DALA INSIDE
10.8K subscribers
402 photos
128 videos
1 file
1.13K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
Forwarded from BAQ.kz
Қазақстан Президенті ұмра қажылығын өтеді

24 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ислам әлемі үшін қасиетті мекен – Мекке қаласында ұмра немесе кіші қажылығын өтеді.

Президент Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды. Оның есігі ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашылады. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан Президентіне көрсеткен зор құрметін білдіреді.

@baq_kz
👍506👎2🔥2
Базалық ставка: шешім бүгін шығады

Ұлттық банк базалық ставка бойынша кезекті шешімін бүгін жариялауы тиіс. Оның бағыты қандай болады? Төмен әлде жоғары ма? Барлық сарапшылар бір демін ішке бүгіп, осыны күтіп отыр. Оның тіпті осы 14 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалуы да мүмкін.

Бір айқын түсінік бар. Ставка төмендемейді. Ол туралы 2 апта бұрын айтылған Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың сөздерінен түюге болады.

Оның үстіне, Мемлекет басшысы инфляцияны ауыздықтау бойынша қатаң шаралар қолдануды тапсырып отыр. Мұндай кезде ешкімнің ставканы түсірмейтіні түсінікті.

https://t.me/dalainside сөйлескен экономистер мен қаржы инсайдерлерінің пікірі де осыған саяды. Демек, бүгін ставкадан біз не өсім, не сол орнында қалуын күтуіміз керек.

Оның алдында біз ставканың ендігі өсуі кредиттеу нарығындағы қазіргі жағдайды одан әрі ауырлатып жіберетінін жазған болатынбыз.

Жеке тұлғаларды кредиттеу нарығының өсуі болашақ дефолттар тәуекелін асырып отыр. Проценттік мөлшерлеме өссе де, кредит алатын адам саны азаяр емес. Бұл проценттің жүктеменің сайып келгенде халықтың иығына артылғанын көрсетеді.

Банктердің ортақ кредиттік портфелі 18,5 триллион теңгеге жеткен. Бұл ішкі жалпы өнімнің 22,5 пайызы. Осы 18,5 триллион теңгеден 6,3 трлн теңге халыққа тұтынушылық мақсатта берілген.

6,3 трлн теңге тұтынушылық кредит, 4 трлн теңге ипотека, шамамен 3 трлн теңге автокредит портфелін ескерсек, сонда 18,5 триллионың тек 5 триллионы ғана бизнеске, яғни заңды тұлғаларға бағытталады. Ал ол көлем экономиканы дамыту үшін жеткіліксіз. "Қарапайым заттар экономикасы" сынды бағдарламалар мерзімінің ұзартылып жатқанына қарап, мемлекеттік субсидиялық идеологиядан жақын уақытта айрылмайтынын байқаймыз.

https://t.me/dalainside
👍11👎1
🏦 Банк Хоум Кредит атауын өзгертті

«Home Credit Bank» акционерлік қоғамы атауының өзгеруіне байланысты банктің мемлекеттік қайта тіркеуден өткенін хабарлайды. Осыған дейінгі «Хоум Кредит энд Финанс Банк» акционерлік қоғамының еншілес банкі немесе «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ атауы келесіге өзгертілді:

Ендігі толық атауы:
мемлекеттік тілде – «Home Credit Bank» акционерлік қоғамы;
орыс тілінде - Акционерное общество «Home Credit Bank»;

қысқартылған атауы:
мемлекеттік тілде – «Home Credit Bank» АҚ;
орыс тілінде - АО «Home Credit Bank».

Атаудың өзгеруі банктің ұйымдық-құқықтық нысанының, мекенжайының және өзге де деректемелерінің, сондай-ақ банктің өз клиенттері мен контрагенттеріне қатысты құқықтары мен міндеттерінің өзгеруіне соқтырмайды. Банк бұрын жасасқан барлық шарттар өз күшін сақтайды.

Бұл туралы, "DALA инсайд" телеграм арнасына «Home Credit Bank» АҚ баспасөз-қызметі хабарлады.

https://t.me/dalainside
👍6
⚡️Ұлттық Банк базалық ставканы 0,5 пайызға өсірді

Бұл инфляцияны бәсеңдетуі мүмкін. Бірақ кредиттік нарық нокаутқа кетті.

Сонымен, жаңа базалық ставка +/– 1% дәлізбен жылдық 14,5% деңгейінде қабылданды.

Демек, банктер Ұлттық Банктен 15,5 пайызбен қарыз ала алады, ал депозит ұстаса (РЕПО, ноталар) 14,5% жылдық сыйақы алмақ. Теңгенің нарықтағы құны қымбаттап барады.

https://t.me/dalainside
👍12🔥1
👉 Болат Назарбаев сап-сау. Ол жауапкершіліктен жалтаруға тырысуда – журналист


Соңғы аптада атышулы Болат Назарбаевтың өлім аузында жатқанын хабарлаған ақпараттар жиілеп кетті.
Осыдан кейін жалғанды жалпағынан басқан Бөкеңнен әне-міне айырылып қалардай күй кешкенімізді жасырып қайтеміз?
Белгілі журналист Ибраш Нүсіпбаев Болат Назарбаевтың денсаулығына қатысты ақпараттарға күдікпен қарайтынын ашып айтты деп хабарлайды Dalanews.kz.

Болат Назарбаевтың денсаулығы туралы ақпараттардың көптеп шығуына қатысты журналистің өз болжамы бар.
Осыдан біршама уақыт бұрын “Салиқалы ұрпақ” қоғамдық қорының жетекшілері Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев ұзақ уақыт Германияда ем қабылдап, қиын кезеңді бастан кешіп жатқанын хабарлаған.
Қордың мәліметінше, өткен жылдың желтоқсанында Болат Назарбаев шетелде ем алып, кейін дәрігерлердің бақылауымен елге жеткізілген. Содан бері Бөкең жүріп-тұрудан қалып, төсек тартып жатса керек.
“Салиқалы ұрпақ” қорының өкілдері Болат Назарбаев өлім мен өмірдің арасында жатқанда өзінің бизнес құрылымдарын бақыламағанын, дүние-мүлкіне айналасындағылар бас-көз болғанын мәлімдеп үлгерді.

Алайда журналист Ибраш Нүсіпбаев Болат Назарбаевтың көптен бері төсек тартып жатқанына сенбейді.
“Салиқалы ұрпақ” қорының мәліметіне сенсек, Қаңтар оқиғасы орын алмай тұрып Бөкеңнің денсаулығы күрт нашарлап кеткен.
Бұл ретте әріптесіміз Қырғызстанның шекара қызметінің 2022 жылдың 6 қаңтарында таңғы сағат 05:30 шамасында Бөкеңнің “Ақ жол” бақылау-өткізу пунктінен өз аяғымен өтіп, 7 қаңтарда Бішкек әуежайы арқылы Дубайға ұшып кеткені жайындағы мәліметті алға тартады.
Болат Назарбаевтың дәл сол күні Дубайды бетке алғанын Flightradar24 сервисі де растайды.
Осы жайттарды есепке алған журналист “Болат Назарбаев ұзақ уақыттан бері төсек тартып, ауырып жатты дегенге сену қиын” деген пікірде.
Иә, Қанды қаңтар кезінде Болат Назарбаев көлікпен қырғызға қарай қашқаны жайында ақпарат тараған еді.
Осы ретте 2021 жылдың желтоқсанында дәрігерлер бақылауымен елге жеткізілген Бөкең “2022 жылдың 6-шы қаңтарында көлікке отырып, қырғыз асып, Дубайға ұшатындай күш-жігерді қайдан алды?” деген заңды сұрақ туындайды.

Біздіңше, “Салиқалы ұрпақ” қорының таратқан ақпаратынан гөрі Қырғызстанның шекара қызметі мен Flightradar24 сервисінің мәліметі шындыққа жанасады.
Осы ретте “Салиқалы ұрпақ” қоры мен Болаттың отбасының Назарбаевты ұзақ уақыттан бері төсек тартып жатқан “тірі өлік” ретінде көрсетуге неліктен әрекеттеніп жатқаны көпшілікті қызықтырары анық.
Журналист Ибраш Нүсіпбаев Болат Назарбаевтың қоры өзінің қожайыны жайында шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратып, Бөкеңді Қаңтар оқиғасына қатысы жоқ, судан таза, сүттен ақ адам ретінде көрсетуге күш салып жатқанын алға тартыпты.
Мұндай жағдайда дімкәс адамның дүние-мүлкін тәркілеу де адамгершілікке жатпайтыны анық.

Бірақ Қанды қаңтарда Назарбаевтың қолынан билік сусып шығып бара жатқанда “жеке армиясы” бар Бөкеңнің тыныш жатуы мүмкін бе? Әрине мүмкін емес! Бөкеңнің сойылын соғып жүрген жігіттердің сол кезде баррикаданың қай жағында болғанын кімнің болса да іші сезері анық.
Қаңтар оқиғасы кезінде Болат Назарбаев ен жайлайтын Алматы мен Алматы облысында қандай қырғын болғанын білеміз.
Журналист Ибраш Нүсіпбаев осы жайттарды басшылыққа алып, Болат Назарбаев қатты науқас адамның кейпіне еніп, мемлекетке опасыздық жасаушылардың сапынан сытылып шығуды көздеп отыруы мүмкін деп топшылапты.

Айтпақшы, Бөкеңнің қызы Гүлмира Болатқызы күні кеше ғана «Экспресс К.» басылымының журналистерін үйіне шақырып, әкесінің денсаулығы жайында сұхбат беріп, Бөкеңді қатты сырқат адам ретінде көрсетуге тырысқан-тұғын.
Гүлмира Болатқызы «Экспресс К.» басылымына берген сұхбатында әкесінің 2015 жылы бүйректің созылмалы обырына шалдыққанын, Израиль ауруханасында ем алып, бір бүйрегін алдырған, донор көмегіне жүгінгенін айтыпты.
Сол кезден бастап клиникалық өлім жағдайына түскен соң, барлық бизнестен бас тартып, тек өзін күтумен болған. Қазір Болат Назарбаев сөйлей алмайды. «Оған себеп: 2021 жылдан бері көмей обырымен ауырады» дейді Гүлмира Болатқызы.

Ал бұған сенесіздер ме?

https://t.me/dalainside
👍28👎10
Arasha.kz порталына пікір білдірген сарапшы Қазыбек Бейсебаевтың айтуынша, Болат Назарбаевтың ауыр халде жатқан видеосы әдейі таратылып жатыр.

– Нақтырақ айтсам, халықтың аяушылығын тудыру арқылы «Болат Назарбаевты кешіре салайық» деген пікір қалыптастыруда. Ал біз қоғам ретінде оның заңсыз іс әркеттеріне баға берілуін талап етуіміз керек. Билік «халықты алдай саламыз» деп әбден үйреніп алған. Ал біз оларға нақты жауап бер деп талап етуіміз керек, – дейді Бейсебаев.

«Болат Назарбаев қандай жағдайда болса да жауапқа тартылуы керек. Мәселен қылмыскер бір адамды өлтірген болса, біз оны кешірмейміз ғой. Қоғамда «Болат Назарбаев рейдерлік шабуыл жасады» деген әр түрлі алыпқашпа әңгіме айтылады. Оған жауап берілу керек.

Өкінішке қарай біздің билік қылмыстық іс қозғамайды. Не болмаса билік «Болат Назарбаев мөлдір бұлақ секілді тап таза» деп ашық айтуы керек. Олай айтпайды. Тек қана «жанындағы адамдар қылмыс жасады» деп айтылады. Қасындағы адамдар ешқандай бұйрықсыз әрекет етті ме? Бізде осындай түсініксіз жағдай көп…», – дейді сарапшы.
👍21
🎓 Оқу ақысын төлеуге қиналып жүрген студент болсаңыз, осы посттың астына "мен" деп комментарий жазыңыз! Әсіресе ауылдан болсаңыз, не көп балалы отбасыдан болсаңыз тіпті жақсы.

Ондай студентті білсеңіз осы "DALA инсайд" каналына қазір жазылуын сұраңыз. Посттың астына өзі "мен" деп жазсын. Ондай шәкірттер бірталай жиналса, оқу ақысын мемлекет төлеп беретін бағдарламаға ауысу жолдарын хабарлаймыз! Бір аптаның ішінде үлгеру керек!

Каналдың ссылкасы міне https://t.me/dalainside

Бізге толық инструкция беру үшін адам қарасы жиналғаны маңызды
👍38
DALA INSIDE pinned «🎓 Оқу ақысын төлеуге қиналып жүрген студент болсаңыз, осы посттың астына "мен" деп комментарий жазыңыз! Әсіресе ауылдан болсаңыз, не көп балалы отбасыдан болсаңыз тіпті жақсы. Ондай студентті білсеңіз осы "DALA инсайд" каналына қазір жазылуын сұраңыз. Посттың…»
🎉 "Мен" деп жазған студенттер назарына!

"Қазақстан халқына" қоры туралы естіген шығарсыздар. Көптеген олигархтар қорға 130 миллиард теңге жинап берді.

Енді қор, егер сіз:

- Ауылдан келсеңіз;
- Жетім болсаңыз;
- Мүгедектігіңіз болса;
- Сіздің отбасыңыздың бір мүшесі мүгедек болса;

Оқу орнына түсемін деп келген абитуриент болсаңыз, немесе қазір студент ретінде платныйда оқып жатсаңыз, оқу ақшасын сіз үшін төлейді. Ол үшін арыз жазу керек.

Осы бағдарламаға қатысатын университеттер мен қайырымдылық үйымдарының атаулар мен телефондары мына сілтемеде бар. Жағдайларыңызды жасап алыңыздар!

https://qazaqstanhalqyna.kz/kk/press/297-spisok-npo-i-blagotvoritel%CA%B9nykh-organizatsiy.html
👍23
DALA INSIDE pinned «🎉 "Мен" деп жазған студенттер назарына! "Қазақстан халқына" қоры туралы естіген шығарсыздар. Көптеген олигархтар қорға 130 миллиард теңге жинап берді. Енді қор, егер сіз: - Ауылдан келсеңіз; - Жетім болсаңыз; - Мүгедектігіңіз болса; - Сіздің отбасыңыздың…»
🇷🇺🤮 Рубль Қазақстаннан кете бастады. Ол неге біз үшін жақсы жаңалық?

Ұлттық Банк ақыры Ресей рублін сыртқа әкетуге рұқсат берді. Бұған дейін шетел валютасын (10 000$ көлемінен астам соманы) сыртқа шығаруға тиым жұмыс істеп келген еді. Рубль осы тізімнен алынып тасталды. Басқа валюталарға қатысты тиым әлі де сақталады.

Қазақстанда жұмыс істемейтін 40 миллиард рубль қордаланып қалған. Олар көбейіп кеткендіктен, соңғы кездері банктер рубль қабылдауға комиссия, ал айырбастау операцияларына үлкен спред қойған еді. Енді тиым алынып тасталғандықтан және Қазақстанда ақшаны рубльмен ұстау тиімсіз болғандықтан, орыс валютасы елден кете бастауы тиіс.

Біздің бағалауымызша, елдегі рубль массасы тамыз айының соңына таман 23-25 млрд көлемінде болуы мүмкін.

Рубльдің шамадан тыс көптігі Ресейге деген импорттық тәуелділіктен кетуге мүмкіндік бермей отыр. Сауда балансында 2-ші тоқсан қортындысы шықса, импорт динамикасын саралау өте маңызды. Ресей тарапынан келетін импорт қысқарған, бірақ ол солтүстік көршінің өзі сыртқа шығармай отырған тауарлар (азық-түлік) есебінен болуы мүмкін.

https://t.me/dalainside
👍20
Кеңес Рақышев өз құрылымдары арқылы "Жетінші арнаны" сату сделкасын жапты

Бұл туралы "DALA инсайд" дереккөзі хабарлады. Жаңа қожайын телеарна басшылығына Әния Байоразованы тағайындап, басқаруды толық өз қолына алды. Осымен, "Жетінші арна" бағыты көңіл көтеру, ойын-сауықтан іскерлік ақпарат, экономикалық сараптама жағына қарай ойысатын болады. Қазір Қазақстанда таза іскерлік бағытта істейтін жалғыз телеарна бар. Ол - "Атамекен бизнес" арнасы.

"Жетінші арна" дұрыс қолға өтті, дейді, дереккөз. Каналды жақында Қазақстан азаматтығын алған, брокерлік бизнеске жақын, цифрлік ипотека және автокредитпен айналысатын банкі бар олигарх сатып алды. Оның танымал іскерлік басылымы, сайты бар. Енді телеарна қосылып жатыр. Демек, толыққанды іскерлік бағыттағы медиахолдинг жасауға болады. Бір жағынан бұл "Атамекен" медиахолдингіне бәсекелес болады да, соның арқасында іскерлік медиа саласы даму жолына түспек.

Ойын-сауық дәуірінен өткен сияқтымыз. Біздің елімізге әнші-биші, тамадалар емес, экономикалық сарапшылар, модель құра алатын аналитиктер керек.

https://t.me/dalainside
👍41🔥2
🏦 HOME CREDIT BANK ТЕҢГЕ ДЕПОЗИТТЕРІН 16%-ға КӨТЕРДІ

Бүгін Home Credit Bank мерзімді теңге депозиттері бойынша жылдық тиімді мөлшерлемені 14%, жинақ депозиттерінің жылдық тиімді мөлшерлемесін 16% өсірді.

Банктің басқарма төрағасы Кирил Бачваровтың сөзінше, жыл басынан бері банк үш рет «Простой» депозиттері бойынша мөлшерлемені көтерген.

Өзгерістер қазіргі салымшылар мен жаңа клиенттерге қатысты.
Депозитті ашудағы ең төменгі сома 1000 теңге. Салымдарды мобильді қосымшада, сайтта және банк бөлімшелерінде ашуға болады.

Айтқандай, жақында Хоум Кредит Банкі кириллицадағы атаудан бас тартып, Home Credit Bank деп өзгерді.
👍10👎1
📣 Пара алғаны үшін медицина университетінің экс-проректоры сотталды

Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының №2 соты үкімімен «Астана медицина университеті» КЕАҚ проректоры М. Дәулетьярова қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде мерзімін өтеумен 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол жеке компаниялардың басшысы Э. Гриценкодан электронды кітаптарды жеткізудегі жалпы қамқорлығы үшін 10 000 АҚШ доллары сомасында пара алғаны үшін, сондай-ақ делдал М. Қапаров арқылы ректор лауазымына тағайындау үшін 47 000 АҚШ доллары сомасында пара беруге әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот Гриценконы 3 жылға бас бостандығынан, делдал Капаровты 7 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
👍4
Forwarded from ULYS
🇹🇯 Тәжікстан халқы 10 миллионға жетті

https://t.me/ulys1
👍13
📈 АҚШ-тың инфляцияға қарсы күресі теңгеге қалай әсер етеді?

АҚШ Федералды резерв жүйесі базалық ставканы 75 базистік пунктке (0,75%) бірден көтерді. Бұдан біз ФРЖ-ның экономикалық өсімге қарағанда инфляциямен күрес пен доллардың тұрақтылығын нығайтуды таңдағанын байқаймыз. ФРЖ ставкасы үшін 0,75 пайызға бірден өсу "шұғыл қимыл" дегенді білдіреді, себебі соңғы рет мұндай қадамға Федералды резерв жүйесі 28 жыл бұрын барған болатын.

АҚШ қаржы реттеушілері үшін қиын таңдау жасау керек болды - екі тоқсан бойы экономикалық өсім көрінбегеннен кейін рецессияның белгілері қылаң берді. Рецессиядан шығу үшін экономикалық белсенділік керек. Оны арттыру үшін ФРЖ ставкасын төмен түсіру керек еді. Бірақ маусымда 9,1 пайызға жеткен инфляция экономикаға одан да ауыр соққы болады деген шешім қабылданды. Инфляцияны жеңу үшін АҚШ экономикалық өсімді құрбандыққа шалып отыр.

ФРЖ-ның Қазақстан Ұлттық Банкіне қарағанда анағұрлым радикалды қадамға барғанын көріп отырмыз. Біз ставканы 50 базистік пунктқа асырсақ, ал Америка 75 пунктке көтерді. Онда доллар теңгеден көбі мықтырақ нығаяды және бұл қазіргі USD/KZT жұбындағы бағамға 5-7 теңге коридорында әсер етуі мүмкін. Дәл қазір айырбас бекеттерінде долларды сатып алу 482,5 теңге болып тұрса, осы бағамның 488 бағытына қадам алуын болжар едік.

Теңге курсын түзетін 3 фактор: доллар, мұнай, рубль. Алдынғы сессияда Brent фьючерстері барреліне 99,82 доллар көлемінде жабылды. Теңге үшін бұл қолайлы баға деңгейі.

Ал рубльге келетін болсақ, Ресейдің қазіргі бас ауруы рецессия (экономиканың бәсеңдеуі) болғандықтан, оның Орталық Банкі проценттік канал арқылы экономикалық белсенділікті барынша қоздыруға тырысып жатқанын байқаймыз. Осы аптада Ресей Орталық Банкі базалық ставканы 8 пайызға дейін төмендетті. Ресейде инфляциялық қысым әлсіреген, бағаның өршу проблемасы жоқ. Бірақ оның экономикасы АҚШ пен Қазақстанға қарағанда анағұрлым ауыр, системалық дағдарыс алдында тұр. Тіпті биыл экономикасы 8% емес, 6%-ға құлайды деген күннің өзінде де, әлемдік тауар/қаржы айналымы тізбегінен шығып қалғандықтан, жабық жүйеге айналу трансформациясы біраз уақытқа созылады. Ресей оған шыдай ма? Оны ешкім болжай алмайды.

Сонымен, теңгеге мұнай жақтасып тұр, ал доллар қарсы. Рубль қалыс қалды. Экспортерлердің салық апталығына әлі уақыт бар екенін ескерсек, теңге бағамының жәймен әлсірейтінін күтуге болады.

https://t.me/dalainside
👍12
Назарбаев демалыстан оралды...

"Елбасы демалысын Түркияда туған-туыс, жолдас-жораларының ортасында өткерді.

Кейбір аноним дереккөздердің хабарлағанындай экс-президент демалыс кезінде ешбір шетелдік шенеуніктермен немесе бизнес өкілдерімен жүздескен жоқ", - деп жазды Назарбаевтың баспасөз хатшысы.

Айта кетсек, Қаңтар қырғынынан кейін ел алдына шыққан Тұңғыш президент өзінің зейнеткер екенін хабарлап, халықты Тоқаевтың төңірегіне топтасуға шақырған еді.

https://t.me/dalainside
👎14👍5💩4👏2
☄️ Қазақстан Одақтан кету сценарийін қарастырып жатыр ма?

Әлемдегі ірі консалтингтік фирмалардың бірі Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтан шыққандағы экономикалық құрылымы мен тәуекелдерін модельдей бастады. Бұл туралы "DALA инсайд" телеграм арнасының шетелдік компаниядағы дереккөзі хабарлады.

Әзірге бұл фирманың өз бастамасы ма, әлде тапсырыспен жасалып жатыр ма, ол жағы белгісіз. Бірақ консалтингтік компаниялардың көбіне тапсырыспен жұмыс істейтінін ескеру керек. Тіпті тапсырыс беруші жақ Қазақстанның ресми билігі болмаса да, халықаралық қаржы конгламераттарының бұл сценарийді ойластыра беруі де мүмкін.

ЕАЭО Қазақстан үшін экономикалық тиімсіз бе?

Одақ 2021 жылы 318,5 млрд доллардың тауарын импорттады. Оның 22,7 млрд доллары Қазақстанға тиесілі болды. Шамамен сол соманың баж салығын Қазақстан алды да. Мұнда біз баж салығының өзінен емес, Ресей қойып тастаған техрегламенттер кесірінен оның Батыспен арадағы сауда соғысының ішінде отырғандығымыздан ұтылып отырмыз. Ортақ кеден заңнамасы көбіне Ресейдің ыңғайына жығылып, соған ұнамайтын тауарларды ішке кіргізе алмаймыз.

Яғни, шетелдің сапалы әрі арзан импортының орнына, Ресейдің сапасыз, қымбат өнімін алуға мәжбүр болып отырмыз.

Екінші фактор - қайталама санкциялар тәуекелі. Ресей біз арқылы параллельді импорт механизмдерін жолға қойып алса, және Батыс біздің Ресей заказын орындап отырғанымызды дәлелдей алса, Ресейдің жақын одақтасы ретінде санкцияға ұшырайтын уақытымыз алыс емес.

Одақтан шығудың геосаяси, одан әрі экономикалық қиындыққа ұшырататын қатерлері де бар. Сондықтан Қазақстан миналар қойылған алаңнан өтіп бара жатқан адамға ұқсайды. Қате қадамның кез-келгені өлімге әкеледі.

https://t.me/dalainside
👍38🤔5🔥2
🏔️ Қазақстанды Алматы алып шығатын болды

Биыл Алматы Қазақстан бюджетіне 3 триллион теңге әкелуі тиіс. Егер қалалық мемлекеттік кірістер департаменті осы жоспарды орындай алса, онда бұл Алматы тарихындағы абсолютты рекорд болады. Бұл қала экономикасының жыл басындағы "Қаңтар оқиғасы" салдарынан толық айыққандығын және көлеңкелі экономикамен сәтті күресіп жатқанын көрсетіп отыр.

Алматыда биылғы бірінші тоқсанда 929 миллиард теңге жиналды. Оның 675 милллиардын мегаполис республикалық бюджетке берді, ал 254 милллиардын өзінде қалдырды.

Алматыда ірі өндіріс пен жүйеқұраушы алып компаниялар жоқ. Негізгі салық халыққа қызмет көрсететін шағын және орта бизнес нысандары, базарлар мен сауда орталықтары, банктер мен микроқаржы ұйымдары, сақтандыру компанияларынан жиналады.

Алматы жалпы республикалық түсімнің 26,7 пайызын береді. Қазір Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі (ҚНРДА) бас кеңсесі Алматыда отырғандықтан, ірі банктер де өз заңды мекен-жайларын (бас кеңселері) осы қалада ұстап отыр. Сондықтан, мегаполис әкімдігі ҚНРДА-ның Алматыдан Астанаға көшіп кетпеуі үшін үнемі күресіп келеді.

2022 жылдан кейін жеңілдетілген режимде отырған жеке кәсіпкерлер үшін (упрощенка, патенттегі ИП) салықтан босатылу мерзімі аяқталады. Сол кезде Алматы бюджеті қосымша 100 миллиард теңгеден астам салық ала бастауы тиіс.

https://t.me/dalainside
👍18
🏠 7-20-25: Үлгерген адам маладес

"DALA инсайд" аналитиктері жасаған статистикалық модельдеу бойынша, танымал "7-20-25" ипотекасы 2023 жылдың наурыз айының соңында несие беруін тоқтатып, толық 1 триллион теңгені игермек.

Қазір 1 триллион теңгенің 630 миллиард теңгесі кредит түрінде берілген. 370 миллиард теңге бар. Бірақ, соңғы екі айдың динамикасына қарап, 370 миллиард теңгенің тек 8 айға жететінін болжауға болады.

Себеп - Freedom Finance Bank іске қосқан цифрлі "7-20-25" ипотекасында. Жаңа технологиялардың арқасында ол банк бірден көптеп ипотека бере бастады да, ақшаның игерілуі күрт жеделдеп кетті. Оны көрген "7-20-25" ипотекасының дәстүрлі лидері ЦентрКредит банкі де несие беруін жылдамдата бастады. Осылайша 2 банк танымал ипотека көрсеткіштерін жеделдетіп жіберді.

Бұл орайда Ресейге салынған санкцияға іліккен Сбербанк уақытша ойыннан шығып қалған еді. Бірақ банк жақын арада ("Бәйтерек" холдингіне толық өткеннен бастап) кредиттеу нарығына қайта оралатын болады. Сбербанк те үлкен көлемде "7-20-25" ипотекасын халыққа беріп жүрген болатын.

Осылайша, 8 ай қалды деп болжауға болады. Және жеңіл ипотекадан үмітті адамдарға асығу керек. Ұлттық Банк базалық ставкасы өсіп жатқан жағдайда, бұдан кейін мұндай 7 пайыздық ипотека болмайтыны түсінікті.

https://t.me/dalainside
👍9