DALA INSIDE
10.8K subscribers
402 photos
128 videos
1 file
1.13K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
🏠 7-20-25: Үлгерген адам маладес

"DALA инсайд" аналитиктері жасаған статистикалық модельдеу бойынша, танымал "7-20-25" ипотекасы 2023 жылдың наурыз айының соңында несие беруін тоқтатып, толық 1 триллион теңгені игермек.

Қазір 1 триллион теңгенің 630 миллиард теңгесі кредит түрінде берілген. 370 миллиард теңге бар. Бірақ, соңғы екі айдың динамикасына қарап, 370 миллиард теңгенің тек 8 айға жететінін болжауға болады.

Себеп - Freedom Finance Bank іске қосқан цифрлі "7-20-25" ипотекасында. Жаңа технологиялардың арқасында ол банк бірден көптеп ипотека бере бастады да, ақшаның игерілуі күрт жеделдеп кетті. Оны көрген "7-20-25" ипотекасының дәстүрлі лидері ЦентрКредит банкі де несие беруін жылдамдата бастады. Осылайша 2 банк танымал ипотека көрсеткіштерін жеделдетіп жіберді.

Бұл орайда Ресейге салынған санкцияға іліккен Сбербанк уақытша ойыннан шығып қалған еді. Бірақ банк жақын арада ("Бәйтерек" холдингіне толық өткеннен бастап) кредиттеу нарығына қайта оралатын болады. Сбербанк те үлкен көлемде "7-20-25" ипотекасын халыққа беріп жүрген болатын.

Осылайша, 8 ай қалды деп болжауға болады. Және жеңіл ипотекадан үмітті адамдарға асығу керек. Ұлттық Банк базалық ставкасы өсіп жатқан жағдайда, бұдан кейін мұндай 7 пайыздық ипотека болмайтыны түсінікті.

https://t.me/dalainside
👍9
Тимур Турловқа "Қайрат" футбол клубы керек емес. Боранбаев Досаевті жағалай бастады

Қазақстандық миллиардер, Freedom Holding қожайыны Тимур Турлов алматылық "Қайрат" футбол клубын сатып алушылар тізімінде бірінші болып тұр деп жазады, Sports.ru

Қазір "Қайрат" клубы қамауда жатқан тағы бір олигарх Қайрат Боранбаевқа "Алмалы" холдингі арқылы тиесілі. "Алмалы" холдингі басшыларының істі болуына байланысты активтерін сата бастады және "Қайрат" футбол клубынан бірінші болып құтылуға асығып отыр.

"DAlA INSIDE" дереккөзі Қайратты сатып алу бойынша ұсыныс тек Турловқа ғана емес, тағы бірнеше қалталы инвесторға жасалды дейді. Оның ішінде Orbis Group қожайыны Фаррух Махмудов, Нұрлан Смағұлов, Бахаридин Аблазимов сынды азаматтар бар.

"Қайрат" клубы Қайрат Боранбаевқа керек болмай қалды. Бірақ клуб Тимур Турловқа керек пе?

Қазақстанда футбол өзін-өзі ақтамайды. Қайрат сынды инфрақұрылымы ауқымды, өз академиясы бар жүйеге жыл сайын кем дегенде 5-7 миллиард теңге құйылып отыруы тиіс.

Қайраттың қаржылық қиындықтары оның өзінің еншілес "Қайрат-Москва" клубын жауып тастағанынан ақ білінді.

Тимур Турлов - тәжірибелі инвестор. Ол профильді салаларға, яғни қаржы секторына қатысы бар, немесе технологиялық стартаптарға мүмкін тәуекелдің бәрін есептеп қана қаржы құятын адам. Ол "Қайраттың" тек ақша ағызатын тесік шелек екенін жақсы біледі. Сондықтан шешімін айтпаған және 80-90 пайыз жағдайда Боранбаевтың ұсынысын қабылдамайтын болады.

Боранбаевтың адамдары "Қайратты" қайтарып сатып алуды Алматы әкімдігіне де ұсына бастады. Бірақ әкімдіктің де шығыны көп нысанды ала қоюы екіталай.

"Қайрат" кейсінен біз отандық футболдың толыққанды бизнеске айнала алмағандығын, тек қалталы олигархтардың ойыншығы немесе бюджеттің соры болуға шамасы келетінін айта аламыз.

https://t.me/dalainside
👍20
Болат Назарбаев туралы әлі расталмаған керағар ақпараттар пайда болды

@dalainside оның өмірі/өлімі туралы ақпарат ресми расталғаннан кейін ғана, нақты мәлімет бермек.

UPD. Сағат 12:31-дегі жаңа ақпарат:

Болат Назарбаевтың өміріне қауіп жоқ. Азаттық рухы тілшілерінің хабарлауынша, оның туған-туыстары Болат Назарбаевтың аман-есен екендігін мәлімдеген.
👍6
🏦 Ресейліктер Қазақстандық Сбербанкті дымын қалдырмай сорып алған

Ал "Бәйтерек" холдингі бос, проблемалық кредиттері бар банкті не істемек?

Кеше шыққан банк секторының статистикасы қайран қалдырды. Өткен айда Сбербанктің меншікті капиталы 268 миллиард теңгені құрап тұрған болатын. Енді сол капитал минус 10 миллиардқа құлдырап кеткен.

Бір айда 278 миллиард теңге қайда жоғалып кетті? Бұл сома қозғалысы банктің кірістер мен шығыстар балансында көрінбегендіктен, ресейліктер дивиденд ретінде өзіне аударып алды ма? Ақша қозғалысын толық тексерсек, Сбербанк түк табыс алмағанын көреміз. Тоқтап тұрған банктің шығындары оның капиталын жей бастаған.

Бұл нені білдіреді? "Бәйтерек" холдингі бос банкті алуға дайын ба әлде олар алмайтын болғандықтан ресейлік акционері болып табылатын Сбер осындай қадамға барып отыр ма?

Қалай болғанда да, осы шілдеден бастап Сбербанк пруденциалды нормаларды орындап отырған жоқ. Және ҚНРДА үшін Сбербанк лицензиясын тартып алуға барлық мүмкіндік бар.

Ресейліктер тарапынан біртүрлі махинациялардың барлығы Сбербанкті жақсы деңгейге көтерген басқарма төрағасы Елдар Теңізбаев кеткеннен кейін басталды. Бұрын Теңізбаев Сберге бағынса да, ресейліктердің "беспредел" жасауына жол бермейтін.

https://t.me/dalainside
😱23👍18👎2😁2🔥1
Билік те "меню" мәселесіне шындап кірісті

Алматы әкімдігінің Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қаладағы барлық қоғамдық тамақтану орындарына ас мәзірінің қазақша болуы міндеттелген ескерту жіберді.

Бұл ретте, не ас мәзірінің бөлек қазақша нұсқасы болуы керек, немесе ортақ ас мәзірінде тағам атаулары мен сипаттамалары орыс тілімен қатар қазақ тілінде де жазылуы қажет. Және қазақ тіліндегі жазба бірінші тұруы тиіс.

Қоғамдық тамақтану орындарына: лағманханалар, асханалар, мейманханалар, кафелер, кофеханалар, бар/сыраханалар толық кіреді.

Бұл әкімдіктің өзі ойлап тапқан жаңалығы емес. 2021 жылдың соңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған еді. Осыған сәйкес ас мәзірінің бәрінде қазақ тілі міндетті түрде болуы тиіс.

Әкімдік және прокуратура заңның орындалуын қамтамасыз ететін болады.

https://t.me/dalainside
👍73
😥 Аружан Дүйсебаева: Алматының қақ ортасында Ана тілімізді қорлады!

Бүгін, 4 тамыз күні 5 ықшам ауданында орналасқан "OASIS" мейрамхана қызметкерлері ана тілімізді жерге таптап, онысымен қоймай бізге дөрекілік танытты. Біріншіден, Қазақ тілінде жазылған "МӘЗІР" болмағаны ашуымызға тиді. (Алдында келгенде ескерткенбіз). Әкімші қызметкерін шақырып "Қазақ тілінде жазылған мәзір қашан дайын болады?" десек, "20-30 жыл бұрын қайда болдыңдар, ұнамаса кетіп қалыңдар, қазақ тілінде Мәзір болмайды, бұйрық әкеліңдер" десе болама?

Бұл әкімші қызметкері біздің ана тілімізді жерге ұрып ғана қоймай, Қазақ тілін қорлады және дөрекілік танытып, кемсітті. Біз орысша сөйлемеңдер демейміз, бірақ Қазақ тілінде қызмет алуға болатын құқығымызды толықтай пайдаланамыз.

Бұл бассыздыққа көз жұма алмай полиция шақырдық👆. Арызымызды қабылдап алды, ары қарай Ұлан Әбілхайырдың қызметкерлері айналысады екен.

"OASIS" мейрамханасына барудың ендігіде не керегі бар? Егерде тілімізді сыйламаса, құрметтемесе. Қазақ тілінде жазылған "Мәзір" енді болмайтын болса?

Мынау инстаграм парақшасы, пікірге жазып кетіңіздер⬇️⬇️⬇️

https://instagram.com/oasis.almaty?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Қазақ тілінде сөйлеуге ұялатын әкімші қызметкерін танып алыңыздар⬇️⬇️⬇️
👍43👎2
Қазақ тілінде сөйлеуге ұялатын "OASIS" кафесінің администраторы
👎75🤬20
👍6
🛤️ Теміржолшылар талабы. Айлықты өсіру үшін жолаушылар мен жүк тасымалының бағасын көтеру керек пе?

2022 жылдың 1-ші тамызында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі ресми дерегінде Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі, ПЧ-12 (Бейнеу жол дистанциясы) қызметкерлерінің ереуіл жариялағандығы хабарланды.
Бұл ақпаратты бірқатар Телеграм желісіндегі хайпсүйер каналдар да жарыса жариялаған еді. Жалақыларын 100%-ға көтеру туралы талап қойған бастамашыл топтың ынтасын қолдап үндеу жариялаған әйелдердің бейнежазбасы биліктің кем кетігін теріп отыратын насихатшыл топтарға оңынан келгені рас.

Алайда, мәселенің ақ пен қарасын ажыратып көрсек?!

«ҚТЖ» ҰК» компаниясы еліміздегі ең ірі алпауыт, жүйе құраушы компаниялардың бірі. Мемлекет ішіндегі мемлекет деуге де болады. Мұндай күрделі компаниялардың басқару кешені мен адам ресурстары, еңбек әлеуетінің есебі мен қызметкерге бағытталған өз саясаты, заманауи басқару тетіктеріне негізделген өз құндылықтары мен құрылымы бар.

Осы жылдың шілде айынан бастап теміржолшылардың еңбекақысын төлеудің облыстық коэффициенттеріне кезең-кезеңімен көшу жобасы соның бірі. Әрине, мұндай еңбек төлемінің коэффициенттік немесе KPI жүйелері шалғайдағы шойын жолда қызмет етіп жүрген қарапайым қызметкерге түсініксіз немесе әділетсіз болып көрінуі мүмкін. Өз кезегінде ҚТЖ еңбек ұжымдарында еңбекақы төлеу жүйесіне жаңа тәсілдерді енгізу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын да жүргізу керек.

Компанияның ресми сайтында қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша жоспарлы жұмыстарының есептік көрсеткіштері көрсетілген екен. Өндірістік персоналдағы қызметкерлерінің жалақы деңгейін өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 41%-ке артып, бұл мақсатқа 133 млрд теңге бөлінген. 2013 жылдан бері өндірістік персоналдың жалақысы мұндай деңгейде өспеген.

Жалпы компанияның негізгі табысы жүк және жолаушылар тасымалына негізделгенін және осы табыстан қызметкерлер жалақы алып отырғанын ескерсек, 2020 жылмен салыстырғанда компанияның жалпы табысының көлемі 7,4 есе өскен. Өткен жылы теміржол көлігінің пайдаланылған жүк айналымы 239,3 млрд тонна/км-ге жетіп, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның қорытынды табысы 120,6 млрд теңгені құраған.

Бұл нәтиженің қорытындысында жүргізілген іс-шаралар есебінен 2021-2022 жылдары өндірістік персонал қызметкерлерінің еңбекақысының өсімі орташа есеппен 50% құраған. Биылдың өзінде өндірістік қызметкерлердің жалақысын көтеруге 70 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп отыр.

Еңбекақы төлеу қорларының коэффиценттік жүйесі мен эффективтілік тұрғысынан әділ және адами факторлардан ада болатынына сеніммен қарауға болады. Себебі бүгінде бұл процесстердің барлығы цифрлы автоматтандырылған бағдарламалардан тұрады.
Алайда, мұндай жаңашылдықтардың барлығын өңірлердегі еңбек активтеріне қарапайым тілмен түсіндіре де алу керек. Маңғыстаудағы теміржолшылардың да жүз пайыз өсім сұрап жатқандығы да осындай ағартушылық жұмыстардың кемшіндігінен болуы мүмкін.

Экономикада мультипликативті эффект деген тұжырым бар, мағынасы бір-біріне байланысты жүйелердің бір-біріне әсері. Қарапайым тілмен айтқанда домино тастарының бір-біріне сүйеніп құлауымен түсіндіруге болады.

Мәселен, кешегі Бейнеудегі теміржолшылардың талабы орындалды делік, алайда дәл сондай еңбек етіп жүрген теміржолшы Қандыағаш пен Қазалыда да бар. Онда барлық қазақстандық теміржол бекеттеріндегі өндірістегі 100 мыңнан астам қызметкердің жалақысын көтеру керек деген сөз.

Ал, бұл қызметкерлердің еңбекақысының көлемі ҚТЖ компаниясының жалпы табысымен бірден-бір байланысты екеніне назар салсақ, ҚТЖ өз кезегінде жолаушылар тасымалы мен жүк тасымалындағы тарифтерді көтеру керек болады деген мағынаға саяды.
Жүк тасымалының тарифтері көтерілетін болса, барлық шойын жолда тасымалданып жатқан тауарлардың бағалары да өзгереді, яғни құрылыс, техника мен күнделікті тұрмыстық тауарлардың да бағасы өседі демек. Жолаушылар тасымалындағы билет құны айтпаса да түсінікті.
👍12
🛤️ жалғасы...

Иә, киелі Маңғыстау жері өздерінің талапшыл және өр мінезді географиялық, этникалық ерекшеліктерімен елге аян. Бірақ, соңғы отандық осындай талаптар қою тарихына қарайтын болсақ, маңғыстаулықтардың ғана емес дүйім елдің тыныштығын ойлаған ресми билік бұл жердің азаматтарын жеңіл және кей жағдайда өлшемсіз қойылған сұраныстарын орындаймын деп жаман да үйретіп алған секілді.

Талаптың да талабы, өтініштің де өтініші болады, бірақ қазақ халқы тек қана Маңғыстауда өмір сүріп жатқан жоқ.

Осыны ескерейік!

https://t.me/dalainside
👍19👎6
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыдағы OASIS кафесінің әкімшісі Гаухар Аружан Дүйсебаевадан қазақ тіліндегі ас мәзірінің жоқ болғанына қатысты келеңсіз жағдай үшін кешірім сұрады.

Кафе тез арада қазақ тіліндегі ас мәзірін басып шығармақ.

https://t.me/dalainside
👍19🤬19😁5👏1🤔1
Мемлекеттік кірістер комитеті жеке кәсіпкерлерге қарсы соғыс жариялады

3-ші тамыздан бастап жеңілдетілген салық режимінде жұмыс істейтін (упрощенка) жеке кәсіпкерлер Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінен "біртүрлі" хабарландыру ала бастады. 2021 жыл бойынша камералды бақылау қортындысы аясында кәсіпкерлерге жаппай "басқа дереккөздер мәліметіне сай табысты азайту/жасыру" атты хабарлама келді.

Хабарламаның шаблон негізінде жасалғанын салық мамандарының өздері де мойындап отыр. Бірақ нақты фактілерін (расшифровка) Мемкіріс әлі бермеген, тіпті дайындамаған да. Соның салдарынан кәсіпкерлер мұндай алшақтықтың (расхождение) қайдан шығып отырғанын, қай серіктес-контрагентпен деректерді тексеру керектігін біле алмай жүр.

Алшақтық бойынша расшифровканың қашан берілетіні беймәлім. Мемкірістер жеке кәсіпкерлерге 30 күн ішінде түсініктеме беруін талап еткен. Азаматтар не істерін білмейді.

Мемкірістер "Жаңа Қазақстанға" әлі кірмеген, ішкі бюрократиясы қиындау, автоматтандырылған жүйелерінен қайта-қайта шикілік шыға беретін орган болып табылады. Бірақ оның әр қателігі салық төлеушілерге ауыр тиюде.

https://t.me/dalainside
👍11
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🤜 Әлеуметтік желілерде қазақ тілін силамайтын кафелерге тез шағымданудың видеосабағы пайда болды

Ол бойынша, смартфон арқылы сол кафеде отырып та шағым түсіре беруге болады. "Egov mobile" қосымшасы жүктелсе болғаны. Әлеуметтік желі қолданушылары сол видеоны бір-біріне таратып жатыр.

https://t.me/dalainside
👍38
🤌 Мемлекеттік борыш: Қазақстан 2019 жылдан бастап кәдімгідей қарызға бата бастаған

2021 жылы мемлекеттік қарыз 2020 жылмен салыстырғанда 6,4%-ға өскен. Және қортындысында 21,97 триллион теңгені құраған.

Қазақстанды барынша қарызға кіргізген мекеме - Үкімет болып отыр. Ортақ қарыздың ішінен Үкіметтің үлесі 85,2 пайызды құрады. Ал Ұлттық Банк керісінше қарыз алу көлемін азайтқан. Оның үлесі 9,6% айналасында болды. Қалған 5,2% борыш әкімдіктерге тиесілі.

Біз алатын қарыздың жылдық өсу қарқыны жалпы ішкі өнімнің өсуі көрсеткішінен де артып кеткен. Мысалы, 2010-2021 жылдары мемлекеттік борыштың орташа жылдық өсу қарқыны 21,6%-ды, ал номиналды ЖІӨ өсуі – 14,03%-ды құрады. Ұлттық Банк 2021 жылдың қортындысы бойынша жасаған Қаржылық тұрақтылық бойынша Есепте "Мұндай үрдістің ұзақ уақыт сақталуы келешекте қарыз алу құнының ұлғаюына, нарықтық қайта бағалауға және теңгедегі активтердің төмен тартымдылығына әкеледі. Мұндай сценарий кезінде қаржылық тұрақтылық тәуекелдері артады" - деп жазады.

Осының бәрі неге әкеліп соқты?

Жыл сайын қарызды қайтаруға жұмсалатын шығындарымыз көбейіп барады. 2021 жылы қарызды қайтаруға мемлекет 977,7 миллиард теңге жұмсаған. Мысалы, 2020 жылы осы мақсатқа 762,1 миллиард теңге кеткен болатын. Сонда бір жылда қарызды қайтаруға кететін ақша 215 миллиард теңгеге өскен. Ал егер 2015 жылы қарызды қайтаруға 458,1 млрд теңге жұмсағанымызды ұмытпасақ, сонда 4 жылдың ішінде қарызды жабуға кететін шығын 2,1 есе артқан.

Бұдан біз үкіметтік жоспарлау жүйесінің тым ауыр, сыртқы жағдайларға тез бейімделе алмай отырғанын көреміз. Кейде, Үкімет қарыз керек болмаса да, әу баста құжаттар бекітіліп, қол қойылғандықтан ғана сол қарызды алып жатады. Артынан процентін қосып, кері қайтаруға мәжбүр.

https://t.me/dalainside
👍20🤔2😱1
Қазақстанның қарызды жабуға кететін шығындары (жылдық динамикада)
👍5
🚆Еңбек дауын шешуде компаниялар ҚТЖ-дан үлгі алсын

Кез келген іргелі мекемеде еңбек дауы болатыны – заңдылық. Бірақ оның саясиланып кетуі жұмыс беруші мен мемлекет үшін – үлкен сын.

Осыдан біршама уақыт бұрын «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясына қарасты ПЧ-12 Бейнеу жол дистанциясы теміржол қызметкерлері айлықтарының аздығын айтып, компания басшылығына талабын ашық қойғанын естідік.

Дамыған елдерде қарапайым еңбек адамдарының жұмыс берушілеріне талап қойып, ортақ мәмілеге келуі қалыпты дүние болып саналады. Әдетте еңбек адамдары мен жұмыс берушілер арасындағы дау-дамайларды кәсіподақ ұйымдары оң бағытта шешуге күш салатынын білеміз.

Бірақ біздің елде кәсіподақ ондай ықпалды ұйым емес. Сондықтан жұмысшылар өз талаптарын ашық қойып жатады.

Сол сияқты бейнеулік теміржолшылар өз талаптарын ҚТЖ басшылығына ашық қойып, сот орындарына жүгініп, тараптар ортақ келісімге келіпті.

Бүгін ереуілдеткен теміржолшылар сот орындары арқылы қабылдаған ортақ шешімге риза болып, жұмыстарына қайта кіріскенін айтып видео үндеуін жариялады. Сонымен қатар теміржолшылар қандай да бір саяси мақсат көздеген белсенді топтардың осы оқиғаны пайдаланып кетуіне түбегейлі қарсы екендерін ашып айтты.

Жалпы, Маңғыстау өңірінде еңбек даулары жиі орын алып, оның соңы саясиланып кететіні жасырын емес. Қарапайым еңбек адамына мәселенің бұлайша ушығуы қажет емес.

Алдағы уақытта кез келген еңбек дауының соңы осылай тараптардың келісімге келуімен аяқталуы тиіс деп есептейміз. Бұл жағдай еліміздегі жекелеген компанияларға, қарапайым еңбек адамдарына да сабақ болатын жағдаят деп есептейміз.
👍17
Храпуновтың Шығыс Қазақстанда тәркіленген жерінің өзі 4,8 миллиард теңгеге бағаланған

Бұл туралы Әділет министрлігіне сауал жолдаған LS порталы жазады. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының 2018 жылғы 28 қазандағы үкімімен Виктор Храпуновтан Шығыс Қазақстан облысында 80 гектардан астам жеті жер телімі және бір кеңсе тәркіленді.

Енді осы дүниені мемлекеттік мүлікті басқару органы экономикалық айналымға қайтармақ. Яғни, аукционда сатып, түскен қаржыны республикалық бюджетке аударады.

Қазір төрт жер телімімен Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті айналысып жатыр. Ал кеңсені олар коммуналдық меншікке алып алған. Қалған үш жер телімін Абай облысы, Самара ауданына бермек. Тәркіленген дүниенің жалпы құны 4,8 млрд теңге делінсе де, нақты бюджетке қайтатын қаржы көлемі белгісіз.

Храпуновтар отбасы бойынша басты сот процессі 2018 жылы өтсе де, оның заңсыз дүние-мүлкін халыққа қайтару сағыздай созылып келген. Дәл осы система сақталатын болса, "Қаңтар оқиғасынан" кейін қашып кеткен, немесе ұсталып істі болған олихаргтар мүлкінің мемлекетке өтуі тым ұзаққа созылып кетпей ме деген сұрақ туындайды.

https://t.me/dalainside
👍13
🇹🇷🤜🇷🇺 Путинді емген Ердоған. Тұранбасының ойындары Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?

Қазақстан болашақта өзінің басты транзиттік бағыттарын Ресейден (Қара теңізден) Каспийге ауыстыратын болады. Бұл ретте Республиканың Түркия/Әзірбайжан тандеміне артып отырған үміті зор. Шын айту керек, сыртқы саудада біз қазір Ресейге қалай тәуелдіміз, дәл солай Түркияға тәуелді боламыз. Ол қалайша?

Транскаспий жобасы аты айтып тұрғандай, Каспий теңізі арқылы өтеді де, Еуропаға шығу үшін екі тармаққа бөлінеді.
Бірінші тармақ - Грузияға кетеді. Одан Қара теңізге шығып (Грузия порты арқылы), Румынияға жетеді.
Екінші тармақ - Түркияға кетеді. Дәл қазір ол, Әзірбайжан мен Түркия арасында транспорттық коридордың жоқтығынан Грузия аумағы арқылы өтуде. Әзірбайжан Түркиямен Нахичеван автономиясы арқылы шектеседі. Бірақ Нахичеван мен қалған Әзірбайжан арасында құрлықтық байланыс жоқ. Екі ортаны Арменияның Суник облысы алып отыр. Сондықтан, Әзірбайжан Нахичеванмен байланысатын "Зангезур коридоры" жобасын іске асыруға барынша талпынуда. Қазір Армения арқылы Әзірбайжан жүктері еш қиындықсыз өтіп жүр. Бірақ кез-келген шиеленіс туа салса, Армения шекарасын тас қылып жаба алатынын ескеру керек.

Егер, "Зангезур" коридоры ресми реттелсе, онда Қазақстан Грузия бағытынан көрі Әзірбайжан/Түркия бағытына көбірек ойысары сөзсіз. Себеп: Ресей қажет деп тапса, оның Грузияға да қолы жетеді. Қара теңіздегі грузин порттарын істен шығару Ресей үшін еш қиындық тудырмайды.

Біз тағы да барлық бәсті бір елге - яғни, қазір Түркияға тігейін деп тұрмыз (бұрын дәл осылай Ресейге сенген едік).
Түркия бізді лақтырып кетпей ме?

Бұл сұраққа жауап беру үшін "Ердоған неге Ресеймен келісімге келді?" деген басқа сұраққа жауап беру керек. Ердоған үшін Ресей ішкі экономикаға ауадай қажет 2 дүниенің басты берушісі.

Біріншісі - газ (Турецкий поток). Онсыз 2021 жылғы кризистен шыққысы келетін түрік экономикасы орнынан тұра алмайды.

Екіншісі - Анталия (Алания) жақтың аймақтық экономикасын көтеретін ресейлік туристер. Мойындау керек, Украина/Қазақстан туристері ресейліктерді саны жағынан алмастыра алмады.
Ердоғанның билігі де теңселіп тұр. Түрік экономикасы 2021 жылы гиперинфляция мен девальвацияға ұшырады. Бұл өз кезегінде ІЖӨ өсу қарқынын тоқтатып тастады. Лира құлап, жұмыссыздық пен қымбатшылық орын алды. Түрік азаматтарының наразылығы артты.

2022 жылдың бірінші тоқсанында түрік экономикасының өсуі 7,3% көрсетті. Егер осы қарқынды ұстап тұрса ғана, Түркия кризистен шықты деп айта аламыз. Сондықтан Ердоған үшін осы 3-ші тоқсанның экономикалық көрсеткіші аса маңызды. Сол үшін ол кім осы мақсатта пайдалы, сонымен келісімге келуге дайын. Оны "Nothing personal, it's just business" деп айтады. Ал Ресей оған осы мақсатта пайдалы ел.

Енді басты сұраққа келдік. Егер Путин Ердоғанға "Қазақстанның экспорттық кислородын жауып таста, маған бастары салбырап қайтып келсін" десе, Ердоған келісе ме?

Бұл өте қиын сұрақ. Түркия Қазақстансыз Еуропадағы елеулі транзиттік күшке, яғни логистикалық державаға айнала алмайды. Түркияға толық Тұран құру үшін Қазақстан мен Әзірбайжан ауадай қажет. Екінші жағынан, Қазақстандағы түрік бизнесінің инвестициясы қазір 3,5 миллиард долларға жетіп отыр. Сондықтан Ердоған қазақ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ренжітуге болмайтынын жақсы түсінеді.

Түркия үшін Ресей қазіргі проблемаларды шешуге керек болса, Қазақстан - болашақтағы дамуының кепілі. Егер Түркияда мемлекеттік аналитика бар болса, Ердоған Ресей үшін Қазақстанды сатып кетуге бармайды деп болжауға болады.

https://t.me/dalainside
👍42😁4🔥1👏1🤔1
🛵 GLOVO қазақстандықтардың ақшасын тартып алып, рейдерлікпен айналысқан

GLOVO куръерлік сервисі қазақстандықтардың картасынан артық ақша алып, оны техникалық себептермен байланыстырып, өзінде көп ұстауға тырысатыны анықталған. Биржалық қаржыгер мамандар, егер осындай әдіспен 20 миллиард теңгедей жинаса, GLOVO өзінде ұстап отырған ақшадан қысқамерзімді РЕПО операциялары арқылы қосымша 60 миллион теңгедей тауып отыра алады дейді.

Соңғы оқиға қаржыгер Владислав Туркиннің өз басынан өткен. «Демалыс күні түскі асқа шамамен 4000 теңгеге тапсырыс бердім, бірақ GLOVO іс жүзінде 19 000 теңгедей ұстап қалды» деп жазады, қаржы сарапшысы.

Оның сөзінше, GLOVO басында кінәні мейрамханаға жауып, түлкібұлаңға көшкен. Мейрамхана жағынан бәрі дұрыс болып шыққан. Артынан GLOVO ақшаны тек 10 жұмыс күнінен кейін ғана қайтаратынын айтыпты. Ақша тіпті 10 жұмыс күнінен кейін де қайтарылмаған. GLOVO-ға қайта шағымданса, олар «біз қарастырамыз, бірақ сонымен бірге банктік шоттан немесе картадан выписка беріңіз» деген әңгімені басынан бастаған.

Бұл таза рейдерлік әрекет деп саналады. Рейдерлік әрекет - Қазақстан Республикасы заңдары бойынша қылмыстық істер санатына жатады.

Сондықтан, GLOVO үшін іс насырға шауып бара жатыр.

https://t.me/dalainside
👎29👍16🔥2
🇰🇿 Президент пен Премьер. Адам мен система. Соңғысы қайда барады?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімді демалыстан шықты. Және оның ең бірінші көретін адамы Әлихан Смайылов болмақ. Ел Премьер-министрі экономиканың жағдайы мен өсіміне толық жауапты. Ал инфляция бойынша жауапкершілік (баға өсімі) Премьер мен Ұлттық Банк төрағасына теңдей бөлінген. Осы айда инфляция шарықтау биігінде - яғни 15%-да тұр.

Ұлттық Банктің өз тарапынан не істеп жатқаны түсінікті. Ол базалық ставканы 14,5%-ға көтерді де, нарықтағы артық ақшаны алып тастағысы келді. Экономиканы кредиттеу қарқыны онсыз да құлдырап жатқан еді. Оған себеп ставка емес, нарықтағы пессемизм болып отыр.

Ұлттық Банкқа қарағанда Үкіметке қиын. Шарасыздық белгілері байқалады. Базар да аралады, үйдің жанындағы дүкендерге де тиісті. Бұл баяғы КСРО кезінен қалған әкімшіл-әміршіл әдіс, бірақ қазіргі заманда оның мүлде жұмыс істемейтінін көріп отырмыз.

Үйдің жанындағы қай дүкен Үкімет айтты деп бағаны 15%-дан асырмай отыр? Ондағы сатушы тіпті Үкімет дегеннің не екенін, Премьер-министрдің аты-жөнін де білмейді.

Үкіметке жаңа креатив жетіспейді. Осы креатив кімде бар? Ешкімнен шыға қоймады. Баяғы бюрократия, бітпейтін жиналыстар. Халық бөлек, Үкімет бөлек. Смайылов жағдайды өзгерте ала ма? Ол да ескі шинельдің адамы. Басқаша жұмыс істегісі келетін де шығар. Бірақ қалай істерін білмейді.

Биылғы экономикалық өсімді біз мұнайдың қымбаттауынан аламыз. Бірақ өндірістің қайта-қайта тоқтауынан, Ресейдің құбыр ойындарынан шетелдік мұнай компаниялары зардап шеге бастады.

"Бәйтеректің" өз мандатын тастай салып, акционері рубльге көміп тастаған Сбербанкті құтқарамын деген әлегі мүлде түсініксіз болды. Соның салдарынан, жұмыс істемейтін мусор рубльді жинап алып, онымен не істерін білмей отыр. Ашық ақпарат жоқ, Сбербанкті сонымен ала ма, алмай ма, ол жағы да шешілмеді.

"Самұрық-Қазына" да ауада қалқып тұрып қалған шар іспеттес. Ол Үкіметке қарай ма, әлде Президент өзі басқара ма? Нақтылық жоқ. Экономиканың қозғаушы күші болғандықтан ондай холдингті логикаға сай тиісті мандаты бар Үкімет басқаруы тиіс. Бізде кезінде Назарбаев қалтасын күйттеп, холдингті өзіне қаратып алған еді. Сол ескі жүйе әлі қалып кетті. Есі дұрыс елде басқарушы холдингтерді Үкімет қарайды. Ал Президент одан жоғары болуы керек.

Экономикасы кенжелеген Талдықорған жақты бөліп тастаса да, Алматы облысы донорлар қатарына қосыла қоймады. Әкімдер баяғы ескі жүйеде - бюджетке заявка беріп, сол қаржыны керек/керек емес болса да игеріп тастау науқанымен жүр.

Үкімет Қазақстанды жыл санап қарызға тереңірек батырып келеді. Бар үміт Әлихан Смайыловта болған. Оған уақыт жетпей жатыр ма, әлде ниет жетпей жатыр ма, ол жағы белгісіз. Билік командасында экономиканы Әлихан Асханұлынан артық білетін адам жоқ. Ол бәрін біледі. Бірақ оған система мүмкіндік бермей, қолын байлап отырған сияқты.

Жаңа идея керек, жаңа жүйе керек. Адамдар ауысқаннан ештеңе өзгермейтінін соңғы ауыс-түйістер көрсетті. Қазір Смайыловтың орнына Склярды тағайындаса да, ештеңе өзгермейді. Тіпті Премьер жұмысқа бармай қойса да, система өзі жүре береді.

Бірақ осы система қайда бара жатыр? Осындай ең маңызды сұраққа кім жауап бере алады?

https://t.me/dalainside
👍36