DALA INSIDE
10.8K subscribers
400 photos
128 videos
1 file
1.13K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
Соғысатын ештеңеміз қалмауы мүмкін

Қорғаныс техникасына жауапты "Қазақстан Инжиниринг" ұлттық компаниясы 14,3 млрд теңгеге қарызға батқан. Ол алған кредиті бойынша биыл Халық банкі мен Самұрық-Қазынаға 23 миллиард теңге төлеуі тиіс. Оны еншілес компанияларын сатпаса, өз қалтасынан төлей алмайды. Ал Үкіметтің кешенді жекешелендіру бағдарламасына енгеніне қарамастан, компанияның еншілес ұйымдарын сатып алуға құлшынып отырған ешкім жоқ.

Осындай жағдайда отырып, биыл "Қазақстан Инжиниринг" АҚ Forte Bank-тен тағы 1 млрд теңге кредит алған. Компанияның барлық меншігіндегі заттар банктер залогында.

Әрине, 14 миллиард теңге деген қатты бір уайымдайтын қарыз көлемі емес. Бізде триллиондап қарыз болып жүрген (мысалы: ҚазМұнайГаз) ұлттық компаниялар да бар. Бірақ сол қарыздың көбейіп келе жатқаны алаңдатады.

Негізі "Қазақстан Инжиниринг" толық минусты компания деп айтуға келмейді. 2021 жылы ол 1,9 миллиард теңге таза табыс алған еді.

https://t.me/dalainside
👍16👎1
Аудиторлар (Moore Kazakhstan) көзге шұқып көрсеткен "Қазақстан Инжиниринг" проблемалары
👎1
💸 Басшылыққа 158,6 миллион теңге

«Даму» қорының басқарма мүшелеріне 2021 жылы 158,6 миллион теңге төленді. Ол ортақ сома. Оған бәрі – яғни, жалақы, премия, бонустар, еңбек демалысына төленетін ақылар кіреді. «Даму» қорының басқарма құрамына 5 адам кіретінін ескерсек, әр мүшесіне айына 2,6 миллион теңгеден келіп отырған.

Негізі бұл көп сома емес. Ашығын айтқанда, мұндай жоғары біліктілігі бар мамандар үшін бұл өте аз. Шетелде мұндай үлкен компанияларының басшылары одан 10-20 есе көп қаржы алып жатады. Мысалы, «Jusan bank» басқарма мүшелері айды аспанға шығарып, 2020 жылы 15 миллиард теңге бонусты өзара бөліп алған болатын.

Әңгіме тиімділікте. Қордың биылғы алғашқы тоқсанындағы нәтижесі жаман емес. Аудиттелмесе де, таза кірісі 20 миллиард теңгеден асып отыр. Ал 2021 жылы таза кірісі 25 миллиард теңге болған еді. Бұдан «Даму» қорының өте тиімді жұмыс істейтінін көруге болады.

«Даму» қорында бір басқарма төрайымының төрт бірдей орынбасары бар. Ол тым көп емес пе деген сұрақтар туындайды. Дұрысы – басқарма мүшелерінің санын 4 адамға дейін қысқару. Ал оларға жылына төленетін қаржыны 158 миллионнан 250 миллион теңгеге дейін көтерсе де артық болмайды. Сонда Қор басшылығы тиімді нәтижелер көрсетіп, ROA мен ROE көрсеткішін одан сайын арттыруға деген мотивация алады.

https://t.me/dalainside
👍3🤔2
"Даму" қоры басшылығына 158,6 миллион теңге төленгені туралы ақпарат
😱9
Forwarded from ADYRNA.KZ
Медеу аудандық №2 сотында белгілі кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровқа қатысты сот үкімі шықты. Ол Esentai City элиталық тұрғын үй кешеніндегі төрт вилланы сатып алушының 1 миллион долларын жымқырды деп айыпталды (салушы – «AV-Construction» ЖШС).

"Алмас Алтайұлы Әбдіғаппаровты ҚР ҚК 189-бабы 4 - бөлігі 2-тармағы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша кінәлі деп танылсын және оған орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, жеті жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын", - деп үкім шығарды судья Тұрсынхан Саликов.

Сондай-ақ, сот жәбірленушілердің талап арызын толық көлемде қанағаттандырып, Әбдіғаппаровтан 418 млн теңге өндіріп алды.
👍9
Біреуге ор қазба, өзің түсесің...

Жаңа Қазақстанда шынымен әділдік бар. Бұйырса, жақын арада Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаев толық ақталып, олардың досъесінен "сотталған" деген белгі түгел алынып тасталуға жақын. Жаңа ғана Бас прокуратура істі қайта қарау бойынша сотқа арыз түсірді деп жазды, осы істің адвокаты Жохар Өтебеков.

Қазақстан журналистер одағын көп жылдан бері басқарған Сейітқазы ағамыз да, замандас досымыз, әріптесіміз, ҚазТаг-тың қазіргі бас директоры Әсет те олигархтық, кландық жүйенің, рейдерліктің бар езгісін бастан кешті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікті қолшоқпарына айналдырған кісі көпе-көрінеу жала жаптырып, істі қолдан құрап, қоғамның наразылығына қарамай, жемқорлыққа ешқашан қолын былғамаған ел азаматтарын соттатып жіберді.

Сейітқазы аға өмірдің бар сынағына шыдады. Морт сынбады. Уақыт оның да, Әсеттің де жазықсыз екенін көрсетті.

Айбар Олжаевтың фейсбук жазбасынан
👍67🔥2
Forwarded from ULYS
⚡️КТК тағы жабылды

Каспий құбыр желісі консорциумы бұл жолы Новороссийсктің Приморск аудандық сотының шешімімен 30 күнге жұмысын тоқтатты.

Қазақстанның қара алтынын экспорттаудың басты маршруты саналатын мұнай құбыры экологиялық заңнаманы бұзған-мыс.

Бұл көрші елдің кезекті ойыны іспетті…

https://t.me/ulys1
🤬21👍5
Forwarded from ADYRNA.KZ
Биліктегі бір дөкейдің Сейітқазы Матаев ағамыздың иелігіндегі “ҚАЗТАГ” халықаралық агенттігіне көзі түседі. Ол - сұрайды, бұл - бермейді. Бопсалайды - оған көнбейді. Дегені бола қоймаған лауазым иесі диктаторлық жүйе саяси күрескерлер мен адал бизнесмендерге қарсы кеңінен қолданылатын қазақстандық “ноу-хау” тәсілді іске қосады:
Компанияға тексеріс жібереді, бухгалтериядан бір “изьян” табады. Сөйтіп Сейітқазы Матаев пен ұлы Әсеттің үстінен қылмыстық іс қозғап, біреуін 6, екіншісін 9 жылға соттатып жібереді.

Кейінен бұл іс қоғамда кең резонанс туғызып, әкелі-балалы екеуге күллі қоғам араша түскен соң, қылмыскер жүйе “аяғын тартып” , Матаевтарды мерзімінен бұрын шартты түрде түрмеден босатқаны естеріңізде шығар.

Бүгін ақжолтай хабарды есітіп қуанып отырмын. Матаевтар өздеріне қарсы қозғалған қылмыстық істің “тапсырыс” екенін, сот шешімінің әділетсіз екенін және
өздерінің ақ-адал екенін дәлелдемек болып, істі қайта қарау үшін бүгін Жоғарғы Сотқа арыз түсіріпті. Ардақты ұстазымыз Сейітқазы Матаев пен ұлы Әсет толық ақталып шығуға үміт бар.Бұл - тағдыры қорланған бір ғана отбасының мысалы. Ал жемқор жүйенің қиянатын көріп, өмірі өксіп өткен біз білмейтін тағдырлар қаншама…

Дина Елгезектің жазбасы
👍47🔥1
Forwarded from BAQ.kz
Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны құттықтады.

@baq_kz
12👍8
🇰🇿 Ресейсіз қазақ болашағы. Ол мүмкін бе?

Ресей КТК жүйесі арқылы шантажға көше бастағандықтан, және ол ел экономикасына кәдімгідей шығындар (DALA инсайд есебінше 1 айда 600-650 млн доллар) келтіріп жатқандықтан елдегі экономикалық институттар мен мұнай саласының сарапшылары Қазақстан үшін балама маршруттардың перспективасын саралай бастады.

Сонымен, КТК құбырын немен алмастырамыз?

1. Өзен-Атырау-Самара.

Бұл магистральдық мұнай құбыры. Ол Өзен кен орнынан Атырау мұнай өңдеу зауытына дейін тартылып, одан кейін Самара бағытында «Транснефть» мұнай құбыры жүйесіне қосылды. Одан әрі Ресей аумағы арқылы Балтық теңізіндегі ресейлік теңіз порттарымен байланысады. «Атырау-Самара» мұнай құбырының негізгі проблемасы – бұл бағыттың өткізу қабілеті жылына небәрі 17,5 миллион тонна. Сонымен қатар, бұл ретте жоғары сапалы қазақстандық CPC Blend мұнайы ресейлік Urals-пен араласып, Brent-ке қарағанда анағұрлым жеңілдікпен сатылады.
Және бұл Ресейге тәуелділіктен құтқармайды. Минусы осы.

2. «Қазақстан-Қытай құбыры» Атасу – Алашанькоу.

Бұл мұнай құбырының жалпы қуаты жылына шамамен 20 миллион тонна мұнайды құрайды. Алайда, бұл бағыт Өзен-Атырау-Самара мұнай құбырындағыдай КТК мұнайын тасымалдау мәселесін жартылай ғана шешеді.

3. Баку-Тбилиси-Джейхан (БТД).

Аталған мұнай құбыры үш елдің – Әзірбайжан, Грузия және Түркияның аумағы арқылы өтеді. Өткізу қабілеті жылына шамамен 50 миллион тонна мұнайды құрайды. Бұл мұнай құбыры Каспий мұнайын Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан Түркияның Джейхан портына жеткізеді. Ресейді айналып өтетін және АҚШ пен Ұлыбританияның тікелей қатысуымен іске асқан бірінші бағыт.
БТД басқа бағыттармен салыстырғанда КТК мұнайы үшін балама бола алады. Бірақ проблемалары бар:

• Қазақстан мен Әзірбайжан арасында транзитке қатысты келісімдердің жоқтығы;
• Ақтау портының жылдық қуаты тек 12 млн. тонна мұнайды құрайды. Оны 20 млн тоннаға дейін арттыру үшін порт инфрақұрылымын (айлақтар, тереңдету, толқын суытқыштар және т.б.) жабдықтауға елеулі күрделі қаржы қажет.

4. Иран бағыты.

Ол да Ақтау портына байланысты. Демек тура осы қуатқа қатысты проблемалар алдыдан шығады.
Иран арқылы балама – танкерлерді пайдаланып, КТК мұнайын Каспий теңізі арқылы тасымалдау, содан кейін оны әлемдік нарықтарға шығару.
Ақтаудан бөлек, иран мұнайына эмбаргоның бар екенін ұмытпау керек.

Басты проблема мынада.
2021 жылы КТК 53-54 млн тонна мұнай өткізген. Ол көлемді алмастыру мүмкін болмай тұр.
Метаматикалық жағынан есептесек, КТК-дан бас тартқанда шамамен 23 миллион тонна мұнайды БТД арқылы, 5 миллион тоннаға жуық мұнайды Өзен-Атырау-Самара арқылы, Атасу-Алашанькоу бағыты арқылы 9 млн тонна мұнайды, ал қалған 17 миллион тонна мұнайды Иран жерімен экспорттауға болады. Бірақ бұл математика ғана.

https://t.me/dalainside
👍33🤔3
Forwarded from PARANOIA.KZ (Alash KZ)
Шри-Ланкада ақыры төңкеріс болды. Халық президент резиденциясын басып алды, ал президент ұшаққа отырып, елден кетпек. Резиденцияда халық бассейнге түсіп, тойлап жатыр. Бірақ жақын арада азамат соғысы болатын сияқты, себебі елді аяқтан көтеру мүмкіндігі өте аз.
😢9👍2
Numbeo әлемнің қымбат 510 қаласын жасақтады. Алматыда өмір сүру Астанадан қымбаттау шығып отыр.

Алматы 466-шы орында. Ал Астана 475 орында Минск пен Бішкектен сәл озып қана тұр.

Алматы Ташкенттен арзандау екен. Осы тұрғыда, Алматының өңірлік жалпы өнімі бүкіл Өзбекстаннан асып кететінін айта кетейік. Бюджетті асырап отырған Атырау (мұнай), Алматы (барахолка, Мега, Достық плаза, базарлар мен банктер), Нұр-Сұлтан (квазимемлекеттік, ұлттық компаниялардың офистері осында). Бюджет донорларының қатарына Алматы облысы (казинолар мен Алтын Орда базары) да қосылуы мүмкін.

https://t.me/dalainside
👍15
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мы ваши дети, Нурсултан Абишевич...

Бұл - Бутя.

Қалаған уақытында саясатпен айналысып, қалаған уақытында саясаттан кете салатын мұндай адамға сенуге бола ма? Қалай ойлайсыз?..😳
😁18🤬6👍3
🇰🇿🇷🇺 Қазақстан мен Ресей қандай келісімге келді? Кім ұтты, кім ұтылды?

Каспий құбыр консорциумы жұмысын жалғастырады. Краснодар соты КТК жұмысын тоқтату туралы шешімнің күшін жойды. Оның орнына компанияға 200 мың рубль (шамамен 1,5 миллион теңге) айыппұл салынды.

Бұл әрине, КТК үшін ойыншық сома. Әңгіме басқада. Ресей өз шешімін неге өзгертті?

"DALA инсайд" дереккөзінің мәліметінше, Ресейдің санкция ауыр тиіп жатқан өндірістік және технологиялық секторларына Қазақстанның көмегі ауадай қажет.

Және кей жағдайларда, Ресейге Қазақстанның тасымалдау процессін тексеру бағытында аса белсенді болмағаны керек. Сонымен бірге, Ресей Қазақстанның ОДКБ мен ЕАЭО-дан шықпайтыны бойынша ауызша болса да уәдесін алып отыр.

Ресей осындай жолмен өзіне біршама преференция алды. Бірақ мұнай логистикасы шантажының ғұмыры қысқа. Қазақстан Ресейге деген барлық сенімін жоғалтты. Сондықтан Транскаспийлік жобаны 2-3 жыл ішінде толық жүзеге асырғысы келеді. 2-3 жылдан кейін Новороссийскідегі құбырлар мен порттардан Қазақстан өз еркімен, ал онымен бірге Шеврон сынды ірі ойыншылар да кете бастайтынын болжауға болады.

https://t.me/dalainside
👍35
💸 Биржадағы доллардың евромен теңесуі айырбас пунктерінде де котировканы өзгертті.

"МиГ"-те доллар спрэді 5 теңге, ал еуро спреді 6 теңге болып бекітілген. Бұдан біз еуроның анағұрлым құбылмалы екенін көреміз.

Еуро мен доллар курсы теңессе, Қазақстан экономикасына қандай әсері бар?

Глобалды әсері жоқ. Доллар бүкіл әлемде күшейіп келеді. Ал біздің валюталық выручкамыз негізінен долларда жүреді.

Рубль спрэдінің тым аздығы бізге анағұрлым қауіпті. Қордаланып жатқан рубль массасының азаймай отырғанын көріп отырмыз. Банктер спрэдті ұлғайтқан, ал айырбас пункттері олай істемей отыр.
👍6
Forwarded from ULYS
🇪🇺 Еуроодақ Қазақстаннан шығарылған активтерді қайтаруға көмектесуге дайын

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Олжас Бектенов Орталық Азия бойынша арнайы өкіл Тери Хакал бастаған Еуроодақ делегациясымен кездесуде айтылды.

«Біз өз тарапымыздан Қазақстаннан Еуропаға шығарылған активтерді қайтару туралы сұраныстарға қолдау көрсетуге дайынбыз», - деп атап өтті Т. Хакала.

https://t.me/ulys1
👍14🔥10😁3
🇺🇲 Шевронның кезінде жіберген қателігі өзіне де, Қазақстанға да ауыр тиюде

2014 жылы «Теңізшевройл» компаниясы КТК мұнай құбырына бәс тігіп, қайта жаңғыртып, «Қазақстанның Каспий мұнай тасымалдау жүйесі» (ККТС) жобасына қатысудан бас тартқан болатын. Содан бері Теңіз мұнайы толығымен КТК арқылы тасымалдана бастады. Ал Қазақстан сол кезде өз танкерлерін Әзірбайжанға сатуға мәжбүр болды.

@NRG_monitor жазуы бойынша, «ҚазМұнайГаздың» экс-топ-менеджері Мақсат Иденов кезінде американ елшісіне осы туралы шағымданған.
Иденов елшіге «Шевронның ұстанымы бүкіл KКТС жобасына қауіп төндіреді, өйткені ешкім мұнай құбырын, портты және жағалау инфрақұрылымын салуды және жаңғыртуды одан өтетін мұнай болмаса бастамайды» деп айтқан.

Енді Президент Тоқаев Шевронға Транскаспий бағытын қайта пысықтауды тапсырды. Кезінде Теңізшевройл мұнайдың бір бөлігін Баку арқылы жіберуге келіскенде, Ресейдің шантажына ұшырамас едік.

https://t.me/dalainside
👍28🤔1
Бүгін Алматыдағы Экономикалық тергеу департаментінің бүкіл басшылық құрамы ұйқы көрмейді

Видео @kozachkow арнасында бар. Адвокаттар өздерінің артынан аңдудың бар екенін байқаған. Сол автокөлікті жанына барғанда, оның ішінде отырған екі азамат шығудан бас тартқан. Адвокаттар коллегиясы көлікті қоршап, Полиция департаменті және кезекші прокурорды шақырды. Прокурордың автокөлікті порталмен алып кету бойынша ұсынысына, оның ішінде адамдар отырғандықтан заң талабына сай еместігін адвокаттар сол жерде ескертті.

Енді не істемек керек?

Ақыры полицейлер көліктің ішіндегі адамдарды күштеп шығаруға мәжбүр болды. Журналист Михаил Козачковтың мәліметі бойынша, көліктің ішіндегі жігіт Экономикалық тергеу агенттігінің Алматыдағы қызметкері болып шыққан.

Мұнда бір қызығы - тергеу органдары тарапынан адвокаттарды сыртынан аңдуға заң тиым салады. Нақты заң бұзушылық тіркеліп отыр.

Енді Экономикалық тергеу агенттігі қиын жағдайда қалды. Шешім қандай болмақ?

https://t.me/dalainside
👍20
💸 Ұлттық қор тағы 2 миллиард доллардан айрылды

Осы маусымның қортындысы бойынша Ұлттық қордағы валюталық активтерінің көлемі 2 млрд АҚШ долларына төмендеп, нәтижесінде 51,9 млрд АҚШ долларын құрады.

Бұл елдің тұрақтылығы үшін жағымсыз сигнал.

Активтердің азаюының басты себебі - әлемдегі акциялар бағасының айтарлықтай құлдырауы мен АҚШ долларының нығаюы болып отыр. Сонымен бөлек, біз маусымда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттердің кезекті траншын жібердік.

Маусымда Ұлттық қордан 578 млрд теңге трансферт алынды. Ол қаржы Ұлттық қордың теңгедегі шотындағы қалдықтар, сондай-ақ қорға теңгедегі түсімдер есебінен бөлінді. Сонымен қатар, ішкі валюта нарығында 438 млн АҚШ долларына активтер сатылды, бұл теңгелей шаққанда 199 млрд теңге ақша.

Трансферттер көлемін реттеу өз қолымызда. Бірақ әлемдегі акциялар нарығына қатысты ештеңе істей алмаймыз. Жыл басынан бері, акциялар нарығы шамамен 20 пайызға құлдыраған. Ал Ұлттық қор активтерінің біршама бөлігі акцияларға салынған болатын.

Ұлттық қорға акциялардан пайда бар ма?

Қор құрылғалы бері акциялардың біз үшін кірістілігі 3,05% құрап отыр. Бұл өте төмен көрсеткіш. Әрине, "бастысы минуста емеспіз" деп өзімізді жұбатуға да болатын шығар. Бірақ басқа суверенді қорлар, хэдж фондттардың акциядан кем дегенде 15% пайыз кірістілікті оңай алып жүргенін көріп, біздің қай жеріміз дұрыс емес деген ойлар келеді.

Дүниежүзілік банк, және басқа да ірі қаржылық ұйымдар әлем экономикасын рецессия күтіп тұрғанын болжап отыр. Коронавирустың кезекті штаммы өршіп кетсе, Украинадағы соғыс бітпей қойса, онда рецессия ауыр дағдарысқа ұласары сөзсіз. Осы дағдарысқа Ұлттық қордағы небары 51 миллиард доллармен кіру Қазақстан үшін өте ауыр болады.

Оны қаржы саласынан хабарсыз қарапайым оқырмандарымыз үшін былай түсіндіре аламыз. Мысалы, алдағы 2-3 айда сізде еш табыс, жұмыс болмайды. Ал қалтаңызда бар-жоғы 50 мың теңге ғана бар.

https://t.me/dalainside
👍22👎13🤔3😱1