 2022 жылдың бес айында ғана ТМТМ бағыты бойынша 732,5 мың тонна жүк тасымалданған. Яғни, 2021 жылға қарағанда 2,5 есе өсім бар. Биыл жоспар бойынша 3,2 миллион тонна өтеді деп жоспарланған. Егер тарифтік бірыңғай кеңістік қалыптасса, осы көрсеткішті 10 есеге арттыруға болады.

Транскаспий бағыты Қара теңіз бассейніндегі Поти порттары мен Батумиге шығады. Ал теміржол вагондары Баку-Тбилиси-Карс тж жүйесі арқылы Түркияның Мерсин және Стамбул порттарына барады. Ол жерден жүктер Еуропаға әрі қарай таралады.

Сонда ТМТМ Қытай - Қазақстан (Алтынкөл – Ақтау) – Әзірбайжан (Баку) – Грузия (Батуми/Поти) арқылы Еуропаға небары 4 479 шақырым жол жүріп, тіке шыға алады.

https://t.me/dalainside
😥 Жағдайы ауыр "ҚазМұнайГаз". Ұлттық компания Еуропада дұрыс жұмыс істей алмай отыр және қарызы көбейіп келеді

"ҚазМұнайГаз" АҚ биылғы жартыжылдықтың қаржылық есебін шығарды. Көрсеткіштер теңгемен өскен, бірақ доллармен шаққанда құлаған.

Мысалы, ҚМГ таза пайдасы 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 644 миллиард теңге болған еді. Ал 2022 жылдың 6 айында 677 миллиард теңгені көрсетті. Бір қарағанда өсім бар сияқты. Бірақ доллармен таза кірісі 0,1%-ға төмендеді. Дәл осы кезде, мұнай бағасы орта есеппен 50%-ға қымбаттағанын ұмытпауымыз керек. Сонда ҚМГ пайдасы көбеюдің орнына қалайша төмендеп отыр?

ҚазМұнайГаз «Теңізшевройл» есебінен күн көріп отыр десе де болады. Осы алты айда ҚМГ пайдасының 59,2 пайызын ТШО берді.

ҚазМұнайГаз Румыниядағы активтерін дұрыс басқара алмайды. Одан пайда емес, керісінше жыл сайын шығын көруде. Биыл ҚМГ румындық мұнай өңдеу зауыттарының қажеттіліктері үшін қайтадан 126 миллион доллар несие алды.

Осының салдарынан ұлттық компанияның онсыз да аз емес қарызы қордаланып, көбейіп келеді. Былтыр жыл соңында ҚМГ ВТБ банкінен 38 млрд рубль кредит алған.

Нәтижесінде, ҚазМұнайГаз 2,3 триллион теңге қарыз. Бұл ақшаға тағы да үш рет EXPO өткізуге немесе ел астанасын Арқалық қаласына көшіруге болады.

https://t.me/dalainside
🎓 Huawei Қазақстанда ІТ мамандарды дайындауға өз үлесін қалай қосып отыр?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауына сәйкес 2025 жылға қарай 100 мың қазақстандық ІТ маман дайындалуы тиіс. Білім беру инфрақұрылымын жаңарту және отандық кадрларды қолдау қажеттілігін бүгінгі таңда отандық АКТ- индустриясының озық өкілдері де қолдап отыр.

Президенттің талантты мамандарды оқыту жөніндегі стратегиясы шеңберінде Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы техникалық мамандықтағы студенттерді дайындау үшін бүкіл ел бойынша АКТ-академиялары желісін дамыту үстінде.

Компания қызметінің бұл бағыты Huawei компаниясының 2023 жылға дейін инфокоммуникация саласындағы 700 мыңнан астам маманды дайындау жөніндегі жаһандық даму бағытымен қиысады.

https://t.me/huaweimediatalks
Адами капитал - Жаңа Қазақстанның дамуының негізгі ресурсы

Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының спикерлері Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Адами капитал - Жаңа Қазақстанның дамуының негізгі ресурсы» атты 2022 Ғылым және жоғары білім форумына қатысты. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті және «Ғылым қоры» АҚ ұйымдастырды.

«Huawei компаниясы оқу орны мен АКТ-саласы арасындағы алтын «көпірге» айналды. Біздің мақсатымыз – білімдегі алшақтықтардың орнын толтыру үшін академиялық топтармен жұмыс істеу. Біздің университеттердегі АКТ- академиялары студенттерге Huawei-ң халықаралық сертификатын алуға және тәжірибелік дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді, болашақта бұл жұмысқа тұруға көмектеседі,- деді, Huawei Technologies Kazakhstan бас директоры аппаратының басшысы Фарида Толеубаева – Біз талантты студенттерге осында, Қазақстанда қалуға, болашақта еліміздің ІТ-индустриясын дамыту үшін халықаралық білім мен тәжірибе жинауға көмектесеміз».
Адами капитал Қазақстанды 2050 жылға қарай әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына енгізе алады

Ғылымға негізделген экономиканы құру және адами капиталды қолдау қажеттілігі бәсекеге қабілеттіліктің, мемлекеттің экономикалық өсімі мен тиімділігінің іргетасы болып табылады. Дүниежүзілік экономикалық форумның есебіне сәйкес дәл шығармашылық және өнімді жұмыс күші өзге ресурстармен салыстырғанда ұлттың ұзақ мерзімді экономикалық табысына ең ауқымды үлес қосады.

Шетелдік білім мен мүмкіндіктерді пайдалану және кейіннен дамып отырған салаларды жан-жақты зерттеу үшін әлемдік санаттағы білім және ғылыми-зерттеу институттарын құру дамыған елдер ұстанған стратегиялардың басты табысқа жету факторына айналды.

Қазақстанда бұл тәжірибе Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы ұсынатын АКТ-таланттарды қолдау мен дамыту жөніндегі халықаралық бастамалар базасында жүзеге асырылады. Бағдарламалар студенттердің компанияның технологиялары мен инфокоммуникациялық өнімдеріне қол жеткізуіне және Huawei-де оқу мен оның сертификатын алу мүмкіндігін береді.

«Біз профессорлық-оқытушылық құрамның зияткерлік әлеуетін жоғары бағалаймыз. Олардың күшімен ғылыми зерттемелерді коммерцияландыру, өндірістік және бизнес процестерге ғылыми технологияларды енгізу тұрғысынан қосымша қаржыландыру тартылады. Бүгінгі таңда біз семинар шеңберінде олардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы әлеуетін көріп отырмыз» - деп, Ғылым комитетінің төрағасы Әділет Тойбаев атап өтті.

https://t.me/huaweimediatalks
🐯 Ұлттық Қордың шығындары азаяды. Келесі жылдың бюджет дефициті 3,2 триллион теңге болмақ

Үкімет Президент жолдауына 4 күн қалғанда 2023 жылдың бюджет жобасын жариялады. Заң жобасы алдын-ала консультациялардан өткені белгілі. Сондықтан оны Парламенттің қос палатасы тез арада бекітіп, Мемлекет басшысы еш қиындықсыз қол қоятынын алдын-ала болжауға болады.

Жоспар бойынша келесі жылы бюджеттің кірісі (салық, жекешелендіру, Байқоңыр арендасы, тб) 17,5 триллион теңге деп бекітілді. Ал шығыны 20,6 триллион теңгені құрайды. Оған мемлекеттің барлық шығыстары (бюджет қызметкерлеріне жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, білім, денсаулық сақтау және барлық салаларды қаржыландыру, тб) кіреді.

Бір сөзбен айтқанда, 17,5 триллион теңге табамыз, ал 20,6 триллион теңге құртамыз. Сонда 3,2 триллион теңге тапшылық пайда болады.

Біз оны немен жабамыз? Бюджет жобасында Ұлттық Қордан 2,2 триллион тенге трансферт қарастырылған. Бұл биылғы Ұлттық Қордан ақша алуымыздан аз, себебі биыл біз 4 триллион теңгеден астам Қор қаржысын жағып жібердік. Сонда тағы 1 триллион теңге дефицит қалып отыр. Оны Қаржы министрлігі ішкі нарықтан қарыз алу арқылы, яғни мемлекеттік облигацияларды (ГЦБ) биржаға шығарып тартады.

Келесі жылы Президент жолдауындағы бастамаларды қаржыландыруға 1 триллион теңге қарастырылған. Демек, бұл осы 1-ші қыркүйекте жарияланатын Жолдауды іске асыруға біраз қаржы керек деген сөз және шығындардың көбісі әлеуметтік бағытта болмақ.

Жалпы, "DALA INSIDE" Президент жариялайтын Жолдаудың негізгі тезистерімен алдын-ала таныс, бірақ джентельмендік келісім бар болғандықтан, ол туралы сөз қозғауға әлі ерте.

Бар айтарымыз, Жаңа Қазақстанның ең алғашқы жолдауы өзінің осы атағына лайық болады. Ол сіздің көңіліңізден шығатыны 100 пайыз.

https://t.me/dalainside
Ерлан Тұрғымбаев және оған қатысты ақпараттар

Экс Ішкі істер министрі, соңғы кездері Президенттің кеңесшісі болған Ерлан Тұрғымбаевтың қылмыстық іс орбитасына іліккені жөнінде ресми расталмаған ақпараттар пайда болды.

Дереккөздер Жолдауға дейін оған қатысты ешқандай ресми мәлімет жарияланбайды деген пікірде.

Ерлан Тұрғымбаевтың бір мезетте кеңесші лауазымынан босатылуы оған ведомствоаралық тергеу тобы тарапынан сұрақтар болғанын айғақтайды. Кәрім Мәсімовтің тергеу барысында берген ақпараттарынан кейін, бірнеше лауазымды тұлғаның басына бұлт үйірілетінін болжауға болады.

https://t.me/dalainside
💸 Ұлттық қор әр балаға қанша теңгеден бере алады?

Бүгін Президент Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнайы есепшоттарына аудару бойынша бастама көтерді.

DALA INSIDE 18 жасқа дейін баланың есепшотында қанша жиналатынын есептеді.

Ұлттық қор құрылғаннан бері оның орташа жылдық табыстылығы 3,17 пайызды құрады.

Өткен жылы инвестициялық кіріс шамамен 3,4 миллиард долларды құрады. Ал Қазақстандағы бала саны қазір - 6 485 507.

Сонда әр балаға бір жылда орташа есеппен 125 мың теңге түседі.

Бала 18 жасқа толғанда шамамен 2,5-3,5 миллион теңге алады. Бірақ бұл аз. Сондықтан ақша есепшотта жәй жатпай, депозиттік шотта жатуын ұсынамыз. Сонда орта есеппен бала 18 жаста кем дегенде 6 млн теңге ала алады. Ол жаман емес.

https://t.me/dalainside
«Қасымбек қайда қарап отыр?». Теміртаудың кіреберісінде СССР-дің белгісі әлі ілулі тұр

Қоғам белсіндісі Мұрат Әбенов өзінің Фейсбуктағы парақшасына Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласына кіреберістегі «Теміртау» деген алып жазудың жанында СССР-дің белгісі тұрғанын айтып, Қарағанды облысы әкімі Жеңіс Қасымбекке өкпесін әлеуметтік желі арқылы жеткізіпті.

Мұрат Әбенов өзінің Фейсбук парақшасында: «Кеңес одағын аңсаған кімдер? Қарағанды облысы әкімі Жеңіс Қасымбек бұған неге назар аудармайды? Теміртау деген сөздің жанындағы Кеңес заманының свастикасын алып тастау қиын ба? Қашанғы СССР-дің көлеңкесінен қорқа береміз? Олай болса қазақ тілі, мемлекетшілік ұстаным қалай дамиды? Жастарды отанымен мақтануға қалай үйретеміз?», – деп көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақты төтесінен қойыпты.

Иә, айтса айтқандай Теміртау еліміздің өндірісті қаласы. Осындай маңызы зор қаланың қақпасында Кеңес заманының белгісін қалай қойып қоюға болды?

Бүгінде мұндай белгіні Ресейден де таппауыңыз мүмкін. Ал біздің елде әлі тұр. Бұл тәуелсіздікті мансұқтау емес пе?

Мұны облыс әкімі Қасымбековтың көрмеуі мүмкін емес. Әлде Қасымбеков әкім болғалы Теміртауға ат ізін салмаған ба? Бұлай деп тағы да айта алмайсың.

Егер Жеңіс Қасымбектың орнында жасы алпысты алқымдаған шенді отырса оның әрекетін аздап болса да түсінуге болар еді. Ал Тәуелсіздік жылдары саяси мансабын жасаған жас саясаткер үшін бұл ұят.

Жеңіс Қасымбек өзінің тегінің соңына «овты» жалғамайтын санаулы әкімдердің бірі. Өйткені ол Тәуелсіздіктің бел баласы. Тәуелсіздік жылдары мемлекеттік қызметке араласқан. Шетел көрген азамат. Бірақ оның мына әрекетін түсіне алмадық.

Қарағанды облысының әкімдігіндегілер «бұл белгі Теміртаудың металургтерінің еңбегі үшін берілген орденнің кескіні» ақталуы мүмкін (біздің шенділер жұмысты қатырмаса да, ақталудың шебері емес пе?).
Иә, солай да мүмкін. Бірақ баяғыда тарқап кеткен Кеңес өкіметінің белгісін қаланың кіреберісін іліп қоя тәуелсіздікке қатер төндіру, жау шақыру емес пе?

Мұндай белгіні көргеннен кейін Кеңестік жүйені аңсаушылар күш ала түсетіні анық қой. Осылайша шенділер елімізде Кеңес өкіметі елесінің кезіп жүруіне жағдай жасап отырғанын неге түсінбейді?

Егер теміртаулық металургтердің еңбегі үшін берілген орден болса, осының түбімен қопарып, Теміртаудағы көп музейдің біріне апарып қойсын.

Біздіңше, Кеңестік жүйені еске салатын белгілерді музейлердің бір бұрышында тұруы керек. Көргісі келген адамдар мұражайға барып көрсін. Егер Жеңіс Қасымбек осы белгіге желімдей жабысып қалса, кабинетінің бір бұрышына апарып қойсын!

«Әлгі белгі қайда?» деп келген адамға көрсетіп, тас кесекті сары майдай сақтап отырғанын іздеп келушіге айта жатар.

Кеңес заманында қазақ жеріндегі көптеген ауылдағы еңбек ұжымдарына осындай ордендер берілгенін білеміз. Егер олардың бәрі «өткен тарихымыз, еңбегімізді бағалаудың белгісі» деп ауыл мен қаланың кіреберісіне қоя берсек біздің елдігіміз бен Тәуелсіздігіміздің бес тиындық құны болмасы анық.

https://t.me/dalainside
Forwarded from BAQ.kz
Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.

@baq_kz
«Нұр-Сұлтан атауын халық қабылдамады». Депуататтар елорданың бұрынғы атын қайтаруға кірісті

ҚР Параламенті Мәжілісіндегі «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері елорданың бұрынғы атауын қайтару турасында ұсыныс айтты.

Халық қалаулыларының мұндай ұсыныс айтуына Қазақстан халқының жаңа атауды қабылдамауымен байланыстырып отыр.

Олар алдағы уақытта Конституцияға өзгеріс енгізгенде осы мәселені де бір жақты етуді көздеп отырған сыңайлы.

– Бұл жерде біздер елордаға бұрынғы Астана атын қайтару мәселесін қозғап отырмыз. Тұтас бір елдің астанасын бір адаманың атымен атауды халық та қабылдамағанын байқадық. Сол себепті елорданың бұрғыны Астана атын қайтару тарихи тұрғыдан дұрыс шешім болатыны сөзсіз, – деді «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының теңтөрағасы Еділ Жаңбыршин.

Депутат бұл мәселені қозғағанда Тұңғыш Президенттің еліміздің дамытуға қосқан үлесін де назарға алғандарын тілге тиек етті.

https://t.me/dalainside
🇰🇿 Қазақ тілін менсінбеу өте қауіпті

Соңғы кездері билік қазақша сөйлегісі келетін қазақтарды "үңгір", "популист" деп мазақтай бастады. Ол халықтың намысына тиюде.

Осы ретте тіл мәселесінің халықты көтере алатын күшке ие екенін ескеру керек. Орыс тілі туралы сөзді Конституциядан алып тастау туралы бастама көтерілгенде, соған қарсы, орыс тілін жақтайтын петиция пайда болған еді. Сол петицияда қарсы дауыс бергендердің саны жақтастарға қарағанда үш есе көп болған. Кейін петиция авторының өзі сол құжатты тез құртуға тырысты.

Бұл нені білдіреді? Қазақстан халқының көпшілігі - қазақтілді қазақтар.

Осы ретте, кез-келген нәрседе орыстілді азаматтардың саяси инерттілік білдіріп, қалыс қалатынын, көшеге шықпай қоятынын ескеру керек. Оларға арқа сүйей алмайсыз. Себебі сын сәтінде жоқ болып кетеді. Олар ұйымдаса алмайды және өз ұстанымын күшпен болса да аяғына дейін қорғауға дайын емес.

Ел басына сын туғанда, Президентке қатер төнсе оны қорғайтын тек өз қазақтары. Біздің электоралды үлкен күш те қазақтілді қазақтар. Қазір олар өз балаларына күштеп орыс тілін оқытып жүргеніне аса риза емес. Қазақтар ғаламдық ұлт болғысы келеді, орыс тілін ағылшын тілімен алмастырғысы келеді. Осы жолда ағарту министрі халықтың пікірімен санасып, оңды қадамдар істей бастаған. Оны президент "популистерді" тыңдайды деп, Ресейге жығып бере салды. Бұл стратегиялық қателік еді.

Қазақтілді электоратты оның алдындағы президент те көп ренжіткен. Ақыры жақсы болмады. Алдағы сайлауда нағыз ұлтжанды азаматтардың бірі өз кандидатурасын ұсынса, қазақ балаларына орысша оқудың қажеті шамалы десе, Ақорда үшін соққы күтпеген жерден келуі мүмкін.

Тіпті Аймағамбетов сайлауға түссе, таза демократия режимі жағдайында 100 пайыз президент бола алады. Дәл қазір қазақтілді қазақтар Тоқаевқа қарағанда Аймағамбетовты жақын тарта бастады.

https://t.me/dalainside
Назарбаевтың ісі мен өзін культ жасау осымен тәмам болсын!

Назарбаев кезінде кері кеткен біраз дүниені түзетіп, өзгертумен 2022 жылды аяқтайық деп тұрмыз.

Егер осы іске шындап кіріссек аянып қалмайық. Облыс орталықтарындағы Назарбаевтың атымен аталатын көшелерді «Азаттық», «Тәуелсіздік» деп өзгертейік (Алматыдағы Назарбаев көшесін Фурманов деп ескі атын қайта аламаймыз ғой). Бұрынғы атауы қазақы болса оны қайтарайық!

Кеңес өкіметінің шекпенін шықанымызға 30 жыл болса да декоманизация жүргізе алмадық. Бұл істі бастасақ, Путин орынан өре түрегелеме деп қорықтық.

Ал Назарбаевтың атынан арылуды бастап кетсек, ешкім қолымыздан қақпасы анық. Бәрін осы жылы бітірейік. Келесі жылға қалдырмайық.

Ай сайын Назарбаевтың атымен аталатын көшелердің атын қайтарып, басқа атау беріп істі сағызша созатын болсақ, деназарабаевзация 10 жылға созылуы мүмкін. Ал біздің бұлай ойын ойнап жүретін уақытымыз жоқ.

Елорданың атын күзде қайтарып, әуежайдың атын қыста өзгертіп, халық алдында саяси ұпай жинау енді болмасын! Бәрін жыл аяғына дейін аяқтайық.
Назарбаевтың Әнұранға жасаған корректировкасын да алып тастайық (Жұмекен Нәжімеденовтың әруағы бір риза болып қалары анық).

Алматыдағы Орталық алаңдағы және Бәйтеректің ұшар басындағы атамыздың быттиған қолын да күресінге тастайық. Елордадағы Орталық мұражайда тұрған мүсінді де жертөлеге түсірейік.

Назарбаевтың ісі мен өзін культ жасау осымен тәмам болсын! Осыған келісесіздер ме?

Содан кейін ақ парақты ашып, алаңсыз Жаңа Қазақстанның тарихын бастауға болады.

Нұрлан ӘУБӘКІР
🤜 Жасырын күштер Қазақстан экономикасын кәдімгідей шайқалта бастады

Оған халықаралық рейтинг агенттіктері бірден реакция берді. S&P Global Ratings сыртқы және қаржылық тәуекелдердің ұлғаюына байланысты Қазақстанның суверенді рейтингі бойынша болжамды «Тұрақтыдан» «Жағымсызға» түсірді. Демек, халықаралық аналитиктердің бізге деген сенімі төмендеп отыр.

Оның басты 4 себебі бар:

1. Каспий құбыр консорциумы
КТК құбыры - Қазақстан экономикасының басты күретамыры. Біздің мұнайдың 80 пайызы экспортталатын системаның ең негізгі бөлігі - танкерлерге мұнай құятын құрылғы Қара теңіздегі Новороссийск портында, яғни Ресейде орналасқан. Онда осы көктемнен бері 20 жыл бойы табылмаған түрлі ақаулар, тіпті дүниежүзілік соғыстан қалған миналар табыла бастады. Нәтижесінде біз мұнай экспорты жоспарын бұзып алдық және бюджетке түсетін табыс азая бастады. Ол Ресей ойыны екені түсінікті. Басты ойлары - Қазақстан экономикасын тежеп, оның күшеюіне жол бермеу. Осы рычагты пайдаланып, Қазақстан басшыларын санкцияларды айналып өтуге, Ресейге қажет құралдарды жеткізуге, Ресей экспортын шектеген азық-түлікті Қазақстанның да сыртқа сатпауына көндіргілері келеді.

2. Біздің қарыздар және пайыз ставкасының қымбаттауы
Үкімет қарыздарды тым көп алып алған. Енді оны қайтару жыл сайын бюджетке ауыр тиюде. Біз әлеуметтік көмекке және экономиканы жандандыру, арзан кредиттер бағдарламаларына ақшаны көп құртқанбыз. Соның әсерінен 2021 жылы қайтарған қарызымыздың көлемі 61,8%-ға артты. 2021 жылы біз ішкі және сыртқы қарыздарды қайтаруға 1,1 триллион жұмсадық.
Енді одан да ауыр жағдай туындады. Базалық ставка 14,5% болғандықтан, Қаржы министрлігі облигацияларының жылдық купонды сыйақысы 15%-дан кем болса, ол ешбір инвесторға қызық емес. Мемлекет үшін ішкі нарықтан қарыз алу, оны қайтару тағы да қымбаттап отыр.

3. Ұлттық Қордың инвестициялық табысына түскен ауыртпашылық
Жолдауда берілген уәдеге сай, Ұлттық Қор инвестициялық табысының тең жартысы балаларға арналған арнайы шоттарға үлестірілетін болады. Бұл механизм 2024 жылдан бастап жыл сайын Қордан шамамен 1,5 миллиард доллардың трансферттен бөлек алынып отыруын білдіреді. Ол ақша Қорда қалса, капитализацияға жағымды әсер берер еді. Не болмаса, сол арқылы бюджет дефицитін жауып отыруға да болады. Қордың инвестициялық табысына ауыз салу - мемлекеттің таза активтерін қысқартады деген тәуекел бар.

4. Қаңтар, Арыс, Қостанай сынды апат/диверсиялардың көбеюі
Кез-келген апаттан кейін Үкімет өз резервін жұмсап, зардап шеккендерге барлық шығындарды өтеп беріп жүр. Әрине, көмектесу керек. Бірақ осы апаттар тым көбейіп кеткен. Бір жағынан бұл сыртқы/ішкі күштердің әбден пысықтап, ұйымдасып дайындаған тірлігі сияқты. Бәріне бірдей көмектесе берген Үкіметтің резерві таусылады. Одан кейін тағы қарыз алады. Шырғалаң қарыз шеңберіне кіріп кеткенге ұқсаймыз.

Осы төрт фактор қордалана келе Қазақстанды артқа тарта бастады. Одан шығудың жолы - жаңа уәде бермей, ескі проблемаларды шешіп алу. Халықаралық сарапшылар осыны меңзеп отыр.

https://t.me/dalainside
👉 Құлыбаевтың тағы бір былығы әшкере болды

Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың тағы бір былығы әшкере болды. Бұл жолы Protenge телеграм каналы Құлыбаевтың Түркияның Бодрум қаласындағы сән-салтанаты жарасқан қонақ үйді қалай сатып алғанын жария етті.

Түркияның Бодрум қаласындағы Kempinski Hotel Barbaros Bay Bodrum қонақүйі 1999-2005 жылдары бөй көтерген-ді. Арада бір жыл өткенде, яғни, 2006 жылы дәл осы қонақүйдің 75% акциясын «ҚазМұнайГаз-Сервис» компаниясы тегі түрік кәсіпкер Орхан Йылмаздан 40,1 млн долларға сатып алады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына бұл қонақүйдің не үшін қажет болғаны белгісіз. Ұлттық компания жыл он екі ай ен далада жұмыс істейтін қарапайым мұнайшыларды Түркияға апарып демалдыру үшін сатып алмағаны анық.

«ҚазМұнайГаз-Сервис» компаниясы 2015 жылы Бодрумдағы қонақүйді сатпақ болып әрекеттенеді. Бірақ олар қымбат қонақүйді сата алмаған.
Бұдан кейін мемлекеттік компания қонақүйдегі үлесін 2016-2020 жылдары жекешелендіретін тізімге қосқан. Бұл жолы да қонақүйді ешкім сатып алуға асықпаған. Үстіміздегі жылдың наурыз айында да сауда-саттық жалғасқан. Бірақ нәтиже болмады.

Осылайша бес жұлдызды қонақ үйді сатып алатын жан табылмапты. Осы ретте ешкімге қажеті жоқ мұндай активті «ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясы не үшін сатып алған деген заңды сұрақ туындайды.
Қонақүй жаман болғаны ма?

Интернеттен қараған адам қонақүй меймандарды қабылдап, қалыпты жұмыс істеп жатқанына көз жеткізе алады.

Соңғы жылдары қонақүйдің жанынан 42 жанға жайлы люкс санатындағы резиденция салыныпты. Бұл үшін 50 млн доллар жұмсалған деседі. Бүгінде резиденция мен қонақүй Kempinski компаниясының басқаруында.

Түрік басылымдары аталған жылжымайтын мүлік кәсіпкер Орхан Йылмаз бен Sera Group компаниясына тиесілі екенін жазуда.

Protenge каналы мұны індете зерттегенде Sera Group компаниясының Алматы әуежайын сатып алған TAV Airports Holding компаниясының басты әріптесі екенін анықтаған.

Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев Алматы әуежайын TAV Airports Holdingке сатқан болатын. Сол кезде «Алматы әуежайын түріктің кәсіпкерлері сатып алды» деп жұрт біраз шулаған еді.

Шындығында Алматы әуежайын ешқандай Түркияның инвесторлары емес, өзіміздің күйеу баламыз қайта сатып алуы мүмкін. Осылайша із жасыруы ықтимал. Ақша сауылдап түсіп жататын мұндай нысанды кімінің көзі қисын.

Мемлекеттік компанияның ақшасына Түркиядан қымбат қонақ үй сатып алынып, онысымен қоймай жанынан қымбат резиденция салынды. Осылайша Құлыбаев қазақтың ен байлығын әкесінен қалған мұрадай еркін пайдаланған. Алдағы уақытта осының бәрін елімізге қайтару керек.

https://t.me/dalainside
Осы күздегі президент сайлауында кімге дауыс бересіз?

Ермұрат Бапи - оппозиция ардагері. Қазақтілді ұлтжанды азамат. Қасым-Жомарт Тоқаев - қазіргі президент. Тәжірибелі дипломат.
Final Results
40%
Ермұрат Бапи
60%
Қасым-Жомарт Тоқаев
Ардагер оппозиция өкілі, қоғам қайраткері Ермұрат Бапи өзінің сайлауға түсетіні туралы шешімнің әлі қабылданбағанын мәлімдеді.

Түпкі шешімді Демократиялық күштер коалициясы қабылдауы тиіс. Жалпы, қазір Коалиция ұстанымы осы сайлауды мүлде болдырмауға сайып отыр.

DALA INSIDE оқырмандары өз дауысын берді және Бапи-Тоқаев текетіресінде қазіргі Президент 60% дауыспен жеңіп шықты. Сауалнамаға 444 адам қатысты.

Коалиция сайлауға түспесе, Тоқаевқа лайықты қарсылас табудың өзі оңай болмайын деп тұр.

https://t.me/dalainside
😡 "Нұрекең қатты ашуланды..."

Депутаттардың 1-Желтоқсан - Тұңғыш Президент күні мейрамын алып тастау туралы мәселені күн тәртібіне қойғаны Нұрсұлтан Назарбаевты қатты ашуландырды. Бұл туралы DALA INSIDE дереккөзі мәлімдеді.

Оның алдында "Жаңа Қазақстан" фракциясы Нұр-Сұлтан атауын алып тастап, елордаға Астана атауын қайтаруды ұсынған болатын. Ол ұсыныс та, әрине бірінші президентке жақпағаны анық.

Назарбаевтың атын тарихтан мүлде өшіру әбестік болар еді. Мейрам, қалаларды алып тастау орынды. Бірақ атын кішкентай жерге болса да қалдырған дұрыс.

Қазір жағдай Түркіменстан президенті Ниязов дүние салып, оның орнына Бердімұхамедов келген уақытқа ұқсайды.

https://t.me/dalainside
Клиенттердің қауіпсіздігін арттыру: банктер неге Big Data технологиясын таңдайды?

Дәстүрлі банктік бизнес-модельдер бүгінде бір-бірімен ғана емес, сонымен бірге инновациялық экожүйелермен де бәсекелеседі.

Қаржы, қаржылық-техникалық және IT-нарығы үшін өткен FCBK: Persona Non Data конференция шеңберінде сөз сөйлеген Huawei Enterprise Business Group Eurasia технологиялық консалтинг департаментінің директоры Михаил Шпактың айтуынша, жаңа технологиялар қаржы ұйымдары мен клиенттер арасындағы өзара іс-қимыл тәсілдерін жақсартуға көмектесе отырып, дәстүрлі қаржы тәжірибесін сапа тұрғысынан өзгертеді.

Іс-шараны Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас қолдауымен алғашқы кредиттік бюро ұйымдастырды.

«Осы цифрлық әлемде не істейтініміздің барлығы бізге әсер етеді. Қаржы секторы жинақтайтын деректер көлемі өзінің көлемі мен өсу қарқыны бойынша көптеген басқа индустрияларды орағытып өтеді. Бұл үлкен көлемге дұрыс және тексерілген құрылымдар қажет» — деп, атап өтті сарапшы.

https://t.me/huaweimediatalks