DALA INSIDE
10.8K subscribers
402 photos
128 videos
1 file
1.13K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
Джерутоның Рыбакинадан несі кем?


Күні кеше ғана кениялық қара қыз Джеруто Қазақстанға жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының алғашқы алтынын әперді.
Желідегі жұрт «өз қазағымыз қайда» деп баяғы әдетіне басуда.
Ойбай-ау, ағайын өткенде тенисші орыс қызы Елена Рыбакина «Уимблдонда» топ жарғанда біраз жұрт қатына ұл тапқандай қуанып еді.
Енді желаяқ қыз Джеруто Қазақстанға алтын медаль алып бергенде «әңгіме» айтқаны қызық болып тұр.
Ағайын кениялық желаяқтардың алдына түсетін атлеттер әлемде сирек кездеседі.
Джерутоны да бауырымызға басып, көк байрағымызды желбереткені үшін алғыс айтайық! Қалай ойлайсыздар?
👍93🤔5🔥1👏1
Аронды сақтай алмадық, енді Берікке кесіріміз тимесін!

Таныдыңыздар ма? Төсек тартып жатқан Қанды қаңтарда қазақтың көк байрағын тік көтерген Берік Әбішев деген батырымыз ғой. Берік сол кезде басынан ауыр жарақат алып, бүгінде ем алып жатқаны баршаға мәлім. Денсаулығы анау айтқандай мәз емес. Организмі әлсіз.
Қазір өзін ұлтшыл, саясаткер санайтын біраз адам осы жігіт жатқан палатағы барып, суретке түсіп әлеуметтік желіге салуда.
Қысқасы Берік арқылы өзін жарнамалап жатқан адамдар көп. Болат Әбіловтен бастап, өзін оппозиционер санайтын біраз адам қазір осы жігіттің айналсоқтап шықпай жүр.
Ағайын, Берік батырымыз мұражайдағы экспонат емес қой. Оның тыныш жатып ем алуына кедергі келтірмейік.
🔥11👍9
Естеріңізде шығар, өткен жылы коронавирус бет қаратпай тұрғандай Арон Атабек төсек тартып жатқанда, өзін жарнамалауға құмар топ өмір мен өлімнің арасында жатқан Арон Атабектің айналсоқтап, біраз селфилеткен еді. Түрмеден денсаулығын жоғалтып шыққан батырымызға басын осылай қатерге тіккен едік.
Сол кезді дәрігерлер Арон Атабектің коронавирус жұқтырғанын айтты. Аронға коронавирусты кім жұқтырды? Сөз жоқ, оның хал жағдайын сұрап келген топ жұқтырды. Енді сол жағдай тағы да қайталануда.
Псевдосаясаткерлер тәттігі үймелеген арадай Беріктің жанынан шықпауда. Оның денсаулығын ойлап жатқан ешкім жоқ.
Елде карантиндік шектеулер тоқтаған мен коронавирус әлсіз адамдардың тез жұғатынын бәріміз білеміз.
Иә, Арон Атабек денсаулығын түрмеде жоғалтты. Бірақ коронавирус қызған шақта оған маза бермегенімізді де мойындауымыз керек. Осылайша өзі дімкәс адамның бақиға аттануын жеделдете түстік.
Енді Берікпен бірге селфиге түсеміз деп, оның өміріне қауіп төндірмейік!
👍29🔥4
Forwarded from BAQ.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

Украина тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бірін-бірі екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығымен құттықтады. Бұл атаулы күн 23 шілдеде атап өтіледі.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Украинадағы жағдайды дипломатиялық жолмен реттеуге қатысты Қазақстанның түбегейлі ұстанымын растады.

@baq_kz
👍376👏2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇸🇦 Санаулы минуттардан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Инвестициялық дөңгелек үстел басталады.

Жиынға Сауд Арабиясы ірі компанияларының басшылары қатысады.

t.me/bort_01
🔥23👍13
💸 Араб қаржысы және Қазақстан. Біздің Президентті инвесторлар неге жақсы көреді?

Украинадағы қақтығыс салдарынан әлем елдері астық дефицитін сезіне бастады. Қамбалар бос тұр. Мемлекеттер өздерінің азық-түлік қауіпсіздігін ойлап, жанталасуда. Биылдан - фермерлер мен ауыл шаруашылығының жаңа дәуірі басталды деп айтуға болады. Азық-түлік мұнайдан да маңызды. Тіпті көптеген елдер өздерінде ішкі запас қалсын деп, тағам экспортынан бас тарты. Ол нарықта жетіспеушілік туғызып жатыр. Күзде қиын кезең басталады.

Әлемдегі аграрлы алпауыт компаниялар, фондтар болашақты нақты болжай алады. Қазір олар балама жобалар іздей бастады. Осы жолда көбі Қазақстанға көз тігіп отыр.

Себеп? Қазақстан егістік көлемі бойынша әлемдегі алтыншы ел. Мемлекет сырттан инвестициялар мен жаңа технологиялар тартуға мүдделі. Заңдары мен салық режимі өте қолайлы. Қазақ жеріндегі егістікке тек инвестиция, жаңа технологиялар мен логистикалық шешімдер ғана жетіспей тұр. Ал ол халықаралық компанияларда бар.

Сондықтан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа басқа елдер тарапынан қызығушылық көп.

2021 жылы қазақ ауыл шаруашылығы 7,4 триллион теңгеге өнім (дәнді дақылдар, мал, көкөніс, жеміс) өндірген. Біздің мүмкіндігімізбен салыстырып қарағанда, бұл өте аз.

Қазіргі егістік көлемі 22,9 млн гектар. Енді оның аумағын жалпитып көбейте берудің қажеті шамалы. Тек жердің сапасын арттырып, егу, ору мен баптаудың жаңа технологиясын өндіру керек. Біз егіске суды тым үнемсіз жұмсап, ысырап етіп отырған елміз. Тамшылап суғару технологиясы тек азын-аулақ теплицаларда ғана қолданылады.

22,9 млн гектарды біз қалай бөлдік?

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 16 млн гектарды алады. Оның ішіндегі бидай үлесі– 12,9 млн га. Майлы дақылдар 3,1 млн га, азықтық дақылдар – 3,1 млн га, мақта – 109,9 мың га, күріш – 96,8 мың га, қант қызылшасы – 21,7 мың га, картоп – 195,8 мың, көкөніс (қияр, помидор) - 168,6 мың га, бақша дақылдары (қарбыз, қауын) – 110,0 мың га.

Көріп тұрғанымыздай, егістіктің жартысынан астамы бидайға берілген. Қазақстан өз-өзін асырай алады. Ел Президентін шақырып отырған арабтар, агрокешенімізге инвестиция салып, болашақ зор ұсынысты игеруге дайын екенін байқатты.

Қазақстан осы инвестицияларды тарта алса, аймақтағы ең әлеуетті ел болайын деп тұр. Тек мұнай, металл мен уранға иек арта бермей, агрорлық алпауыт болу өз қолымызда. Ол үшін инвестициямен қатар, жаңа технологияны енгізу өте маңызды.

Егер біз ауылшаруашылығы өнімдері көлемін жылына 50 млрд доллар деңгейіне жеткізе алсақ, онда болашағымыз мықты болады. Қазір 14-15 млрд доллар шамасында тұрмыз. Бұл кенжелеп қалған елдердің көрсеткіші және осы бағыттағы дамуымызға ерекше күш салу керек.

Сауд Арабиясындағы келіссөздер - әр қазақтың болашағына әсер ететін аса маңызды сәт. Біздің Президент мықты дипломат және арабтарға не керек екенін біледі. Араб қаржыгерлері мықты аналитиктер, олар да Қазақстанның қазіргі жағдайын біліп отыр. Осы түсініктерден біз үшін тиімді контракттар алсақ, онда ауылшаруашылығының жаңа дәуірінде Қазақстан да көштен қалмайтыны анық.

Сарапшы Айбар Олжайдың жазбасынан

https://t.me/dalainside

UPD... Автордың тізе батыруынан кейін фейсбук сілтемесі 🤮 https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0aMRZWFkKnsnn1WQSXYdRkzgamJj3pxXZLVmyvAGhJ51cC5NaHL914RuXFsXZTSHrl&id=100019499658791
👍40👏4🔥1
😔Атыраудағы Абай Павлодардағы Абайдан 90 млн теңгеге неге қымбат?


Соңғы уақыттары шенеуніктер арасында ескерткіштерден ақша жеп, жемқорлықтың батпағына бату әдетке айналғандай. Өткен жылдың күзінде Атырау облысының әкімінің орынбасары Бақытгүл Хәменова Атырауда орнатылуы тиіс Абай ескерткішіне бөлінген қаржыға қол салып, ұсталған еді.
Бұдан кейін Павлодар облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Самал Бегалинова Әлихан Бөкейханның бюстін дайындау және оны кедергісіз қабылдау туралы шарт жасасқаны үшін кәсіпкерден миллион теңге пара алып, темір тордың ар жағынан бірақ шыққан болатын.

Абай ескерткішінен Хәменова 4,5 млн теңге алып қалғаны жайындағы әңгіме қазір ақпарат құралдарында желдей есуде.
Хәменоваға қатысты сот ісі 12 шілдеде басталуы керек еді. Бірақ ол 3 тамызға шегерілді.
Келісім-шарт бойынша Атырау облыстық әкімдігі Абай ескерткішін салып жатқан компанияға 72,5 млн теңгесін, яғни, келісілген соманың жартысын төлеп қойған.
Жалпы Атырау облысы әкімдігі Абай ескерткішін тұрғызу үшін 145 млн теңге жұмсауды жоспарлаған.

Бір қызығы Абайдың дәл осындай әскерткішін тұрғызу үшін Павлодар облысы әкімдігі 55 млн теңге шығындапты. Керекудегі ақынның мүсіні – қоладан, тұғыры граниттен жасалған, биіктігі – 5,25 метр.

Ал Атыраудағы тұрғызылатын Абай ескерткіші алтыннан құйылмағаны анық. Атыраудағы ақынның ескерткіші тұғырымен қоса есептегенде биіктігі 11 метр болса, ескерткіштің 5 метрді құраған (Павлодардағы ескерткіш 25 см биік). Ескерткіш Павлодардағыдай қола мен гранит тастан тұрғызылған.
Бағаның ала-құла болуынан ескерткіш орнату ісінен жемқорлықтың иісі аңқитыны анық.

https://t.me/dalainside
👍17
Forwarded from BAQ.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясындағы ірі компаниялардың басшыларымен кездесті

Президент Ajlan & Bros Holding Group холдингтік топ басқармасының басшысы Аджлан бен Әбделазиз Әл-Аджланмен және Acwa Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Әбунаянмен әңгімелесті.

Сауд Арабиясы Корольдігінің және Таяу Шығыстағы ірі конгломераттың бірі – Ajlan & Bros Holding Group Қазақстанға инвестиция құюға мүдделі екенін айтты.

Қазіргі уақытта холдинг Алматы облысының ауыл шаруашылығы саласындағы өндіріс жобасын пысықтауда.

Мұхаммед Әбунаянмен кездесуде баламалы энергия көздерін дамыту мәселелері талқыланды. Президенттің айтуынша, еліміз 2030 жылға қарай жаңғыртылатын энергия көздерінің 30 пайызын өндіруді жоспарлап отыр.

@baq_kz
👍33🔥1
Forwarded from BAQ.kz
Қазақстан Президенті ұмра қажылығын өтеді

24 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ислам әлемі үшін қасиетті мекен – Мекке қаласында ұмра немесе кіші қажылығын өтеді.

Президент Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды. Оның есігі ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашылады. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан Президентіне көрсеткен зор құрметін білдіреді.

@baq_kz
👍506👎2🔥2
Базалық ставка: шешім бүгін шығады

Ұлттық банк базалық ставка бойынша кезекті шешімін бүгін жариялауы тиіс. Оның бағыты қандай болады? Төмен әлде жоғары ма? Барлық сарапшылар бір демін ішке бүгіп, осыны күтіп отыр. Оның тіпті осы 14 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалуы да мүмкін.

Бір айқын түсінік бар. Ставка төмендемейді. Ол туралы 2 апта бұрын айтылған Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың сөздерінен түюге болады.

Оның үстіне, Мемлекет басшысы инфляцияны ауыздықтау бойынша қатаң шаралар қолдануды тапсырып отыр. Мұндай кезде ешкімнің ставканы түсірмейтіні түсінікті.

https://t.me/dalainside сөйлескен экономистер мен қаржы инсайдерлерінің пікірі де осыған саяды. Демек, бүгін ставкадан біз не өсім, не сол орнында қалуын күтуіміз керек.

Оның алдында біз ставканың ендігі өсуі кредиттеу нарығындағы қазіргі жағдайды одан әрі ауырлатып жіберетінін жазған болатынбыз.

Жеке тұлғаларды кредиттеу нарығының өсуі болашақ дефолттар тәуекелін асырып отыр. Проценттік мөлшерлеме өссе де, кредит алатын адам саны азаяр емес. Бұл проценттің жүктеменің сайып келгенде халықтың иығына артылғанын көрсетеді.

Банктердің ортақ кредиттік портфелі 18,5 триллион теңгеге жеткен. Бұл ішкі жалпы өнімнің 22,5 пайызы. Осы 18,5 триллион теңгеден 6,3 трлн теңге халыққа тұтынушылық мақсатта берілген.

6,3 трлн теңге тұтынушылық кредит, 4 трлн теңге ипотека, шамамен 3 трлн теңге автокредит портфелін ескерсек, сонда 18,5 триллионың тек 5 триллионы ғана бизнеске, яғни заңды тұлғаларға бағытталады. Ал ол көлем экономиканы дамыту үшін жеткіліксіз. "Қарапайым заттар экономикасы" сынды бағдарламалар мерзімінің ұзартылып жатқанына қарап, мемлекеттік субсидиялық идеологиядан жақын уақытта айрылмайтынын байқаймыз.

https://t.me/dalainside
👍11👎1
🏦 Банк Хоум Кредит атауын өзгертті

«Home Credit Bank» акционерлік қоғамы атауының өзгеруіне байланысты банктің мемлекеттік қайта тіркеуден өткенін хабарлайды. Осыған дейінгі «Хоум Кредит энд Финанс Банк» акционерлік қоғамының еншілес банкі немесе «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ атауы келесіге өзгертілді:

Ендігі толық атауы:
мемлекеттік тілде – «Home Credit Bank» акционерлік қоғамы;
орыс тілінде - Акционерное общество «Home Credit Bank»;

қысқартылған атауы:
мемлекеттік тілде – «Home Credit Bank» АҚ;
орыс тілінде - АО «Home Credit Bank».

Атаудың өзгеруі банктің ұйымдық-құқықтық нысанының, мекенжайының және өзге де деректемелерінің, сондай-ақ банктің өз клиенттері мен контрагенттеріне қатысты құқықтары мен міндеттерінің өзгеруіне соқтырмайды. Банк бұрын жасасқан барлық шарттар өз күшін сақтайды.

Бұл туралы, "DALA инсайд" телеграм арнасына «Home Credit Bank» АҚ баспасөз-қызметі хабарлады.

https://t.me/dalainside
👍6
⚡️Ұлттық Банк базалық ставканы 0,5 пайызға өсірді

Бұл инфляцияны бәсеңдетуі мүмкін. Бірақ кредиттік нарық нокаутқа кетті.

Сонымен, жаңа базалық ставка +/– 1% дәлізбен жылдық 14,5% деңгейінде қабылданды.

Демек, банктер Ұлттық Банктен 15,5 пайызбен қарыз ала алады, ал депозит ұстаса (РЕПО, ноталар) 14,5% жылдық сыйақы алмақ. Теңгенің нарықтағы құны қымбаттап барады.

https://t.me/dalainside
👍12🔥1
👉 Болат Назарбаев сап-сау. Ол жауапкершіліктен жалтаруға тырысуда – журналист


Соңғы аптада атышулы Болат Назарбаевтың өлім аузында жатқанын хабарлаған ақпараттар жиілеп кетті.
Осыдан кейін жалғанды жалпағынан басқан Бөкеңнен әне-міне айырылып қалардай күй кешкенімізді жасырып қайтеміз?
Белгілі журналист Ибраш Нүсіпбаев Болат Назарбаевтың денсаулығына қатысты ақпараттарға күдікпен қарайтынын ашып айтты деп хабарлайды Dalanews.kz.

Болат Назарбаевтың денсаулығы туралы ақпараттардың көптеп шығуына қатысты журналистің өз болжамы бар.
Осыдан біршама уақыт бұрын “Салиқалы ұрпақ” қоғамдық қорының жетекшілері Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев ұзақ уақыт Германияда ем қабылдап, қиын кезеңді бастан кешіп жатқанын хабарлаған.
Қордың мәліметінше, өткен жылдың желтоқсанында Болат Назарбаев шетелде ем алып, кейін дәрігерлердің бақылауымен елге жеткізілген. Содан бері Бөкең жүріп-тұрудан қалып, төсек тартып жатса керек.
“Салиқалы ұрпақ” қорының өкілдері Болат Назарбаев өлім мен өмірдің арасында жатқанда өзінің бизнес құрылымдарын бақыламағанын, дүние-мүлкіне айналасындағылар бас-көз болғанын мәлімдеп үлгерді.

Алайда журналист Ибраш Нүсіпбаев Болат Назарбаевтың көптен бері төсек тартып жатқанына сенбейді.
“Салиқалы ұрпақ” қорының мәліметіне сенсек, Қаңтар оқиғасы орын алмай тұрып Бөкеңнің денсаулығы күрт нашарлап кеткен.
Бұл ретте әріптесіміз Қырғызстанның шекара қызметінің 2022 жылдың 6 қаңтарында таңғы сағат 05:30 шамасында Бөкеңнің “Ақ жол” бақылау-өткізу пунктінен өз аяғымен өтіп, 7 қаңтарда Бішкек әуежайы арқылы Дубайға ұшып кеткені жайындағы мәліметті алға тартады.
Болат Назарбаевтың дәл сол күні Дубайды бетке алғанын Flightradar24 сервисі де растайды.
Осы жайттарды есепке алған журналист “Болат Назарбаев ұзақ уақыттан бері төсек тартып, ауырып жатты дегенге сену қиын” деген пікірде.
Иә, Қанды қаңтар кезінде Болат Назарбаев көлікпен қырғызға қарай қашқаны жайында ақпарат тараған еді.
Осы ретте 2021 жылдың желтоқсанында дәрігерлер бақылауымен елге жеткізілген Бөкең “2022 жылдың 6-шы қаңтарында көлікке отырып, қырғыз асып, Дубайға ұшатындай күш-жігерді қайдан алды?” деген заңды сұрақ туындайды.

Біздіңше, “Салиқалы ұрпақ” қорының таратқан ақпаратынан гөрі Қырғызстанның шекара қызметі мен Flightradar24 сервисінің мәліметі шындыққа жанасады.
Осы ретте “Салиқалы ұрпақ” қоры мен Болаттың отбасының Назарбаевты ұзақ уақыттан бері төсек тартып жатқан “тірі өлік” ретінде көрсетуге неліктен әрекеттеніп жатқаны көпшілікті қызықтырары анық.
Журналист Ибраш Нүсіпбаев Болат Назарбаевтың қоры өзінің қожайыны жайында шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратып, Бөкеңді Қаңтар оқиғасына қатысы жоқ, судан таза, сүттен ақ адам ретінде көрсетуге күш салып жатқанын алға тартыпты.
Мұндай жағдайда дімкәс адамның дүние-мүлкін тәркілеу де адамгершілікке жатпайтыны анық.

Бірақ Қанды қаңтарда Назарбаевтың қолынан билік сусып шығып бара жатқанда “жеке армиясы” бар Бөкеңнің тыныш жатуы мүмкін бе? Әрине мүмкін емес! Бөкеңнің сойылын соғып жүрген жігіттердің сол кезде баррикаданың қай жағында болғанын кімнің болса да іші сезері анық.
Қаңтар оқиғасы кезінде Болат Назарбаев ен жайлайтын Алматы мен Алматы облысында қандай қырғын болғанын білеміз.
Журналист Ибраш Нүсіпбаев осы жайттарды басшылыққа алып, Болат Назарбаев қатты науқас адамның кейпіне еніп, мемлекетке опасыздық жасаушылардың сапынан сытылып шығуды көздеп отыруы мүмкін деп топшылапты.

Айтпақшы, Бөкеңнің қызы Гүлмира Болатқызы күні кеше ғана «Экспресс К.» басылымының журналистерін үйіне шақырып, әкесінің денсаулығы жайында сұхбат беріп, Бөкеңді қатты сырқат адам ретінде көрсетуге тырысқан-тұғын.
Гүлмира Болатқызы «Экспресс К.» басылымына берген сұхбатында әкесінің 2015 жылы бүйректің созылмалы обырына шалдыққанын, Израиль ауруханасында ем алып, бір бүйрегін алдырған, донор көмегіне жүгінгенін айтыпты.
Сол кезден бастап клиникалық өлім жағдайына түскен соң, барлық бизнестен бас тартып, тек өзін күтумен болған. Қазір Болат Назарбаев сөйлей алмайды. «Оған себеп: 2021 жылдан бері көмей обырымен ауырады» дейді Гүлмира Болатқызы.

Ал бұған сенесіздер ме?

https://t.me/dalainside
👍28👎10
Arasha.kz порталына пікір білдірген сарапшы Қазыбек Бейсебаевтың айтуынша, Болат Назарбаевтың ауыр халде жатқан видеосы әдейі таратылып жатыр.

– Нақтырақ айтсам, халықтың аяушылығын тудыру арқылы «Болат Назарбаевты кешіре салайық» деген пікір қалыптастыруда. Ал біз қоғам ретінде оның заңсыз іс әркеттеріне баға берілуін талап етуіміз керек. Билік «халықты алдай саламыз» деп әбден үйреніп алған. Ал біз оларға нақты жауап бер деп талап етуіміз керек, – дейді Бейсебаев.

«Болат Назарбаев қандай жағдайда болса да жауапқа тартылуы керек. Мәселен қылмыскер бір адамды өлтірген болса, біз оны кешірмейміз ғой. Қоғамда «Болат Назарбаев рейдерлік шабуыл жасады» деген әр түрлі алыпқашпа әңгіме айтылады. Оған жауап берілу керек.

Өкінішке қарай біздің билік қылмыстық іс қозғамайды. Не болмаса билік «Болат Назарбаев мөлдір бұлақ секілді тап таза» деп ашық айтуы керек. Олай айтпайды. Тек қана «жанындағы адамдар қылмыс жасады» деп айтылады. Қасындағы адамдар ешқандай бұйрықсыз әрекет етті ме? Бізде осындай түсініксіз жағдай көп…», – дейді сарапшы.
👍21
🎓 Оқу ақысын төлеуге қиналып жүрген студент болсаңыз, осы посттың астына "мен" деп комментарий жазыңыз! Әсіресе ауылдан болсаңыз, не көп балалы отбасыдан болсаңыз тіпті жақсы.

Ондай студентті білсеңіз осы "DALA инсайд" каналына қазір жазылуын сұраңыз. Посттың астына өзі "мен" деп жазсын. Ондай шәкірттер бірталай жиналса, оқу ақысын мемлекет төлеп беретін бағдарламаға ауысу жолдарын хабарлаймыз! Бір аптаның ішінде үлгеру керек!

Каналдың ссылкасы міне https://t.me/dalainside

Бізге толық инструкция беру үшін адам қарасы жиналғаны маңызды
👍38
DALA INSIDE pinned «🎓 Оқу ақысын төлеуге қиналып жүрген студент болсаңыз, осы посттың астына "мен" деп комментарий жазыңыз! Әсіресе ауылдан болсаңыз, не көп балалы отбасыдан болсаңыз тіпті жақсы. Ондай студентті білсеңіз осы "DALA инсайд" каналына қазір жазылуын сұраңыз. Посттың…»
🎉 "Мен" деп жазған студенттер назарына!

"Қазақстан халқына" қоры туралы естіген шығарсыздар. Көптеген олигархтар қорға 130 миллиард теңге жинап берді.

Енді қор, егер сіз:

- Ауылдан келсеңіз;
- Жетім болсаңыз;
- Мүгедектігіңіз болса;
- Сіздің отбасыңыздың бір мүшесі мүгедек болса;

Оқу орнына түсемін деп келген абитуриент болсаңыз, немесе қазір студент ретінде платныйда оқып жатсаңыз, оқу ақшасын сіз үшін төлейді. Ол үшін арыз жазу керек.

Осы бағдарламаға қатысатын университеттер мен қайырымдылық үйымдарының атаулар мен телефондары мына сілтемеде бар. Жағдайларыңызды жасап алыңыздар!

https://qazaqstanhalqyna.kz/kk/press/297-spisok-npo-i-blagotvoritel%CA%B9nykh-organizatsiy.html
👍23
DALA INSIDE pinned «🎉 "Мен" деп жазған студенттер назарына! "Қазақстан халқына" қоры туралы естіген шығарсыздар. Көптеген олигархтар қорға 130 миллиард теңге жинап берді. Енді қор, егер сіз: - Ауылдан келсеңіз; - Жетім болсаңыз; - Мүгедектігіңіз болса; - Сіздің отбасыңыздың…»
🇷🇺🤮 Рубль Қазақстаннан кете бастады. Ол неге біз үшін жақсы жаңалық?

Ұлттық Банк ақыры Ресей рублін сыртқа әкетуге рұқсат берді. Бұған дейін шетел валютасын (10 000$ көлемінен астам соманы) сыртқа шығаруға тиым жұмыс істеп келген еді. Рубль осы тізімнен алынып тасталды. Басқа валюталарға қатысты тиым әлі де сақталады.

Қазақстанда жұмыс істемейтін 40 миллиард рубль қордаланып қалған. Олар көбейіп кеткендіктен, соңғы кездері банктер рубль қабылдауға комиссия, ал айырбастау операцияларына үлкен спред қойған еді. Енді тиым алынып тасталғандықтан және Қазақстанда ақшаны рубльмен ұстау тиімсіз болғандықтан, орыс валютасы елден кете бастауы тиіс.

Біздің бағалауымызша, елдегі рубль массасы тамыз айының соңына таман 23-25 млрд көлемінде болуы мүмкін.

Рубльдің шамадан тыс көптігі Ресейге деген импорттық тәуелділіктен кетуге мүмкіндік бермей отыр. Сауда балансында 2-ші тоқсан қортындысы шықса, импорт динамикасын саралау өте маңызды. Ресей тарапынан келетін импорт қысқарған, бірақ ол солтүстік көршінің өзі сыртқа шығармай отырған тауарлар (азық-түлік) есебінен болуы мүмкін.

https://t.me/dalainside
👍20