⚡ Бауыржан Бәйбектің Стамбулда ұсталғаны рас па?
@dalainside екі бірдей дереккөзі Бауыржан Бәйбектің Түркияда уақытша жүріс-тұрысы шектелгенін хабарлады. Бірақ Бәйбекке Қазақстан тарапынан Интерпол арқылы ресми іздеу берілмеген.
@dalainside Интерполдың қазіргі тізімін тексеріп көрді. Ондағы тізімде әзірге Бәйбектің аты-жөні жоқ.
Егер Бәйбектің жүріс-тұрысы шектелсе, ол Қазақстан билігінің ауызша өтінішінен болуы мүмкін. Бірақ ресми құрықтау үшін, бізден ресми өтініш болуы тиіс. Ондай құжат құзырлы органдар тарапынан шықпаған.
Бауыржан Бәйбек - Алматы әкімі, Nur Otan партиясы төрағасының орынбасары, Президент Протоколы жетекшісі қызметін атқарған саяси қызметкер. "Қаңтар оқиғасынан" кейін ол барлық қызметінен кетіп, Дубайға көшіп кеткен болатын.
https://t.me/dalainside

👍1
😤 Дума депутаттары Қазақстанға саусағын шошайта бастады!
Тоқаевтың Украинаның шығысындағы шалажансар құрылымдарға қатысты пікірі орыс шовинистерінің шамына тиіп, шымбайына батыпты. Мұндайды мүлдем күтпеген Дума депутаттары одақтасын түтіп жеуге дейін отыр дейді.
"Украина болсын, басқа болсын, егер сіз-біз десіп, сыйласар болсақ, ешкімнің жеріне сұқтанбаймыз.
Ал егер ерегісер болсаңыз, бізден бәрін күтуге болады. Украинаның кебін киесіздер.
Сол себепті, қазақ билігіне мәселенің осы тұсына назар аударған абзал...", - депті Дума депутаты әрі ТМД істері бойынша төрағаның білдей орынбасары Константин Зәтулин.
Зәтулиннің зәр төгісі ұзаққа созылмады. "Единый Ресейдің" бас хатшысы депутатқа ескерту жасап, абайлап, алды-артына қарайлап сөйлеуге кеңес берді.
Зәтулиннің соңынан сөз алуға асығып, кіжініп, түтігіп отырған біраз депутат тізгін тартуға мәжбүр болды бұдан кейін.

👍13🤬1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Қазақстанға қарсы ақпараттық соғыс басталды!
Кремльдің Қадыров дейтін қабаған иті Қазақстанға қарап, абалап жатыр.
"Сіздер тәуелсіздіктен айырыла жаздаған шақта құтқарған кім? Ресей...", - дейді Путиннің қолшоқпары.
Президент Тоқаевтың кешегі сөзі Қадыров секілді путиншілдердің жанды жеріне тисе керек.
Кремль көсемін пір тұтатын аудитория: "Өттерің жарылса да, ДНР мен ЛНР-ды мойындамаймыз" деген Кемелұлына қарымта қайтарудың амалын іздеуде.

👍29👎16🤮7💩6
Forwarded from ADYRNA.KZ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қосшыда не масқара болып жатыр?
Қаланың келбеті қазақстандықтарды таң қалдырды🤯
Бұл туралы тұрғындардың өздері де жазып жатыр:
«Бұл бүгінгі Қосшы қаласы. Тұрғындардың соңғы бірнеше жылдан бері көріп жүргені осы: шашылған қоқыс пен жолдың жоқтығы.
Оның үстіне бұл Қосшыға қала мәртебесі берілген кезден басталды. Қосшының ауыл статусындағы жылдарында мұндай жағдай болмаған.
Табиғи көлді осындай жағдайға жеткізуге тұрғындардың сөзін елеместен жергілікті әкімдіктің өзі түрлі әдіспен үлес қосып жатыр деген ой келеді.
Жүк көліктері жаңа жолдарды өтпейтін тосқауылға айналдырды.
Қандай да бір түсініксіз заңсыздық жүріп жатыр».
Ал енді сұрақ: бұл заңсыздыққа кінәлілер қашан жазалана бастайды? 🤬
Дереккөз: ulysmedia.kz

👍10🤬6
🤌 Асқар Мамин үкіметі Ұлттық қордан бір жылда 200 миллиард теңге жаратып жіберген
2021 жылы Ұлттық қордан 4,5 триллион теңге алынып, тек 4,3 триллион теңге түскен.
Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованың сөзінше, 2015 жылдан бері шенеуіктер Ұлттық қорды белсенді тұтынып келеді. Соның кесірінен ол 2022 жылдың басында 55 миллиард долларға дейін қысқарған.
Бұл ретте осы ақшаны пайдаланудың арнайы заңы бар екенін айту керек. Бірақ ол орындалмай келеді.

🤬17👍9😱1
Forwarded from Ongar_online
Болат Назарбаевқа қылмыстық іс қозғалды.
Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваға қатысты «Рейдерлік» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Құзырлы органдарға арызды Нұрша Кәкенов жазған. Ол «Каруан» ЖШС құрылтайшыларының бірі болған, бірақ оның үлесін алып қойған, арызданушы оның шығынын 150 миллион долларға бағалаған.
Ашық деректерге сүйенсек, Маңғыстау облысында марганец өндірумен «Каруан» ЖШС айналысқан.
egov.kz порталының хабарлауынша, 2006 жылдың басында Нұрша Кәкенов серіктестіктің ортақ иелерінің бірі болған, бірақ сол жылы бірінші президенттің інісі ЖШС-нің жалғыз қатысушысы болған.
Ал 2018 жылдың ақпан айынан бастап компания екі заңды тұлғаға тиесілі - «Central Asian Investment Consulting Company» ЖШС және Кипрде тіркелген ILMAX LTD.
2021 жылы «Каруан» ЖШС жұмысын тоқтатты.
@kozachkow телеграмм арнасынан
Фотода Болат Назарбаев пен Майра Құрманғалиева

👍14🥰1
Magnum және Жаңа Қазақстан. Стратегиялық маңызы бар сауда желісі салафиттерден қашан тазарады?
Бүгін Болат Назарбаевтың үстінен "рейдерлік" айыбы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұдан кейін Қазақстанда Болат Назарбаев, Нұрбол Назарбаев, Әнипа Назарбаева, Құндыз Назарбаева, Қайрат Сатыбалды, Гүлмира Сатыбалды, Қайрат Шәріпбаевтардан зәрезап болған мыңдаған бизнесмен құқық қорғау орындарына арызданатыны анық. Көбісінде заңды бизнесін қайтаратын мүмкіндік туып тұр.
Осы орайда - Қайрат Сатыбалды мен Болат Назарбаевтың ең ірі рейдерлік жобасы - Magnum туралы жақында жаңалық болады дейді, @dalainside дереккөзі. Оның топ-менеджменті кезінде Қайрат Сатыбалдыға жақын болғанын ескеру керек.
Қайрат Сатыбалды дәуірінде, Магнумға мемлекет "оборотты схема" арқылы 13 миллиард теңге көмек берген.

👍19
😭 Қазақстанның түбіне жеткен жобалар. Енді мұндай қателіктер қайталанбауы тиіс.
1. LRT.
Қазақстандағы коррупцияның символы. Тікелей шығын - 1,6 млрд доллар. Енді, 2023-2024 жылдары бюджеттен ЛРТ қарызын жабу үшін 248 миллиард теңге алынады. Ол әр азаматтың, отбасының аузынан жырылып алынады. Егер сіз 100 теңге тапсаңыз, соның 2 теңгесін ЛРТ қарызына бересіз деген сөз. ЛРТ-ның Астана банкінде жатқан ақшасын кімнің ұрлағанын мемлекет әлі күнге дейін анықтай алмай отыр. Бұл біздің тарихындағы ақтаңдақтың бірі. Оны анықтауға құзырлы органдардың құлықсыз екеніне қарағанда істе бірінші президент отбасының қатысы бар екені анық.
2. Astana EXPO-2017
Арада 5 жыл өткеннен кейін Экспоның Қазақстанға ешқандай жаңа технология, инвестиция әкелмегенін көріп отырмыз. Оған дейін шенеуіктердің "мультипликативті эффект" туралы әңгімесі, уәдесі жалған болып шықты. Бір сөзбен айтқанда, Экспоны ұйымдастырғандар бүкіл Қазақстан халқын алдап кетті.
Құрылыс пен ұйымдастыруға кеткен тікелей шығын - 1,3 миллиард доллар! Және Экспо жыл сайын ондағы ғимараттарды ұстап тұру үшін 18 миллиард теңге шығын әкеліп отыр. Оған қоса, түк бітірмей, жәй завхоздың рөлінде отырған "QazExpoCongress" ұлттық компаниясын ұмытпаңыз. Олардың директорлар кеңесі, басқарма мүшелері, упрдирлері, департамент басшыларына төленетін айлық пен бонустарды ұмытпаңыз. Сонда жаңағы 1,3 миллиард доллардан бөлек, Экспо өткеннен кейінгі 5 жылда шамамен 100 миллиард теңге шығынға баттық. Ал биыл тағы 18 миллиард теңге төлейміз.
3. Азиада
Шығын - 1,65 миллиард доллар. Кіріс - нақты есептелінбеді. Алматыдағы Алматы арена мен Халық аренаны ұстап тұруға жылына 1 миллиард теңге жұмсалады.
4. ФИИР, 30 корпоративті лидерлер, Ұлттық чемпиондар, тб.
Ақша сору үшін ойлап табылған коррупционды квазибағдарламалар. Осының ішінде күлкіге қалған - ұшақ, планшет, әйнек, картон жасайтын түрлі зауыттар мен жобалар бар. Ешқайсысы жұмыс істеп кете алмады. Шығын 2 миллиард доллардан асады. Қаншама уақыт бекер кетті.

😢32👍14🥰1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ресей-Украина қақтығысын бейбіт жолмен шешу жолдарына қатысты сұраққа жауап берген Қазақстан Президенті келіссөздерді жалғастыра берудің маңызды екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, бұл қақтығысты шешуге тараптардың ерік-жігері қажет. Сонымен қатар Мемлекет басшысы халықаралық қауымдастықтағы пікір қайшылығы мен аталған мәселені шешуде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қауқарсыздық танытып отырғанына тоқталды.
– БҰҰ ешқашан мұндай ыңғайсыз жағдайға тап болған емес. Тіпті «Қырғи-қабақ соғыс» кезінде де Біріккен Ұлттар Ұйымының бірлігі бұдан әлдеқайда мығым еді. Мен БҰҰ-ның болашағына қатты алаңдаймын. Осы ретте, көпқырлы саясатқа сенемін. Бұл ретте мен халықаралық қауымдастықтың бірлік танытып, ынтымақтаса отырып, екі мемлекеттің бейбіт бітімге келуі үшін оң ықпал етуі керек деп санаймын, – деді Мемлекет басшысы.
t.me/bort_01

👍31
🙅 Алматылықтар қазақ тілін қорлаған "Сәнім" кафесіне бойкот жариялады ‼️
Кафе Момышұлы көшесінің бойында, Райымбек даңғылынан төмен орналасқан. Қазақ тілінде ас мәзірін сұраған қала тұрғыны Дина Имамбаеваға "Сәнім" кафесінің администраторы "Қазақша меню жоқ, болмайды да! Орыс тілі бізге жеткілікті. Орыс тілі - халықаралық тіл! Ол қазақ тілімен бірдей қолданылады”, - деп жауап берген.
Осы қылығымен "Сәнім" кафесі Қазақстан Республикасының заңын өрескел бұзып отыр және кез-келген азамат шағым түсірсе, немесе прокуратура органдарын шақырса айыппұл төлейтін болады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына Мемлекет басшысы 2021 жылы 30-шы желтоқсанда қол қойған енді. Содан бері, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекi ақпарат міндетті түрде мемлекеттік тілде болуы тиіс. Ал басқа тілде жазу кәсіпкердің өз еркі, бірақ қазақ тілінде болуы міндетті.
Осы орайда, «PR-шы» клубы және басқа да қоғамдық ұйымдар кәсіпкерлерге жарнама мен менюді қазақ тіліне тегін аударып беруге дайын екендіктерін хабарлаған болатын.
Бір қызығы, "Сәнім" кафесі халал болып табылады. Даяшы қыздар орамалға оранып, жігіттер тақия киеді. Бірақ өздері тұратын елдің мемлекеттік тіліне мүлде құрмет жоқтығы байқалады.

👍49👎6
Forwarded from ULYS
⚡️Самат Әбіштен жауап алынып жатыр
Тергеу амалдары аясында Самат Әбіштен жауап алынып жатыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов айтты.
Алайда ол тергеу амалдары барысында С. Әбіш күдікті немесе куәгер екенін нақтыламады.
💬«Самат Әбіш тергеу орбитасында. Ол жауап беріп жатыр. Оның статусын білмеймін және ол дәл қазір Қазақстанда екенін білемін. С. Әбішті өзім көрмедім. Менің ойымша, тергеу амалдары жүріп жатыр. Осы орайда ол сонда болуы керек», - деді Асқар Әмірханов.
https://t.me/ulys1
qazaqparat.kz

👍16
🏥 Елжан Біртанов шартты жазаға кесіліп, босап шығуға жақын
"Жаңа Қазақстан" билігі бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ісі бойынша судьяның әділ үкім шығарып, оның босап шығуына қарсы емес. Негізі Біртановты Назарбаев кланының шенеуіктері пандемия кезінде Ұлттық қордан бөлінген қаржыны жеуге кедергі болмасын деп, түрлі сылтаумен қылмыстық іс қозғап, алып тастаған болатын.
Қазір оған деген көзқарас өзгерді. Ол шетелден шақырған мамандар сотта министрлік қабылдаған ақпараттық жүйенің дұрыс жұмыс істейтіндігін дәлелдеп берсе, онда тек "санавиация ұшағын заңсыз пайдаланды" деген айып қана қалады. Ол бойынша, айыппұл төлеп, шартты жазамен сот залынан босап шығуға мүмкіндік бар.
Елжан Біртанов өте мықты дәрігер болғандықтан, босап шыққаннан кейін сол дәрігерлік ісін жалғастыратын сияқты. Бірақ енді мемлекеттен әрі жүруді қалайтыны түсінікті. Сондықтан оны жақын айларда жекеменшік клиникаларда бас дәрігер ретінде көріп қалуымыз ғажап емес.

👍37
⚡ "Jusan bank" акцияларының мемлекетке қайту мәселесі түпкілікті шешілді
@dalainside дереккөзі "Назарбаев фонд" тарапымен өткен ауыр келіссөздер нәтижесінде "Jusan bank-тің" мемлекеттің қол астына қайтуы бойынша жағымды шешім қабылданғанын хабарлады.
Есесіне Самат Әбіш пен Қайрат Сатыбалды аса қатты қудаланбауы тиіс.
Ол нені білдіреды?
"Jusan bank" (кезіндегі Цеснабанк) мемлекеттен 1,5 триллион теңге қаржылық қолдау тартқан. Соның есебінен, акционерлеры - "First Heartland Securities" АҚ ("Назарбаев фондқа" бағынады) 2020-2021 жылдары банктен 113 миллиард теңгені дивиденд ретінде шығарып алған.
Бүгін "First Heartland Securities" АҚ Директор кеңесі төрағалығынан Асқар Сәрінжіповтың кеткені белгілі болды. Кеңес құрамынан сондай-ақ Назарбаевтың көп жылдан бергі көмекшісі, сенімді адамы Ербол Орынбаев та кетіп отыр. Бұл - "Назарбаев фондқа" қарасты активтерді: "Jusan bank", "Назарбаев университет" пен "Назарбаев Зияткерлік мектептерін" мемлекетке біртіндеп қайтару жұмысының басталғандығын білдіреді.
"Jusan bank" 2021 жылғы аудиттелген есебін әлі жарияламай отыр. Қалған банктердің барлығы жариялап қойды. Соған қарағанда, алдымен акционерге (Назарбаевқа) таза пайдадан толық дивидендтер төлетіп, шешім шығарып, содан кейін барып жариялайтын сияқты. Қазір Назарбаев тарапынан бәрібір мемлекетке өтетін болғандықтан "Jysan bankті" барынша сорып алуға деген талпыныс байқалады.
Келесі аптада осы тақырып бойынша жаңалық күтіңіздер

👍21
"DALA инсайд" телеграм арнасына екі дереккөзден кереғар ақпарат келді. Біріншісі - осы айда Парламент тарайды дейді. Екіншісі - Парламент тек күзде тарайды дейді.
Сондықтан, сіздерге сұрақ! 30 маусым күні Парламент тарай ма?

Anonymous Poll
41%
Ия
59%
Жоқ
Forwarded from ADYRNA.KZ
"Ұнаса да, ұнамаса да қант бағасы көтеріледі"
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов үкіметтің азық-түлік бағасын реттеу бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы айтты.
"Қазақстанда негізгі азық-түлік өнімдерінің тапшылығы жоқ", - деді Бақыт Сұлтанов үкімет отырысында. Министр әлемде акциялар бағасының өсуіне байланысты импортқа тәуелді өнімдердің құны өсетінін айтты.
"Мысалы, қант, ұнаса да, ұнамаса да бағасы көтеріледі. Біздің жеткізушілеріміздің бірі (Ресей) жеткізуді шектегендіктен, әрине, бұл әсер етеді. Доллардың өзі өсуде, еуро өсуде", — деді Бақыт Сұлтанов.

🤬12👍1
😞Олигарх Өтемұратов? Алтын бизнесі үшін мемлекеттен 126,8 млрд теңге көмек алған
Қаңтар оқиғасынан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан даму банкі еліміздегі олигархтарға мемлекет қаржатын оңды-солды тарттып, бай-манаптардың әмиянына айналып кеткенін сынағаны есімізде. Содан кейін Назарбаев отбасына жақын жүретін талай байшы-кештің осы банктен миллиардтап ақша алғаны белгілі бола бастаған еді.
Dalanews.kz ақпарат агенттігі осыған дейін Қазақстан даму банкін ағайынды Нығматлидер мен Болат Әбілов те май шелпекке айналдырғанын жазған болатын. Ал Shishkin_like телеграмм каналы Қазақстан даму банкі арқылы бюджет қаржысына миллиардер Болат Өтемұратовтың да қол салғанын жазыпты.
Болат Өтемұратов елімізде ең бай адамдардың бірі. Олардың айналыспайтын бизнесі жоқ. Бөкең Қазақстанда алтын өндіретін RG Gold және RG Processing компанияларының активтеріне иелік ететіні белгілі.
Ол алтын өндіру бизнесін өрістету үшін Қазақстан даму банкінен Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2010-2014 жылдары және 2015-2019 жылдары жалпы 126,8 млрд теңге несие алғаны мәлім болды.
Алтын өндірісі еліміздегі ең табысты салалардың бірі десек артық айтқандық болмас. Бірақ сол жылдары Қазақстан даму банкі көптеген мәселелерді аттап өтіп, олигархтың алтын өндірісін қолдауға қомақты несие бөлгенін түсініксіз. Осыдан кейін Қазақстан даму банкі Назарбаев отбасына жақын адамдардың әмиянына айналып кетті деген әңгімені түсінуге болады.
Shishkin_like каналы RG Gold, RG Processing компаниялары Назарбаев отбасына жақын жүретін Болат Өтемұратовқа тиесілі екенін жазыпты. Бөкең мемлекеттің қолдауы үшін бөлінген қомақты қаржыны сол кезде «Темірбанк» (қазіргі «ForteBank») арқылы қуып келген ғой.
2022 жылдағы мамыр айындағы жағдай бойынша 64 жастағы Болат Өтемұратов 2,8 млрд доллар байлығымен еліміздегі бай адамдардың тізімінде алтыншы орынға жайғасқан.
ForteBank-тің 89,35%-ы (банктың капиталы 277,7 млрд теңгені құраса, жалпы активі 2,42 трлн теңгеге жеткен), бұдан басқа «КаР-Тел» ЖШС-ның 25%-ы, «Sky Mobile» компаниясының 49,9%-ы Бөкеңнің игілігінде екенін айта кетуіміз керек.

Dalanews.kz – ақпарат агенттігі
Болат Әбілов. Назарбаев жүйесіне оппозицияның декорациясын жасаған тұлға
👍8👎4🤬4😁3🔥1