DALA INSIDE
10.8K subscribers
400 photos
128 videos
1 file
1.13K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
Достар! Жақсы ұсынысымыз бар. «Үйде жатпа!» арнасында әр жұма сайын киноға тегін билеттер ойнатылады. Бүгін кезекті викторина күні. Арнаға жазылып, сұрақтарға жауап беріп, билеттер, кітаптар, бағалы сыйлықтар ұтып алуға болады.

🔥Ұтыс ойыны шарты арнада бекітілген⤵️ Міндетті түрде жазылыңыздар!
https://t.me/uidezhatpa
👍5🔥1
Forwarded from Үйде жатпа!
☑️ 106 жыл бұрын Қазақстанда Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық қозғалыс басталды. Көтеріліске тікелей себеп - 1916 жылғы 25-ші маусымдағы "қазақтарды тыл жұмыстарына реквизициялау туралы" патша жарлығы.
Империя Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адамды майданға аттандырғысы келді. Ең ұзақ және ұйымдасқан көтеріліс Торғай облысында өтті, ол Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерін қамтыды. Оны халық батыры Амангелді Иманов басқарды. Осы ұлт-азаттық қозғалыстан кейін Кенесары Қасымовтың басшылығымен өткен көтеріліс бүкіл қазақтық сипатқа ие болып, Қазақстанның барлық өңірлерін қамтыды.

☑️25-ші маусым – Халықаралық теңізшілер күні. Теңіз тасымалы ең арзан деп саналады. Әлемдік сауданың 80% - дан астамы теңіз флоты арқылы жүзеге асырылады. Бұл салада бір жарым миллион теңізші жұмыс істейді. Қазақстанның үлкен теңіз жолдарына қол жеткізе алмауына қарамастан, Ақтау порты арқылы Каспийде сауда кеме қатынасы белсенді дамуда.

Егер таныс теңізшілер болса, оларды мерекемен құттықтауды ұмытпаңыз!

☑️Бүгін – Дүниежүзілік витилиго күні. 25-ші маусым күні 1986 жылы витилиго диагнозы қойылған Майкл Джексонның қайтыс болуына орай таңдалды. Витилиго терінің жекелеген аймақтарының депигментациясымен сипатталады. Оның пайда болу себебі белгісіз. Витилиго бар көптеген адамдар әлеуметтік стигматизацияға, немқұрайлылыққа және кемсітушілікке тап болғандар. Дәрігерлер пациенттеріне бұл аурумен ауыратын адамдар басқалардан кем емес екенін түсіндіреді, ал ақ дақтар-бұл олардың ерекшелігі. Майкл Джексоннан басқа, витилиго үнді актері және миллиондаған Амитабх Баччанның сүйіктісі, модель және фотограф Анастасия Веничта болды. Ақ дақтары бар науқастар тізіміне миллиардер Роман Абрамович және АҚШ-тың 45-ші президенті Дональд Трамп кірді.

☑️Бүгін кино әлемінің екі танымал тұлғасының туған күні. 1943 жылы 25 маусымда театр және кино актері, ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі – Владимир Толоконников дүниеге келді. Ол "Перекресток" бірінші қазақ сериалында ойнады, сондай-ақ "Собачье сердце" фильміндегі Шариковтың рөлімен танымал. Фильм түсіру кезінде, 75 жаста жүрек ұстамасынан қайтыс болды. Бүгін танымал режиссер, продюсер және сценарист – Тимур Бекмамбетов 61 жасқа толды. Ол 1961 жылы 25-ші маусымда Атырауда дүниеге келген. Бекмамбетов Forbes нұсқасы бойынша Ресейдегі ең коммерциялық табысты режиссерлер рейтингінде бірінші орын алды. Голливудта Анджелина Джоли, Морган Фриман және Бенедикт Камбербэтч ойнаған 9 фильм түсірді. Биыл ол Украинадағы Ресей әскерлерінің әрекеттерін айыптап, соғыстың цифрлық жағы туралы деректі фильм түсіргенін мәлімдеді. Тимурдың айтуынша, ол әрқашан Қазақстанға кем дегенде бір күн келуге мүмкіндік табады.

Сізге Тимур Бекмамбетовтың қай фильмі ұнайды?
👍7
Forwarded from ADYRNA.KZ
Қалдыбек Құрманәлі даудың астында қалды. Оған себеп Аман Тасығанға берген сұхбатында сөз еткен Аружан Дүйсебаева мен Сәкен Майғазиевтің кикілжіңі, деп жазады "Адырна" тілшісі. 

"Қоғамда жүрген әумесер адамсыз. Қыздардың етегін аңдып жүре беріңіз. Шынайы елге жаныңыз ашитын жан болсаңыз, Жаңаөзен оқиғасында, Заманбек Нұрқаділовтың өліміне қатысты оқиғада, Қаңтар оқиғасында полицейлер жазықсыздарды үтікпен күйідіріп жатқанда қайда болдыңыз? Сіз мен үшін ешкім емессіз" деді Аружан видеода.
Инстаграмдағы парақшасындағы жазбасында:

"Қалдыбек Құрманәлі сол кезде сөзіңізді өзгертіп едіңіз. Менің жағымды айыратындай сіз кім едіңіз? Менің жағымды айырғызып қойып қарап отырама менің әкеммен ағам? Ағаларым? Журналисттер бұдан кейін осыдан сұраңыздар сұрақтарыңызды реттеп беріп отырсын!
Тек тапсырыспен жұмыс жасайтын. Ал сен осылай былжырай бер. Шал болған соң әдемі қартайсай, қарғысқа қала бермей. Бар жауабым видеода" деп жазды ол.
👍22
Forwarded from ADYRNA.KZ
Бұрынғы президенттің інісі Болат Назарбаев «Алматы Стекло» зауытының бас директоры Әзім Абдуллаевты сотқа берді, деп хабарлайды "Адырна" Ulysmedia.kz-ке  сілтеп. 

Кәсіпкер бұған дейін бизнесті рейдерлік басып алудың құрбаны болдым деп мәлімдеген.

Әуезов ауданының № 2 аудандық сотына Болат Назарбаевтан ар-намысын, қадір-қасиетін, іскерлік беделін қорғау және моральдық зиянды өтеу туралы талап арыз түскен. «Сотқа дейінгі хаттаманы дайындаумен татуластыру рәсімі» 27 маусымға белгіленген.

Сәуірдің басында Абдуллаев 2006 жылы ашылған кәсіпорын кірісін Болат Назарбаевпен бөлісуге мәжбүр болғанын айтқан. Айтуынша, оған барлық бизнес нысандарынан ай сайын 300 мың доллар төлеп тұрған. Осылайша 15 жыл ішінде Абдуллаев Нұрсұлтан Назарбаевтың інісіне 60 миллион долларға жуық ақша аударған.

Зауытта 400-ге жуық адам жұмыс істейді. Ол жылына орта есеппен 100 миллион түрлі бөтелкелер мен консервілер шығарады. Зауыт жылына 5 миллион долларға жуық табыс әкеледі.
👎16👍5
Болат Назарбаев қаһарына мінді

"Алматы Стекло" зауытының бас директоры Әзім Абдуллаевтан кейін, Болат Назарбаев өзінің үстінен құқық қорғау органдарына шағымданған бизнесмен Нұрша Кәкеновпен айналыспақ.

Нұрша Кәкенов оны Karuan компаниясына қатысты рейдерлікпен айналысты деп айыптап отыр.

https://t.me/dalainside
👎27
🔒 Ресей шамамен 9 сағаттан кейін техникалық дефолтқа ұшырайды

Бұл Ресейдің 100 жылдан кейін жіберген алғашқы дефолты болмақ. Ол 1918 жылғы кризисте дефолт жіберген еді. Бірақ онда төлейтін ақшасы болмаған. Ал қазір валюта резервтері бар, бірақ санкция әсерінен бұғатталып қалған. Оның қарызды рубльмен төлеуін Батыс қабылдамайтындығын мәлімдеді.

Ресей санкция салынғалы бері халықаралық инвесторлар үшін "қызыл зонада" келеді. Қазір ол тек газ сатып қана валюта алып отыр. Ресей экономикасының қашанға шыдайтыны белгісіз. Бірақ алдағы күзде "солтүстік көршінің" жағдайы шынымен де ауыр болатыны сөзсіз.

Бүгін Ресей облигациялардың кезекті өтемі барысында 100 миллион доллар төлеуі тиіс. Оны доллармен төлей алмайды. Техникалық банкроттық бұдан кейін нағыз банкроттыққа жетелемек. Егер Еуропа елдері Катармен сығымдалған газ мәселесін шешсе, онда Ресей экономикасына біржолата нүкте қоюға болады.

Қазақстан қазірдің өзінде жан басына шаққандағы ІЖӨ көлемі бойынша Ресейден озып кетті. Және сыртқы тауар айналымын есептеп, ЕАЭО бойынша баж үлесін тез арада қайта қарауы тиіс.

Онымен бірге, одақтың ортақ валютасы ретінде әлемде еркін конвертацияланатын теңгені жылжытып жіберу керек. Себебі - Еуразиялық одақ ішінде экономика жағынан ең мықтысы біз болып отырмыз.

https://t.me/dalainside
👍38
Ресей - Қазақстанның банкрот, проблемалық көршісі
👍23
🔥Бибісара Асаубаева: Министр Абаев, вы воруете время у Президента страны, а у национального бюджета - деньги!

Я не хотела создавать вокруг себя неспортивный шум, который очень мешает олимпийскому тренировочному процессу.

Могу лишь добавить - я гроссмейстер, совершеннолетний спортсмен с ясным умом и твёрдой памятью.

Я никогда ничего не путаю, не домысливаю. И шагов никаких на эмоциях не совершаю, как предположил господин министр спорта.

Я не путаю Казахстан и Узбекистан, не путаю их Федерации. Также мне известно, что доллары - национальная валюта США, неуместная для определения какого-бы то ни было бюджета в независимой стране со своей национальной валютой.

Тем более делать это в Акорде - сердце Казахстана. А три миллиарда тенге (или пусть по Вашему господин Хусаинов,- 3 миллиона долларов), которые планировалось правдами-неправдами выпросить у Президента нашей страны- сумма огромная и Федерацией (в том числе нами, сборной) не заслуженная. По крайней мере пока, за месяц до Олимпиады.

Я самодостаточный спортсмен, не ищущая личных выгод и пустой славы. Шахматы научили меня ценить время- своё и чужое,- нет вещи важнее времени.

Не правильно, не этично, антиморально, если хотите преступно вредными и пустыми просьбами воровать время у Президента страны, а у национального бюджета - деньги. И никто не переубедит меня в обратном.

Поэтому накануне предстоящей встречи с Президентом Страны, я вышла к СМИ и высказалась прямо и открыто, не опасаясь гонений за правду. Если «оскорбленные» лица считают себя оскорбленными,- защищайте своё имя в суде, право Ваше.

Возвращаясь к теме лжи. Я готова найти «окно» в тренировках и пройти проверку на полиграфе.
Пусть Время и место назначат господа Хусаинов и Садвакасов, которые пройдут детектор лжи вместе со мной. За всех троих готова оплатить сама, меня упрашивать об этом им не придётся.

А теперь позвольте мне продолжить подготовку к Олимпиаде.

Ваша Бибисара.

Источник: личная страница шахматистки в Facebook.
👍73🔥10👏7
⚡️Бибисара Асаубаева министр Абаевқа "жесткий" жауап берді
👍91👏9🔥3🥰3
🤌 "Қызыл белгі": кейбір шенеуіктер, экс-шенеуіктер, топ-менеджерлер Қазақстан аумағынан шыға алмайды

Ешқандай қылмыстық іс, тергеу жүргізілмесе де, Антикор көптеген шенеуіктердің, экс-шенеуіктердің, ұлттық компаниялардың басшылығына кіретін/кірген лауазымды тұлғалардың Қазақстан аумағынан шығуын шектеп қойған.

Ол үшін "Бүркіт" шекара қызметінің ақпарат жүйесінде ол адамдарға арнайы белгі қойылған. Бұл туралы https://t.me/dalainside шекара қызметіне жақын дереккөзі мәлімдеді.

Антикор, Қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп, барлық шенеуіктердің 2015 жылдан бергі тірліктерін тексеруде. Осы жолда олар қылмыстық іс фигуранты атануы мүмкін тұлғалардың шетелге қашып кетуінен қорқып отыр. Сондықтан, ондай жағдайдың алдын алуға барынша тырысады.

Дереккөз мәліметінше, қазір осы тізімде Асқар Мамин, Бақытжан Сағынтаев, Алмасадам Сатқалиев, Ғабидолла Әбдірахымов, Айдар Әріпханов сынды белгілі шенеуіктер/топ-менеджерлер бар. Оларға қатысты ешқандай іс қозғалмаған. Бірақ Қазақстан аумағынан кете алмайды. Себебі, кез-келген уақытта оларға мемлекет тарапыган сұрақ туындауы мүмкін.

https://t.me/dalainside
👍34
Forwarded from kaz.exk.kz
«Пара сұрап, қорлады». Египетке демалысқа кеткен қазақстандықтар азапталды

Әйелімен бірге Египеттегі Шарм-Эш-Шейхқа демалысқа барған алматылық Ян Митрофановтар отбасы қорлық көріп қайтты. Оны Египеттің полиция қызметкерлері ұстап, ұрып-соғып, түрменің салқын камерасында ұстаған.
👍31👎2
👍Қостанай қаласындағы әуежай Ахмет Байтұрсынұлы атымен аталатын болды

Бүгін Қостанай облысы Мәдениет басқармасы Үкімет қаулысымен Қостанай қаласындағы халықаралық әуежайға Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілгенін жария етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қостанай облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов аталған бастаманы ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында әуежай ұжымы көтергенін айтты.
– Биылғы Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы аясында республикалық және облыстық жоспарлар бар. Бүгінде көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр. Соның бір маңыздысы – Қостанай қаласындағы халықаралық әуежайға Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру туралы шешім.
Бұл бастаманы көтерген – әуежайдың ұжымы. Одан бөлек, осы ұсынысты қоғам белсенділері, зиялы қауым өкілдері түрлі жерлерде айтып жүрді. Сондықтан ол ұжымның талқысына салынып, қолдау тауып, тиісті рәсімдерден өткізілді. Енді әділет органдарына құжат ресми тіркелгеннен кейін халықаралық әуежайға Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілетін болады, – деді басқарма басшысы.
👍46
👍
👍69
💵 Kaspi бір жылда екі рет дивиденд төлемек

Kaspi Bank акционерлері 2021 жылдың қортындысы бойынша акцияларға тағы да бір дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады. Бір бағалы қағазға дивиденд сомасы 2900 теңгені құрады. Жалпы, осы төлем аясында 58 миллиард теңге жұмсалады.

Мұнымен Kaspi Bank ең алдымен Лондон биржасында акцияларын ұстап отырған жеке акционерлерін қуантады. Алдында Kaspi Bank наурыз айында негізгі төлем жасаған. Онда акцияға шаққандағы төлем 2700 теңгені құраса, ортақ сома 54 млрд теңге болған еді.
Сонда жалпы 112 млрд теңге дивиденд төленді. Kaspi Bank-тің 2021 жылғы таза пайдасы 313,6 млрд теңгені құрағанын ескерсек, дивиденд таза пайданың 36%-ын құрады.

Бұл аз ба, көп пе?

Таза пайданың барлығын дерлік дивидендке төлеп жіберген банктер де бар. Барлығы негізгі (мажоритарлы) акционердің шешіміне, не ойлағанына байланысты.
Биыл дивиденд төлемей, акционерлері таза пайданы банктің капитализациясына бағыттаған банктер де болды. Ол көп жағдайда банкке таза ақша ағыны (NCF) жетіспей жатқанда қолданылды.
Kaspi-де онымен еш проблема жоқ. Банк дивидендтің пайдаға шаққандағы көлемін 36% деңгейінде ұстау арқылы:
а) мажоритарилер мен миноритарийлер мүддесінде баланс тапты;
б) акциялардың қайталама нарығында өзіне деген жеке инвесторлар сенімін арттырды.

Kaspi-де ешбір экономикалық қауіп байқалмайды. Оның қандай да бір тәуекелі тек саяси шешімдерге қатысты болуы мүмкін.

https://t.me/dalainside
👍34🤔31
🇷🇺🇩🇪 «Енді Путиннің бопсасына көнбейміз!». Анналена Бербок Кремльге доқ көрсетті

Германияның Сыртқы істер министрі Анналена Бербок ханым Мадридте өткен НАТО-ның форумында алдағы уақытта немістер өздерін Ресейдің газ бен мұнай арқылы бопсалауына жол бермейтінін ашып айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
– Біз алдағы уақытта Кремльдің газ бен мұнай арқылы бопсалауына жол бермейміз. Осыған дейін біздер отын энергетикасы бойынша Ресейге қатты тәуелді болдық. Ресми Мәскеу осыны пайдаланып, орынсыз саяси талаптарын қойып келгені баршаға мәлім. Енді біз Путиннің мұндай бопсасына көнбейміз, – деді Германияның Сыртқы істер министрі.
Өз кезегінде Анналена Бербок Германия Ресейдің мұнайы мен газына тәуелділіктен құтылуы үшін жаңғырмалы энергетикаға қомақты инвестиция салғанын алға тартты. Ол адам құқығы қорғалатын елдерде жаңғармалы энергетиканы дамытуға қолайлы жағдай жасалынғанын да айтты.
Анналена Бербок Жасылдар партиясының өкілі екенін ескерсек, ол жақын уақытта партиялас әріптестерімен тізе қосып, Ресейдің отын энергетикасынан бас таруға күш салатынын байқауға болады.
– Қазір жершарын экологиялық апаттан құтқару мәселесі күн тәртібіне шығып тұр. Пайдалы қазбаларға деген тәуелділік геосаяси жағдайды күн өткен сайын ушықтырып жатыр. Ал жаңғырмалы энергия көздері энергетикалық еркіндікке бастайды, – деді Анналена Бербок.
👍45😁2👏1
👍
👍39🔥1
Forwarded from ADYRNA.KZ
Санкциядан қашқан Ресейлік компаниялар Қазақстанға көшіп жатыр

Биыл мамыр айының соңына қарай Қазақстанда жұмыс істеп тұрған шетелдік кәсіпорындардың саны жыл басынан бері 12,7%-ға өсіп, 25 мыңға жеткен. Ал Ресейдің қатысумен 13 мыңнан астам кәсіпорын тіркелген.

Әсіресе, шетелдік компаниялардың өсуі 2022 жылдың наурызында басталған. Наурызда өсім 3,3%, сәуірде 4%, мамырда 4% болды. Бұл – кейінгі жылдардағы ең жоғары көрсеткіш. Мәселен, 2021 жылы шетелдік компаниялар санының орташа айлық өсу қарқыны небәрі 1,1% еді.

Басылымның болжамы бойынша, геосаяси дағдарысқа байланысты болашақта ресейлік компаниялардың ағыны одан әрі жалғасады.

Дереккөз: Finprom.kz
👍10👎6👏2
👍 Назарбаевтың күйеубаласы иеленген зауыт мемлекет меншігіне өтті

Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан GPC Investment компаниясы республикалық меншікке өтеді. Үкімет тиісті қаулыны қабылдады, - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

«GPC Investment» ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлестерінің 100 пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «Tau Bereke Group» ЖШС-ның ұсынысы қабылдансын» делінген қаулы мәтінінде.

Айта кетейік, «GPC Investment» компаниясы – «Қашаған кен орны шикізатының базасында қуаты текшесіне 1,15 миллиард метр газ өңдеу зауытын салу» жобасының операторы.
«Жеке инвестордың жобаны іске асыруды жалғастырудан бас тартуына байланысты GPC Investment компаниясы "QazaqGaz" ҰК" АҚ балансына беріледі.
Өз кезегінде, бұл ішкі нарықты бағасы қолжетімді тауарлық және сұйытылған газбен қамтамасыз етуді арттыруға, сондай-ақ зауыт құрылысының жобасын уақытылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді» дейді үкіметтегілер.

Қашағандағы «GPC Investement» ЖШС газ өңдеу зауытына экс-депутаты Дариға Назарбаеваның күйеуі Қайрат Шәріпбаев басқарып, иелік еткен-ді. Енді зауыт мемлекет меншігіне өтті.
Қайрат Шәріпбаев Қашағандағы жаңа зауытты мемлекет есебінен аяқтағысы келген еді. Бірақ ол ойы іске аспады.
Шәріпбаев «NCOC-тен ілеспе газды жеткізу туралы келісім мен Қазақстанның Даму банкінен (ҚДБ) газ өңдеу зауытын салуға несие алған.
Айта кетейік, ҚДБ өз кезегінде аталған газ өңдеу зауытының құрылысын синдикатталған қаржыландыруға қатысу мүмкіндігін қарастырып жатқанын, ал NCOC қазірдің өзінде мұнай құбырынан газ құбырын тартуға 50 миллион доллардан астам қаражат «Болашақ» кешенді мұнай-газ өңдеу қондырғысы салынып жатқан газ өңдеу зауытына бөлгенін мәлімдеген болатын.

https://t.me/dalainside
👍43🔥3👏2🤔1
👎
👍17👎14
😞EXPO бюджетке масыл болуда

Дәл осыдан бес жыл бұрын елімізде EXPO-2017 шарасы дүркіреп өткен еді. Сол кезде халықаралық көрмені ұйымдастырушалар аталмыш шара үшін салынған ғимараттарды жалға беріп, кеткен шығынды еселеп қайтатынын айтқанын да ұмыта қойған жоқпыз.

Бірақ EXPO көрмесі үшін салынған ғимараттардан анау айтқанда қаржы түсіп жатқан жоқ. Қайта EXPO ғимараттары бюджетке салмақ түсіруде. Айталық, 2018-2022 жылдар аралғында көздің жауын алатын ғимараттарға иелік ететін QazExpoCongress компаниясы мемлекет бюджетінен 80,4 млрд теңге алған. Өткен жылдың өзінде абажадай ғимараттарды күтіп, баптау үшін қазынадан 18,3 млрд теңге жұмсалыпты.

Арада 5 жыл өтсе де халық EXPO-ның пайдасын көрген жоқ. QazExpoCongress компаниясы 2024 жылы ғана бюджеттен қаржы алмай өз күнін өзі көріп кетеді деген болжам бар. Оған дейін EXPO ғимараттары бюджетке масыл болайын деп тұр.

EXPO ғимарттары елге миллиондап шығын әкелгені анық. Бір білетініміз EXPO-2017 көрмесін басқарған Ахметжан Есімовтың ағылшынша аз-кем тіл сындырғаны. Одан басқа пайдасын білмейміз!

https://t.me/dalainside
👍17😁5👎2
👍
🤮30😁4💩1