DALA INSIDE
10.8K subscribers
400 photos
128 videos
1 file
1.13K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Антикор Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық іс тергеп-тексеруін жалғастыруда

Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2017-2018 жылдары «Ақпараттық ресурстарда объектілерді танымал ету үшін жалпыұлттық тізбеге енгізілген объектілердің 3D модельдерін құру» жобасын іске асыру кезінде Ұлттық музей басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ұлттық музей мердігер ұйымдарға аталған жоба аясында атқарылған жұмыстар үшін 1,3 млрд теңге төледі.

Сонымен қатар, жүргізілген сараптамалық зерттеу жұмыстарының нақты құны 83,4 млн теңгені құрағаны анықталды.

Осылайша, жұмыс құны 1,2 млрд теңгеге негізсіз ұлғайтылып, мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірді.

Тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
👍21🥰1
ЕАЭС - ті Қазақстан үшін тиімді одаққа айналдыру жолдары: +13%

Ресей мен Беларусьтің санкцияға ұшырағанына қарамастан еліміздің ЕАЭС-тегі баж салықтарынан алатын үлесі 7%-дан асқан емес.

Осы үлесті 20%-ға жеткізсек қана, біз үшін Одақ тиімді институтқа айнала алады.

Егер Одақтан шықпайтын болсақ, онда оны барынша сөлін сығып алуымыз керек.

https://t.me/dalainside
👍12🤔9🤮5🔥1
Forwarded from ULYS
🇦🇿🇪🇺 Әзербайжан Ресейді айналып өтіп, Еуропалық Одаққа жеткізілетін газды екі есе арттырады

📍
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Еурокомиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен Әзербайжан мен Еуропалық Одақ арасында энергетика саласындағы стратегиялық әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

📍Маңызды құжатқа сай, алдағы бірнеше жылда ұзындығы 1 500 км болатын Оңтүстік газ дәлізінің өткізу қуатын жылына 20 миллиард текшеметрге жеткізу көзделген.

https://t.me/ulys1
👍50
Forwarded from BAQ.kz
Сейітқазы мен Әсет Матаев ақталды.

Жоғарғы Сот Бас Прокурордың наразылығы бойынша Сейтқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты қылмыстық істі қарады.

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бүгін, 19 шілдеде наразылықты қарап, сот актілерінің күшін жойды. Сейтқазы мен Әсет Матаевтардың әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Айта кетейік, Сейтқазы мен Әсет Матаевтар 2016 жылы сотталды. Сейітқазы Матаев дүние-мүлкін кәмпескелеумен және өмір бойы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салумен қоса 6 жылға, Әсет Матаев жеке дүние-мүлкін кәмпескелеумен қоса 5 жылға бас бостандығынан айрылды.

@baq_kz
👍39
🏦 Кредиттік ажиотаж және оның ауыр салдары

"Енді банкте кредиті бар адам қайтадан несие ала алмайды" деген ақпарат шыққандықтан, қазақстандықтардың басым көпшілігі заң күшіне енбей тұрып, кредит алып алу үшін жанталаса бастады.

Шын мәнінде, егер сізде несие болса, басқа несие алуға тиым салынған ба?

Мүлде олай емес. Заңға өзгертулер азаматтардың несиелік жүктемесін азайту үшін жасалып отыр. Ол нені білдіреді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Оның негізгі талабы - банк және несие беретін басқа да қаржы ұйымдары азаматтың несие алғаны жөнінде ақпаратты бір күннің ішінде кредиттік бюроға тапсыруы тиіс. Себебі, жүктеме лимиті бойынша, сіз айына төлейтін кредит көлемі сіздің айлық табысыңыздың жартысынан аспауы керек.

Мысалы, сіздің табысыңыз айына 300 мың теңге болса, ал басыңызда ай сайын 10-20 мың теңгеден төлеп отыратын шағын несие болса, сіз тағы да несие ала аласыз. Тек ай сайынғы кредиттік төлем табысыңыздың жартысынан асып кетпеуі керек.

Бұл шара дер кезінде қолға алынып отыр. Себебі бір күнде әр қаржы ұйымдарынан 3-4 кредит алатын азаматтар көбейген. Олардың қарызды қайтару мүмкіндігі күмән туғызады.

Келесі қадам - жеке азаматтардың банкроттығы туралы заң болуы тиіс. Ақорданың қазіргі жұмысына қарап, осы межеге жақындап қалғанымыз сезіледі.

https://t.me/dalainside
👍25
📈 Ресей "ҚазМұнайГаздың" IPO бойынша жоспарын бұзуы мүмкін

Кейбір ақпарат құралдарында пайда болған ФСБ-ның "ҚазМұнайГаздың" "Ромпетрол" арқылы Украина қарулы күштеріне жанармай сатуын тоқтатпақ туралы ақпараты тегіннен шығып отырған жоқ. Ресей біздің жанды жерімізді біледі және онымен тышқан аулаған мысықтай ойнап отыр.

Мысалы, КТК мұнай құбырына қатысты Ресейдің түсініксіз қимылдары салдарынан осы құбыр арқылы мұнай экспорттап отырған "Теңізшевройл" компаниясы инвесторлар сенімінен айрыла бастады.
ТШО-ның S&P тарапынан бекітілген рейтингі қайта қарастырылатын болды. Рейтингтің "Тұрақты" деген болжамы "Жағымсыз" деп өзгеруі мүмкін.

Бұл үрдіс "ҚазМұнайГазға да келуі ықтимал. Себебі, ТШО-ның тәуекелі мемлекеттік тәуекелдер қатарына жатады және оған ҚМГ да өз тарапынан жауапкершілік алады.

Биыл "ҚазМұнайГаз" Президенттің тапсырмасы бойынша IPO-ға шығып, акцияларын халыққа сатуы тиіс. Сарапшылар, ұлттық компанияның кем дегенде 10% акциялары сатылады дейді.

Өткен жылы ҚМГ 1,2 триллион теңге таза табыс көрді. Бірақ оның жинақталған қарызы 2,2 триллион теңгеден асады. Сондықтан таза кірістің тек 16,5 пайызы ғана дивидендтерге бағытталды. Ол дивидендтер «Самұрық-Қазына» қоры мен Ұлттық Банкке төленеді.

Қазір «ҚазМұнайГаздың» 90,42% акциясы Самұрық-Қазынаға, 9,58% акциясы Ұлттық Банкке тиесілі.

IPO алдында ҚМГ рейтингтері құлдырап, оның тәуекелдері арта түссе, жалпы оның өз акцияларын сата алатынына үлкен күмән туындайды.

https://t.me/dalainside
👍9😁3👎2
💻 "250+": интернет ауылдарды қамтиды

Елімізде ірілі-ұсақты ауылдар жетерлік. Көп жағдайда мұндай ауылдар облыс орталықтарынан жырақта орналасқандықтан интернет пен байланыс секілді өркениеттен тыс қалып жатады. Бұл мәселені шешу үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі үш ірі оператормен бірігіп, 2020 жылдан бері "250+" жобасын жүзеге асырып келеді.

Бұл бағдарлама аясында еліміздегі ең ірі мобильді операторлардың бірі - Beeline үш жыл ішінде 1000-нан аса елді-мекенді жылдам желімен қамтыған.

Өңірлердегі жағдай интернет келгелі бері қалай өзгерді?

Толығырақ Stan.kz материалында. https://stan.kz/auildiktardin-sportka-degen-auestigin-arttirdi-zhildam-362583/
👍12👎4
🔒 Ресей өзінен кеткен халықаралық компаниялардың Қазақстанға ауысып жатқанына аса риза емес

Ресейдің экономикалық даму министрлігіндегі "DALA инсайд" дереккөзінің мәліметінше, Ресей өзінен кеткен, бірақ ЕАЭО аумағында (Қазақстан) жұмысын жалғастырғысы келетін халықаралық компанияларға логистика және тарифтік реттеу бойынша қысым көрсетуді ойластыра бастады.

Қазіргі ақпарат бойынша, Ресейден кеткен компаниялар саны 1200-ге жеткен. Олар үшін Ресей нарығын жоғалту аса ауыр тимейді деп есептейді, Иель бизнес мектебінің арнайы зерттеу тобы.

Мысалы, косметика алпауыттары Clinique, MAC, DKNY, Bourjois, Max Factor, Wella үшін Ресей тек нарықтың 3 пайызын алып келген. Старбакс үшін де Ресей үлесі 2-3 пайыздан аспайды.

H&M небары 4%, ал Адидас 2% ғана жоғалтады.

Осы компаниялар Қазақстанға күш сала бастаса, ол біздің нарыққа үлкен серпіліс әкелмек. Бірақ Ресейдің өзі әлемдік алпауыттарға 2-3%-дан аспаса, Қазақстан олар үшін 0,3-0,4% ғана. Біздің нарықтың (адам санының) тым аздығы бізге көп жағдайда кедергі келтіруде.

https://t.me/dalainside
👍19
📣 Күдікті М. Абжанның отбасы мүшелерінің, оның ішінде оның кәмелетке толмаған балаларының банктік шоттарында орын алған «шектеулер» туралы ақпараттың Telegram-арналардың бірінде таратылуына байланысты, бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз.

Тергеу аясында күдіктінің өзінің ғана банктік шоттарына ғана шектеулер қойылды.

Жалған ақпарат қоғамдық пікірді басқару және тергеуге әсер ету мақсатында таратылады.

Азаматтардан ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сенуді сұраймыз.

Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424
👍4
🇺🇦 Гривна 25%-ға құнсызданды

Бүгін Украина Ұлттық банкі гривна девальвациясын іске асырды. Енді оның долларға шаққандағы ресми бағамы 36 гривна болып бекітілді.

Украина Ұлттық банкі девальвацияны ақша нарығын теңгеріп, экономиканың тұрақтылығын сақтау қажеттілігімен түсіндіріп отыр. Соғыс басталғалы бері гривнаның долларға шаққандағы бағамы тұрақты болып келген. Бірақ осы курсты ұстап отыру үшін Украина өз резервтерін жағып жүрді.

Украина экономикасы аса ауыр жағдайда және оған халықаралық қауымдастықтың көмегі қажет. Ресей агрессиясы салдарынан елдің инфрақұрылымы қираған. Украина шығындары 600 миллиард долларға жетіп отыр. Ол оның ішкі жалпы өніміне тең. Бюджет дефициті жылына 9 миллиард долларды құрайды. Сыртқы қарызы 93 миллиард доллардан асты.

https://t.me/dalainside
👍7
Forwarded from kaz.exk.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
‼️Болат Назарбаев хәл үстінде жатыр

Экспресс К сайтына Болат Назарбаевтың хәл үстінде жатқаны туралы фото-видео материал келіп түсті. Инсайдердің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі қатерлі ісік (Рак-ред) шалдыққан. Дәрігерлердің сөзінше, түрлі созылмалы дерті бар Болат Назарбаевтың жағдайы мүшкіл.
👍16🥰3🤔2
🇰🇿🇺🇸 Шетелдік компаниялар Қазақстанға қоныс аударуға әзір отыр!

Еуразия аймағындағы қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, 43 ірі шетелдік компания Қазақстанға қоныс аударуға дайын.

Бұл туралы Алматыда Honeywell (АҚШ) құрастыру өндірісінің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров мәлімдеді.

https://t.me/dalainside
👍46
Ұлттық банк базалық ставканы төмендетпейді

Келесі дүйсенбі күні Ұлттық Банк кезекті рет базалық ставка бойынша өз шешімін жариялайды. https://t.me/dalainside сөйлескен экономистер мен қаржы инсайдерлерінің пікірінше, инфляцияның екінші жартыжылдыққа күтілімі жоғары болып отырғандықтан, Ұлттық Банк базалық ставканы төмендетуге бара қоймайды. Оның басты мандаты баға тұрақтылығы болғандықтан, Ұлттық Банк тек базалық ставка (проценттік канал) арқылы жағдайға араласа алады.

Ал базалық ставканың тағы да өсуі мүмкін бе? Біздің ойымызша, ставканың ендігі өсуі кредиттеу нарығындағы қазіргі жағдайды одан әрі ауырлатып жібереді.

Жағдайды неге ауыр дедік? Жеке тұлғаларды кредиттеу нарығының өсуі болашақ дефолттар тәуекелін асырып отыр. Проценттік мөлшерлеме өссе де, кредит алатын адам саны азаяр емес. Бұл проценттің жүктеменің сайып келгенде халықтың иығына артылғанын көрсетеді.

Банктердің ортақ кредиттік портфелі 18,5 триллион теңгеге жеткен. Бұл ішкі жалпы өнімнің 22,5 пайызы. Осы 18,5 триллион теңгеден 6,3 трлн теңге халыққа тұтынушылық мақсатта берілген.

Президенттің "Банктер экономикаға кредит бермейді" деп ренжитіні осыдан. 6,3 трлн теңге тұтынушылық кредит, 4 трлн теңге ипотека, шамамен 3 трлн теңге автокредит портфелін ескерсек, сонда 18,5 триллионың тек 5 триллионы ғана бизнеске, яғни заңды тұлғаларға бағытталады. Ал ол көлем экономиканы дамыту үшін жеткіліксіз.

https://t.me/dalainside
👍10👏1
"Назарбаевтың кесірі...". Қазақша сөйлеуді талап еткен танымал экономисті кафеден қуып шықты

Белгілі экономист Атамұрат Шәменов Алматыдағы “Узбечка” кафесіне бас сұғып, өзіне қазақ тілінде қызмет көрсетуін өтінгенде дәмхана қызметкерлері қоғам қайраткерінің сөзін құлаққа ілмей, дәмханадан қуып шыққанын әлеуметтік желіде жазды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Алматының Әузов ауданында Бауыржан Момышұлы көшесінің бойындағы “Спутник” кешеніне қарсы орналасқан “Узбечка” деген кафе бар. Кірсең бірден тамаққа тапсырыс беруің керек.
Біреуді күтуге рұқсат жоқ, қазақша сөйлемейтін кафе, неге қазақша сөйлемейсіңдер десең, "біз сөйлемейміз, керек болса қазақша сөйлейтін жерге барыңыз” дейді.

Зал меңгерушісі түрі шығыс келбетіндегі әйел екен, “мен қазақ емеспін, қазақша білуге міндетті емеспін” деп тақ ете қалды.

Бұл қоғамдық орын мен тұтынушы ретінде қазақ тілінде тапсырыс қабылдаңыз десем, қысқа “жоқ”деп қайырды.
Сәлден кейін “сізге қызмет көрсетілмейді” деп мені кафеден шығарып жіберді", - деп жазады, ол.
🤬67👍19🔥1👏1
Джерутоның Рыбакинадан несі кем?


Күні кеше ғана кениялық қара қыз Джеруто Қазақстанға жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының алғашқы алтынын әперді.
Желідегі жұрт «өз қазағымыз қайда» деп баяғы әдетіне басуда.
Ойбай-ау, ағайын өткенде тенисші орыс қызы Елена Рыбакина «Уимблдонда» топ жарғанда біраз жұрт қатына ұл тапқандай қуанып еді.
Енді желаяқ қыз Джеруто Қазақстанға алтын медаль алып бергенде «әңгіме» айтқаны қызық болып тұр.
Ағайын кениялық желаяқтардың алдына түсетін атлеттер әлемде сирек кездеседі.
Джерутоны да бауырымызға басып, көк байрағымызды желбереткені үшін алғыс айтайық! Қалай ойлайсыздар?
👍93🤔5🔥1👏1
Аронды сақтай алмадық, енді Берікке кесіріміз тимесін!

Таныдыңыздар ма? Төсек тартып жатқан Қанды қаңтарда қазақтың көк байрағын тік көтерген Берік Әбішев деген батырымыз ғой. Берік сол кезде басынан ауыр жарақат алып, бүгінде ем алып жатқаны баршаға мәлім. Денсаулығы анау айтқандай мәз емес. Организмі әлсіз.
Қазір өзін ұлтшыл, саясаткер санайтын біраз адам осы жігіт жатқан палатағы барып, суретке түсіп әлеуметтік желіге салуда.
Қысқасы Берік арқылы өзін жарнамалап жатқан адамдар көп. Болат Әбіловтен бастап, өзін оппозиционер санайтын біраз адам қазір осы жігіттің айналсоқтап шықпай жүр.
Ағайын, Берік батырымыз мұражайдағы экспонат емес қой. Оның тыныш жатып ем алуына кедергі келтірмейік.
🔥11👍9
Естеріңізде шығар, өткен жылы коронавирус бет қаратпай тұрғандай Арон Атабек төсек тартып жатқанда, өзін жарнамалауға құмар топ өмір мен өлімнің арасында жатқан Арон Атабектің айналсоқтап, біраз селфилеткен еді. Түрмеден денсаулығын жоғалтып шыққан батырымызға басын осылай қатерге тіккен едік.
Сол кезді дәрігерлер Арон Атабектің коронавирус жұқтырғанын айтты. Аронға коронавирусты кім жұқтырды? Сөз жоқ, оның хал жағдайын сұрап келген топ жұқтырды. Енді сол жағдай тағы да қайталануда.
Псевдосаясаткерлер тәттігі үймелеген арадай Беріктің жанынан шықпауда. Оның денсаулығын ойлап жатқан ешкім жоқ.
Елде карантиндік шектеулер тоқтаған мен коронавирус әлсіз адамдардың тез жұғатынын бәріміз білеміз.
Иә, Арон Атабек денсаулығын түрмеде жоғалтты. Бірақ коронавирус қызған шақта оған маза бермегенімізді де мойындауымыз керек. Осылайша өзі дімкәс адамның бақиға аттануын жеделдете түстік.
Енді Берікпен бірге селфиге түсеміз деп, оның өміріне қауіп төндірмейік!
👍29🔥4
Forwarded from BAQ.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

Украина тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бірін-бірі екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығымен құттықтады. Бұл атаулы күн 23 шілдеде атап өтіледі.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Украинадағы жағдайды дипломатиялық жолмен реттеуге қатысты Қазақстанның түбегейлі ұстанымын растады.

@baq_kz
👍376👏2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇸🇦 Санаулы минуттардан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Инвестициялық дөңгелек үстел басталады.

Жиынға Сауд Арабиясы ірі компанияларының басшылары қатысады.

t.me/bort_01
🔥23👍13
💸 Араб қаржысы және Қазақстан. Біздің Президентті инвесторлар неге жақсы көреді?

Украинадағы қақтығыс салдарынан әлем елдері астық дефицитін сезіне бастады. Қамбалар бос тұр. Мемлекеттер өздерінің азық-түлік қауіпсіздігін ойлап, жанталасуда. Биылдан - фермерлер мен ауыл шаруашылығының жаңа дәуірі басталды деп айтуға болады. Азық-түлік мұнайдан да маңызды. Тіпті көптеген елдер өздерінде ішкі запас қалсын деп, тағам экспортынан бас тарты. Ол нарықта жетіспеушілік туғызып жатыр. Күзде қиын кезең басталады.

Әлемдегі аграрлы алпауыт компаниялар, фондтар болашақты нақты болжай алады. Қазір олар балама жобалар іздей бастады. Осы жолда көбі Қазақстанға көз тігіп отыр.

Себеп? Қазақстан егістік көлемі бойынша әлемдегі алтыншы ел. Мемлекет сырттан инвестициялар мен жаңа технологиялар тартуға мүдделі. Заңдары мен салық режимі өте қолайлы. Қазақ жеріндегі егістікке тек инвестиция, жаңа технологиялар мен логистикалық шешімдер ғана жетіспей тұр. Ал ол халықаралық компанияларда бар.

Сондықтан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа басқа елдер тарапынан қызығушылық көп.

2021 жылы қазақ ауыл шаруашылығы 7,4 триллион теңгеге өнім (дәнді дақылдар, мал, көкөніс, жеміс) өндірген. Біздің мүмкіндігімізбен салыстырып қарағанда, бұл өте аз.

Қазіргі егістік көлемі 22,9 млн гектар. Енді оның аумағын жалпитып көбейте берудің қажеті шамалы. Тек жердің сапасын арттырып, егу, ору мен баптаудың жаңа технологиясын өндіру керек. Біз егіске суды тым үнемсіз жұмсап, ысырап етіп отырған елміз. Тамшылап суғару технологиясы тек азын-аулақ теплицаларда ғана қолданылады.

22,9 млн гектарды біз қалай бөлдік?

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 16 млн гектарды алады. Оның ішіндегі бидай үлесі– 12,9 млн га. Майлы дақылдар 3,1 млн га, азықтық дақылдар – 3,1 млн га, мақта – 109,9 мың га, күріш – 96,8 мың га, қант қызылшасы – 21,7 мың га, картоп – 195,8 мың, көкөніс (қияр, помидор) - 168,6 мың га, бақша дақылдары (қарбыз, қауын) – 110,0 мың га.

Көріп тұрғанымыздай, егістіктің жартысынан астамы бидайға берілген. Қазақстан өз-өзін асырай алады. Ел Президентін шақырып отырған арабтар, агрокешенімізге инвестиция салып, болашақ зор ұсынысты игеруге дайын екенін байқатты.

Қазақстан осы инвестицияларды тарта алса, аймақтағы ең әлеуетті ел болайын деп тұр. Тек мұнай, металл мен уранға иек арта бермей, агрорлық алпауыт болу өз қолымызда. Ол үшін инвестициямен қатар, жаңа технологияны енгізу өте маңызды.

Егер біз ауылшаруашылығы өнімдері көлемін жылына 50 млрд доллар деңгейіне жеткізе алсақ, онда болашағымыз мықты болады. Қазір 14-15 млрд доллар шамасында тұрмыз. Бұл кенжелеп қалған елдердің көрсеткіші және осы бағыттағы дамуымызға ерекше күш салу керек.

Сауд Арабиясындағы келіссөздер - әр қазақтың болашағына әсер ететін аса маңызды сәт. Біздің Президент мықты дипломат және арабтарға не керек екенін біледі. Араб қаржыгерлері мықты аналитиктер, олар да Қазақстанның қазіргі жағдайын біліп отыр. Осы түсініктерден біз үшін тиімді контракттар алсақ, онда ауылшаруашылығының жаңа дәуірінде Қазақстан да көштен қалмайтыны анық.

Сарапшы Айбар Олжайдың жазбасынан

https://t.me/dalainside

UPD... Автордың тізе батыруынан кейін фейсбук сілтемесі 🤮 https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0aMRZWFkKnsnn1WQSXYdRkzgamJj3pxXZLVmyvAGhJ51cC5NaHL914RuXFsXZTSHrl&id=100019499658791
👍40👏4🔥1