DALA INSIDE
10.8K subscribers
400 photos
128 videos
1 file
1.13K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
👍
👎21👍4💩4😁1
📺 «Хабар» мемлекетке 105,8 миллион теңге дивиденд төледі

Ол дивиденд жалғыз акционер – Ақпарат және қоғам келісім министрлігіне аударылды. 2021 жылдың қортындысы бойынша агенттік 151,1 миллион теңге таза табыс тапқан. Акционердің шешімі бойынша оның 70 пайызы дивиденд ретінде төленді де, ал қалған 30 пайызы Хабардың өзінде қалды.

«Хабар» агенттігінің бір жылғы выручкасы 19 миллиард теңгені құрап отыр. Ал қызметтер мен тауарларды өндірудің өзіндік құны 17,5 миллиард теңге болған. Әкімшілік шығындары 634,4 миллионға жетті.

Выручканың құрамына қарасақ (Хабарға түскен жалпы түсім), сол 19 миллиард теңгенің 16,6 миллиард теңгесін мемлекет берген. Ол "мемлекеттік ақпараттық тапсырыс" деп аталады. 1,3 миллиард теңгені "Хабар" коммерциялық заказдар арқылы тапқан. Телесабақтардан 354 миллион теңге, жарнамадан 587 миллион, ПТСты арендаға беруден 10,8 миллион, khabar.kz сайтында реклама/баннер орналастырудан 81 миллион теңге түскен. 2020 жылғы выручка 17,4 миллиард теңге болса, 2021 жылы ол 19 миллиардқа дейін өскен.

Осы 1,6 миллиард теңге өсім ненің есебінен болды?

Ол толық мемлекеттің есебінен болды деп айтуға болады. Мемлекет 2020 жылы Хабарға 15,2 миллиард теңге берсе, 2021 жылы 16,6 миллиард теңге аударды.

Хабардың бір жылғы жалпы жұмысына 17,5 миллиард кетті деп айттық. Ол қандай шығындар:

- 3,6 миллиард теңге телесигналды таратуға жұмсалды;
- 3,6 миллиард теңге жалақыға кетті;
- «Қазмедиа» орталығына «Хабар» аренда үшін 1,3 миллиард теңге төледі;
- 2,3 миллиард теңге телебағдарламаларды сатып алуға жұмсалды.

2021 жылы Хабардың басқарма құрамы 4 адамнан тұрды. Оларға айлық, премия түрінде 67 миллион теңге төленді.

https://t.me/dalainside
👍12
"Хабар" АҚ 2021 жыл бойынша аудиттелген қаржылық есебі. Аудитор: "StarAudit"
👍2
🏦 "Jusan bank" акционерлерінің қорқынышты түстері

"Jusan bank" жақында өзіне берілген мемлекет көмегін қысқа мерзімде қайтарамыз деп мәлімдеген еді. Себебі әңгімелер көбейіп кетті және белсенділік танытпаса, банктің біраз акциясы мемлекетке қайтады деген тұжырымдар да болды. Банктің негізгі акционері - Нұрсұлтан Назарбаевтың өз үлесімен бөліскісі келмейтіні байқалады.

Хош делік. Банк мемлекет алдындағы қарызынан қашан құтыла алады?
Өткен жылдың соңында банктің таза пайдасы 2020 жылғы 82,7 млрд теңгенің орнына 10,1 млрд теңгені құрады, яғни 8 есеге жуық азайды. Бұл ретте еншілес ұйымдардың пайдасы банктің өзінің таза пайдасынан 4 есе артық – 47,5 млрд теңге.

Банкке мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау 1,5 триллион теңгеге тартады. Оны қазіргі жыл сайынғы 50 млрд таза пайдадан қайтарып отырғанның өзінде де, 30 жыл керек болады. Сондықтан, тек активтерін сатпаса, банктің "жақын уақытта мемлекет ақшасын қайтарамыз" деген уәдесінің орындалуы өте қиын.

Бұл жағдай банк басшылығының кішкене жұртты тыныштандырып, өзінің төңірегіндегі алып-қашпа әңгімелерге нүкте қоя тұрғысы келетінін аңғартады. Бірақ шын мәнінде ешкім мемлекет қарызын тез арада қайтаруға тырыспайтыны анық. Бастысы, адамдар тынышталсын деп отыр.

https://t.me/dalainside
👍13
Forwarded from ADYRNA.KZ
🆘 Болат Назарбаев басып алған "Алтын Орда" базарының дауы басылар емес

Мемлекет басшысы ақпан айында рейдерлікке ұрынған "Алтын орда" базарын тәртіпке келтіру туралы тапсырма беріп, сәуір айында базар басшылығы ауысқанымен сауда орнында заң бұзушылықтар тыйылмай отыр. Заңгер Дәурен Ғабдулдың айтуынша, көрші елдерден келген топтар базарға билік жүргізіп, қолдан қымбатшылық жасалып отыр.

«Басшылықтың ауысқанының өзі үлкен күмән туғызып отыр. Сәуір айынан бастап Алтын Ордада баға төмендеді ме? Біз күткендей өзгеріс болды ма? Жоқ! Бұл шағын сауда орны емес қой, ірі логистикалық торап. Алматы, Алматы облысын қамтамасыз етіп отырған сауда орны. Бұл кем дегенде 3 миллион адам. Егер ол жердің жұмысында ақау болса, бұл әрқайсымыздың үстеліміздегі нанымызға, жеп отырған етімізге дейін әсер етеді», - деп мәлімдеді заңгер Дәурен Ғабдул.

https://t.me/adyrnaportal
👍24👎3
"Қазатомпромның" қатқыл риторикасы оның басшысының өз еркімен кетуіне ықпал етті - дереккөз

"Қазатомпром" АҚ жекешелендіру бойынша ашық порталға жарияланған ҚР Үкіметінің Қаулысын жоққа шығарған болатын.

"2022 жылғы 20 мамырда ҚР Үкіметінің жекешелендіру жоспарына сәйкес жекешелендіруге жататын компаниялардың жаңартылған тізімінің жобасы жарияланды, оның құрамына Қазатомөнеркәсіптің еншілес кәсіпорындары: «Волковгеология» АҚ геологиялық барлау кәсіпорны, «Qorgan Security» ЖШС күзет қызметтерін көрсететін еншілес кәсіпорны және «Буденовское» БК» ЖШС уран өндіруші компаниясы кірді. Жарияланған ақпарат шындыққа, сондай-ақ ақпаратты ашу мен корпоративтік басқарудың белгіленген процестеріне сәйкес келмейді. Компанияның басшылығы мен Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесі оны түзету мақсатында ҚР тиісті мемлекеттік органдарымен жекешелендіруге жататын компаниялардың тізімін талқылауға, сондай-ақ жария компания болып табылатын Қазатомөнеркәсіптің қызметіне жол берілмейтін араласуға қатысты Компанияның елеулі алаңдаушылығын мемлекеттік органдардың назарына жеткізуге бастамашылық жасады. Ағымдағы заңнамаға сәйкес «Буденовское» БК» ЖШС өндіруші кәсіпорындағы Қазатомөнеркәсіптің үлесі 50%-дан кем болмауы тиіс (қазіргі уақытта - 51%).", - делінген еді, компания мәлімдемесінде.

Бүгін Мәжит Шәріпов арыз жазып, «Қазатомпром» компаниясының басқарма төрағасы қызметінен кетті.
Компанияның бас өндірістік директоры Ержан Мұқанов уақытша басқарма төрағасының міндетін атқаратын болады.

https://t.me/dalainside
👍7🥰1
Қазақстан қазақтың ең мықты банкирі Елдар Теңізбаевты ұстап қала алмады

"Бәйтерек" холдингі "Сбербанк Қазақстанды" сатып алғаннан кейін, біздегі Сберді басқарып келген Елдар Теңізбаев кететін болды деп жазады, kapital.kz

Елдар Теңізбаевтың кететінін "DALA инсайдтың" Бәйтеректегі дереккөзі де растады. Оның сөзінше, "Бәйтерек" холдингі басшысы Қанат Шарлапаев Елдардың одан әрі қалуына кет әрі емес еді, бірақ Теңізбаев мемлекеттік холдингтегі бюрократия аясында жұмыс істегісі келмеген.

Теңізбаевқа кореялық Shinhan bank, араб шейхтерінің инвестициялық қоры, ислам банкингі мен Сингапур қаржы жүйесінің өкілдері қызығушылық танытқан.

Біз оның алдында Елдар Теңізбаевтың ROE көрсеткішін 39%-ға жеткізгенін жазған едік. Былтыр Сбербанк активтері 33%-ға өскен. Таза пайдасы екі есе өсіп, рекорд - 130 миллиард теңге болды.

Ия, Елдарды сақтап қала алмадық. Оның басқа ел экономикасына жұмыс істейтіні өкінішті.

Ол елдегі 3 мықты банкир (Ломтадзе, Турлов, Теңізбаев) тізіміндегі жалғыз қазақ.

https://t.me/dalainside
👍29👎3💩1
Forwarded from ULYS
⚡️Бірқатар телеграм каналда журналист Махамбет Әбжанды антикордың ұстаған видео, суреттері тарауда.

Дереккөздер 50 миллион теңге бопсалап жатқан кезде қола түскенін алға тартуда.

https://t.me/ulys1
👍6
Forwarded from ADYRNA.KZ
😱 "Қарақалпақ - өзбек қатынасын украин - орыс қатынасымен салыстыруға келмейді.  "Қолдаймыз" деп үміттендіріп, өзі де аз санды қарақалпақтарды арандатып аласыздар... Бұл мәселе тек БҰҰ шеңберінде шешілуі тиіс". Бұл пікірді белгілі ұстаз, тарихшы Өмір Шыныбекұлы Adyrna.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты. 

https://t.me/adyrnaportal
👍15
Forwarded from ULYS
⚡️ Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров өзі басқаратын ведомство журналист Михаил Козачковқа қатысты оқиғаны мұқият назарда ұстап отырғанын хабарлады

https://t.me/ulys1
👍5
Белгісіз біреу түн жамылып, журналист Михаил Козачковтың көлігін бүлдіріп, балағат сөз жазып кеткен еді.
👍1
Қожамжаровқа да тықыр таянып келеді

Олигарх Дінмұхамед Ыдырысов Олеся Кексель, және басқа да кезінде лауазымды қызметтер атқарған тұлғалардың үстінен "Рейдерлік" бабы бойынша Бас прокуратураға арыз түсірді.

Оның ойынша, осы рейдерліктен ол 170 миллиард теңгенің активтерін жоғалтқан.

Суреттегі Олеся Кексель кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің тергеу департаментінде басшылық қызмет атқарды және Қайрат Қожамжаров, Талғат Татубаевтардың командасында болды.

Қожамжаров Бас прокуратураға ауысқанда, Олеся Кексель де оның артынан барды.

2019 жылы мемлекеттік қызметтен кетіп, Қазақстан аумағынан көшіп кетті.

Олеся Кексель мен Талғат Татубаевқа қатысты кез-келген іс Қайрат Қожамжаровты да міндетті түрде шарпиды. Себебі, көптеген шаруалар тікелей Қожамжаровтың тапсырмасымен жасалған болатын. Жаңа Қазақстан басшыларының Қожамжаровқа деген көзқарасы жақсы емес, себебі ол Назарбаевтік репрессиялардың жендеті болып жұмыс істеді.

https://t.me/dalainside
👏22👍19🔥3
Соғысатын ештеңеміз қалмауы мүмкін

Қорғаныс техникасына жауапты "Қазақстан Инжиниринг" ұлттық компаниясы 14,3 млрд теңгеге қарызға батқан. Ол алған кредиті бойынша биыл Халық банкі мен Самұрық-Қазынаға 23 миллиард теңге төлеуі тиіс. Оны еншілес компанияларын сатпаса, өз қалтасынан төлей алмайды. Ал Үкіметтің кешенді жекешелендіру бағдарламасына енгеніне қарамастан, компанияның еншілес ұйымдарын сатып алуға құлшынып отырған ешкім жоқ.

Осындай жағдайда отырып, биыл "Қазақстан Инжиниринг" АҚ Forte Bank-тен тағы 1 млрд теңге кредит алған. Компанияның барлық меншігіндегі заттар банктер залогында.

Әрине, 14 миллиард теңге деген қатты бір уайымдайтын қарыз көлемі емес. Бізде триллиондап қарыз болып жүрген (мысалы: ҚазМұнайГаз) ұлттық компаниялар да бар. Бірақ сол қарыздың көбейіп келе жатқаны алаңдатады.

Негізі "Қазақстан Инжиниринг" толық минусты компания деп айтуға келмейді. 2021 жылы ол 1,9 миллиард теңге таза табыс алған еді.

https://t.me/dalainside
👍16👎1
Аудиторлар (Moore Kazakhstan) көзге шұқып көрсеткен "Қазақстан Инжиниринг" проблемалары
👎1
💸 Басшылыққа 158,6 миллион теңге

«Даму» қорының басқарма мүшелеріне 2021 жылы 158,6 миллион теңге төленді. Ол ортақ сома. Оған бәрі – яғни, жалақы, премия, бонустар, еңбек демалысына төленетін ақылар кіреді. «Даму» қорының басқарма құрамына 5 адам кіретінін ескерсек, әр мүшесіне айына 2,6 миллион теңгеден келіп отырған.

Негізі бұл көп сома емес. Ашығын айтқанда, мұндай жоғары біліктілігі бар мамандар үшін бұл өте аз. Шетелде мұндай үлкен компанияларының басшылары одан 10-20 есе көп қаржы алып жатады. Мысалы, «Jusan bank» басқарма мүшелері айды аспанға шығарып, 2020 жылы 15 миллиард теңге бонусты өзара бөліп алған болатын.

Әңгіме тиімділікте. Қордың биылғы алғашқы тоқсанындағы нәтижесі жаман емес. Аудиттелмесе де, таза кірісі 20 миллиард теңгеден асып отыр. Ал 2021 жылы таза кірісі 25 миллиард теңге болған еді. Бұдан «Даму» қорының өте тиімді жұмыс істейтінін көруге болады.

«Даму» қорында бір басқарма төрайымының төрт бірдей орынбасары бар. Ол тым көп емес пе деген сұрақтар туындайды. Дұрысы – басқарма мүшелерінің санын 4 адамға дейін қысқару. Ал оларға жылына төленетін қаржыны 158 миллионнан 250 миллион теңгеге дейін көтерсе де артық болмайды. Сонда Қор басшылығы тиімді нәтижелер көрсетіп, ROA мен ROE көрсеткішін одан сайын арттыруға деген мотивация алады.

https://t.me/dalainside
👍3🤔2
"Даму" қоры басшылығына 158,6 миллион теңге төленгені туралы ақпарат
😱9
Forwarded from ADYRNA.KZ
Медеу аудандық №2 сотында белгілі кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровқа қатысты сот үкімі шықты. Ол Esentai City элиталық тұрғын үй кешеніндегі төрт вилланы сатып алушының 1 миллион долларын жымқырды деп айыпталды (салушы – «AV-Construction» ЖШС).

"Алмас Алтайұлы Әбдіғаппаровты ҚР ҚК 189-бабы 4 - бөлігі 2-тармағы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша кінәлі деп танылсын және оған орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, жеті жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын", - деп үкім шығарды судья Тұрсынхан Саликов.

Сондай-ақ, сот жәбірленушілердің талап арызын толық көлемде қанағаттандырып, Әбдіғаппаровтан 418 млн теңге өндіріп алды.
👍9
Біреуге ор қазба, өзің түсесің...

Жаңа Қазақстанда шынымен әділдік бар. Бұйырса, жақын арада Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаев толық ақталып, олардың досъесінен "сотталған" деген белгі түгел алынып тасталуға жақын. Жаңа ғана Бас прокуратура істі қайта қарау бойынша сотқа арыз түсірді деп жазды, осы істің адвокаты Жохар Өтебеков.

Қазақстан журналистер одағын көп жылдан бері басқарған Сейітқазы ағамыз да, замандас досымыз, әріптесіміз, ҚазТаг-тың қазіргі бас директоры Әсет те олигархтық, кландық жүйенің, рейдерліктің бар езгісін бастан кешті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікті қолшоқпарына айналдырған кісі көпе-көрінеу жала жаптырып, істі қолдан құрап, қоғамның наразылығына қарамай, жемқорлыққа ешқашан қолын былғамаған ел азаматтарын соттатып жіберді.

Сейітқазы аға өмірдің бар сынағына шыдады. Морт сынбады. Уақыт оның да, Әсеттің де жазықсыз екенін көрсетті.

Айбар Олжаевтың фейсбук жазбасынан
👍67🔥2
Forwarded from ULYS
⚡️КТК тағы жабылды

Каспий құбыр желісі консорциумы бұл жолы Новороссийсктің Приморск аудандық сотының шешімімен 30 күнге жұмысын тоқтатты.

Қазақстанның қара алтынын экспорттаудың басты маршруты саналатын мұнай құбыры экологиялық заңнаманы бұзған-мыс.

Бұл көрші елдің кезекті ойыны іспетті…

https://t.me/ulys1
🤬21👍5
Forwarded from ADYRNA.KZ
Биліктегі бір дөкейдің Сейітқазы Матаев ағамыздың иелігіндегі “ҚАЗТАГ” халықаралық агенттігіне көзі түседі. Ол - сұрайды, бұл - бермейді. Бопсалайды - оған көнбейді. Дегені бола қоймаған лауазым иесі диктаторлық жүйе саяси күрескерлер мен адал бизнесмендерге қарсы кеңінен қолданылатын қазақстандық “ноу-хау” тәсілді іске қосады:
Компанияға тексеріс жібереді, бухгалтериядан бір “изьян” табады. Сөйтіп Сейітқазы Матаев пен ұлы Әсеттің үстінен қылмыстық іс қозғап, біреуін 6, екіншісін 9 жылға соттатып жібереді.

Кейінен бұл іс қоғамда кең резонанс туғызып, әкелі-балалы екеуге күллі қоғам араша түскен соң, қылмыскер жүйе “аяғын тартып” , Матаевтарды мерзімінен бұрын шартты түрде түрмеден босатқаны естеріңізде шығар.

Бүгін ақжолтай хабарды есітіп қуанып отырмын. Матаевтар өздеріне қарсы қозғалған қылмыстық істің “тапсырыс” екенін, сот шешімінің әділетсіз екенін және
өздерінің ақ-адал екенін дәлелдемек болып, істі қайта қарау үшін бүгін Жоғарғы Сотқа арыз түсіріпті. Ардақты ұстазымыз Сейітқазы Матаев пен ұлы Әсет толық ақталып шығуға үміт бар.Бұл - тағдыры қорланған бір ғана отбасының мысалы. Ал жемқор жүйенің қиянатын көріп, өмірі өксіп өткен біз білмейтін тағдырлар қаншама…

Дина Елгезектің жазбасы
👍47🔥1