Біреуге ор қазба, өзің түсесің...
Жаңа Қазақстанда шынымен әділдік бар. Бұйырса, жақын арада Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаев толық ақталып, олардың досъесінен "сотталған" деген белгі түгел алынып тасталуға жақын. Жаңа ғана Бас прокуратура істі қайта қарау бойынша сотқа арыз түсірді деп жазды, осы істің адвокаты Жохар Өтебеков.
Қазақстан журналистер одағын көп жылдан бері басқарған Сейітқазы ағамыз да, замандас досымыз, әріптесіміз, ҚазТаг-тың қазіргі бас директоры Әсет те олигархтық, кландық жүйенің, рейдерліктің бар езгісін бастан кешті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікті қолшоқпарына айналдырған кісі көпе-көрінеу жала жаптырып, істі қолдан құрап, қоғамның наразылығына қарамай, жемқорлыққа ешқашан қолын былғамаған ел азаматтарын соттатып жіберді.
Сейітқазы аға өмірдің бар сынағына шыдады. Морт сынбады. Уақыт оның да, Әсеттің де жазықсыз екенін көрсетті.
Айбар Олжаевтың фейсбук жазбасынан

👍67🔥2
Forwarded from ULYS
⚡️КТК тағы жабылды
Каспий құбыр желісі консорциумы бұл жолы Новороссийсктің Приморск аудандық сотының шешімімен 30 күнге жұмысын тоқтатты.
Қазақстанның қара алтынын экспорттаудың басты маршруты саналатын мұнай құбыры экологиялық заңнаманы бұзған-мыс.
Бұл көрші елдің кезекті ойыны іспетті…
https://t.me/ulys1

🤬21👍5
Forwarded from ADYRNA.KZ
Биліктегі бір дөкейдің Сейітқазы Матаев ағамыздың иелігіндегі “ҚАЗТАГ” халықаралық агенттігіне көзі түседі. Ол - сұрайды, бұл - бермейді. Бопсалайды - оған көнбейді. Дегені бола қоймаған лауазым иесі диктаторлық жүйе саяси күрескерлер мен адал бизнесмендерге қарсы кеңінен қолданылатын қазақстандық “ноу-хау” тәсілді іске қосады:
Компанияға тексеріс жібереді, бухгалтериядан бір “изьян” табады. Сөйтіп Сейітқазы Матаев пен ұлы Әсеттің үстінен қылмыстық іс қозғап, біреуін 6, екіншісін 9 жылға соттатып жібереді.
Кейінен бұл іс қоғамда кең резонанс туғызып, әкелі-балалы екеуге күллі қоғам араша түскен соң, қылмыскер жүйе “аяғын тартып” , Матаевтарды мерзімінен бұрын шартты түрде түрмеден босатқаны естеріңізде шығар.
Бүгін ақжолтай хабарды есітіп қуанып отырмын. Матаевтар өздеріне қарсы қозғалған қылмыстық істің “тапсырыс” екенін, сот шешімінің әділетсіз екенін және
өздерінің ақ-адал екенін дәлелдемек болып, істі қайта қарау үшін бүгін Жоғарғы Сотқа арыз түсіріпті. Ардақты ұстазымыз Сейітқазы Матаев пен ұлы Әсет толық ақталып шығуға үміт бар.Бұл - тағдыры қорланған бір ғана отбасының мысалы. Ал жемқор жүйенің қиянатын көріп, өмірі өксіп өткен біз білмейтін тағдырлар қаншама…
Дина Елгезектің жазбасы

👍47🔥1
🇰🇿 Ресейсіз қазақ болашағы. Ол мүмкін бе?
Ресей КТК жүйесі арқылы шантажға көше бастағандықтан, және ол ел экономикасына кәдімгідей шығындар (DALA инсайд есебінше 1 айда 600-650 млн доллар) келтіріп жатқандықтан елдегі экономикалық институттар мен мұнай саласының сарапшылары Қазақстан үшін балама маршруттардың перспективасын саралай бастады.
Сонымен, КТК құбырын немен алмастырамыз?
1. Өзен-Атырау-Самара.
Бұл магистральдық мұнай құбыры. Ол Өзен кен орнынан Атырау мұнай өңдеу зауытына дейін тартылып, одан кейін Самара бағытында «Транснефть» мұнай құбыры жүйесіне қосылды. Одан әрі Ресей аумағы арқылы Балтық теңізіндегі ресейлік теңіз порттарымен байланысады. «Атырау-Самара» мұнай құбырының негізгі проблемасы – бұл бағыттың өткізу қабілеті жылына небәрі 17,5 миллион тонна. Сонымен қатар, бұл ретте жоғары сапалы қазақстандық CPC Blend мұнайы ресейлік Urals-пен араласып, Brent-ке қарағанда анағұрлым жеңілдікпен сатылады.
Және бұл Ресейге тәуелділіктен құтқармайды. Минусы осы.
2. «Қазақстан-Қытай құбыры» Атасу – Алашанькоу.
Бұл мұнай құбырының жалпы қуаты жылына шамамен 20 миллион тонна мұнайды құрайды. Алайда, бұл бағыт Өзен-Атырау-Самара мұнай құбырындағыдай КТК мұнайын тасымалдау мәселесін жартылай ғана шешеді.
3. Баку-Тбилиси-Джейхан (БТД).
Аталған мұнай құбыры үш елдің – Әзірбайжан, Грузия және Түркияның аумағы арқылы өтеді. Өткізу қабілеті жылына шамамен 50 миллион тонна мұнайды құрайды. Бұл мұнай құбыры Каспий мұнайын Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан Түркияның Джейхан портына жеткізеді. Ресейді айналып өтетін және АҚШ пен Ұлыбританияның тікелей қатысуымен іске асқан бірінші бағыт.
БТД басқа бағыттармен салыстырғанда КТК мұнайы үшін балама бола алады. Бірақ проблемалары бар:
• Қазақстан мен Әзірбайжан арасында транзитке қатысты келісімдердің жоқтығы;
• Ақтау портының жылдық қуаты тек 12 млн. тонна мұнайды құрайды. Оны 20 млн тоннаға дейін арттыру үшін порт инфрақұрылымын (айлақтар, тереңдету, толқын суытқыштар және т.б.) жабдықтауға елеулі күрделі қаржы қажет.
4. Иран бағыты.
Ол да Ақтау портына байланысты. Демек тура осы қуатқа қатысты проблемалар алдыдан шығады.
Иран арқылы балама – танкерлерді пайдаланып, КТК мұнайын Каспий теңізі арқылы тасымалдау, содан кейін оны әлемдік нарықтарға шығару.
Ақтаудан бөлек, иран мұнайына эмбаргоның бар екенін ұмытпау керек.
Басты проблема мынада.
2021 жылы КТК 53-54 млн тонна мұнай өткізген. Ол көлемді алмастыру мүмкін болмай тұр.
Метаматикалық жағынан есептесек, КТК-дан бас тартқанда шамамен 23 миллион тонна мұнайды БТД арқылы, 5 миллион тоннаға жуық мұнайды Өзен-Атырау-Самара арқылы, Атасу-Алашанькоу бағыты арқылы 9 млн тонна мұнайды, ал қалған 17 миллион тонна мұнайды Иран жерімен экспорттауға болады. Бірақ бұл математика ғана.
https://t.me/dalainside

👍33🤔3
Forwarded from PARANOIA.KZ (Alash KZ)
Шри-Ланкада ақыры төңкеріс болды. Халық президент резиденциясын басып алды, ал президент ұшаққа отырып, елден кетпек. Резиденцияда халық бассейнге түсіп, тойлап жатыр. Бірақ жақын арада азамат соғысы болатын сияқты, себебі елді аяқтан көтеру мүмкіндігі өте аз.
😢9👍2
Numbeo әлемнің қымбат 510 қаласын жасақтады. Алматыда өмір сүру Астанадан қымбаттау шығып отыр.
Алматы 466-шы орында. Ал Астана 475 орында Минск пен Бішкектен сәл озып қана тұр.
Алматы Ташкенттен арзандау екен. Осы тұрғыда, Алматының өңірлік жалпы өнімі бүкіл Өзбекстаннан асып кететінін айта кетейік. Бюджетті асырап отырған Атырау (мұнай), Алматы (барахолка, Мега, Достық плаза, базарлар мен банктер), Нұр-Сұлтан (квазимемлекеттік, ұлттық компаниялардың офистері осында). Бюджет донорларының қатарына Алматы облысы (казинолар мен Алтын Орда базары) да қосылуы мүмкін.

👍15
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мы ваши дети, Нурсултан Абишевич...
Бұл - Бутя.
Қалаған уақытында саясатпен айналысып, қалаған уақытында саясаттан кете салатын мұндай адамға сенуге бола ма? Қалай ойлайсыз?..😳

😁18🤬6👍3
🇰🇿🇷🇺 Қазақстан мен Ресей қандай келісімге келді? Кім ұтты, кім ұтылды?
Каспий құбыр консорциумы жұмысын жалғастырады. Краснодар соты КТК жұмысын тоқтату туралы шешімнің күшін жойды. Оның орнына компанияға 200 мың рубль (шамамен 1,5 миллион теңге) айыппұл салынды.
Бұл әрине, КТК үшін ойыншық сома. Әңгіме басқада. Ресей өз шешімін неге өзгертті?
"DALA инсайд" дереккөзінің мәліметінше, Ресейдің санкция ауыр тиіп жатқан өндірістік және технологиялық секторларына Қазақстанның көмегі ауадай қажет.
Және кей жағдайларда, Ресейге Қазақстанның тасымалдау процессін тексеру бағытында аса белсенді болмағаны керек. Сонымен бірге, Ресей Қазақстанның ОДКБ мен ЕАЭО-дан шықпайтыны бойынша ауызша болса да уәдесін алып отыр.
Ресей осындай жолмен өзіне біршама преференция алды. Бірақ мұнай логистикасы шантажының ғұмыры қысқа. Қазақстан Ресейге деген барлық сенімін жоғалтты. Сондықтан Транскаспийлік жобаны 2-3 жыл ішінде толық жүзеге асырғысы келеді. 2-3 жылдан кейін Новороссийскідегі құбырлар мен порттардан Қазақстан өз еркімен, ал онымен бірге Шеврон сынды ірі ойыншылар да кете бастайтынын болжауға болады.

👍35
💸 Биржадағы доллардың евромен теңесуі айырбас пунктерінде де котировканы өзгертті.
"МиГ"-те доллар спрэді 5 теңге, ал еуро спреді 6 теңге болып бекітілген. Бұдан біз еуроның анағұрлым құбылмалы екенін көреміз.
Еуро мен доллар курсы теңессе, Қазақстан экономикасына қандай әсері бар?
Глобалды әсері жоқ. Доллар бүкіл әлемде күшейіп келеді. Ал біздің валюталық выручкамыз негізінен долларда жүреді.
Рубль спрэдінің тым аздығы бізге анағұрлым қауіпті. Қордаланып жатқан рубль массасының азаймай отырғанын көріп отырмыз. Банктер спрэдті ұлғайтқан, ал айырбас пункттері олай істемей отыр.

👍6
Forwarded from ULYS
🇪🇺 Еуроодақ Қазақстаннан шығарылған активтерді қайтаруға көмектесуге дайын
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Олжас Бектенов Орталық Азия бойынша арнайы өкіл Тери Хакал бастаған Еуроодақ делегациясымен кездесуде айтылды.
«Біз өз тарапымыздан Қазақстаннан Еуропаға шығарылған активтерді қайтару туралы сұраныстарға қолдау көрсетуге дайынбыз», - деп атап өтті Т. Хакала.

👍14🔥10😁3
🇺🇲 Шевронның кезінде жіберген қателігі өзіне де, Қазақстанға да ауыр тиюде
2014 жылы «Теңізшевройл» компаниясы КТК мұнай құбырына бәс тігіп, қайта жаңғыртып, «Қазақстанның Каспий мұнай тасымалдау жүйесі» (ККТС) жобасына қатысудан бас тартқан болатын. Содан бері Теңіз мұнайы толығымен КТК арқылы тасымалдана бастады. Ал Қазақстан сол кезде өз танкерлерін Әзірбайжанға сатуға мәжбүр болды.
@NRG_monitor жазуы бойынша, «ҚазМұнайГаздың» экс-топ-менеджері Мақсат Иденов кезінде американ елшісіне осы туралы шағымданған.
Иденов елшіге «Шевронның ұстанымы бүкіл KКТС жобасына қауіп төндіреді, өйткені ешкім мұнай құбырын, портты және жағалау инфрақұрылымын салуды және жаңғыртуды одан өтетін мұнай болмаса бастамайды» деп айтқан.
Енді Президент Тоқаев Шевронға Транскаспий бағытын қайта пысықтауды тапсырды. Кезінде Теңізшевройл мұнайдың бір бөлігін Баку арқылы жіберуге келіскенде, Ресейдің шантажына ұшырамас едік.

👍28🤔1
⚡ Бүгін Алматыдағы Экономикалық тергеу департаментінің бүкіл басшылық құрамы ұйқы көрмейді
Видео @kozachkow арнасында бар. Адвокаттар өздерінің артынан аңдудың бар екенін байқаған. Сол автокөлікті жанына барғанда, оның ішінде отырған екі азамат шығудан бас тартқан. Адвокаттар коллегиясы көлікті қоршап, Полиция департаменті және кезекші прокурорды шақырды. Прокурордың автокөлікті порталмен алып кету бойынша ұсынысына, оның ішінде адамдар отырғандықтан заң талабына сай еместігін адвокаттар сол жерде ескертті.
Енді не істемек керек?
Ақыры полицейлер көліктің ішіндегі адамдарды күштеп шығаруға мәжбүр болды. Журналист Михаил Козачковтың мәліметі бойынша, көліктің ішіндегі жігіт Экономикалық тергеу агенттігінің Алматыдағы қызметкері болып шыққан.
Мұнда бір қызығы - тергеу органдары тарапынан адвокаттарды сыртынан аңдуға заң тиым салады. Нақты заң бұзушылық тіркеліп отыр.
Енді Экономикалық тергеу агенттігі қиын жағдайда қалды. Шешім қандай болмақ?

👍20
💸 Ұлттық қор тағы 2 миллиард доллардан айрылды
Осы маусымның қортындысы бойынша Ұлттық қордағы валюталық активтерінің көлемі 2 млрд АҚШ долларына төмендеп, нәтижесінде 51,9 млрд АҚШ долларын құрады.
Бұл елдің тұрақтылығы үшін жағымсыз сигнал.
Активтердің азаюының басты себебі - әлемдегі акциялар бағасының айтарлықтай құлдырауы мен АҚШ долларының нығаюы болып отыр. Сонымен бөлек, біз маусымда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттердің кезекті траншын жібердік.
Маусымда Ұлттық қордан 578 млрд теңге трансферт алынды. Ол қаржы Ұлттық қордың теңгедегі шотындағы қалдықтар, сондай-ақ қорға теңгедегі түсімдер есебінен бөлінді. Сонымен қатар, ішкі валюта нарығында 438 млн АҚШ долларына активтер сатылды, бұл теңгелей шаққанда 199 млрд теңге ақша.
Трансферттер көлемін реттеу өз қолымызда. Бірақ әлемдегі акциялар нарығына қатысты ештеңе істей алмаймыз. Жыл басынан бері, акциялар нарығы шамамен 20 пайызға құлдыраған. Ал Ұлттық қор активтерінің біршама бөлігі акцияларға салынған болатын.
Ұлттық қорға акциялардан пайда бар ма?
Қор құрылғалы бері акциялардың біз үшін кірістілігі 3,05% құрап отыр. Бұл өте төмен көрсеткіш. Әрине, "бастысы минуста емеспіз" деп өзімізді жұбатуға да болатын шығар. Бірақ басқа суверенді қорлар, хэдж фондттардың акциядан кем дегенде 15% пайыз кірістілікті оңай алып жүргенін көріп, біздің қай жеріміз дұрыс емес деген ойлар келеді.
Дүниежүзілік банк, және басқа да ірі қаржылық ұйымдар әлем экономикасын рецессия күтіп тұрғанын болжап отыр. Коронавирустың кезекті штаммы өршіп кетсе, Украинадағы соғыс бітпей қойса, онда рецессия ауыр дағдарысқа ұласары сөзсіз. Осы дағдарысқа Ұлттық қордағы небары 51 миллиард доллармен кіру Қазақстан үшін өте ауыр болады.
Оны қаржы саласынан хабарсыз қарапайым оқырмандарымыз үшін былай түсіндіре аламыз. Мысалы, алдағы 2-3 айда сізде еш табыс, жұмыс болмайды. Ал қалтаңызда бар-жоғы 50 мың теңге ғана бар.

👍22👎13🤔3😱1
Forwarded from BAQ.kz
🎓Бүгін еліміздің бүкіл өңірлерінде жоғары оқу орындарында құжат қабылдау науқаны басталды.
Тамыздың соңы-қыркүйектің басында гранттардың бір бөлігі, бірнеше пайызы бос қалуы мүмкін.
Оларды министрлік дәстүрлі түрде ЖОО немесе ауылдық квотасы барларға бөліп береді. Сонымен қатар биыл батыс өңірлеріне 10 мың арнайы грант бөлініп отыр. Олар үш өңір: Атырау, Маңғыстау мен Ақтөбе.
Еске сала кетейік, жоғары оқу орнына түсу үшін биыл өту балы 65-тен кем болмауы тиіс.
Ал білім беру гранттары ҰБТ сертификаттарының ұпайларына сәйкес конкурстық негізде беріледі.
@baq_kz

👍7
Forwarded from ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Шекарадан өтпек болған іздеуде жүрген ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық қудалаудан жасырынған адамдарды іздестіруге ерекше назар аударады.
Ағымдағы жылғы 13 шілдеде антикоррупиялық қызметі шекара қызметімен бірлесіп жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны жалған құжаттар бойынша өту әрекеті кезінде Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовті ұстады.
Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы аса ауыр коррупциялық қылмыс жасағаны үшін іздестірілді.
Facebook | Instagram | YouTube
📞 Call-центр - 1424

👍22🔥2🤔1
👍«Орысша бір сөз жоқ!» Өзбекстан 200 мың сумдық банкнотты айналымға шығарады
Өзбекстан Ұлттық банкі 15 шілдеден бастап 200 мың сумдық банкнотты айналымға шығару жөнінде шешім қабылдады.
Ұлттық банктің хабарлауынша, банкноттарда «Ұлы Жібек жолы» және Ферғана алқабының көне тарихы көрініс табады.
Банкноттың оң жағында «Ұлы Жібек жолын» сипаттайтын түйе бейнесіндегі су белгісі мен «200000» номиналы орналасқан. Ақша көгілдір түспен боялған.
Банкноттың басты бетінің сол жағында Ферғана облысы Қоқан қаласындағы сол жақ бетінде «Xудоерхон урдаси» («Құдиярхан ордасы») сәулет ескерткіші бейнеленген.
Былтыр желтоқсанда Өзбекстан 50 мың және 100 мың сумдық банкноттарды айналымға шығарған. Бұл ақшалар Сұрқандария мен Хорезм тарихына арналған.
Өзбек ағайындардың жаңа банкнотының екі жағында да орыс тілінде бір ауыз сөз жоқ. Ал біздің теңгелердегі орыс тілді сөздерден көз сүрінеді. Теңгемізге қарап елдегі жағдайды білеуге болады.

👍37👏3🤩1
Forwarded from BAQ.kz
Тоқаев азық-түлік бағаларының өсуі туралы:
💬Қазір инфляцияның шарықтап кетуі ең күрделі мәселе болып отыр. Бағаның өсуіне азық-түлік инфляциясы әсер етті. Оның деңгейі 19,2 пайызға жетті.
Жалпы, азық-түліктің кейбір түрі бірден 80 пайызға қымбаттады.
Үкіметтің бағаны тұрақтандыруға бағытталған шаралары тиімсіз болып шықты. Үкімет инфляцияны ескі әдіс-тәсілмен тоқтатқысы келеді. Оның өзінде бюджеттен қосымша қаражат бөліп, бағаны жасанды түрде ғана реттеп отыр. Яғни, қымбатшылықтың себебімен емес, салдарымен күрес жүріп жатыр.
Ал, шын мәнінде, керісінше болуы керек. Үкімет бар жауапкершілікті өңірлерге артып қойды. Олар әкімшілік ресурсты пайдаланып, дүкендерді аралап жүр, басқа тәсілдер және жаңа идеялар жоқ. Мұндай жұмыс ешқашан тиімді болған емес. Бір сөзбен айтқанда, нарық заңдылығына сай келетін жаңа ұстаным жоқ».

👍33
🪟 "Отбасы" факторы кетті. Вакуум қалды. Шынымен де "Жаңа Қазақстанда" өмір сүру үшін бізге қанша уақыт керек?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы месседждері қазіргі Қазақстандағы жағдайдың риторикалық дилеммада тұрғанын көрсетеді.
Осы сөздерді түсіндіру үшін тағы да көп сөз жазу қажет. Яғни, қазіргі тілмен айтқанда "тағы да бірдеңе деу" аса қажет болып тұр.
Осы Үкімет отырысына дейін, "DALA инсайд" ескі Қазақстан дәуірінде автожол құрылысында субподряд алып жұмыс істеп көрген азаматпен, ауыл шаруашылығымен айналысып, субсидиядан көңілі қалған азаматпен, дәрігерлік жұмысын тастап, донер жасауға бет бұрған замандаспен "асүйдегі" ұзақ философиялық кештің былайша айтқанда модераторы болып көрген еді.
Одан бірнеше тезистер алуға болады:
1. "Отбасыға" жақын ықпалды топтар системадан кетіп қалған. Бірақ әр салада сол система қалып отыр, себебі балама - яғни, басқа система жоқ. Қалып қалған адамдар сол ескі системаны жалғастырады, олар одан басқа ештеңені білмейді.
2. Адамдар (сол ескі системадан әйтеуір табыс тауып, отбасын асырап отырғандар) өзгерістен қорқады екен. Олар жемқорлық өршісе де, әділетсіздік болып жатқанын көріп тұрса да, ең алдымен тұрақтылықты қалайды. Яғни, біреуге айына 100 мың теңге пара (не әр тендерден 10-15% откат) беріп отырса да, оның әділетсіз екенін білсе де, әйтеуір сол жолға қойылған, аз-маз табыс алып отырған тірлігін жалғастыра бергісі келеді. Себебі ипотекалары бар, балаларын оқытып жатыр. Олар өзгеріс болса, осы табысынан да айрыламын деп қорқады.
Осыдан-ақ Президенттің алдында өте күрделі миссия тұрғанын байқаймыз. Ескі системаны толықтай алып тастап, жаңа система жасау керек. Ол үшін тіпті шенеуіктер емес, орта таптың, яғни экономиканың әр секторында еңбек етіп, өзін-өзі тендер, заказдармен асырап жүрген, шағын бизнес ұстап отырған адамдардың үрейін сейілтіп, психологиясын өзгерту қажет. Бұл өте қиын, және 1-2 жылда біте қоймайтын дүние.
Назарбаев өз системасын қалай құрды? Оның басты идеологиясы: "сендер саясатқа араласпаңдар, мені қолдаңдар. Ал мен сендерге өмір сүруге жетерлік тұрақты табыс беріп отырамын" деген тұрғыда болды. Адамдар оған келісті. Бірақ системадағы ақша ағынын бірінші президентке жақын топтар толық өз қолына алып алғандықтан, адамдар әділетсіздікке шыдамады. Назарбаев системасы осылайша сыр берді.
Қазіргі президент системасы "әділеттілік факторын" бірінші орынға қойып отыр. Бұл қуантарлық факт.
Бірақ бізде "әділеттілік немесе тұрақтылық" деп таразыға салатын болса, тұрақтылықты таңдайтын адамдар аз емес. Осы 30 жылдың ішінде тұрақты табыс гарантиясы берілсе, әділетсіз Қазақстанда да өмір сүруге келіскен адамдардың үлкен шоғыры пайда болды. Олар көпшілікті құрап отыр.
Жаңа системаны адамдар қабылдау үшін әділеттілік факторымен қоса, тұрақтылық гарантиясын да беру керек. Яғни Президент "азаматтар, сендер қазір тауып отырған 500-600 мың теңгелеріңнен айрылып қалмайсыңдар, керісінше әділеттілік орнағанда осы табыстарың артады" деген сигнал берген жағдайда, "Жаңа Қазақстанды" құруға деген мотивация еселей артатын сияқты.
Ең басты трагедия - идея жоқ. Ескі система бәрімізді жаңа идея айтпауға, тіпті ол туралы ойланбауға, бас шұлғып орындай беруге, кез-келген қағазды 10-15 мекемеден "согласование" жасап алуға, жауапкершіліктен қашуға үйретіп тастаған. Бәрімізді "Назарбаев системасының зомбилері" деп айтуға болады.
Енді осы зомбиге "Жаңа Қазақстан құр", жаңа идея айт дегенде, оның басындағы процессоры "зависать" етіп, не істерін білмей абдырап отыр.
Президент пен Үкімет арасындағы картина осы. Үкімет мүшелерінің (министрлер, әкімдер, барлық атқарушы аппарат) процессорлары қатып қалды. Себебі олардың виндоустары ескі.
Бір идея бар: Жаңа Қазақстанға Премьер-министр, министрлер, облыс пен қала әкімдері лауазымына 4 жылдық контрактпен Германия, Жапония, Британияның мықты менеджерлерін алу керек.
Бізге спецконтрактпен осындай 40 менеджер жетеді. 4 жылдан кейін олар еліне қайтады. Ал біз шынымен де "Жаңа Қазақстанда" өмір сүретін боламыз.

👍54🔥5