🇰🇿 ҚазМұнайГаз өзінің 87 миллиард теңгесін құтқарып қалды!
Ұлттық компания шұғыл түрде санкциядан қиналып жатқан Қазақстандағы Ресей банктерінен өзінің түрлі валютада жатқан салымдарын шешіп, оны отандық банктерге аударып үлгерген. Олар Ресей банктерінде тек 205 миллион теңге қалдырып отыр.
🙈 Сонымен бірге ҚазМұнайГаздың Ресей банктеріне 220 миллиард теңге қарыз екенін де айта кетуіміз керек.
@dalainside

👍5
Forwarded from ADYRNA.KZ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ресей депутаттары шындықты айта бастапты.
👍8
Бүгін, 11 сәуірде ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы республикалық ономастика комиссиясының отырысы өтті
Іс-шараға комиссия мүшелері, оның ішінде Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы, Мәжіліс депутаты Мәлік Құлшар, ғылыми және сараптамалық қоғамдастық өкілдері қатысты.
Комиссия отырысы аясында Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстары әкімдіктерінің жаңадан құрылған Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарына атаулар беру туралы ұсыныстары қаралды. Сондай-ақ, мемлекет меншігіндегі жекелеген нысандарды, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар қалаларындағы көшелерді қайта атау мәселелері қаралды.

👍1
⚡️ Біздегі Альфа-Банк сатылатын болды
Қазақстандық Альфа-Банк банкті сату үшін бірқатар инвесторлармен келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы қаржы институты хабарлады.
Банктің ағымдағы жағдайды жақсарту және тұрақтандыру үшін қандай шаралар қабылдап жатқаны туралы банктің басқарушы директоры Андрей Тимченко ресми мәлімдеме жасады.
Оның айтуынша, қазір сату бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Оннан астам инвестор банктің құжаттары мен анықтамаларын зерделеуде, жақын арада мәміле аяқталуы мүмкін.
«Менің ойымша, біз бірнеше күн болмаса, бірнеше апта ішінде келісімге қол жеткізе аламыз», - деп қосты Андрей Тимченко.
@kursivmedia

Астық өңдеушілер ұн қымбаттайды деп дабыл қағуда
Себебі олар өңдейтін бидай тапшы. Кейбір кәсіпорын жабылып қалған. Кейбірінде астық қоры аз. Әрі кетсе 1-2 айға жетеді. Павлодарда диірменшілер жұмысын түгел тоқтатса, Қостанайда 50% ғана ұн шығарып жатыр. Қалғаны бидайсыз отыр. Кәсіпкерлер «Атамекенге» жүгініп, мәселенің ушығып тұрғанын жеткізді.
«Соңғы болып жатқан жағдайларға байланысты, оның ішінде шектеулер, бағаның өсуі, бидай мен шығын материалдардың қымбаттауы бидай өңдеушілерді алаңдатып, ол Ұлттық палатаға жүгінді. Сондықтан бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігін шақырып, жан-жақты қарастырамыз», – деп бастады жиынды Ұлттық палата АӨК департаментінің директоры Ербол Есенеев.
Ресей бидай экспортын тоқтатты. Енді елдегі қымбат астық та жетпей жатыр. Ал, ресми статистикада мұндай көрсеткіш жоқ.
Қазақстанның астық өңдеушілер одағының президенті Евгений Ганның айтуынша, мемлекеттік инспекция көрсеткен деректер мен астықты өңдеушілердің дерегі сәйкес келмейді.

👍6
Осыған дейін Елордада әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың үйін газға қосу үшін қалалық әкімдік 90 АЕК мөлшерінде ақшалай көмек бөлінетін, бұл – 260 мың теңгеден астам. Енді осы әлеуметтік көмектің мөлшері 130 АЕК-ке дейін, яғани, 410 мың теңгеге ұлғайды.
https://dalanews.kz/aimak/74951-elordada-uylerdi-gazga-qosu-ushin-beri
@dalainside
https://dalanews.kz/aimak/74951-elordada-uylerdi-gazga-qosu-ushin-beri
@dalainside
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Вайнер Мейіржан Төребаевтың пирамидасына алданып, 20 миллион теңге жоғалтқан келіншек Астанада өзін-өзі өртеп жіберді. Келіншектің жағдайы ауыр.
Видео Диана Сапарқызы. @dalainside
Видео Диана Сапарқызы. @dalainside
👍1🤬1
🏥 Кәрім Мәсімов хал үстінде жатыр!
"Мұрттыға" тез арада медкөмек көрсетілуі тиіс. Мәсімовті абақтыдан босатып, ауруханаға жеткізу керек.
Бұл туралы әзір ғана karimmassimov.com сайты хабарлады. Сайттың мәліметіне қарағанда Кәрім көке көп жыл бойы көптеген созылмалы кеселмен күресіп келеді, соның ішінде жүректің ишемиялық ауруына шалдыққан.
Әлгі ауру Мәсімовтен былтырғы жылдың көктемінде анықталған екен.
Абақтыға қамалғалы бері Мәсімовтың жағдайы күрт төмендеп, ескі сырқаты қайта қозыпты.
"Заң бойынша қоғамға зияны жоқ, ауыр дертке шалдыққан тұтқындар түрмеден босауға құқылы. Мәсімовтың жағдайын білетін дәрігерлер оны дереу босатуды талап етуде. Тиісті ем-дом жасалмаса айырылып қалуымыз мүмкін...", - дейді ҰҚК-ның экс-төрағасына тиесілі сайт.
Айта кетелік, атышулы Мәсімов мемлекетке опасыздық деп жасады айыпталып, Қаңтар дүрбелеңінен кейін көп ұзамай қамауға алынған.
https://t.me/dalainside

👍9
Мариупольдың жүрек қағысы тоқтаған жоқ!
Associated Press басылымына сұхбат берген Зеленский Мариуполь қаласының маңызын сөз етті.
"Мариупольдың жүрегі бүлкілдеп соғып тұр! Біз жан алысып, жан берісіп жатырмыз. Біздің сағымыз сынған жоқ, рухымыз жаншылмады.
Қаһарман қаланың жүрек қағысы тоқтаған жағдайда біздің позициямыз да әлсірейді. Біз бұған жол бермейміз.
Мариупольдың қорғаушылары жаудың назарын өзіне бұрып, басқыншылардың жоспарын бұзуда.
Мариупольдағы позициямыз нығая түскен сайын еліміздің шығысында жаумен алысып жатқан жауынгерлердің тегеуріні де күшейеді.
Жаудың әскері әлсіреп, біздің мысымыз басқанда келіссөз жүргізу де жеңілдейді. Ресеймен диалог құрарда еңсемізді тік ұстаймыз. Басымдық біздің тарапта болады", - деді Украина президенті.
Зеленский Батыстан жеткен әскери техника мен қару-жарақтың саны аздық ететінін мәлім етті.
"Егер бұл көмектің көлемі қомақты болғанда әрі жедел жеткенде Мариуполь тұрғындарын оккупанттардың оғынан арашалап қалар едік", - деді ол.

👍19
🏭" Самұрұқ-Қазына", халықтың жағдайы және Жаңа Қазақстан
Жақсы жағына өзгеруін тоқтатпаса, келесі жылдан бастап Самұрық-Қазына халық үшін нақты пайдасын тигізетін компанияға айналмақ. Және дәл 2023 жылдан бастап халық олигархия мен коррупцияның өз өмірінен кеткенін ақырын байқай бастайды.
Халыққа Самұрық-Қазынадан неге пайда болмады? Бұған дейін, қор өз табысы, дивидендтерін бюджетпен бөліспей, тек азын-аулақ ақша беріп қойып, ал негізгі табыс пен тендерлерді "туыстар" мен "олигархтар" өзара бөліп алатын. Самұрық-Қазынаның ел экономикасындағы үлесі 60 пайыздан асатынын ескерсек, "жеу" масштабы сұмдық болды. Енді осының бәрін тазартып жатыр.
Биыл Самұрық-Қазына үш маңызды өзгеріс жасады. Біріншісі, тендер ережесін өзгертіп, бір көзден сатып алу сынды сұрақ туғызатын әдісті тең жартысына қысқартты. Ол тағы 200 миллиард теңгенің кәсіпкерлер арасында әділ үлестірілуіне жол ашты. Екіншісі, өндірісте жұмыс істейтін қарапайым жұмысшының айлығын өсіріп, ал басшылардың жалақысын керісінше қысқартты. Үшіншіден, сол басшылардың бәрін, басшының кеңесшісі деген штаттың бәрін қысқартты. Сатып алумен айналысып жүрген пысықтардың барлығын жұмыстан шығарып жіберді.
Оны Қордың басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов кеше брифинг барысында айтып берді.
Жалпы, Самұрық-Қазына барынша тиімді болу үшін тағы не істеуі керек? Ел бюджетінің 60 пайыздан астамы әлеуметтік салаға жұмсалады. Әлеуметтік шығын өскен сайын, бюджет дефициті ұлғаюда. Егер қордың портфельді компаниялары 2022 жылғы таза табыстың 100 пайызын бюджетке беретін болса, бұл қазақ халқына деген үлкен көмек болар еді. Осы тұрғыда басты мәселе - тиімділікті арттыру. Портфельді компаниялар өз ішінен шығындарын барынша азайтып, тек қана табысты ұлғайтуға жұмыс істеуі тиіс. Егер қор биыл барынша тиімділік көрсетіп, жыл қортындысы бойынша дивиденд ретінде 2 триллион теңгеден кем емес табысты бюджетке аударса, онда бюджет дефицитін жабу үшін сырттан қарыз алмасақ та болады.
Самұрық-Қазына үшін халыққа қызмет ететін жақсы мүмкіндік туып отыр. Үстерінен буып тұрған шенеуік, олигарх, туған-туыстардың бәрі кетті. Басқарушы құрамға мүлде жаңа - шетелдік компанияда жұмыс істеген жастар келді. Сондықтан биыл қор Ресейге салынған санкциялар, сыртқы экспорт жолдарының жабылуы кедергі келтірмесе, жақсы кіріс тауып, елге пайдасын тигізе бастайтын болады.
Айбар Олжаевтың фейсбук жазбасынан

👍7
⚡️Қазақтелеком акцияларының 28,8 пайызы мемлекет меншігіне қайтарылды. Ол акциялар Қайрат Сатыбалдының қолында жүрген болатын
Қайрат Сатыбалдының "Skyline Investment Company S.A" компаниясы жарғылық капиталының 24,95%-ын құрайтын «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының 2 671 481 жай акциясын мемлекетке берді. Сондай-ақ, «Алатау Капитал Инвестмент» ЖШС те серіктестіктің жарғылық капиталының 3,85% құрайтын 413 412 жай акциясын мемлекетке қайтарды. Демек, 93 миллиард теңге қайтып отыр.
Бірақ Қайрат Сатыбалды сыртқа шығарып үлгерген шетелдік жылжымайтын мүліктері бар. Оларды да сатып, ақшасын елге қайтару керек. Мысалы, Сатыбалдының Дубайда екі пәтері бар. Олар Дубайдың ең элиталық аймағында орналасқан өте қымбат мүлікке жатады. Бір ғана «Jumeirah Beach Residence»-тегі пәтерлердің орташа құны 2 миллион долларға бағаланады.

☀️ Текеліге экологиялық зардабын тигізіп отырған қалдық қоймасын рекультивациялау мәселесі түбегейлі шешілетін болды
Мәселе Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың «Sunlight Investments» компаниясының басшылығымен кездесуі кезінде шешілді. Екі тарап Текелі қаласында қолға алынатын ірі инвестициялық жоба меморандумына қол қойды.
Әңгіме мынада.1942-1996 жылдар аралығында жұмыс істеген Текелі қорғасын-мырыш комбинатының қалдықтары қоршаған ортаға зиянын тигізіп, халықтың денсаулығына кері әсерін тигізіп келеді.
Енді «Sunlight Investments» компаниясы Текеліде тау-кен байыту комбинатын салып, оған жылдар бойы жинақталып қалған қалдықтарды шикізат ретінде қолдануды жоспарлап отыр. Компания жалпы осы жобаға 200 млрд. теңгедей инвестиция салмақ, оның 60 млрд. теңгесі –тау-кен байыту комбинатының құрылысына жұмсалады.
👍 Бұл басқа инвесторларға да үлгі. 33 мыңдай халқы бар моноқаланың дамуына үлкен серпін беретін жоба болады деп ойлаймын, - деді Қанат Бозымбаев.