👤 Банкрот адам. Қазақстанда жаңа ұғым пайда болады
Енді елімізде фирмалар мен компаниялар ғана емес, жеке адамдар да банкрот деп танылмақ. Тиісті заң жобасы әзірленді. Енді ол Парламентке бармас бұрын, алдымен қоғамдық талқылаудан өтуі тиіс.
Қаржы министрлігі (осы заңға жауапты орган) бұл жолы дайындығын қатты пысықтап отыр. Бірнеше делегация жасақталған. Олар әр қалада тұрғындармен кездесу өткізіп, болашақ заңның барлық қыры мен сырын түсіндіретін болады.
Жеке адам банкроттығы - Батыста қалыптасқан практика. Оған ұшыраған адамның барлық артық дүние-мүлкі конкурстық басқарушы арқылы аукционда сатылады да, түскен ақша қарыз берушілерге үлестіріледі. Егер қарыз толық жабылмаса, қалғаны кешіріледі. Ал банкрот адамда өмір сүруге қажет минималды заттар - жалғыз баспана, төсек, тоңазытқыш сынды бұйым ғана қалады. Оған тиіспейді.
Банкрот адамның қаржылық операцияларына қатаң шектеулер қойылады. Ол бұдан былай кемі 15 жыл кредит, рассрочка ала алмайды. Оның барлық ақша аударымдары қадағаланып отырады. Артық ақшасы пайда болса, оны тартып алады да, қарыз есебіне жібереді.
Қазақстанда банкрот болсам, кредиттен құтыламын деп ойлап жүрген адамдар көп. Банкроттық сізді коллекторлардың шабуылынан құтқарар, бірақ болашақ өміріңізге үлкен шектеулер әкеледі.
Банкроттық заңы туралы әңгімені алғаш рет 2014-2015 жылдары Назарбаев қозғап көрді. Бірақ банк лоббиі осы идеяны жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді. Жалпы банкирлер бұл заңды ешқашан қабылдатпауға қатты бекінген еді. Өйткені ол банктерге тиімсіз және көптеген кредиттердің қайтарылмай, "списаниеге" кетуіне жол ашады. Алайда, қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселеде табандылық танытты және банк лоббиіне бейресми ескерту берген еді.
Банкирлер өз соққысын Парламент арқылы жасамақ. Лоббиге жұмыс істейтін депутаттар енді заң жобасына өз өзгертулерін енгізіп қалуға тырысады. Шындығына келгенде, қазір Қаржы министрлігі дайындап әкелген жоба да банктерді ренжітпейтіндей, жұмсақ, солқылдақ формада әзірленген. Оған ҚНРДА төрайымы Мәдина Әбілқасымованың да ықпалы болды.
Осы жылдың 6 айында халық (яғни жеке тұлғалар) банктер мен микроқаржы ұйымдарынан 12 триллион теңге кредит алды. Бұл былтырғы сәйкес мерзімнен 11 пайызға көп. Базалық ставка, проценттер өсіп жатса да, халық керісінше кредит алуын үдете түскен.
Осыған қарағанда, 2023-2024 жылдары елімізде "банкрот адамдар" атты арнайы категория пайда болады. Ал біз олардың сұхбатын, өмірден алынған әңгімесін жариялайтын боламыз.
https://t.me/dalainside

👍20😁5👏1🤩1
⚡ "Нығматуллин дәуірі" аяқталды
Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулин мен оның егіз інісі Ерлан Нығматуллиндер рейдерлік әрекетке қатысты қылмыстық іс фигуранттары атанды. Бұл туралы ҚазТАГ жазады.
«Балқаш оқиғасына келсек, екі ірі кәсіпкердің (Қуат Сұлтанбеков пен Ерлан Нығматулин – ҚазТАГ) қарым-қатынасы жемқорлыққа қарсы қызметтің орталық аппараты тергеп жатқан қылмыстық іс аясында қаралуда. Ол 2022 жылдың сәуірінде қозғалды. Осы іс аясында Сұлтанбеков жәбірленуші деп танылды. Тергеу тобы құрылды. Бұл істің бір бөлігі ретінде Нығматулиндердің қатысы, олардың ықпалы, патронаттығы дәл солай бағаланып, тергелуде», - деді астаналық адвокаттар алқасының адвокаты Мәулен Әлімбаев.
2012 жылы Ерлан Нығматулинмен болған жанжалдан кейін балқаштық кәсіпкер Қуат Сұлтанбеков түрмеге жабылып, жалпы 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның 10 жылын кәсіпкер түрмеде отырып шықты.
Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің мүшесі Николай Абттың айтуынша, кәсіпкер мен Нығматулин арасындағы кикілжің Сұлтанбековтың 2011 жылы қаладағы жемқорлық мәселесін белсенді түрде көтеруінен басталған. Балқаш қаласының прокуратурасы қаланы абаттандыру бойынша тендерлерді өткізуде өрескел заң бұзушылықтарды анықтаған.
Осыдан кейін 2012 жылдың 27 қаңтарында Балқаштан Астанаға келе жатқан жолда Сұлтанбеков заңсыз қару сақтады және алып жүрді деген күдікпен ұсталды. Тергеу алты күнде аяқталып, кәсіпкер 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды, кейін ол 21 жылға айналып кете берді. Себебі, жазасын түзеу мекемесінде өтеп жүрген Сұлтанбековке қатысты тағы бес қылмыстық іс қозғалды. 2022 жылы 10 жыл түрмеде отырғаннан кейін кәсіпкерге қатысты үш қылмыстық іс қаралып, ол ақталып, босатылды.
Жәбірленушінің адвокаты Юлия Джафарованың айтуынша, Сұлтанбековке қатысты барлық айыптар ойдан шығарылған.

👍29😱3
🤌 5 жыл кредит алмайсың. Соттан тыс және сот арқылы банкрот болу
Мемлекеттік кірістер комитеті қоғамдық талқылауға түсіп жатқан "Банкроттық туралы" заңның негізгі постулаттарын түсіндіріп берді. Заң жобасы халықаралық тәжірибені ескеріп жасалған.
Жалпы, жеке адам банкроттығының 3 әдісі болады.
1 әдіс. Соттан тыс банкроттық
Егер адамның банк (микроқаржы, коллектор) алдындағы қарызы 1600 АЕК-тен аспаса осы әдіс қолданылады. Биыл 1600 АЕК - 4,9 миллион теңгеге тең.
Соттан тыс банкроттық рәсімі тек қана банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлар алдындағы қарыз бойынша жүргізіледі.
2 әдіс. Сот арқылы банкрот деп танылу
Қарыз 4,9 миллион теңгеден асса, және тек банк (микроқаржы, коллектор) емес, басқа да қарыз берушілер болғанда азаматтар сот арқылы банкроттық рәсімін қолдана алады.
Бұл рәсім барысында борышкердің мүлігі сатылуға жатады. Түскен қаражат, белгіленген тәртіппен кредиторлар алдындағы қарыздарды өтеуге жұмсалады.
Сотты банкроттық рәсімін қаржылық басқарушылар жүргізеді, олардың құрамына:
• Оңалту және банкроттық саласындағы әкімшілер;
• Кәсіби бухгалтерлер;
• Заң кеңесшілері;
• Аудиторлар кіруге құқылы.
Сотты банкроттық рәсімі барысында қаржылық басқарушылар кредиторлар тізімін қалыптастырады, борышкердің мүлкі, міндеттемелері туралы ақпарат жинайды және тағы басқа қызметтер атқарады.
3 әдіс. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру
Бұл рәсім егер тұрақты кіріс бар болса, қарызды өтеуге бөліп төлеу (рассрочка) мүмкіндігін береді. Мерзімі 5 жыл. Қалпына келтіру жоспары қаржылық басқарушы мен бірге әзірленеді және сотта бекітіледі. Бұл үшін екі жақтың (борышкердің және кредитордың) келісімі қажет.
Банкроттықтан кейін азамат мынадай шектеулерге тап болады:
1) 5 жылға дейінгі мерзімде қарыз алуға тыйым салынады;
2) қайта банкроттықты тек 7 жылдан кейін қолдана алады;
3) банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде қаржылық жағдайы бақылауға алынатын болады.
Сонымен қатар, банкрот деп танылған адам бір жыл ішінде міндетті түрде қаржылық сауаттылықты арттыру курсын өтуі тиіс.
Қазақ тілінде қаржылық сауаттылыққа баулитын ресурстар көп емес. Ресми ресурс деп ҚНРДА ашқан fingramota.kz, бейресми деп dauletten.kz және осы DALA INSIDE телеграмын ғана айтуға болады.

👍13
📈 Кредит нарығы жабылады. Инфляцияның қиыр шегіне жеттік пе?
Кей нарықтарда бағаның өсуі тоқтады. Шілденің статистикасы бар және ол көңіл көншітпейді. Бірақ тамыз айының ортасындағы экономикалық белсенділік динамикасына қарап, адамдар қымбат заттарды (үй, көлік) сатып алуды тоқтата бастағанын байқаймыз. DALA INSIDE сұрау салған нарық ойыншылары да тұжырыммен келісіп отыр.
Инфляцияның тоқтауының басты факторлары:
1. Ұлттық Банк саясаты
Яғни - проценттік канал. Ол базалық ставканы 14,5%ға өсірді, тиісінге теңге құны қымбаттады. Демек, кредит алу пайызы кем дегенде 18-19% болды.
2. ҚНРДА саясаты
Қадағалаушы агенттік адамдардың жөн-жосықсыз кредит алуын тоқтатпақ. Ол үшін банктерге қарыз коэффицентін есептеуді қатаңдату жоспарланып отыр.
3. Қаржы министрлігінің саясаты
Министрлік тез арада Банкроттық туралы Заңды қабылдатпақ. Одан кейін, банктер кредит бергенде ойланатын болады.
Кімдер инфляцияны үдетуі мүмкін? Олар: адамдар, банктер мен құрылыс компаниялары.
Адамдар кредит алып келген күшті заманнан айрылғысы келмейді. Банктер үшін кредит - ең басты табыс көзі. Олар да осы нарықты бере салуға дайын емес. Көбік үрлеп, үстіне бірнеше есе маржамен табыс тауып үйреніп қалған құрылысшылар да байбалам сала бастады.
Бірақ системалық оңалу үшін кредиттік нарықты реттемесе болмайды. Сондықтан, кредит беру азайса, инфляцияның бірден 8-10% деңгейге төмендейтінін болжауға болады.

👍30
🇹🇲 Оңтүстік коридор: Тоқаевтың әдемі жүрісі
Ешқандай экономикалық пайдасы жоқ мешіт шуынан бас көтере алмай қалған қоғам - шын мәнінде біз үшін аса маңызды екі жаңалықты елемей, өткізіп жіберді.
Біріншісі. Түркіменстан біздің болашағымызды нығайтатын қадам жасады. 9-шы тамызда Түркіменбашы-Гарабогаз-Қазақстан шекарасы тас жолының бойында Қара-Боғаз-Гөл шығанағы арқылы өтетін жаңа автомобиль көпірінің іргетасы қаланды. Осы көпір "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізін жаңа деңгейге шығарады, былайша айтқанда, Қазақстаннан келген жүк Түркіменстан арқылы Иранға өтіп, ары қарай Түркия арқылы Еуропаға немесе Парсы шығанағы арқылы Үндістанға кете алады.
Сердар Бердімұхаммедовтың транзиттік жобаларға бет бұруы түркімен экономикасында трансформациялық процесстердің басталғандығынан хабар беріп отыр. Бұл ретте, шығысты жауып тұрған Қазақстан және оның артында тұрған Қытайсыз түркімен логистикасын дамыту мүмкін емес. Сондықтан президент Сердар көпірді тез арада салып, 2024 жылы іске қосуға тапсырма беріп отыр.
Осы транзиттік коридор Қытай үшін Иранға жетудің ең тез жолы. Ал Қазақстан үшін өз көшін Ресей арқылы емес, оңтүстік бағытпен бұрып, солтүстік көршінің экономикалық шантажын болашақта болдырмау қажет болып отыр.
Екіншісі. Рейтерс агенттігі "КТК құбыры арқылы экспортталып жатқан мұнайдың бір бөлігін Қазақстан Баку-Джейхан құбырына артты" деген инсайд таратты. Артынша біздің Энергетика министрлігі оны ресми түрде жоққа шығарды. Бірақ бұл ретте, Рейтерсті пайдаланып, Ақорданың Кремльге әдемі сигнал жібергенін білуге болады.
"Ия, КТК құбырынсыз бізге қиын, бірақ онсыз да мұнай сата алатын басқа құбырлар бар" деген сигналды Ресей айна-қатесіз қабылдағаны сөзсіз.
Сонда Президент Тоқаев екі жақтан сигнал жіберді: ол құбыр бойынша және құрлық транзиті бойынша.
Қытай Қазақстан арқылы Иранға шыға алса, онда Қазақстандағы миллиардтаған долларға салған инфрақұрылымдық нысандарын және болашақ инвестицияларын барлық жолмен Ресейден қорғайтын болады. Тоқаев екі факторды ұштастыра білді. Қытайдың сауда стратегиясына Қазақстанды теңдессіз ойыншы ретінде кіргізді. Баку-Тбилиси-Жейхан сынды сандықта жатқан "джокерді" қайтадан оңай алып шықты.
Сондықтан, транзиттік диверсификацияға шындап бет бұрған Қазақстан аймақтық логистикалық державаға айналады. Және өзіне Үндістан сынды жаңа нарық ашып алады. Біз оның қызығын 2024 жылдан бастап көре бастаймыз.

👍95👏7🙏3❤2
🏗️ Құрылыс лоббиі: Құрылысшылар қауымдастығы мен Құрылысшылар одағы Үкіметті бопсалауын күшейте түспек
Шілде айында баспананы сатып алу-сатудың 30 939 мәмілесі тіркелді. Бұл былтырғы шілдеден 34,3% төмен. Ал алдынғы маусым айынан 2 пайызға аз. Тренд айқындалды: жылжымайтын мүлікке деген сұраныс тұрақты түрде азайып келеді. Жалпы, сұраныстың азаюы мен бағаның төмендеуі арасында нақты байланыс бар. Бірақ ол "кейінге қалатын әсер" формуласы арқылы жүзеге асады. Яғни, қазір сұраныс төмендесе, бағаның құлдырауын біз 3-4 айдан кейін күту керекпіз.
Сондықтан, шілде айында бастапқы тұрғын үйдің 0,5%, қолданыста болған баспананың 0,8%, ал пәтер жалдау ақысының 0,4%-ға қымбаттағанын көрдік.
Бұл құрылыс компаниялардың "болашақ табыстан айрылып қаламыз" деген үрейін үдетіп отыр. Сондықтан олар онсыз да белсенді жүргізіп жатқан лоббиін одан әрі күшейтуге шешім қабылдады.
Бұл лобби қалай жүзеге асуда? Құрылыс компаниялары өздерінің қауымдастық/одақтары арқылы апта сайын Ақорда, Үкіметке хат жолдап, құрылыс саласы тоқырауға ұшыраса мыңдаған адамның жұмыстан айрылатынын алға тартып, бопсалап келеді. Сұрайтыны - субсидияланған ипотекалардың жалғаса беруі (сұраныс болу үшін), үлестік құрылысқа да ипотека беру, ипотекамен берілетін сома көлемін тағы 10 миллион теңгеге дейін ұлғайту және заңнамалық тұрғыдан преференция беру.
Көп ретте мемлекет құрылыс компанияларына көмектесіп келген болатын. Бірақ олардың тек қана Астана мен Алматыға үй салғысы келетін әрекеті, осы қалалардағы инженерлік жүйелердің, көлік кептелісінің проблемаларын ушықтырып отырғаны жергілікті билікке де, халыққа ұнамай отыр.
Дәл осы кезде, аймақта баспананың жетіспеушілігі байқалады. Ал құрылыс компаниялары өңірлерге аттап баспайды. Себебі, ол жақта шаршы метрдің бағасын көтере алмағандықтан, үстінен еселеп пайда табу қиын.
Отандық құрылыс компаниялары мемлекеттен сұрап үйреніп қалған. Бар армандары бюджетті де, Ұлттық қорды да үздіксіз сору. Бірақ, осы ірі компаниялар экономикаға ешқандай үлес қосып жатқан жоқ. Мысалы, BI Group, Базис, РАМС сынды алпауыттар "салықтық жүктеме коэффиценті" төмен компаниялар тізімінде. Бұл олардың обороты көп, төлейтін салығы аз дегенді білдіреді.
Осы компаниялар тіпті нарықтан кетіп қалса да, одан экономиканың ештеңе жоғалтпасы анық. Сондықтан оларды керемет санап, табынудың еш қажеті жоқ. Егер компания банкрот болса, онда ол өз жұмысын дұрыс жүргізбеді, басшылары да, қызметкерлері де тиімді қызмет етпеді. "Мен банкрот болайын деп жатырмын, маған Үкімет көмектессін" деген феноменалды принцип тек біздің елде ғана бар. Және осы принциптен тез құтылмасақ, экономика алға жүрмейді.

👍38
😭 Көлік бағасы арзандамайды! Назарбаевтың қызы “утильсбордан” әлі күнге үлес алып отыр...
Әлия Назарбаева әлі күнге дейін утиль алымнан түскен ақшаның қызығын көріп келеді. Бұдан бөлек ол Қазақстандағы қоқыс жинау әрі өңдеумен айналысатын компаниялардың қожайыны.
Бұл туралы “Гиперборей” арнасына сұхбат берген журналист Дмитрий Шишкин айтыпты.
Әріптесіміздің мәлім еткеніндей, Жаңа Қазақстан орнай сала утиль алымды алып тастауды талап еткен белсенділердің әрекеті зая кеткен.
Әлия Назарбаева әрбір утильденген көліктен өзінің “Жасыл даму” компаниясы арқылы 130 мың теңге табыс тауып отыр. Қаңтар қырғынынан кейін утиль алымға бақылау жүргізетін пәрменінен айырылған Назарбаева көлікті утилизациялау механизмі мен оны әрі қарай темір-терсекке өткізудегі ықпалын сақтап қалған.
“Ол елдегі полигондарды, қоқыс өңдейтін зауыттарды уыстан шығармай ұстап отыр. Алысқа бармай-ақ, Астананы мысалға алайықшы.
Елордадағы қоқыс өңдеу саласын Назарбаеваға тиесілі Green Future Managеment компания меншіктеп алған.
Әлия осы компанияның жалғыз құрылтайшысы. Green Future -ден тарайтын тағы сегіз компания бар. Олар да Елбасының қызына тиесілі. Бұлар Қазақстандағы қоқыспен байланысты барлық жұмысты атқарады. Қоқысты жинау, өңдеу, қоқыс таситын полигондарына дейін бар.
Назарбаева тек Нұр-Сұлтан қаласымен ғана шектелмеген. Астанадан тыс жерде, өзге өңірлерде де оған тиесілі компаниялар жетіп артылады”, – дейді Шишкин.
Бұдан бөлек Елбасының ерке қызы өзіне қарасты қор арқылы “Халықаралық жасыл технологиялар орталығын” су тегінге (5 млн теңге, ред.) сатып алған. Әріптесіміздің айтуынша орталықты “асырауға” мемлекет есебінен соңғы екі жылда 1 млрд. 600 млн теңге бөлінген.
“Екі жылдың ішінде ұйымның бітірген ісі шамалы. Орталық мамандары болашақ ұрпаққа арнап экологияға қатысты баяндамалар әзірлеген”, – дейді Шишкин.

👍14👏3🤩2❤1
💸 Жаңа бизнес: Wildberries Қазақстан экономикасын 0,7%-ға арттыра алады
Алматылықтар мен астаналықтар Ресейге Wildberries арқылы тауар сатуын күрт арттырды. Болашақта бұл бағыт бюджетке салық түсімдерін арттырады деп болжанып отыр. Wildberries үшін де Қазақстан өсудің жаңа нүктесі болмақ. Сондықтан ол компания Нұр-Сұлтандағы логистикалық орталықтың аумағын 2,5 есеге ұлғайтып үлгерді. Және Ақтөбе мен Семейде сұрыптау орталықтарын ашпақ.
Осы жылдың 5 айында отандық кәсіпкерлердің Wildberries арқылы тауар сатуы 584%-ға (яғни 6 есе) артып кеткен. Оның ішінде азық-түлік тауарлары 747%, кеңсе тауарлары 382%, спорттық жабдықтар 233%, ыдыс-аяқтар 134%, косметика және парфюмерия 130%-ға өскен.
Бұл Қазақстанға пайдалы ма? Ия. ИП-сы бар адамдар табыс табудың жаңа көзін ашып отыр. Есесіне, арадағы ақша айналымы ашық жүретіндіктен, болашақта салық түсімдері көбейетін болады. Жеке адамдар айналысып жүргендіктен, Қытайдан тауар алып, Ресейге сату санкция тудырмайды. Бастысы мұнымен ірі компаниялар айналысып кетпесе болғаны. Енді Wildberries-тің Қазақстан арқылы жаңа канал тапқанын көрген OZON сынды Ресейдің ірі ойыншысы да біздің кәсіпкерлерге ыңғайлы жағдай жасамақ.

👍14🤩2
🏦 Қазақстандық банк ресей банкінің барлық сөлін сығып алды
Атауы «Eco Center Bank» болып өзгерген бұрынғы ресейлік "Альфа-банк" (оның Қазақстандағы еншілес банкі) өзінің жаңа акционері - "Банк ЦентрКредитке" 2015-2021 жылдар үшін тағы 30 миллиард теңге дивиденд төлемек. Ол туралы KASE выпискасынан белгілі болды.
Өткен маусым айында Eco Center Bank ЦентрКредитке 50 миллиард теңге көлемінде дивиденд берген еді. Осымен бұрынғы Альфадан жаңа қожайыны 80 миллиард теңге шығарып алды.
Ал барлық капиталы сорып алынғаннан кейін, Eco Center Bank жойылып, ол түбегейлі ЦентрКредит банкіне қосылатын болады.
Ресейлік "Альфа-банк" биыл 6-шы сәуірде АҚШ санкцияларына ұшырады. Сол кезден бастап ол әр елдегі еншілес ұйымдарын сата бастаған еді. Қазақстандағы активін тиімді бағамен Бақтияр Бәйсейітов иелік ететін ЦентрКредит банкі сатып алды.

👍27
Huawei 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы нәтижесін жариялады
Компания қызметінің ортақ нәтижелері болжамдарға сәйкес келеді.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Huawei компаниясының сатудан түскен табысы 301,6 миллиард юаньға жетті. Бұл шамамен 44,7 миллиард АҚШ долларын құрайды. Оның ішінде таза пайда маржасы 5 пайызды құрады.
Телекоммуникация қызметінің кірісі 142,7 миллиард юаньға, кәсіпорынның кәсіптік кірісі 54,7 миллиард юаньға, терминалдық құрылғылардың кірісі 101,3 миллиард юань көрсетті.
«Біздің терминалдық құрылғылар бизнесіне сыртқы жағымсыз әсерлер болғанына қарамастан, АКТ инфрақұрылымының өндірісі өзінің қарқынды өсуін сақтап қалды», - деді, Huawei төрағасы Кен Ху.
«Алдағы уақытта біз тұтынушыларымыз бен серіктестеріміз үшін құндылықтар жасауды жалғастыра береміз, әрі сапалы дамуды қамтамасыз ету үшін цифрландыру және декарбонизация үрдістерін пайдаланамыз».
Huawei – инфокоммуникация және инфрақұрылымдық шешімдердің, сондай-ақ смарт құрылғылардың жетекші жаһандық ойыншысы. Қазіргі таңда компания жаһандық прогреске итермелейтін іргелі зерттеулерге қаржы бөліп отыр. Huawei - 1987 жылы құрылған жеке компания. Акцияларына өз қызметкерлері иелік етеді. Компанияда әлемнің 170-тен астам елінде 188 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді.

Киноға 2 тегін билет! Кино емес, концерт, театрға барамын десеңіз оны да алып береміз. Баратын күнін, шараны да өзіңіз таңдайсыз!
Құрметті оқырмандарым! Ол үшін не істеу керек? "Үйде жатпа!" телеграм арнасына жазылыңыз. Ссылкасы төменде. Бүгін сағат 18-00де сол жерде викторина ойнатылады. Қатысыңыз, себебі жолыңыз болады!
https://t.me/uidezhatpa

👍15🎉1
🏦 Jana емес, Dala болатын болды
"Сбербанк Қазақстан" 18-ші тамызда ресми түрде "Бәйтерек" холдингіне сатылды деп жазады, Kapital.kz
Басылымның екі бірдей дереккөзі осы ақпаратты растаған. Сол күні Сбербанк dalabank.com.kz домендік атауын тіркеген.
Осыған қарағанда, банктің жаңа атауы "Dalabank" болмақ. Оның алдында Nege.kz порталы "Бәйтерек" холдингінің Сбербанкке бірнеше атау қарастырып жатқанын, және оның ішінде "Jana bank" атауына бүйрегі бұрып тұрғанын жазған еді.
Dala атауы осы DALA INSIDE телеграм каналында, онымен аффирленген Dalanews.kz ақпараттық сайтында бар. Бірақ Сбербанктің Dala атауын алуға қарсы емеспіз. Әзірге болашақ "Dalabank" DALA INSIDE серіктестерінің қатарына кірмейді.
Қазақтілді телеграм нарығына ірі халықаралық компаниялар, онымен бірге жергілікті ойыншылардың да қызығушылығы біртіндеп артып келеді. Ашығын айтсақ, бұл нарық енді ғана көтеріліп келе жатыр.
Әзірге қазақша телеграм арналардың ішінен тек DALA INSIDE қана Huawei, Home credit bank сынды халықаралық алпауыттармен ресми келісім-шартқа отырды.
Ендігі басты сұрақ - мемлекет "Бәйтерек" холдингі арқылы Сбербанкті қаншаға сатып алды? Және ол елімізге тиімді ме?
Осы орайда Ресейдің Альфа-банкін 100 миллион долларға сатып алған ЦентрКредит банкінің осы қадамнан қазірдің өзінде 130 миллион доллар пайда көргенін жазған болатынбыз. "Бәйтерек" дәл солай пайда тапса құба-құп болады. Ал егер шығынға ұшыраса, холдинг басшылығына болашақта үлкен сұрақтар туындап, кейін тіпті қылмыстық іске де жетелеуі мүмкін.

👍15
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿⚡️ Қазақстан мен Ресей басшыларының жүздескен сәті. Путиннің жүзі жылы. Жуасып қалыпты. Батыс санкциялары сабасына түсірген сынды. Президентіміздің есімін де жаңылыспай, жөндеп айтқандай естілді.
https://t.me/dalainside
https://t.me/dalainside
👍8🥰3👏1
🌅 Арман Абдрасилов: Жұмысқа ұсыныс көп, бірақ қазір демалып аламын
Мемлекет жауып тастаған "Зерде" ұлттық холдингінің басшысы Арман Абдрасилов DALA INSIDE шолушысымен тілдесіп, алдағы жоспарларын айтты.
"Мен әлі қызметтен кеткен жоқпын, себебі маған мына жұмысты өткізіп беру керек. Қазір демалыстамын. Ал болашақта қайда барып қызмет істейтініме келсек, ұсыныстар аз емес. Бірақ ол туралы демалып алғаннан кейін ойланамын", - деді, Арман Абдрасилов.
Оның әлеуметтік желідегі суреттеріне қарағанда, Балқаш көлінде балық аулап жүргені байқалады.
"Зерде" холдингі 14 жыл өмір сүрді. 2008 жылы холдинг «Самғау» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ қайта құру нәтижесінде құрылды.
Холдингті осы уақыт аралығында Бикеш Құрманғалиева, Әсел Жиенбаева, Руслан Еңсебаев, Арман Абдрасилов сынды азаматтар басқарды.

👍6
💥 "Самұрық-Қазынаның" сауапты ісі
Оқу маусымы жақындаған тұста «Самұрық-Қазына» АҚ биыл бірінші сыныпқа аяқ басатын балаларға сыйлық тарату мақсатымен «Мектепке жол» акциясын бастады.
Жоба ел аумағындағы 12 мың баланы қамтымақ. Осы мақсатта бөлінген қаржы да аз емес, игі іске 185 миллион теңге бөлінді.
19 тамыздан бастап волонтерлар бүлдіршіндерге кеңсе заттары салынған сыйлық-қоржындарды үлестіре бастады. Бұл іс 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Атаулы көмекті Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан мен Павлодар облысының, жаңадан құрылған Абай облысының жергілікті атқарушы органдары ұсынған тізім бойынша әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға береді. Бірінші сыныпқа барғалы отырған балалар үшін бұл жақсылық білім алуға деген үлкен құлшынысты оятары күмәнсіз.
Аталған акция «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен жүзеге асыып жатыр. Қазақстандағы көптеген саланың дамуына қаржылай қолдау көрсетіп, ел имиджін қалыптастыруға еңбегі сіңген «Самұрық-Қазына» АҚ елдің әлеуметтік мәселелеріне бейжай қараған емес. Бұдан да басқа жақсы амалдарға себепкер болған ұжымның маңызды жобалары жетерлік. Биыл маусымда «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, журналистермен, белсенділермен, жастармен және әкімдік қызметкерлерімен кездесіп, күрделі мәселелердің шешу жолдарын талқылаған болатын. Сол кезде де «Самұрық-Қазына» АҚ балаларға ерекше мән беретінін аңғартқан еді.

👍11👏2
🖥️ Мусин бір қорадан екінші қораға кірмек. Немесе Абдрасилов қарсы шабуылға шықты
Ресейлік СБЕР санкция астында қалғандықтан ҚР Цифрлі даму, инновация және әуеғарыш өндірісі министрлігі Egov-ты дамытуға қажет платформаны Біріккен Араб Әмірліктерінің "Group 42" компаниясынан сатып алмақ. Бұл туралы жабылып жатқан "Зерде" холдингінің басшысы Арман Абдрасилов фейсбук парақшасында жазады.
"Ішкі нарықтың 2,8 млрд теңгеге ұлттық платформаны әзірлеу жөніндегі ұсынысын ескерсек, ашық конкурстық рәсімдер арқылы осы платформаны 10 есе қымбатқа сатып алу қиынға соғады. Сондықтан ескі лайфхак – яғни, Үкімет қаулысына сәйкес бір көзден сатып алу әдісі қолданылуы мүмкін.
Біздің цифрлық министрлік маусым айының соңында Біріккен Араб Әмірліктерінде болып, "Group 42" компаниясымен кездесті. Ал олардың қарымта сапары тамыз айының соңына дейін жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейін, бұған дейін «Зерде» холдингі бұл жобаны мемлекеттік қаржыландырусыз, жергілікті компаниялардың өз қаражатына жүзеге асыруды ұсынған болатын" - деп жазады, Арман Абдрасилов.
Қазір біз министр Бағдат Мусин мен Арман Абдрасиловтың шайқасын көріп отырмыз. Бағдат Мусин ірі жүріс жасап, Абдрасилов басқарған "Зерде" холдингін жауып тастады. Абдрасилов демалысқа шығып күш жинап алды да, халық наразылығын тудыратын компроматтың бетін ашты. Абдрасиловтың негізгі мақсаты - Мусинді министр қызметінен кетіру.
Оның жазуынша араб компаниясына төленетін сома құны 28 млрд теңге болмақ. Бірақ ақпарат министрлік тарапынан әлі расталмады.
Жалпы, Бағдат Мусиннің кез-келген нәрсені шетелден сатып алуға деген талпынысы үлкен сұрақтар туындатады. Қазақстандық IT мамандар әлемде ешкімнен кем емес, тіпті көп жағдайда алда келеді. Egov.kz жүйесін, Kaspi.kz, басқа да түрлі хит өнімдерді отандық мамандар жасап шығарды. Осындай потенциал барда, неге оны өзіміздің игілігімізге пайдаланбаймыз? Ақшаны өз IT саламызға жұмсасақ, керісінше біз одан сайын дамымаймыз ба?
Неге Бағдат Мусин халықтың ақшасын шетелдік компанияларға үлестіріп беруге құлшынады? Оның артында жемқорлық әрекет жатқан жоқ па? Мусиннің әр қылығынан кейін осындай сауал пайда болады.

👍26👎1
🤜 Мусин қарымта соққы жасады
ҚР Цифрлық даму, инновация және әуеғарыш өндірісі министрлігі жабылғалы жатқан "Зерде" холдингі басшысы Арман Абдрасиловтың ақпаратын жоққа шығарды.
«Әлеуметтік желілерде Қазақстан Біріккен Араб Әмірлігінің компаниясынан цифрлық платформа сатып алуды жоспарлап отырғаны туралы ақпарат пайда болды. Сонымен қатар мәміленің «сомасы» да жарияланды. Бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Орындаушы отандық компаниялар арасында конкурстық рәсімдер арқылы таңдалады. Қазіргі уақытта техникалық құжаттама пысықталуда». - деп жазылған, министрлік таратқан хабарламада.
Оның алдында ҚР Цифрлі даму, инновация және әуеғарыш өндірісі министрлігінің Egov-ты дамытуға қажет платформаны Біріккен Араб Әмірліктерінің "Group 42" компаниясынан сатып алмақшы болғанын Арман Абдрасилов өз фейсбук парақшасында жазған еді.

Естеріңізге сала кетейін, бұған дейін «Зерде» холдингі бұл жобаны мемлекеттік қаржыландырусыз, жергілікті компаниялардың өз қаражатына жүзеге асыруды ұсынған болатын" - деп жазды, Арман Абдрасилов.
Министр Бағдат Мусин мен Арман Абдрасиловтың шайқасы жалғасуда. Хроникасы:
Бағдат Мусин Абдрасилов басқарған "Зерде" холдингін жауып тастады. Абдрасилов демалысқа шығып күш жинап алды да, халық наразылығын тудыратын компроматтың бетін ашты. Мусин - "ол ақпарат жалған" деп жауап берді.

👍18
🏦 Мұхамеджанов әлде Ибрагимова. "Бәйтерек" сатып алған Сбербанкты кім басқарады?
"Бәйтерек" холдингі Сбербанкты сатып алғанын ресми растады. Ол енді Dalabank деп аталатын болады. Бірақ екі сұрақтың басы ашық: Dalabank-ті кім басқарады және холдинг банкті қаншаға сатып алды?
Қазір Dalabank басшылығына екі үміткер бар. Ол "Бәйтерек" холдингі басқарма басшысының орынбасары Әділ Мұхамеджанов пен қазір "Отбасы банкті" басқарып отырған Ләззат Ибрагимова.
Екеуінің де тиісті біліктілігі бар. Бірақ таза банк жұмысына келгенде Мұхамеджановты көбірек қаржыгер дер едік. Ол кезінде КИК жұмысын жолға қойған болатын.
Ибрагимова көбіне макроэкономист. Және ол мемлекеттік органдармен жақсы байланыса алады.
Бірақ Холдингтегі ең мықты банкир - қазір соны басқарып отырған Қанат Шарлапаевтың өзі. Ұзақ жылдар бойы "Сити банкте" істеу оңай емес. Сондықтан Шарлапаев кадр таңдауда қателесе қоймайды.

👍10👎4